Бас редактор с. Ж. Пірәлиев а



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата15.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#9798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиет

1. Қалдыбай М. Мен – халқымның Бауыржанымын. – Алматы: ЖШС «Самара-Принт», 

2013. – 263.

ӘОЖ 37.0


Совет-хан Ғаббасов

Жазушы дәрігер, фантаст,

Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы,

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,

Зайсан ауданының құрметті азаматы,

Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты,

ПРОФЕССОР.

АБАЙДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Бұл мақалада ақын Абайдың педагогикалық еңбектерін дұрыс түсініп игеру арқылы ғана, 

шынайы халқымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан қанып ішуге мүмкіндік аламыз дей 

келе, Абайдың педагогикалық еңбектері, ондағы тәрбиелік мәні жайлы айтылған. Сонымен 

қатар, «Алып анадан туады» - дейтін тылсым сыры әлі ашыла қоймаған ұлағатты сөздің 

төркініне барып, Абайдың ана құрсағында – жүрек тәрбиесі жетіліп туған алып екендігіне 

тоқталған.

Түйін сөздер: Ұлы, ақын, педагогика, тәрбие, өсиет, ұрпақ

Как говорится, только правильно понимая и осваивая педагогические труды Абая, мы 

получаем возможность насытится воспитанием, действительно присущим нашему народу, 

в этой статье пишется о педагогических трудах Абая, о воспитательном значении в них. 

А  также,  написано  об  основе  великого  очаровательного,  таинственного  слова  «Великий 

рождается  от  матери»,  и  о  том,  что  Абай  –  великий,  воспитание  сердца  которого  было 

достигнуто еще в утробе матери.

Ключевые слова: великий, поэт, педагогика, воспитание, завет, поколение.

As they say, only the right understanding and mastering pedagogical writings of Abay we are 

able to be satisfied with upbringing, really inherent for our people, in this article written about 

pedagogical works of Abay, about the upbringing value in them. And also, written about getting to  

the basis of the great charming, mysterious words «Great born from Mother», and that Abay – the 

great, which upbringing of heart has been achieved in the womb.



Keywords: great, poet, pedagogy, upbringing, covenant, generation.

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге»

АБАЙ.


20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Абайдың  педагогикалық,  еңбектерін  дұ-

рыс түсініп игеру арқылы ғана, шынайы хал-

қымызға тән тәлім-тәрбиеміздің қайнарынан 

қанып ішуге мүмкіндік ашамыз. Сонда ғана, 

Абайдың  ұрпағына  өсиет  етіп  қалдырған 

«мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» де-

ген сөзінің мәніне түсінеміз. Ол үшін аз-көп 

Абай заманының алдыңда өткен ғұламаларға 

сәл ғана болса да үңіліп көрелік.

Күллі  адамзат  қауымында  өткен,  ақыл-

парасат  алыптарының  ішінде,  ой  кер ме-

гін  татып,  тіршілік  тұңғиықтарын  ұғын ған 

сайын, өздерінің кемелдеріне жеткен кемең-

герліктерін ұрпақ тәрбиесіне арнамағандары 

аз.  Сонау,  көне  дүние  данышпандары: 

Сократ та,  Платон да, Аристотель де төрткүл 

тір ші лік тің  тылсым  сырларын  шешкен  ата-

ба баларымыз  –  Әбунасыр  әл-Фараби,  Әбу 

Абдолла ибн-Мұса әл-Хорезми, Әбу Райхан 

әл-Бируни, Ғаббас ибн-Сейд әл-Жауһари, Әбу 

Әли ибн-Сина, Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед 

Тарағай  Ұлықбек,  Ғұламаһи  Дауани  да 

мектеп ашып, шымырлай акқан ой құдіретін 

ұрпақ  тәрбиесіне  бұрған.  Олай  болса,  ұлы 

ойшылдардың  қол  созған  мұраттарының 

ті ре лер  жері,  тікелей  адам  тәрбиесімен 

астасып  жатыр.  Тіпті,  кешегі  өткен  – 

Декарт,  Локк,  Ян  Каменский,  Ж.Ж.Руссо, 

Л.Толстой  да  тәрбие  саласына  бар  жиған-

тер ген  толғаныстарын,  тіршілікпен  тікелей 

жал ғасу үшін, екі түрлі арнаға – педагогика 



мен психология - салаларымен үндесе қабы-

су ға  мәжбүр  болған  екен.  Осыдан  келіп, 

кемеңгерлікке  жеткен  жанның  қос  қанаты 

  ойшылдық  пен  ұстаздық  -  бірін-бірі 

толық тырып,  ғажайып  үндестікке  жеткенін 

аңға рамыз. Міне, осындай ойшылдардың бі-

рі – қазақ халқының ұлы данышпаны Абай 

(Ибрагим) Құнанбай баласы екені анық.



Жұмбағы  мол,  асылы  көп  еңбек. 

Жал пы  ғұлама  Абайдың  философиялық-

пси хологиялық 

және 


педагогикалық 

көзқарастарын  сөз  еткенде,  ең  негізгі  де 

көмескі жатқан сауалдың шынайы жауабын 

ашып  алуымыз  қажет  сияқты.  Ол  бүгінгі 

таңға дейін айтылып та жазылып келген: – 

«Абай  арнайы  философиялық  және  педа-

гогикалық шығармалар жазбаған еді» – деп 

басталатын  тұжырымдар  дұрыс  па?  Әлде, 

бұл ұғым жалтақтықтан туындап келген, жа-

батоқыған жайдақ пікір ме? Әуелі осы жағ-

дай ды анықтап алған жөн.

Ол үшін, адамзат қауымына кеңінен бел-

гі лі кемел ойшылдардың еңбек ету ә д і с т 

е р і мен ой толғаныстарын жеткізген жазу 

үл гілеріне көңіл аударып көрелік. Мәселен, 

ой шылдардың  атасы  –  Сократ  өз  ойларын 

сұх бат түрінде жетілдіріп, тіпті көбінесе қа-

ғаз  бетіне  түсірмеген  де  ғой.  Сонда,  оның 

жаз баша  еңбектері  жоқ,  философ  емес  деп 

кім айта алар екен? Сол сияқты Платон мен 

Аристотель де, өздерінің ой тұжырымдарын 

бір-бірлеріне ұксамайтын формалар мен үл-

гі лерде берген. Немесе, шығыстың ұлы ой-

шылдары әл-Фараби мен ибн-Синаның шы-

ғар маларының  түр-тұлғаларына  да  көңіл 

ау дар сақ  өздеріне  тән  ерекшеліктерімен 

жазыл ғандығын  байқауға  болады.  Осы 

атал ған  данышпандардың  қай-қайсысы  да, 

өз  ойларын  бұрын-соңды  ешкім  де  пай-

да ланбаған  жаңа  түр  мен  үлгіде  жеткізуге 

ты рыс қан.  Бірақ,  олардың  өзіне  тән  жазу 

үлгі леріне  қарап,  «философиялық  немесе 

пси хологиялық  шығармалар  жазбаған»  деп 

айтуға ешкімнің де дәті жетпеген. Тіпті, олай 

деудің  өзі  –  нағыз  есерсоқтық  болар  еді?! 

Ендеше, ұлы Абай да өзінің философиялық, 

психологиялық  және  педагогикалық  ең-

бек терін ешкімге де ұқсамайтын үлгіде, өзі 

ұнатып  тапқан  формаларда  жазып  отыр ға-

нын  түсінетін  мезгіл  жеткен  тәрізді.  Тіпті, 

қазіргі  кездегі  жазылып  жүрген  жаман-

жұтық,  құрап-сұраған  докторлық  дис сер-

та циялар,  Абайдың  бір  қара  сөзінде  ғана 

ай тылған  мазмұнның  шылауына  тұрар  ма 

екен?!. Оның үстіне, осындайлар өзі жы ғы-

лып жатып, Абайдың еңбектеріне, жалтақ та 

нәрсіз  ұғым  тастап,  жоғарыдағы  айтылған 

пікірлерді  қалыптастырған  еді.  Оған  арам-

дығы  мол,  астары  сұмдық  әділетсіз  заман-

ның да ықпалы болмай қалған жоқ. Енді, өз 

еркіндігімізді  алып  егеменді  ел  болғаннан 

кейін де бүгежектей бергеніміз болмас. Ең-

се ні көтеріп, есті жинайық, ұрпағының келе-

ше гін  ойлайтын  зиялы  қауым!  Мәселен, 

Абай дың  «ғақлия»  түрінде  жазылған  3-4-

7-19-25-32-37-38-ші  қара  сөздерін,  педа-

го ги калық  шығармалар  емес  деуге  қандай 

қа қы мыз  бар.  Егер  дәлелді  болу  үшін, 

осы  тектес  ең бек термен  танысқыңыз 

келсе,  әлемге  әйгі лі  ағылшынның  ойшыл-

педагогы  Джон  Лок к   тің  шығармаларымен 

салыстырып  көру ге  болады.  Әрине,  ұлы 

ойшылдардан  қаз-қал пында  қайталанатын 


21

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

дәлме-дәлдікке  жақын  ұқсастықтар  табу 

мүмкін де емес. Әйтсе де, жазылып қалған 

еңбектерінен үндестіктерге толы ойлар мен 

деректі үлгілерді байқамау да қиын. Мыса-

Мыса-


лы, Джон Локк (т.3, §34, стр.432, М., 1988): 

«...Большая  ошибка,  которую  я  наблюдал  в 

деле  воспитания  детей,  заключается  в  том, 

что  родители  редко  уделяют  достаточное 

внимание тому, чтобы сделать душу ребен-

ка послушной дисциплине и разуму, как раз 

в  тот  наиболее  подходящий  для  того  пери-

од, когда юная душа наиболее нежна и лег-

че  всего  подвержена  воздействию...»  –  деп 

толғана  тебіренсе,  Абай  өзінің  «Оныншы» 

қара сөзінде: «...Әуелі баланы өзің алдайсың; 

Әне, оны берем, міне, мұны берем деп. Ба-

сында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. 

Соңыра,  балаң  алдамшы  болса,  кімнен 

көресің?  «Боқта!»  деп,  біреуді  боқтатып, 

«кәпір  қияңқы,  осыған  тимеңдерші!»  деп, 

оны  масаттандырып,  әб ден  тентектікке 

үйретіп қойып, сабаққа бер генде молданың 

ең  арзанын  іздеп  тауып  алып,  хат  таныса 

болады деп, қу, сұм бол деп, пәлен шенің ба-

ласы сені сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі 

жанға  сендірмей  жат  мінез  қылып,  осы  ма 

берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің 

бе?..»  –  деп,  нақтылай  түсіп,  тіпті  көзге 

ұрғандай  етіп  дәлдеп  айтылған  сөз  ғой. 

Мінеки,  екі  ғұламаның  тәрбие  қақындағы 

сөздерінен  нағыз  ұстаздықпен  айтылған 

пікірлерді көрдік. Әлемге әйгілі ойшыл-пе-

дагог  Джон  Локктің  пікірімен  шендесіп  те, 

тіпті,  одан  тереңдеп  те  айтылған  Абайдың 

осы еңбегін көріп тұрып, «арнайы жазылған 

педагогикалық  шығармасы  жоқ»  дегенді, 

кезінде мәніне жетпеген ж а й д а қ айтылған 

пікір  екендігін  батыл  түрде  айтуымыз  ке-

рек.  Ұлы  Абайдың  даналығын  тануда  әлі 

күнге  дейін,  ашық  айтылып  батыл  түрде 

талданбай  жүрген,  оның  өзге  ойшыл-

дардан  оқ  бойы  оқшау  тұрған,  өзіне  тән 

ерекшеліктерін  даралай  көрсетіп  айтуымыз 

керек. Бұл жерде, біз мұны айтқанда да тезис 

түрінде ғана, барынша қысқа етіп тоқталуға 

мәжбүрміз.  Әйтпесе,  мұның  өзі  де  ұзақ 

әңгіме. Біріншіден, Абайдай данышпанның 

ешкімге ұқсамас шәкірттік ғұмыры дер едік, 

екі жыл – ауыл молдасында оқыса, үш жыл – 

медресе қабырғасында болады. Бар болғаны 

он үш жасында қайыра ауыл адамдарының 

ор та сына  оралады.  Екіншіден,  оның  өмір 

сүр ген  ортасының  өзі,  бұрын-соңды  өткен 

ешбір  ғұламалардың  тіршілігіне  ұқса май-

ды.  Өйткені,  адамзат  тарихындағы  ірі  тұл-

ға лардың барлығы да, университеттік білім-

дерімен  қоса,  күнделікті  араласып  отырған 

білімпаз  орталары  болған.  Үшінші,  жалпы 

әлеуметтік  деңгей  мен  отарлық  сипаттағы 

қо ғам дық  ортаның  зұлымдыққа  толы  жан 

төзгісіз  ерекшеліктері  және  жаппай  сауат-

сыз дықпен  қараңғы  жатқан  халықтың  дәр-

менсіз  күйі  дер  едік.  Ал,  Абай  болса  сол 

үш  кластық  медресе  оқуынан  кейін,  со нау 

феодалдық  дәуірдегі  қарадүрсін  пен де-

лердің  ортасында  өмір  сүрді.  Ол  сол  ор-

та ның  тас  қараңғы  зұлматынан  серпіле 

шы ғып,  бүкіл  айналасындағы  түн-түнекті 

сейіл те  нұрландырып  қана  қоймай,  оған 

ақыл-парасатқа  толы  адамдықтың  ұрығын 

еккен  ғұлама  еді.  Ол  өзін-өзі  тәрбиелеп 

жетілдірумен,  ойшылдық  білім  мен  ілімнің 

көп теген  салаларында,  аса  биік  мұраттарға 

жет кен  кемеңгер.  Міне,  осыдан  келіп  Абай 

нәр  алған  данышпандықтың  бастауы  неде? 

Қайнар көзі қайда? Осындай сауалдарға қыс-

қаша болса да жауап іздей отырып, оны ұлы-

лық қа  ұмтылдырған  тәлімі  мен  тәрбиесін 

сөз еткен жөн.  Сондағы, ең әуелі шоқтығы 

биік  болып  көрінетін  құдіреттің  бірі  –  осы 

біз дер  тәптіштей  талдап  отырған  х  а  л  ы  қ  

педагогикасының маңызы мен мәнінде жат-

қандығы айдан анық. Осыншама мол қа зы-

на ның ішінде, ұрпақ тәрбиесінде ала бөтен 

ор ны бар, халқымыздың болашағына арнап  

қалдырған аксиомалық ұғымдары еске түсе-

ді.  Соның  бірі  –  «Алып  анадан  туады»  - 

дей тін  тылсым  сыры  әлі  ашыла  қоймаған 

ұлағат ты сөз бар. Абай феноменінің бірі бол-

ған да да – бірегейі осы болса керек. Ол ана-

сының құрсағында – жүрек тәрбиесі –жеті-

ліп  туған  алып  екендігін  қадап  айтқымыз 

ке ле ді. Тіпті, бұл жүрек тәрбиесі хақындағы 

ұғы мы мыздың  –  мысалы  ретіндегі  балама-

сы   деуімізге  әбден  болады.  Өйткені, 

Құнанбайдың төрт әйелінің ішінде, тек осы 

Ұлжан ның балаларының ғана бағасы бөлек?! 

Бас қасын айтпағанның өзінде, бір Абайдың 

өзі-ақ көп нәрсені терең ойлануға жетелейді. 

Оны дүниеге әкелген мейірімді Ананың па-

расатымен,  бауырына  басып  тәрбиелеген 

дар қан  мінезді  Әженің  шапағаты,  жүрек 

тәрбиесі  оянып  келген  сәбиді,  ғасырлар 

бойы қалыптасқан халықтық тәлімнің алтын 



22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

бесігімен тербей отырып ержеткізгенін көру-

ге   болады.  Осы  уақыттарға  дейін  зерттеліп 

жет кен деректер де, Абайдың туған анасы – 

Ұлжан  да,  адамдықтың  алғашқы  әліппесін 

үйреткен әжесі – Зере де, аймағына аттары 

аңыз боп кеткен, аса аяулы, инабатты жан-

дар  екен.  Осындай  аналардың  бауырында 

өс

   


кен зерделі сәбидің ақыл тәрбиесі де – бе-

сік  жырынан  бастау  алып,  халқымыздың 

ұлан ғайыр  фольклорлық  әдебиетінің  айды-

нын да  кұлаш  ұрғанын  білеміз.  Абайдың 

бала лық  шағында  ерекше  әсер  еткен,  сол 

тұс тағы  халқымыздың  сөз  өнерінің  асқар 

шы ңы  –  Дулат-жыраудың  берген  тәлімі 

де  аз болмаған. Кейінірек, даналыққа жеткен 

Абай  мен  Дулат  творчествосының  үн дес-

тік терінде  ғажайып  үлкен  сыр  жатыр.  Оны 

талантты  ғалымымыз  Қ.Өмірәлиевтің  «Қа-

зақ  поэзиясының  жанры  және  стилі»  ат ты 

ғылыми  монографиясынан  оқып  бі луі міз-

ге  болады.  Мінеки,  кысқаша  ғана  айт қан-

да,  Абай  тұнығынан  канып  ішкен,  бас тау-

лардың  алғашқы  көздері  осылар.  Жалпы,  

Абай ды  тәрбиелеген  өмір  мектебінің  шы-

найы  көріністерін,  заңғар  жазушы  ойшыл-

ұстазымыз М.Әуезовтың «Абай жолы» атты 

эпопеясында  барынша  терең  тебіреніспен 

жазылған.  Бұл  еңбек  қазір  адамзат  игі лі-

гі не айналып отыр. Абайдың өзі де ес біле 

бастағаннан-ақ  шәкірттікке  жан-тәні мен 

беріліп, тәрбие мен тәлімге ерекше ын ты зар-

лық танытады. Оның балиғат жасына жаңа 

жеткен балалық мінәжатына құлақ түрсек:

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Навои, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз – бу һаммәси

Мәдәт  бер  шағири’  фәрияд  (1.  Ақын.  2. 

Тілек,  сыйыну)  деген  үнінен  тәлімге  тәнті 

әп пақ сезімдерін аңғармау мүмкін емес. Ол 

шы найы  сүйіспеншілікпен  тәрбиелі  болуға 

үл кен  жауапкершілікпен  қарайды.  Оның 

осы нау  бір  инабат  пен  имандылыққа  деген 

сана лы кұштарлығы, уақыт озып жасы ұлғая 

ке ле дария-шалқар ұстаздық парасатқа ауы-

сады. Абай өзінің телегей теңіз ұстаздық да-

на лығын сөз өнерімен көркемдеп, әуелі өлең 

сөз дің – патшасы арқылы ұсынса, кейінірек 

ғақ лия үлгісінде қара сөзбен өрнектеуге ты-

рыс қан. Ол өз бойындағы білім мен ілім жо-

лын да ғы тәлімінің аздығына өкінішті екенін 

де жасырмаған:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен 

тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына 

дейін  өзінің  ағартушылық  міндетін  терең 

сезі ніп  өткен.  Ол  өзінің  жазып  қалдырған 

педа гогикалық  еңбектерінде  ойларын  жал-

пылама айтпай, саралай бөліп салалай жік-

теп  көрсетуге ерекше мән берген.

Мәселен, «Ғылым таппай мақтанба, орын 

таппай  баптанба»,  –  дей  келіп,  адам  мі нез-

де ріне  жақсы  да,  жаман  әсер  ететін  сипат-

тарды  тарата  жіктеп  даралай  түсіндіріп 

бере ді. Поэтикалық сөз қуатының күші мен  

тұжырымдарын топтастыра жинақтап, «Бес 

нәрседен  қашық  бол»:  өсек,  өтірік,  мақ-

таншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, сау сақ-

пен санағандай: «Бес нәрсеге асық бол»: та-

лап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап 

қой  дейді.  Мұнан  артық  нақтылық,  бұ дан 

терең тәрбиелік сөзді табудың өзі қиын. Жал-

пы,  Абайдың  педагогикалық  көз-қа рас та-

рында инабат (этика) қатегорияларын дара-

лай  көрсетіп  талдауға  тырысқанын  байқау 

қи ын  емес.  Оның  өзіне  тән  жазу  үлгісі  де 

осы мақсаттарын аша түскен. Ендеше, Абай-

дай  ғұлама  ұстаздың  өзі  ұсынған  жолымен 

жү руге тырысалық.

Әдебиет

1 Өмірәлиев Құлмат. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. – А., 1983. – 250.



23

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА

ӘОЖ 37.0


Ә.Табылды

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ПЕДАГОГІ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ҰЛТТЫҚ 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Мақалада Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің ұлттық педагогикалық еңбектері жайлы 

жазылған. Ұлы педагог мұғалiм болу үшiн әрбiр ұстаз ұстаздық қасиеттерiн қалыптастыра 

бiлу керек екендiгiн өнеге етедi. Ыбырай Алтынсарин қазақ әлiппесiн ұлттық ерекшелiктерге 

сәйкес құрып, қалыптастыруды арман еткен. Осы және басқада еңбектері жайлы кеңінен 

ашылып жазылған. 



Түйін сөздер: педагог, қазақ, ұстаз, әліппе, еңбек.

В статье написано о национальных педагогических трудах Великого педагога Ыбырая 

Алтинсарина. Великий педагог является примером того, что каждый педагог, чтобы стать 

учителем, должен уметь формировать педагогические качества. Ыбырай Алтынсарин меч-

тал составить и сформировать казахский алфавит согласно национальным особенностям. 

Об этих и других трудах написано обширно.



Ключевые слова: педагог, казах, учитель, алфавит, труд.

The article is written about the national pedagogical works of great educator Ybyray Altinsa-

rin. Great teacher is an example that every educator, who wants to become a teacher must be able 

to generate pedagogical quality. Ybyray Altynsarin dreamed about composing and forming the 

Kazakh alphabet according to national circumstances. About these and other works written exten-

sively. 


Keywords: educator, Kazakh, teacher, alphabet, work.

Қазақ халқының Әл Фарабиден кейiнгi 

ұлы  педагогы  қазақ  балалар  әдебиетiнiң 

негi зiн  қалаушы  ұстаз,  ақын,  жазушы 

Ыбырай  Алтынсарин  (1841-1889)  1850-

1857 жылдары Орынбор шекаралық комис-

сия сында  оқып,  ол  оқуды  үздiк  бiтiрдi  де, 

қа зақ  даласындағы  ағарту  жұмысын  қолға 

алу ға бел байлады.

Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиетi 

мен мәдениетiн жан-жақты зерттеп, оны қа-

зақ  халқы үшiн пайдаланды.

1860 жылы ол қазақ балалары үшiн мек-

теп ашуға (Торғайда) рұқсат алады. Халық-

тың  қаражатымен  1864  жылы  мектеп  (бо-

лыс тық,  8  қаңтарда  14  бала)  ашып,  оның 

жаны нан  интернат  ашады.  Ол:  «Мен  қазақ 

жас тарының классикалық гимназияларында, 

ауыл  шаруашылық  академияларында  о қып, 

бі лім   алуын,  өз  халқына  қызмет  ету ін,   жа-

ңалықты  іс  жүзінде  көрсете  білуін  жо ға-

ры  мұрат  деп  білемін»  деп  жазды.  Педа гог  

арифметиканы  ана  тілінде  оқытты,  қа зақ 

әліппесін жаңаша құрмақ болып, 1879 жылы 

қазақ  хрестоматиясын  орыс  әріп те рі мен 

жазды.  1879-89  жылдары  Торғай  обл ысын-

да ғы  қазақ  мектептерінің  инспекторы  бол-

ды да, осы кезде 4 училище, 7 мектеп ашты. 

1888 жылы 10 сәуiрде Омскi қаласында мұ-

ға лiм дер семинариясын ашты.

Ұлы педагог мұғалiм болу үшiн әрбiр ұс-

таз ұстаздық қасиеттерiн қалыптастыра бiлу 

керек екендiгiн өнеге етедi. «Мұғалiм бала-

ны  тәрбиелеушi,  оның  қамқоршысы,  егер 

ба ла  бiр  нәрсенi  бiлмей  қалса,  ол  баланың 

кiнә сi емес, оған кiнәлi балаға түсiндiре ал-

ма ған ұстаздың өзi. ұстаз балаға сабырмен,  

сал мақ ты   қысқа  сөйлеу  керек,  ол  әрбiр 

пәндi  балаға  түсiн дiр генде  ықыласымен, 


24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қарапайым тiл мен, бос сөзiн нақты түсiндiруге 

тиiс», - дей дi  (Ильминский. Воспоминания об 

Алтынсарине, стр. 373).

Ыбырай Алтынсарин қазақ әлiппесiн ұлт-

тық ерекшелiктерге сәйкес құрып, қалып тас-

ты руды арман еттi. Ол үшiн ұстаз кирилица 

нұс қасын  алып,  оған  қазақи  дыбыстардың 

әрiп терiн  белгiлеп  қосуды  ойлады.  Сөйтiп 

ал ғашқы  хрестоматияны  («Қазақ  хресто-

ма тия сы» – «Киргизская хрестоматия», 1879) 

шығарды. Өйткенi мың жылдан астам қа зақ 

жазуында  қолданылып  келе  жатқан  араб 

әлiппесi  қазақтың  ұлттық  фонемасына   сәй-

кес тендiрiлмедi,  оның  фонетикалық  жағы-

нан күрмеу бола бастағанын ұстаз ба ла  оқыту 

кезiнде байыптады. Бұл жайды бел гi лi ғалым 

(филолог-лингвист)  Ахмет  Байтұрсынов  та 

кейiн нен кеңiнен зерттеп, төте оқу әлiппесiн 

түзген  болатын.  Қазақ  мектептерiнде  1940 

жыл дан  қолданыла  бастаған  қазiргi  әлiппе 

ар қы лы қазақтың ұлттық жазуы дамып, қа-

лып тас ты.

Ұстаз-ақын, жазушы бала оқыту мен тәр-

бие леу де ауыз әдебиетiн жалғастыратын ба-

лалар  әдебиетiнiң  негiзiн  қалады.  Жаңаша 

мек теп тер ашып, жаңаша бiлiм беру жүйесiн 

құру ға көп еңбек сiңiрдi.

«Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң бас-

тау ыш  құралы»  (1879)  деген  еңбегiнде 

тәжi рибелi  ұстаз  тiл  үйренудiң  нақтылай 

әдiс темесiн  түздi.  Оқушыларға  үйрететiн 

сөз дi таңдау, сөздiң айтылу ырғағын айқын 

естiртiп,  оқушылардың  тiлiн  жаттықтыру, 

жаттығу – дағдыландыру жұмыстарын жүр-

гi зу,  ол  үшiн  пәндiк  және  аудармашылық 

әдiс темелердi пайдалану, ал ана тiлiн оқуда 

же ке сөздердi оқи бiлуге, өз мәнерiмен ай ту-

ға үйрету, әрбiр сөздiң мағынасын терең тү-

сiндiру, яғни әрбiр оқушының сөздiк қо рын 

молайту тәсiлдерiн қолдану ұстаздың әдiс те-

ме лiк жаңаша нұсқалары едi.

Оқыту әдiстемесiнде Ыбырай Алтынсарин  

тiл дамыту iсiне көп көңiл бөлiп, тiл дамыту-

да ең әуелi сөздi дұрыс айта бiлуге үйретудi 

уа ғыздады. «Әрбiр оқушы айта бiлген сөзiн 

жаза да бiлу керек» дейдi ұстаз. Жазуды да 

мә дениеттiлiк,  ұқыптылық,  қолтаңбалық 

ерек шелiктер болатынын айта келiп, ұлы ұс-

таз жазу мәдениетiн қалыптастыру үшiн бiр-

келкi талап қоюдың мәнi зор екенiн айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет