Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘДЕБИЕТТЕР

1  Н.В.Бикболатов.  Скользящий  счет  поколений  в  урало-алтайских  системах  родства.  – 

Л.,1983.

2 В.Гумбольд. Избранные труды по языкознанию. – М., 2000. 

3 О.А. Корнилов. Языковые картины мира как объект этнолингвистического анализа. – М. 

2007.


4  Ф.Ш.  Оразгалиева.  Орыс  және  қазақ  тілдеріндегі  қандас  емес  туыстықты  білдіретін 

сөздердің ұлттық-мәдени компоненттері. ҚазНУ, Хабаршы. – А., 2008. 

5 Д.Н. Ушаков. Орфографический словарь русского языка. – М., 1987.

6 С.Н. Артановский. Мировое развитие и современный глобализм. – М., 2009. 

7 Д.Н. Шмелев. Проблемы семантического анализа лексики. – М., 1973. 


31

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

ӘОЖ [796.01+172.15] (574)



Аташ Б.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия кафедрасының доцент міндетін атқарушы, 

философия ғылымдарының докторы 

Бекебаев Ж.

Х.  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университеті,  дене  тәрбиесі 

кафедрасының аға оқытушысы

ҚАЗАҚ  ЭПОСТАРЫНДАҒЫ  БАТЫР  РУХЫ  МЕН  ОТАНШЫЛДЫҚ 

СЕЗІМДЕРДІҢ ҚАЗІРГІ СПОРТШЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТАСЫМАЛДАНУ ҚЫРЛАРЫ 

Бұл  мақалада  көне  дәуірлердегі  эпостардағы  батырлар  бейнесі,  ұлтжандылығы  мен 

ұлттық рухы сарапталады. Олардың бұндай сапаларының қазіргі күрес, бокс сияқты жекпе-

жек өнерлерінде жетістіктерге жетіп жүрген қазақ спортшыларына тасымалданған үлгілері 

көрсетіледі. Оның қандай өлшемдермен және тетіктермен қайта құрылатындығы туралы 

қойылған  мәселе,  биогенетикалық,  психоәлеуметтік  сияқты  жолдармен,  философиялық 

тұрғыдан шешімін табады.

Түйін сөздер: батыр, отаншылдық рух, спортсмендер, тұлға, психологизм, рефлексия, 

эпос, этнос, қазіргі заман, тасымалдану, арпхетип т.б.

В  данной  статье  рассматриваются  особенные  качества  эпических  батыров  в 

фольклорном  исскусстве.  Анализируются  ярко  выраженные  патриотические  чувства  в 

героических поступках сопровождаемые национальными духами. Авторы делают вывод, 

что  современные  казахстанские  спортсмены,  особенно  победившие  в  борьбе,  по  боксу 

и.т.п.  трансформирует  этот  дух  в  себе.  Выставленная  проблема,  какими  параметрами  и 

механизмами трансформируется патриотический национальный дух, как биогенетическом, 

психосоциальном путем, решается с философской точки зрение



Ключевые  слова:  батыр,  патриотический  дух,  спортсмены,  личность,  психологизм, 

рефлексия, эпос, этнос, современность, трансформация, архетип и.т.д.

Text In this article the special internalss of epic athlete are examined in folklore arts. The brightly 

expressed patriotic feelings is analysed in heroic acts accompanied by national spirits. Authors 

draw conclusion, that the modern Kazakhstan sportsmen especially winnings in a fight, on boxing 

of и.т.п. transforms this spirit in itself. Proposed problem, what parameters and mechanisms are 

transform a patriotic national spirit, as biogenetic, psychological social a way, sight decides from 

a philosophical point. 

Keywords:  athlete,  patriotic  spirit,  sportsmen,  personality,  психологизм,  reflection,  epos, 

ethnos, contemporaneity, transformation, архетип of.

Әрбір  ұлттық  немесе  белгілі  бір  ай мақ-

тағы  этнос  өзінің  тарихи  ділі  мен  дү ние-

танымынан,  бұрынғы  өткен  таным-тү сі-

ні  гімен  байланысып  жататын  тұтас  уақыт 

бо йынша өрілген сабақтастықты түзетіндігі 

кү мәнсіз. Біз, осы орайда, қазақ халқындағы 

ба  тырлар жырындағы негізгі кейіпкерлердің 

игі лікті  сапаларының,  әсіресе,  рухы  мен 

физиологиялық  жетілгендігінің  тұ тас ты-

ғы ның,  архетиптік  түрде  қазіргі  заманға 

та сымалдануын,  бүгінгі  кезең  бейбіт  бол-

ғандықтан,  оның  спортшылардағы  ту ын да-

ған көріністерін сараптап өтеміз.

Эпостық  рухани  көздер  бойынша  ба-

һадүр  образын  талдау  және  оның  бей не-

сінің  құрылымдық-функционалдық  не гіз-


32

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

дерін  ашу  жауынгерлік  дәстүрдегі  ұлт тық 

менталитеттің  патриотизмдік  қырын  зер-

делеу  үшін  қажетті  саты.  Себебі  пат рио-

тизмнің қайнар көзі және спорттық өнер дің 

синтезделген  түрлерін  қамтитын  жа уын-

гер лік  дәстүрдің  орны  айрықша  фе но мен 

бо лып  отыр.  Оны  А.  Айталы  тұ жы рым-

да ғандай:  «Ұлттың  рухани  мұралары  мен 

дәс түрлерін,  қаһармандық  ерлік  салтын 

қас   терлеу – ұлттық идеяның басты көзі бо-

ла ды,  оның  дүниежүзілік  өркениеттер  ара-

сын дағы  өзіндік  дербестігін  нығайтады» 

[1,81б.].  Жауынгерлік  дәстүр  өмір  мәнділік 

та лаптарға  жауап  беретін  экзистенция  бол-

ған дықтан,  «үнемі  дайын  болу»  принципі 

ар қылы қазақ халқында ол өнер түрінде ба-

ғаланған. Бұл әскери өнер құрылымдық жа-

ғы нан да, теориялық негіздері бойынша да өз 

ал дына кешенді тұтас жүйе болып саналады 

[2].

«Қазақтың батырлық жыры – киелі де ар-



уақ  ты өнер. Ол сөз айдынында ақылдың кені, 

да налықтың көзі, қаһармандықтың теңдессіз 

үл гісі ретінде, саз әлемінде дауылдай ек пі ні-

мен, табиғаттың өзіндей сыршыл үнімен үл-

кенді де, кішіні де өзіне тәнті етті» [3, 3б.]– 

деген  тұжырым  сол  асқақ  сарынды  эпос-

тар дың  нақты  субъектілерінің  реалистік-

ро мантикалық  сипаттарымен  айшықтала 

тү сетіндігін  қуаттайды.  Сондықтан  да  ба-

тыр лар жырларын оқып, көңіліне тоқып өс-

кен  ұрпақтың  бойында  жас  кезінен  батыр 

бол сам, күшті болсам, елге елеулі ер болсам 

де ген арман қалыптасады. Өсе келе ол арман 

отан сүйгіш азаматтың өмірлік мұратына ай-

на лады. Өмірлік мұрат, нақты мақсат болған 

жер де  оның  жүзеге  асу  мүмкіндігі  арта  тү-

се ді.

Осыған  байланысты,  баһадүр  тұл ға сы-



ның  жалпы  сипаттамаларын  ашып  көр-

сетуіміз  қажет;  биофизиологиялық  ерек ше-

лік  тері:  денелі,  ер  тұлғалы,  қырағы  көзді, 

жа  уырыны  қақпақтай  т.б.;  психоәлеуметтік 

құн  дылықтары:  айбарлы-айлалы,  қаһарман, 

сұс  ты,  қайсар  рухты,  өжет  мінезді,  қа жы-

мас  қайратты,  табанды,  епті,  әбжіл,  ар уақ-

ты,  жігерлі  т.б.;  этикалық-моральдық  құ-

ры лымы:  жауына  мейірімсіз,  досына  ме йі-

рім ді,  сыйлағанға  кішіпейіл,  халқына  ба-

уыр  мал, жолдасына кешірімшіл, ақ сөйлеп, 

ақи қатын  айтатын  шыншыл  және  адал,  па-

расатты  және  ұстамды,  әділ  және  бір  сөз-

ді,  қарапайым,  әрі  ұстамды  т.б.  Мұндай 

эт никалық  тұлға  конструкциясының  мо-

де лін  жасаудың  персонализмі  басты  екі 

прин ципке  негізделеді:  отансүйгіштік  жә-

не физиологиялық жетілгендік. Олай бол са, 

бүгінгі  заманғы  қазақ  спортшысы  да  өнер 

кеңістігіндегі  «баһадүрдің»  заманауи  әлеу-

меттік-мәдени  түрі  болуға  тиіс.  Ба һа дүр 

қасиеттері циклды қайталамалы құн ды лық-

тар ретінде қайтадан өзін таниды деген сөз. 

Мәселен,  баһадүрдің  физиологиялық  же-

тілуінің  мифтік  әсіреленіп  берілген  са рын-

дарында  кеңістік  пен  уақытсыз  әлемде  ол: 

жыл санап емес, күн санап, сағат сайын ер 

жететін болса, менталитетіміз бойынша өт-

кен  мен  бүгін  де  сондай  мифтік  логикамен 

та рихи  сабақтасып,  ақиқат  өмірдің  шынай 

бей несімен үйлесімді бірлікте өмір сүреді. 

Мұндағы  мифтік  сюжеттер  уақыттың 

қыс қаруы  мен  кеңістіктің  тарылуын  ада-

ми  болмыс  түріне  ыңғайластыру  пси хо ло-

ги змінен  туындайды,  себебі  -  елін  сүйетін, 

ба тыр рухты тұлға заман мен әлемдегі сая-

си-әлеуметтік қақтығыстар үшін аса қа жет-

ті ліктен,  ұлт  тағдырының  таразыға  түскен 

қи ын  кезеңдегі  сұранысынан  туындайды. 

Уа қыттың қысқару логикасына байланысты 

үл геру  мен  нәтиженің  қазіргі  заманауи 

спорт тағы үлгісі, яғни – еңбекқорлық, жат-

ты ғудың сұранысына сәйкес келеді.

Спортшы  үшін  жаттығу  алаңы  табиғи-

әлеу меттік уақыт ағымы мен объективті да-

йындалған  потенциалды  тұлғаның  мүм кін-

діктерінің бірлігі арқылы жүзеге асатын бол-

са,  генетикалық  тұтастықтың  сабақтастық 

заң дылығы осы объективті шарттардың да-

йын күйлерін ұсынады. Спортқа бейімділік 

пен қуат та тұқым қуалайтын заңдылықтарға 

ба ғынады,  сондықтан  баһадүрлік  дәстүрдің 

ке лер ұрпаққа тағайындаған мұрасы да осы 

физиологиялық  жетілгендік  болып  та бы ла-

ды.  «Атадан  туған  аруақты  ер»  образы  да 

жа уынгерлік  менталитет  сабақтастығының 

ны шаны.


33

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Мәселен,  тарихтағы  Сыр  бойындағы 

Қаза лы  жерінде  туған  Жалаңтөс  баһадүр 

Самар қанд  қаласын  көркейтіп,  оны  билеп, 

үрей ден мүлде азат болып, жауға сауытсыз 

шы ғатындықтан «Жалаң төс» атанған. Осы 

шын дықтың  идеалды  образдары  көркемдік 

түр де  эпостардағы:  «суға  салса  батпайтын, 

от қа салса күймейтін» биороботтық тұлғаны 

да йындаған.  Яғни,  ата-бабаларымыз  бізге 

тек өмір-тұрмысқа қажетті тәндік күш шең-

бе рінен басқа айрықша физиологиялық қуат 

пен  жігер  потенциалдарын  қалдырған.  Бұл 

ге нофондық  биоархетиптер  спорт  өнерімен 

ай налыспайтын  қазақ  азаматы  үшін  де  ре-

сурс тық потенциал.

Оны тек бір ғана ат спортына байланысты 

да мытып,  қайта  жаңғыртып  қана  қоймай, 

са дақ  ату,  найза  лақтыру  т.б.  арқылы  ас си-

ми ляциялау  қажет  болды.  Сонымен  қатар 

мә селен,  қазақша  күрес,  арқан  тартыс,  бі-

лек  сынасу  т.б.  жылқысыз  салт  адамның 

фи зиологиялық  күш  қуатының  қажеттілігі 

өнері нен  туған.  Бірақ  осы  қасиеттер  жа-

уын герлік  дәстүрдегі  баһадүр  сапасының 

көп  қызметті  функцияларының  құрамдас 

бө ліктерінің  бірі  ғана.  Баһадүр  ырықты-

ыр ық сыз  түрде  «спортшы»,  оның  көптеген 

түр лерінің  өздігінен  «жеңімпазы»,  әмбебап 

спорт түрлерінің нақты өкілі. Себебі ұлттық 

мен талитетте  бұл  сапалық  қасиеттер  тұтас 

син креттік бірлікте, бәрі де физиологиялық 

ди намикалықты  қажет  ететін  бейімделудің 

түр лері  болып  табылады.  «Көшпенді  өмір 

тір шілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа 

тө зімді,  құбылмалы  табиғат  жағдайына  тез 

икемделгіш  болумен  бірге,  жан-жүйесі  жа-

ғы нан да жан-жақты жетіліп, кемел адамды 

қа лыптастырды»  –  деген  номодологиялық 

жан тану  зерттеулері  де  осының  айғағы  [4, 

6-41б.].

Сонымен  қатар  тағы  бір  психологиялық 

фе номенді  атап  өтуге  болады.  Мәселен, 

күн делікті  тұрмыста  момын,  бей-жай,  са-

быр лы,  шыдамды  қазақ  кейде  намыс  пен 

ар таразыға түскенде қызбалықпен ұрандай 

жө неледі.  Мұндай  ішкі  психологиялық 

сіл кініс  ру  ұраны  аталып,  жауымен  шай-

қасында  немесе  бауыры  көмекке  ша қыр-

ған  да,  ат  жарыс  пен  қазақша  күрес  кезінде 

күл  лі  психологиялық  болмысы  өзгеріп, 

қай   та  түлегендей  болып  шыға  келеді. 

Осы  аяқ  астынан  рухтанушылықтың  сак-

раль ды  мәнін  психологиялық  қуаттың  то-

сын  нан  құйылуымен  түсіндіруге  болады. 

Фи  лософиялық  антропологиядағы  адам-

ның  биологиялық  жетілмегендігі,  эво лю -

циядағы  дамымағандығы  еңбекпен,  мә -

дениетпен,  қызметпен,  әрекетпен  то лық-

ты рылатынын  ескерсек,  «адамды  әрекеттік 

тір шілік  иесі»  деп  анықтағанын  қайта  та-

ра зыласақ,  «көшпенділік  өмір  салты  осы 

то лықтырылудың  жетілген,  өміршең  фор-

ма ларын  адамзатқа  паш  етіп  келген,  тір ші-

лік  тік күштің ең мінсіз үлгісін ұсынған» деп 

тұ жырымдауымызға болады [5,89б.]. 

Мәселен  нақты  да  дәл  әрекет  пен  қоз  ға-

лыс   ты қажет ететін арнайы қолданбалы спорт 

түріне  жататын  қазіргі  заманғы  су  астында 

жұ  мыс  жасаушылар  мен  өрт  сөндірушілер 

т.б. кәсіби ерекше мамандық иелерінің ба тыл-

дық  тары мен дәл іс-қимылдарын да ертеден 

ке   ле жатқан баһадүрлік қасиеттермен са лыс -

тыра  қарастыруымызға  болады  [6,  С.  90]. 

Ғарышкер қазақ Т. Мұсабаевтың ашық кос-

мосқа  шығып,  алдына  қойған  тапсырманы 

мүл тіксіз орындауы сол баһадүрлік қасиеттің 

әлі де болса біздің ұлттың терең санасында 

сақ талып келе жатқанын айқын аңғартады. 

Ұлттық дене тәрбиесі үрдісінің ең негізгі 

мақ саты жаугершілік заманға сәйкес ел қор-

ғайтын  тұлға  дайындау  болса,  оның  тұл ға-

лық  қасиеттерінің  конструкциясында  отан-

сүйгіштіктің  максималды  деңгейі  қа лып та-

са ды.  Ел  мүддесі  үшін  құрбан  болу  –  өмір 

ма

  



ғынасыздығын  түйсіну  суициді,  саяси 

экс тремизмнің  камикадзесі,  психологиялық 

ауыт қу танатосы емес, моральдық принцип – 

отан сүйгіштіктің нәтижесі. Мәселен, ұлттық 

дү ниетанымды  зерделеуші  Ғ.Нұрышева  эп-

ос батырларының елін қорғауы олардың өмі-

рі нің  ең  басты  мақсаты  мен  мәні  екендігін 

ұсы нады [7, 129 б.].

Демек,  баһадүр  рухы  мен  еркі  ел  үшін 

кү ресуге  тағайындалған,  күрескерлік  сана 



34

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ор нық тырған  тұлғаның  түпкі  мақсаты  қар-

сы ласынан басым түсіп, жеңіске жету. Яғни, 

қа зақ мәдениетіндегі спорттық дәстүрдің қа-

лыптасуының  тарихи-философиялық  не гіз-

де ріндегі «баһадүр» бейнесі:

1 Тек спортшы ғана емес күллі түркі ұл-

да рының  тәндік  жетілуге  ұмтылуының  мо-

де лі  болып  саналатын  менталитетіміздегі 

тә лімдік педагогика.

Бұл  қазіргі  замандағы  еліктеушілік  пси-

хо   логия  мен  кейбір  мемлекеттердің  өз 

иде о логияларын  ұсынудан  қорғанудың 

бей  саналы  психологиялық  және  саналы 

идео логиялық  құралы  бола  алады.  Бү гін-

гі  кезеңдегі  шетелдік  фильмдердегі  мо-

ральдық  өлшемсіз  немесе  ұлттық  құн ды -

лықтарға  сәйкес  келмейтін  спортшы  бей-

не сіндегі  физиологиялық  жетілген  тұлға: 

тер  минаторлар,  гангстерлер  т.б.  ұрпақтарға 

пси  хологиялық  жұғу  (заражение)  туғызып, 

ұлт  тық менталитеттегі құндылықтардан ал-

шақ  татып, отансүйгіштік рухты бәсеңдетуге 

алып келетін т.б. зардаптар туғызатындығын, 

оның орнына эпостық «баһадүр» немесе ре-

ал  ды  тарихи  тұлға  образдарын  насихаттау 

қа  жеттігін  тұжырымдаушылар  пікірі  де  та-

ри  хи-мәдени  рух  сабақтастығының  рухани 

ми расқорлығын шынайы жақтаушылар мен 

терең  түсінушілер,  болашақ  ұр пақ  қа лып-

тастыру  методологиясына  алаң дау шы лар-

дың пікірі. Сондықтан бүгінгі таңда эт но пе-

да гог  ғалымдарымыз  да  бұның  тео рия лық-

әдіс намалық ғылыми негіздерін ұсы нуда [8]. 

Ол – үлгі тек тәндік қана жетілгендік са-

па ларынан басқа адамгершілік талаптарына 

да  сай  келетін,  қалыпты  ұлттық  дәстүрлер 

бо йынша өмір сүретін түркі халықтарының 

жал қы өкілі. Менталитетіміз ол тұлғаларды 

қа лыптастыруды  абсолютті  мінсіздендеріп, 

идеал ретінде ұсынған. Этнопедагог ға лым-

да рымыз  тіпті  олардың  киім  үлгілерінен 

бас тап,  қару-жарақтарына  дейін  зор  отан-

сүй гіштік  тәрбиелік  мәні  бар  екендігін  тұ-

жы  рымдайды [9, 52б.].

2. Баһадүр тұлғасы ұрпақтарды әсемдікке 

жә не  сұлулыққа  баулудың  эстетикалық  үл -

гісі.  Оның  бейнесі  биологиялық,  пси хо-

логиялық,  әлеуметтік  т.б.  қырларынан  бас-

тап  эстетикалық  категориялар  жүйесіне 

сәй кес  келетін  әсемдік  үлгілері  болып  са-

на лады.  Физиологиялық  бейнесі  күштің 

куль тінің  талаптарын  қанағаттандыратын 

әсіре ленген  көріністер.  Адам  болмысының 

құр сауын бұзуға ниеттелген идеалдың мак-

си малды көрінісі мен кеңістік пен уақыт өл-

шем деріне  бағынғысы  келмейтін  қуаттың 

құ діретті тасқынын жырлайды. Оның: мініс 

аты, жан жолдасы – жары т.б. тұлғалық бол-

мысын  толықтырушы  атрибуттар.  Күн  са-

нап  өсетін  тұлғаның  сәйкесінше  аты  (жыл-

қы  жануары)  континум  өлшемдерін  ба ғын-

дыруға қабілетті. Тіпті сүйікті жары да шек-

тен  тыс  мүмкіндіктерді  пайдаланатын  «ер» 

қасиеттерін  қайталай  алады.  Тұлғаның  өзі 

жан-жақты физиологиялық мүмкіндікті, жо-

ғарыда айтылғандай, ырықты-ырықсыз түр-

де «спортшы», дене тәрбиелік үлгісі бо лар-

лық тай  «Менді»  нақты  әйгілеудің  каноны. 

Осы  «Мен»  рухы  тән  мен  жанның  сәйкесу 

бір лігіне, гармониясына негізделеді.

А.Шопенгауэр де осыған байланысты ер-

дің тәндік қуаттылығы әйелдік эстетикалық 

тал ғам мен таңдаудың бейсаналы түрде объ-

ек тісі бола алатындығын тұжырымдаған [10, 

387б.]. Жанама түрде эпостағы табиғат пен 

әлем,  негізгі  кейіпкердің  іс-қимылы,  ки ім 

үл гісі т.б. суперстраттар да әсемдік тұ тас ты-

ғы ның  идеалдарын  жинақтайтын  ке шен дік 

жүйе болып табылады.

3.  Отансүйгіштіктің  ең  жоғары  шектеулі 

дең гейінде  баһадүр  прообраз  ретінде  мо-

раль   дық принципті құрмет тұтушылық этиз-

мін  береді.  Тұлғаның  негізгі  мотиві  –  елін 

қор ғау:  өлім  мен  өмір  баламасын  талғауға 

шы ғару, үнемі «шекаралық жағдайда» болу, 

«жан пида» кредосын өмірлік позицияға ай-

нал дыру,  ғұмырнамасындағы  ең  маңызды 

іс ті  ел-жұрттың  мүддесі  деп  тағайындауға 

ал ып келеді. Бұл феномен А.Н. Радищевтің 

отан  сүйгіштіктің мәнін ашуында тұ жы рым-

дағандай: шынайы адам мен Отан ның ұлын 

бір  нәрсе  деп  қарастырады.  Құлық сыз дық 

үл гісінде көрінгеннен гөрі, ол өмірін қиюға 

не месе жоғалуға келісім білдіреді, егер оның 

өлімі  Отанына  даңқ  пен  қуаттылық  ал ып 

келетін  болса,  өз  өмірін  құрбан  етуден  қо-

рық пайды [11, 205-206 бб.].

Сол  үшін  ол  тәндік  жаттығулар  мен 

өмір лік  тәжірибе  сынынан  өтіп,  өзін  бә се-



35

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

ке лестік  өмірге  дайындап  –  өз  болмысын 

«өзі нің  өзгелеріне»  (ел-жұртына)  арнауға 

жұ мылдырады.  Дүниетанымындағы  «өзі» 

мен «өзге» позициясы – «өзінің» тек «өз ге-

ге»  қарсы  бағытталған  ішкі  саясатын,  «өз-

ге  мен»  мәңгілік  күресуге  дайын  болудың 

ата-бабалардан сабақтасып келе жатқан ме-

то дологиясын  қайталайды.  Ол  –  «аруақты 

ер», ата-баба рухын қастерлейтін өткен мен 

бү гіннің бірлігін қуаттайтын диалектикалық 

көз қарасты  ұстанады.  Ол  өзінің  қоғамдағы 

бол мысынан өзінің отанына, халқына бағ дар-

ланған тағдырын жете түйсінеді, тіпті мой -

ынсұнады, оның еркі осы ел қорғау мүд де-

сінің шеңберіне ғана бағындырылған. Отан-

сүй гіштік  морализмі  мен  күреске,  бәсекеге 

тү су оның өз болмысын аша түсуінің және 

ны ғайтуының  шарты,  ол  осы  құндылықтар 

ар қылы  өз  болмысын  өзі  қайталаушы.  Бұл 

спорт шыға да ортақ қасиет, ол да бәсеке мен 

жарыс  арқылы  үнемі  өзінің  шынайы  бол-

мысын өзі қайталаушы, олардың өз бол мыс-

тарын өздері қайталауы - өзін әлемдік бол-

мыстың бір бөлшегі ретінде танытудың экс-

пликациясына өтеді. Әлемге танылатын өзі-

нің  болмысы  арқылы  олар  сол  адамзаттың 

шы найы жалқы өкілі болып табылған өз ұл-

тын әлемге паш етеді. 

Яғни,  спортшының:  «өзін-өзі  үнемі  қай-

талауы  –  өзінің  болмысын  әлемге  та ныт-

уы  -  халқының  болмысын  таныту»  ре-

флексиясымен  толықтырыла  түседі.  Бұл 

жерде  ол  ырықты-ырықсыз  түрдегі  әре-

кеті  арқылы  отансүйгіш,  елжанды  тұл-

ға ға  айналады.  Бұл  қазақ  халқының  мен-

та литетіндегі  жауынгерлік  дәстүрді  фи-

ло софиялық  тұрғыдан  зерделеу  арқылы 

ашылған  қасиет  –  отансүйгіштік  буын;  қо-

ғамдық  сананың  айрықша  элементі,  өмір-

мән ділік талабы, оған физиологиялық және 

ру хани  жаттығу  арқылы  жақындау,  түркі 

хал қының  тұрмыс  қалпын  таныту,  ғұмыр 

ке шу дәстүрлерінің атрибуты т.б. болып та-

бы лады. Отансүйгіштік жалпы махаббат құ-

ры лымның бір саласы. Бұл жерде: «тарихи 

эпос тық  баһадүр  –  отансүйгіштік  –  қазіргі 

за манғы спортшы» құрылымының маңызын 

аш ып алу керек. Эпостық дәуірде, «баһадүр» 

бол мысының образдық бейнесінде махаббат 

ор тақ, оның болмысы махаббаттанған, сон-

дықтан  махаббат  түрлерінің  екі  басты  дің-

ге гінің айналасына барлық махабаттар топ-

та сады,  сондықтан  оның  этикалық  қыры 

–  ма хаббаттанған  тұлғаны  әйгілеу  арқылы 

кө рініс табады. Бірінші – туған ел мен жерге 

де ген махаббат, екіншісі – жарына деген сү-

йіс пеншілік.  Эпостық  негізгі  кейіпкердің 

мақ саты  да  дилеммасы:  Отан  қорғау  мен 

сүй геніне қосылу.

Сондықтан  ата-баба  салтының  тәлімгер-

лік  мұ ралары  әрбір  жас  ұрпақтың  бойына 

отан сүйгіштік  пен  оған  қажетті  элемент 

«ба һадүрлік»  менталитетті  қалыптастыруға 

ба ғытталған.  Буыны  бекіп  қалыптасып  ке-

ле  жатқан  түркі  ұрпағының  азаматы  бос 

уақытын тәндік жаттығуға арнаған. Қа сиет ті 

қазақтың жаһан даласының өзі – «ста ди он-

дық спорт алаңы», «тренажерлік зал», жыл-

қы  жануары  –  биотехникалық  жаттығу  құ-

ралы т.б. бүгінгі замандағы спорттағы ой ын 

кеңістігі мен техникалық құралдар жи ын ты-

ғы ретінде қызмет еткен.

Спорт  теориясы  жөніндегі  кейбір  оқу-

лық тарда  гимнастиканың  шығу  тегін  тал-

дау да  орта  ғасырлардағы  соғыс  жағдайына 

да йындалу оның қалыптасуы мен дамуының 

не гізгі  көзі  ретінде  бағамдалады  [12,25б.]. 

Көш пендінің жауынгерлік өмірге дайынды-

ғы өзі нің туған даласымен тұтастанып жат-

қандықтан,  бүтін  болмысымен  бі рік ті ріл-

гендіктен,  дүниетанымымен  кі рік ті ріл ген-

дік тен,  ол  дала  –  қасиетті.  Осы  қа зақ тың 

«қа сиетті»  сайын  даласында  түркі  ұр пағы 

бү  кіл  тәндік  жаттығулары  мен  дене  тәр-

бие сі  сынағынан  өткен,  сол  кеңістікті  фи-

зио  логиялық  қалыптасудың  «полигонына» 

ай  налдырған, оны өз болмысын өзі аша тү-

су  дің  алаңы  деп  таныған.  Онда  да  өзіндік 

тәр  биелік-тәжірибелік дәстүрлері орныққан 

спорт тық  және  соғыс  өнерлерінің  жүйесі 

бар, «үйретуші-үйренуші» құрылымына не-

гіз  делген дала кеңістігі қалыптасқан. Дала – 

пас сивті, алғышарт ретіндегі «геокеңістіктік 

ұс таз». Мәселен, ұлттық ат үйрету спор тын-


36

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

да ғы – қолға үйретілмеген атты мініс құралы 

ре тінде тәндік тәрбиелеуді көктем шыға бас-

та ған. Себебі одан құлаған жағдайда жарақат 

ал ып қалмас үшін қара жер жұмсақ болып, 

тоң жібуі керек.

Қазақтың  байырғы  өмір  салтының  тә жі-

ри бесі: «Құлағанда: жылқы жалын төсейді, 

ес ек тұяғын төсейді», – деген тіршілік мән-

ді  афоризм  –  қазақ  адамының  аттан  құ лап 

жаттыққандығы  мен  есектен  құлап  үй рен-

бе гендігінің дилеммасын бере отырып, дәс-

түр лі  шаруашылық  талаптары  бойынша 

хал қымыздың  есек  ұстамағандығын  және 

одан  құлап  мертіккен  жағдайлар  жиі  бол-

ған дығын  білдіреді.  Бұл  –  физиологизм  тә-

жіри белерінің  айқын  көрінісі  мен  тұрмыс 

сал тының мағыналы стилі болып табылады. 

Осындай дала кеңістігімен үйлесімділікте 

бо лу,  дала  табиғатын  құрметтеу,  оның  ми-

рас қорлықтан  жалғасқан  этноменшіктігі  – 

ата-бабаларымыздың  жерленген  жерлерінің 

бо луы т.б. қазақ сахарасын түгелдей қасиетті 

деп  санауға  негіз  болған.  Ілкі  байырғы  дә-

уір лердегі «Қара Жер – Көк Аспан» жансыз 

би нарлық  позициясы  кейіннен  «Ұмай  Ана 

–  Көк  Тәңірі»  болып  дихотомияланған  ан-

тро поморфтанған  –  құдайланған  рухтарды 

бер ген. Қазақтың қара топырағы – қасиетті 

«ме нің-дүнием»  кеңістігін  құраған.  Міне 

сон дықтан Жауынгерлік дәстүр мен «спорт 

алаңы»  ретіндегі  «жер»  «елмен»  қа тар 

қойылатын отансүйгіштіктің басты объ ек ті-

сі нің бірі. 

Яғни,  елін  қорғау  мен  жерін  қорғау  егіз 

бірлікте  қарастырылатын  ұғымдар.  Жа-

уын герлік  дәстүрден  қалған  осы  –  ел  мен 

жер ді  қорғау  культі  қазіргі  замандағы  бей-

біт шіл  санада  басқаша  формада  көрініс  та-

ба ды.  Кейін  келе  ол  спорттық  өнерімізде: 

ел  намысы  мен  қазақ  рухын  көтермелеу 

функ циясына  ауысқан.  Қазір  спортшының 

ел жандылығы  үшін  қиян-кескі  шайқастың 

қа жеті жоқ, өзінің болмысын жұртқа та ны-

тып, халқының болмысын әйгілеу болып та-

былатын, мемлекетін, ұлтын спорты, мә де ни-

е ті дамыған ел, халық ретінде таныту, соған 

қос  қан  өз  үлесіне  қанағаттану  мақтанышы 

оның  өз  мақсатына  қол  жеткізгендігінің 

көрі нісі.

Міне,  жауынгершілік  дәстүрдегі  «ба һа -

дүр»  мен  бүгінгі  замандағы  қазақ  спорт-

шы  сының  болмысындағы  синкретизм  осы 

жерден  дифференциацияланады.  Сон дық-

тан осы қазіргі заманғы спортшының отан-

сүй гіштік  мотивінің  тарихи-философиялық 

та мырларын  ашуда  ұлттық  менталитет  ай-

шықтарына  сүйену,  жауынгершілік  дәс-

түр ден  қалған  рухани-әлеуметтік  құн-

ды лықтарды  бағалай  білу  және  бү гін гі 

ке  зеңге  көшіру  үшін,  қажетті  эле мент-

тер  ді  сақтау  бойынша  оның  тарихи  та-

мыр  ларына  үңілу  қажеттігі  туған  еді.  Бұл 

жер де  отансүйгіштік  құрылымын  мо дер ни-

зациялау, трансформациялау, кө ші  ру, бейім-

деу  т.б.  операциялар  арқылы  құ ры лым   дық-

функционалдық талдауды әрі қарай да мы ту-

ды қажет етеді.

Жауынгершілік  дәстүрдегі  тәндік  кү рес-

кер лік  менталитеттің  көріністері  бүгінгі 

жек пе-жек спорт түрлерінде елес береді. Мә-

се лен,  күрес,  бокс,  таэквандо  тәрізді  спорт 

түр лерінде  Қазақстанның  әлем  алдындағы 

же ңістерін мақтанышпен атауға болады. Бұл 

же тістіктер алдымен алғышарт дайындалған 

сая си-әлеуметтік жағдайды: Тәуелсіздік ар-

қылы  өз  еркіндігін  сезіну,  нақты  қазақ  ұл-

тының  өкілі  екендігін  бағамдау  т.б.  бай-

ла нысты  әлеуметтік  объективтіліктерден 

туын дайды. Ал тарихи объективтілік жағдай 

кө неден,  жауынгерлік  дәстүрден  жалғасқан 

ер жүректілік,  батылдық,  жігерлілік,  қай-

сар лық  тәрізді  биоархетиптердің  анық  ны-

ша ны  болып  саналады.  Бұл  жерде  өткен 

ата-бабаларымыз  бен  бүгінгі  ұрпақтардың 

ге нетикалық  бірлігінің,  тарихи-әлеуметтік 

тә жірибелер  сабақтастығының,  ұрпақтар 

бол мысының мәдени мирасқорлығының ор-

ганикалық тұтастық құрайтындығын түй сін-

ген жөн. 

Себебі  спорт  психологиясында  да  «жа-

уын герлік  рух»  спортшының  бәсекеге  да-

йын  дығының  басты  психологиялық  сапасы 

екен дігі атап өтіледі: «Жауынгерлік рух соң-

ғы  межеге  жетуге,  бәсекелестік  мақсаттың 

же  тістігіне,  күрес  пен  жеңіске  жанталаса 

ұм  тылатын  қызмет  нәтижесі  мен  процеске 


37

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

қа тынастың  түрі.  Бұл  жоғары  жинақылық, 

бар лық  мүмкіндігін  пайдалану,  спорттық 

кү ресте  өзінің  күшін  толықтай  сарқу.  Жа-

уын герлік  рух  спортшының  қосымша  мүм-

кін діктерін  ашуға  және  күтпеген  жерден 

жо ғары нәтижеге жетуге ықпалын тигізеді» 

[13, 332б.]. 

Жоғарыда  айтылғандай,  тәндік  кү рес-

керлік  тәжірибе  мыңдаған  жылдар  бо йы 

қалыптасқан,  жүйеленген,  өмірлік  сынақ-

тар дан  өткен,  практикада  тексерілген  ка-

нон  дық үлгілер болып табылады. Егер пси-

хоанализ теориясына сүйенсек, оны бү гінгі 

ұрпақ  саналы  түсініп,  мақсат  қоя  қа был-

дамаса да, ұжымдық бейсаналылық ар қылы 

танып-тасымалдайды.  Сондықтан  кү рес-

керлік спорт түрлеріндегі жетістіктерде жа-

уынгерлік  психологияның  элементтері  сақ-

тал ғандығы жасырын емес. 

Бұл  феноменді  ұлттық  дүниетаным  бо-

йын ша  зерделесек,  ұлттың  рух  тұтастығы, 

ата-баба  аруағын  құрметтеу  сабақтастығы 

ар қылы олардың «жәрдем беруін» және «же-

леп-жебеп  жатуын»  мысалға  алуға  болады. 

Се бебі жеңімпаз спортшы өткен мен бүгінгі 

күн бірлігінің уақытсыз әлемі бойынша ба-

йырғы  ержүрек  түркі  азаматының  қай та-

ланған  қазіргі  үлгісі  болып  табылады,  мо-

дернизацияланған, қазіргі кезеңге бе йім дел-

ген рухтың бейнесін береді. 

Қазіргі  олимпиада  ойындарында  Қазақ-

стан  көбіне  тәндік  жұптық  бәсекелестік 

ойын дарда ғана жеңістерге жететіндігі осы-

дан деп тұжырымдауымызға болады. Басқа 

да  спорттық  ойындардың  қазақ  дәстүрінде 

та рихи-мәдени  негіздері  қаланғандығын 

жо  ғарыда  атап  өттік.  Бірақ  Отансүйгіштік 

ма ғыналы күрескерлік рух ерте және тез оя-

натын өміршең болып отыр. Мәңгілік жал-

ғас қан жаугершілік дәстүрдегі «баһадүр» ру-

хы  ның тұтас потенциалды энергиясы бейбіт 

өмір де  мәдени-әлеуметтік  түрде  спорттық 

ойын дарға көшеді. 

Жаугершілік дәстүр менталитетінде үнемі 

кү рескерлік қана сақталды деп түсінуге бол-

майды.  Бұл  кезеңде  қазақ  халқында  оны-

мен  қатар  ұлттық  спорттық  ойындары  да 

да мыған:  ат  спорты,  күрес,  арқан  тартыс, 

аң шылық  т.б.  Мысалы,  бұлардың  тікелей 

жал ғасы ретінде палуандық архетипті алу ға 

болады. Қазақтарда палуанды ерекше құр мет 

тұтып, ол өз өнерін көрсетуде белгілі бір ру-

дың, тайпалық қауымдастықтың, жүздің на-

мысын қорғаған. Ол дәуірлерде әрине әлем-

дік  аренаға  шығу  мүмкіндігі  болған  жоқ, 

мүмкіндік ашылған сәтте ғана қазақтың бел-

гілі палуаны Қажымұқан әлемге әйгілі бо лып 

шықты.  Әйгілілігі  жиырма  төрт  елден  ме-

даль алып, еркін күрестен ешбір палуаннан 

же ңілмеген деректермен дәйектеледі. Демек, 

әлем дік  спорттық  жарыстарға  дейін  қазақ 

хал қында күрестен дүние жүзіне белгілі әлем 

жүл дегерлері  болған  деп  топшылауымызға 

бо лады.

Қазақ  халқының  күрескерлік  ру хын 

отаршылдық-бағынушылық  сана  бә сең дет-

кен мен,  түбегейлі  жоя  алған  жоқ,  өміршең 

мәң гілік  рух  Тәуелсіздік  ал ған нан  кейінгі 

жыл дардан  бастап-ақ  әлем дік  аренадағы 

спорт тық  сайыстарда  же тіс тіктерге  жетіп, 

өзі нің  архетиптік  кө не  болмысына  қайта 

орал ды, өзін-өзі қай та дан танып, оның тір-

ші лік болмысын қа зақ ұлдарының жеке өкіл-

дері әйгіледі. Қай тадан елі мен халқын құр-

мет теудің  жә не  сүйе  білудің  жаңа  үлгілері 

пай да  бол ды.  Оны  қазіргі  таңғдағы  жекпе-

жек  спорт тарында  әлемге  әйгіленіп  жүрген 

спорт шы лары мыз дан анық байқауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет