Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ТӘңІРІМ ӨЗІ СүЙІП ЖАРАТҚАНДАЙ



жүктеу 3.06 Mb.
Pdf просмотр
бет13/18
Дата15.03.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ТӘңІРІМ ӨЗІ СүЙІП ЖАРАТҚАНДАЙ...

(Ғұлама-жазушы-педагог-Совет-Хан Ғаббасқа)

Өлеңнің өрге тартқан – таңы атқандай

Тәңірім өзі сүйіп – жаратқандай,

Сұңқардың ауылында туған –Тұлпар,

Жан ағам бар – Ғаббасов Совет-Хандай.

Дария толқын қуып жосты легі,

Қашанда қабыл болар – Дос тілегі.

Зайсанның жайсаң ұлы – бұл Совет-Хан,

Дәрігер, Жазушылық – қос жүрегі.

Өзі ескерткіш табиғат құя салған

Алатаудың шыңындай – қиясы арман,

Бір шыңы көтерілген «Қыран қия»,

«Ананың жүрегінде» ұя салған.

Балалық кең жайлауы – Өртең де өткен

Бүгін шыққан Жолаушы – ертең жеткен,

«Серпермен» Құрманғазы сезімге енсе,

Совет-Хан жүрегімен –«Серперлеткен».

Қараса кең әлемге жазып көзін,

Байлық та өзің, Парасат –азық та өзің

Хирург – салқын қанды Совет-Ханның

Жүрегін баурап алған – «Нәзік сезім».

Қадамын сал-серідей салып кеңге

Өнер ғой танытатын адамды – Елге.

Қан жүрісін зерттесе жүрегімен,

Сол жүрекпен атанған Қаламгер де!

Бір  тәңір біледі өзі жазарымның

Содан да шалқитыны – саз әнімнің,

Өмірдің қайталанбас – бір Тұлғасы

Совет-Хан Ғаббасұлы – Қазағымның!

Құрметпен: 20 ақпан 2006 жыл – 14 ақпан 

2009 жыл


Алматы шаһары

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІң ТүРЛЕРІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАР

Ә. Табылдиев – 

әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың профессоры,

педагогика ғылымдарының докторы

Тәрбиенiң  негiзгi  салалары:  жалпы  тәр-

бие, өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.

Жалпы  тәрбиелеу:  ақыл-ой  тәрбиесi, 

адамгершiлiк  тәрбиесi,  отансүйгiштiк  тәр-

бие, дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, эстетика-

лық  тәрбие,  экологиялық  тәрбие  болып  са­

раланады.

Әрбір  тәрбиенің  ұлттық  қағидала ры 

бар.  Қазақ  халқының  халықтық  педаго-

гикасындағы (қазақ этнопедагоги касындағы) 

ұлттық  қағидаларын  төмендегіше  саралап 

баяндауға болады.



1. Ақыл­ой тәрбиесi – тәрбиеленушiнiң 

ақыл-ойын дамытып, жiгер-қайратын (сезiм-

қабiлеттерiн), өмiр құбылыстарының, заңды-

лықтарын жан-жақты ұғынуын, ой түйiндей 

бiлуiн  iске  асыру  үшiн  жүргiзiлетiн  әсерлi 

әрекет. Ақыл-ой тәрбиесiнiң нәтижелi болуы 

тәрбиеленушiнiң ой-сезiмiне, қабiлетiне, жi-

гер-қайратына, ынта-ықыласына, iске ике м-

дiлiгiне,  болмысына  («пешенесiне»)  байла­

нысты. «Санасызға сан айтсаң да ұқпайды», 

«жетесiзге  жетi  айтсаң  да  ұқпайды»  деп 

халық  бекер  айтпаған.  Бiрақ  педагогика 

ғылымы  тәрбиеленушiге  «ұқтырудың»  қы-

зықтыру,  әсерлендiру,  ынталандыру  т.б. 

тәсiл  дерiн ұсынып, адамның ақыл-ойын да-

мы туға болатынын дәлелдеп көрсетедi.

Ақыл-ой  тәрбиесi  ең  әуелi  тәрбие ле-

ну шiнiң  ойын  дамытып,  ақыл-санасын 

қалыптастыруды көздейдi. Ол үшiн тәрбиешi 

түсiндiру,  бiлiм  беру,  ақыл  айту,  үлгi-өнеге 

көрсету,  ақылдасу,  пiкiрлесу  т.б.  игi  iс-әре-

кет тердiң  тәлiмдi  тәсiлдерiн  қолданады. 

Тәр бие ленушiнiң ой қабiлетiн, түсiнiгiн қа-

лып  тастыру  үшiн  «оңайдан  қиынға,  аздан 

–  көпке»  тәсiлi  қолданылып,  оның  ықы-

ласын арттыру көзделедi. «Сенен түк шық-

пайды»,  «топассың»,  «түсiнiгiң  нашар» 

деп,  шыдамсыздықпен  тәрбиеленушiнiң 

сағын сындырып, жанын жасытатын «ұстаз-

сымақтар»  ақыл-ой  тәрбиесiнiң  сабырлы 

салтын бұзып, тәрбие iсiне зор зиян келтiредi. 

«Ұстаздық  қылған  жалықпас,  Үйретуден 

балаға»  (Абай)  дегендей,  бiлiм  беру,  ақыл 

айту, үлгi-өнеге көрсету, ақылдасу, пiкiрлесу 

кезiнде  де  тәрбиеленушiнiң  бейiмдi,  жақсы 

жақтарын тауып, оны дамыта бiлу қажет.

Халықта «ақылы асса, аға тұт» деген сөз 

бар.  «Ерекше  қабiлеттi»  тәрбиеленушiнiң 

феномендiк ерекшелiгiне көңiл бөлiп, оның 

ақыл-қабiлетiндегi «артықшылықты» ардақ-

тап, дамыта бiлу қажет. Бiрақ артықшылықты 

артық  бағалауға  болмайды.  Әрнерсенiң 

қалпы  бар.  Даму  –  қайшылыққа  байланы­

сты. «Дарынды» тұлғаның қабiлетiнде де, iс-

әрекеттерiнде де қайшлықтар болады. Соны 

таба  бiлiп,  тәрбиелеушi  тәлiмiн  тәптештеп, 

тәлiмдi тәсiлмен жүргiзуге тиiс. Халық «бай­

мын деп, тасыма, кедеймiн деп, жасыма» деп 

ақыл айтады, инабатты, иманды ұрпақ өсiру 

үшiн,  «жақсыдан  үйрен,  жаманнан  жирен» 

деп өсиет айтады. Иманды халық өз ұрпағын 

тек  жақсылық  iстеуге  (имандылыққа)  тәр-

биелейдi.

Ақыл-ой  тәрбиесi,  көбiнесе,  бiлiм  беру 

iсiнде жан-жақты жалғасып, тәрбиеленушiнiң 

ойлану  ауқымын,  ой  қисындылығын  (ло­

гикасын),  бiлуге  құштарлығын,  ғылымға 

бейiмдiлiгiн  дамытады.  Сөйтiп,  ақыл-ой 

тәрбиесi адамгершiлiк, дене еңбек тәр бие сi-

мен, эстетикалық, экологиялық тәрбиелермен 

байланысып,  тәрбиеленушiнiң  саналы,  бi-

лiм дi,  ойлы  (ақылды)  болып  тәрбиеленуiне 

се бепшi болады.

Ақыл-ой  тәрбиесi  жан-жақты  сапалы 

жүр гiзiлсе,  ол  тәрбиеленушiнiң  алдынала 

болжай  бiлу,  ой  түйiндей  бiлу,  ой  саралай 

бiлу,  ой  қорыта  бiлу  қабiлеттерiн  дамыта­

ды.  «Алдын  ойламаған  аһ  ұрады»,  «тоқсан 

ауыз  сөздiң  тобықтай  түйiнi  бар»,  «сансыз 

ойды  саралай  бiл»,  «ой  қорыта  бiлмесең, 

опық  жейсiң  күнде  сен»  деп,  халық  ақыл-

ой  тәрбиесiнiң  мақсаттарын  мағынасы  зор 

мақалдармен жеткiзедi.

Ақыл-ой тәрбиесiнде оқыту iсiнiң жетек-

шiлiк  мәнi  зор.  Адамның  ақыл-ойының 

қалыптасуы  үшiн,  оның  бiлiктiлiгiн  қалып-



95

94

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

тастырып  дамыту,  танымдық  қасиеттерiн 

қалыптастыру қажет болады. Ал, бiлiм мен 

бiлiктiлiк ауқымы заманға қоғамдық, саяси-

әлеуметтiк  құрылысқа,  өркениеттiк  өмiр 

қозғалысына  сәйкес  болуы  қажет.  «Адам­

ды  заман  билейдi,  жаманды  заман  илейдi» 

(Абай)  дегендей  адамның  ақыл-ойы  зама­

нына сәйкес (әсiресе бiлiмi) болу қажеттiлiгi 

ақыл-ой тәрбиесiнiң мақсаттарын күрделен-

дiре түседi.

Ақыл-ой  тәрбиесiнiң  негiзгi  мақсаты  – 

тәрбиеленушiнiң ойлау қабiлетiн дамыту де­

сек, ол үшiн, ойлай бiлудi, ой-қисын дарының 

айқын болуын алгоритмдiк (дәлелдiк) тәсiл-

дерiмен  қалыптастыру  қажет.  Бұл  тәсiл-

дер,  әсiресе,  бағдарламалап  оқыту  iсiнде 

кеңiнен  қолданылады.  Яғни  жүйелi  бағ-

дарламалар  арқылы  тәрбиеленушi  зертте-

гiштiк  (тәжiрибелiк)  мақсаттарды  орындау 

барысында  өзiнiң  бiлiктiлiгiн,  ақыл-ойын 

дамытады.

Ақыл-ой  тәрбиесiнде  пiкiрлесу,  пiкiр-

талас  арқылы  ой  дамыту,  жеке  тұлғаның 

ерекшелiктерiне  сәйкес  iс-әрекет  ұйым-

дасты румен  оның  қабiлетiн  дамыту,  интел-

лек тiлiгiн (бiлiктiлiгiн) арттыру жұмыстары 

ұйымдастырылады.

«Бiлiмдiден  шыққан  сөз,  талаптыға  бол­

сын  кез»  (Абай)  дегендей,  ақыл-ой  тәр-

биесiн  беретiн  адам  бiлiмдi,  бiлiктi,  көр-

гендi, өнегелi, өркениеттi болу керек. «Мол-

да ның  айтқанын  iсте,  iстегенiн  iстеме» 

деп  халық  ақыл  айту  үшiн,  тәрбиешiнiң 

адалжанды,  бiлiмдар,  ақылды  болуы  қажет 

екендiгiн  дәлелдейдi.  Халық  өсиет,  наси­

хат,  өнеге  тек  тәрбиеленушiге  лайықты, 

халықтың  қажетiне  сәйкес  болу  керек  деп, 

тәрбиеленушiнi «құрғақ ақыл» «бос сөзден» 

аулақ  болуға  бейiмдейдi.  «Ақыл  –  жастан, 

дау – қарындастан» деп халық жас адамның 

ақыл-қабiлетiн жоғары бағалайды да, ақыл-

ой тәрбиесiнiң биiктен басталатынын дәлел-

дейдi.


2.  Адамгершiлiк  тәрбиесi  –  адамды 

сыйлау,  адамға  жақсылық  жасау,  кiсiлiк 

дәстүрлердi  жеке  тұлғаның  бойына  сiңiру, 

оған инабатты, иманды, көпшiл болуды үй-

рету  т.б.  адамдық,  азаматтық  қасиеттердi 

қаыптастыру әрекетi. «Адамның күнi адам­

мен», «қошқар болар қозының маңдай жағы 

дөң  келер,  адам  болар  жiгiттiң  арқа-басы 

кең  келер»,  «баланы  жастан...»  деп  халық 

адамгершiлiк  тәрбиесiнiң  педагогикалық-

психологиялық негiздерiн айқын көрсетедi.

Адамгершiлiк тәрбиесiнiң тарихи, таптық, 

дiндiк, өркениеттiк мән-мағынасы бола тұра, 

ол – үнемi озық үлгiлермен дамып, адам ба­

ласын мәдениет шыңына бастап келе жатқан 

өркендеп  бара  жатқан  тәрбие  тағылымы, 

адамның адамдығынң кредосы (негiзi).

Адамгершiлiктiң негiдерi: кiсiлiк (гуман-

дық), ерлiк, табандылық, мақсат тылық, ұлт­

тық намысты қорғау, қоғамшыл дық, азамат-

тық борышты сезiну, құқықтық нормаларды 

iске  асыру,  отансүйгiштiк  т.б.  адамгершiлiк 

тәрбиесiнiң нәтижелерi болып табылады.

Кiсiлiк рәсiмдер: имандылық – iзеттiлiк-

тi,  сыйласымды,  жақсылыққа  сенудi,  тек 

жақсылық  жасауға  бейiмделудi;  салауат-

тылық  –  таза  жүрудi,  есiрiктен  аулақ  бо­

луды,  ар-ұятты  қастерлеудi,  оғаш  құлық 

көрсетпеудi; қайырымдылық – адамға, айна­

ласына жақсылық жасауды, көмек көрсетудi 

адам баласына мейiрiмдi болуды, табиғатты 

қорғауды;  перзенттiк  парыз  –  Отанға,  ата-

анаға  қымет  етудi,  перзенттiк  борыштар 

мен  мiндеттердi  өтеудi,  Отанын  сүюдi, 

адам дарды  ардақтауды;  әдептiлiк  –  iзеттi, 

ина батты,  қайырымды,  мейiрiмдi  болуды, 

әрқашан  әдеп  сақтауды,  әдеппен  сөйлеудi, 

жақсы  мiнездiлiктi;  өнерпаздық  -  өнердi 

сүйе бiлудi, өнер үйренудi, өнер адамдарын 

ардақтауды;  ататектi  қастерлеу  –  ата  тектi 

сыйлауды,  ата  дәстүрлерiн  жалғастыруды, 

бүкiл адамзаттың адамгершiлiк қасиеттерiн 

қабылдап,  қастерлей  бiлудi;  бiрлiкшiлдiк  – 

дос, жолдас, туыс, ұжым бiрлiгiн сақтауды, 

ұлттық  (халықтық)  бiрлiктi  қастерлеудi; 

қазақи  қонақжайлылық  –  кез  келген  адам 

баласын күтiп, оған жағдай жасауды, сыбаға 

беру, қонақ кәде жасауды, аш-арыққа көмек 

көрсетудi;  ар-намыстылық  –  ар,  ұят,  намыс 

сезiмдерiн  қалыптастыруды,  ұлттық  және 

адами намысты қорғай бiлудi, алға талпыну 

iсiн қолдауды көздейдi.

Адамгершiлiк  тәрбиесi  саяси-әлеуметтiк 

жағдайдағы құқықтық нормалардың бұзыл-

мауын мақсат тұтады, ұлттық сананың дамып 

қалыптасуына  себiн  тигiзедi,  әдiлетсiздiкке 

қарсы күресе бiлудi үйретедi.

Адамгершiлiк қасиет жеке тұлғаның бойы­

на игi iс-әрекеттер, әдет-ғұрыптар, әдептiлiк 

нормалары,  салт-дәстүрлер  мен  салт-сана 

арқылы  қалыптасады.  Жас  ұрпақтың  адам-

гершiлiк  қасиеттерiн  дамыту  үшiн,  оларға 

игi iс-әрекеттердi үйрету, елiн сүйген ерлер-

дiң  кiсiлiк  (гумандық),  адамгершiлiк  iс-

әрекеттерiн үлгi тұту тәсiлдерi қоданылады. 

(Мысалы, әл-Фарабидiң, Абайдың адамгер-

шiлiк  қасиеттерi  мен  өнегелерi  т.б.  ұлы 

адамдардың  ұлылық  өмiрлерi  мен,  тарихи 

тәлiмдiк  еңбектерi  –  адамгершiлiк  тәрбие-

сiнiң басты құралы).

Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесi  ешбiр 

руға, ұлтқа бөлмей, жалпы адами тәрбиенiң 

негiзi  ретiнде  көрiнедi.  Ұлттық  тәрбиенiң 

негiзгi  мақсаты  –  жас  ұрпақты  «атаның 

ұлы  ғана  болмай,  адамзаттың  ұлы»  (Абай) 

болуға  тәрбиелеу.  Адам  болған  соң,  оның 

адамгершiлiгi болу қажет. Сондықтан халық 

адамгершiлiкке  жат  құлықтар  мен  әдепсiз 

әрекеттерге қарсы аяусыз күреседi. Бiз тәр-

бие  iсiнде  осы  бiр  ата  дәстүрдiң  жалғасын 

жар қырата беруге мiндеттiмiз.



3. Патриоттық (отансүйгiштiк) тәрбиесi 

– тәрбиеленушiнi Отанын (отбасын, ұлтын, 

туған жерiн, мемлекетiн) сүюге, азаматтыққа 

тәрбиелеу әрекетi.

Халық «туған жерге туыңды тiк», «туған 

жердiң  топырағы  да  ыстық»,  «туған  жер­

ден топырақ бұйырсын» деп, отансүйгiштiк 

тәрбиенiң қозғаушы күшi ретiнде туған жер­

ге деген сүйiспеншiлiктi арттыру қажет деп 

санайды.  «Азамат  болсаң,  арлы  бол,  елiңдi 

қорға,  жерiңдi  сақта»,  «жер  -  ананы  сатуға 

болмайды» дейдi халық. Ертедегi жер дауы, 

жесiр дауы – азаматтың туған жердi, отбасын, 

халықтың  ұлттық  дәстүрлерiн  қастерлеудiң 

бiр көрiнiсi.

«Туған жердi, Отанды қорғау – азаматтық 



парыз»  деп,  халық  Отанды  (елдi,  ұлтты) 

қорғаған  батырларды  (Қобыланды,  Қабан-

бай, Райымбек, Бауыржан т.б.) жас ұрпақ қа 

үлгi  тұтады,  елi  үшiн  жанын  қиған  батыр-

лардың аруағына сыйынып, солардың ерлiгiн 

қайталау  -  әрбiр  азаматтың  перзенттiк  па­

рызы деп, халық жас ұрпақты азаматтыққа, 

ерлiкке, елiн сүюге тәрбиелеу үшiн, жырлар, 

мақал-мәтелдер,  аңыз  әңгiмелер  шығарған. 

«Басқа елге сұлтан болғанша, өз елiңе ұлтан 

бол»  деген  халықтың  Бейбарыс  сияқты  ба­

тыр  ұлы  13  ғасырда  Египет  мемлекетiн  17 

жыл бойы өзiнiң ана тiлiмен (қазақ тiлiмен) 

билеген.  Соңында  «туған  жердiң  топырағы 

бұйырсын»  деп  өзiнiң  Туған  өңiрiне  (Сыр­

дария маңына) келiп қайтыс болған. Халық 

батырлары тек туған елiн, туған жерiн ғана 

емес, жалпы адамзат мүддесiн (бостандықты) 

қорғаған. Сондықтан олардың өнегелерi жас 

ұрпақты  патриотизм  рухында  тәрбиелеудiң 

күштi құралы екендiгi – даусыз.

Отансүйгiштiк  тәрбиесi  жас  ұрпақты 

ұлтаралық достықты қастерлей бiлуге, ұлт-

тық  антипатияға  (қарама-қайшылықты  ту-

ды руға  қарсы)  тәрбиелеудi  мақсат  тұтады. 

Бұл салада «досыңа достық – қарыз iс, дұш-

паныңа әдiл бол» (Абай) деген қағи да бой­

ынша, ұлтаралық достықтың отансүйгiштiк 

тәрбиеде  алатын  орнын  халық  жоғары 

бағалап,  Отан  үшiн  күресте  адамгершiлiк 

биiгiнен көрiнiп, дұшпанға да әдiлеттi болу­

ды уағыздайды.

Отансүйгiштiк тәрбиенiң қозғаушы күш-

терi – ұлттық (отандық) мақтаныш пен ұлт-

тық намыс. Ел қорғауда, еңбекте, ғылымда, 

өнерде,  ел  басқаруда  ұлттық  мақтаныш 

тұтатын  (мысалы:  қаһарлы  Қарасай  ба­

тыр, еңбек ерi Жазылбек Қуанышбаев, ұлы 

ғалым  Қаныш  Сәтбаев,  атақты  әншi  Роза 

Бағланова,  халық  көсемi  Дiнмұхаммед 

Қонаев)  ұлы  бейнелердiң  өнегелерiн  ұлт­

тық  мақтаныш  ретiнде  отансүйгiштiк  тәр-

бие нiң  қуатты  құралы  етiп  пайдалану  – 

педагогтық  шеберлiкпен  ұқсалады.  Ал, 

иманды,  қайырымды,  қаһарман,  шешен, 

өнерпаз, еңбекшiл, қабiлеттi қазақ халқының 

ұлттық  намысын  қорғау  –  сол  халықтың 

ұрпағы  ретiнде,  оның  ұлттық  қасиеттерiн 

сақтап,  жас  ұрпақты  нағыз  қазақ,  нағыз 

азамат  болып  өсуге  тәрбиелеудiң  қозғаушы 

күшi  болып  табылады.  «Отанды  сүю  деген 

имандылықтан  басталады»,  –  дейдi  халық. 

Ұлттық  әскери-патриоттық  тәрбие  осының 

бәрiн де қамтиды.

Жоспарлы түрде, тәлiм-тәрбиелiк мақ сат-

та  мектептерде  өткiзiлетiн  кездесулер,  той­



97

96

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

лар,  мерекелер,  салтанатты  жиындар,  ұлт­

тық өнер, спорт жарыстары – отансүйгiштiк 

тәрбиеге  мол  үлесiн  қосады.  Отан  қорғау 

–  әрбiр  азаматтың  айнымас  парызы.  Оны 

орындамаған адам әрi жазалы, әрi кiнәлi бо­

лады.

Ұлттық  әдептi:  салт-дәстүрлердi  қас-



терлеп,  мәдени  рәсiмдердi  орындай  бiлу, 

рәсiмдердi  (ел  ұраны,  ел  белгiсi,  ту,  т.б.) 

тәрбие  iсiне  пайдалану,  жол-жоралғылар 

(сый-сыяпат) мен кәделердiң (қонақ кәдесi, 

сыйласым  белгiлерi  т.б.)  тәрбиелiк  мәнiн 

ашып,  оны  тәрбие  iсiне  пайдалана  бiлу 

ырым, тыйым, обал, сауап, үнем, ысырапқа 

бай ланысты  ұлттық  дәстүрлерде  (жақсыны 

дәрiптеп,  жаманнан  тыю,  ысырапқа  жол 

бермеу,  үнемшiл  болу  т.б.)  айқын  көрсетiп, 

есiрiктерге қарсы күресте ұлттық-тәрбиелiк 

тәсiлдердi қолдану – отансүйгiштiк тәрбиенiң 

сан-салалы  үрдiстерi.  Мұндайда  тәрбиешi 

ұлттық  нигилизм  (немқұрайдылық)  дегенге 

қарсы күрес жүргiзе бiлуi керек.

Отансүйгiштiк  тәрбие  әдебиетте  (ұлы 

бейнелердi  өнеге  тұту),  тарихта  (батырлар 

мен  әдiл  хандардың,  билердiң  өнегелерiн 

пайдалану), жағрафияда (туған жердiң қадiр-

қасиетiн  бiлу),  физикада,  химияда,  басқа 

да  пәндерде  ұлы  ғалымдарды  мақтаныш 

тұтып,  олардан  үйрену  т.б.  пәндерде  де 

отансүйгiштiк  тәрбие  тәсiлдерi  жан-жақты 

өз  өрiсiн  табуға  тиiс.  Кино,  театр,  радио, 

теледидар,  баспасөз,  үйiрмелер  мен  өнер-

жарыстары («Жiгiт сұлтаны», «Ер намысы», 

«Қыз абыройы», «Өнер жұлдыдары» т.б.) – 

отансүйгiштiк тәрбиенiң негiзгi арқаулары.



4. Дене тәрбиесi – тәрбиеленушiнiң күш-

қуатын,  қайрат-жiгерiн,  рухани  сергектiгiн 

дамытып, денсаулығын, сымбаттылығын қа-

лып тастыру үшiн жүргiзiлетiн игi әрекет.

Халық дене тәрбиесiн нәресте iште жат-

қаннан  бастайды.  Iштегi  баланың  уа қты-

сында  қимылдауы,  ананың  «шошып»  қал-

мауы,  «құрсақ  көтерген»  ананың  дұрыс 

тамақ танып,  көңiлдi  өмiр  сүрiп,  iштегi  нә-

рес  тенiң  жан  дүниесiне  айналасы  мен  ана-

ның жағымды әсер етуi, ананың «жерi гiнiң» 

қануы т.б. рәсiмдер мен әрекеттер нәрестенiң 

«ай  күнiнде»,  толымды  болып,  тоғыз  ай, 

тоғыз күнде дүниеге келуiне әсерiн тигiзедi.

Бесiктегi  дене  тәрбиесi  туралы  – 

педагог-ақын  Мағжан  Жұмабаев,  «баланың 

денсаулығы  жақсы  болып  өсуi  үшiн,  бесiк 

тәр биесiнiң  мәнi  зор»  дейдi.  Нәрестенi 

уақты сында  тамақтандырып,  оның  бесiгiн 

ыңғайлы  дайындап,  таза  ауада  демалды­

рып, уақтысында шомылдырып, дер кезiнде 

«бойы  өс»  тәсiлiмен  майсылақ  жасау  т.б. 

дене  тәрбиесiне  жауапты  қарау  –  ананың 

айнымас  парызы.  Бұл  –  отбасындағы  дене 

тәрбиесi  ұлттық-гигиеналық  дәстүрге  бай­

ланысты екенiн дәлелдейтiн құбылыс.

Отбасындағы  баланың  ұйқысы  қанық, 

денесi сергек болуына ата-ана қамқорлық жа­

сайды, бала-бақшада, мектепте дене тәрбиесi 

жүйелi дәстүрлер бойынша, жоспарлы түрде, 

лайықты әрекеттер арқылы жүргiзiледi (I-IҮ 

сыныпта қимыл жаттықтыру, Ү-ҮII сынып­

та ойындар арқылы шынықтыру, ҮIII-ХI сы­

ныптарда спортпен шұғылдандыру).

Дене  тәрбиесiнiң  құдiреттi  күшi  (тари­

хи  күшi)  ертеден  Спартактың  қайратынан, 

қыпшақтан  шыққан.  Бейбарыстың  ақыл-

айласы мен батылдығынан, балуандылығы-

нан, қазақ балуаны Қажымұхан Мұңайтпас-

ұлының дүние жүзiне белгiлi балуандығынан 

көрiнедi.

Дене тәрбиесiнiң, негiзгi, қозғаушы күшi 

– ұлттық намыс. Өз қарсыласын «уа, аруақ 

қолда!»  деп  жайратып  жығатын  Қажы-

мұқанның, тайквандолық күреске шыққанда 

күрестiк  тәсiл  қолданған  сайын  «аруақ!» 

деп  ұлттық  намыс  шақырып,  жеңiске  жет­

кен. Мұстафа Өзтүрiктiң ұлттық киелi, ұран 

сөздерi – ұлттық намыстың кiлтi iспеттес.

Қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесiнiң 

бiр  негiзi  –  дене  тәрбиесi  түрлi  спорттық 

ойын дар  (көкпар,  күрес,  қыз  қуу,  ат  жа­

рыс,  аударыспақ,  найзаласу,  арқан  тартыс, 

ақсүйек,  тоғыз  құмалақ,  т.б.)  арқылы  iске 

асырылған. Оған жаңаша (ат ойнату, гимна­

стика,  бокс,  футбол,  волейбол,  теннис  т.б.) 

ұлттық-адами,  спорттық  ойындар  мен  дәс-

түрлер, үйiрмелер қосылды.

Дене  тәрбиесi  Қазақстанда  1925  жыл­

дан  қоғамдық  қозғалысқа  1929  жылдан  ар­

найы  сабақ  ретiнде,  1966  жылдан  бастап 

әрбiр  адамның  мiндеттi  түрде  шынығуына, 

1993  жылдан  Республиканың  ата  заңында 

көрсеткендей  мiндеттi  әлеуметтiк  қозға-

лысқа  айналды.  «Денi  саудың  жаны  сау», 

шынықсаң, шымыр боласың», «күш атасын 

танымас»,  «балуан  алып  та  жығады,  ша­

лып  та  жығады»  деп  ұрпағын  күштiлiкке 

баулыған халық, «iшiң ауырса, асыңды тый, 

көзiң ауырса, қолыңды тый», «асты қорлама, 

құстырады,  адамды  қорлама,  састырады» 

деп,  ол  тәрбиенiң  гигиеналық  (тазалық) 

дәстүрлерiмен  тiкелей  байланысты  екенiн 

уағыздайды.

Дене тәрбиесiнiң негiзi – жеке тұлғаның 

өз  қолында.  Мысалы,  әр  күнi  дағдылы 

жат тығулар  жасап,  гигенаны  қастерлеудi 

қалыптастырса, екiншiден, түрлi сауықтыру 

қимылдарын  мiндеттi  түрде  (парыз)  жасап, 

дене  қимылдарын  шынықтырса,  онда  ол 

денсаулығын, ой парасатын сақтай алады.

Дене  тәрбиесi  түрлi  жаттығулар  арқылы 

жеке  тұлғаның  бойындағы  қимыл  анализа­

торларын iске қосып, қимыл жүйесiн, сым­

батын,  симметриялық  салмағын  қалыптас-

тырады,  оның  ұстамдылығын,  төзiмдiлiгiн, 

еңбекке бейiмдiлiгiн арттырады.

Дене  тәрбиесi  мектептерде  сабақтар  ар-

қылы,  мектептен  тыс  спорттық  жарыстар 

арқылы, түрлi спорттық қозғалыстар арқылы 

жүргiзiледi.  Қазақстан  Республикасы  бой­

ынша  дене  тәрбиесi  мемлекеттiк  дәрежеде 

жүйелi түрде ұйымдастырылып келедi.

Педагогика  ғылымы  жеке  тұлғаның  ар-

ожданына, денесiне зиянын келтiретiн «қи-

сын сыз  жарыстар»  мен  «төбелесқорлық» 

тәсiл  дердiң  дене  тәрбиесiне  жат  екенiн 

уағыз  дайды.

Дене тәрбиесiне ұжым, қоғам, ұйымдар-

мен  қатар,  әрбiр  жеке  тұлға  аса  зор  жауап-

кершiлiкпен қарауға мiндеттi.

5. Еңбек тәрбиесi – жеке тұлғаны өмiрге 

бейiмдеу, еңбекке ықыласын арттыру, қоғам-

дағы  тiршiлiгiн  қалыптастыру  үшiн  жүр-

гiзiлетiн мақсатты, игi әрекет.

Еңбек тәрбиесi баланың бөбектiк кезiнен 

басталады. Халық «бес айда белгiлi отыра­

ды», «алты айда анық отырады» деп, бөбек-

тiң әуелi өзiнше отыруына (түзу отыруына) 

көңiл  бөлсе,  ата-ана  оған  жағдай  жасап, 

еңбектеп, «еңбек ете бастауын» қадағалайды. 

Ол  үшiн,  ата-ана  бөбектiң  денсаулығы  мен 

жансаулығына үздiксiз қамқорлық көрсетедi.

Отбасында баланың еңбектiк өз үлестерi 

болады  (үй  жинау,  ыдыс  жуу,  жанұя  таза-

лығын  сақтау,  киiм  өтектеу,  тамақ  дайын­

дау, бiр-бiрiне қамқорлық жасау т.б.) «Ағасы 

бардың  жағасы  бар,  iнiсi  бардың  тынысы 

бар» деген мақалдар содан шыққан.

Балабақшада еңбек тәрбиесi баланың жас 

ерекшелiктерiне  байлнысты  өзiне-өзi  қыз-

мет  ету,  әртүрлi  еңбек  ойындарын  ойнап, 

жаттығу барысында жан-жақты жүргiзiледi. 

«Үй  жиһаздау»,  «Құрылыс»,  «Көше  тәртi-

бi»  т.б.  ойындарда  ұлттық  дәстүрлер  мен 

рәсiмдер  пайдаланылады  (мысалы,  үй 

жиһаздауда «қыз бөлмесi», «ұлдың жарақ та-

ры», құрылыс ойынында «киiз үй», «қазiргi 

көп  қабатты  үй»,  көше  тәртiбi  ойынында 

«бағдаршам»  тақпағын  жатқа  айтып,  оның 

мазмұнын iс-қимылмен көрсету т.б.).

Мектептегi  еңбек  тәрбиесi  тәрбиелену-

шiнiң  өзiне-өзi  қызмет  етуiнен  бастап,  ше­

берханада, тәжiрибе алаңдарында, оқушылар 

ұжымдарында, өндiрiстiк орындарда оқу мен 

еңбектi байланыстыру тәсiлiмен жүргiзiледi.

Баланы  еңбекке  баулитын  еңбектiң 

түрлерi:

1.  Күнкөрiс  еңбек  –  жеке  тұлғаның  күн-

делiктi әрекетi;

2. Мiндеттi еңбек – ұжым мен қоғамның 

бiр мүшесi ретiнде жеке тұлғаның мiндеттi 

түрде орындайтын еңбегi;

3.  Қажеттi  еңбек  –  өмiр  қажетiлiгiнен 

туындаған, тiршiлiктi тiрек қылатын әрекет;

4. Өнiмдi еңбек – ақылы, ынталандыратын, 

кәсiпке  сәйкес,  жеке  тұлғаларға  лайықты 

еңбек.  Осының  бәрi  –  еңбек  тәрбиесiнiң 

тiрек-блоктары болып табылады.

Жеке  тұлғаның  еңбекке  қатысын  көрсе-

тетiн еңбек түрлерi:

1.  Құлдық  еңбек  –  ерiксiз,  шектеусiз, 

тәуел дi еңбек;

2. Жалдамалы еңбек – күнкөрiс еңбегi;

3.  Жеке  еңбек  –  әрбiр  жеке  тұлғаның  өз 

iс-әрекетi;

4. Ұжымдық еңбек – ұжым арқылы атқа-

рылатын  қызметтi  еңбек.  Еңбек  арқылы 

еңбекке бейiмдеу, еңбектi бағалау, еңбек ада-

мы ның iс-әрекетiн бағдарлау арқылы еңбек 

тәрбиесi  жан-жақты  жүргiзiледi.  («Еңбегiм 

өнсiң  десең,  ретiн  тап»,  «еңбексiз  өнбек 

жоқ», «еңбектi бағалау – әдептiлiк», т.б.).



99

98

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

Еңбек  тәрбиесi  арқылы  жеке  тұлғаның 

еңбекке  әзiрлiгi  қалыптасып,  ықыласы, 

қызығуы,  талабы,  талғамы,  кәсiпке  бейiм-

дiлiгi  артады.  Онда  еңбектi  бағалау,  еңбек 

адамын  құрметтеу  сезiмдерi  пайда  болады. 

«Еңбек ет те, мiндет ет», «еңбек ер атандыра­

ды», «еңбек етпегеннiң ернi жiбiмейдi» деп 

мақалдаған халық «Ғажайып бақ», «Ұшқыш 

кiлем»  сияқты  ертегiлерi  арқылы  ондағы 

еңбек  адамдарын  ұрпағына  үлгi-өнеге  етiп 

көсетедi,  жас  ұрпақты  еңбектi  сүйiп,  еңбек 

адамдарын құрметтеуге тәрбиелейдi.

Еңбек  тәрбиесiнiң  таптық,  тарихи  мәнi 

антогонистiк  таптардың  еңбектi  қанаудың 

құралы  еткендiгiн,  қаналушы  таптың  ең-

бек тi  күнкөрiс  үшiн  ерiксiз  еңбек  етсе  де, 

жас  ұрпақты  еңбекке  баули  бiлгендiгiн 

көрсетедi. Өркениеттi қоғамда еңбек тәрбие-

сi  кәсiпкерлiкке,  ғылыми  прогреске,  қоғам-

дық саяси ақуалға сәйкес жүргiзiледi. Демо-

кра тиялық  қоғамда  еңбек  тәрбиесi  еңбек 

арқылы елге пайда келтiрiп, қоғамға қызмет 

етудi уағыздайды.

Оқуды  еңбекпен  байланыстырып,  еңбек 

тәрбиесiн еркiн жүргiзу жөнiндегi Ж.Ж.Руссо 

мен  И.Г.Песталлоццийдiң  (ХҮIII  ғ.)  қағи-

далары – демократиялық елдерде өркениеттi 

өмiрде өз жалғасын тауып келедi. «Оқу мен 

еңбек, бәрiн де жеңбек» деп халық айтқандай, 

қазақ  мектептерiндегi  1932-1937  жылдары 

басталған еңбек сабақтары – 1950 жылдар­

дан бастап қайта жаңғырып, бағдарлы түрде 

әрбiр сыныпқа лайықталып жүргiзiлiп, еңбек 

тәрбиесiнiң  негiзi  (арқауы)  болып  келедi. 

Еңбек  тәулсiздiлiгi,  политехникалық  бiлiм 

iске  асыратын  санқырлы  еңбек  салалары  – 

еңбек  тәрбиесiнiң  қозғаушы  күшi  болды. 

Халық «еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның 

тiленбей»  (Абай)  деп  қана  қоймай,  «еңбек 

етсең,  халқыңа,  ол  жеткiзер  даңқыңа»  деп, 

халыққа  қызмет  ету  –  қастерлi  де  қадiрлi 

еңбек  екендiгiн  уағыздайды.  Халық  дарын­

дары  әдеби  көркем  шығармалары  арқылы 

еңбек  адамдарының  үлгi-өнегелерiн  жас 

ұрпаққа  көркем  баяндап,  оларды  еңбек 

сүйгiштiкке тәрбиелейдi. (Мысалы, О.Бұды-

қов тың «Ыбырай Жақаев» романы, «Жазыл­

бек Қуанышбаев» повесi т.б.).

Мектептерде  еңбекке  баулу  (I-IҮ  сы­

нып),  кәсiптiк  бағдар  беру  (Ү-ҮIII  сынып), 

кәсiпке  баулу  (IХ-ХI  сынып)  жұмыстары 

еңбек  сабақтары  мен  еңбек  практикала­

ры  (iс-әрекеттерi)  арқылы  iске  асырыла­

ды.  «Кәсiп  бар  да,  нәсiп  бар»  деп,  халық, 

әсiресе, әулеттiк кәсiп пен ата кәсiпке ерек­

ше мән бередi. «Атадан асыл туады, ата жо­

лын  қуады»  деп  халық  айтқандай,  қазiргi 

«техниканың тетiгiн қолға ұстаған жетiгiм» 

атты  ұрпақтың  еңбектi  сүюi  техникамен 

байланысты  заманда  еңбекке  тәрбиелеу  iсi 

өркениеттi өмiр сұраныстарына сәйкес жүр-

гiзiледi.

Еңбек тәрбиесiнiң нәтижелi болуы еңбек 

гигиенасына  және  политехникалық  бiлiмге 

де байланысты, ол игi әрекет жаңаша тетiк-

тi  әдiстемемен  iске  асырылады.  «Еңбек 

десең,  ғылым  бiл,  техниканың  тiлiн  бiл» 

деп,  халық  еңбек  тәрбиесiн  ғылыммен, 

бiлiм мен  байланыстырады.  Ой  еңбегi  мен 

дене еңбегiнiң сабақтас екендiгiн ұрпағына 

ұла ғатты  сөздермен  жеткiзген  халық  еңбек 

тәр биесiнiң  негiзi  –  бiлiмде  деп  көрсетедi. 

Сөйтiп,  ел  ұрпағына  политехникалық  бiлiм 

беру iсiн мақсат тұтады.

Мектептердегi еңбек тәрбиесi 1958 жыл­

дан  берi  оқуды  еңбекпен,  еңбектi  өмiрмен 

байланыстыруды  жүйелеп  қалыптастырған 

дәстүрлер  негiзiнде  ұйымдастырып  келедi. 

Еңбек тәрбиесi мектептерде тек еңбек сабақ-

тарында ғана емес, барлық сабақ тарда (мы­

салы, қолданылмалы химия, қолда ныл малы 

физика, тәжiрибелi биология  т.б.) және сы­

ныптан  тыс  өндiрiс  орындарында,  еңбек 

алаңдарында iске асырылады.

«Адамды  адам  еткен  –  еңбек»  болған-

дықтан, еңбек тәрбиесi – адамның адамгер-

шiлiк  қасиеттерiн  дамытып,  ақыл-ойын 

қалып тастырады. Ұрпағын мал өсiруге, егiн 

баптауға  баулыған  қазақ  халқы  қолөнерiн, 

түрлi кәсiптiк (балықшы, бүркiтшi, ұсталық, 

зергерлiк  т.б.)  өнерге  үйретiп,  өркениеттi 

заманда  өз  өрiсiн  тапқан  мамандықтарға 

үйренудi  уағыздап  «мал  өсiрсең,  қой  өсiр, 

өнiмi оның көлгөсiр», «ексең егiн, нан жей-

сiң тегiн», «ғалымның сөзi – ортақ, шебердiң 

қолы  –  ортақ»,  «өзен  жағаласаң  өлмейсiң» 

деген  сияқты  мақалдарды  халық  «жаңа 

өнердiң көбiн бiл, техниканың тегiн бiл» де­

ген жаңа мақалмен жалғастырады, тәрбиенi 

жаңғыртады (инновациялайды).




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет