Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 3.06 Mb.
Pdf просмотр
бет17/18
Дата15.03.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Әдеб.:  Байтұрсынұлы  А.  Бес  томдық  шы ғар  малар  жинағы.  –  Алматы,  2003.  1-т.  309-б.; 

Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. 29-б.; Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының 

тарихы.  –  Алматы:  Ана  тілі,  1991.  60-б.;  Б.Кенжебаев.  Жарамазан  және  жарамазанның  батасы  // 

Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1948. 44-б.; Виноградова Л.Г. Композиционный анализ поль­

ских  колядных  обрядовых  песен  //  Славянский  и  балканский  фольклор.  –  Москва:  Наука,  1971. 

С.124-157; Беляев В. Очерки по истории музыки народов СССР. – М.: Музыка, 1962. Вып.1.с.60; 

Короглы Х. Огузский геройческий эпос. – М.:Наука, 1976.С.98; Гуллыев Ш. Туркменская музыка. 

– Алматы: Фонд Сорос-Казахстан, 2003.с.88; Кадыров Р.К. Обрядовый фольклор таджиков южного 

Узбекистана. – Москва: Наука, 1964. С.2; Телеутский фольклор /Сост.,вступит. ст.,запись, пер., ком­

мент. Д.А.Функа. М.:Наука, 2004. С.18; Қазақ музыкасының антологиясы. Бес томдық. – Алматы, 

2005.Т.1. 52-69-б.; Әлмұханова Р. Жарамазан // Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезең. Т.1. 

– Алматы, 2008; Ғ.Райысұлы. Жарапазан жыры // Сөз өнерінің теориясы. – Алматы: Нұрпринт, 2010. 

87-б.; Иманғазинов М. Антика әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. 116-б.; Әлмұханова Р. 

Қазақ фольклорындағы анти калық сарындар. – Алматы: Арыс, 2009. 60-б.; Уәли Н. Бір тәуліктегі 

шақ атаулары және олардың этимологиясы. // «Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері» 

атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция.  –  Алматы:  Дайк-пресс,  2004.  145-б.;  http://

www.dinislam.kz/news/2008-09-19-258; 1990 жылы Тәжікстанда туған, ұлты қырғыз Рүстем Ражап­

тан, сонымен бірге 1990 жылы Тәжікстанда туған, ұлты қырғыз Сәмиев Али деген азаматтардан 

2010 жылы 30 тамызда Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бутаковка ауылында жазып алған мәлімет.

Резюме

В данной статье рассматривается типология национальной песни «Жарапазана».

Summary

This article focuses on the typology of the national song “Zharapazana”.

ТІЛ ТАҒДЫРЫ

Д.Д. Нурелова – 

Абай атындағы ҚазҰПУ колледж

оқытушысы

Г. ахметова –  

студент

Тарих көз ойшыл белес­белдерден бабалар үні жаңғырған.

Ұлт неден ұтылды, неге көндікті,

Рухсыз, тілсіз егемендікті

Тілеген кім бар тағдырдан?...

Мұхтар Шаханов

Қазақ  халқы  талай  зобалаңды  көрген 

халық, талай қиындыққа көнген халық. Тәу-

елсіздікке  жету  жолында  кезіккен  қаншама 

кедергілерді  жеңген  халық.  Егемендікке 

жету жолында Ахметтей асылын, Міржақып 

пен  Мағжандай  марқасқаларын,  Сәкен  мен 

Ілиястай құлагерлерін құрбандыққа шалған 

халық.  Қанша  азапты  күндерді  бастан 

өткерсе  де  «қазақ»  атын  тарих  сахнасында 

сақтап қалған халық. Айымыз оңынан туып, 

аңсаған егемендікке қол жеткіздік. Өз шека­

рамызды  белгілеп,  өз  туымызды  тіктік.  Өз 

тіліміз бен дінімізді қалыптастырдық. Қазақ 

тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

тілі  деп  таныдық.  Десекте,  қазіргі  қазақ 

тілінің  жағдайы  көңіл  қуантарлық  емес. 

Ұлт  болашағы  жастардың  қолында  дейміз, 

жастарымыздың ана тілі – орыс тілі болып 

тұр. Қазір тіпті, қазақтың ұл-қызы қазақша 

сөй лесе,  өлгеніміз  қайта  тірілгендей  қуа-

натын  болдық.  Қоғамдық  көліктерге  отыра 

қалсақ, тек орыс тілінің дәурені жүріп тұр. 

Неге,  ана  тілімізді  өзіміз  жетімсіретеміз? 

Қазақстанда  мемлекеттік  тілді  енгізу  және 

дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық 

шешілген жоқ. Бұл мәселе уақыт еншісінде 

деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай 

өзінің жиырма бесінші сөзінде «Орысша оқу 

керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - 

бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пай­

дасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын 

білмек  керек.  Оның  себебі  олар  дүниенің 

тілін  білді,  мұндай  болды.  Сен  оның  тілін 

білсең,  көкірек  көзің  ашылады.  Әрбіреудің 

тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік 

дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбай­

ды»,  –  деген  болатын.  Әрине,  мақсат  орыс 

тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен 

орыс тілін бір біріне қарсы қою да емес. Де­

генмен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 

шын  мәнінде  алуы  ғана  мемлекетті  мемле­

кет  ете  алатынын  неге  естен  шығарамыз? 

Бір  нәрсе  анық  Қазақ  халқының  тағдыры 


123

122


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ҰЛТ ТІЛІ

мен  талайы  ана  тіліне  көгендеулі.  Ұлттық 

қасиетіміз,  болмыс-бітіміміз,  бәрі-бәрі  ұлт 

тілі  мен  ұлттық  мәдениетке  тіреліп  тұр. 

Сондықтан  да  біз  үшін  Президентіміздің 

«Қазақ  пен  қазақ  қазақша  сөйлессін»  де­

ген  ұсынысы  бұлжымас  қағидаға  айналуы 

тиіс. Бір қарағанда, қазақ тілін мемлекеттік 

тіл  дәрежесіне  көтеру  үшін  атқарылып 

жатқан жұмыста кінәрат жоқ сияқты. Қазақ 

тілінің  ғылым  тіліне  айнала  бастауының 

алғашқы  нышандарын  аңғару  қиын  емес. 

Түрлі  ғылым  салалары  бойынша  сөздіктер 

дайындалып,  техникалық  және  басқа  да 

терминдердің  қазақша  баламалары  табыла 

бастады.  Енді,  міне,  қазақ  тілі  компьютер 

бағдарламасына  енгізіліп  отыр.  Әр  жердегі 

көптеген  мекемелер  құжаттарды  бірыңғай 

мемлекеттік  тілде  толтыруға  көшкен.  Ал 

оларға  «біз  қазақша  түсінбеуші  едік,  екі 

тілде неге толтырмайсыңдар» – деп жатқан 

тағы ешкім жоқ. Тәуба дейік, қазір еліміздің 

қоғамдық  өмірінің  қай  саласында  бол­

масын  алға  басушылық  анық  байқалады. 

Халықтың  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайы 

да  бұрынғыға  қарағанда  көш  ілгері.  Бұрын 

бізге  тұмсығын  көтере  қарайтындар  қазір 

қос  қолын  ұсынып,  иіліп  келетін  болды. 

Қалай екен деп бар сырын ішіне бүгіп кел­

гендер, енді өз ертегісіндей жыл санап емес, 

ай,  күн  санап  өсіп,  нығайып  келе  жатқан 

елімізді,  ертегі  шахарындай  көркіне  көз 

тойғысыз  бас  қаламыз  –  Астананы  көріп, 

таңғала  тамсанып  келіп  жатыр.  Ертегідегі 

батырлардай,  күн,  ай  санап  өскен  елдің 

ішкі  сырын  білгісі  келген  кейбіреулер  бас-

аяғы бірер жылда қазақ тілін үйреніп алып, 

өзімізді таң қалдыруда. Ал ел иесі, жер иесі 

– қазақтың белді-белді деп айтуға тұрарлық 

азаматтары  сол  баяғы  қалпында  жауырды 

жаба  тоқып,  қам-қарекетсіз  жүр.  Міне,  ана 

тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына да 

бірнеше  жыл  уақыт  өтіпті.  Осынау  уақыт 

ішінде тіліміз өз елінде өгей баланың күйін 

кешіп, талай теперішті бастан өткерді. Елім 

жерім деген азаматтардың патриоттық сезі-

мі нен  туған  бастамалары  аяқ  асты  етіліп, 

мате риалдық жағдайдан әріні ойлай алмай-

тын  рухсыз  жандардың  айы  оңынан  туып 

тұр. Республикамызда шамамен бір жарым, 

екі  миллиондай  қазақ,  ана  тілінде  сөйле-

мейді.  Сөйлеген  күнде  де  амандық-саулық 

сұрап,  «иә»,  «жоқ»  деп  бас  изеуден  әріге 

аса алмайды. Қазақ тілінің тағдыры қазақты 

алаң датпаса, өзгеге айтар өкпе жоқ. Қай за­

манда  да  қазақтың  жауы  қазақ  болды  емес 

пе? Өз ұлтының жанашыры Мұхтар Шаха­

новша айтсақ:

 

Тілінен жеру не сұмдық, жеріген құландай қағынан,

Құлатар қадам бұл қадам ұлтымызды рухи тағынан.

Қазақтар, рас, дарынды халық бұрынырақ туған бағынан.

Талантты ел екенін ұлтымыз тағы да дәлелдеп шықты 

Өз ана тілін менсінбей, тез ұмытып кету жағынан.

Орыс тілінде сөйлегенде кеудесіне шабыт қонатын,

Мемлекеттік тілге келгенде дыбыссыз балық болатын

Және сол мемлекеттік тілде заң қабылдай алмайтын,

Бұл осал тұсын аудармашылар арқылы ғана қорғайтын,

Аударылған әлгі заңды да бір депутаты тексермейтұғын,

Тексермек түгілі ескермейтұғын,

Ол, әрине, төріміздегі қос палаталы «дара» Парламент –

Қазақша әлі тілі шықпаған нәресте, бала Парламент.

Астана – ғасыр қуатын жиған жұлдызы шырқау жас қала

Бұл қала қашан атанар екен мемлекеттік тілге бас қала?

Мемлекеттік тілге бас қала болмаса, ол не үшін Астана?

Он қазақты тоқтатып, байқасаң өз ана тіліне шамасын,

Соның сегізінен сөзсіз орысша жауап аласың,

Астана – әлі шалақазақ қала, космополит қала, масқара!

Мемлекеттiк  тiлдiң  аяғынан  тiк  басып 

кетуiне  кедергi  болып  отырған  жайттың 

бiрi – аударма мәселесi. Көптеген ұжымдар 

мен  министрлiктер  құжаттарды  екi  тiлде 

дайындауға  көшуге  байланысты  өз  штат­

тарына  қосымша  мамандық  орнын  енгiзiп, 

аудармашылар  ұстайтын  болды.  өкiнiшке 

қарай,  мұның  бәрi  мемлекеттiк  тiлге  деген 

жанашырлықтан  емес,  мәжбүрлiктен  туған 

шаруа  едi.  Неге  десеңiз,  жоғары  жақта-

ғылар,  министрлiктегiлер  төменгi  буын 

мекемелерiнiң, бiр-бiрiнiң құжаттарын қазақ 

тiлiндегi  данасы  болмаса  қабылдамайды. 

Қа былдайтын құжаттың мемлекеттiк тiлдегi 

данасы  болса  болды,  оның  сапасын  қатаң 

қадағалап, тексерiп жатқан тағы ешкiм жоқ. 

Кейбiр  құжаттардың  аудармасын  оқығанда 

төбе шашың тiк тұрады. Жоғары органдарға 

келiп түскен құжаттар кейiн қайтарылса да, 

жаңылтпаш  түрiнде  қайта  оралып  жанды 

қинайтыны тағы бар.

Қазақтың  ұлы  ақыны  Абай  сөйлеген 

тілім,  жаужүрек  Махамбет  жырлаған  тілім, 

кешегі  өткен  ақиық  ақынымыз  Мұқағали 

сыр шерткен тілім, сенің бүгінгі тағдырыңа 

алаңдаймын.  Тоқсан  ауыз  сөздiң  тобықтай 

түйiнiне  келсек,  құзырлы  мекеме  болсын 

мемлекеттiк тiлдi айналып өтуге тырысады. 

ұзге  ұлттарды  былай  қойып,  қазақтардың 

өзiнiң ықыласы шамалы. Баспасөз мәлiмет-

терiне  сүйенсек,  мемлекеттiк  қызметкер-

лер дiң  75-80  пайызы  мемлекеттiк  тiлдi 

бiлмейдi. Мемлекеттiк орындарға қазақ тiлiн 

пайдаланудың қазiргi үлес салмағы 4,7 пай­

ызды ғана құрайды екен. Сонда не iстеуiмiз 

керек?  Менiңше,  ешкiмдi  де  қазақша 

үйретемiз деп әлекке түсудiң қажетi жоқ. Ол 

үшiн  депутаттарымыз  қаласын  қаламасын 

Амангелдi Айталының ұсынысын iске асы-

руға тура келедi. Бiз iстемесек келер ұрпақ 

осылай  iстейдi,  мемлекеттiк  тiлдi  қазiргi 

депутаттар  қолдамаса,  болашақ  депутаттар 

қолдайды. ұйткенi бұл – уақыт, заман, жаңа 

дәуiр  талабы.  «Шын  жыласа  соқыр  көзден 

жас шығады», дейдi халқымыз. өзiне қажеттi 

нәрсенi  кiм  де  болса  өздiгiнен  үйренедi. 

өткен Президент сайлауы кезiнде жақсы ба­

стама басталды да, аяқсыз қалып қойды. Сол 

игi iс жалғасын тапса деймiз. Яғни, Елбасы­

на сайланатын адамдардан бастап, әрбiр об­

лыс,  аудан  әкiмдерi,  тiптi  әрбiр  кәсiпорын 

басшылары  осы  жер-жерде  құрылған  лин-

гвистикалық  комиссияның  сүзгiсiнен  өт-

кi зiлсе,  әрi  бұл  ретте  арнайы  құрылған 

лингвистикалық комиссиялар солқылдақтық 

танытпай,  мемлекеттiк  тiлдiң  мүддесiн  ой­

лай жүрiп еңбек етсе, бiраз мәселе өздiгiнен 

шешiлер  едi.  Бұған  Мемлекеттiң  қызмет 

агент тiгi ұйытқы боса нұр үстiне нұр.

Ал қазақ тiлiн бiлмейтiн қандастарымызға 

кешiрiммен қараудың уақыты әлдеқашан өтiп 

кеттi.  Қазiр  көптеген  ұйымдарда,  министр-

лiктер  мен  ведомстваларда  қазақтардың 

саны  әлдеқайда  көбейдi.  Соған  қарамастан 

кейбiр  ұжымдар  өз  құрамында  бiрде-бiр 

басқа  ұлттың  өкiлдерi  болмаса  да,  беттерi 

бүлк  етпестен  лездемелерiн  орыс  тiлiнде 

өткiзiп жатады. Әр мекеменiң басшысы осы 

бiр  мәселе  төңiрегiнде  ойланса?!  Бұл  үшiн 

мекемелердiң  барлығы  мiндеттi  түрде  лез-

демелерiн  қазақ  тiлiнде  өткiзсiн  деген  ар­

найы заң, жарлықтың қажетi жоқ. Тек қана 

әр  басшы  мәселенiң  мәнiсiне  патриоттық 

сезiммен  қараса  болғаны.  Әсiресе,  «жаңа 

қазақ»  деп  әлдеқандай  қылып  жүрген  ком­

мерсант, бизнесмендерiмiздi қазақыландыру 

республика басшыларының назарында бол-

уы  шарт,  оларға  соған  орай  жағдай  туғы-

зу ға  мiндеттi.  Сөйтiп,  барлық  жерде  бiр-

дей  қазақтарды  қазақылыққа  көшiрмей 

қоймайтын  моральдық-психологиялық  аху­

ал жасауымыз керек. Дастарқан басында, үй 

iшiнде орысша сөйлеу ендiгi жерде ұмытыл-

сын, қазақы әдет-ғұрып күнделiктi қалыпқа 

батыл  енгiзiлсiн.  Сонда  ғана  қазақтар  жап­

пай  қазақыланып,  өзгелер  үшiн  де  қазақ 

тiлiне деген қажеттiлiк туады.

Қаны қазақ, жаны қазақ әрбір азамат ана 

тілін  білуге  міндетті.  Ал,  қазақстанды  ме-

кен  еткен  өзге  ұлт  өкілдері  мемлекеттік 

тілге құрметпен қарауға тиіс. Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  айтып  кеткендей,  «Ана  тілі  – 

қайнаған қанның, қиналған жанның, тол ғант-

қан  көңілдің,  лүпілдеген  жүректің  сығын-

дысы, онда дәм де, мән де болу керек». Ана 

тіліміздің дәмін де, мәнін де келтіріп, сақтап 

қалатын қазақ жастары. Сондықтанда, тілі-

міздің  тағдырына  немқұрайды  қара майық 


125

124


ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ағайын.  Ана  тіліміздің  тағдыры  ол  біз дің 

тағдырымыз. Ол ұлттың тағдыры. Қазақ де­

ген ел тарих сахынасында мәңгі тұру үшін 

ең  алдымен  ана  тіліміздің  беделі  жоғары 

бол уы  керек.  Қазақтай  қайсар  елдің  тілі 

мәңгі жасауға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Қазақ әдебиеті» газеті, 2005 ж.

2. «Ана тілі» газеті, 2009 ж.

3. «Мұқағали Мақатаев» журналы, 2010 ж.



Резюме

В статье поднимается проблемы повышения авторитета казахского языка. 

Summary

The article raises the problem of increasing the authority of the Kazakh language.

Білімсіздер тіліне берік болсын,

Білімдінің тіліне ерік болсын.

адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.

Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір­қасиеті – кісілік.

 Жүсіп Баласағұн

 * * *

Игі істің басы – тіл,

Тәрбие басы – тіл.

Махмуд Қашқари

БІЛІМ ЖүЙЕСІНДЕГІ ҰСТАЗДАРДЫң ЖОҒАРЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН 

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Ж. м. Құдайбергенова –

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, 

Семей қаласы №30 орта мектеп

Әлемдік  тәжірибеге  сүйенсек,  озық  ел-

дер өздерінің білім саласындағы жетістік-

ке  жетуін  ұстаздардан  әрбір  балаға  тең 

дәрежеде  көңіл  бөлуді  талап  ету,  педаго-

гикалық  кадр  құрамының  кәсіби  деңгейінің 

жоғары  сапасын  үнемі  бабында  ұстау 

және  мұғалімдік  қызметке  барынша  да-

рынды жандардың тартылуына көңіл бөлу 

міндеттерімен  байланыстырады  екен.  Се-

мей қаласындағы №30 орта мектептің бас-

шылары да осы міндеттерді берік ұстануда. 

Өйткені  білім  игеру  –  жай  міндет  емес. 

Шешімі жан-жақты, әрі жүйелі жұмыстың 

нәтижесіне  байланысты.  Осы  орайда  ал-

тын ұя мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі, 

бірнеше  мәрте  қалалық,облыстық  білім 

басқармасы  марапаттауларының  иегері 

Сәуле Рысбекқызы Қайрбаеваның басшылық 

етуімен  ұстаздар  еңбектерінің  нәтижелі 

болып жатқанын риясыз айтқан жөн.

«Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз  көтеріп 

отыр  ғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді 

тоқ  та ты сымен оның мұғалімдігі де жойыла-

ды», – дейді Ушинский. Сәуір айында Семей  

қаласының  №30  жалпы  орта  білім  беретін 

мектебінде  (мектеп  директоры  А.Д.  Мир -

саи това) оқу және  тәрбие ісінің мең  ге рушісі 

С.Р. Қайрбаеваның ұйым дасты руымен үлкен 

дәрежеде  «Білім  жүйе  сіндегі  ұстаздардың  

жоғары құзы рет  тілігі мен кәсіби  шеберлік-

терінің жеті луі» атты педогогикалық  кеңес 

болып өтті. Педогогикалық кеңес оқу және 

тәрбие  ісінің  меңгерушісі  Сәуле  Рысбек-

қызының  «Құзыреттілік»туралы  баяндама-

сымен  ашылды.  Қызығушылығын  ояту 

са  ты    сына  қарай,  ұстаздар  әдістемелік  бір-

лес  тік  бойынша  топқа  бөлініп  отырды. 

Педа    го гикалық  кеңес  екі  бөлімнен    тұрды, 

тео  риалық  және  практикалық  бөлімнен. 

Әр топқа «құзыреттілік» сөзіне  талдау жа­

сау,  ассоциация  құру  тапсырылды  (сөз  құ-

зы  реттілік  сөзінің  әр  әрпінен  бастал уы 

шарт). Мысалы: қазақ тілі мен әдебиет пәні 

бірлестігі  мұғалімдері  бұл  сөзге  мынадай 

анықтама берді. Қ-қабілеттілік, Ұ-ұйымдас-

тырушылық,  З-зияткерлік,  Ы-ықылас  пен 

ын та,  Р-руханият,  Е-ерік-жігер,  Т-талап 

пен  табандылық,  Т-төзімділік,  І-ізеттілік, 

Л-лайықтылық,  І-ізденгіштік,  К-кішіпейіл 

және кешірімді болу керек деп тап ты. Келесі 

кезек те  әр  топ  анкета  (сұрақ-жауап  )  тол-

тырды. 

1. «Мектептің ертеңгі күнінде үлкен нәти-



жеге,  табысқа  қол  жету  үшін  не  керек?»,  – 

деген сұраққа:

- ұйымшылдық

- шығармашылық

- сынып жүйесі

- Рух, жігер, ынта, – деген жауап алынды.

Мектеп директоры  А.Д. Мирсаитова бұл 

сауалға: Бүгінгі таңда мектеп тек білім беруші  

ұйым  емес,  балаларды  жан-жақты  білімді 

де,білікті етіп өмірге дайындайтын орталық. 

Шеше алмаған сұрақтарына жауап табатын, 

білім шыңдарына көтерілетін – мектеп. Сол 

үшін ұстаз бен оқушыға да арман мен мақсат 

(мотивация) керек екендігін баса айтты. Оқу 

– тәрбие ісінің меңгерушісі С. Р. Қайрбаева 

мұғалім  құзыреттілігінің  түрлеріне  тоқтал-

ды.  Ең  алдымен  мұғалімдердің  диагнос-

тикалық картасын жасағанын, соған байла­

нысты ұстаздарды бірнеше шығармашылық 

топқа  бөліп,  мұғалімдердің  кәсіби  өсу 

білік тілігін  көрсету  мақсатында  түрлі  іс-

шаралар,  треннингтер,  дамыту  семинарла­

ры өткізіліп отыратындығын айтты. Тәрбие 

ісінің меңгерушісі С.Н. Бекенова: « Мұғалім 

мақсаты бүгінгі заман талабы білімді, білік-

ті,  өздігінен  тығырықтан  шығар  жол  таба 

білетін  іскер  адам  тәрбиелеуді  қажет  етіп 

отырғандықтан,  мектеп  қабырғасында  жет-

кін шек тердің    жеке  тұлға  ретінде  қалып та-

суына жағдай жасау  қажет», – деп түйіндеді. 

Осыдан  соң,  үш  эксперт  сайланып,  әр  бір-

лестіктің  идеяларын  қағазға  түсіріп  отыр­

ды.  Әр  бірлестік  келешектегі  мектеп  жоба­


127

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

126


ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

сын  жасап,  оны  қорғады.  Жоба  «Болашақ 

мектебі» деп аталды.

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі 

(жетекшісі  Б.С.  Арғынбекова)  өз  жобала­

рын шаңырақ түрінде қорғады. Мына үйір-

мелердің жұмысы жанданатындығын айтып 

өтті: «оқырман клубы», «Бала  ақын», «Дра­

ма үйірмесі» т.б. 

2.  Ағылшын  тілі  бірлестігі  (жетекшісі 

Тенеряднова И.Е.) өз жобаларында жараты-

лыстану-математикалық  бағыттағы пәндер-

ді  үш  тілде  оқытса,  бәсекеге  қабілет  артар 

еді деді.

3. Жаратылыс тану бірлестігі (жетекшісі 

Журсымбаев  Е.К.)  болашақ  мектепті  бы­

лай  қорытындылады.  Ғылым  мен  өндірісті 

байланыстыратын  орта  мектеп  тәжірибе 

алаңына айналады деп сендірді.

4. Бастауыш сынып бірлестігі мұғалімдері 

былай  деп  қорытты:  (жетекшісі  Скворцова 

М.В.)  Мұғалім  бүкіл  өмір  бойы  оқу  және 

ізденісте болу керек.

5. Эстетика бағытындағы пәндер бірлес-

тігі мұғалімдері (жетекшісі  В.В. Гаук) «Бо-

ла шақтағы  мектеп»  туралы  өз  пікірлерін 

былай  жеткізді:  мәдениетті,  әсемдік  пен 

әде мілікке бейімдеу. Ата-аналармен, жұмыс-

тың  жаңа  нысандарымен  жұмыс  жасау. 

Ден саулықтарын  нығайту.  Ұстаздарды  сер-

гі ту  мақсатында  «Сапалылық»  ойыны  ой-

на тылды  (әр  топқа  кеспе  қағаздар  мен  се­

бет  таратылып  берілді).  Ойын  шарты  әр 

ұстаз  кеспе  қағазға  өзінің  бойындағы  үш 

түрлі  қасиеті  туралы  жазып, себетке  тас-

тау    керек.  Себеттегі    қағаздар    араласты­

рылып,  әр  ұстаз  себеттен  кеспе  қағазды  

алып оқып, бұл  қасиет  кімге  тән  екенін  

анық тайды. Педагогикалық кеңестің  екінші 

прак тикалық бөлімі «Ұстаздардың  оқушы-

ларға өз мүмкіндіктерін танып-білуге бағыт-

бағдар беру» деп аталды. Сәуле Рысбек   қызы: 

«Қазір шығармашылықпен жұ мыс  істейтін  

ұстаздардың  еңбегі  ғана  жақсы  оң  нәтиже 

береді»,– деп  атап  көрсетті. Қазақ тілі мен 

әдебиетінің  бірлестік    жетек шісі  Бар шагүл 

Сләмбекқызы  –  кәсіби  деңгейі  жоға ры, 

шығармашылық  әлеуеті    зор    тұлға.  Бар-

шагүл  Сләмбекқызы  өзінің  баян да ма сында 

«Құзыреттілік  тұрғысынан  білім  берудің 

бас ты ерекшелігі дайын білімді игерту емес, 

бұл  білімді  өз  беті мен  игеріп,оны практи­

када қолдана білуге  жағдай  туғызу»,– деді.

Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі 

меңгерушісі  Г.А.  Махмутова  «Құзыреттілік 

– дегеніміз түрлі өмірлік жағдайларда  тиісті  

шешім қабылдай білу. Білім, білік тәжіри бең-

ді  өз портфолияңа  жинап,  ары қарай кәсіптік 

дамуды    жоспарлау    керек    екенін    әсіресе  

жас  мамандарға  баса  айтты. Портфолияны  

қалай  дұрыс, әдемі  етіп, жинақтау  керектігі  

жөнінде  бастауыш  сынып  мұғалімі  Слам­

бекова  С.Т. өзінің  баяндамасында  өте  тама­

ша  көрсетті және  іс-тәжірибесімен  бөлісті. 

Педагогикалық  кеңестің  соңында «Бәрі  өз  

қолыңда» деп  аталатын  алақан  бейнелен­

ген  кері  әсер  парағы  таратылып  берілді.

Ұстаздар  әр  саусаққа  өздерінің  алған  әсер-

лерін  асыға  жазып  жатты.

 Бүгінгі педагогикалық кеңестің өту ба­



рысы туралы пікіріңіз?

 Сізге не ұнады, неге?



 Сізге не ұнамады,неге?

 Ұсыныс, пікірлеріңіз



  Бағалау    парағына  жазылған  ұсыныс 

пен пікірлер:

 Болашақта педагогикалық кеңестер осы 



тұрғыдан көбірек ұйымдастырылса екен;

 Бүгінгі педагогикалық кеңес өте көңілді 



өтті.  Алдағы  уақыттарда  осындай  формада 

өтілсе.


  Келешекте  топқа  бөлініп  отырып  бар 

ойы мызды ортаға салсақ;

  Басқа  да  жиналыстар  осындай  түрде 



өтсе;

 Педагогикалық кеңестің өту барысы өте 



қызықты, жоғары деңгейде өтті;

  Педагогикалық  кеңес  іскерлік  ойын 



сияқты өтті.

Не ұнады?

 Ұйымдастырылуы және өткізу әдісі;



 Жақсы педагогикалық идеялар ұнады;

 Жобаны қорғау әрекеттері көңілді өтті,



 Әр бірлестік өз ойларын көрсете білді;

 Сапалы көп ақпарат, мүмкіндіктер;



 Әр бірлестіктің ұсыныс пікірлері;

 Білім шыңына жету пирамидасы;



 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Жаратылыс-

тану»,  «Эстетика»  бірлестіктерінің  идеяла­

ры ұнады;

  Алға  ұмтылушылық,  жаңашылдық,  із-



де  нім паздық Мұғалімдердің ынтымағы, бір-

лігі ұнады.



Қазақ тілі және әдебиет 

әдістемесі бірлестігінің 

мұғалімдері.

Жетекшісі: Арғынбекова 

Баршагүл Слямбекқызы

Сауле Қайырбаева Рысбекқызы 

оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі

Резюме

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  профессионального  мастерства  и  ком-

петентности учителей средних школ.

Summary 

In given article are considered questions of professional skill and competence of teachers of 

high schools.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет