Бас редактор с. Ж. Пірәлиев



жүктеу 3.06 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата15.03.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  О

сы 


реттегі:  «Ендігі  жерде  ұлттық  әдебиеттің 

өзіндік  көркем  тәжірибесін  жинақтайтын 

теориялық еңбектер жазылуы керек. Әдебиет 

дамуының  ұлттық,  басқаға  ұқсамайтын 

сыйпаттарын ашу, оны теориялық жағынан 

дәлелдеу  –  біздің  көркемдік  ойымызды 

жалпыадамзаттық  ортақ  мұраға  апаратын 

бірден-бір жол», – деген ойы әлемдік өрке-

ниетке  ұмтылудағы  батыл  қадамы  болды. 

Осы  әлемдік  өркениетке  ұмтылудағы  ұлы 

жолда  ғалым  ағамыздан  әдебиет  ғылымын 

жаңа  қырынан  тану  мен  соны  ізденістерін 

күтеміз. Себебі, әдебиеттегi «жанпида жанр» 

(Ә.Кекiлбаев)  –  сыншылықты  таңдаған, 

«сөзi  мен  iсi  ылғи  бiр  жерден  шығатын» 

(З.Қабдолов), «қазақ педагогтарының педаго­

гы» (Ш.Елеукенов) атанған Серік Смаилұлы 

– әдебиетке ерте келіп, ерте көрінген қазақ 

әдебиетінің тірі тарихы, қазынасы (Ғ.Есім). 

Сондықтан  да,  ғалымның  айтқанынан  айт-

пағаны,  жазғанынан  жазбағаны  көп  десек, 

осы  асыл  қазынамызды  тәуелсіз  еліміздің 

төл әдебиетінің ары қарай қарыштап дамып

әлемдік  өркениетке  ұмтылудағы  өресі  кең 

қадамына  пайдаланып  қалуға  асығуымыз 

қажет. Біз өткенді еске түсіріп, өткенге сала­

уат айту үшін тарихтың сарғайған беттеріне 

үңіліп, деректі фильмдер мен көркем сюжетті 

киноларды  көріп  жатамыз.  Ал  бұл  кісілер 

болса – осындай өмірі – жастарға өнеге сол 

оқиғалардың тірі куәсі емес пе?! Сондықтан 

да,  біз  үшін,  тарих  үшін  еліміздің  басы­

нан өткен талай заманды көрген, қайсы бір 

шиеленіскен оқиғаларға куә болған осындай 

қазыналы қарттарымыздан асқан бақыт жоқ! 

Ал келелі де, кең, жүйелі ғылыми мұралары 

– тұнып тұрған кенді байлығымыз! 

Резюме

Статья посвящена уважаемому академику Серику Кирабаеву, который неустанно тру-

дится во имя светлого будущего своего народа.

Summary

The article is devoted to the distinguished academician Serik Kirabaevu who worked tirelessly 

in the name of a bright future of his people.

КӨШБАСШЫ БІЛІМ ОРДАСЫ

Ж.а. Сейсенбаева – 

 ф.ғ.к.,

Жаңартпа технология және білім беру 

мазмұнын ҒЗИ-дың бөлім басшысы 

а.Н. Якупова – 

Жаңартпа технология және білім беру 

мазмұнын ҒЗИ-дың директор орынбасары

Қ. Жұмаханұлы – 

Жаңартпа технология және білім беру 

мазмұнын ҒЗИ-дың ғылыми 

жұмыстар жөніндегі инспекторы 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын артқа тас­

тап,  болашақ  дамудың  бағытын  айқын­

дар тұста, білім мен ғылым саласы мем-

лекет  басшысының  айрықша  назарына 

ілікті. Өзінің Қазақстан халқына арнаған 

дәстүрлі  жолдауында  әр  деңгейдегі  білім 

мекемелеріне  маңызды  міндет  жүктеді, 

маман  біліктілігіне  қатаң  талап  қойды. 

Ал,  білім  мекемелерінің  ішінде  маман 

даяр лауда  ЖОО­лардың  үлесі  басым, 

бүгінідей дамыған 50 елдің қатарына кіру 

деген маңызды міндеттің үддесінен шы ғу 

үшін,  азаматтардың  біліктілігін  артты­

ру  бәріненде  маңызды.  Осы  маңызды 

тап сырманы  орындау  үшін  республика 

көлемінде  барлық  білім  ордалары  ат са­

лысуда,  олардың  ішіндегі  қазақ  топы­

рағынан ашылған тұңғыш ЖОО туралы 

сөзді осы мақалада арыдан толғап, бола­

шақ бағытын сөз етпекпіз. 

Тағылым алар тарих

Қазіргі  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  алғаш 

Қазақ  мемлекеттік  университеті  деген  ат­

пен  1928  жылы  1  қазанда  қазақ  баласына 



19

18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

есігін  ашты.  Білім  ордасында  физика-мате­

матика,  жаратылыстану  және  лин г вистика-

педагогикалық  бөлімдерден  құ рал ған  жал-

ғыз  ғана  факультет  болды.  Алғаш қы  жос-

парда    мұнда  педагогикалық,  ауылшаруа-

шылық және медициналық деп үш факуль тет 

құру жобаланды, бірақ халыққа білім беруді 

қарқынды  түрде  өркендету  мақсаты мен 

жаңадан  ашылған  жоғары  оқу  орнын  дер­

бес педагогикалық институт ретін де қалып-

тастырып, дамыту қажет бол ған дықтан 1930 

ж.  университет  Қазақ  мем лекеттік  педа го-

гикалық  институты  деп  аталды  да,  1935  ж. 

оған ұлы ақын Абайдың аты берілді. 

Сол жылдары институтта қазақ халқының 

көрнекті ғалымдары Ораз Жандосов, Сәкен 

Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұр-

сынов, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, 

Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді. 

Соғыс басталғанға дейінгі уақыт универ-

ситеттің  қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  ма-

ңыз ды  кезең  болды.  Сол  кезде  білім  ал ған 

мұғалімдердің саны өсті, кадрларды дай ын-

дау  сапасы  жақсартылды,  студент  жастар -

ды тәрбиелеу мен оқыту дәстүрі қалыптас-

тырылды. Институт Қазақстандағы ғылыми 

ой орталығының біріне айналды. Бұл жерде 

Қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі 

және әдебиеттің мәселелері қарастырылды, 

жаратылыстану  ғылымдары  саласында  ал-

ғаш қы  зерттеу  жұмыстары  басталды.  Ал, 

соғыс жүріп жатқан уақытта жалпы ел қиын 

жағдайда күн кешті, сол қиындықтарға қара-

мастан  көптеген  шаруалар  тындырылды. 

Білім мекемелеріндегі оқу пәндері бойынша 

ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі 

өсті.  Оған  соғысқа  байланысты  Алматыға 

көшірілген  СССР  әр  түрлі  қалаларынан 

ша қыртылған  ғалымдардың  үлесі  болды. 

Соғыс  жылдары  еңбектегі  ерліктері  үшін 

институттың онға жуық оқытушылары, қыз-

меткерлері,  студенттері  Отанның  жоғары 

жүлдесі Совет Одағының Батыры атағына ие 

болды, олардың қатарында Мәлік Ғабдуллин, 

Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Рахымжан 

Тоқтаев,  Ахмедияр  Хұсайнов,  Саду  Шаки­

рим сынды қазақтың біртуар ұлдары болды.

Содан  бергі  уақытта  бұл  ЖОО  дамудың 

неше сатысынан өтіп, кемелденіп, кадрлық, 

материалдық,  қажетті  оқулықтар,  т.б.  са-

ла ларда  айтулы  жетістіктерге  жетті.  Тәуел-

сіздіктен  кейін  ұлттық  университет  деген 

мәртебе  беріліп,  еліміздегі  көшбасшы  оқу 

орынына айналды.

Бүгінгі бағыт

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педаго ги-

калық  университетінде  бүгінде  12  факуль­

тет, 64 кафедра жұмыс істейді. Қазіргі ректор 

С.Ж.Пірәлиевтың  келуімен  университеттің 

білім  жүйесіне  көптеген  өзгерістер  еніп 

жаңадан институттар, ғы лы ми-зерттеу орта-

лықтары, зертханалар ашылды. 

Қазір  университет  құрамына  Білім  сапа-

сын  талдау  және  Біліктілікті  жетілдіру  ин­

ституты,  Білімді  ақпараттандыру  институ­

ты,  Әдебиеттану  және  тіл  білімі  ҒЗИ,  PhD 

докторантура  және  магистратура  институ­

ты, Психология ғылыми-зерттеу институты, 

Құқық және экономика институты, Жаңартпа 

технологиялар  және  білім  мазмұны  ҒЗИ 

қатарлы  7  институт,  «Абайтану»  ғылыми-

зерттеу  орталығы,  «Жамбыл  және  халық 

ақындары» ғылыми-зерттеу орталығы кіреді.

Университеттің алғашқы ғимараты

Университетте  күндізгі,  кешкі,  сырттай 

және  қашықтан  оқыту  формалары  бойын­

ша 25 мыңнан астам студенттер білім алуда. 

Сонымен қатар, жоғары оқу орнына дейінгі 

дайындық  факультеті  бар,  оған  1,5  мың 

тыңдаушы қатысады. 

2011-2012  оқу  жылында  жұмыс  істейтін 

жалпы қызметкерлер саны – 2164 адам. Оның 

ішінде  профессорлық-оқытушылық  құра-

мы  –1115,  272  әкімшілік-басқарма  құрамы 

қызметкерлері,  263  оқу-көмекші  құрамы, 

514 кіші-көмекші құрамы болып табылады.

Университетте 9 ҚР ұлттық ғылым акаде-

миясының  мүшесі  және  31  басқа  академия 

мүшелері қызмет істейді. Ғылыми атағы мен 

ғылыми дәрежесі бар ПОҚ-тың саны – 603 

болса,  оның  ішінде:  172  ғылым  докторы, 

профессорлар,  431  ғылым  кандидаты,  до­

цент,  147  магистр,  2  PhD  докторы  қызмет 

атқарады.

Магистратура  және  докторантура  PhD 

институты  бойынша  жаңадан  2  кафедра 

«Құқықтану және экономика», «Филоло гия-

лық мамандықтар» және 5 зертхана ашылды 

(биомониторинг, физика және нанотехноло­

гиялар, химия, информатика, математикалық 

модельдерді талдау және идентификациялау 

зертханалары).

Жайлы жатақхана

Университет жанында бес студенттер жа-

тақ ханасы  бар.  Жатақханалардағы  не гіз гі 

тәрбие  жұмысын  студенттер  кеңесі  жүр гі-

зеді.  Студенттік  кеңес  кәсіподақ  мүшеле-

рінен тұрады. Кеңес жұмыс жоспары кәсіп­

одақ  ұйымы  мен  бірлесе  отырып  жасала­

ды.  Жатақханаға  орналасу  кезінде  айына 

студенттер  шәкіртақысының  он  пайызын 

төлейді. Жетім балалар тегін тұрғызылады. 

Жатақханаларда жыл сайын күрделі жөндеу 

жүргізіледі.

Университеттің  ең  елеулі  мерекелері: 

«Білім күні», «Студенттік қатарға қосылу», 

«Жаңа  жыл»,  «Наурыз»,  білім,  өнер,  әде-

биет  қайраткерлерімен,  Ұлы  Отан  соғысы 

ардагерлерімен  кездесу,  студенттер  еңбек-

терінің  көрмесін  ұйымдастыру,  салауатты 

өмір салтын нақыштауда спорттық сайыстар 

өткізу,  мұражайлар  мен  театрларға  саяхат 

ұйымдастыру,  ойын  сауық  кештерін  өткізу 

дәстүрге  айналды.  Эстетикалық  тәрбие  бе­

руде «Кел қыздар сырласайық», «Студенттік 

көктем» кештерінің орны ерекше.



Кітап пен оқырманға толы кітапхана

Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 

жылы  ашылды.  Кітапхана  құрылған  кезде 

оның қорында 40 000-ға жуық кітап болды. 

Кітапхана  қазіргі  таңда  Республика  бойын­

ша  жоғары  оқу  орындарының  ірі  ғылыми 

кітапханаларының  біріне  айналды.  Дәл  қа-

зіргі таңда кітапхана – 1-ші категорияға ие. 

Кітапхана қорында 2520722 дана кітап бар, 

ал  оған  тағы  басқа  басылымдарды  қоссақ, 

әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры – әр түрлі 

ғылым  салаларының  әдебиеттеріне  бай. 

Кітапхана қорында ХYIII – XX ғасырларда 

түрлі  білім  саласы  бойынша  жарық  көрген 

сирек кітаптар да кездеседі. 


21

20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

Алматы  және  Алматы  облысының  жо-

ғар ғы  және  орта  оқу  орындарының  кітап-

ханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық университетінің кітапханасы 

1997  жылғы  31  қаңтардың  ҚР  білім  және 

ғылым  Министрінің  №33  бұйрығы  бойын­

ша  оқу-әдістемелік  орталығы  болып  сана­

лады.  Кітапхана  –  Қазақстан  Республика­

сы  жоғары  оқу  орындарының  Ассоциация 

мүшесі болып саналады. 

Бағына бұйырған басшылар

Абай  атындағы  ҚазҰПУ­дың  тарихы-

на қарасақ университет тізгінін қазақтың 

төмендегідей  марғасқалары  ұстапты. 

Асфен дияров  Санжар  Жаппарұлы  1928-

1931  жж.,    Алманов  Баймен  1931-1934 

жж.,  Сакаев  Ш.  1934-1935  жж.,  Бекжа-

нов  Шаихислам  1935-1937  жж.,  Толыбе-

ков Серғали Есбембетұлы 1937-1941 жж., 

1946-1950  жж.,  1963-1974  жж.,  Аділгереев 



Халел  Мухаметжанұлы  1941-1942  жж.

Ысқақов Ахмәди 1942-1946 жж., Закарин 

Асқар  1950-1953  жж.,  Ғабдулин  Мәлік 

1953-1963 жж., Жұмабеков Жүнісбек 1974-

1980  жж.,  Қасымов  Құлжабай  1980-1987 

жж., Садықов Тоқмұқамет 1987-2008 жж. 

Бұлардың әрқайсысының бұл жерде өзіндік 

таңбасы  қалды,  бүгінгі  биікке  көтерілуіне 

үлес қосты, еңбек етті. Сол кездің талабына 

сай  оқу  ордасының  келбетін  жасады.  Уни-

верситеттің осындай бағына бұйыр ған бас-

шылардың  мәртебелі  жолын  жалғас ты рып 

келе жатқан бүгінгі ректоры – п.ғ.д. профес­

сор Серік Жайлауұлы Пірәлиев.



Бүгінгі келбет

Біздің ғасырдың тірегі, тынысы – ақпарат-

тық  технология.  Ақпараттық  технологияны 

игеріп, кәдеге жаратпай, білім мен ғылымның 

көсегесін  көгерту  бос  әурешілік.  Бүгінде 

білім  ордасын  ақ параттық  техникалармен 

жабдықтау, заманауи ақпараттық зерт ханалар 

мен  дәрісханалар  ашу,  оларды  білікті  ма­

мандармен  қамтамасыз  ету,  университеттің 

материалдық  базасын  нығайту  жолында 

біраз  жұмыстар  атқарылды.  Кеңес  кезінде 

ор  на  тылып,  ескіріп  біткен  зертханалық  құ-

рал-жабдықтарды ғылым-техниканың соңғы 

үлгісімен жасалған лабораториялық жабдық-

тармен ауыстырылды. Компьютерлік сынып­

тар да жаңа техникалармен толықтырылып, 

негізгі дәрісханаларға инте рактивті тақталар 

орнатылды, 500-ден астам компьютерлік тех­

ника  сатып  алынды.  Оқу  ғимараттарының 

бар лығында  университет  қызыметкерлері 

мен  студенттеріне  арналған  асханалар  аш-

ыл  ды.  Жалпы  оқу  алаңы  90  мың  шаршы 

метр  болатын  жаңа  оқу  ғимараты  алынып, 

білім герлерді  ары-бері  сабылатын  әуреден 

арылтты.

Бүгінгі  күні  әлемнің  алдыңғы  қатарлы 

елдері «Болон конвенциясы» талабы бойын­

ша «кредиттік оқу жүйесіне» көшуде. Абай 

атындағы ҚазҰПУ-да оқу үдерісін тұтастай 

осы  жүйеге  көшірді.  «Кре диттік  жүйенің» 

талаптарына  сәйкес  келетін  оқулықтар  мен 

оқу-әдіс темелік  құралдар  дайындап,  баспа-

дан  шығарды,  елі  мізде  жасалып  жатқан 

бі лім  стандарттарына  тура  келетін  элект-



Кітапхана

рондық кітапхана, барлық пән дердің типтік 

бағдарламаларын  қайта  жаңартып,  негізгі 

ма мандықтар бойынша халықаралық аккре­

дитациядан өту жұмыстары жүргізілді. 

Университетке  2008-2009  оқу  жылынан 

бері «Тәрбие жетекшілігі жүйесі» енгізілді. 

Аталған жүйенің басты ерекшелігі: жоғары 

оқу орнында қызмет ететін профессор-оқы-

тушылар  құрамы  мен  қызметкерлерді  тү-

гелдей жастар тәрбиесі ісіне тарту, қоғамдық 

маңызды шаруаны бірігіп атқару болып табы­

лады. Талап бойынша университет ректоры­

нан бастап әр қызыметкер тәлімгерлерге тек 

мамандықтан  емес,  жан-жақты  тағылымды 

тәрбие көрсетеді. 

Қазір  еліміздегі  көптеген  ЖОО-да  білім 

алып жатқан жастар – ауыл балалары. Қалаға 

келіп алғашта қолайсыз жағдайларға душар 

болып,  басы  қатып  жүрген  жастардың  та­

лайына  ел-жұрт  куә.  Осыны  ескерген  рек­

тор  жаңадан  келген  жастарға  қалаға  қалай 

икемделіудің  жолын  «Әдептану»  сабағын 

енгізіп,  оны  тәжірибелі  ұстаздар  арқылы 

үйретті.  Бұл  пән  уақыт  өте  келе  ұлттың 

жоғын  түгендейтін  «Ұлттық  тәрбие»  деп 

аталатын қыруар жұмыстың бастамасы бол­

ды. 2009 жылы «Ұлттық тәрбие» кафедрасы 

ашылды,  2009-2010  оқу  жылынан  бастап 

барлық  мамандықтарға  элективті  пәндер 

қатарына  «Ұлттық  тәрбие»  пәні  енгізілді. 

«Ұлттық  тәрбие»  пәні  үш  модульден  тұра-

ды:  1-модуль  –  «Әдеп  негіздері»,  2-модуль 

–  «Ұлттық  тәрбие  негіздері»,  3-модуль­

мен  «Абайтану»  курстары  енгізілді.  2010 

жылы  «Ұлттық  тәрбие»  пәнінің  типтік  оқу 

бағдарламасы  даярланды.  ҚР  жоғары  оқу 

орын дары  студенттеріне  арналған  «Ұлттық 

тәрбие»  пәнінің  тұжырымдамасы  жасалын­

ды.  «Ұлттық  тәрбие»  дискуссиялық  клу­

бы  ашылып,  оқу  орынындағы  жастардың 

ойын  ортаға  салатын  пікір  алаңына  айнал­

ды. Университет базасында «Ұлттық тәрбие 

жөнін дегі республикалық үйлестіру кеңесі» 

құрыл ды.

«Ұлттық  тәрбие»  бағытындағы  жұмыс-

тарға университеттегі Жаңартпа техноло гия 

және білім беру мазмұнын ғылыми зерт теу 

институты  айрықша  атсалысып  келе ді.  Ин­

ститут Оқу процесіне инновация лар енгізіп, 

білім  беру  траекториясы  мен  маз мұнынын 

жетілдіру  және  білім  алу шы ларға  ұлт­

тық  тәрбие  беру  бағытын  тео рия лық  және 

тәжірибелік тұрғыдан зерттеу, оқу процесіне 

«Ұлттық  тәрбие»  пәнін  ендіру  мақсатында 

жүйелі  жұмыс  жасап  келеді.  Институт­

тан  2010  жылдың  наурыз  айынан  бастап 

Республикалық ғылыми-көп шілік бағыттағы 

«Ұлттық  тәрбие»  журналы  оқырманға  жол 

тартты.  Журнал  қазақ  халқының  ұлттық 

құндылықтарын бүгінгі дәстүрге сай замана­

уи тұрғыда даму сипатын халыққа таныстыра 

отырып, жастардың бойына ұлттық болмы­

сты сіңіру мақсатында жұмыс жасап келеді. 

Басылымда  «Ұлттық  тағылым»,  «Ұлттық 

намыс»,  «Салт-дәстүр»,  «Ұлттық  тұлға», 

«Ұлттық бизнес», «Отбасы тәрбиесі», «Ұлт­

тық  ойын»  сияқты  тұрақты  айдарлармен 

көптеген  мағлұматтар  беріп  келеді.  «Ұлт­

тық тәрбие» деген сериямен университеттен 

шыққан 7 оқу құралының «Ұлттық тәрбие» 

(Салт-дәстүр,  әдет-ғұрып  негізінде),  «Ұлт­

тық тәрбие» (таңдамалы лекциялар курсы), 

«Ұлттық тәрбие» (Ұлттық тәрбиенің этика-

эстетикалық  негіздері),  «Ұлттық  тәрбиенің 

ғылыми  негізі»  атты  4  кітабын,  Салт-

дәстүрдің ұйымдастырылу жолдары мен орын­

далу  тәртібі  деген  оқу-әдістемелік  құралын, 

«Ұлттық  тәрбие»  пәнінің  1-11  сыныптарға 

арналған оқу бағдарламасының, 12-жылдық 

мектепке арналған кіріктірілген «Қоғамтану 

негіздері» пәнінің оқу бағдарламасының жо­

балары жасалынды. 

Оқу орны қазақтың Абай сынды даныш­

пан ұлының атымен аталғандықтан студент-

терге ұлы тұлғаның «кемел адам» деп көр-

сет кен  тұжырымын  түсіндіруге,  соған  сай 

адам  болып  шығуының  алғышартын  жа­

сап,  «Абайтану»  пәнін  енгізіп,  ғұламаның 

атымен  фестивальдар  ұйымдастырылуда. 

Соны мен  қатар,  2008  жылы  «Абайтану» 

ғылыми-зерттеу  орталығын  өзі  бас  болып 

ашты.  Қазақ  ұлтының  бар  әлемге  жар  са­

лып  мақтанар  бір  ұлы  болса,  ол  –  Абай. 

Абайды тану арқылы біздің буын тамыры на 

қайта  оралады,  өзегінен  жерімейді.  Абай-

ды  тану  арқылы  рухы  кемелденіп,  тір ші лі-

гінің тынысы ашады. Бүгін әлемге немістер 

Гетесімен,  қытайлар  КанФуСиімен  таны­


23

22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

лып  отыр,  Абай  турасындағы  бұл  ша  руа  -

лар алаш баласына Абайды таныту арқылы, 

әлемге  Абайды  таныту  деген  ұлы  мұрат-

тың  бастамасы.  Әлбетте,  осыған  дейін 

Абайды  танымай  жатқанымыз  жоқ,  әйгілі 

Омар ханның  ұлынан  бастап  Абайды  руха-

нияттың бойтұмары санайтын қолына қалам 

ұстағандар біраз жерге апарды, бірақ, әркім -

нің өз міндеті бар, біздің Абайды өз әлі мізше 

танып,  өткенін  жүйеліп,  бүгінмен  толық-

тырып, болашаққа аманаттау тарихи парыз. 

Бұл  тұрғыдан  «Абайтану»  ғылыми-зерттеу 

орталығы  ұлт  болып  ұйысып  істейтін 

шаруа ның  бір  парасы.  Абайды  зерттеумен 

жүйелі айналысып келе жатқан бұл орталық 

құрыл ғаннан бергі уақытта талай жұмыстың 

басын  қайырды.  Жапонияда  Абай  туынды­

ларын  техниканың  тілімен  «сөйлететін» 

элект ронды оқулық шығарды, шығармалары 

бойынша арнайы сызба-кесте әзірленді, бас 

ақынның мұражай-кабинетін ашты, шығар-

машылығына  байланысты  оқулықтар,  оқу-

әдістемелік құралдарын шығарды. 

«Ел ерлігі – бірлігі» деп жырлаған «ХХІ 

ғасырдың  Гомерін»  танытуда  оқу  ордасы 

біраз  жұмыстар  атқарып  жатыр.  «Жамбыл­

тану және халық ақын  дары» ғылыми-зерттеу 

ор талығы  қазақ  ғылым  ордасының  ішінен 

тігіл ген  бір  отау.  Екі  ғасыр  адамдарының 

таңдайын  сөзбен  қақтырған,    жыр  алыбы 

Жам  был  дың  шығарм а шы лығын  ғылыми 

зерт  теу және халқы мыздың сөз өнеріне соны 

соқпақ  салып,  рухани  кеңістігін  кеңіткен, 

әдебиет  әлеміне  айрықша  із  қалдырған  ха-

лық  ақында рының  шығармаларын  тану,  

наси хаттау және жүйелеп болашаққа аманат-

тау – басты мақсат. 

Елбасы «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлт­

тық жобасы идеясына «оның басты мақсаты - 

жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, 

сондай-ақ  Қазақстанды  бәсекеге  қабілетті 

адамдық капиталы бар мемлекетке айналды­

ру»  деп,  нақтылаған  болатын.  Болашақ  ин­

теллектуалды  ұлтты  қалыптастыруда  әлем-

дік дәрежедегі ғылым мен білім саласындағы 

жетістіктерді қамти отырып, ұлттық әлеует-

ті  дамыту  бағдарын  негізге  алынады.  Осы 

тұрғыда рес публикамызда ұлттық ин теллек-

тің  негізін  қа  лауға  бағытталған  ғылым  мен 

білім жетістіктерін дамыту тұрғысына назар 

аударылғаны  жөн.  Өйткені,  елімізге  халық -

аралық  деңгейде  бәсекеге  қабілетті  бі лім ді 

адамдар  қай  кезде  де  өте  қажет.  Интел лек-

туалдық  ұлт  қалыптастыру  жөнінде  айт-

қан да,  біз  ең  алдымен  қоғамның  рухани-

адамгершілік  мәселесіне  тереңірек  көңіл 

бөлуіміз  керек.  Осы  тұрғыда  университет 

қабырғасында  жасалынып  жатқан  ұлттық 

тәрбиелік  жұмыс  бағдары  қоғам  болаша-

ғына  жасалынып  жатқан  игі  шараның 

бағыты  іспеттес.  Университетте  интеллек-

туалды  тұлға  қалыптастыру  жобасына  бай­

ланысты  ғылыми  зерттеу  жұмыстар  жа­

салуда.  Қоғам  мүддесіне  сай  интеллекту­

алды  ұрпақ  тәрбиелеу  ісі

 

терең  біліммен, 



кәсіби  алғырлық  негізінде,  жоғары  білік-

тілік  бағдарында  жүзеге  асады.  Ел  алдын-

дағы  парыз  ұғымына  сүйену,  рухани  құн-

ды лықтарға  негізделген  жасампаз  күш 

негізіне  жұмылдырылады.

 

Ұлттық  жобаны 



жүзеге  асыруда  заманның  озық  жоғары 

тех  но логияларын  жетiк  меңгерумен  қатар, 

елiмiзде индустриялық дамудың ақпараттық 

өркендеуiне  белсендi,  әрi  қабiлеттi,  көзқа-

расы дұрыс, дiнi мен дiлi және рухы жоғары 

ұрпақ  қалыптастыру  қажеттiлiгi  қам та-

масыз  етіледі.  Осы  тұрғыда  ұлттың  интел-

лектуалдық капиталы – бұл барлық жинақ-

талған ғылыми, кәсіптік, мәдени ақпараттар, 

өмірдің барлық салаларының мамандарының 

білімі  мен  біліктері,  әрбір  жеке  адамның 

интеллектуалдық,  моральдық  және  мәдени 

дамуы,  ұлттың  позитивті  психикалық  және 

моральдық ерекшеліктері екені белгілі. Ин­

теллектуалды  даму  бағдарында  тұлғаның 

әлеуметтік-танымдық  салты  мен  әдеттері, 

сондай-ақ халықтың әдет-дәстүрлері, жақсы 

кәсіптік дағдылар, білімділік, тәрбиелілік, па­

триотизм, азаматтық белсенділік, тәртіптілік, 

табандылық,  шыншылдық,  еңбексүйгіштік 

қасиеттерін  жан-жақты  дамыту  сынды  қа-

сиет тері  қамтылады.  Осы  айтылған  қадір-

қасиет тің барлығы дерлік – ұлттың байлығы 

мен игілігіне жұмылдырылады. 

Осы бағдарда қоғамда өзіндік ролін ұғы-

на тын тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу жұмыс-

тары жан-жақты зерделенуде. 

Қорыта айтқанда Абай атындағы ҚазҰПУ 

тәуел сіз  Қазақстан  елінің  бүгінгі  биікке 

көте  рілуіне  өлшеусіз  үлес  қосты.  Кезең-

кезеңімен  дайындап  шығарған  педагогтар 

қазақ даласына білімнің өлмес дәнегін екті, 

сол  дәнек  бүгінде  білім  мен  ғылымның 

мәуелі  бәйтерегіне  айналды.  Содан  нәр 

алған, діңі берік алаш баласы бүгінгідей ал-

ма ғайып  заман  тудырған  өткір  сұрақтарға 

жауап  беріп  келеді.  Тұңғыш  жоғары  оқу 

оры ны болашақтың берік іргетасын осылай 

қалауда!

Резюме

В статье рассматривается прошлое, настоящее и будущее Казахского национального 

педагогического университета имени Абая.

Summary

This article discusses the past, present and future of the Kazakh National Pedagogical 

University named after Abai.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет