Бас редактор с. Ж. Пірәлиев


ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ЕңБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫ



жүктеу 3.06 Mb.
Pdf просмотр
бет4/18
Дата15.03.2017
өлшемі3.06 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ЕңБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 

ақтолқын Құлсариева – 

филос.ғ.д., профессор, мәдениеттанушы,

Абай атындағы ҚазҰПУ

 оқу ісі жөніндегі проректоры

Кез келген қоғамның оның әлеуметтік қа-

рым-қатынастарында  көрініс  табатын  құн-

дылықтар сатысы барлығы мәлім. Бір мақала 

аймағында  олардың  барлығын  тізіп  беру, 

әрқайсысына  тоқталу  тым  үстірттік  таны-

татын болғандықтан, өмірлік әлеуметтік құн-

дылықтардың негізгілерінің бірі – еңбекпен 

шектелмекшіміз. 

«Даламыз  –  дәнге,  өрісіміз  –  малға,  үй-

іші міз – жанға» толсын десек, расында, ең-

бек ті  дәріптеуден  бастаған  жөн.  Өйткені 

жоға рыда айтылғандардың барлығы – мейлі 

білек күшін қажет етер мал мен дән өсіру бол­

сын, сол қара жұмысты жеңілдетер техноло-

гиялар  даярлауға  керек  ой  еңбегі  болсын, 

мейлі жан баулу сынды нәзік дүниелер бол­

сын – еңбекті қажет етеді. Біле білген адамға 

өмір сүрудің өзі де үлкен еңбек.

Еңбек  адамды  қоршаған  ортамен  бай­

ланыстырушы  дәнекер  буын,  сол  себептен 

оның адам болмысы үшін өзінің құндылығын 

жоғалтуы  мүмкін  емес.  Керек  десеңіз  адам 

тұлғасын  еңбексіз  көзге  елестету  де  қиын, 

тіпті, бүгінде еңбек адам инстинктіне айнал­

ды десе де болады. «Тірі жан тіршілік етеді» 

дейді қазақ. Осы бір тұрақты сөз тіркесінен 

қазақтарда  өмірдің  баламасы  болып  табы-

латын  «тіршілік»  сөзінің  кей  контексте 

жасал ған еңбекті, іс-әрекетті білдіретіндігін 

де байқаймыз. 

Еңбек  қазақ  дүниетанымын  танытатын 

мақал-мәтелдерде,  тұрақты  сөз  тіркестері 

–  фразеологизмдерде  көптеп  келтірілген. 

Мысалы,  «Еңбегі  қаттының  ембегі  тәтті», 

«Еңбек – өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі», 

«Еңбек – түбі береке», «Еңбек еткен емеді, 

еңбексіз  не  өнеді»,  «Байлықтың  атасы  – 

еңбек,  анасы  –  жер»,  «Жаңбырменен  жер 

көгерер,  Еңбекпенен  ел  көгерер»,  «Еңбегі 

аздың өнбегі аз» және т.т. Дегенмен, сөз ол 

сөз. Мақал ол мақал, ол – қоғамның қалауын 

білдіру, әлеумет үшін маңызды деп табылған 

құндылықты тарату, уағыздау. 

Қоғамдағы еңбекке деген қатынас өте ма-

ңызды  әлеуметтік  мән-мағынаға  ие.  Қазақ 

қоғамында, барлық басқа қоғамдардағыдай, 

еңбек – адамның өмірлік құндылықтарының 

бірі  болғанымен,  бірегейі  деңгейіне  көте-

рілмей тұр. Неліктен? Оған ертелі-кеш егін 

салып, су суарып, жер тырмалау қажеттілігін 



25

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТағЫЛЫм

туындатпаған көшпелі малшылық болмысы­

мыз  әсер  етті  ме  (дей  тұрғанмен,  көшпелі 

тір шіліктің  бейнеті  аз  дей  алмайсың)  әлде 

еңбекті дәріптейтін діни ұстанымды қалып-

тастыратын  жан  еңбегінің  нәтижесі  –  сені-

міміздің жас шыбықтай солқылдақтығы әсер 

етті  ме,  болмаса  отырықшы  өркениетіндегі 

еңбек  бөлінісі  нәтижесінде  сұрыпталған 

кәсібилік тұғырына жетпей жығылған әлеу-

меттік  тарихымыздың  ықпалы  болды  ма  – 

басып айту қиын. Ақиқаты – аталғандардың 

барлығының соған деген ортақ әсерінің бол-

ғанында. 

Бүгінгі заманның есептеу, соның негізінде 

нақты жоспарлау, жоспарланғанның орында­

луын қатаң қадағалау сынды қазіргі «эконо-

микалық  рационализмі»  аясында  еңбек 

бұ   рын ғыдағыдай  адамның  қасиетті  мән-

ма ғы   наға  толы  іс-әрекеті  болудан  қалып, 

есеп ке  алынатын  нәтижесі  тұрғысынан  тек 

ақшалай сыйақы алу көзі ретінде ғана қарас-

тырылады.  Ендеше,  «экономикалық  рацио -

налдық»  жағдайындағы  нақты  өмір  шын-

дығында  еңбек  иесі  өзінің  қыруар  еңбегі 

үшін  түкке  тұрмас  жалақы  алатын  болса, 

онда  жасалған  еңбектің  құнының  өнбегені. 

Тіке  және  жанама  мағынасындағы  төккен 

терге сай бағаланбаған еңбек құнсызданады. 

Құнсызданған еңбектің қадірі кетеді. Қа-

ді рі  кетпей  қәйтсін,  тер  төкпей-ақ,  біреуді 

алдап-арбап  әлде  одан  сорақысы  –  лауа зы-

мын  пайдаланып,  пәре  алып  немесе  әл де-

біреуді қорқытып-үркітіп те алаңсыз тір ші -

лік ететін болса, ондай «жатып ішер астан» 

кім  қашсын?!  Сондықтан  болар,  қа зақ 

қоға мында  жұмыс  ретінде  көрінетін  еңбек 

пен кәсібилік табыс көзіне айналмай, лауа­

зым  табыс  көзіне  айналып  отырған  келең-

сіз  жағдайлар  кездеспей  тұрмайды  емес. 

Оның  ысырапшылдық  мәселесімен  де 

астарластығы байқалады. Өйткені қара тер -

мен келген еңбектің әр өнімі үнеммен пайда-

ланылатындығы  анық.  Ал  еңбексіз  келген 

байлықтың  қастерленбейтіндігі  де,  оңды-

солды ысырап болатындығы да түсінікті.

Кеңес  дәуірінің  тонынан  шыққан  біздер 

үшін  еңбек  жоғары  маңызды  әлеуметтік 

құндылық  болуы  тиіс  еді,  бірақ,  өкінішке 

орай,  сол  социалистік  қоғамның  атқарған 

еңбегің  үшін  берілетін  төлемақының  тең-

дестірілуіне  байланысты  адамдарда  еңбек 

нә  ти

  

жесіне  деген  қызығушылық  төмен, 



нем   құрайдылық  та  басым  болып  шықты. 

Ал нарық экономикасына өткен тұста жеке 

бас  тың еңбекке деген қызығушылығы артқа-

ны мен, оның күнделікті қажырлы еңбекпен 

келетін  ақшасынан  гөрі  алдап-сулаудан, 

отыр ған орны мен шенін пайдаланудан келе-

тін  ақшасының  көптігі  парақорлық  сынды 

әлеуметтік  сұмдықты  туындатты.  Соның 

салдарынан сапалы да тындырымды жұмыс 

жасау қажеттілігінің орнын қалай болса со­

лай, әйтеуір бір пайда табу мақсатына бағыт-

таған рухани діңгегі жоқ айлакерлік басты. 

Ал жоғарыда аталған келеңсіздіктер орын 

алмас  үшін  жалғыз  жазалау  шараларының 

аздық қылатындығы түсінікті. Cанаға еңбек 

адамына  деген  ілтипат,  таза  еңбекке  деген 

қошемет-құрмет  сыныптап  құйылуы  керек. 

Ол  үшін  тұлғақалыптастырушы  қоғамдық 

институттардың  барлығы  –  жанұядағы, 

бала бақшадағы  тәрбиеден  бастап,  мектеп 

қабырғасы, жоғары білім беру ордасы, БАҚ, 

т.т.  бірмақсаттылық  танытып,  еңбек  құн-

дылығын жоғары көтеру абзал. Сондай жан-

жақты  әрекеттер  арқасында  ғана  адамның 

заңсыз әрекеттер жасауға өз сенімі, өз ұяты 

жол  бермейтін  болады,  сонда  ғана  еңбек 

құдіретті күшке айналады. 

Ұяттың  да  өздігінен  пайда  боламайтын-

дығы аян, ұят Құдай алдындағы қорқыныш-

тан, о дүниедегі жазадан, туған жер мен ел 

алдындағы,  ал  кең  ойланар  жан ға  –  жал­

пы  адамзат  алдындағы  парыз дан,  жауап-

кершіліктен  өрбиді.  Терең  үңілген  адам ға 

барлығы өзара байланысты дү  ние. Мысалы, 

протестанттық Батыс та сапалы жұмыс – әл-

ауқат  кепілі  ғана  емес,  құдай  алдындағы 

парыз.  Батыс  капи та лизмі нің  қоғамдық-

әлеу меттік  феномен  ре тін  де  қалыптасуына 

алғышарт  болған  про тестанттық  этикада 

адамның  шаруа шылық  қызметінің  табыс-

тылығы  оның  құдай ға  жаққандығының 

тікелей  куәлігі  деп  қарастырылады.  Де­

мек,  адал  еңбекпен  байы ған  адам  –  құдай 

сүйген  жан.  Одан  артық  өз  еңбегің  үшін 

қандай  сый  болуы  мүмкін?!  Оның  үстіне, 

байлығың  саған  бұл  дүниедегі  тіршілігіңді 

де  жағымды  етер  болса,  бала-шағаңа  да 

болашақ  мүмкіншіліктер  іргетасын  қаласа, 

өзіңе белгілі бір тәуелсіздік тарту етсе – одан 

артық не керек?!

Біздің  елімізде,  өкінішке  орай,  Батыс-

тағы  протестант  этикасы  сынды  еңбектің 

имандылықпен  байланысын  қалыптас тыра-

тын  этикалық  жүйе  әлі  де  нық  орнықпай 

отыр. Бәлкім, оған біздің атеистік ықпалдан 

шыға  алмаған  діни  сауаттылығымыздың 

шала лығы  да  кедергі  болып  отырған  шы-

ғар?!  Өйткені,  байқаған  болсаңыздар,  има­

ны  берік  діндегі  бауырларымыз  (Малай­

зия,  Индонезия,  Түркия  және  т.б.)  қазіргі 

бәсекелестіктің  күрделі  әлемінде  өздерін 

кез  келген  қырынан  танытып  отырған  жоқ 

па?! Ол солай болуы тиіс те, өйткені ислам 

діні  өмір  шындығынан  қашқақтамайтын,  о 

дүниені  ойлай  тұра,  бұл  дүниенің  тұрмыс-

тіршілігін күйттеуден алыстатпайтын нағыз 

өміршең  дін  ғой.  Ілкі  христиандықпен 

салыс тырғанда исламда еңбекті таза бейнет 

деп қарастыру басымдығы жоқ. Онда еңбек 

қоғам  мүшесінің  міндеті  ретінде  қарас-

тырылады. Ислам діні еңбекке өте биік мән 

береді,  ол  таза  еңбекпен  табылған  табыс 

кие лі гін уағыздайды.

Ал  протестанттық  реформаға  дейінгі 

христиандық  түсінігінде  еңбек  адамның 

құдай алдындағы күнәсін жууы үшін Жарат-

қан жіберген азап ретінде қарасты рылғанын 

ешкім  жоққа  шығара  алмайды.  Онда  еңбек 

болсын,  адамның  осы  дүниедегі  тіршілігі 

болсын  о  дүниеге  даярлықты,  о  дүниенің 

қызығы алдындағы бейнетті білдіреді. Хрис-

тиандық  жаратылыс  мифологиясында  әу 

баста  жұмақта  жүрген  Адам  ата  мен  Хауа 

ана  тыйым  салынған  әрекет  жасап,  таным 

алмасын жеп қойды емес пе?! Сол үшін де 

жұмақтан қуылып, азаппен тер төгіп жүріп 

өзін және ұрпағын асырауға жазылды емес 

пе?!  Сол  бір  мифтік  сюжетте  үлкен  астар, 

мәдени метафора жатыр деп білемін. Білудің 

өзі үлкен еңбек. 

Рас,  христиан  діні  реформасынан  кейін 

Каль виннің арқасында еңбегі жанғандық не-

месе шаруашылығындағы табыстылық құ дай-

ға жаққандық ретінде діни маңызға ие болып, 

құндылықтық акценттер басқаша қойылды.

Сонымен, «бәрін айт та, бірін айт» демек-

ші,  еңбекке  деген  қатынас  адамдардың 

еңбек тің  мәні  мен  мағынасына,  адамның 

қоғам алдындағы парызына қатысты көзқа-

растарынан құралады. Құндылықтар өндірі-

сі не және олардың қызмет ақтаруына фило­

софия, дін, өнер тікелей ықпал етеді. Қашанда 

құндылықтар  қоғамда  бар  идеологияға 

тәуел ділік танытады. Ал ол идеология тетігі 

билік  қолында  екендігі  мәлім.  Біздің  қазақ 

мента литетіндегі билік алдындағы үрей мен 

сол  биліктің  үлгісіне  еліктеу  сынды  ерек-

шеліктерді ескере отырып, биліктегі партия-

ның  болсын,  оның  қарамағындағы  ақпа-

раттық ресурстардың болсын, жалпы, зиялы 

қауымның еңбектің әлеуметтік мәнін жоғары 

дәріптеуге арналған, еңбек адамының культін 

барлық  деңгейде  орнықтыруға  арналған  іс-

шара лары қоғамда еңбек мәдениетін қалып-

тастыруға оң ықпал етері сөзсіз. 

Сондықтан болар, «Нұр Отан» халықтық-

демократиялық  партиясының  кезектен  тыс 

ХІІ  съезінде  партия  Төрағасы  –  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  өз  баяндамасының 

төртінші бөлімін қазіргі қазақ қоғамындағы 

құндылықтарды қайта қарау қажет тігі не ар­

нап,  көшбасшы  партияның  қоғам дағы  құн-

ды лықтардың оң жүйесін қалыптас тырудағы 

орнын көрсетіп берген болатын. Сонда асқан 

сарабдалдықпен көтерілген еңбекқорлық пен 

кәсібилікті  дәріптеу  керектігі  өз  өзектілігін 

ешқашан жоғалтпақ емес, ол жаңа мақсаттар 

биігін  межелеген  2010  жылдағы  Елбасы 

Жолдауын жүзеге асыру тұрғысынан да өте 

маңызды. Себебі адал еңбекті биік құндылық 

деп білмеген жерде, адал еңбекпен сый-құр-

метке бөленбеген елде іскерлікке тірек болар 

еңбек  мәдениеті  қалыптаспайды.  Ендеше, 

Қазақстанға  жаңа  мүмкіндіктер  сыйлайтын 

экономикалық өрлеуге жол бастаймыз десек 

еңбек  адамына  деген  құрметті  арттыруы­

мыз, таза еңбекпен байлыққа кенелу мүмкін 

деген сенім қалыптастыруымыз қажет. 

Еңбекті дәріптеп уағыздау өз алдына да, 

сол  еңбек  иесіне  осы  өмірде  сый-сияпат, 

құрмет  көрсету  өз  алдына.  Бүгінгі  нақты 

шын  дықта  қолы  жұмыстан  күс  болып,  ар-

қасы ауыртпалықтан еңкейген адамға айна-

ла сындағылар  ары  кетсе  жаны  ашып  қана 


27

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қарайды,  бірақ  оны  қастерлемейді.  Мәселе 

дене еңбегі немесе ой еңбегінде болып тұр-

ған  жоқ,  мәселе  жалпы  еңбек  адамына  де­

ген  қатынаста  болып  тұр.  Еңбектен  гөрі 

айланың,  тамыр-таныс  ресурсының,  қу-

лық-сұмдықтың,  азғындықтың  ұпайы  ар-

тық  болып  тұрғанда  әрі  «құдайдан  қорқу» 

сезімі  жетіспейтін  қоғамда  ешқашан  еңбек 

адамының  жүзі  жарқын  болмақ  емес.  Ен­

деше, «еңбек түбі – береке» жәй ғана мақал 

күйінде қала бермек.

Өкінішке орай, осы бір қанға сіңіп үл гер -

ген жағдайдан шығудың жолдары – құқықтық 

мемлекеттің іргетасын мықтылап қалап, аза-

маттардың  заң  алдындағы  жауапкер шілі гін 

арттырып, заңды айналып өтетіндей «бармақ 

басты, көз қыстылыққа» жол бермей, сенім 

мен имандылық мәселесіне ден беріп, діннің 

және  қазақ  зиялыларының  адал  еңбекке, 

ысырап  пен  үнемге  қатысты  ой-пікірлерін 

кеңінен уағыздау қажеттігі, еңбек адамының 

ескерілу қажеттілігі екендігі сөзсіз. 

Еңбектегі  гендерлік  бөлініс  мәселесі  де 

өзекті  тақырыптардың  бірі.  Қазақ  хал қы 

ежелден  ұл  бала  мен  қыз  баланың  еңбек 

тәрбиесін  бөліп  қараған.  Дәстүрлі  мәде-

ниет  ке үйлесімді құндылықтарға сай, қа зақ -

тар ұлды мал бағуға, отын шабуға, қол өнер 

шеберлігіне,  мал  табуға,  отбасын  асы рау-

ға,  ал  қыз  баланы  ас  пісіруге,  кесте  тігу ге, 

өрмек  тоқу  сияқты  үй  ішінің  ішкі  жұмыс-

та рына  баулып  отырған.  Ол  түсінікті  де, 

өйткені  табиғаттың  ыңғайындағы  ауыр 

еңбек  ке негізделген дәстүрлі қоғамда еңбек 

бөлі ні сі солай қалыптасқан: түз адамы және 

үй  адамы,  даладағы  ауыр  да  қауіпті  еңбек 

адамы  және  ұрпақ  амандығын  күйттеген 

үй  тіршілігінің  адамы.  Патриархаттық  са­

нада қоғамдық, отбасылық өмірде әйел мен 

еркек  рөлдерінің  ара  жігін  ашып,  ажыра­

тып тастау орын алады әрі ол сол заманның 

қажеттілігінен туындаған заңды құбылыс. 

Бірақ  ол  заман  қайда  қалғаны...  Қазір 

тарихи  сахнада  ғылым-білім,  техника-тех­

нология,  бұқаралық  ақпараттық  құралдар 

заманы,  сауаттылық  заманы.  Біліктілік  за­

манында, кәсіби мамандану заманында бас-

тап қы еркек пен әйелдің  табиғи жаратылыс 

ерекшеліктерін ескерген патриархаттық ең-

бек  бөлінісі  де  күрт  өзгерістерге  ұшырап 

отыр.  Білек  күшіне  қараған  еңбектен  гөрі 

ми  күшіне,  мамандануға  иек  артқан  жоға-

ры  технологиялар  заманында  еңбек  саласы 

белгілі бір мағынада унификацияға (бірдей-

лендіруге) ұшырап отырғаны мәлім. Қазірде 

атам заманнан ер ісі болып есептелетін сала­

да әйелдердің саны артып келе жатқандығын 

кім  де  болса  мойындайды.  Енді  өздеріңіз 

қараңыздар – көлікті де жүргізу, ұшақты да 

басқару, тіпті, ғарыш кеңістігіне де жол тар­

ту әйелдер үшін қиял емес, шындық қой?!

Әрине,  таза  еркек  жұмысы,  таза  әйел 

жұмы сының  болатындығы  миға  қонымды. 

Мысалы,  қауіп-қатері  мол,  қол  қауқарын 

қажет  ететін  мамандықтар  әлі  күнге  дейін, 

жүз  жерден  техника  күрделеніп,  адам  жұ-

мы сы  жеңілдеп  жатса  да  кездеседі.  Мы­

салы,  құрыш  құюшы,  жол  жөндеуші,  жүк 

тасушы, күзетші, т.т. Ол жерден әйел бала­

сын  кезіктіру  екіталай  –  мейлі  ол  қаншама 

феминистік тәуелсіз санасы мықты әйел бол­

са да әлі келмегенмен әлек болмайды ғой. 

Сол  сияқты,  таза  әйелге  қол  болып  та­

былады  деген,  еркек,  әсіресе,  біздің  еркек­

тер  аяқ  баспайтын  жұмыс  түрлері  –  бала 

бағушы, ыдыс жуушы, еден сыпырушы және 

т.б. Бұл тұста бәрі түсінікті, ондай бөліністі 

ешкім  де  гендерлік  дискриминация  (жыны­

сына қарап кемсіту) деп қабылдамайды. Ал 

енді  жыныстың  физиологиялық  мүмкін­

шіліктерімен  шектелмеген  салаларда

мы  са лы, саясат пен басқару саласында әйел-

дер  дің өз орнын табуына мүмкіншілігі жет кі -

лікті, өйткені ол жерде қара күш емес, білік-

ті лік  пен  қабілеттілік  қажет.  Міне,  дәл  сол 

жерде  дискриминация  әлі  де  болса  кездес-

пей  тұрмайды.  Сондықтан  шығар,  саясат 

пен  басқару  әзірге  жаулықтылардың  емес, 

шекпен-шалбарлылардың  еншісінде  болып 

тұр.


Жалпы біліктілікті қажет ететін саясат са­

ласында қара күш те, шаруашылыққа ыңғай-

лылық та маңызды емес қой, өйткені жыныс 

адамның хас шеберлігі, білікті нағыз маман 

болуына  еш  кедергі  етпейді  ғой.  Соны  іс 

жүзінде дәлелдеп беріп отырған озық елдер 

де баршылық. Бәрімізге белгілі, ат төбеліндей 

ғана  тұрмыс  тіршілігі  мықты,  дамыған  ел­

дерде  ғана,  әсіресе,  Скандинавия  түбегінде 

саясаттың, басқару ісінің ірі тұлғалары ара­

сынан  әйелдерді  көптеп  кездестіруге  бола­

ды. Ол – санадағы түбегейлі төңкерісті қажет 

етері  сөзсіз.  Ол  үшін  отбасынан  тысқары 

жерде өзін көрсете білу, өз әлеуетін жүзеге 

асыру  тек  еркекке  жарасты  деп  түсінетін 

патриархаттық  санадан  арылып,  біліктілігі, 

қайрат-қуаты жетсе әйелге де орын бар де­

ген кеңшілік қажет.



Резюме

В данной статье рассматриваются ценности казахской культуры.

Summary

This article discusses the value of the Kazakh culture.

ТӘРБИЕЛІ ЖАС – ЕЛ ТІРЕГІ

Ж.Е. Ішпекбаев – 

Абай атындағы

ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері

жөніндегі проректоры,

 саяси ғылымдарының кандидаты

доцент, Ханьшань педагогикалық

 университетінің құрметті профессоры

Қазақстан Республикасындағы білім беру 

саласын  жетілдіру  мен  дамыту  Елбасы мыз 

Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын жан-жақты 

қолдауы  мен  адам  капиталын  дамытудың 

маңыздылығы мен қажеттілігін жете түсінуі 

нәтижесінде  қолға  алынып,  білім  беру 

саласының “Қазақстан – 2030” Стратегиялық 

даму жоспарының басым бағыттары болып 

белгіленді.

Еліміздің  болашағы  білімді,  дарынды, 

ел  жанды  ұрпақ  десек,  дарындылық  пен 

білім ділікті ұштастырып, білікті маман мен 

сана лы  азаматты  қалыптастыратын  негізгі 

бағыт – дұрыс тәрбие беру. Ал білікті маман­

дар  біздің  мемлекетімізді  әлемдік  деңгейде 

таны татын  дара  тұлға  болатыны  анық. 

Сондықтан еліміздің жанашыр, елжанды ұр-

па ғын тәрбиелеу –                                    бүгінгі күннің басты та­

лабы.


Қазіргі  таңда  жаһандану  өмірдің  барлық 

саласын қамтып отырған күрделі үдеріс. Ал-

айда әр жаңа құбылыстың күнгейімен қо са 

көлеңкелі тұстары болатыны белгілі. Жаһан-

данудың  мақсаты  –  шекарасыз  әлемге  қол 

жеткізу. Демек, адам мен ақпараттың еркін 

қозғалысы,  еліміздегі  экстремистік  ұйым-

дар, діни әлеуметтік желілердің қаптап кетуі, 

есірткі саудасының жүзеге асуы, түрлі эпи-

демиялық  аурулардың  пайда  болуы,  интер-

нет,  ойын  және  компьютер  клубтарының 

қарқынды  дамуы  жастардың  сана-сезімінің  

дамуына кері әсерін тигізуде. 

Адами  құндылықтарға  жат  «ғасыр  дерт-

терінен»  жастарды  сақтандыра  отырып,  өз 

халқының  тарихын,  тегін,  салт-дәстүрін, 

тілін,  білімін,  меңгерген  мәдениетті,  адами 

қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәр-

бие леу – қоғам қажеттілігі. Өскелең ұрпақтың 

денсаулығы, білім сапасы, ұлттық мәдениеті, 

әлеуметтік  жағдайы,  т.б.  мәселелердің  оң 

шешімін табуы олардың ертеңге деген сені-

мін  нығайтып,  ұлт  патриоты,  ел  азаматы, 

білікті маман болуына жағдай жасайды. Бұл 

мәселе  үнемі  Елбасы  назарында.  Елбасы 

Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 9 ақпаны 



күні  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту 

– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 

ҚР халқына Жолдауында: «Оқыту үдері сі нің 

Ж.Е. Ішпекбаев – 

Абай атындағы

ҚазҰПУ-нің Тәрбие істері

жөніндегі проректоры,

 саяси ғылымдарының кандидаты, 

доцент, Ханьшань педагогикалық

 университетінің құрметті профессоры


29

28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ



ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

тәр биелік құрамдасын кү шейту қажет. Олар 

–  патриотизм,  мораль  мен  парасаттылық 

нормалары, ұлт аралық келісім мен толерант-

тылық,  тәннің  де,  жанның  да  да муы,  заңға 

мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, мен-

шік тің  қандай  түріне  жататынына  қар а мас-

тан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге 

тиіс», – деп атап көрсетеді.

Осыған орай, жоғары білім берудің көш-

басшысы болып табылатын Абай атын дағы 

Қазақ Ұлттық педагогикалық универ ситеті-

нің  ұзақ  мерзімді  даму  стратегиялық  ірі 

жос пары жасалып, соған сәйкес оқу-тәрбие 

процесін тұтастыра жүргізуде білімгерлердің 

тұлғалық қабілеттерін шыңдауға, жауап кер-

шілік деңгейін көтеруге, ұлттық құндылық-

тарды дәріптеуге бағытталаған кешенді ша­

ралар қолға алынды. 

Оқу ордасында студент жастарды білімі-

не  білігі  сай,  нарықтық  кезең  өзгерістеріне 

бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болаша-

ғ ына  бей-жай  қарамайтын,  отансүйгіш  жә-

не  елжанды  етіп  тәрбиелеу  мақсатында 



«Тәр  бие  жұмысының  тұжырымдамасы» 

қабыл данды. 

Бұл  тұжырымдама  негізінде  әр  оқу  жы-

лы на арналған тәрбие жұмысы, жастар сая-

са ты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту  жө-

нін дегі  он  жеті  бағыттан  тұратын  жыл дық 

жұ мыс  жоспары  сапалы  білім  мен  саналы 

тәрбие беруге негізделген. Тәрбие жұмысы  -

ның  жоспарының  ауқымында  ұлттық  құн -

ды  лықтар  негізінде  жастарға  рухани  тәр-

бие  беру;  олардың  азаматтық  бағдарын 

қа лып   тастыру; патриоттық және саяси тәр-

бие  беру;  құқық  бұзушылық  пен  сыбайлас 

жемқорлықтың алдын алу; бұқаралық спорт 

түрлерін  дамытып,  салауатты  өмір  сал тын 

насихаттау;  діни  экстремизмге  жол  бермеу 

және ұлтаралық қатынас тәрбиесі; студент-

тердің  өзін-өзі  басқару  жүйесін  жетілдіру; 

республикамыздағы  атаулы  күндерге  бай­

ланысты  өткізілетін  арнайы  іс-шараларды 

ұйымдастыру көзделген.

Осы ретте соңғы үш жылда қолға алынған 

оқу-тәрбие үдерісі мазмұнындағы және уни­

верситет  құрылымындағы  өзгерістер  сту­

денттерге тәрбие беру жұмысының сапасын 

көтеруге  зор  ықпалын  тигізді.  Жұмыстың 

фор масы да, мазмұны да түбегейлі өзгеріске 

түсті. 


2010-2012  жылдары  университетегі  тәр-

бие жұмысының сапасын арттыру мақсатын-

да  төмендегідей  жаңалықтар  жүзеге  асы-

рылды:


1. Білім сапасын талдау және біліктілікті 

жетілдіру  институтымен  бірлесе  отырып, 

Абай атындағы ҚазҰПУ 2011-2020 жж. дей-

інгі  Стратегиялық  дамудың  бағдарламасы 

даяр ланып, қабылданды;

2.  Университет  ұжымы  жалпыхалықтық 

маңызға ие шараларға белсене қатысып, ал-

дың ғы орындардан көрінді, ҚР Президентін 

сайлау кампаниясының жұмысында универ­

ситет ұжымы үлкен белсенділік танытты;

4. «Азиада-2011» қысқы ойындар олим пиа-

дасының барысында ұйымшылдық көрсетті;

5. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай уни­

верситет ұжымының ұсыныстары ескерілген 

кешенді  жоспар  жасалып,  іргелі  шаралар 

атқарылды;

6. Университет ректоры С.Ж. Пірәлиевтің 

жетекшілігімен және «Ұлттық тәрбие және 

өзін-өзі  тану»  кафедрасының  ұйымдас ты-

руымен  «Пікірталас  клубының»  жұмысы 

іске қосылды;

7. Ұлтаралық келісім, ұлттық мәдениет пен 

бірлік идеясын насихаттау мақсатында Сту-

денттердің «Бірлік» Ассамблеясы құрылды;

8. Университет  Түлектерінің ассоциаци­

ясы құрылды;

9. Білікті мамандарды тарту арқылы тәр бие 

жетекшілеріне  арналған  семинар-тренинг-

тер мен мастер-кластар ұйымдастыру жолға 

қойылды; 

10.  Медициналық  ұйымдар  және  мекеме 

мамандарының  қатысуымен  студенттердің 

меди циналық  сауаттылықтарын  жетілдіру 

бойынша шаралар ұйымдастырылды; 

11.Студент  жастардың  салауатты  өмір 

сал тын ұстануына ерекше жағдай жасалып, 

4200 орындық стадион жөндеуден өткізіліп, 

стадионға көгал төселді;

12. Студенттердің құқықтық сауаттылығын 

арттыру мақсатында «құқықтық сауаттылық 

онкүндігін»  өткізу  игі  шаралардың  біріне 

ай налды;

13.  Талантты  жастарды  қолдау  және  ол-

ар  дың шығармашылығын дамыту бойынша 

университет деңгейінде «ЖасStar­ ҚазҰПУ» 

фестивалі,  «Бейбітшілік  пен  жа сам паздық-

тың 20 жылы» тақырыбында Рес пуб лика лық 

пікірсайыс  турнирі,  «Біз  са лауат  тылық ты 

қолдаймыз!» тақырыбында эстра да жұлдыз-

дарымен футболдан жол дастық кездесу өткі-

зілді;

14. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясын­



да «Тәуелсіз жылдар әндері» атты алғашқы 

рет  I  Республикалық  «Арай»  конкурсы 

ұйым дастырылды;

15. Профессор-оқытушылар мен қызмет-

керлердің  Этикалық  Кодексі  қабылданып, 

Әдеп мәселесі бойынша комиссия құрылды;

16. Университетаралық тұңғыш рет «Ақын-

мын сөзі жетер сан ғасырға» атты жас ақын-

дар айтысы өткізілді;

17.  Дарынды  шығармашыл  жастарды 

өнер,  (ән-күй  мен  би)  білім,  сымбаттылық, 

сұ лу лық пен әсемдікті сезінуге, қабылдауға 

бау лу мақсатында «Мәдени бөлім» ашылды;

18.  Университет  аумағы  мен  жатақхана-

ларда қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында 

«Студенттік мобильдік жасақ» құрылды.

Университет  ректоры  С.Ж.  Пірәлиевтің 

тікелей  басшылығымен  университетіміздің 

Ғылыми Кеңесінің 2009 жылдың 20 қараша-

дағы  (№  3  хаттама)  шешімімен  2009-2010 

оқу жылы Тәрбие жылы деп жарияланып, 

оның аясында көптеген шаралар қолға алын­

ды.  Атап  айтқанда,  Қазақстанның  жетекші 

педагогикалық жоғарғы оқу орындары ара­

сынан  университетімізде  алғашқы  болып 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет