Бас редактор с. Ж. Пірəлиев



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРƏЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА құрметті мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев  М.А. — Абай  ат.  ҚазҰПУ  Жаңартпа  технологиялар  жəне  білім  беру  мазмұнын  ҒЗИ  директо-
ры,  ҚР  Жоғары  мектебіне  еңбегі  сіңген  қызметкер,  профессор,  бас  редактордың  бірінші  орынбасары; 
Төлеубекова  Р.К.—  Абай  ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тəрбие"  кафедрасының  кафедра  меңгерушісі,  педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор, бас редактордың орынбасары; Сейсенбаева Ж.А. — Абай ат. ҚазҰПУ 
Жаңартпа технологиялар жəне білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру бөлімінің басшысы, фило-
логия ғылымдарының кандидаты, жауапты редактор; Айтбаев Ө.А. — Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының 
президенті,  Тіл  білімі  институты  ғылыми-терминологиялық  орталығының  бас  ғылыми  қызметкері,  фило-
логия ғылымының докторы, профессор; Айталы А. — Қазақ заң гуманитарлық университетінің əлеуметтік 
психологиялық  пəндер  кафедрасының  профессоры,  философия  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Əлмұхамбетов Б.А. — Абай ат. ҚазҰПУ көркем сурет-графика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық Білім академиясының академигі; Нүкетаева Д.Ж. — Қазақ 
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты; Баймыр-
заев Қ.М. — Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, география ғылымдарының док-
торы, профессор; Бөлеев Қ. — Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының "Педагогика жəне этнопеда-
гогика" кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор; Бейсенова Ə.С. – Абай 
ат.  ҚазҰПУ-нің  «География  жəне  экологиядан  ғылыми-əдістемелік  орталығының»  меңгерушісі,  география 
ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі; Бейсенбаева  А.А. — Абай 
ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тəрбие"  кафедрасының  профессоры,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Берікханова А.Е. — Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық тəрбие" кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының 
кандидаты, доцент; Ғаббасов С. — жазушы, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина жəне педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор; Есім Ғ. — ҚР сенат депутаты, философия ғылымдарының докторы, про-
фессор, ҚР ҰҒА академигі; Жарықбаев Қ.К. — Т.Т.Тəжібаев атындағы этнопсихология жəне этнопедагогика 
орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор; 
Қирабаев С.С. — М.Əуезов ат. Əдебиет жəне өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Абай ат. ҚазҰПУ 
ректор  кеңесшісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі;  Қасқабасов  С.А. 
— М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, 
профессор, ҚР ҰҒА академигі; Шаханова Р.Ə. – Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура жəне докторанту-
ра PhD институтының филология мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор; Қыдырəлиев 
Д. — ҚР Президент Əкімшілігінің сарапшысы, философия ғылымдарының докторы; Қозыбаев І.М. — ҚР 
Мəдениет  министрлігінің  Мəдениет  Комитетінің  төрағасы,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Қалиев  С.Қ. — Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  Жалпы  педагогика 
кафедрасының  профессоры,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  академик;  Қойгелдиев  М.Қ. 
— Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура жəне доктарантура РҺD институтының Қазақстан тарихы мен мəдениеті 
кафедрасының  меңгерушісі,  т.ғ.д.,  профессор;  Ізтілеуова  С.Д. — Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  «Абайта-
ну»  ғылыми-зерттеу  орталығының  жетекші  ғылыми  қызметкері,  филология  ғылымдарының  докторы; 
Керімов Л.К. — Абай ат. ҚазҰПУ педагогика кафедрасының кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының 
докторы, профессор; Колумбаева Ш.Ж. — педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай ат. ҚазҰПУ "Ұлттық 
тəрбие" кафедрасының профессоры; Мырзахметов М. — Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы "Абайтану ғылыми-
зерттеу орталығының" директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор; Мұтанов Ғ.М. —    əл-
Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  ректоры,  техника  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Молдабеков  Ж.Ж. — философия  ғылымдарының  докторы,  əл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  мəдени-антропология 
кафедрасының  профессоры,  Əлеуметтік  академиясының  академигі,  Халықаралық  акмиологиялық 
академиясының  академигі;  Нəрібаев  К.Н. — Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Ректорының  кеңесшісі,  эко-
номика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  ҚР  ҰҒА  академигі;  Сарыбеков  М.Н. — ҚР  Білім  жəне 
ғылым  вице-министрі,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Сманов  Б.Ө. — Абай  атындағы 
ҚазҰПУ-дің  əкімшілік    басқармасының  бастығы,  педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор; 
Саңғылбаев  О.С. — Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Жалпы  жəне  қолданбалы  психология  кафедрасының  про-
фессоры,  п.ғ.д.;  Табылдиев  Ə.Т. — əл-Фараби  ат.  ҚазҰУ  профессоры,  педагогика  ғылымдарының  докто-
ры, профессор; Түрікпенов Ж. — Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура жəне докторантура РҺD институтының 
педагогикалық  мамандықтар  кафедрасының  профессоры,педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  Қазақ 
Гуманитарлық  академиясының  академигі;  Шолпанқұлова  Г.К. — Абай  ат.  ҚазҰПУ  "Ұлттық  тəрбие" 
кафедрасының  доценті,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты;  Құрманғали  А.К. — жауапты  хатшы.

3
 ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
почетный член НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев  М.А. — директор  НИИ  инновационных  технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им. 
Абая, профессор,  Заслуженный   работник    высшей школы РК,  первый заместитель главного редактора;
Толеубекова  Р.К. — зав.  кафедрой  "Национальное  воспитание"  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педагогических 
наук, профессор, заместитель главного редактора; Сейсенбаева Ж.А. — руководитель отдела исследования, 
разработки и совершенствования уровней образовательного процесса и их содержания НИИ инновационных 
технологий  и  содержания  образования  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  филологических  наук,  ответственный 
редактор;  Айтбаев  О.А. — президент  международного  сообщества  "Қазақ  тілі",  главный  научный  сотруд-
ник  Научно-терминологического  центра  института  языкового  образования,  доктор  филологических  наук, 
профессор;  Айталы  А. — профессор  кафедры  социально-психологических  дисциплин  Казахского  юриди-
ческого гуманитарного университета, доктор философских наук, профессор; Альмухамбетов Б.А. — декан 
художественно-графического  факультета  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педагогических  наук,  профессор,  ака-
демик  Академии  Образования  им.  Ы.  Алтынсарина;  Нукетаева  Д.Ж. — ректор  Казахского  Государствен-
ного женского педагогического университета, кандидат педагогических наук; Баймырзаев К.М. — ректор 
Костанайского    государственного    педагогического  института,  доктор  географических  наук,  профессор; 
Болеев  К.  —  зав.  кафедрой  "Педагогика  и  этнопедагогика"  Таразского  Государственного  Педагогиче-
ского  Института,  доктор  педагогических  наук,  профессор;  Бейсенова  А.С. – зав.  кафедрой  «Научно-ме-
тодический  центр  по  географии  и  экологии»,  доктор  педагогических  наук,  профессор,  академик  НАН  РК;
Бейсенбаева  А.А.  —  профессор  кафедры  "Национальное  воспитание"  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педа-
гогических  наук,  профессор;  Берикханова  А.Е. — доцент  кафедры  "Национальное  воспитание"  КазН-
ПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук,  доцент;  Габбасов  С. — писатель,  Заслуженный  работник 
здравоохранения  СССР,  доктор  медицинских  и  педагогических  наук,  профессор;  Есим  Г. — депутат  се-
ната  РК,  доктор  философских  наук,  профессор,  академик  НАН  РК;  Жарыкбаев  К.К. — директор  Центра 
этнопсихологии  и  этнопедагогики  имени  Т.Т.  Тажибаева,  доктор  педагогических  наук,  доктор  психологи-
ческих  наук,  профессор;  Кирабаев  С.С. — советник  ректора  КазНПУ  им.  Абая,  главный  научный  сотруд-
ник  Института  литературы  и  искусства  им.  М.  Ауезова,  доктор  филологических  наук,  профессор,  акаде-
мик  НАН  РК;  Каскабасов  С.А. — директор  Института  литературы  и  искусства  имени  М.Ауезова,  доктор 
филологических  наук,  профессор,  академик  НАН  РК;  Шаханова  Р.А. — зав.кафедрой  филологических 
специальностей  Института  Магистратуры  и  докторантуры  РһD  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педагогиче-
ских наук, профессор; Кыдыралиев Д. — эксперт администрации Президента, доктор философских наук; 
Козыбаев  И.М. — председатель  Комитета  культуры  Министерства  культуры  и  информации  РК,  доктор 
исторических наук, профессор; Калиев С.К. — профессор кафедры "Общей педагогики" Казахского Госу-
дарственного  женского  педагогического  университета,  доктор  педагогических  наук,  профессор,  академик;
Койгелдиев М.К.  —  зав.кафедрой истории и культуры Казахстана Института Магистратуры и докторантуры РһD 
КазНПУ им. Абая, доктор исторических наук, профессор;  Кусаинов А. — зав. кафедрой "Педагогика и психоло-
гия" Казахского Государственного женского педагогического университета, доктор педагогических наук, про-
фессор; Керимов Л.К. — зав. кафедрой "Педагогика'' КазНПУ им. Абая, доктор педагогических наук, профессор; 
Изтилеуова  С.Д.  –  ведущий  научный  сотрудник  НИЦ  Абаеведения  КазНПУ  имени  Абая,  доктор  фи-
лологических  наук;  Колумбаева  Ш.Ж. — профессор  кафедры  "Национальное  воспитание"  КазН-
ПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук;  Мырзахметов  М. — директор  НИЦ  Абаеведения 
КазНПУ  им.  Абая,  доктор  филологических  наук,  профессор;  Мутанов  Г.М. — ректор  Казахского  Наци-
онального  Университета  имени  аль-Фараби,  доктор  технических  наук,  профессор;  Молдабеков  Ж.Ж. 
—профессор  кафедры  "Культурной  антропологии"  КазНУ  им.  Аль-Фараби,  доктор  философских  наук, 
академик  Социальной  академии,  академик  Академии  Международной  акмиологии;  Нарибаев  К.Н. 
—  советник  ректора  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  экономических  наук,  профессор,  академик  НАН  РК; 
Сарыбеков М.Н. — вице-министр образования и науки РК, доктор педагогических наук, профессор; Сманов Б.О. 
—  начальник  административного  управления  КазНПУ  им.  Абая,  доктор  педагогических  наук,  профессор;
  Сангылбаев  О.С. — профессор  кафедры  «Общей  и  прикладной  психологии»  КазНПУ  им.  Абая,  доктор 
психологических наук; Табылдиев А.Т. — профессор КазНУ им. аль-Фараби, доктор педагогических наук; 
Туркпенов  Ж. — профессор  кафедры  педагогических  специальностей  Института  Магистрату-
ры  и  докторантуры  РһD  КазНПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук,  академик  Академии  гу-
манитарных  наук;  Шолпанкулова  Г.К. — доцент  кафедры  "Национальное  воспитание"  КазН-
ПУ  им.  Абая,  кандидат  педагогических  наук;  Курмангали  А.К. — ответственный  секретарь.

4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
dear member of NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. — the director of scientifi c research institute of innovative technologies and content of education 
of KazNPU named after Abai, candidate of technical science, the professor, the deserved worker of the higher school 
of RK, the fi rst deputy of the editor-in-chief; Toleubekova R.K. — the university chair of «National education» 
of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the second deputy of the editor-
in-chief; Seysenbaeva Zh.А. — the chief of department development of educational process of scientifi c research 
institute of innovative technologies and content of education of KazNPU named after Abai, the candidate of 
philological science, the managing editor; Aytbaev O.A. — the president of the international community «Қазақ 
тілі», the main scientifi c employee of the Scientifi cally-terminological centre of Institute of language education, 
the doctor of philology, the professorAytaly А. — the professor of chair of socially-psychological disciplines of 
the Kazakh Law Humanitarian University, the doctor of philosophy; Almukhambetov B.A. — the dean of art-
graphic faculty KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of 
National Knowledge Academy named after Y.Altynsarina; Nuketaeva D.Zh. — rector of Kazakh State Female 
Pedagogical Univerity, the candidate of pedagogical sciences; Baymyrzaev K.M. — the rector of Kostanaysk 
State Pedagogical Institute, the doctor of geographical sciences, the professor; Boleev K. — the university chair of 
"Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical Institute, the doctor of pedagogical science, professor; 
Beysenova A.S. – the chair of sub department «the Scientifi cally-methodical centre on geography and ecology», 
the doctor of pedagogical sciences, the professor, the academician of NAS RК;  Beysenbaeva A.A. — professor 
of a chair "National education" of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor; 
Berikhanova A.E. — the associate professor of a chair "National education" of KazNPU named after Abai, the 
candidate of pedagogical sciences; Gabbasov С. — the writer, the deserved worker of public health services SSSR, 
the doctor of medical and pedagogical sciences, the professor; Esim G. — the deputy of senate of RK, the doctor 
of philosophic sciences, the professor, the academician of NAS RK; Zharykbaev K.K. — the director of the 
ethnopsychology and ethnopedagogics center named after Tazhibaeva T.T., the doctor of pedagogical sciences, the 
doctor of psychological sciences, the professor; Kirabaev S.S. — the chancellor adviser of KazNPU named after 
Abai, the mail scientist of the Literature Institute named after M. Auezov, professor of the chair "Kazakh literature" 
of KazNPU named after Abai, the doctor of philology, the academician of NAS RK; Kaskabasov S.A. — the director 
of Literature Institute named after M. Auezov, the academician of NAS RK, the doctor of philology science, the 
professor; Shahanova R.A. – the university chair of philological specialties of PhD studies and magistracy Institute 
of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor;  Kydyraliev D. — the expert of 
Presidential Administration, the doctor of philosophy; Kozybaev I.M. — the chairman of Culture committee of the 
Ministry of culture and information RК, the doctor of historical sciences, the professor; Kaliev S.K. — the professor 
of the chair "General pedagogic" of Kazakh State Female Pedagogical Univerity, the doctor of pedagogical sciences, 
the professor, academic; Koygeldiev M.K. — the university chair of history and culture of Kazakhstan of PhD studies 
and magistracy Institute of KazNPU named after Abai, the doctor of historical sciences, the professor; Kusainov 
А. — the university chair of "Pedagogics and psychology" of the Kazakh State Female Pedagogical University, the 
doctor of pedagogical sciences, the professor; Kerimov L.K. — university chair of "Pedagogics" KazNpU named 
after Abai, the doctor of pedagogical science, professor; Iztileuova S.D. — the chief scientifi c collaborator of the 
research center Abai-studies under KazNPU named after Abai, the doctor of philological sciences; Kolumbaeva 
Sh.Zh. — professor of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences; Myrzakhmetov М. — the 
director of the research center Abai-studies under KazNPU named after Abai, the doctor of philology, the professor; 
Mutanov G.M. — the rector of the Kazakh National University named after al-Farabi, the doctor of technical science, 
the professor; Moldabekov Zh.Zh. — the academician of social academy, the academician of Academy International 
acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair "Cultural anthropology" of KazNU named 
after Al-Farabi; Naribaev K.N. — rector adviser of KazNPU named after Abai, the doctor of economics, the professor, 
the academician of NAS RK; Sarybekov M.N. — the vice-minister of education and science of RК, the doctor of 
pedagogical sciences, the professor; Smanov B.U. — the director of administration of KazNPU named after Abai, the 
doctor of pedagogical sciences, the professor; Sangylbaev O.S. — professor of KazNPU named after Abai, the doctor 
of  psychological sciences; Tabyldiev A.T. — the doctor of pedagogical sciences, the professor of KazNU named 
after Al-Farabi; Turikpenov Zh. — the professor of chair of pedagogical specialties in the Institute of magistracy 
and doctoral РһD candidacy of KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences, the academician 
of Academy of the humanitiesSholpankulova G.K. — the associate professor of a chair "National education" of 
KazNPU named after Abai, the candidate of pedagogical sciences; Kurmangali A.K. — the executive secretary.
Меншік иесі: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде 2010 жылдың 
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куəлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011

5
«Біздің  түпкілікті  мақсатымыз – интеллек-
туалды  ұрпақ  тəрбиелеп,  интеллектуалды  ұлт 
қалыптастыру»
Қазақстан Республикасы президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасы 
бойынша шетелдердің ең таңдаулы оқу орында-
рында білім алып, елімізде жұмыс істеп жүрген 
жəне əлі де болса, оқып жатқан жастардың 
басын қосқан мəжілісінде сөйлеген сөзі.

6
ҚҰТТЫҚТАУ
 Құрметті Серік Жайлауұлы!
Ата-бабаларымыз жігіт өмірін сараптағанда ер жігіттің басында алты асыл қасиет (зер-
де зейіні, өнер өрісі, тапқырлық, талап ерлігі, жігер күші, қайрат қаруы – білімі болсын), 
үш асыл мінезі (туған елі мен дос-жаранына адал болу, қара қылды қақ жарған əділ болу, 
қаймықпастан  турасын  айтар  шыншыл  болу)  мен  үш  ажырамас  серігі  (астыңа  мінетін 
тұлпарың болсын, шыңдалған ақыл-айлаң болсын, айнымас адал жұбайың болсын) болуы 
тұрғысынан  қарастырады  екен.  Осы  айтылған  қасиеттерді  қорытындылай  келе,  өміріне 
баға  береді.  Лұқпан  хəкім  «мың  жасадым»  деп  өмірге  разылығын  баяндағанда  пенделік 
маңдайына  бұйырған  жасын  емес,  тіршілікте  халқының  дамып,  өсуіне  қосқан  үлестерін, 
өзінің  маңдай  терін  сыпырып  тастап  істеген  еңбектерін,  қуаныш-қызықтарын,  той-
тамашаларын айтқан сыңайлы.
Той,  жақсылықтар – тəңірдің  қазаққа  сыйлаған  тамаша  кəде-жоралғыларының  бірі 
іспетті.  Шындығында  да,  өзіңнің  қамшының  сабындай  шолтаң  ете  түсетін  аз  дəуреніңде 
көңілің  орта  түсіп  емес,  абыройың  арта  түсіп  жүргеніңе  не  жетсін!  Сондай  қуаныштың 
иесі Сіз деп ауыз толтыра айта аламыз! Бүкіл өміріңізді мемлекетке қызмет ету ісіне арнап, 
нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік танытып, Қазақстанның жаңа толқыны үшін өнегеге 
айналудасыз десек артық айтқанымыз емес. Себебі, біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен 
біліктілігіңіз  əріптестеріңізді  тəнті  етіп,  олардың  арасында  зор  беделге  бөленіп  отырған 
жағдайыңыз бар. «Білгенге маржан, білмеске арзан» дегендей Сіз – ғылыми шығармашылық 
пен  жауапты  басшылық  қызметті  теңдей  қатар  ала  жүріп,  талапты  жандарға  білгеніңізді 
айтып, туған ел, жерге деген сүйіспеншіліктің арқасында парасатты, ұлтжанды рухтағы жа-
старды саналы да білімді етіп тəрбиелеуде өзіндік дара тұлғаңызды қалыптастырып келе 
жатқан  жансыз.  Əрі,  кемел  басшы,  дарынды  ұйымдастырушы  қырынан  да  көрінудесіз. 
Жемісті еңбек етіп, осы жолда маңдай терін төгіп жүрген санаулы алаш азаматтарының бірі, 
өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға екендігіңізді көпшілік жақсы біледі. Терең білім, 
берік ұстаным, іскерлік қабілет жəне үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы ұстаздан 
Қазақ  елінің  белгілі  де  беделді  азаматы,  ағартушы  ұстаз  деңгейіне  көтерді.  Мемлекеттік 
жоғары оқу орындары мен Министрлікте жауапты қызметтер атқардыңыз. Бұл күндері бар-
ша жұрт Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің ректоры, Қазақстан 
Республикасының көрнектi ғалымы, академик ретінде танып, мойындап отыр. Алды кең, 
жаны жомарт, қамқор да талапшыл басшы ретіндегі абзал қасиеттеріңіз адамды тəнті ет-
пей қоймайды, сонымен бірге атына заты сай ұлағатты ұстазсыз. Сондай-ақ, қатарыңыздың 
тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде 
көріп жүрміз. Осындай еңбек пен тұрмыс тəрбиеңіз, жеке басыңыздың кіршіксіздігінің өзі, 
отбасыңыз үшін ғана емес, қанаттас жүрген əріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор 
мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Қадірлі  Серік  Жайлауұлы!  Сізді  адам  өмірінің  айтулы  белесі – 60 жасқа  толу 
мерейтойыңызбен  шын  жүректен  құттықтаймыз!  Сізге  осындай  мерейлі  күні  шын 
көңілімізбен  зор  денсаулық,  қажымас  қайрат,  отбасыңызға  баянды  бақыт  тілейміз! 
Қоғамымыздың  игілігі,  білім  мен  тəрбие  беру  жолындағы  күрделі  де  жауапты  қызметте 
бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз! Шаңырағыңызда жəне туған-туыстарыңызда 
береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Изгі тілек білдірушілер:
«Ұлттық тəрбие» журналының редакция алқасы

7
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ЕЛ ЕРТЕҢІН ТƏРБИЕНІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫМЕН 
БАЙЛАНЫСТЫРА БІЛГЕН АЗАМАТ
Жаңартпа технологиялар жəне
 білім беру мазмұнын ҒЗИ-ның директоры, 
профессор, Қазақстан 
Жоғары Мектебіне еңбегі сіңген қызметкер
Нуриев М.А.
түседі. Көкейіндегі көксегендерін тəуелсіздік 
туындатқан мүмкіндіктерді тəрбие мен білім 
беру  жүйесіне  сыналап  кіріктіруге,  пай-
далануға барын салып жүрген абзал азамат-
тың  тіл,  дін,  дəстүр,  тарих,  атамекенді  əр 
адамның  ұлттық  қасиеттерінің  жүйелі  си-
паттамалары  ретінде  қарастыруы – аталған 
университет қабырғасында елімізде тұңғыш 
рет  «Ұлттық  тəрбие»  кафедрасын    ашып, 
2009-2010  оқу  жылынан  бастап,  барлық 
маман дықтың  оқу  бағдарламасына  ғылыми 
тұрғыға негізделген «Ұлттық тəрбие» пəнін 
енгізуінен байқалады. Бұл – ұрпақ келешегін 
ойлаған  нағыз  ұлт  жаңашырының  шешімі. 
Түгелдей тереңдетіп, бұдан да толық етіп ба-
яндауды келер күндердің еншісіне қалдырып 
қоймай, өзінің тікелей басшылығымен «Ұлт-
тық  тəрбие  пəнінің»  оқу  бағдарламасы  мен 
тұжырымдамасын жасатып, арнайы оқу құ-
рал дарын («Ұлттық  тəрбие» /таңдамалы 
лекциялар  курсы/, «Ұлттық  тəрбие» /салт-
дəс түр, əдет-ғұрып негізінде/, «Ұлттық тəр-
биенің  ғылыми  негізі», «Ұлттық  тəрбие-
нің  этика-эстетикалық  негіздері», «Ұлттық 
тəрбие» /салауатты  өмір  салты/, «Ұлттық 
тəрбие жəне дін», «Ұлттық тəрбие» /ұлтжан-
дылыққа  баулу/)  дайындатқызып,  бұл  күн-
дері  мұндай  игілікке  зəру  болып  отырған 
оқы тушылар  мен  оқушылардың,  жалпы 
оқыр ман ның қолына ұсынып отыр.
 Серік Жайлауұлы бұрынғы да, бүгінгі де 
қоғамдық жүйелерде тұтқа болар қағидаттар 
мен ұстанымдарды сараптай келе, кісіліктің 
келбетін  кескіндейтін,  мəңгілік  мəнге  ие 
адами  құндылықтарды  Тəңірі  деп  таныған 
Тəрбиенің  ұтқыр  ұстанымы  мен  түпкілікті 
мақсаты  биігінде  ұсынды.  Ұтқыр  ұстаздың 
Бұл  күнде  танымал  ардақты  азамат,  ҚР 
ҰҒА академигі, ағартушы ғалым, ұстаз, пе-
дагогика  ғылымдарының  докторы  Серік 
Жай   лауұлы  Пралиевтің  есімі  жоғары  білім 
беру саласында қызмет істейтін ұстаздар қа-
уымы  мен  студент-жастаржұртшылығына 
етене  жақын  есім.  Əсіресе,  соңғы  жылда-
ры  өзі  басқарып  отырған  еліміздегі  басты 
оқу орны Абай атындағы Қазақ Ұлттық пе-
дагогикалық  университеті  атқарып  жатқан 
ауқымды  қыруар  жұмыстарды  осы  өресі 
биік  ерен  тұлғаның  еңбегінсіз  көз  алдына 
елес тетумүмкін  емес.  Тарихтың  жасаушы-
сы  халық  десек  те,  сол  халықтың  алдыңғы 
шебінде дер мезгілінде атойлайтын біліктісі 
мен білектісінің табылуы да артық айғақты 
қажет етпейтін бұлтартпас ақиқат.
Биыл  Секең  сынды  осындай  тағылымды 
тұлға,  біртуар  азаматтың  туғанына 60 жыл 
толғалып отыр.
Университеттің  өркендеп  дамуына  өл-
шеу сіз  үлес  қосып,  артында  талай  ұрпақ 
зер десінде  өшпестей  із  қалдырып  келе  жат-
қан  ұлағатты  тұлға  мерейлі  жасқа  да  келіп 
жетті.  Осынау  жасқа  жеткенше  талай  игі  іс 
атқарып, ел қажетіне жарап келе жат қан аза-
маттың еңбек жолы өнегеге толы десем артық 
айтқаным  емес.  Еткен  еңбегі  ел  келе шегіне 
сіңірген  жақсылығын  санамалап  отырмай, 
бір ғана Елбасының Ұлттық тəрбиені көтеру 
идеясына  орай  қазіргі  таңда  өзі  басқарып 
отырған  оқу  орынында  жасалынып  жатқан 
соны ізгі істерін айтып өтуді жөн көрдім.
Секеңнің дүниетанымы мен өмірлік ұста-
нымында  жаһандану  дəуіріне  сай  қазақтың 
ұлттық болмысына тəн құндылықтар жүйе-
сінің көрініс табуы ерен тұлғасын ерекшелей 

8
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ұшқыр ойы мен тындырымды тəжірибесінен 
туындаған көрегендігінің көріністерін бүгін-
гі  білім  мен  тəрбие  беру  ісінің  көкейкесті 
мəселелерінің  ол  көтерген  мəселелермен 
үн дес тігінен  байқауға  болады.  Мəселен, 
про фессор  С.Жайлауұлы: «Ұлттық  тəрбие 
тура лы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік 
қа жет тіліктен  туындап  отыр.  Қазақ  елінің 
əлемдік  кеңістікте  өз  жолын  таңдауы  əрбір 
қазақтың  емін-еркін  өмір  сүруінің  кепілі. 
Ол  сөзсіз  ұрпақтар  қамы  деген  ұғыммен 
үндеседі», - десе,  бүгін  бұл  тұжырым  ұлт-
тық  тəрбиенің  барша  қазақстандықтарды 
ұйыстырушы  қабілетін  мейлінше  күшейту 
арқылы оны барлық отандастарымызға ортақ 
рухани  құндылыққа  айналдыру  міндетіне 
ұласып отыр. Сол сияқты, ойшылдың: «Ұлт-
тық  тəрбиенің  ең  маңызды  тұсы  адамды 
ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде əрбір жеке 
адам  ең  алдымен  өзінің  белгілі  бір  ұлттың 
мүшесі  екенін  іштей  терең  сезініп,  санада 
сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін ба-
рып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын 
белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек», - де-
ген ұстанымдарының бүгінгі білім беру ісінде 
етек  алып  кеткен  жаттандылықтан,  жалаң 
ақпаратпен  əуестенушіліктен,  аждаһадай 
төніп  келе  жатқан  жаһанданудың  араны-
нан  сақтандыруға  бағытталғанын  айқын 
аң ға руға  болады.  Əлемдегі  аса  ауқымды 
құбы лыстардың  бірі – жаһандану  дəуірінің 
білім жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан 
кезеңінде – адамзат  ұрпағының  тағдырына 
деген  алаңдаушылығы  мен  жауапкершілік 
сезімдері  толастаған  емес.  Бұл  жаппай  жа-
һан дану  процесінің  құрбаны  болмау  үшін 
–  бабалары  мирас  етіп  қалдырған  рухани-
мəдени  қазыналарын  қастерлеп,  өскелең 
ұрпақ тəрбиесіне жаратып отыру қажет екені 
айдан анық.
Ұлт болашағы – жас ұрпақтың қамын əуел 
бастан  ойлаған  əр  халық – өне  бойындағы 
барлық  асыл  қасиеттерді  ұрпағының  сана-
сына сіңіріп, өркениет мəдениетінде теңдесі 
жоқ рухани қазынасын сақтай білген.
Демек, білім мен ғылымның дəуірі болған 
ХХІ ғасырда əрбір ұлт өзін əлемнің алдыңғы 
қатарынан көруі үшін ұрпақ тəрбиесіне аса 
мəн  беретіні  сөзсіз.  Кімнің  білімі  күшті, 
əлем  соның  қолында  десек,  өзге  халықтар 
соның  тілінде  сөйлейді.  Мінеки,  қазіргі 
кездің шындығы осы. Ал, өркениеттің көші-
нен  қалмай,  əлемнің  бəсекеге  қабілетті  ал-
дыңғы 50 елі  қатарынан  көрінгісі  келетін 
қазақ  елі  үшін,  əрине,  ұрпақ  тəрбиесі  аса 
маңызды күн тəртіпте тұрғаны анық. Ұрпақ 
–  ұлттың  айнасы.  Таратып  айтар  болсақ, 
оқытушыны  айна  деп  қарауымызға  бола-
ды.  Себебі,  одан  оқушы  көрінеді,  қандай 
оқы тушы  болса,  сондай  оқушы  көрінеді. 
Ал  оқушы  мен  оқытушы – ұлттың  айнасы. 
Олардан тұтас ұлт көрінеді, ендеше, ұлттың 
келбетін  жақсартамыз  десек,  тəрбиеге  баса 
мəн  беру  керек.  Осының  төңірегінде  біздің 
болашағымыз  қандай  тəрбие  алып  жатыр? 
Кімдер тəрбиеленіп жатыр деген сауал елінің 
болашағы үшін алаңдайтын əр азаматты ма-
залайтыны анық. Сондай елдің болашағы де-
генде жай қарап отыра алмайтын азаматтың 
бірі де, бірегейі –Серік Жайлауұлы Пралиев.
Бүгінде білім мен тəрбие беру ісін бүкіл-
халықтық іске айналдыру мəселесі көтеріліп, 
осыған байланысты біртұтас инновациялық 
технопарктерді құру жұмысы қолға алынып 
жатқанда,  Секең  де  жай  қарап  отырмай – 
Ұлттың  сапалық  құрамын  арттыру  тек  қан 
тазалығын  жақсартумен  ғана  шектелмейді, 
рух  тазалығын  тəрбиелеу  арқылы  да  биік 
мұратқа жетуге болатынын алға қойып отыр. 
Ал,  оның  түпкі  мақсатында  инновациялық 
терең білім алу қажеттілігі мен технология-
лар  əлемінде  қабілеттілік  таныту  сұранысы 
мен  мұндалап  тұр – деп  үн  қосып,  мұны 
жүзеге  асыру  үшін  тың  идеялары  мен  бар 
күшін  аямай  салуда.  Жоғары  білім  саласы 
халықаралық ең биік талаптарға сай болуға 
тиістігіне  орайжоғары  оқу  орындарының 
əлем  университеттерінің  рейтингтеріне  кі-
ру ге  талпынуы  қажеттігі,  жастар  бойында 
қазақстандық  отансүйгіштіксезімін  қалып -
тастыру  керектігіне  байланысты  қалып тас-
қан жаңа ізденістер осы аталып отырған уни-
верситетте айрықша серпіліс танытуда. Бұл 
сауал төңірегіндегі ол кісінің тың ізденістері 

9
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ұлт  болашағының  келешегін  ойлап,  қазақ 
хал қының  төл  мəдениетін  ғаламдық  өрке-
ниет дəрежесіне көтеру мақсатында ұлттық 
құн дылықтарымыздың  өң  бойында  жи нақ  -
талған  ұлттық  тəлім-тəрбиені  көтеру  жө-
ніндегі  ой-пікірлері  мен  көзқарастарынан 
көрініс  тауып  отыр.  Осы  мазмұнда  жазған 
Серік  Жайлауұлының  «Білім  беру  сапа-
сы  жəне  оқу  үдерісін  жетілдіру», «Білім 
беру траекториясын анықтау жəне оқу про-
цесіндегі  реформаны  тереңдету», «Ұлттық 
тəрбиені  дəріптеу – бүгінгі  күн  талабы», 
«Ұлттық  тəрбие», «Ғаламдық  жаһандану 
жəне  ұлттық  білім», «Ұлтжандылыққа  ұр-
пақ ты  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  негізінде 
тəр биелеу  мəселелері», «Ырым-тыйымның 
тəрбие  үрдісіндегі  рөлі», «ЖОО-да  “Ұлт-
тық  тəрбие”  пəнін  ендірудің  ұйымдастыру-
педагогикалық аспектілері» сияқты ғылыми, 
публицистикалық мақалалары мен авторлар 
бірлестігіндегі  «Ұлттық  тəрбие  (Ұлттық 
тəрбиенің  этика-эстетикалық  негіздері)», 
«Ұлт тық  тəрбие  (Салт-дəстүр,  əдет-ғұ рып 
негізінде)»  атты  оқу  құралдарының  та-
қы рыбы  ауқымды,  мағынасы  терең,  соны 
идеяларға  толы  еңбектер  болып  табыла-
ды.  Бұған  дейін  де  ғалымдық  та,  ұйым дас-
тырушылық қырынан да танымал азамат тың 
болашағымыздың  рухани  дамуын  дұ рыс 
жолға қою мақсатында істеп жатқан жұмыс-
тары мен үлкен азаматтығы да ұрпақ қа ұмы-
тыл мас өнеге.
Профессордың  сондай  кейінгі  ұрпаққа 
өне  ге болар рухани мұрасының өміршеңдігі 
туралы  сөз  қозғағанда  осы  тəріздес  мысал-
дарды  көптеп  келтіруге  болады.  Ұлттық 
тəрбиені белсенді түрде көтеріп, іске асырып 
жатқандығының  тағы  бір  көрінісі,  ұлттық 
тəрбие мəселелерін зерттейтін жəне насихат-
тайтын ғылыми-көпшілік басылымдарының 
ауқымының  тарлығын  ескеріп,  ұлттық  тəр-
бие мəселелерін көпшілікке, ұстаздар қа уы-
мына,  жалпы  ғылым  саласындағы  қыз мет-
керлерді  əрқашан  ақпараттандырып  отыру 
мақсатында 2009 жылдың  наурыз  айынан 
бастап республикалық ғылыми-көпшілік ба-
ғыт тағы  «Ұлттық  тəрбие»  атты  журналдың 
жариялануын қолға алып, дұрыс жолға қоюы. 
Мұнымен  шектеліп  қалмай,  ұрпақ  тəрбиесі 
туралы  толғандырған  мəселелер  мен  ой-
пікірлерін  журнал  беті  арқылы  көпшілік 
қауыммен де үзбей бөлісіп отыруы ұлтым де-
ген ұлт жаңашырының болмысын тереңдете 
түседі.  Секең  журналдың  мақсатына  ұлт-
тық  тəрбие  мəселелерін  көпшілік  қауымға, 
ғылым саласындағы қызметкерлер мен сту-
дент  жастарға  насихаттай  отырып,  қазақ 
халқының  ұлттық  қағидаларын  бүгінгі  күн 
тұрғысына  сай  ұлттық  құндылықтарын  қа-
лыптастыруды  міндеттеді.  Негізгі  бағы-
тында  ұлттық  идеяның,  намыстың,  рухтың, 
салт-сананың,  ұлттық  бизнестің  қалып та-
суынан, жанашыр ұлт тұлғаларының саналы 
өмірінен, ұлттық тағылым жайлы мағ лұмат 
беруін,  олардың  əдет-ғұрыпты  дə ріп тейтін 
жəне  танымдық  материалдармен  əр  жеке 
тақырыптық  тарауларда  кеңінен  қарас-
тырылуы көзделген. Бүгінгі таңда бұл басы-
лым  «Ұлттық  тағылым», «Ұлттық  намыс», 
«Ұлттық  тұлға», «Салт-дəстүр», «Ұлттық 
бизнес», «Отбасы тəрбиесі» сияқты тұрақты 
айдарлар көлемінде мақалалар жариялайды. 
Журналдың одан ары жемісті жұмыс жасау-
ын қамтамасыз етіп отырған ректор кезекті əр 
нөмірін үзбей қадағалап, Республикамыздың 
түкпір-түкпіріне  таралуына  жағдай  жасап 
отыр.
Қазіргі  Қазақстандағы  тұрақтылық  пен 
бейбітшілік  келісім  жолын  баянды  етуде, 
мемлекетімізді  жəне  оның  ұлттық  қауіп-
сіздігін  одан  əрі  нығайтуда,  экономи каның 
тұрақты  дамуы  мен  азаматтардың  əл-
ауқатының  артуын  қамтамасыз  етуде  ұлт-
тық  тəрбиенің  алатын  орны  ерекше.  Бұл 
де ге німіз – ұлтшылдыққа  қарай  бет  алу 
емес,  қазақ  халқының  мəнді  де,  сана лы 
тəр би есін  Қазақстанда  білім  алатын  басқа 
ұлт  өкілдеріне  насихаттау,  қазақ  халқы-
ның  мəнді  де,  маңызы  терең  тəрбиесін  тү-
сіну  арқылы  қарым-қатынасты  нығайта 
түсу.  Еліміздің  егемендігін  алғаннан  ке-
йін гі  əлеуметтік  өмірдегі  салауаттандыру 
мақсатындағы  жұмыстың  бір  қыры,  ұлты-
мыздың ғасырлар бойы кəдесіне жарап кел-

10
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ген  тəлім-тəрбие  мазмұнын  қазіргі  жастар-
ды  оқыту  мен  тəрбиелеуде  пайдалана  білу 
қажеттілігін  нақтылау.  Жалпы  білім  бере-
тін  ұйым  түлектері  қоғамнан  өз  орында-
рын  табуға,  қоғамдық  дəстүрді  жалғастыру 
дайындығына оларды қалыптастыру үрдісі-
нің басты назарында ұлттық тəрбиені нақы-
ш тау жолын қою.
Бір əтеген-ай дейтін жағдай, мұндай атал-
мыш іс-шаралар тек академик С.Ж.Пра лиев-
тің  басшылығымен  өзі  басқа рып  отыр ған 
Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  уни вер ситеті 
аясында  ғана  атқарылып  жатыр.  Ұлттық 
тəр биені  қазақ  мəдениеті  мен  əлем  өрке-
ниеті  негізімен  ұштастыра  отырып,  оқу 
үр ді сіне  енгізудегі  университет  бас шы сы-
ның  ұсынған  идеясы  бүгінгі  таңда  оқы-
тушылар  мен  білім  алушылардың  жəне 
жал  пы халықтың қызығушылығы мен риза-
шы лығына бөленуде. Ел ертеңін ұлттық құн-
дылықтар  негізімен  байланыстырған  Серік 
Жай лауұлының  еңбегі  халық  тəрбие сінде 
өз  мəйегін  табарына  сеніміміз  мол.  Енді, 
осындай  игі  істердің  Республика  көле мінде 
дамып,  əсіресе,  білім  беру  орындарында 
жалғасын  табуы,  халыққа  ұлттық  тұрғыда 
тəрбие  беруге  жұмылдырар  күш  болып  та-
былары анық.
Дəстүрлі  ұлттық  тəрбие  қозғалысын  бар 
болмысымен,  зеректігімен  пейілді  қолдап, 
сол  соқпақтың  ай  қасқа  айдын  жолға  айна-
луына  күш  салып  келе  жатқан  кісіліктегі 
ерекше ел ағасы ретінде танылып отыр. Се-
кең – керек  заманда  туып,  керекті  шаруаға 
ат  қосысып,  келелі  іс  тындырып  отырға  ел 
ардағы  деуіміз  «Азаматқа  халықтың  риза-
шылығынабөленгеннен  артық  бақыт  жоқ» 
деген  ұстанымының  айғағы  іспеттес  десек 
əбден орынды болар еді.
Резюме
Статья посвящена С.Ж.Пралиеву. Его роли в становлении национального воспитания в 
условиях  современной  глобализации.  Показана  рольнациональноговоспитаниявобразова-
тельномпроцессе.
Summary
The article is devoted S.Zh.Pralievu. His roles in becoming of national education in the 
conditions of modern globalization. The role of national education is shown in an educational 
process.
Адамның адамшылдығы – ақыл,
ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
                                                                         Абай

11
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет