Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫ



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата03.03.2017
өлшемі2,72 Mb.
#5518
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫ
Жаңартпа технологиялар жəне 
білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институтының
 ғылыми істер жөніндегі инспекторы, 
педагогика ғылымдарының магистрі
Садыкова А.Е.
Ел аузында ерлігі – аңыз, аты – жыр 
Халқымыздың мақтанышы, батыр ұл
Сырбай Мəуленов.
Бауыржан Момышұлы туралы көп нəрсе-
лер жазылып та, айтылып та жатыр. Олардың 
ұзын  саны  ғылыми-зерттеу  жұмыстарынан 
шағын  естелік  əңгімелерге  дейін  толассыз 
тізіліп кете барады.
Ал  менің  бұл  жерде  жазбағым, “мен  та-
ныған  Бауыржан”  туралы  болмақ.  Бауыр-
жан  туралы  жазылған  жəне  өзі  жазған  кі-
тап тарын  көп  оқыдым.  Оқыған  сайын,  ба-
бамды  жаңа  қырынан  тани  түстім.  Өзгеге 
біт пеген  ер  тұлғасы,  шаң  жұқпаған  аппақ 
ары, жағымпаздық пен тоғышарлыққа жаны 
төз бейтін  қаталдығы  жəне  қара  қылды  қақ 
жарған  əділет  пен  шындықтың  алмас  қы-
лышы таныла түседі. Жанына терең үңіл ген 
сайын, оның жұмбақ қыр-сыры да күр делене 
түскендей.
Бауыржан  туралы  жазылған  келіні  Зей-
нептің  “Шуақты  күндер”  деген  кітабын 
оқыған  кезімде  ондағы  оқиғалардың  əсері-
нен  ұзақ  уақыт  шыға  алмай  қалдым.  Көз 
алдымнан  Бауыржан  атамыздың  бейнесі 
кетпей  қойды.  Үнін  де  естігендей  болдым. 
Жандүниемді ерекше бір сезім баурап алды. 
Өзім  достарымның  арасында  жүрсем,  кө-
ңілім алыста, бабаммен бірге ғарышта, Ала-
таудың  асқарында,  айбатты  бабам  мен  ина-
батты келінінің қастарында, адалдықтың ай-
дынында жүргендей сезіндім. Ол кісі туралы 
жазылған  дүниелерге  ден  қойдым.  Өзінің 
жазғандарын  оқыдым.  Тереңіне  бойлап,  та-
лай  жақсы  мен  жаманды  ойлап,  үлгі-өнеге 
алғандай,  көңілім  өсіп  толғандай  болдым. 
Қиналсам  да,  қуансам  да  оның  сөздерінен 
жаныма сая таптым. Осыншама биік те дара 
тұлғаны сомдаған қандай құдірет екен деп те 
толғандым!
Білген сайын көбірек мен өзіңді,
Білмедім əлде кімге теңерімді.
Сезіндім, батыр баба, сонда ғана
Теңдесі жоқ ұлылық екеніңді.
Алатаудай биіксің, айбаттысың,
Шойыннан құйылғандай қайраттысың.
Көкшетаудай сұлусың, ажарлысың,

78
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
Бұлақтай жаның таза, ғажапсың тым.
Батырлық бойыңда оттай жайнайтұғын,
Ақындық бар бойыңда қайнайтұғын.
Тектілік бар сөзіңде жасықтардың
Намысын егеу болып қайрайтұғын.
Айналдырды атыңды аңызға тіл,
Əр қимыл, əр сөзіңде маңыз жатыр.
Азаматтық тұлғанды ардақ тұттым,
Ұран болған ұлтына нағыз батыр, -
деген жыр шумақтары тіліме еріксіз орал-
ды. “Ұшқан ұя” кітабынан ұясымен таныс тым, 
тəрбиенің алғашқы бастауымен табыс тым.
Бауыржан атамыз дүниеге келіп, ағайын-
жекжат  құтты  болсынға  жиналып,  арты 
шіл деханаға  ұласыпты.  Той  соңында  Имаш 
атасы алақан жайып, ел қарияларынан бата 
сұраған екен.
- Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні 
өзіңдікі,-десіпті  ақсақалдар.  Сонда  Имаш 
атасы:
Алатаудың қыраны мол еді -
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді -
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді -
Шырағы болсын, құлыным.
Ана тілегі оң еді -
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді -
Сыңары  болсын,  құлыным, - деген  екен. 
Жарық  дүниеге  келгеніне  екі-үш  ай  бол-
ғанда  шешесі,  Разия  баланы  күн  көзіне 
шы ғарып,ерте  көктемде  ағаш  отырғызып 
жүрген, Имаш атасының алдына əкеліпті.
- Атасының қолын ұзартып, қолғабыс бе-
руге келді, - деп шешесі ізетпен иіліп. Ата-
сы  еміреніп,  баланы  алақанына  алады  да, 
қолына жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем - шіл болма.
Бəрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне сəбиді 
қайтарып  берген  екен.  Атасымен  алғашқы 
дидарласуының  құрметіне  деп,  алғашқы 
өсиет  өмірлік  өнеге  болсын  деп  əкесі  сол 
күні кешке мал сойып ауыл ақсақалдарының 
басын қосып ты.
Міне,  осы  үзіндіде  ұлылықтың  баста-
уы жатқан жоқ па?! «Ақылды қария - ағып 
жат қан  дария», - деген  ғой  халқымыз.  Сол 
сияқты  «Баталы  құл  арымас,  батасыз  құл 
жарымас», - деген  де  мақал  бар.  Алғашқы 
өсиет өмірлік өнеге болсын деген əке тілегі 
қабыл  болды  деген  осы  да.  Бауыржандай 
дара  тұлғаның  кіршіксіз  жаны,  арындаған 
қаны, ұлтым деген ұлы сезімі, мұқалмайтын 
берік төзімі ақылды ата мен əкеден қалған. 
«Сабағы  жақсы  жемістің  дəні  де  жақсы», - 
деп бекер айтпаған ғой.
Үйге кіргенде əрқашан үлкендерге сəлем 
беруді əкесі Бауыржанға сонау бала кезінен-
ақ  үйреткен. «Əкем  маған  ата-тегіміздің 
аты-жөнін  үйретуші  еді.  Ел  танудың  басы 
ең  алдымен  осылай  басталатынын  ол  кез-
де кім білген», - деген оның сөзінен əкенің 
шуақты  даналығын,  адамгершілігін,  пара-
сатын  танып  тұрмыз  ғой. «Əке  көрген  оқ 
жонар» деген осы емес пе! Азаматтыққа ат-
танар жолдың алғашқы қадамы осы жерден 
басталса керек.
«Көп  көріп,  көп  істеп,  естілердің  айтқан 
сөздерін  ескеріп,  есінде  ұстаған  адам  өзі 
де  есті  болады», - деп  ұлы  Абай  атамыз 
айт қандай,  дана  болып  туу  міндетті  емес, 
білмекке  құмар,  талапты  бала  болса,  жетіп 
жатыр.
Қазағы,  елі  пір  тұтқан  батыр  атамыздың 
ай бынды  тұлғасын  сомдаған  ғұлама  əжесі, 
əке-шешесі,  ауылдың  ақсақалдары.  Иə, 
осылар  өсиет  айдынында  жүздірген,  жақсы 
мен жаманды білдірген, адалдықты пір тұт-
қызған, өмірден терең сыр ұққызған. Батыр 
бабамыздың өзін тыңдап көрейікші!
«Кейде менің өнеге алған, тəлім үйренген, 
дəріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға 
бататыным  бар.  Сондай  шырын  шақтарда 
ең алдымен ата-аналарымның бейнесі елес -
тейді.  Солардың  уағызы  басымырақ  бола 
береді. Өйткені, есейе келе көрген көп ұстаз-
дарым  талай-талай  тағылымға  бой  ұр ғыз-
ғанмен,  солардың  бірде-бірі  нақ  өзім нің 
əжемдей, əке-шешем мен ауылдың ақса қал-
дарындай  өсиет  айдынында  жүздіре  алған 
жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ де-

79
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
сем  ардақты  ұстаздарымның  көңіліне  кел-
мес. Бұл сезім өзімнің қаныма тартқанымнан 
немесе  жақыныма  сезімімнің  бөлектігінен, 
əлде  ата-анаға  деген  парызымның  молды-
ғынан  ғана  туып  отырған  жоқ.  Өмір  шын-
дығының  өзі  ақиқатқа  бас  ұрары  даусыз», 
-  дейді.  Жүрек  қылын  дəл  басып  тұрған 
сөз ге қосымша не айтарсыз! Иə, батыр ата-
мыз  дүние  тарихы  жайлы,  жаратылыс  ше-
жіресі  жайлы,  жан-жануар  болмысы  жай-
лы  алғашқы  мағұлыматты  əжесінен  естіді. 
Ненің жақсы, ненің жаман екенің үйреткен, 
ар заңының, əдептің, əдеттің алғашқы тара-
уларын  таныстырған  да  ең  алғаш  ата-ана-
сы, ағайыны, туғаны болыпты. Үлкендердің 
айтқанынан,  əжесінің  əңгімелерінен  адам-
зат  өресінің  өрісін  тани  берген  екен  ғой. 
Ұстаздарынан білім алды.
Ал  өмірдің  өзі  ше?  Ғұмырының  ішінде, 
толқымалы  тоқсан  сырлы  кезеңде  кездесіп 
дидарласқан, тағдырлас болған адамдар ше? 
Көбік  шашқан  өмір  дарияның  бір  тол қы -
нынан  екінші  толқынына  лақтырған  уақыт 
ше?  Осындай  уақыт  толқысы  ғана  əже сі-
нен,  ата-анасынан,  үлкендерден  үйренген 
сөз  дердің  байыбына  терең  бойлата  алған. 
Əже сінің  «осылай»  болған  екен  деген  сөз-
дері  бірде  ғасырларың  шыңырауына  сапар 
шектіріп,  бірде  құс  қанатындай  демеп  ілге-
рі  ұмтылдырып,  биікке  самғатқан.  Ата-
анаға, ауылындағы қадірлі қарттарына деген 
сүйіспеншілік,  аяулы  сезім  ұлғая  келе  хал-
қына деген сүйіспеншілікке ұласты. Халқын 
сүйген адам оның салтын да сүйеді емес пе?
Қазақ салты адамгершілік жолы,
Бабаларымыздың  жүріп  өткен  қасиетті 
жолы.
Ұлтын сүйген ұлы тұлға,
Батыр  бабамыз  Бауыржан  да  құптаған 
оны.
Аты аңызға айналған Бауыржан бабамыз 
маңсапқорлық,  екі  жүзді  жəдігөйлік,  тоғы-
шар көлгірліктерге қарсы ұстанар əділеттің 
алмас қылышы болып таныла береді. Жəне 
ол  əділет  пен  шындықты  жақтап,  соның 
жолында  шайқасып  өтті.  Ол  бейбітшілік 
уақытта  да,  сұрапыл  соғыста  да  өтірікке 
аяқ  баспай,  өтірік  айтушыны  да,  өтірікті 
де  құптамай  алмас  қылыштай  кесіп  тастап 
оты рады. Əр кез шындықты айтып, кім бол-
са,  ол  болсын,  ащы  шындықты  мойында-
тып,  мақылдатуы  кейбір  «үлкен  кісілерге» 
жақпай  қалды  да.  Сол  себепті,  оның  мінезі 
мен  турашылдығынан  сескеніп,  оның  ұлт-
жандылығын  ұлтшылдыққа  шатастырып, 
оған  Совет  Одағының  Батыры  атағын  да 
қимады.  Бірақ  Бауыржан  бұл  награданы 
қажет  етпеді.  Сол  жайлы  өзі  де: «Мен  на-
града  қуғаным  жоқ.  Ешкімнен  де  награда 
сұрағаным  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысында  мен 
өзімнің  солдаттық,  азаматтық  борышым-
ды адал атқардым. Мен награда үшін емес, 
еліміздің  тəуелсіздігі,  халқымыздың  на-
мысы  үшін  соғыстым.  Маған  халықтың 
өзіме  деген  сенімі  награда.  Ең  жоғары  на-
града», - деп  шындықты  жазады.  Дəл  Бау-
ыржандай  ешкім  шындықты  айта  алмаған. 
Сондықтан  да  ол  кісімен  жүздесіп,  сөзін 
есту үшін баратындар, жетпей тұрып, ар со-
тынан өтеді. Қиналады. Кінəсін іздеп, шарқ 
ұрады.  Осыған  байланысты,  кінəсі,  міні 
бар  адамдар  жүзі  жанып,  ол  кісінің  қасына 
жолай  алмаған.  Осыдан-ақ  оның  мінезінің 
қаттылығын, қаталдығын байқаймыз. Ал ол 
өзі  жақсы  көріп,  сүйген  адмдарға  жанынан 
келісті ат тағып, солай атайды. Оған ренжіп 
жатқан ешкім жоқ. Керісінше мақтан тұтып, 
«сол кісі солай атайтын еді» деп жүреді.
Бауыржан  Момышұлы – өзі  тұрмақ 
өзіне-өзі  бағынбайтын  табиғаты  тəкаппар 
жаратылған өзгеше жан.
«Бəленше  түгеншенің  ерлігін  қайталады 
дейтін жаттанды сөз бар. Бұл түбірімен қате 
түсінік. Ерлік – еліктеу емес. Есеппен ерлік 
жасалмайды.  Ерліктің  дайын  рецебі  жоқ. 
Өйткені,  бір  ұрыс  екіншісіне  ұқсамайды. 
Əрбір  шайқастың  өзіндік  сипаты  бар,  ұрыс 
өтетін  жері,  уақыты,  мақсаты,  басталу-
аяқталуы,  тағы  басқа  факторлары  жағынан 
ешқашан  бірін-бірі  қайталамай,  жеке-да-
ра  жасалады.  Жауынгер  ұрыс  үстінде  ерлік 
көрсеткенін  білместен,  ерлік  көрсетіп 
жүрмін деп əсте ойламайды. Ол өз міндетін 
қайткенде  адал,  абыроймен  орындап,  арна-

80
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
мысына дақ түсірмейді, жолдасын жауға та-
стамауды ойлап əрекет-қимыл етеді. Ерлікті 
сырт көз көреді, ал батырлықты өз бойынан 
көретін  кісінің  адамдық  жаратылысында 
жалғандық бар», - дегендей батыр, айбынды 
бабамыздың ерлігін сырт көз тез байқап, əділ 
баға берді. Бірде оның ерлігіне тəнті болған 
Чистяков  сүйсінгенінен: «Сіз  Багратионға 
да, Чапаевқа да ұқсайсыз», - дегенде, «Жоқ, 
жолдас генерал, мен тек Момышұлына ғана 
ұқсаймын», - деп  жауап  бермей  ме?  Бұл 
мысалдан  Бауыржанның  қайталанбас,  ерен 
тұлғасын байқаймыз. Ол тек фамилиясынан 
қаншама  таяқ  жеген  десек,  батыр  бабамыз 
сескенбестен  сол  заманның  өзінде  өзінің 
фамилиясын  өзгертпегенінің  өзі  бабамызға 
ғана тəн ерлік емес пе?!
Батырдың  сыртынан  атағын  пайдалану-
шылар  да  болған.  Бірде  Бауыржан  отыр ған 
ма шинаның шофёрін өтірік, жалған Мо мыш-
ұлы  алдап,  ақшасын  төлемей  тегін  қы ды-
рыпты.  Сол  жерде  ести  салған  шын  Бауыр-
жан  қолма-қол  «жалған  Бауыржанның»  бер-
мей кеткен ақшасына қосып өзінікін де төлеп, 
бармақ  жеріне  əкеліп  тастағанына  ал ғысын 
айтып түсіп қалады. Тағы бірде Момышұлына 
кезексіз  пəтер  алып  беріпті.  Əлгі  пəтердің 
иесі солдаттың қартайған ана сы екен. Жылап 
отырған  қарт  ананы  кө ріп: “Солдаттың  ана-
сы – Отанның анасы, бұл пəтерді дереу өзіне 
қайтар”, - деп  кілтті  анаға  қайырып  берген 
екен. Бұл жерде өзінің атағын пайдаланып, бар 
жақсыны  тек  өзі  алып  үйренген  мансапқор, 
атаққұмарлар  сияқтылардан  жеке  дарала-
нып тұрған баба мыздың азаматтық бейнесін 
айқын  бай қаймыз.  Бүкіл  елі  батырлығына 
бас  иіп,  қадір  тұтқан  Бауыржан  атамыз: 
“Мен – оттың  ұшқыны,  судың  тамшысы 
ғанамын”, - деген ғой. Артық сөйлеп аспаған, 
қиындықтан  қашпаған,  шындықты  айтудан 
саспаған, əр кез əділдікке бастаған, ұнамаған 
адамын сұсты жүзімен жасқаған дара тұлға, 
тереңіңе үңілген сайын жанымды малынды-
рып барасың алтын нұрға, ұқсатамын өзіңді 
тек қана биік шыңға дегім келеді!
Бірде ол: “Мен дүние жиған жоқпын, бірақ 
кедей  емеспін.  Менің  қазынам – тірнектеп 
жаз ған қағаздарым. Халықтың кəдесіне жа-
рап,  біреуге  өнеге  болып  жатса,  одан  басқа 
байлықтың керегі не! “ - депті.
Иə, батыр бабамыз шексіз бай адам! Өзінің 
алып  жүрегімен,  қара  қылды  қақ  жарған 
шыншылдығымен,  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра 
болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен 
бай болатын.
«Кейбір  жазушылар  жазғанда  олардың 
оғы  көбінесе  лағып  кетеді,  көрсін-көрмесін 
да лақ тап ата береді. Көздеген нысанаға тиіп 
жатыр ма, жоқ па, ойлап бас қатырмайды». 
Ол кісі болса, ол – мерген. Нысана көрмесе 
атпайды. Білмесе жазбайды.
Батыр  бабам!  Сендей  ұлы  тұлғанын 
ұмытылуы мүмкін емес!
Қаламыңнан туған «Артымызда Москва», 
«Бір  түннің  тарихы»,«Тенерал  Панфилов» 
сияқты кітаптарыңның өзі неге тұрады! Бала 
Бауыржанның  жан  дүниесін,  табиғатын  та-
нытқан  “Ұшқан  ұя”  повесің  қандай  ғажап! 
Осынау  кітаптар  кең  байтақ  елімізде  жəне 
сыртқары жерлерде де жол тапты емес пе!
“Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде”, - 
Деп жылар қайран қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түкпірінен сөз келгенде,-деп 37 
жасында жазған екен. Өзі жазғандай, сексен 
жасқа толған тойы Мыңбұлақта өтті. Батыр 
бабамыздың аруағына бас иіп, рухына арнап 
ас берді. Ең бастысы көзі тірісінде өкметіміз 
қимаған  Кеңестер  Одағының  Батыры  атағы 
берілді. “Ғасыр адамы” атағын алды. Халық 
қаһарманы атағы да берілді. Осы күні 28 Пан-
филовшылар паркінің кіре берісіне, сондай-
ақ,  Ресей  астанасы – Мəскеу  қаласында 
қазақ тың даңқты перзентінің есімін Мəскеу 
түбіндегі  шайқастың 61 жылдығына  орай 
бұл  қаланың  тарихына  мəңгілік  қалдыру 
үшін  Бауыржан  Момышұлына  ескерткіш 
орнатылды.  Артында  қалған  мол  мұрасын 
зерттеу,  зерделеу  үшін  арнайы  «Бауыржан-
тану»  орталығы  да  құрылып,  өз  жұмысын 
жеміс ті түрде жүргізуде.
Ұлы жүректі адамның жүріп өткен жолы 
-  батырлыққа,  адалшылдық  пен  адам гер ші-
лікке, намысқа, кіршіксіз тазалыққа - бəріне 

81
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
де  толы,  қалай  таңданбассың,  қалай  бас 
имессің! Артына қалдырған мұхит мұрасына 
сүңгі. Мұздасаң жылынасың, күйсең салқын-
дайсың,  тасып  бара  жатсаң  арнаңа  түсесің, 
қалып  қойсаң  алға  ұмтыласың.  Өлшеусіз 
кеңдігі, сегіз қырлы, бір сырлылығы қандай! 
Тамаша  қасиеттердің  жиынтығын  көріп, 
сезінгендей  боласың.  Үңіле  білсең,  бірде 
шыңға шығарып, бірде құлдилатқандай жан 
дүниеңді  тербейді.  Бауыржан  бабам  маған 
да, бүкіл ұрпағына да: 

Ей, бүгінгі жас қауым, бейтаныс арғы 
ұр пақ!
Адам өледі. Ол - табиғат заңы. Адам өлге-
ні мен  оның  еңбегі  өлмейді,  ерлігі  өлмейді, 
ол  атқарған  ұлы  іс  өлмейді.  Ұлы  іс  Отанға 
деген  сүйіспеншіліктен,  халқыңа  деген 
құрметтен,  осы екеуі үшін аяусыз еткен ең-
бек пен ерліктен туады.
Жастарымыз Отаншыл болсын. Отаншыл-
дық - əр  адамға  керекті  ең  ұлы  қасиет.  Ал 
Отан шылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-
кім  ата-анасын  ардақтаса,  сол  ата-анадан 
бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің 
өскен  ауыл,  қаласын,  туған  ұлтын  сыйлап, 
ана тілін, ата жұртын қадірлеп, еліне аянбай 
адал қызмет етсе, сол адам Отаншыл болады. 
Өйткені, өз əке-шешесін ардақтаман, өзгенің 
ата-анасын құрметтемейді. Өз ұлтын жақсы 
көрмеген,  өзге  ұлттарды  ұнатпайды.  Мұны 
ұлтшылдықпен  шатастырмау  керек, - деп 
тұрғандай  сезінемін!  Бабамыздың  өсиетіне 
адал  болайықшы,  достар!  Осындай  баба-
сы бар біз қандай бақытты едік, жас ұрпақ! 
Ерен  ерлігімен  есіміңді  елге  жайып,  айдай 
əлемге паш еткен Бауыржандай батыр ұлың 
бар сен қандай бақытты едің туған халқым!
Командир  бейнеңмен,  абзал  азаматтық 
тұл ғаңмен ешқашан өлмейтін, халықпен бір-
ге  мəңгі  жасайтын  адал  перзенттердің  бірі 
сенсің, Бауыржан бабам!
Мен  бұл  мөлтек  сырға  толы  мақаламды 
Қалқа Бисеналинаның мына бір жыр жолда-
рымен аяқтағым келеді:
Нəзік жанды, аты шулы Бауыржан,
Жаралғансың күркіреген дауылдан.
Қазақ қаның, қазақ исің аңқиды,
Көктей қалған қызғалдақтай жаныңнан.
Ел қорғадың ел батыры десем мен.
Үйренген сөз батыр үшін есейген. 
Ұға біліп, адам жанын, жүрегін,
Сыр шертесің тереңінен көкейдің!
Резюме 
В статье автор рассматривает творчество Бауыржана Момышулы, приводит его выска-
зывания о роли гражданина. В ходе статьи читатель узнает Бауыржана Момышулы с новой 
стороны.
Summary
In the article, the author considers creativity Baurzhan Momushuly leads his remarks on the 
role of the citizen. In the article the reader learns Baurzhan Momushuly with the new party.
Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
 
 
 
 
 
Б. Момышұлы

82
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ НЕГІЗІ – ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
оқытушысы, ф.ғ.к. Қасенов Е.С.
Алматы қаласы.
Kasenov_erlan@mail.ru
Мемлекеттің, ұлттық мəдениеттің, əде-
биеттің,  тілдің  тағдыры  мен  болашағы 
жас  ұрпақ  тəрбиесіне  байланысты.  Жас 
ұр  пақ тың  ертеңгі  тағдырын  ойлаған,  ел 
бо ла  шағына  қам  жеген  халық,  ең  алды-
мен, жас ұрпақ тəрбиесіне ден қоя ды. Се-
бебі,  жас  ұрпақ – мемлекет  тірегі.  Ел ба-
сы мыз  Н.Ə.Назарбаев: «...Жаңа  жағ дай-
ларға  сай  біздің  бəрімізді  алаң да татын 
мəсе ле білімді, кəсіби даярлығы бар адам 
тəр биелеу  ғана  емес,  қоғамдық  өмір  дің 
бар  лық саласында ұлттық жəне дүние жү-
зілік құндылықтарды қабылдауға қабі лет-
ті,  рухани  жəне  адамгершілік  мүм кін дігі 
мол  тұлға  қалыптастыру  болып  табыла-
ды» – деп  атап  көрсеткен.  Тұлғаның  қа-
лып тасуы  ең  алдымен,  отбасында,  мек-
тепте  берілген  білім  мен  тəрбиеге  бай-
ланысты. «Адамға ең бірінші білім емес, 
тəр бие  берілуі  керек,  тəрбиесіз  берілген 
білім азаматтың қас жауы» – деген ғұлама 
ғалым  əл  Фараби  даналығын  ескерсек, 
тəр бие  ісінде  көргенді  түрде  жүргізе  алу 
үл кен жетістіктерге қол жеткізеді.
Халықтың ғасырлар бойы іріктеп алған 
озық  тəжірибесі  мен  ізгі  қасиеттері  жас 
ұр пақтың  бойына  тек  тəрбие  арқылы  сі-
ңі ріледі,  баланың  қоршаған  ортадағы 
қа рым-қатынасы,  дүниетанымы,  өмірге 
де ген  көзқарасы  жəне  соған  сай  мінез-
құл  қын тек тəрбие қалыптастырады. Сол 
се беп ті,  мемлекеттегі  бүгінгі  ұрпақ  тəр-
бие сі  отбасынан  бастау  алады  əрі  əрда-
йым солай болуы керек. Отбасы тəрбиесі 
–  ұлттың  негізгі  ұстыны,  басты  тірегі. 
Мем лекет іргетасы – отбасы. Олай болса, 
еліміздің  тап  бүгінгі  болмысы  мен  əлем-
дік кеңістіктен өз орнын табуға ұмты лы-
сы  ұлттық  тəрбиеге  негізделген  отбасы 
тəрбиесінен  аңғарылады.  Белгілі  педа-
гог  А.С.Макаренконың: «Отбасы  адам  -
ның  өте  маңызды,  өте  жауапты  ісі.  От-
басы  өмірді  кемеліне  келтіреді,  отбасы 
ба қыт  əкеледі,  бірақ  əрбір  отбасы,  ең 
ал ды мен  мемлекеттік  маңызы  бар  зор  іс 
болып табылады» – деген пікірі мем леке-
тіміздің  негізі  отбасы  екендігінің  дəлелі. 
Қоғамның  маңызды  бөлшегі – отбасы 
оң  бағыттағы  тəрбиеге  негізделуі  шарт. 
Осы  орайда,  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі 
оянған рухани дəрежесі биік, мə дениетті, 
парасатты,  ар-ожданы  мол  адамды  тəр-
биелеу – тəрбиенің негізгі мақсаты десек, 
бүгінгі  ұрпақ  тəрбиесін  ұлт тық  тəрбиеге 
негіздеуіміз  қажет.  Ұл ты мыздың  біртуар 
ұлы Мағжан Жұма баевтың: «Ұлт тəрбиесі 
баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта 
жол  болған дықтан,  əрбір  тəр биеші,  сөз 
жоқ,  ұлт  тəрбиесімен  таныс  болуы  тиіс. 
Сол  ұлт  тəрбиесімен  тəрбие  қылуға 
мін детті», – деген  сөзі  осы  ойымызды 
нақтылайды.  Демек,  жаңа  ғасырдың  ал-
ғашқы  ширегінде  ұлттық  тəр биеге  арқа 
сүйей  отырып,  ұлттық  болмысымызды, 
ұлттық  ойлау  машығымызды  қалып тас-
тыру  еліміздің  басты  мақсатына  айна-
луы  тиіс.  Бұл  орайдағы  ұлттық  тəр бие 
мақсаты  не?  Ол – ұлттық  сана-сезімі  қа-
лып тасқан, ұлттық мүдденің өркен де уіне 
үлес  қоса  алатын,  ұлттық  құнды лықтар 
мен  жалпыадамзаттық  құнды лық тарды 
өзара ұштастыра алатын «толық адам ды» 
тəрбиелеу. Ал осы ұлттық тəрбиенің негізі 
ретінде нені аламыз? Əлбетте, тəрбие беру 
мен  оның  шарттары  ұлттың  əлеуметтік, 
эконо микалық  тұр мыс-тіршілігінің  та-
лабынан  туын дай тын дықтан  ол  отбасы 
тəрбие сінен  бас тау  алуы  қажет,  отба-

83
ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ
сы  мен  мемлекет  сабақ тастығы  ұлттық 
мүддеге сай құры луы керек.
Ұлттық тəрбие тəрбие беру саласының 
ең  күрделісі  болып  табылатындықтан  ол 
ха лықтың  кəсібімен,  салт-дəстүрімен, 
ді  ні мен,  тарихымен,  өнерімен  тығыз  са-
бақ тастықта қарастырылуы міндетті. Тек 
сонда  ғана  жас  ұрпаққа  оң  тəрбие  бере 
ала тынымыз хақ.
Ұлттық  тəрбие  халқымыздың  емін-ер-
кін  өмір  сүруінің  кепілі  деп  білсек,  жас 
ұр паққа ұлттық тəрбие берудегі мақсатты 
ешбір кідіріссіз іске асыруды көздегеніміз 
жөн.  Осы  ретте  ең  алдымен  мынадай 
міндеттер өз шешімін табуы тиіс:
 ұлт  тілінің  отбасы  мүшелері  ара-
сын дағы  қарым-қатынас  тілі  ғана  емес, 
мем лекет ғылымының, өнерінің тілі болып 
қалуын  негіздеу.  Бұл  орайда,  еліміздегі 
ғылыми мекемелер мен ұйымдардың, өнер 
ордаларының  күллі  іс-қағаздары  мен  іс-
шараларының тек қазақ тілінде орында-
луын қадағалау аса қажет;
 ұлт тілінің ғылым мен техниканың 
кез  келген  саласында  қолданылуын  қам-
та масыз  ету.  Қазақ  тілінің  ғылым  мен 
тех ника саласында кең құлаш жаюы үшін 
ең  алдымен,  сол  саладағы  терминдердің 
ма ғынасын  тура  түсіндіретін  балама-
сын,  болмаса  бізге  жақын  түркі  тілдес 
халықтардың  пайдаланылып  жүрген 
сөздерін  қолданыла  отырып,  олардың 
кө ңіл ге  қонымды  болып,  тез  таралуын 
бұ қаралық  ақпарат  құралдары  ар қы-
лы  жүргізу  керек.  Ұлт  тілі  ғылым  мен 
тех никаның  кез  келген  саласындағы  қол-
данысқа  ие  болса,  онда  ұлттық  рухы-
мыздың көтеріле түскені болар еді.
 ана тілді, ұлт тарихын, мəдениетін 
құрметтей  білуді  қалыптастырудың  жол-
дарын  қарастыру.  Елімізде  ұлт  тарихы 
мен  тіліне  немқұрайлықпен  қарайтын 
қан  дастарымыз  бен  өзге  ұлт  өкілдері 
жоқ емес екені белгілі. Олардың ұлт та-
ри  хы  мен  тіліне  деген  құрметін  қалып-
тастырудың бірден-бір жолы – тек мем-
лекет  тарапынан  үздіксіз  жүргізілетін 
тіл,  тарих,  əдебиет  т.б.  жөніндегі  на-
сихаттар  мен  түрлі  мəдени  іс-шаралар. 
Бұлар  отбасынан  басталып,  мектепте, 
арнаулы жəне жоғары оқу орындарында 
жалғасын  тауып  жатса,  оң  нəтижеге 
қол жеткізеріміз анық.
 жас ұрпақ бойына ауыз əдебиетінің 
үл гілері,  салт-дəстүр  мен  əдет-ғұрып  не-
гіз  дерін  үйретудің  тиімді  жолдарын  ай-
қындау. Қандай сала болмасын сол салаға 
қатысты  тиімді  жолдарды,  əдіс терді 
айқындап,  оларды  қолда ныс қа  ен гізу 
өз  жемісін  берері  белгілі.  Сол  се беп ті 
де,  халқымыздың  тəлім-тəр  биелік  мəн-
маңы зы  жоғары  ауыз  əде бие ті нің  үлгі-
лерін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын екшеу 
жəне оның жас ұрпақ қа бер ілу жолдары 
педагог-ғалымдар мен тə жірибелі ұстаз-
дардың  бірлескен  отырысында  шешілуі 
тиіс.
 жастар арасында белең алып отыр-
ған  нашақорлық,  жезөкшелік,  маскү нем-
дік,  бұзақылық,  екіжүзділік  сияқты  жат 
əдет терді  ауыздықтаудың  тиімді  жол  да-
рын анықтау. Бұл мəселе де мемлекет дең-
ге йінде  қарастырылатын  келе лі  мə селе 
болғандықтан  əрбір  білім  ошақ та рында 
арнайы бағдарламалар құры луы қа жет.
Жоғарыда айтылған бұл міндеттердің жү-
зеге  асырылуы  отбасы  тəрбиесінен  бастау 
алуы тиіс. Əрі ол, яғни тəрбие жалаң түрде 
жүргізіліп,  қауқарсыздық  танытпауы  қажет. 
Күллі  адамзат  баласының  кісілік,  рухани 
бол мысы  көп  жағдайда  оның  отбасынан 
қалыптасады.  Əкеге  қа рап  ұл  өсетіндіктен, 
шешеге  қарап  қыз  бой  түзейтіндіктен  бала 
бойындағы  адам гершілік  қасиеттер  де, 
жаман  қасиеттер  де  ата-аналарының  жа-
ғым ды-жағымсыз  қылықтарының  бір  көрі-
нісі.  Ол  қазақ  тіліндегі  «Ұяда  не  көрсе, 
ұш қанда  соны  іледі», «Атадан  жақсы  ұл 
туса,  есіктегі  басын  төрге  сүйрер», «Ата 
көрген  оқ  жо нар,  ана  көрген  тон  пішер», 
«Ұлдың  ұяты  əкеде,  қыздың  ұяты  шеше-
де»,  т.б.  мақал-мəтелдерден  көрініс  тапқан. 
Сол  се бептен,  ұрпақ  тəрбиесінде  ұлттық 
не гіз дегі  отбасы  тəрбиесінің  алатын  ор-

84
ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ
ны  ерекше.  Көп  жағдайда  қайсыбір  ата-
аналар  жұмысбастылыққа  салынып,  отба-
сындағы тəрбиеге мəн бермейді, тіпті кейбір 
ата-аналар  тарапынан  теріс  тəрбие  беру 
жағдайлары  да  байқалады.  Мəселен,  ата-
аналардың  өзіне  ерік  беріп  бала  алдында 
түрлі  қылықтар  жасауы,  боқтық  сөз  айтуы, 
баланың  есейгендігін  аңғармауы,  оларды 
құрметтемеуі,  үйінің  ынтымағын  бұзуы – 
баланың  иманжүзділігін  жоғал тып,  теріс 
қылықтардың  орын  алуына  ық пал  етеді. 
Сондықтан отбасында жас ұрпақ тəрбиесіне 
деген  назардың  басым  болу  керек.  Жас 
шыбықтың иілуге икем ділігі жоғары болса, 
жас  ұрпақ  та  тəрбиені  қабылдауға  сондай 
бейім келе тіндіктен бүгінгі балабақша, мек-
теп, жо ғары оқу орындарындағы оқу-тəрбие 
жұ мыстарының  мазмұны  өзара  тығыз  бай-
ланыстағы «отбасы-мектеп-мемлекет» жү-
йесінің негізіндегі ұлттық реңде беріліп, ұлт-
тық тəрбиемен етене ұштас тырылып отырса, 
келешекте жан-жақты білімді, адамгершілігі 
биік,  өресі  кең,  еліміздің  ертеңі  болуына 
лайық  азаматтар  тəрбиеленіп  шығатыны 
анық. Бұдан еліміздегі оқу-тəрбие жүйесіне 
ұлттық  тəрбиеге  негізделген  тың  жобның 
қажет тілігі  анықталып  отыр.  Ол  қандай 
бағытта жүргізіледі? Бұл тұста та біз тəрбиені 
отбасы тəрбиесімен тығыз байланыстыруы-
мыз  қажет.  Ұлттық  тəжірибеміз  отбасынан 
басталып,  кейін  де  жалғасын  тауып  жатса, 
қазіргідей  қазақ  халқының  қанын да  жоқ, 
ата-баба тəрбиесіне жат өзін жарық дүниеге 
əкелген анасын, əл пеш теп өсірген асқар тауы 
əкесін  қарт тар  үйіне  өткізген,  нашақорлық 
пен  мас күнемдікке  салынғандардың  шаңы-
рағы ортаға түспес еді. Сол себепті де отба-
сында  берілетін  тəрбие  ең  алдымен  тек  əке 
жəне  ана  тəрбиесінің  негізінде  жүр гізілуі 
шарт. Қазақ шаңырағында отбасы иелері жас 
ұрпақ алдында өздерінің тір ші лік əрекетінде 
барлық  адамгершілік  қа  сиеттерін,  үлгісін 
көрсетуі,  тұрмыс  пен  салтқа  бейімдеуі 
міндетті.  Оның  басты  себебі  «ұлдың  ұяты 
əкеде, қыздың ұяты шешеде» болып табыла-
ды. Осылайша отбасы тəрбиесі өз жалғасын 
тауып  отыруы  тиіс.  Отбасындағы  əке  жəне 
ана  тəрбиесінің  негізі  үлгі  көрсету,  сөз 
арқылы  түсіндіру,  тікелей  іске  араласты-
ру, шынықтыру, дағдыландыру ар қылы іске 
асатындықтан  оларды  отбасында  жүйелі 
түрде  қолданылғанымыз  дұрыс  деп  санай-
мын.
Қорыта  айтқанда,  жастарымызға  хал-
қы   мыздың рухани байлығын, мəдение тін, 
салт-дəстүрін терең таныстырып, ойшыл-
дарымыздың  тəрбиелік  ой-пікірін  оқу-
тəрбие  ісінің  тірегіне  айналдыру,  яғни, 
рухани  эстетикалық,  ұлттық  тəрбие нің 
бү гін гі заман талабына сай жаңарған үл-
гі сін  жасау – бүгінгі  күннің  кезекті  мə-
селе сі  болуы  керек.  Жаңа  үлгідегі  ұлт-
тық тəрбие мемлекеттің нығая түсуіне оң 
əсер ететіні даусыз. Сондықтан да отбасы 
тəр  биесі  негізінде  ұлттық  тəрбие  бе руде 
ұл тымыздың  əрбір  шаңырағында  қа лып-
тасқан  озық  тəжірибелері  мен  же тіс  тік-
терін  сараптай  отырып,  қажеті мізге  пай-
дала нуымыз керек.
Отбасы  тəрбиесінің  негізінде  ұлттық 
рухани  құндылықтарды  бойына  сiңiрген 
ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен та-
разылап, қазақ халқының ұлттық болмыс-
бітімін, ұлттық бейнесін мəңгілік етпек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет