Бас редактор



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата28.12.2016
өлшемі3,07 Mb.
#656
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

ДАНАЛАР  ТАҒЫЛЫМЫ

80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
рухтың  тереңдігінің   мәнін ашуға  тырысады. 
Адам ізгілікке  ұмтылу  арқылы Алланы сүюді, 
адамзатты  құрметтеуді және  өзінің ішкі әлеміне 
үңілуді  үйренеді.  Осы  арқылы  ол    өмірдің 
мәнін    ұғуға    жетіседі.    Ойшылдар  адамның  
жетілуі  оның  өзіне қатысты екендігін ескертеді. 
Өз  бойындағы,  жаратылысындағы    жақсы  
қасиеттерді  өзінің  дұрыс  өмір  сүруіне  пайда-
лана  алса,  ізгілікке  бейімделуге  құштарланса  
ғана адамның өмірі мәнді  болады  деген  пай-
ымдауды    әл-Фараби    еңбектерінен    табамыз. 
Дана  ойшылдың    пайымдауынша,    әрбір    адам  
өз  қабілетін,  дарынын    барынша    жетілдіруге  
тиісті.  Олардың    еңбектерінен  байқалған  
негізгі  заңдылық  адам    болмысындағы  сапалы 
қасиеттерді    жетілдіру  мәселесін  көтеріп,  оны 
адамның ішкі жан  дүниесіне берік  ұстанымына    
айналдыру.  Яғни,  олар    адамның  жеке тұлға  
ретіндегі    өзін-өзі    дамытуын    басты    бағдар  
етіп  алады.  Адам  өмірін  ізгілендіру, парасат-
ты  болу, адамшылық  қасиеттерді  сіңіру сияқты 
тіректі  рухани    құндылықтарды    нағыз    дұрыс  
өмір  сүрудің  негізі деп  есептейді.   Жаратылыс 
сырларын  терең  танып-білу, оны  ақыл  елегінен 
өткізіп,  парасаттылықпен  пайымдау,  жүрекпен 
қабылдап,  сезіну,  ішкі    көзбен    көру  сияқты 
күрделі құбылыстарды сараптауда  ойшылдардың 
толғаныстарында өзара сарындастық бар екендігі 
анық.
Әл-Фараби еңбектері  Абай мен Шәкәрімнің  
адамгершілік  мұрасына  бастау болғаны ақиқат. 
Әл-Фарабидің    «жетілген  адам»  концепциясы, 
Абайдың    «толық  адамы»    мен    Шәкәрімнің  
«түзу адам» туралы ойларындағы сабақтастықты 
бүгінгі таңда қойылып отырған адам   мәселесімен 
байланыстыра  қарайтын  кезең  келген сияқты. 
Үш  ойшылдың «адамды түзеу» концепциялары 
қазіргі  жалпыадамзаттық  адамгершілік  идеоло-
гиясына негізгі ұстаным бола алады. 
Себебі,  адам  болмысын,  оның  жетілу  саты-
ларын, адамның мінез-құлқын жөндеудің  жол-
дары  жайында  әл-Фараби  еңбектерінде  жан-
жақты    қарастырылады.    Әл-Фараби  адамның  
адамгершілігінің  зор  болуы  бақытқа  жеткізеді 
дейді. Сонымен қатар жақсы мінез-құлық, терең 
ақыл  мен  зеректікті    айрықша  атап  көрсетеді. 
Жақсы    мінез-құлықты    қалыптастыру    үшін  
жақсы    іс-әрекеттерді,  амалдарды  үнемі  әдетке 
айналдыру  қажет  деп  есептейді.  Әл-Фараби 
мінезді  жетілдірумен  бірге  денені  жетілдіруді 
маңызды  санайды.  Адамның  рухани  әлемінің 
дұрыстығы  мінез-құлықтың  да  дұрыстығын 
қажетсінеді.  Ал,  жаман    мінез-құлық    адам-
ды  рухани    кеселге    ұшыратады.  Әл-Фараби: 
«Алдымен  ескертіп  алайық,  адам  өмірінде  
кездесетін  жағдайлар  мыналарға  бөлінеді:  ар-
тынан    мадақтауға  және  жазғыруға  болмайтын 
жағдайлар  және  мадақтауға  немесе  жазғыруға 
болатын жағдайлар» [1, 5], – дейді.
Ойшыл  адам  бойындағы    ақыл-парасаттың 
орны  жайлы  пайымды  тұжырымдар  келтіреді.  
Ақыл-парасат  адамның  өмір  бойында  бола-
ды  немесе  кейде  болып,  кейде  болмайды  деп  
нақтылайды. Адам өзінің іс-әрекеттерінде жақсы 
әрекетті  қалайтын  болса,  оған  жанның  тамаша 
аффектілері сәйкес келсе, онда ол адам бақытқа 
жетеді, – дейді әл-Фараби.      
 
 
АШУ 
 
ҚОРҚЫНЫШ 
 
ЖАБЫРҚАУ 
 
КҮЙІНУ 
 
ҚЫЗҒАНЫШ 
 
ҚУАНЫШ 
 
РАХАТ 
 
ЖАН АФФЕКТІЛЕРІ 
    
Жоғарыдағы схеманы Әл-Фарабидың сарап-
тамасы арқылы көрсетіп отырмыз.
Сонымен,  Әл-Фарабидің  айтуынша,  адам 
жаратылысында    жақсы  қылықты    істеуге  де, 

81
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жаман  қылықты істеуге де  қабілетті  болады. 
Жанның аффектілері  мен  жанның  әрекеттерінен 
олардың    не  жақсы,  не  жаман    қылықтарының  
нәтижесі  көрінеді. Ал осы жанның  аффектілері 
мен  әрекеттері    құбылыстары    адамның    жара-
тылысынан    емес,  дағдыланудың  нәтижесінен 
болады  [1,  6],  -    деп    тұжырымдайды  ойшыл. 
Адамның  жетілуі,  оның  мінез  құлықтарының 
үйлесуімен қатар жүретін  процесс.
Адам  бойындағы  небір  қасиеттер жөнінде 
тізбелеп келіп, жақсы мінез-құлық пен ақылдың  
бірігуін  адамшылық  қасиеттер,  -  деп  атап 
көрсетеді.
Тамаша  немесе  оңбаған  әрекеттер  мен  жан 
аффектілерін    тудыратын    күйдің  түрін  мінез-
құлық деп атайды. 
Ал,  мінез-құлық пен ақыл күшінің көрінісі 
әрекеттер  арқылы  танылады.  Егер  іс-әрекетің 
адамшылыққа негізделсе немесе керісінше бол-
са,  сенің    адамшылық    қасиетіңнің    дәрежесі 
көрінеді.
 
 
 
ӘРЕКЕТ 
 
�РЕКЕТ 
 
 
 
ӘДЕТ 
 
 
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ 
 
МІНЕЗ-��ЛЫ�
 
 
Мінез-құлық аралығында әдет болады. Әдет 
адамның  белгілі  бір  әрекетінен  барып  туын-
дайды.  Яғни,  белгілі  бір  әрекеттерге  әдеттену. 
Адам  белгілі  бір  дәрежеде  жақсы  мінез-құлық 
қалыптастырғысы  келсе,  жақсы  әдеттерге 
бейім  болуы  керек.  Осы  жақсы  әдеттен  жақсы 
әрекеттер  туындайды.  Адам  болмысы,оның 
ақыл-парасаты,  ар-ожданы,  мінез-құлқы,  әдеті, 
әрекеті,  түйсігі,  сезім-күші  т.б.  мәселелердің 
мәнін айқындайды.
Ерік   күші  дегеніміз  – ең алдымен түйсіктен 
шығатын  ниет.  Ниет  жанның  талпынушы 
бөлегіне  жатады,  ал  қабылдау  болса  сезімге 
жатады,-дейді  Әл-Фараби.
ТҮЙСІК----------   ЕРІК--------   НИЕТ   
Сонымен  қатар:    Игілікті  болып  табыла-

82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
                                           
       ЖАННЫҢ ХАЛ-КҮЙІ                                                      ТӘН ӘРЕКЕТТЕРІ                      
                                                                                         
 
ҚАЙРАТ 
                                                               
 
    
                                                                             
 
                   
                                                                                   
 
МОЛШЫЛЫҚ 
                                                                               
                                                               
 
   
 
              
                                                                                          
 
ЛӘЗЗАТ СЕЗІМНІҢ ЖОҚТЫҒЫ 
 
ТАПШЫЛЫҚ 
                                                               
 
    
 
 
ҚҰМАРЛЫҚ 
тын    әрекеттер  –  екі  қарама  –  қарсы    шектің  
арасындағы  ұнамды  істер, ал ол екі шектің екеуі 
де жаман әрекеттер: біреуі – молшылық, екіншісі 
–тапшылық. Дәл сол сияқты, қайырымдылық та 
–  екі  түрлі  күйдің  арасындағы  рухани  күйлер 
мен  қасиеттері,  ол  екі  шеткі  күйдің  екеуі  де 
теріс жағдай: біреуі – ысырапшылық, екіншісі—
тапшылық. Мәселен, таза ниеттілік – құмарлық 
пен  ләззат  сезімінің  жоқтығының  аралығы, 
бұл  екеуінің  бірі  –  құмарлық  –  ысырапшылық, 
екіншісі – тапшылық деген пікір айтады.
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
 
 
 
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 
 
 
 
ТАПШЫЛЫҚ 
 
 
 
 
МОЛШЫЛЫҚ 
 
 
 
ҚАЙРАТ 
ҚҰМАРЛЫҚ 
ЛӘЗЗӘТ 
СЕЗІМІНІң 
ЖОҚТЫҒЫ 
Адами қасиеттер мен  рухани күйлердің екі 
аралығын жоғарыдағы  Әл-Фарабидің  жобасын  
схемамен  беріп отырмыз.
Адамның  ішкі  әлеміндегі  құпия  жатқан 
иірімдер жөнінде осылай ой толқытады. Жанның 
небір  сырлары  жайындағы  данышпанның  ой-
толғаныстары  кейінгі  дәуірдегі  ойшылдардың 
дүниетанымына тірек болды. 

83
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Адам болмысындағы сан қатпарлы, күрделі 
де, нәзік иірімдердің сырын жан  әлемімен бай-
ланыстырады.  Жетілген  адамның  тұрпатын, 
оның жетілуіне дейін қандай рухани кезеңдерден 
өтуі  қажеттілігін  түсіндіреді.  Жетілген    адамға  
талаптар    қоя    отыра,  ең    бірінші    оның  өзіне  
барынша  адал  болуын  және  өз  бойындағы  та-
маша    қасиеттерді  көре  біліп,  жетілдіруді,  өзін 
тануды  мәселе  етіп  қояды.    Адамның  өзінің 
ар-ожданының  алдындағы  адалдығы  ізгіліктен 
туындайды,-  деп  есептейді.  Мінез-құлықтың 
жақсы, жаманын ажырату да адамның өзіне бай-
ланысты. Сондықтан өзінің іс-әрекеттерін алды-
мен  тұжырымдап  алу  қажет.  Қандай  іс-әрекет 
жасағанда  жақсы    қанағат  аласың,  не  болма-
са  қандай  әрекеттен  кейін  азап  көресің  осыны 
бағдарлаудың  маңыздылығын  айтады  ойшыл. 
Жан  дүниенің күрделі қалтарыстарында жатқан 
нәзік  иірімдерді  игеру  үшін  неден  аулақ  болу 
керек,  нені  тұсаулап    ұстау  керек,  нені  жойып 
жіберу керек, міне, осылардан  қалай сабақ алу 
қажеттігі туындайды. Мінез-құлқымызды белгілі 
дәрежеде  тәртіпке  келтірдікпе пе, жоқпа, осы 
сұрақ төңірегінде жұмыс жасау маңызды.  Алды-
мен   кері  іс-әрекеттерден  аулақ  болу,  жақсы    
мінез-  құлықтың    потенциалына    жол    ашады.  
Жақсы  мінез-құлықтың    жолын  жабатын  кері 
күштер: ысырапшылдық,  жарамсақтық,  көлгірсу, 
әзілқойлық,  сараңдық,  тәкәппарлық,  қаталдық, 
арсыздық, 
мансапқорлық, 
қызғаншақтық 
т.б.  Әрбір  күйдің  негізін  ашып,  адамның 
жаманшылықтардан  арылу  мүмкіндіктерін 
көрсетеді. Әл-Фараби  үнемі екі аралық жайлы 
сөз етеді. Адамның бір күйден, екінші бір күйге 
түскен  кезеңдегі өту жайына үңіледі.
Абайдың    «  толық    адам»    туралы    ой-
пікірлері,  танымы      Әл-Фарабидің    «жетілген 
адам»    концепциясымен    мазмұндас  екендігін 
байқаймыз.    Абай    дүниетанымында    «толық  
адам»  үш  құндылық   негізінде   айқындалады.   
Олар:  ақыл,  әділет, рахым.  Осы  үш  құндылық  
арқылы  «толық адам»   ұғымын   38-ші   қара  
сөзінде  береді.
Адамның  рухани жетілуі  жайлы  ой  қозғаған  
Абайдың  рухани  шәкірті  Шәкәрімнің  пікірінше  
рухани  қасиеттердің  тұрағы «жан».   Ол өзінің  
«Үш анық»  еңбегінде  жан мен тән, жаратылыстың  
сыры,  рухани  құндылықтардың  адам  тіршілігі 
үшін    маңыздылығын    айқындайды.    Шәкәрім: 
« Адам  ақиқатты  бас  көзімен  көрмейді, ақыл  
көзімен    көреді...    Өлімнен    соң    бір    түрлі  
тіршілік  бар.  Екі  өмірге  де  керекті  іс-ұждан. 
Ұждан – дегеніміз  ынсап,  әділет, мейірім» [2, 
78], - дейді. 
Ұждан  -  адамның  ішкі    жан-дүниесіндегі 
рухани әлемнің  тірегі.  Шәкәрім  «таза  адам» 
мәселесіне  кеңінен  келеді.  Осы  ойын  былай  
дәлелдейді:
      Шын  таза  жан тазалықпен
      Тәңірісіне  бармақ   ол.
      Мейірім, ынсап, әділетте,
      Ағызам деп нұр бұлақ, –дейді.

84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Шәкәрім  «шын    таза    жан»    бейнесінде  
«түзу  адам»  тұлғасын   жасайды.    Шәкәрімнің  
«түзу адам»  тұлғасы  алдымен  Алланы сүйген, 
адам    мен  әділетті    сүйген  жан.      Абайдың  
«толық  адам»    бейнесімен    бірігіп,  қабысып,   
мазмұндас    келген  ерекше    тұлға.  Шәкәрім  
ұсынған    осы  тұлға    жанын  ізгілікті    рухани  
құндылықтармен  толықтырған  жаратушысына 
жақын  жан.   Ол  өз  жанын  мейірім,  әділет,  
ынсап,  ақ  жүрек,адал  еңбекпен нәрлендірген . 
Абай 38-ші қара  сөзінде  былай  дейді:  « Енді  
біліңіздер, перзенттер   Құдай тағаланың  жолы  
деген  жол  нихаятсыз ( Шек, шама.  Бұл жер-
де    өлшеусіз,  артық    деген    мағынада)  болады.  
Оның  нихаятына    ешкім    жетпейді.  Бірақ    сол  
жолға   жүруді  өзіңе  шарт  қылып  кім қадам  
басты,  ол таза мұсылман,  толық  адам  делінеді» 
[3,  141].    Адамның    рухани    жетілуіне    ісләм 
құндылықтарының  маңызды  әсерін   көрсетеді. 
Дана  ойшылдар  рухани  құндылықтарды  са-
раптай    келе,    адам    дүниетанымының    негізгі  
тірегі , қоршаған  ортаға,  жаратылысқа,  әлемге  
деген  көзқарастарын  дұрыс  қалыптастырудың 
қайнар    көзі,-  деп    есептейді.    Адам    жетілуі  
үшін    өз    бойындағы    сапаларды    шынықтыру, 
жетілдірудің    нәтижесі  –  өмірінің    мәнін  өзі 
түсініп,  бағалауында.
Адамның    Жаратқан    Иесін    тереңірек  
білуіне,  оны  сүюіне ,жүрекпен  қабылдап, өзінің  
әділетті өмір  сүруінің  тетіктерін  данышпандар  
еңбектерінде айқындап отырады.  
Адам өз  бойынан  табылатын  ауытқуларға  
жақсы    сапаларды    ұштай    алмай,      нәпсінің  
тұсауында  қалғандығына  өзі    жауапты.  Ал, 
нәпсіні  тұсаулайтын  ынсап, – дейді Шәкәрім.  
Ынсап    нәпсінің    зынданында    жатыр,  одан  
шығару үшін  өзің  күресуің  керек.
Шәкәрім былай  дейді:
Нәпсі  үйінде байлаулы  Ынсап  жатыр,
Мұның  емін,  тегінде,  сол  аша алған.

85
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Ынсаптың   нәпсіні  жеңетін күш   екендігі,  
алайда  адам  нәпсісін  тыймай, оған  билеттіріп  
қойған да  өзі,  ынсапты зынданға салдырған  да 
өзі. Сондықтан  ол былай  дейді:   
Сопысынып,  ақсынып  әуре  болмай,
Ер болсаң,  босатып  ал  сол  зынданнан.
Ақыл,  ғылым әр  түрлі  айтса-дағы.
Жиыны   осы  сөзбен   аяқталған.
Шәкәрімнің   «Талап  пен  ақыл»   атты  он  үш  
шумақтан   тұратын  өлеңінде,  адамның   ішкі  
сапаларының  мән-мағынасын  ашады.  Адамның  
жетілуі    үшін    қажетті    құндылықтардың  
әрқайсысының 
орнын, 
 
маңыздылығын  
көрсетеді.  
Сабыр, сақтық, ой,  талап  болмаған  жан,
Анық  төмен  болмай   ма  хайуаннан.
Ынсап,  рахым,  ар,  ұят   табылмаса,
Өлген   артық   дүниені  былғағаннан [4,122], 
– дейді  Шәкәрім.
Әрбір      рухани    құндылықты    тарқатып,  
жанның  нәрленетін  азығы, тірегі, күші  екендігін   
анық  түсіндіріп  береді.   «Талаптың»   потен-
циалы   мықты:
Талап  деген бір  жүйрік  тұлпар  сынды,
Бабын  таппай   мінгенді  қылар жынды.
Талап  ақылмен  байланысты:
Талап    шапса  ақылға  мініп  алып,
Жақсы,  жаман  бәріне  бірдей  салып.
Адам  өмірінде  ақыл  мен  талаптың   мәні  
зор.  Талап  ақылға матаулы . 
Ақылға    билеткен    талаптың    шығар    биігі 
үлкен. 
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық –
Талапқа  алты  түрлі  ноқта  тақтық.
Алтауының  ішінде  ынсап  әділ,
Өзгесінің  тізгінін  соған  ұстаттық [4,122].
Талапқа  тағылған    алты    ноқтаның  
әрқайсысына  ойшыл  анықтама  береді. Талап-
ты тізгінінде  матап, байлап   ұстайтын  ынсап  
болса,   «Алтауының ішінде  ынсап  әділ»  деп  
алты  қасиетті  ынсаптың  билігіне  береді. Алты 
рухани  құндылық  тұтастай  алғанда  жанның  
қызметін   жақсартатын  күштер. Әрқайсысына  
жеке    анықтама    беріп,  әрбірінің    адам    жа-
нын  нәрлендіретін    қызметін    пайымдайды. 
«Ынсапқа» жақыны  «рахым»:
Рахым  жақсы  көреді  аяғанды,
Адамға  қаттылықты ойға алмайды.   
Адамға  адами    сапасын    үнемі    жетілдіріп  
отыру  үшін  «рахым»    маңызды тіректің  бірі.  
Рахымның    маңыздылығы    соншалық    ол    бар  
жерге  мейірімділік  келеді.  Адами  сапалардың  
өзіндік  легі  мен тіршілігі  және  қызметі  бар. 
Шәкәрім      «ар»  мәселесін    жоғары    қояды.  
Өзінің    еңбектерінде  тұжырымды    ой    айтыла-
тын  тұстарында «Ар ілімі»  оқытылуы  қажет  
деп  есептейді.  Ардың  адам  өмірінің  мәніне  
айналуы  қажеттілігін  былай  баяндайды:
Ар  демек – адамшылық, намыс  деген,
Арың  кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс  ұғып  жүрмесін  мұны  біреу,
Сөз    емес  күншіл    болып,    алыс    деген 
[4,122].
Адамның  ішкі    әлемінің    байытатын    руха-
ни  құндылықтар  осы  «ар»  мәселесіне  келіп 
тіреледі.  Адамшылық,  ізгілік  қағидаларының  
негізі  ардың  ісі.  «Намыстың»  іс-әрекеті «ар»  
ісімен  қатар жүреді  екен.  
Намыс  сол – өзің  қорлан  кемдігіңе,
Құрбыңмен  ұмтылып  бақ  теңдігіңе.
Алмай  өс  алдыңғының  аяғынан,
Соқтықпай  өзің  іздеп  еңбегіңе.
Шәкәрім  «ар» мен  «намысты» қатар  қояды. 
Намысқа  адал  еңбек  етіп, өзгеге  соқтықпауды, 
өзгенің  аяғынан  шалмау  жауапкершілігін  ар-
тады. Шәкәрім:
Ұят  сол – аулақта  ұял  көргендей-ақ,
Ұрлаған  малың  шығып, бергендей-ақ.
Орынсызды істеуге  өлгенше  ұял,
«Ұят күшті өлімнен» дегендей-ақ. 
Адами    сапалардың  адам    өмірін  ізгілікке  
бұратын    тірек    екендігін    Абайда    өз  
шығармашылығында    насихаттаған.    Ұстаздың  
көрсеткен    тағылымын    шәкірт    Шәкәрім    ары  
қарай  дамыта  түсті.  Абай  үлгісінде жазылған  
шығармашылығының  дені  адами  құндылықтар  
мәселесіне    арналған.    Абай    толық    адам  
бейнесінде  баласы  Әбдірахманның  тұлғасын  
таниды. Соның  бірін  мына  жолдардан  көруге  
болады:
Тұла- бойың  ұят-ар едің, 
Ескеріп істеп, ойлаған.
Тәуекелге нар едің,
Талаппен  терең  бойлаған.
Ерлікке де  бар едің,
Үйренуге  тоймаған.
Жасқа жас, ойға кәрі едің,
Атаңның  атын  жоймаған.
Замана неткен тар  едің. 
Сол қалқамды қоймаған [5, 163].  
Абай      Әбдірахманның    бойындағы    бүкіл 
озық    қасиеттерді,  сапаларды    адамзатқа    үлгі  

86
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
етеді.  Әбдрахманның  тұлғасын  айшықтайтын 
қасиеттер:  ұят,  ар,  тәуекел,  талап,  ерлік    т.б. 
қасиеттер  жоғарыдағы    Шәкәрімнің    «Талап 
пен  Ақыл»   өлеңіндегі   құндылықтармен  сәйкес 
келіп, «толық адам»,  « түзу адам»  тұлғаларын  
жасаудағы  ортақ  адами сапаларды  танытады.  
Абай  36-шы  қара сөзінде: « Шын ұят  сондай 
нәрсе: шариғатқа  теріс,  я ақылға  теріс, я  абиұрлы  
бойға  теріс бір іс себепті  болады. Мұндай  ұят 
екі түрлі  болады. Біреуі – ондай  қылық өзіңнен 
шықпай-ақ,  бір  бөтен    адамнан    шыққанын  
көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның  себебі, сол 
ұят  істі  қылған  адамды  есіркегендіктен    бола-
ды»  [3, 122], - деп «ұят»  жайында  түсініктеме  
беріп,  талдау  жасайды.  Философиялық    ой- 
толғамдардың  негізгісі адамның  рухани  даму-
ына  арналғандықтан  адамды тәрбиелеу, түзету  
мәселелері  қатар жүріп  отырады.  
Сабыр  деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты  керек  адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей  талай  жан ізденеді,
Осыдан  көп  шығады  адамшылық,—дейді 
Шәкәрім.
«Сабыр»    адамның    өмірінің    барлық  
кезеңінде жанның  төрінде орналасатын  ең ба-
сты құндылық.  
Сақтық  деген – әрқашан байқап  жүрмек,
Пайда ма,  не залал  ма , ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса, 
Сонда  оңай  әрбір істі ойлап  білмек, - деп 
адам  үшін  «сақтықтың» да мәнді де,  маңызды  
екендігін    айтады.      «Сақтық»    адамның  
ғұмырында  кері істерден  аулақ  жүруге  көмекші 
құндылық.
Дана  ойшылдардың    адам    болмысы,  адам-
ды түземек  ойларында  адамның жетіліп, жақсы 
мінез-құлықты болуға тәрбиелейді.
Адамгершілік    қасиеттердің  қалыптасуына  
адамның    бала  кезден    тәлім-тәрбие  ретінде  
дарыған  көзқарастар  мен    әдеттер  болаты-
нын  Әл-Фараби  мойындай    отыра,  адамға  ру-
хани  құндылықтарды    сіңірудің    жолдарын 
көрсетеді.   Әл-Фараби адами  құндылықтардың 
жеке    адамның    дамуын,  жетілуін  оның  өзінің 
бейімділігіне  байланысты  деп  есептейді. 
«Қайырымдылық»  Әл-Фараби    танымын-
да  айрықша  орын  алады.  Ізгіліктің    бастауы- 
қайырымдылық    деп  есептейді.  Өйткені,  адам 
баласы    қайырымдылықты  біліп,  түсінсе  оны 
күнделікті өмірінде жүзеге асыра алса, бақытқа 
жете алады деп  пайымдайды.  Сонымен қатар, 
адам  өз  мақсатына  жету  үшін,  үнемі  өзін-өзі 
жетілдіруі  қажет  және  ақиқатты  тану  арқылы 
жетеді деген тұжырым  жасайды.  
Абай    32-ші  қара  сөзінде:  «Ғылымды, 
ақылды    сақтайтұғын    мінез  деген  сауыт  бола-
ды. Сол мінез бұзылмасын.  Көрсеқызарлықпен, 
жеңілдікпен,  я  біреудің  орынсыз  сөзіне,  я  бір 
кез  келген  қызыққа  шайқалып    қала  берсең, 
мінездің    беріктігі    бұзылады.  Онан  соң  оқып 
үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған 
соң,  оларды  қайда  сақтайсың.    Қылам  дегенін 
қыларлық,  тұрам  дегенінде  тұрарлық  мінезде  
азғырылмайтын  ақылды,  арды    сақтарлық  
беріктігі, қайраты бар болсын. Бұл беріктік бір 
ақыл, ар үшін болсын» [3, 118]
Шәкәрім де Абай сияқты әлемдік мәселелерді 
көтеріп,  олардың  шешілу  тетіктерін  іздейді. 
Абай    дүниетанымы  поэзия  арқылы  қазақ  
қауымының  санасын  тәрбиеледі.  Шәкәрім 
әлемдік  үрдістердегі  адамның  ішкі  әлеміндегі 
құндылықтардың сапасын  арттыру, адам рөлін 
көтеру  туралы,  қоғамды  жақсарту    туралы  ой 
толғайды.  Ақын – «бізше адам өмірін түзеуге, 
барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, 
ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл 
үшеуі  болмай,  адам  баласына  тыныштық  өмір 
сүруге  мүмкіндік  жоқ»  -  деп  көрсетеді.    Ақын 
адам  қасиеттерін    шыңдау,    адамгершілік  пен 
адалдықты  нығайту  мақсатында  «Ар  ілімін» 
оқыту маңызды деп  есептейді.
Адал  еңбек  –  дүниені  жаңартушы,  ел 
шаруашылығын  өрге  тартатын,    басқаның  
еңбегін жемеуге негізделген, адамның өз  таңдауы 
мен  ішкі құлшынысынан  тұратын еңбек. Адал 
еңбек – шеберлікті, біліктілікті және білімділікті 
қалайды, - деп біледі ойшыл ақын. 
«Ақ жүрек» ұғымы да Шәкәрім өлеңдерінде 
терең ойларды, идеяларды синтездеген ұғым. Бұл 
ұғым  ақынның көптеген өлеңдерінде кездеседі. 
Ақ  жүректі    адам    тек  әділет  пен  шындықты 
қалайтын адам. Ақ жүректі адам ешкімді алда-
майды, өтірік айтпайды, сатқындық жасамайды. 
Әділеттің ақ жолынан ауытқымайды. Адамзатты  
жақсылық пен өркениетке тек ақ жүректі адам-
дар ғана жетелейді.
«Арлы ақыл» - жақсылық  пен әділет жолына 
қызмет ететін ақыл. Шын ақыл жаманшылықтан 
аулақ болады. Шын ақыл жаманшылықтан аулақ 
болады. Арлы ақылы бар азамат өмірінің мәнін 
еліне, жеріне қызмет ету деп біледі. Арлы ақыл 
білімді, іскерлікті, өнерді жасампаздық пен игілік 

87
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
жолына бағыттайды. Арлы ақыл иесі халқының 
бүгіні мен келешегі үшін қызмет етуші азамат, - 
деп біледі Шәкәрім. 
Адал  еңбек,  ақ  жүрек,  арлы  ақыл  бар  жер-
де  адам  нәпсісіне  ие  болады,  әділетсіздікке, 
арамдыққа,  өтірікке,  алдауға  тосқауыл  қояды. 
Адам  жөнделсе-қоғам  мен  өмір  жөнделеді, 
жаратушыны  шын  сүю  басталады,  -  деп 
тұжырымдайды ол. Мына бір өлеңінде ақын:
Ескіден қалған сөз теріп,
Өз ойымнан өң беріп,
Үйретуді жөн көріп,
Түзетпек  едім  адамды,-деп  өзінің  ізгілікті 
мақсатын 
ашып 
айтады. 
Шәкәрімнің 
шығармашылығынан 
өмірдегі 
ұстаған 
басты  принциптерінің  бірі  –  «адамды  түзету» 
екендігін  көреміз.  Шәкәрімнің  осы  ойла-
ры  ғұлама  Әл-Фараби  ойларымен  тоғысып, 
ұласып  жатқандығын  айта  кеткен  жөн. 
Жалпы  шығыстық  әлем  үшін  адамгершілік 
бағдарларды, 
тағылымдық 
ұстанымдарды 
бағалап,  оларды  тарихи  санада  басшылыққа 
алып,  жаңғырту  дәстүрі  терең  тамырлары  бар 
құбылыстар болып табылады. Осы ұстанымдар 
біздің  ұлттық  қасиеттерімізді  айқындайтыны 
даусыз.  Ендеше,  өзіміздің  рухани  әлемімізде, 
шығыстық  жүйенің  әсерін,  ықпалын,  байланы-
сын,  ұқсастығын,  айырмашылығын  анықтау 
маңызды.  Рухани бастауларымызға назар ауда-
рып, ұрпақтардың  жалғастығын, сабақтастығына 
сараптама  жасау  арқылы    көптеген  нәтижеге 
жете 
аламыз. 
Шығыс 
ойшылдарының  
дүниетанымдық  жүйесі  бойынша  тіршілік 
атаулының  бір  Жаратушысы  бар.  Адам,  оның 
ақыл-ойы, жан әлемі күнделікті тіршілікте белгілі 
бір  заңдылықтар  арқылы  жүреді.  Адамның, 
табиғаттың  қозғалыс  көздері  бір  Жаратушыға 
келіп  тіреледі.  Әл-Фарабидің,  Абайдың, 
Шәкәрімнің  ұстанымдарында  барлығының 
іргетасы,  негізі  рухани  әлемде  деген  пікірде 
тоғысады.  Ойшылдардың  даналыққа  құрылған 
ой-танымдары, 
шығармашылықтарының 
мәдени,  рухани  құндылығы  қазіргі  кезеңде 
әлемді жаһандану процестері күшейген кезеңде 
адамның    ішкі    әлемін  тәрбиелеу  үшін  де 
маңызды.
Қазақ халқының рухани ұстаздары халқына 
әділеттілік пен ізгіліктің жолдарын нақты көрсетіп 
берген.  Бүгінгі  ұрпақ  олардың  адамгершілік 
мұрасынан  сабақ  ала    алса  ғана  дұрыс  қоғам 
орната  алады.  Қоғамдағы    тәрбие  мәселесінің 
теориялық  және  тәжірибелік  негіздерін  ой-
шылдар  шығармаларындағы  концепцияларға 
негіздесек, тәрбие жұмыстарында жетістіктерге 
жететініміз анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет