Бас редактор



жүктеу 3.07 Mb.
Pdf просмотр
бет5/24
Дата28.12.2016
өлшемі3.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Жауапкершілік әдебі
Әрбір 
адамның 
адамдық 
қасиеттері 
өзіне,  өз  әрекетіне,  перзенттік  парызына, 
адами-заманауи 
тағдырына, 
адамгершілік 
міндеттеріне 
жауапкершілікпен 
қарау.
Ең  әуелі  жеке  тұлға  өзінің  денсаулығына, 
жан 
саулығына, 
тұрмыс-тіршілігіне 
аса 
зор 
жауапкершілікпен, 
ұқыптылықпен 
қарауға 
бейімделеді, 
қалыптасады.
Жеке  тұлғаның  алдында  үздіксіз  орын-
дайтын  іс-әрекеттері  бар.  Ол  алдымен, 
күнделікті  іс-әрекеттерінің  іс-тәртіп  жүйесін 
қалыптастырады.  Ерте  тұру,  алға  қойған 
күнделікті  міндеттерді  орындау,  уақтылы  дем 
алу, өнермен, спортпен шұғылдану, оқу, үйрену, 
жаттығу бәрі де уақытысында жауапкершілікпен 
әдепті  орындауды  талап  етеді.  Егер,  іс-әрекет 
жүйесі  қалыптаспаса,  ол  адамның  өмірі 
берекесіз,  мазмұнсыз,  нәтижесіз  болады.
Ата-ана, 
жауапкершілік 
әдебі, 
отба-
сы  мүшелерінің  жауапкершіліктері  өмір 
өрнегінде  бірте-бірте  қалыптасып,  отбасы-
нан  басталатын  Отанның  тіршілік  жүйесінің 
«қазаны  қайнап»,  өз  нәтижелерін  береді.
Қоғам  мүшелерінің,  ұжым  мүшелерінің 
жауапкершіліктері  жеке  тұлғаға  көп  міндет 
жүктейді.  Жеке  тұлға  ең  әуелі  өз  міндеттерін 
жауапкершілікпен  орындау  арқылы  қоғамдық, 
ұжымдық  жауапкершіліктің  өтесіне  шығады.
Жеке  тұлға  құқықтық  жауапкершілігін 
жақсы  түсініп,  еңбек  ету,  жар  таңдау,  ма-
хаббатты  қастерлеу,  сән  мен  талғам,  жа-
расым,  ұнасым  дегендерінің  мәнін  бағалау, 
көркемдікті  көре  білу,  көркемдікті  жасай 
білу  (өнерде,  тіршілікте)  жауапкершілікпен, 
әдеппен 
орындалмаса 
бәрі 
бекер.
Ұлтжандылық әдебі
Қазақ  халқының  ұлттық  ерекшеліктері, 
ұлттық 
салт-дәстүрлері 
мен 
мәдениеті 
жеке  тұлғаның  жанын  жадыратып,  жүзін 
нұрландырады.  Сондықтан,  өз  ұлтын  (қазақ 
ұлтын)  сүймейтін  пенде  болмайды.  «Халқын 
сүймегеннің қары сынсын», «У ішсең, руыңмен», 
«Отаның  үшін  отқа  түс,  күймейсің»,  «Ер  ел 
үшін  туады,  ел  үшін  өледі»,  «Қарға  тамырлы 
қазақ»  деген  мақалдар  ұлтжандылық  әдебін 
бейнелейді. «Қазақпыз – әлемге танықпыз. Азат-
пыз,  ерлік  пен  алыппыз»  деп  мақтанады  ақын.
Ұлтжанды  қазақ,  ең  әуелі  ұлттық  тілді 
жоғары 
бағалайды, 
ұлттық 
әдебиетті, 
мәдениетті  сүйеді.  «Ана  тілім  –  байлығым. 
Сана,  білім,  айбыным»  деп,  ол  ұлттық 
тілді  қастерлеп,  шешендікке  бейім  болады.

32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ұлтжандылық 
– 
ұлтшылдық, 
яғни, 
тек  өз  ұлтын  сүйіп,  басқа  ұлттарды  жек 
көретін  тұлға  емес,  нағыз  адами  асыл 
қасиеттерді  игерген  тұлғаның  беделді  белгісі.
Ұлтжанды  тұлғаның  қозғаушы  күші 
ұлттық  намыс.  Ұлттық  намыс  –  ержүрек, 
қайырымды,  мейірімді,  өнерпаз,  шешен, 
қазақ  халқының  ғасырлар      бойғы  қайсарлық 
күрестері  мен  қажырлы  еңбектері  арқылы 
қалыптасқан 
ұлттық 
қасиеті. 
Ержүрек, 
жеңімпаз, әмбебеп халықтың ғаламға танытқан 
биік  туы  –  ұлттық  намыс,  әрбір  тұлғаның 
жүрегіне  арнап,  қанына  сіңген  құдіретті  қуат.
Ұлтжандылық – перзенттік парызды өтеудің 
ұлттық белгісі: әрбір ұлттың перзенті өз ұлтын 
сүймесе, оған қызмет етпесе, ол ұлтжанды емес, 
яғни ол отансыз, опасыз жан. Басқа ұлттық орта-
да  өсіп,  өз  елін,  ұлттық  тілін  білмейтін  тұлға 
ұлттың  өкілі  емес.  Ол  өз  халқына  қызмет  ете 
алмайды,  қазақпен  қаны  бір  болғанмен,  жаны 
бөлек  тұлға  ұлты  үшін  қызмет  ете  алмайды.
Ұжымшылдық әдебі
«Бірлік  болмай,  тірлік  болмас»,  «Көп 
түкірсе  –  көл»,  «Көпке  топырақ  шашпа»,  «Ал-
тау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел 
болса,  төбедегі  келеді»,  «Жұптасып  көтерген 
жүк  жеңіл»,  «Көппен  көрген  –  ұлы  той», 
«Көп  көтереді,  терең  батырады»  дейді  қазақ.
Қоғамда ұжымды ардақтап, оның мақсаттары 
мен дәстүрлерін бұлжытпай орындау – әдептілік, 
адами  қадірлі  қасиет.  «Жалғыз  жүріп  жол 
тапқанша, көппен жүріп адас» деп қазақ халқымыз 
ұжымшыл  болуды  о  бастан  уағыздап  келеді.
Ең  әуелі  ұжымның  әрбір  мүшесі  ұжымдық 
жауапкершілікті  берік  сақтауға  міндетті. 
Ұжымдық  жауапкершілікті  жеке  бастың 
тіршілігінен  жоғары  қою  ләзім.  Жалпы, 
ұжымдық міндеттер мен мақсаттар жеке тұлғаға 
үлестемей, тұтастық жауапкершілікті жүктейді.
Ұжымдағы  дәлдік  дәстүр  әрбір  іс-әрекетті 
белгіленген  уақытта  орындауды  талап  етеді. 
Уақытты  пайдаланудың  дәлдік  дәстүрі 
ұжымдағы  тәртіптілік  әдебін  қалыптастырады.
Ұжымдағы  қамқорлық  дәстүрі  ұжым 
мүшелерінің бір-біріне қамқорлық жасау әрекетін 
міндеттейді  және  қалыптастырады.  Ұжымдық 
қамқорлықтың  түрлері  көп,  ол  ұжымдасқан 
топтың  қасиетті  борышы  болып  табылады.
Ұжымдық  салтанат  жеке  тұлғалардың 
ынта-ықыласы 
мен 
еңбектенуі 
арқылы 
өз 
нәтижелерін 
береді.
Әсіресе,  ұжым  өнерпаздығы,  еңбекшілдігі 
ұжымшылдық  қасиет  арқылы  өрнекті,  өнегелі 
жемістерін  береді.  Жеке  тұлғаның  өнерпаздық, 
еңбекшілдік  қасиеті  өз  ұжымында  дамиды.
Ұжымдағы 
зерттегіштік, 
білімдарлық 
дәстүрлер 
арқылы 
жеке 
тұлғаның 
біліктілігі 
дамып, 
қалыптасады.
Ұжымдық 
тәрбие 
жеке 
тұлғаны 
ұжымшылдыққа 
баулу 
арқылы 
оның 
адамгершілігін, 
еңбексүйгіштігін, 
әдептілігін,  көпшілдігін  қалыптастырады.
Іскерлік әдебі
Жеке  тұлғаның  іс-әрекеттегі  білімдарлығы, 
шеберлігі, 
әмбебаптығы, 
көргенділігі, 
тәжірибесі жетікті екендігі, ындырымдылығы 
бәрі бірігіп, іскерлік деп аталады.
Іс-әрекеттегі  білімдарлық,  оқығаны  мен 
тоқығаны  мол  жеке  тұлғаның  өз  білімін  іске 
асыра білетін қабілетінің қайырымын көрсетеді. 
Алған  білімін  (теориялық)  іс-әрекетте  (прак-
тикада)  іске  асыра  білу  білімдарлықтың белгісі.
Жеке  тұлғаның  іске  шеберлігі,  оның  іс-
әрекеттегі ынта-ықыласы, қызығуы, құштарлығы, 
құлшынуы  арқылы  қалыптасады  да,  ол  алған 
ісін  тиянақты,  өз  дәрежесінде  орындайды.
Іскерлік,  көбінесе,  әмбебап  білгірлікпен 
айқын көрінеді. Мысалы, компьютермен жұмыс 
істеу үшін жеке тұлға электротехниканы, радио-
техниканы,  жазу  ережелерін,  өз  мамандығын 
жан-жақты  жақсы  біліп,  пайдалану  керек.
Іскерлік  көргенділікпен  де  байланысты. 
«Көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді», 
«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп 
қазақ халқы көргенділіктің тәрбиелік, тәжірибелік 
мәні  зор  екенін,  мұрагерлік  мәнін  көрсетеді.
Іскерліктің  нәтижелігі,  көбінесе,  жеке 
тұлғаның  іс  тәжірибесіне  байланысты.  Іскер 
болу  үшін,  тәжірибелік  іс-әрекеттер  жеткілікті 
болу  керек.  «Үйрен  де  жирен»  дейді  халық. 
Үйрену  мақсатын  намыспен  қаруландырып,  іс 
нәтижесін  көрген  адам  қуанышқа  бөленіп,  та-
лап  пен  еңбек  арқылы  бақытқа  жететіне  сенеді.
Іскерліктен 
әдептілік, 
мәдениеттілік 
көрінеді 
де, 
ол 
адамдықты 
танытады.
Әділеттілік әдебі
Әдептілік  қасиетті  жеке  тұлғаның  бойы-
на  сіңіру  отбасы  тәрбиесінен  басталады. 
Өтірік  айтпау,  шындықты  танып,  оны  қорғау, 

33
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
әділетті  болу,  адамға  жақсылық  ойлау,  әр 
нәрсені  бағалай  білу  қағидалары  іс-әрекет 
арқылы жеке тұлғаның санасында қалыптасады 
да,  оның  адамдық  бейнесін  көрсетеді.
«Өтіріктің  құйрығы  бір-ақ  тұтам»,  «Өтірік 
сөз  өрге  бастырмайды»,  «Өтірікшінің  шын 
сөзі  зая  кетеді»  деп,  халық  әділеттіліктің  қас 
дұшпаны өтірік екенін жас ұрпаққа жастайынан 
түсіндіріп,  оларды  шыншылдыққа  тәрбиелейді. 
Халық  өтірікті  «өтірік  өлеңдер»,  «сықақ 
әңгімелер» арқылы күлкіге, мазаққа айналдырып, 
жас ұрпақты одан жирендіреді. «Өтірік, өсек, мал 
шашпақ»  сияқты  «дұшпандарды»  Абай  дана 
ашып  айтып,  одан  аулақ  болуды  уағыздайды.
Халық шындық тани білуді және оны қорғай 
білуді насихаттап, шындық – әділеттіліктің тірегі 
екенін дәлелдеп көрсетеді. «Міншіл болма, шын-
шыл бол», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», 
«Шындық  бас  жармаса  да,  тас  жарады»  деген 
халық сөзі шындық, әділеттілік арқылы мақсатқа, 
жеңіске жетуге болатынын дәлелдейді. Ұрпақты 
әділеттілікке  тәрбиелеу  үшін,  халық  шындық 
үшін күресудің тәсілдерін үйретеді. Әділетті болу 
– шыншыл болудың ұлттық көрінісі. Шындық – 
сыбайластыққа қарсы күрестің күрмеусіз құралы.
Әділеттілік  адам  баласына  тек  жақсылық 
ойлаудан  да  айқын  көрінеді.  Күншіл,  қара 
ниет  адам  ешқашан  да  әділетті  болмайды. 
Сондықтан,  халық  ондай  адамдардан  аулақ  бо-
луды,  адам  баласына  тек  жақсылық  жасауды 
уағыздап,  ұрпағын  жақсылыққа  тәрбиелейді.
Әділеттілік  әр  нәрсені  әділ  бағалай  білуден 
де  көрінеді.  Іс-әркеттің,  құндылықтың  әділ 
бағасын  бере  білмеген  адам  әділетті  емес. 
Әділетсіз  адамның  жалған  сөзі,  баянсыз 
бағасы  –  дұшпандық.  Ол  жазасын  тарту  керек.
Өнерпаздық әдебі
Қазақ  халқы  –  өнерпаз  халық.  Қол  өнері, 
әншілік  өнер,  ақындық  өнер,  жыршылық  өнер, 
саяттық  өнер,  шешендік  өнер,  спорттық  өнер, 
бишілік өнер, күйшілік өнер т.б. өнер түрлеріне 
әрбір  адам  бейімді  болады,  сол  өнердің  өзіне 
ыңғайлысын  таңдап,  игереді,  дамытады.
Қол өнерін әрбір қыз бала игереді. Зергерлік 
өнердің  бұрынғы  және  қазіргі  түрлері  да-
рын  иелерінің  даңқын  шығарып  жүр.  Кілем 
тоқу,  ши  тоқу,  киіз  басу  (түс  киіз,  текемет 
т.б.),  шілтер  тоқу,  ою  мәнері,  киім  тігу,  кесте 
тігу  шеберліктерін  сұранысына  қарай,  қазақ 
қыздарының  кез  келгені  қызыға  үйренеді.
Қазақ  халқы  –  әнші  халық.  «Мен  қазақ  да-
ласы  ән  салып  тұрғандай  сезінемін»  депті  ака-
демик  Бартольд.  «Әннің  де  естісі  бар,  есері 
бар,  тыңдаушының  құлағын  кесері  бар»  деп 
Абай данамыз әншілік өнердің құндылығы әнге 
және  әнді  айта  білуге  байланысты  екенін  ба-
сып  айтады.  Әншілік  өнер  –  иелі,  киелі  өнер.
Қазақ  халқы  –  ақын  халық.  Әсіресе,  айтыс 
өнерінде  қазақ  халқының  өнеріне  тең  келетін 
халық  жоқ.  «Сонда  да  өлеңнің  бар  таңдамасы, 
Іші алтын, сырты күміс сөз сарасын, Қазақтың 
кемсітер қай баласы?» деп Абай ақын ақындық 
өнерге  жауапкершілікпен  қарауды  үйретеді.
Қазақ халқының жыраулары мен жыршылары 
өнерпаздықтың өркениетті үлгілерін жасап берді. 
Кез келген қазақ мектебінде жыршылар тобы бар. 
Айтыс өнеріне бейімділер өз өнерлерін көрсетеді.
Саяттық  (құс  салу),  спорттық  өнер 
қазақ 
елінде 
ерекшелігімен 
таныла-
ды.  Қажымұқан  ұрпағы  дүние  жүзінде 
спорттық  жарыстардан  жүлделі  болып  келеді.
Күйшілік, бишілік өнер әрбір адамның бой-
ында бар. Өнерді «өрге бастырып» дамыта білу 
– ұлттық міндет.
Өнерпаз  болу  (өнерпаздық)  –  әдептің 
(мәдениеттің)  беделді  белгісі.  Өнер  нышанда-
рын анықтап, дамыту керек.
Ұқыптылық әдебі
Ұқыптылық  ұлттық  әдептің  (мәдениеттің) 
құнды  белгісі.  Іс-әрекетке  жауапкершілікпен 
қарап, әр істі дер кезінде, тиянақты, тыңғылықты, 
тындырымды,  жемісті,  нәтижелі  орындау 
қалыптасқан ұқыптылыққа байланысты.
Іс-әрекетті  ұқыпты  орындау  үшін  іске 
жауапкершілікпен  қарап,  оның  тетігін  жақсы 
біліп,  «ойдағыдай»  орындау  керек.  Яғни,  істі 
ұқыпты  орындау  оның  тетігін  жақсы  білумен 
байланысты.
Істегі ұқыптылық оның дер кезінде орында-
луына  да  байланысты.  «Еріншектің  ертеңі  тау-
сылмас» дейді халық, «Күшіңді әуреге салдырма, 
Ісіңді ертеңге қалдырма» дейді ақын. Дер кезінде 
орындалмаған  істің  берекесі  кетеді.  «Уақыт 
зырлайды,  іс  күтіп  тұрмайды»  іс-әрекет  дер 
кезінде  орындалмаса,  ол  жағдай  ұқыптылықты 
(әдептілікті) бұзады, ұқыпсыздық пайда болады.
Ұқыптылық,  көбінесе,  іс-әрекеттің  тын-
дырымды  орындалуына  байланысты.  Іскер 
адам  ісін  сәтті  аяқтап,  одан  соң  бірнеше 
рет  істің  тындырымдылығын  тексеріп,  өз 

34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
кемшіліктерін  түзейді.  Кемшіліксіз  нәрсе  бол-
майды,  «Біткен  іске  сыншы  көп»,  іске  сын 
көзімен  қарау,  өз  кемшіліктерін  көре  білу  жеке 
тұлғаның ұқыптылығын қалыптастырады. Істің 
тындырымдылығын  сынаған  адамның  әділетті 
сынын әдептілікпен мойындау керек.
Ұқыптылық әрекет қалаулы қалыптасса, әрбір 
істің жемісі (нәтижесі) айқын көрінеді. Ұқыпсыз 
әрекет – нәтижесіз. Іс нәтижесіз беретіндей жо-
спарлы,  қисынды,  мақсатты,  мазмұнды  болу 
керек. «Ойланып алмақ сабыр – сол» деп Абай 
дана айтқандай, іс нәтижелі болу үшін «асыққан 
–  шайтанның  ісі»  болмай,  саналы  іс  сабырмен 
орындалу керек.
Іс-әрекетте  жинақы  болу  –  ұқыптылықтың 
белгісі. Жинақылық, тазалық, реттілік, жүйелік 
іс-әрекеттің  әрін  келтіріп,  оның  өнімді  болуы-
на себепші болады. «Олақтан салақ жаман» деп 
халқымыз ұрпағын ұқыптылыққа тәрбиелейді.
Арлылық әдебі
Қазақ  халқы  ұрпағын  «Жаным  –  арымның 
садағасы»  деген  қағидамен  арлы  жан  етіп 
тәрбиелейді. Ардың негіздері: ұят, намыс, қайрат, 
ақыл  парасаты,  жан  тазалығы,  ақниеттілік, 
адамгершілік.
Ұят – ізеттілікті, сыйласымды, өз кемшілігін 
мойындауды көрсететін құбылыс. Үлкен адамды, 
көпшілікті, ата-ананы сыйлайтын ұлттық тұлға, 
оларға  сыйласымын  көрсетіп,  иманжүзділік 
білдіреді.  «Үлкенге  –  құрмет,  кішіге  –  ізет» 
деп  халық  «ұяты  барды»  құрметтейді.  Ұялу  – 
ұялшақтық  (жасқаншақ)  емес.  «¥ятым  –  арым, 
миятым – барым» деп, ақын ұятты армен тіркес 
көрсетеді.
Ардың қозғаушы күші – намыс. Қазақ – на-
мысшыл  халық.  Әрбір  тұлға  «намысқа  ты-
рысып»,  қатарынан  қалмауға,  алға  қойған 
мақсаттарын  орындауға  бар  күшін  (намысын) 
салады. «Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер 
артынан»  деп  Абай  дана  арсыз  адам  табансыз, 
адамдығы жоқ пенде екендігін айтады.
«Ақыл,  қайрат,  жігерді  бірдей  ұста,  Сон-
да  толық  боласың  елден  бөлек»  деп,  Абай 
дана  арлылық  қасиеттің  қалыптасуы  ақыл 
мен  қайратқа  байланысты  екенін  ғибраттап 
көрсетеді.
Арлылық  –  ақыл-парасатын  көрсететін 
құбылыс.  Ақылсыз  адам  –  арсыз  надан.  Онда 
іс  әдебі,  сөз  мәдениеті,  ой  жүйесі  болмайды. 
Арсыз  адам  жарасым,  талғам  дегенді  білмейді, 
көркемдікті қорлайды.
Арлылық – жан тазалығы мен тән тазалығын 
көрсететін  қасиет.  Ақниетті  сана,  ақжарқын 
тазалық болмаса, арлылықтың қадірі білінбейді.
Арлылық  –  адамгершіліктің  биік  шыңы. 
Ар-намысты  халық  –  жеңімпаз  халық.  Біз,  сол 
жеңімпаз халықтың ұрпағымыз.
Бірлікшілдік әдебі
«Бірлік  болмай,  тірлік  болмас»  деп,  қазақ 
халқы  тіршіліктің  тікелей  негізі  бірлік  екенін 
қағида етіп, ұрпағын бірлікке тәрбиелейді.
Бірлік  бірлесу,  достасу  арқылы  іске  асыры-
лып, адами өмірдің ерекшелігін көрсетеді.
Бірлесу  бірігу,  топтасу,  қауымдасу,  ұжым 
құрумен  қалыптасады.  Екі  адамның  бірігуі, 
бірнеше  адамның  топтасуы,  бірнеше  топтың 
қауымдасуы, 
қауымның, 
ұжым 
құруы 
бірлікшілдіктің негіздері болып табылады.
Бірлікшілдік  басшылардың  біліктілігімен, 
даналығымен  қалыптасатын  қасиет  (ұлттық 
әдеп).  Қазақ  халқының  бірлігін  Жәнібек  хан, 
Есім  хан,  Қасым  хан  сынды  хандар,  Төле  би, 
Қазыбек  би,  Әйтеке  би  сияқты  билер  мен  дала 
данышпандары және көреген көсемдері, батыр-
лары қалыптастырған болатын.
Бірлікшіл халықтың ұрпағы «Алтау ала бол-
са, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі 
келеді»  деген  ұлттық  қағиданы  берік  ұстап, 
тірлікте жеміске, бірлікте жеңіске жетіп отырған. 
Әрбір тұлға бірлікшілдік қағиданы берік ұстанса, 
мақсатына жетеді.
Бірлікшілдіктің  берік  белгісі  достықтан 
көрінеді.  «Қанды  көйлек  киісіп,  жүректері 
түйісіп» дос болу ата салты. Дос – достық үшін 
жанын  қияды.  Шын  достық  –  адамгершіліктің 
шыңы. Оны біз тарихта Исатай мен Махамбеттің 
достығынан  көреміз.  «Досыңа  достық  –  қарыз 
іс, Дұшпаныңа әділ бол» деп Абай дана достық 
жолын ашып көрсетеді. «Кейбір дос бүгін тату, 
ертең сату» деп, Абай табансыз дос дұшпандай 
болатынын сақтандырады.
Бірлікшілдік  –  адами  қасиет,  ұлы  әдеби 
қағида.
Перзенттік парызды өтеу әдебі
Қазақ  халқының  ұлттық  дәстүрі  бойынша 
әрбір ұлттық тұлға өзін өсірген ата-ана, ел-жұрт 
алдында  перзенттік  міндет,  перзенттік  борыш, 
перзенттік  парыз  дәстүрлерін  орыдауға  тиісті 
болады.
Перзенттік  міндет  ата-ананың  тілін  алу-

35
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
дан  басталады.  Өзіне-өзі  қызмет  ету,  тиісті 
міндеттерін орындау, еңбек етудегі тәртіп, алға 
қойған күнделікті тіршілік жүйесін сақтау – бәрі 
перзенттік міндет болады.
Перзенттік  борыш  перзенттік  міндеттерді 
орындаудағы  ата-анаға  қарыздар  екенін  жеке 
тұлғаның түйсініп, оны орындау әрекеті.
Перзенттік парыз – қасиетті ұғым. Кәмелетке 
толған әрбір перзент ата-ана алдында, ел алдын-
да,  Отан  алдында  міндеттері  мен  борыштарын 
абыроймен атқарып, қызмет ету мақсаттарын іске 
асырудың заңды (салттық) құбылысы. «Отаның 
үшін отқа түс – күймейсің» дейді Бауыржан ба-
тыр. Отанға қызмет ету – әрбір ұлттық тұлғаның 
парасатты парызы. «Ел ішім – жанұям, Сен үшін 
жан  қиям»  деп,  әрбір  ұлттық  тұлға  елге  адал 
қызмет етуге парызды. Қазақ халқының ұлттық 
дәстүрі  бойынша,  әрбір  перзент  өскен  соң  ата-
ананы асырау парызын орындауға тиіс. 
«Әкелді өмірге,баптады,
 Әкеңді өскенде бақ кәне:
 Төзімді бағбаны болмасаң,
 Өзіңді Құдайдың атқаны».
Бұл  өлең  шумағы  ұрпақ  парыздарлығын 
дәлелдеп тұр. Әрбір ұлттық тұлға бүкіл адамзат 
алдында адамдық парызын (кісілікті, әдептілікті, 
қайырымдылықты,  имандылықты  т.б.)  сақтау 
әдебін білуге 
тиіс.
Үнемшілдік әдебі
Дүниенің  парқын  бағалап,  орнымен  пай-
далану,  үнемдеу,  әр  нәрсенің  қалпын  білу,  құн 
мен  бағаны  ажырата  білу  арқылы  әрбір  тұлға 
үнемшілдік әдебін қалыптастырады.
Үнемшілдік қасиеттің қас жаулары: ысырап, 
орынсыз дүние шашу, парықсыздық, затты пай-
далана білмеу, затты қолдана білмеу, құнсыздық, 
үнемсіздік, жобасыздық.
«Дүниеңді  шашпа,  артыңды  ашпа»  дейді 
қазақ халқы. Дүниенің қадірін білмей, ойламай, 
орынсыз шашу «мырзалық емес». Әрбір заттың 
есебі  бар.  «Есеп  білмеген  –  есек»  деп,  халық 
дүниені есептеп жұмсауды насихаттайды.
Үнемшілдіктің  қас  жауы  парықсыздық.  Әр 
заттың  өз  нарқы,  құны,  парқы  болады.  Алтын 
мен жезді айыра білмеген парықсыз надан дүние 
құнын бағалай алмайды.
Халық әр затты пайдалана білудің үнемшілдік 
қасиеттерін  жоғары  бағалайды.  «Тарта  жесең, 
тай  қалады,  қоя  жесең,  қой  қалады»,  «Жаман 
қой өрісін бір күнде тауысады» деп, халық зат-
ты  пайдаланудағы  үнемшілдік  қағидаларын 
тәрбиеге тәлімдеп пайдаланады.
Затты қолдана білудің де үнемшілдік мәні зор. 
Асты  мөлшерсіз  көп  дайындап,  обал-сауалына 
қарамай,  «артық  асты»  төгіп-шашып  тастауды 
халық обал дейді. Әрбір парықсыз адам обалдың 
залалын  тартады  (өкінеді,  жоқтайды,  күйінеді, 
ашынады, ашығады).
Затты күте білмеу, сақтай білмеу – ысырап, 
қорлықтың  сорақысы,  сорланатын  түрі.  Заттың 
тазалығын сақтамау, жөндемеу, аз кемшілігі үшін 
«тастай» салу бағаламау, қорлау болып табыла-
ды. «Қыс киерін жаз киіп, жарлы қойдан байы-
сын» деп, халық затты сақтай білуді уағыздайды. 
«Көрпеңе қарай көсіл» деп, халық үнемшілдіктің 
тұрмыстық мәнін де үнеммен байланыстырады.
Ұлттық тіл әдебі
Қазақ халқының ұлттық тіл мәдениеті ерек-
ше, тіл тазалығы, сөз қолданыс, сөз әдебі, ой мен 
сөздің  байланыс  бағамы,  сөйлемдік  құрылым, 
сөз ырғағы мен сөйлем әуезділігі ұлттық тілдің 
қадір-қасиетін білдіреді.
Қазақ  халқы  тіл  мәдениетіне  ерекше 
көңіл  бөледі.  «Қоқсықтарды  мың  жылдық 
қоқсытады  мылжыңдық»  деп,  халық  «Қысқа 
да, нұсқа» сөйлеуді уағыздайды. Дөрекі сөйлеу  
мәдениетсіздік болып табылады.
Тіл тазалығы – ұлттық тұлғаның біліктілігін, 
мәдениеттілігін  көрсетеді.  «  Орысша  ойлап, 
қазақша  сөйлеу»  –  ана  тілін  қадірлемеудің 
белгісі. Бейнелі, «берекелі» қазақ тілі ой оралы-
мын айқын айта алады.
Қазақ тіліндегі сөз қолданыста негізгі сөзге 
дауыс  ырғағы  екпіндеп  түседі  де,  ол  сөйлем 
мағынасын қуаттап тұрады. Сөйлем мүшелері өз 
орындарында тұрмаса, сөз мәні бұзылып, сөйлем 
әлсірейді.
Қазақтың  ұлттық  (мемлекеттік)  тілінде 
әдепті  сөздер  көп  қолданыс  тауып,  сөйлеу 
мәдениетін  сақтау  дәстүрі  орындалады.  Қазақ 
тіліндегі сөз әдебі ырғағы мен екпін әуезі арқылы 
байқалатындықтан,  ой  иесі  сөз  екпініне  ерек-
ше  көңіл  бөліп,  сөзін  «қожыратпай»  сөйлеуге 
міндетті.
Қазақ  халқының  «қоңыр  үнді,  қорғасындай 
салмақты»  ұлттық  тіліндегі  әдеп  –  ұлттық  тіл 
мәдениетінің кепілі.
Бірлігі дәстүрге айналған,
Тірлігі бақытқа сайланған
Сыйлауды, әдепті үйреткен
Иманды халқымнан айналам.

36
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Резюме
В  статье  автор  передает  культурный  и  духовный  облик  казахского  народа.  Автор  доносит  до  читателя 
формы воспитания с помощью обычаев, связывая их с культурой речи, культурой быта, культурой действия, 
культурой характера, социальной культурой, культурой личности казахского народа.
Summary
In the article the author shows cultural and spiritual  appearance of Kazakh nation. Author shows the forms of 
upbringings by customs, mixing it with the cultural speech, culture of mode, culture of action, culture of character, 
social culture, culture of personality of Kazakh nation.
 
А.Құсайынов – 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақстан Педагогикалық  Ғылымдар Академиясының президенті
БІЛІМ БЕРУДЕГІ «ЖАПОНИЯЛЫҚ КЕРЕМЕТ» ЖӘНЕ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ ЖАҒДАЙЫ
Қазіргі ғаламдану заманы қандай болмасын 
елдің даму жолын анықтауына үлкен салмақ са-
лып отыр. ХХІ ғасыр, бір жағынан, ғылым мен 
өндірістің  қарқындап  дамыған,  инновациялық 
технологиялар  ғасыры  болса,  екінші  жағынан, 
дамыған  елдер  экономика  әлемінде  өз  бағыт-
бағдарын  бекем  ұстап,  шамалары  жеткенше 
ешкімді  жақындатпай,  оқ  бойы  алда  жүруді 
мақсат  тұтуда.  Осындай  күрделі  кезеңде  бар 
елдің экономикасына ауыр жүк салған жаһандық 
дағдарыс  басталды.  Бұл  дағдарыс  қай  елге 
болмасын,  әсіресе,  барлық  елдердің  Елбасы-
ларына үлкен сын сағаты болды. Еліміз де бұл 
дағдарыстан шет қала алмады. Бірақ, көрегендік 
даналығын дүние жүзінің озық ойлы ғұламалары 
мойындап отырған, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтің  салиқалы  саясатының 
арқасында қазақ елі бұл дағдарысқа төтеп берді. 
Осы дағдарыстың сабағын бізге терең түсіндіріп 
келген  Елбасы  өз  жолдауында:  «Менің  басты 
мақсатым  –  еліміздің  алдағы  онжылдықтағы 
экономикалық  өрлеуін  қамтамасыз  етіп,  жаңа 
мүмкіндіктерге жол ашу», – деп ойын ашық ай-
тады.
Менің  ойымша,  бұл  жолдау  ешбір 
қазақстандықты  бей-жай  қалдырған  жоқ. 
Себебі, әр адамның көкірегіне терең ой салған, 
елдің келешек дамуының анық бағыт-бағдарын 
көрсеткен үлкен жолдау болды. Жолдауда елімізде 
білім  беру  сапасын  дүние  жүзінің  озық  елдері 
деңгейіне жеткізу мақсатында атқарылуы қажетті 
ең түйінді мәселелер нақтылы айтылған.
Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  Елбасы 
жастарға  саналы  тәрбие,  сапалы  білім  беру 
мәселелерін  күн  тәртібінен  шығарған  емес. 
Біздерді Елбасының білім беру саласының терең 
білуі  тәнті  етеді.  Бірде  Елбасы  жапон  елінде 
ғасырлар  бойы  сақталып  келе  жатқан  ұлттық 
рухани адамгершілік тәрбиенің маңызына ерек-
ше көңіл бөлген болса, үстіміздегі жылы Үкімет 
мүшелерімен  өткізген  мәжілісте  финн  елінің 
даму  үрдісін  үйренудің  қажеттігіне  тоқталды. 
Осы  екі  елдің  ғарыштап  дамуының  түп  негізі 
оларда  білім  беру  жүйелерінің  ғылыми  негізде 
дұрыс ұйымдастырылғанында болып отыр. 
Білім  беру  саласында  еңбек  ететін 
қызметкерлер алдына нақтылы мақсат-міндеттер 
жүктелген.  2020  жылы  елімізде  12-жылдық 
білім  беру  жүйесі  нәтижелі  жұмыс  жасауы 
тиіс,  кәсіптік  және  техникалық  білім  экономи-
ка  сұраныстарына  толық  жауап  берулері  керек, 
еліміздің жоғары оқу орындары рейтингі топта-
масына қосылуы қажет.
Білімнің түп қазығы мектепте қаланады. Фун-
дамент  жоқ  жерде  ғимарат  та  жоқ.  12-жылдық 
білім беру жүйесіне өтудің басты мақсаты, білім 
беруге  негізделген  оқыту  жүйесінен,  нәтижеге 
бағдарланған білім беру жүйесіне көшу. Мұндай 
жүйе барлық дамыған елдерде нәтижелі жұмыс 
жасауда.  Осындай  жүйе  толық  іске  асырылған 
жағдайда  ғана,  білім  сапасы  қарқынды  дами-
тын  болады.  Бұл,  біздің  бәріміздің  де  ортақ 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет