Бас редактор



жүктеу 3.07 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата28.12.2016
өлшемі3.07 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

дитация жасауға әдеттеніп соған байланыстыра 
ана  құрсағындағы  тәрбие  тәсілдері  жүргізіледі. 
Анаға аяғы ауыр кезінде табиғаттың өзі беретін 
таңғажайып  қасиеттерінің  бірі  –  оның  сыртқы 
және  ішкі  сезімдері  аса  терең  күйге  ауысады. 
Соның  арқасында  аяғы  ауыр  әйел  атаулының 
мінажатқа  немесе  медитацияға  түсуі  еш 
қиындық тудырмайды. Тек, мінажат етудің жол-
дары мен тәсілдерін үйренсе жетіп жатыр. Осы 
жол ғана Жүрек тәрбиесінің, яки ана құрсағында 
ғана ашылатын Жанның арналарының сипатта-
рын  орнықтырады.  Сөйтіп,  Адам  табиғатының 
ішкі сипаттарын игеріп, бұрын-соңды болмаған 
ұрпақ  тәрбиесінің  мүмкіншіліктеріне  илана-
мыз.  Жанның  арналарын  ашу  арқылы  мидың 
астыңғы қабатында орналасқан экстросенсорлық 
орталықтардың қызметтері жүйеленеді. Өйткені, 
жанның  барлық  арналары  интуициялық 
сипаттарға жататындықтан, олардың ешқайсысы 
да  тікелей  санаға  бағына  қоймайды.  Енді 
қысқаша  болса  да  жанның  арналарына  жеке-
жеке тоқталып көрелік...

50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Түйсік. Жанның бұл арнасы қазіргі адамдар-
да толық сипатында бар ма?
–  Әрине,  жоқ!  –  деуге  мәжбүрміз.  Себебін 
өзіңіз-ақ  ойлап  көруіңізге  болады.  Мәселен, 
отырған үйіңіз 3 сағаттан кейін жер сілкінісіне 
ұшырайды  делік,  сонда  мұны  сезген  тіршілік 
иелері  үйден  бірнеше  күн  бұрын  безіп  кетсе 
де,  тек  адамдар  ғана  көзімен  көрген  сәтте  бас 
сауғалауға кіріседі. Міне, бүгінгі адам атаулының 
түйсіктерінің түрі осындай! Ендеше, бұл арнаны 
ашудың қажеті бар ма? Сөз жоқ, түйсіктің ора-
луы адам баласына да соншама керек екені айт-
паса да түсінікті...
Ұят. Осы кезде жанның бұл арнасы қандай 
күйде?
Оны  бүгінгі  қоғамның  өэі-ақ  көрсетіп 
отыр. Арбау мен алдау жайлаған мына заманда 
сорақысы  шыққан  ұяттың  жайы  мүшкіл  екенін 
кім теріске шығарады. Мысалы, осыдан он бес 
жыл  бұрын  кез-келген  сәби  дұрыс  жасамаған 
қылықтарына  қып-қызыл  боп  ұялып  қалатын 
еді. Бетінен мөрі тамған сол құбылысты қазіргі 
балалардан байқау қиын. Олай болса, жабылуға 
айналған  жанның  бұл  арнасының  да  беріп 
отырған  кесапаты  аз  емес.  Бұдан  шығатын 
қорытынды:  келешек  ұрпақ  тәрбиесінде  Жан 
мен Тәнді өзара үндестіре тәрбиелеуді бұдан ары 
кешеуілдетуге болмайды.
Сүю.     Бұл шіркіннің сапасы қалай?
Біз  жастарға  Отаныңды  сүй,  Жерің  мен 
Еліңді  сүй,  Тілің  мен  Дініңді  сүй,  Адамзат-
ты  сүйе  біл  деп  үгіттейміз.  Бірақ,  істің  жайы 
жылдан-жылға  құлдырап  барады.  Себебі  неде? 
Тіпті, адамдар мен адамдардың арасы түгіл Ата-
ана мен Бала арасындағы мейірімнің тозып бара 
жатқанын несіне жасырамыз. Олай болса, ұрпақ 
тәрбиесінің  осыншама  ауыр  жағдайда  екенін 
түсініп  қана  қоймай,  жаңа  ілімнің  технология-
сын  мемлекеттік  деңгейде,  тіпті  қолымыздан 
келсе  адамзаттық  көлемге  көтеру  керек  екенін 
дәлелдеудің қажеті жоқ сияқты.
Жігер.  Бұл  жанның  ең  құдіретті  арна-
сы.  Дұрыс  жетілген  жігердің  (ерік)  алмайтын 
қамалы,  жеңбейтін  қиындығы  жоқ.  Жігерін 
қайрап бекіген адам, ешнәрсеге арбаламайды да, 
алданбайды да. Тіпті, пәнилік нәпсісіне де тый-
ым сала алады. Жоғарыда айтылған түйсік, ұят, 
сүю арналарының да қалыпты мөлшерде жетілуі 
тікелей жігермен реттеледі. Ендеше осы жігердің 
қазіргі күйі қандай? Әсіресе соңғы буын жастар-
да жігер бар ма? ... Аса көмескі, өте нашар деуге 
болады. Осы әлсіздіктің салдарынан наша шегу, 
темекі тарту, арақ ішу, ұрлық жасау, өтірік айту, 
кісі өлтіру  секілді небір қиян-кескі қылықтардан 
өзін-өзі  тежеуге  жігері  жетпейді.  Ендігі  жерде 
ескі,  тозығы  жеткен  тәрбие  тәсілдерінің    күні 
қараң екенін мойындайтын мезгіл жетті.
Мінез.   Шіркінді  сөз ету тіпті қиын?! Адам 
мінездерінің қай қырында мүкістік жоқ? Әділдік 
бар  ма?  Рақым  мен  қайырымдылық  қайда? 
Сыпайылық пен мейірімділік тозды ма? Осылай-
ша  мінезсіздік  жайлаған  бұл  өмірде  азаматтық 
пен  кісілікті  іздеудің  жолы  тарылып  барады. 
Өйткені,  арнасы  жабылған  өзеннің  жойқын 
апатқа ұшыратары сөзсіз ғой...
Зерде. Сенің күйің нешік?
Бала атаулы ұрығынан уланып дебиль болып, 
жарық  дүниеге жарымжан күйде келіп жатқан 
мынау заманда Зерде менен Зейінде қандай қасиет 
қалмақ?!  Сонда,  дебиль  дегеннің  өзі  не?  (Де-
бильность\лат. Debilis – слабый – относитель-
Debilis – слабый – относитель-
 – слабый – относитель-
но  легкая  степень  прожденного  психическо-
го  недоразвития,  идиотия)  \Словарь  ин.слов 
-  С.151,  М.,/.  Көмейінен  сөз  маржаны  төгілген 
текті жұртымыз, кешегі ХІХ ғасырдаң өзінде-ақ 
өмір сүрген Дулат пен Бұхар немесе Нұрым мен 
Мұрын  жыраулардың  шәкірттері  ұстаздарынан 
ұзақ таңға естігендерін келесі күні бір сөзін ша-
шау  шығармай  айтып  беретін  зерделері  қайда? 
Ол қазір айтсаң адам нанғысыз қиялға айналды. 
Оның орнына бүгін магнитафонның таспалары 
қызмет  етуде.  Жаңа  ілімнің  тәсілімен  мұндай 
сорақылықтан да арылуға болады.
Табиғи қабілет. Өткен-кеткен замандардың 
қай  кезеңімен  салыстырсақ  та,  бүгінгі 
адамдардың  рухани  сапасынан  көңіл  құлазып, 
күдік көбейіп отырғаны бекер емес. Адамдардың 
жыл  өткен  сайын  тән  қуатындағы  әлсіздікпен 
қоса,  психикадағы  жігерсіздік  те  көп  нәрсенің 
сырларын аңғартса керек. Бұрынғы замандардағы 
ата-бабаларымыздың  қуаттылығын  айтпағанда, 
Ахаң  (А.Б.)  мен  Жақаң  (М.Д.)  немесе  Мұхаң 
(М.Ә.) мен Қанекеңдердің (Қ.С.) өзі қайталанбас 
алыптардың  қатарында  қабылданып  жүр.  Ал 
ертедегі  көкірек  көзімен-ақ  тылсым  сырларды 
шешіп отыратын Асан қайғы, Кетбұға, Келбұға, 
Қорқыт  ата  мен  Қойлыбайдай  көріпкелдердің 
баламалары туар күн келер ме екен?!
Ішкі  бес  сезім  дегеніміз  не?  Адам 
ағзасындағы  Сыртқы  бес  сезім  мен  Ішкі  бес 
сезімдердің  айырмашылығы  неде?  Сыртқы  бес 
сезімді  қолмен  ұстап,  көзбен  көріп  жүрсіздер, 

51
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ал  қысқаша  жинақтап  айтсақ,  Ішкі  бес  сезім 
Жанның  ең  құдіретті,  ең  әмбебап,  ең  терең  де 
тылсым арналары болып табылады. Сондықтан 
да данышпан Рудаки:
“Жүрегіңмен сезбесең,
Әлемнің сырын ұқпайсың.
Көзіңмен көрем дегенмен,
Барлығын байқап шықпайсың...” – деген 
өлең жолдарында теңдессіз терең мағына жатыр. 
Тіпті,  сыртқы  және  ішкі  бес  сезімдердің  бір-
бірінен  айырмашылығын  бұдан  артылтып  дәл 
сипаттау мүмкін емес...
Көкірек көзі адамның табиғи қасиеттерінің 
ішіндегі ең бір тылсымы мол тамаша сипаты бо-
лып табылады. Жүрек тәрбиесімен көкірек көзі 
ашылған адам таңғы-махшар нұрын да, тіршілік 
атаулының болашақ өмірлерін де, тіпті табиғаттың 
түсінікке  симайтын  сырларын  да,  бар  болмы-
сы  арқылы  сезінуімен  қоса,  тіпті  көзбен  көріп 
қолмен  ұстағандай  көріпкелдік  жасайтындары 
жайлы  мысал  көп.  Адамзат  тарихынан  белгілі 
өткен-кеткен көріпкелдерді айтпағанда, тек кеше 
ғана  өмірден  өткен  Ванга  әжейді  еске  түсірсек 
те  жетіп  жатыр.  Ол  осынау  жарық  дүниедегі 
құбылыстар  түгіл,  о  дүниедегі  құпияларды  да 
көкірек көзі арқылы көре білген жан. Оның “Жер 
бетіндегі  кез-келген  тіршілік  иелері,  әлемдік 
ырғақтар  мен  тәртіптің  заңдылықтарын 
үндестіріп  сақтай  алмаса,  тартар  азабы  мен 
көрер бейнеттері көп болмақ, – деп ескертіп 
өткені белгілі. Үндестіктерді бұзбай өмір сүру 
жолы  қайсы?  –  деп  сұраған  жандарға  ойла-
на  толғанған  Ванга  әжей:  -  “Иә-ә,  болғанда 
қандай!  Аса  қиын  да  емес,  жолы  бар!  Ол 
қайырымдылық, тек қана қайырымдылық”
–  деген  екен.  Оның  осымен  қоса  жалғастырып 
айтатыны:  -  “Аса  ауыр  уақыт  кезеңдерін  ба-
стан  кешіріп  жатырмыз.  Адамдар  арасында 
келісім жоқ! Тіпті, жаңа туған бала анасының 
сүтіне жарымауы тек қажыған жүйкеден ғана 
емес, олардың өзара үндестіктері мен рухани 
байланыстың әлсіздігінен екенін ұғынуымыз 
керек.  Әр  буындағы  адамдардың  бір-біріне 
деген  өкпе-реніштері  тым  көп.  Өзімшілдік 
пен  қанағатсыздыққа  ден  бере  бермей 
рақымшылдыққа бет бұру қажет” – деді ғой.
Ішкі сезіну ғылым тілінде телепатия делінеді. 
Адам  бойындағы  бұл  қасиет  те  көпшілігімізге 
белгілі.  Бірақ,  адам  жанының  арналарының 
біртіндеп  жабылуына  байланысты,  телепатия 
да  кез-келгеніміздің  маңдайымызға  жазылмай 
отырған құбылыс екенін айта кеткен жөн сияқты. 
Әйтсе  де,  өзінің  ішкі  сезімдеріне  мән  беретін 
жандар, егер өздерінің ең аяулы адамдарымен бір 
жайсыздық бола қалса, міндетті түрде сезінетіні 
де рас. Мұндай уақиғалар көбінесе ішкі сезімдер 
қарапайым жандардан ерекшелеу табиғи дарын-
дары ашылған жандарда кездеседі.
Ішкі дәм және Иіс сезіну жайында көбінесе 
көне  жазбаларда  айтылады.  Ежелгі  замандарда 
адамдар иіс пен дәмді, тағы жануарлардан артық 
білмесе, қалыспаған көрінеді. Бұл дерек адамда 
жанның  арналарының  біртіндеп  жабылғанын 
аңғартса  керек.  Олай  болса,  біздер  ұсынып 
отырған жаңа методология мен жүйелердің түп-
тамыры, яки гносиологиясы табиғатпен астасып 
жатыр екен.
Осындай  жаңа  методология,  жүйелер  мен 
негіздерге  сүйенген  халық  педагогикасы  мен 
этнопедагогика  дегеніміз  не  дейтін  заңды  сау-
ал  туындайды.  Ең  әуелі,  халық  педагогикасы 
мен этнопедагогика дегеніміз медальдің екі беті 
тәріздес  бір  ғана  жаратылыстың  сипаты  екенін 
түсінуіміз  керек.  Олай  болса,  бұларды  психо-
физиологиялық жаңа көзқарастың методология-
сы мен негіздері қалай түсіндіреді екен?
Халық  педагогикасы  дегеніміз  адамның 
жан  дүниесін  тәрбиелейтін  және  зерттейтін 
ғылым 
екен. 
Этнопедагогика 
дегеніміз 
тұрмыстық  және  материалдық  заттар  арқылы, 
адамның  тән  құрылысын  жетілдіретін  ілім  деп 
түсінген  жөн.  Оның  бірден-бір  дәлелі  ретінде, 
халық  педагогикасының  жеті  түр  негіздерінің 
әрқайсысындағы  этнопедагогикалық  сипаттар 
осы  айтылғанды  тапжылтпай  растап  береді. 
Оны  “Халық  педагогикасының  негіздері” 
атты  еңбектен  жан-жақты  салыстыра  отырып 
анықтауға болады.
Қорыта  айтқанда,  ғылымда  бар  ескі  мен 
жаңаны  салыстыра  қарастырып,  бүгінгі  адам 
тәрбиесіндегі  жіберіліп  отырған  ағаттықтарды 
кешеуілдете  бермей,  ең  әуелі  мемлекетіміздің 
деңгейінде  шешіп,  бірте-бірте  адамзаттық 
мәселеге  айналдыру  арқылы  туған  еліміздің 
абыройын  асқақтатқан  болар  едік.  Ол  үшін 
пендешіліктен  биік,  азаматтықпен  астасқан 
сана керек. Сонда Ел болып, егемендігіміздің де 
игілігін сезінер едік.

52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Резюме
В данной статье автор рассматривает методологию воспитания, определяя систему и основы воспитания. 
Он ищет ответ на вопрос сможет ли воспитание стать научным предметом? В данной статье вы сможете найти 
ответы на такие вопросы, как национальная воспитание и народная этнопедагогика.  
Summary
In given article the author considers education methodology, defining system and education bases. Whether he 
searches for the answer to a question there can be an education a scientific subject? You can find answers to such 
questions in given article, as national education and national ethnopedagogics.
                                                         Т.С.Тебегенов –
                                                         филология ғылымдарының докторы, профессор,                             
                                              Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,
 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің  Қазақ
                                                         әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
хАКІМ АБАЙ ӨЛЕңДЕРІ – ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ
                                                      
Қазақ  әдебиеті  –  әлем  өркениетіндегі 
классикалық рухани құндылықтар құрамындағы 
мәдениет қазынасы. Адамзат тарихының әуелгі 
қалыптасу  кезеңдерінен  бастап,  кейінгі  даму 
белестерінде  ұрпақтарға  ортақ  дүниетаным 
кеңістігінде  әрбір  халықтың  өзіндік  ұлттық 
тәлім-тәрбиелік  негіздері  материалдық  және 
рухани мәдениет салалары арқылы қалыптасады, 
болашақ дамуға жалғасады. Әлем халықтарының 
рухани  құндылықтары  арқылы  жер  бетіндегі 
саналы  тіршілік  иелеріне  тән  көркемдік-
эстетикалық  ойлау  ұлағаты  да  қалыптасады. 
Планетамыздағы  6  миллиардтан  асқан  адамзат 
ұрпақтары  әуелде  өзіндік  төл  ұлттық  тәлім-
тәрбие негіздерінен нәр алады. Әрбір халықтың 
ұлттық  тәлім-тәрбие  негіздерімен  қалыптасып 
өсуінде  фольклор  мұралары  мен  әдебиет 
шығармалары  ықпалды  орын  алады.  Әрбір 
халықтың өткені мен қазіргісін және болашағын 
жалғайтын  жас  ұрпақтың  үлгілі  мінез-құлық 
қасиеттері  мен  қалыптасуы,  өсуі,  өркендеуі 
үшін  сөз  өнерінің  көркем  үлгілерін  жасаған 
ойшыл  ақындар  шығармалары  тәлім-тәрбиелік 
қызмет  құралы  болумен  келеді.  Бұл  орайда, 
қазақ  өркениетіндегі  әлемдік  классикалық 
әдебиет  үдерісі  арнасындағы  хакім  Абайдың 
щығармашылық  мұрасын  басты  бағдар  етеміз.
Ұлттық  тәлім-тәрбие  –  адамгершілік 
қасиеттерді 
ұрпақтар 
санасында 
қалыптастырудың  басты  көрсеткіші.  Хакім 
Абайдың  өлеңдерінде  қазақ  ортасындағы 
жақсылығы  мен  жамандығы  жағаласқан  мінез-
құлық қасиеттерін егіздей жырлап айту арқылы 
адамдарды  ізгілік  жолына  бағыттау  мұраты 
көзделеді.  Хакім  Абай  адамдардың  кемшілігін 
жөндеуге, тәлім-тәрбие арқылы жақсылық жолына 
бағыттауға  болатын  көзқарас  ұстанымындағы 
гуманист-тәрбиеші.    Бұл  туралы  ол  «Отыз 
жетінші сөзінде» адамгершілік тәрбиесін жүзеге 
асыруға болатындығын зор сеніммен айтқан-ды:
 «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, 
адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін 
кесер едім» [1. 348б.]. Демек, Абай өз ұлтының 
жақсылықтарына 
сүйене, 
кемшіліктеріне 
күйзеле  жырлап,  көркем  ойлы  сыршыл 
және  сыншыл  өлеңдері  арқылы  ұрпақтарды 
ұлттық 
кемелділікке 
жеткізуді 
ойлады. 
Ақын қазақ ұлтының атадан балаға жалғасқан 
ұлағатты  мінез-құлық  мәдениетін  өнеге 
өрісі  тұрғысында  жырлайды.  Ұлттық  тәлім-
тәрбие  негізі  –  ата-бабалар  қалыптастырған 
өнегелі  қасиеттер.  Хакім  Абайдың  лирикалық 
өлеңдеріндегі  ұлттық  тәлім-тәрбие  беру 
көзқарастарын дәйектейтін өнегелі мінез-құлық 
иелерін  ұрпаққа  ұсыну  ойлары  көркемдік-
эстетикалық таным әлеміне жетелейді. Мысалы:
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек [1. 46 
1. 
б.].   

53
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Адамзат тірілікті дәулет білмек,
2. 
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек [1.46 
б.].
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, 
3. 
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек [1.47 б.].
Адал адам – қоғамдық әлеуметтік ортаның ең 
басты  құндылығы.  Адалдық  –  саналы  тіршілік 
иелерінің ең басты сапалық көрсеткіші. Күнделікті 
іс-әрекеттерінің барлығын да ақылмен өлшеген, 
әрбір  адаммен  қарым-қатынас  мәдениетін  де 
сабырмен,  шыдаммен  сабақтастырған  тұлғалар 
халық  жүрегінен  орын  алады.  Отбасындағы, 
ауыл-аймағындағы,  атырабындағы  әр  алуан 
мінез  ерекшеліктері  бар  адамдармен  байыпты, 
байсалды  қарым-қатынастар  жасайтын,  сол 
арқылы жолдастық, достық көңіл-күй үндестігін, 
түсіністік  хал-ахуалын  орнықтыратын  адамдар 
тұлғалары дараланады. 
Хакім  Абай  –  адамдардың  өзара  қарым-
қатынастарындағы  еркектердің  де,  әйелдердің 
де  мінез-құлық  психологиясына  тән  жан  әлемі 
қасиеттерін  саралап  бағалайтын  психолог. 
Тілеулес көңілді адамдардың сұхбаттасуларының, 
дидарласуларының  ортақ  мұрат  жолындағы  игі 
істерге  бастайтын  ұлағаты  да  басты  назарға 
алынады. 
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары әр түрлі 
адамдардың өзара түсіністік қарым-қатынаспен 
өмір  сүруі  –  дүниетанымы  дәстүрлі  жолмен 
қалыптасқан,  ата-бабалық  тектілігі  мықты 
халықтың  болмысы.  Қазақ  халқының  ежелгі 
замандардан  қазіргі  кезеңге  жеткен,  мәңгілік 
болашаққа  ұласқан  жолында  ағайынына,  бүкіл 
елге  мінез  байлығымен,  көңіл  жомарттығымен, 
білек  күші  ерлігімен,  батырлығымен  қорған 
болған  талай  қайраткер  азаматтар  тағылымы 
ұрпақтан  ұрпаққа  жетті.  Бұл  орайда,  хакім 
Абайдың  ата-тегіндегі  арғы  ата-бабаларының, 
бергі  атасы  Өскенбайдың,  әкесі  Құнанбайдың 
және  солар  тектес    тарихымыздағы  атақты 
тұлғалардың тағылымын ұрпақтардың санасына 
сіңіруі  ақын  өлеңдеріндегі  ұлттық  тәлім-
тәрбиенің  өзегі.  Хакім  Абай  «Әбдірахман 
өлген  соң  өзіне  айтқан  жұбатуы»  өлеңінде 
әкесі  Құнанбайды  да,  бауыр  інісі  Оспанды  да 
халық қамқоры, ел азаматы, ақылман, тәлімгер-
тәрбиеші  тұғырындағы  тұлғалар  сипатымен 
жырлаған:
                   ...Кәркиден, пілдей қуатты,
                  Тағы арыстан жүректі.
                  Аплатон, Сократ ақылды,
                  Қаһарман Ғали білекті.
                  Өз заңымша ұқсаттым,
                  Берген Құдай тілекті.
                  Оспанды алған бұл өлім
                  Тәубе қылсақ керек-ті.
                  Мұсылманға қоймаған
                  Орынсыз жанжал шатақты.
                  Ерегіскен жауларын,
                  Кісен салып матапты.
                  Зекет жиып, егін сап,
                  Тойдырған ғаріп, жатақты.
                  Ескендір, Темір, Шыңғыстай,
                  Мұсылманда атақты.
                  Мұқым қазақ баласы,
                  Тегіс ақыл сұрапты.
                  Тобықтыны ел қылып,
                  Басын жиып құрапты.
                  Меккеде уақып үй салып, 
                  Пәтер қып жаққан шырақты.
                  Бір Құдайдың жолына,
             Малды аямай бұлапты [1.207-208 
б.б.].
Қазақ – дәстүрлі тәлім-тәрбие бойынша өзара 
сыйласқан, тату-тәтті өмір сүру ұлағатын берік 
ұстанған  халық.  Ата-бабалардың  ұрпақтарға 
қалдырған  аманаты  –  өзара  сыйласқан,  тату-
тәтті, бірлікпен өмір сүріп алға өрлеген халықтың 
мәңгілік  сақталуы.  Абайдың  халық  қамқоры 
болған  тұлғалар  тағылымын  жалғастыратын 
ұрпақтардың  өзара  сыйласқан  тұрмыстық-
әлеуметтік  қарым-қатынас  мәдениетін  тілеген 
өлеңі де ұлттық ділді нығайтуға арналған:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
...Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз! 
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзің тосып.
Біріңді  бірің  ғиззәт  (арабша  –  қадір,  сый),           
құрмет етіс,
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып.
Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,
Оның қадірін жетесіз адам білмес,
Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
 Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес [1.58 
б.].
Отбасылық  одақ  иелері  –  еркек  пен  әйел. 
Олардың 
көңіл-күйлерінің, 
мінез-құлық 
дағдыларының  үйлесімі  –  ұрпақтың,  әулеттің, 
ағайынның,    бүкіл  халықтың  өсіп-өркендеуінің 
негізі. Қазақ отбасыларындағы еркек пен әйелдің 
өзара  сыйластығы,  шынайы  сүйіспеншілік, 
ілтипат  тұтастығы  арқылы  ұлттық  діліміздегі 
адамгершілік асыл қасиеттер жүйесі қалыптасқан, 
ол  дәстүр  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келеді. 
Хакімнің  өлеңдеріндегі  ерлі-зайыпты  қазақтың 
отбасылық  көңіл-күй,  хал-ахуалының  тәлім-
тәрбиелік сипаты да дидактикалық, эстетикалық 
насихат аясында жырланған:
Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,
1. 
Бүлк еткізбес қалайша соқса тамыр.
Жар көңіліне бір жанын пида қылып,
Білместігің бар болса, қылар сабыр [1.59 б.].
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,
2. 
Ер ұялар іс қылмас қатын зерек...
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,
Қоржаң суық келеді кей сасық ми.
Ері ақылды, қатыны мінезді боп,
Тату болса, риаз (арабша-гүлбақша) үстіндегі 
үй.
Жоқ болса қатыныңның еш өсегі,
Болмаса мінезінің еш кесегі.
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,
Кем  емес  алтын  тақтан  жар  төсегі  [1.59-60 
б.б.].
Абайдың  өлеңдерінде  ұлттық  тәлім-
тәрбие  негіздері,  қазақ  отбасыларының  дұрыс 
құрылуына  арналған  ойлары  әлеуметтік-
азаматтық  көзқараспен  жырланған.  Өнегелі 
отбасы  –  еркек  пен  әйел  үйлесімімен  жүзеге 
асатын әлеуметтік құрылым. Қазақтың даналық 
түйіндеулері  жинақталған  мақал-мәтелдерде  де 
отбасы  одағының  ең  басты  құрушылары  еркек 
пен  әйелдің  мінез-құлық  психологиясының 
үйлесімі  басты  назарға  алынғаны  мәлім. 
Мысалы,  мынадай  мақал-мәтелдер  хакім  Абай 
насихатының  көркемдік  негізі  екендігі  ақиқат: 
«Сұлу  сұлу  емес,  сүйген  –  сұлу»,  «Ерлі-қатын 
тату болса шырағы жанар, ерлі-қатын араз болса 
өмірден көңілі қалар», «Жақсы қатын, жарының 
жақсысын асырар, жаманын жасырар», «Жолдас 
күту  –  жарға  сын,  жалған  сөздік  –  арға  сын», 
«Ерін  баққан  қатын  елін  де  бағады»,  «Жақсы 
әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс», «Жақсы қатын 
– зейнет, жаман қатын – бейнет», «Ерлі – қатын 
бірі-мойын, бірі-бас»  т.б. [2. 92-94 б.б.].
Хакім  Абайдың  ұлттық  тәлім-тәрбие  негізі 
отбасы  иелері  хақындағы  ойлары  да  халық 
даналығы негізінде жырлануымен ерекшеленеді. 
Қазақ  дәстүрімен  ер  адамның  болашақ  жарын 
таңдауының  да  әлеуметтік-тұрмыстық  жауапты 
тағылымына  хакім  айрықша  назар  аудартады. 
Бұл  –  ұлттың    ұрпақтарын  дүниеге  әкелетін 
жан  ділі  таза,  адамгершілік  қасиеттері  үлгілі 
еркек  пен  әйел  жұптасуын  тілеген  тәрбиешілік 
насихат: 
«Жасаулы» деп, «Малды» деп байдан алма,
«Кедей қызы арзан» деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар, 
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,
Сазданбасын қабақпен имендіріп.
Ері сүйген кісіні о да сүйіп,
Қызмет қылсын көңілі таза жүріп [1. 60 б.].
Хакім  Абайдың  өлеңдеріндегі  авторлық-
идеялық ұстаным бағдары  ұлт ұғымын құрайтын 
жақсы  Адам  Тұлғасының  болуын,  ұрпақтарға 
ұласуын, мәңгілік сақталуын тілеу. Бұл орайда, 
қазіргі  философиялық  зерттеулердегі  «Адам 
және  оның  мәні  туралы  қазіргі  көзқарастар» 
бағалауларының да сөз арқауындағы дұрыс адам 
тұлғасын тани түсуге бағдарлайды: «Адам нақты 
тарихи  уақытта  және  әлеуметтік  кеңістікте, 
тәрбие  мен  практикалық  әрекет  барысында 
қалыптасады.  Сондықтан  да  тұлға  әлеуметтік-
индивидуальдық  ретінде  –  бұл  әрқашан  да 
нақты нәтиже, өте әр алуан факторлардың өзара 
әрекеті  мен  синтезі.  Адам  неғұрлым  үлкен 
деңгейде әлеуметтік-мәдени тәжірибені бойына 
жинақтаса, соғұрлым тұлға маңыздырақ және ол 
өз кезегінде оның дамуына өзінің индивидуалды 
үлесін қосады. 
Тұлғаның  қалыптасуына  қандай  факторлар 
ықпал  етеді  және  тұлғаның  қарапайым 
адамдардан  қандай  айырмашылығы  бар? 
Әрине,  мұндай  факторлар  өте  көп,  бірақ  оның 
қалыптасуындағы  негізгі  рөл  әлеуметтік 
жағдайларға  –  тәрбиеге,  білімге,  қоршаған 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет