Басқару экономикасы



бет11/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112
P =

бұл жерде — жақын жылдары төленуге тиісті дивидендтер; g — дивидендтің жылда тұрақты өсу қарқыны (пайызбен көрсетіледі).



Р-ны шығарылған акциялар санына көбейтіп, компанияның акционерлік капиталының жалпы құнын есептеп аламыз.

Мысал. Келе жатқан жылы компания 1000 теңгеге тең дивидендтер төлеуді, және олар жыл сайын 5% өсіп тұрады деп ұйғаруда. Акционерлер өзінің қолындағы бар қаражатты (ақшаны) 12% тең ставкамен дисконттайды (шын мәнінде, бұл ставка акционерлердің осы акциялармен алғысы келетін пайда нормасы болып келеді). Бір миллион акция шығарылды. Сонда әр акцияның құны келесіге тең болады деп күтуге болады:

P = = 1482,57 теңге.

Компанияның акционерлік капиталының құны 1, 48 млрд. теңгеге тең болады. Бұл біз енгізген айнымалыларды ескергенде күтілініп отырған нарықтық құн. Алайда бұл компания жететін максимал сома болмауы мүмкін. Теңдікте айнымалылар өзгеруі мүмкін.



k компанияның (іскерлік және қаржылық) тәуекелінің функциясы болып келеді, фирма өз операцияларының тәуекелін азайту немесе несие пайдалану деңгейін төмендету мақсатында, k төмендетуі мүмкін. Фирма g мен D ықпал жасауы мүмкін , сөйтіп аздап немесе көптеп табысын сақтап қалу үшін. Өз табысының көп бөлігін сақтап, және дивидендке аз бөлігін бөліп, компания өзінің өсу қарқынын g ұлғайтуы мүмкін.

Сонымен, мұндай жағдайларда акционерлердің дәулеттілігі максималдау дегеніміз компания өз бизнесін басқарғанда табыстан төленетін дивидендтер және дивидендтерді жасаумен байланысты тәуекел әрқашанда ең жоғары құнды тудыру керек. Сонда ғана компанияның акционерлік капиталы максимал құнға жетеді.

Дәулеттілікті максималдау гипотезасы менеджмент пен акционерлер арасында қайшылық бар дәлелдерін жоққа шығарады. Корпорация басшылары, өзінің марапаттауының көп бөлігін қаржы опциондары қамтамасыз ететін болғандықтан, компания акционерлерінің мақсаттарына сәйкес нәтижелерге жету үшін бұрынан да зор ынталанады. Бұл өте күрделі, бірақ максималдау принципін айқын көрінетін суреттеу. Одан әрі пайданы максималдау гипотезасын қолданамыз, өйткені ол көпшіліктің ойынан шығуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет