Басқару экономикасы


Бақылау сұрақтары мен есептер



бет13/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112
Бақылау сұрақтары мен есептер

1. Корпорация үшін пайданы максималдау орынды қаржылық мақсат болып келе ме?

2. Пайданы максималдау мен акционерлердің дәулеттілігін максималдау арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Осы екі мақсаттың қайсысы компанияның экономикалық мақсатын толығырақ көрсетеді?

3. Ірі корпорацияға қарасты қанағат етерлік көрсеткіштер терминін түсіндіріңіз.

4. Неге корпорация менеджерлері кейде компанияның пайдасын максимал жасауға талпынбайды?

5. Қай шаралар менеджерді акционерлер мүддесін ойлауға мәжбүр етуі мүмкін?

6. Пайданы максималдау бұрынғыдай бүгінгі корпорациялардың ең жақсы мақсаты деп есептейсіз бе?

7. Бүркемелі шығын қалай бухгалтерия есептеген пайда мен экономикалық пайданың арасындағы айырмашылыққа алып келеді?

8. Пайданы максималдау моделін заманауи корпорацияларының қызметіне қолдануға бола ма, бұл туралы өз пікіріңізді келтіріңіз.

9. Транзакциялық шығындар деген не? Оппортунисттік қылық транзакциялық шығындарды қалай өсіруі мүмкін?

10. Соңғы жылдары компанияларда аутсорсинг көлемі ұлғаюда. Мұны қалай түсіндірер едіңіз?

11. Компаниялар транзакциялық шығындарды ішкі өндіріс шығындарымен ауыстыруда, мұның себебі неде?

12. Компания выпустила 2 млн. акция шығарды. Соңғы жылы әр акцияға 300 теңге дивиденд төленді, болашақта жыл сайын дивиденд 6%-ға өседі күтілуде. Акционерлер пайда нормасы 13%-ға тең болсын деп талап қоюда. Сіздің ойыңызша, бүгінде әр акцияның бағасы қаншаға тең болуы керек және компанияның бүкіл акционерлік капиталы қанша тұруы керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет