Басқару экономикасы


сурет. Сұраныс қисық сызы



бет15/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112
2.1 сурет. Сұраныс қисық сызы
Бұл қисық сызығы 2.2 кестеде бар сандар бойынша сызылған. Графиктегі қисық сызығы төменге және оңға еңкейген, сөйтіп самсаға деген сұраныс көлемі баға төмендеген сайын өсетінін және керісінше болатынын көрсетеді.

Самсаға немесе тауардың қайсысына болсын сұраныстың өзгеру белгісі сұраныс көлемі мен бағалар тізімінің барлық ара қатынасының өзгеруі немесе сұраныс қисық сызығының солға немсе оңға жылжуы болып келеді. Бұл өзгерістерді 2.3 кестеден және 2.2 суреттен көруге болады.


2.3 кесте. Самсаға нарықтық сұраныстың өзгеруі

Баға {бір самсаның), теңге







1000

0

100

0

900

100

200

0

750

200

300

100

600

300

400

200

450

400

500

300

300

500

600

400

150

600

700

500

0

700




600




P(Т)



1150

1000


900

750


600

450


300

150







Өсуі












Төмендеуі











0 100 200 300 400 500 600 700 800 Q


2.2 сурет. Самсаға нарықтық сұраныстың жылжуы
Қорытынды: бағаның өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне алып келеді (яғни сұраныс қисық сызығын бойлай жылжиды). Бұл айырмашылықты 2.3 кестеде көруге болады:

- жауаптардың бірінші тізімінде () баға 750 теңге болғанда сұраныс көлемі 200 тең;

- егер баға 600 теңгеге төмендесе сұраныс көлемі 300 дейін өседі;

- егер сұраныс өссе, баға 750 теңге болғанда сұраныс көлемі 300 дейін өседі, және әр ұсынылатын баға бойынша нақты 100 данаға өсіп тұрады.

Сұраныстың өзгеруіне ықпал жасайтын факторларды сұраныстың бағадан тыс факторлары деп аталынады.

Осы факторлардың тізімі:



  1. Ұнату және басқалардан артық көру. Неге адамдар заттарды сатып алады? Ешкім бұл сұраққа жауап таба алмайды. Экономистер баға емес факторлардың ішінен «ұнату және басқалардан артық көру» деп аталатын әмбебап категориясын қолданады, сөйтіп әр жеке тұлғаның түрлі тауарлар мен қызметке деген әуестігі мен жек көруін көрсетеді. Бұл ұнату мен басқадан артық көруге басқа факторлар да ықпал жасайды, мысалы, жарнама, промоушен, үкіметтің есеп беруі және т.б.

  2. Табыс. Адамдардың табысы жоғарыласа, тауарға деген сұраныс өседі деп ұйғару орынды, және керісінше. Бірақ сұраныстың табыс өзгеруіне қарсы бағытта жылжу ықтималдығы да бар болады.

3. Байланысты тауарлардың бағасы. Тауарлар мен қызметтер басқа тауарлар және қызметтермен ауыстырушы немесе толықтырушы элементі ретінде байланысты болуы мүмкін. Егер ауыстырушыға баға өзгерсе, тауар бағасының сол бағытта өзгеруін күтеміз. Мысалы, CD-плеерге баға төмендесе, онда екі тауарға: компакт-дисктер мен CD-плеерге сұраныс өседі деп болжаған қисынды. Сұраныстың өсуіне себеп болған толықтырушы тауарға бағаның төмендеуі.

4. Болашақтан үміт күту. Егер сатушылардың жеткілікті саны, болашақта тауар немесе қызмет бағасы өседі (төмендейді) деп күтсе, ол ағымды сұранысты көтеруі (төмендетуі) мүмкін.

5. Сатып алушылар саны. Сатып алушылар санының сұранысқа ықпал өзінен өзі түсінікті: олар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

Сонда да демографиялық факторлардың, демографиялық топтардың ішінде ұнату мен басқалардан артық көрудің өзгерулері белгілі тауар мен қызметтерге потенциалды сатып алушылардың көлеміне ықпал жасайды. Мысалы, демографиялық бум кезеңінде бала киімі, жиһаз пен ойыншықтарға деген сұранысқа үлкен ықпал жасады. Олар өсіп бозбала жасына келгенде магнитофон, кассета, ... және сол сияқты тауарларға сұраныс өседі. Бүгін де қартайған адамдар саны көбейген сайын денсаулықты сақтау тауарлары мен қызметтерге сұраныс артады.

Ал енді осы факторлардың өзгеруі сұраныс пен нарықтық бағаға жасайтын ықпалын анықтау үшін ұсыныс концепциясымен танысу қажет. Тек сұраныс пен ұсынысты бірге қарастырып, нарықты толық талдай аламыз.



      1. Нарықтық ұсыныс


Тауар мен қызмет ұсынысын адамдар белгілі уақыт мезгілінде әр түрлі бағамен сатуға дайын тауарлар мен қызмет саны деп анықтайды; бағадан басқа факторлар тұрақты қалады.

Осы анықтама мен сұраныс анықтамасы арасында жалғыз ғана айырмашылық бар: сатып алу деген сөздің орнына сату сөзі пайдаланады. Сұраныс жағдайындағыдай, ұсыныс нақты уақыт мезгіліне анықталады, ол уақыттың ішінде баға және басқа факторлар ұсыныс көлеміне ықпал жасауы мүмкін.

Ұсыныс заңы ұсыныс көлемі басқа факторлардың тұрақты болу жағдайында бағадан тура тәуелді болып келеді деп пайымдайды.

Сонымен, баға мен ұсыныс көлемі арасындағы байланысты бейнелейтін баға төмендеген кездегі ұсыныс көлемінің төмендеуін көрсетеді. Ұсыныс қисық сызығы баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыстан туады, сол себепті оңға еңкіш болады.

2.4 кестесінде ойдан жасалған ұсыныс графигі көрсетілген. Кестеде тағы екі қосымша бағаналары берілген: біреуі жоғарырақ ұсынысты, екіншісі төмендеген ұсынысты көрсетеді.

2.4 кесте Самсаның нарықтық ұсынысы



Баға {бір самсаның), теңге







1000

600

700

500

900

500

600

400

750

400

500

300

600

300

400

200

450

200

300

300

300

100

200

0

150

0

100

0

0

0

0

0

Төменгі 2.3 суретте ұсыныс қисық сызықтары бейнеленген. Ұсыныс қисық сызығы оңға еңкіш болады, ол баға мен ұсыныс көлемі арасында тура байланыс болуынан туады.

Нарықтағы ұсынысты талдау кезінде ұсыныс көлемі мен ұсынысты ажырату өте маңызды. Осы екі түсініктер арасындағы айырмашылық нарықтағы сұраныспен бірдей:

- баға өзгерістері ұсыныс көлемінің өзгеруіне (яғни ұсыныс қисық сызығын бойлай жылжуына) алып келеді;

- баға емес факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертуге (яғни ұсыныс қисық сызығын жылжуға) алып келеді.

P(Т)



1150

1000


900

750


600

450


300

150












Өсуі




Төмендеуі










0 100 200 300 400 500 600 700 800 Q




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет