Басқару экономикасы


(00) - 00 ББК 00. 000 – 0я 00



бет2/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
000(00) - 00 ББК 00. 000 – 0я 00

ISBN0000-00-000-0 Жұмамбаев С.К., 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016

АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы нарықты экономика жағдайында дамуына жиырма бес жылдай мезгіл өтті. Әлемде және ұлттық экономикасы деңгейінде қарқынды және күрделі өзгерістер болуда: біріншіден, жаһандану үдерістері кең етек жаюда; екіншіден, жаңа технологиялардың әсері қоғам мен экономикаға күштілігі сондай, басқару шешімдерінің мазмұны мен ауқымын күрт өзгертуде. Қазіргі күндегі тенденциялар экономикалық талдау және оны басқару үдерісінде қолдану өскелең маңызға ие болуда. Қазақстан жоғары дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін басқару теориясы мен тәжірибедегі бар ең соңғы әдістер мен модельдерді жете игеріп іс жүзіне асыра алуы керек.

Басқару экономикасы экономикалық теория мен тәжірибесі арасындағы алшақтықты қысқартатын экономикалық зерттеудің маңызды бағыты болып келеді. Бұл пәнді міндетті түрде оқу керек, өйткені ол ұйымда тиімді басқару шешімдерін табуға үлкен көмек береді. Ол микроэкономика мен менеджмент тәжірибесін біріктіретін пән. Менеджердің маңызды міндеті фирманың шектеулі ресурстарын бөлу туралы шешім қабылдау. Мысалы, фирма өндіретін тауарларды таңдау, оларға баға белгілеу, сөйтіп фирмаға ең жақсы жолмен ықпал жасау. Ұсынылып отырған кітапта осы шешімдерді қабылдағанда қалай экономикалық теориясы мен тұжырымдамаларын қолдануы керек екені көрсетіледі.

Өкінішке орай, біз бұл мәселені қарастырғанда шетел материалына көп сүйенеміз, өйткені осы уақытқа дейін жеткілікті дамыған нарыққа тән мысалдарды өзіміздің тәжірибемізден табу қиын. Басқару экономикасына оқылатын пән ретінде соңғы уақытта ғана назар аударылып отыр. Қазақ тілінде оқулықтар жоқ, орыс тілінде де бір-екі оқулықты атауға болады. Америкалық авторлар жазған біраз кітаптар мен оқулықтары бар, оның ішінде П.Кит, Ф.Янг, К.Сио жазған оқулықтарды оқырмандар өте жақсы қабылдады. Қазақ тілінде ұсынылып отырған оқу құралы осы аталған авторлардың кітаптарының негізінде дайындалған.

Бұл пәнді менеджерлерге арналған ілгері деңгейлі заманауи микроэкономикасы деп атауға толық орын бар. Менеджер экономикалық талдау негізінде дұрыс шешім қабылдау үшін көптеген экономика пәндерінде бар бүкіл арсеналды қолдануы керек. Басқару экономикасы курсы дәл осыған бағытталған. Ол үшін басқа пәндердің мазмұны туралы оқырман жақсы хабардар болуы керек, қажет кезінде тұған мәселелер бойынша бұрынғы біліміңізді тез еске түсіру үшін әдебиеттің қысқаша тізімі библиографияда берілген.

Оқу құралының мазмұнын толық игеру мақсатымен әр тараудан кейін бақылау сұрақтары мен есептеу тапсырмалары берілген. Егер оқырман осы сұрақтарға жауап іздеп және тапсырмаларды өз бетімен орындаса, ол басқару шешімін қабылдауда қолданатын біраз әдістер мен тәсілдер бойынша нақты тәжірибе жинайды, әдістемелік жаңалықтармен танысады. Сөйтіп, теориялық тұжырымдамалардың тәжірибе мәселесін шешудегі рөлімен мұқият танысады, микроэкономикалық теорияны білу менеджерге қаншалықты маңызды екеніне көзі жетеді.

Оқу құралы экономикалық жоғары орындары мен факультеттерінде қазақ тілінде оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға арналған. Сонымен қатар басқару экономикасының заманауи мәселелеріне қызығушылық танытқан мамандарға пайда әкелуі мүмкін.

Автор оқырмандардың айтатын сын пікірлеріне және берілген кітаптың мазмұнын жақсарту бағытында жасалатын ұсыныстары үшін алдын ала өз алғысын білдіреді.


С.К. Жұмамбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет