Басқару экономикасы


Болжауда сұраныс пен ұсынысты қолдану



бет24/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112
Болжауда сұраныс пен ұсынысты қолдану

Экономикалық болжау сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың түп негізін түсінуге сүйенеді. Ұсынысты болжау сұранысты болжауға қарағанда бір шама оңайырақ, әсіресе стихиялық апаттар (тамақ өнімдері нарығында құрғақшылық немесе топан су), халықаралық даулар немесе саяси дағдарыстарды ескермесе.

Мысалы, өнеркәсіп тауарлар нарығында әрқашанда өндірістегі ағымды және болашақ қуаттарын бағалау қажет. Оны жасау үшін жұмыс істеп орын жатқан кәсіпорындар санын және олардың жүктелуін деңгейлерін есептеу немесе саладағы өндірістік запастарды тексеру керек.

Сұранысты бағалау бұдан күрделі болып келеді. Экономистер сұранысты түсінуге және оны болжауды әрекет жасайды; ол үшін өткен жылдары туралы жиналған мәліметтер негізінде статистикалық талдау жасайды немесе экономика объектілерін (мысалы, тұтынушыларды, үй иелерін, компанияларды, аймақтар немесе елді) талдайды.Сұраныс факторларының өзгерулері мен нақты тауарға немесе қызметке сұраныстың көлемінің арасындағы сандық байланысты түсіну үшін ересен күш жұмсалады. Кейде басқару шешімін қабылдауға сұранысқа осы факторлардың өзеруінің ықпалын сандық талдау өте пайдалы болып келеді.

Сұраныс, ұсыныс және баға басқару мәселелері болып келеді. Компанияның шектелген ресурстарын және баға құру туралы менеджерлердің шешімдерді қабылдауда шешуші фактор ретінде бәсекелестік күрес жүріп жатқан нарықтық орта болады.

Интенсивті бәсеке жүріп жатқан нарықта сұраныс пен ұсыныс күштері нарықтық бағаның жалғыз-ақ анықтаушы факторлары болып келеді. Мұндай нарық типі «жетілген бәсеке» деп аталады. Жетілген бәсеке нарығында жұмыс істейтін менеджерлер пайда түсіруге әрекеттенін жай ғана «бағамен келіседі», және қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімді мезгілдердегі сұраныс, ұсыныс және бағаның жылжуын бағалау негізінде ресурстарды бөлу туралы шешімдерді қабылдайды.

Бәсекелес нарықтардың басқа типтері де болады, онда фирмалар өзінің өнімінің бағасына әр дәрежеде бақылау жасап «бағаларды жасаушы» ретінде көрінеді. Нарықтың бұл типін «жетілмеген бәсеке», ал нарықтық бағаны бақылауды нарықтық күш деп атайды. Нарықтық бағаға күшті ықпал жасау мүмкіндігі өнімнің ерекшелігімен, сауда маркасымен, қосымша қызметтерімен және жарнамамен байланысты болуы мүмкін.

Тағы көп олигополиялық фирмалар нарықтың орасан зор үлесін бақылайды, сөйтіп олар бағаларды орнатады (мысалға Microsoft компаниясы мен жеке компьютерлерге арналған тауарларын келтіруге болады).

Сонда да сұраныс пен ұсыныс шынында бағаларды қалыптастырудың жалпы құрылымын орнатады.Мысалы, фирманың нарықтық күші қаншалықты елеулі болғанымен, оған сұраныстың төмендеген немесе салғырт жағдайында бағаны көтеру өте күрделі болады. Бағаны қабылдау кезіндегі нарықтық жағдай мен бағаны орнату арасындағы айырмашылық туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет