Басқару экономикасы


Шекті пайдалылық (Utils)



бет5/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Шекті пайдалылық (Utils)


г г
Гауһар тас

Су






10 20 30 40 50 60 70 80 90 100



Тұтынылған заттар саны


1.2. Тұтыну көлемінің функциясы ретінде гауһар тас пен судың шекті пайдалылығының графигі

Осы теорияға сәйкес құн белгілі игіліктің соңғы нақты бірлігінің субъективтік шекті пайдалылығымен анықталады. Егер игілік саны жеткілікті болса (мысалы, су), оның жиынтық пайдасы қанша болса да, соңғы бірлігінің пайдалылығы нөлге тең болады. Соңғы деп қай бірлігін алсақ та, осы игіліктің әр бірлігінің пайдалылығы нөлге тең болады.

Керісінше, егер бар игіліктің жиынтық пайдалылығы онша үлкен болмаса (мысалы, гауһар тас), онда оның шектелген саны шекті (соңғы) экземплярдың құндылығын өте жоғары көтереді. Сонымен, «ақырғы қажеттілігін» қанағаттандыратын белгілі игіліктің соңғы дансының шекті пайдалылығы осы игіліктің нарықтық құндылығын анықтайды.

Шекті пайдалылық теориясының дұрыстығына тапшылық құбылысы мысалында көзіңіз жетеді. Басқа игілікті өндіруге кеткен шығынмен жасалған заттың құндылығы өзіне деген қоғамдық қажеттіліктен тәуелді өсе түседі. Сұраныстың ұсыныстан жоғары болуы бағаның құнынан артық өсуіне себін тигізеді, және керісінше.



Шекті пайдалылық теориясы шекті ресурстар жағдайында қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаражатты қалай ең жақсы жолмен бөлуге болатыны туралы кеңес беруге әрекеттенеді.

Заманауи экономистері микроэкономика деңгейінде тұтынушылар сұранысының заңдылықтарын зерттеуге, ұсынысты талдауға, нарықтар мен баға құруды зерттеуге баса көңіл аудартып шекті пайдалылық теориясын пайдаланады.



Тұтынушылық таңдау теориясы.  Тауардың пайдалылығы тұтынышылық таңдауды анықтайтын басты факторы болып келеді. Тұтынушы пайдалылықтың максимал болуына ұмтылады. Алайда егер тауар тұтынушы үшін пайдалылыққа ие болса, онда осы тауарды сатып алу мүмкіндігін шектейтін факторлар болады: ол тауар бағасы және тұтынушының табысы (бюджеттік шектеу). Табыс шамасы мен баға берілгендіктен, тұтынушы сатып алғысы келетін барлық тауарларды сатып ала алмайды. Бюджеттің шектелуі, демек, барлық қажеттілігін қанағатануға мүмкіншілік болмағаны, тұтынушыны өзінің таңдап отырған тауарларының пайдалылығы туралы ұғымына сәйкес өзінің табысын бөлуге мәжбүр етеді.

Сонымен, тұтынышылық таңдау теориясы үш мәселені – пайдалылықты, табысты және бағаны – талдауды ұйғарады. Бұл жерде тұтынушы өзін ұтымды тұрғыдан ұстайды дегенге сүйенеміз, яғни ол минимум шығындалып максимум нәтиже алуға ұмтылады деп санаймыз.

Экономикалық теория екі үлкен тарауға бөлінеді: микроэкономика және макроэкономика: біріншісі нақты нарықтағы жеке тұтынушылар мен өндірушілерді зерттейді, ал екіншісі тарау ұлттық экономикамен шұғылданады. Басқару экономикасы көбіне микроэкономика тарауын пайдаланады, сонымен қатар макроэкономиканың кейбір аспектілерін де есепке алып отырады.

Экономикалық теория тауар мен қызметті өндірісте, тұтынуда және бөлу барысында шектелген ресурстарды пайдалануын таңдау үдерістерін зерттейді. Бұл жердегі шешуші термин шектелген ресурстар болып келеді, ресурсқа деген сұранысқа қатысы болғанда ғана ол осы мәнге ие болады. Экономикалық теорияда шектеулік концепциясы, көбінесе, бүкіл ел және оның халқына қатысты талқынады.

Ұсынылып отырған пәнде өндіріс ұйымдарының менеджерлері шектеулікпен қалай күресетінін басым қарастырады. Екінші сұрақ белгілі тауарды немесе қызметті жасарда елдің ресурстарының бөлінуі. Үшінші сұрақ компанияның өнімі – тауар мен қызмет – халық арасында бөлуге қатысты болады.

Елде не, қалай және кім үшін деген сұрақтарға жауап берудің үш жолы бар: олар нарықтық үдеріс, командалық үдеріс және салтқа негізделген үдеріс деп аталынады. Менеджерлер сұраныс, ұсыныс және материалдық қызығушылыққа негізделген механизмдерге сүйеніп әрекет жасайды. Олардың қай тауарларды өндіру керек, қалай өндіру керек және кімдер үшін өндіру туралы шешімдері нарыққа бағдарланған. Яғни фирмалар белгілі тауарларды өндіру туралы шешім қабылдағанда, осы тауарға деген сұранысты және шектелген ресурстарды пайдалану шығынын ескеріп, елеулі пайда алуын көздейді. Оның үстіне, олар өзінің сирек ресурстарын ең арзан жолмен максимум өнімді өндіру үшін біріктіреді. Осы тауарлар мен қызметті ең көп материалдық марапаттау әкелетін халық сегментін жабдықтайды.

Осыдан ел тұрғысынан үш негізгі экономикалық сұрақ туады:

1. Қандай тауарлар мен қызметті өндіру керек?

2. Осы тауарлар мен қызметті қалай өндіру керек?

3. Осы тауарлар мен қызметті кім үшін өндіру керек?

Және компания тұрғысынан:

1. Тауар туралы шешім.

2. Жалдау, кадрлармен қамтамасыз ету, жабдықтау және жоспарланған капитал жұмсалымына қатысты шешімдер.

3. Нарықты сегменттеу туралы шешім.

Басқару экономикасы - ол микроэкономика мен менеджмент тәжірибесін біріктіретін пән. Бұл пәнде қалай экономикалық теория мен оның концепцияларын қолдану арқасында менеджерлерге ресурстарды бөлу бойынша фирмаға ең жақсы ықпал жасайтын шешімдерді қабылдауға көмек береді. Мұндай шешімнің мысалы ретінде тауарлар мен қызметті таңдау, материал мен жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерге нақты міндеттерді жүктеу, тауарлар мен қызметтерге баға құруды келтіруге болады.

Сонымен, басқару экономикасында келесі маңызды түсініктер баса айтылады.



Басқару экономикасы: бизнесте шешімді қабылдау үшін экономикалық талдауды қолдану, оның ішінде компанияның шектелген ресурстарын ең жақсы пайдалану.

Командалық үдеріс: не, қалай және кімге деген сұрақтарға жауап беру үшін орталық жоспарлау үкімет мекемелерінің директивасын пайдалану.

Фирма үшін экономикалық шешімдер:

«Қандай тауарлар мен қызметті өндіру керек?» — тауар туралы шешім.

«Осы тауарлар мен қызметті қалай өндіру керек?» — жалдау, кадрлармен қамтамасыз ету, жабдықтау және жоспарланған капитал жұмсалымына қатысты шешім.

«Осы тауарлар мен қызметті кім үшін өндіру керек?» — нарықты сегменттеу туралы шешім.



Экономикалық теория: шектеулік жағдайда шешімді қалай қабылдау туралы ғылым.

Бизнес экономикасы: фирманың иелерінің инвестициясына пайданың келісуге боларлық нормасын алу қабілетіне ықпал жасайтын шешуші факторлары. Ең маңызды факторлары: бәсекелестік, технология және сатып алушылар.

Нарықтық үдеріс: не, қалай және кімге деген сұрақтарға жауап беру сұраныс, ұсыныс және материалдық стимулын пайдалану.

Балама құн: субъективтік құндылық, одан, бір әрекетті басқаның орнына таңдап, бас тартуға болады. Бұл құнды шектеулік жағдайында шешім қабылданса қарастыру қажет.

Ресурстар: оларды тағы өндіріс факторлары және өндіріс шығындары деп те атайды.

Экономикалық талдау әдетте өзіне ресурстардың төрт негізгі типін кіргізеді: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік. Бұл жерде басқарушылық және кәсіпкерлік қабілеттер қарастырылады.



Шектеулік: ресурстардың сұранысқа қатысты пайдалануының шегі болу жағдайы. Нарықтық үдерісте шектеулік дәрежесі осы ресурстардың бағасында және ресурстардың арқасында өндірілетін тауарлар мен қызмет бағаларында көрінеді.

Дәстүрлік үдеріс: не, қалай және кімге деген сұрақтарға жауап беру үшін дәстүрлер мен әдет-ғүрыпты пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет