Басқару экономикасы


Стратегия: жетілмеген бәсеке жағдайында фирма алдында тұрған мақсат



бет80/112
Дата24.02.2022
өлшемі1.31 Mb.
#26296
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   112
8.3. Стратегия: жетілмеген бәсеке жағдайында фирма алдында тұрған мақсат

Басқару экономикасы мен стратегия арасында маңызды байланыс бар. Одан әрі шешімдерді қабылдау мәнмәтінде фирма алдында тұрған стратегиялық міндеттерді қарастырмай бір де сұрақ талқыланбайды. Фирма стратегиясына қатысты шешімдерді іздеу жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін менеджерлерге ерекше маңызды.

Жетілген бәсекестегі және монополиялық фирмалар үшін стратегиялық шешімдер әлдеқайда маңызы аз. Біріншілері баға алушылар, сондықтан олардың стратегиялық шешімдері бар бағамен келісіп нарықта қаламыз ба, кеткен жағдайда қалай аман қалуға қатысты болады.

Монополиялар бәсеке мәселесіне тап болмайды, сондықтан стратегия сондай бір шешуші рөл атқармайды. Менеджер стратегия туралы қам жей бастайды, егер фирма баға орнатушы болғанымен қатаң баға және баға емес бәсекеге тап болса және нарықта жаңа фирмалар пайда болса. Фирмалар жетілмеген бәсекеде жұмыс істегенде дәл осындай жағдай болады.

Басқару экономикасы мен стратегия бір бірімен тығыз байланыста болады, өйткені стратегияны әзірлегенде көп түсініктер мен талдау құралдарын экономикалық теориядан бастау алады. Шын мәнінде, басқару экономикасы мен стратегия анықтама бойынша бір біріне тығыз байланысты болып келеді.

Басқару экономикасын шектелген ресурстарды ең тиімді пайлану жолын көрсететін іскер шешімді қабылдауға экономикалық талдауды қолдану деп анықтағанбыз.

Стратегияның көптеген анықтамасы бар. Оның ішінде мына анықтамаға назар аударайық: ұзақ мезгіл бойы ұйым өзінің қызметін максимал жоғары тиімділікке жеткізу үшін өзінің шектеулі ресурстарын пайдалануына көмектесетін құралдар.

Басқару экономикасы мен стратегия арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты келесі негізгі сұрақтар қойылғанда байқауымызға болады.

Басқару экономикасын зерттегенде келесі сұрақтар қарастырылады:

1. Жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істесек, өзіміздің өнімді өндірудің қай деңгейін белгілеуімі керек?

2. Монополия немесе олигополия жағдайында жұмыс істесек, өзіміздің өнімге қандай бағаны (ол өз жағынан өндіру көлемін анықтайды) тағайындауымыз қажет?


  1. Егер біз олигополия жағдайында бәсекеге түссек, біздің екінші сұрақ бойынша шешімімізге біздің бәсекешілер тарапынан қандай жауап болады?

  2. Өндірістік төмен шығынымен нарыққа енген жаңа фирмалармен ұзақ уақыт бойы бәсекеде болуға біз дайынбыз ба?

  3. Егер біз залалсыз деңгейге шыға алмасақ, өз жұмысымызды тоқтату керек пе?

  4. Біздің қысқа мерзімді пайдамызды максимал етуге қай жолмен кепілдік бере аламыз? Егер ақшамызды жоғалта бастасақ, онда қалай залалды минималды жасайды жасаймыз?

  5. Монополиялық бәсеке немесе олигополия жағдайында жұмыс ісесек, бағаны

бәсекешілерден жоғары тағайындау үшін өзіміздің өнімді қай жолмен мамандандырамыз?

Өз стратегиясын анықтағанда, фирма келесі сұрақтарды қарастырады:

1. Қай бизнеспен біз шұғылданамыз? (Шешім корпорация деңгейінде қабылданады).

2. Бұл бизнесте қалай бәсекелесеміз? Өнімді мамандандыру немесе минималды шығындар бойынша ма? (Шешім топ, бөліше немесе нақты тауар деңгейінде қабылданады).

3. Біздің ұзақ мерзімді міндеттеріміз қандай? Олар қысқа мерзімді тактикамызбен қандай арақатынаста болады?

4. Нарықтың қай географиялық сегментінде шоғырлануымыз керек? (Жергілікті, аймақтық, ұлттық немесе қалықаралық нарықта).

5. Нарықтың қай демографиялық сегментінде шоғырлануымыз керек?

6. Біздің шешімдерімізге бәсекешілер қандай жауап қайтарады? Бірінші болып кейбір қадам жасасақ, ол артықшылыққа алып келе ме?

7. Біздің негізгі құзыреттілігіміз неде және бәсеке күресінде артықшылық алу үшін оны қалай пайдалануымыз керек?

8. Стратегиялық шешім қабылдарда, бизнестегі көптеген жалпы өзерістерді өз пайдамызға қалай қолдансақ болады?

Мұндай стратегиялық сұрақтарды әрі қарай жалғасытыра беруге болады, бірақ осы келтіргендердің өзі басқару экономикасы мен стратегия арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсетуге жеткілікті.

Стратегия және Майкл Портердің идеялары. М.Портер идеялары сала құрылымына, іскерлік қылықтары мен тиімділікке және саланы шоғырландыру елдегі ресурстарды қате бөлуге алып келе ме деген сұрақтарға қатысты блды. Төмендегі 8.2 суретте Портердің бес күштер моделі (Five Forces Model) бейнеленген, онда салада фирманың пайда алу қабілетіне ықпал жасайтын әр түрлі факторлар келтірілген.

Егер сатып алушылар мен жабдықтаушылар нарықта елеулі билікке ие болмаса, жаңа бәсекешілер немесе тауар-ауыстырғыштың пайда болу қаупі аз болса, онда саладағы фирмалар инвестицияланған капиталға айтарлықтай көп пайда алады. Мысал ретінде Microsoft компаниясын келтіруге болады, егер ол туралы жоғары пікірде болсаңыз.

Фирма микроэкономика теорисының Портер идеяларына жасаған ықпалын оңай байқалады, егер оның белгілеген бес күшін нарықтың әр түрлі типінің сипаттарымен салыстырсаңыз. Мысалы, «ену жолындағы кедергілер» «нарыққа еркін кіру және одан кетумен» өзара қатынаста екені анық көрініп тұр. Егер ену жеңілденсе, саладағы фирмаларға әлдеқайда аз билік тиеді, демек, олар аз ықтималдықпен инвестицияланған капиталға жоғары пайда алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   112




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет