Басылым Ақпараттық-танымдық 2014 жыл №4 (69) Сәуір



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9920
  1   2   3   4

басылым

Ақпараттық-танымдық

2014 жыл  

№4 (69) Сәуір

Қазақ    жүрегінің   

түкпіріне      мықтап  

орналасқан   есімнің   

бірі 

– 

Сәкен   



С е й ф у л л и н н і ң   

туғанына      биыл  

120    жыл.  Атаулы   

мереке   қарсаңында   

түрлі      іс-шаралар   

ж ү р г і з і л у д е .  

Айтылған      сөзге   

сәуір   айының   16-

шы 

жұлдызында   



Семей   қаласының   Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік   университетінің   

ұйымдастыруымен  айтыскер   ақындар   арасында   өткен  жыр  додасы   

дәлел   болмақ.   Университетіміздің   ректоры   Шәріпбек  Әмірбеков   

қолдап,   тәрбие   бөлімі  мамандарының   ұйымшылдығымен   өткен  

сөз   барымтасына   қазылық   ету  үшін   осыдан   бірнеше   жыл  

бұрын  қара      шаңырақтан      қанат    қағып      ұшып    кеткен      Ринат  

Зайытов,  Қарлығаш    Әубәкірова,  Әсем    Ережеқызы    шақырылды. 

Қара   қылды   қақ   жарған   әділ  қазылар   алқасының   төрағасы  

Дәулет  Сметов   болды. 

Аталмыш   аламанға  өзара бақ сынау үшін он ақын келді.  Олар: 

Дәулет  Ерлан,  Ақбабаұлы   Ардабек,  Нұржанов   Қуаныш, Мақаев   

Жасұлан,    Сатыбалдин      Манарбек,  Бектібаев      Нұрлан,    Хуанқан  

Серік,  Нұрабдолла  Әлішер, Айтуған   Амангелді,  Нұрекен  Мекебай  

еді. 


Жалғасы 2-бетте.

Жыр  арқауы - 

алаш  арыСы

11  апреля  2014  года  студенческий  философский 

кружок «Софийцы» пригласил всех, кто романтичен 

и полон задора, принять участие в празднике весны, 

молодости и любви «Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні», 

не обманув ожидания тех, кто собрался в актовом зале 

учебного корпуса №8, подарив им мир классической 

музыки  и  поэзии,  непринужденного  общения  и 

искрометных  шуток,  креатива  и  студенческого 

творчества. 

Праздник весны, 

молодости и любви

Как  отметил  руководитель  кружка  ст.преп.

кафедры  философии  и  политологии  гуманитарно-

юридического  факультета  Дегдар  Габдулкаюмович 

Мухамедханов,  одним  из  приоритетов  работы 

кружка является реализация творческого потенциала 

студентов,  бережного  отношения  к  национальным 

культурным  ценностям,  привитие  эстетического 

вкуса.  А  история  красивой  и  трагической  любви 

и  смерти    влюбленных  юноши  и  девушки,  героев 

поэмы казахского эпоса XIII-XIV вв.,  по-прежнему 

значима и трогательна для нашей молодежи. 

В  этот  день  со  сцены  звучали  слова  любви 

на  языках    народов    мира:  мини-спектакль, 

поставленный по мотивам бессмертной поэмы «Қозы 

Көрпеш  –  Баян  сұлу»  студентами  первого  курса 

физико-математического  факультета  -  на  казахском; 

сонеты  Шекспира  в  исполнении  студента  второго 

курса иностранной филологии Айдара Жумагалиева  

- на английском; задорные песни ведущей солистки 

городского  ансамбля  народной  песни  «Истоки»  

Натальи Железняк – на русском и т.д. 

Продолжение на стр. 6

Баршаңызды  Қазақстан  халқының  бірлігі 

күні мерекесімен құттықтаймын! 

1 мамыр – ынтымақ пен берекенің мерекесі 

және  егеменді  елімізде  өмір  сүріп  жатқан 

түрлі  ұлттар  мен  ұлыс  өкілдерінің  жарқын 

болашаққа деген сенімінің кепілі. 

Ынтымағы  жарасқан    Қазақстан  елінің  

мерейі  әрдайым  үстем  болып,  көк  туымыз  

асқарлы биіктерден желбіресін!  

Бейбітшілік  пен  келісімнің  мейрамы 

баршамызға  құт-береке  сыйлап,  егеменді 

еліміздің биік мұраты – ел  бірлігі мығым, за-

манымыз тыныш болсын! 



құрметпен, шәріпбек Әмірбеков,

Семей қаласының шәкәрім атындағы 

мемлекеттік университетінің ректоры                                                                   

құрметті универСитет 

оқытушылары ЖӘне Студенттер!

Университет  

арУы 

Таяуда  Семей  қаласының  Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университетінің 

2  -  оқу  ғимаратында  Қазақстан 

Студенттер  Альянсы  және  Парасат 

дебат 

клубының 

қолдауымен 

«Университет  аруы  -  2014»  байқауы 

өткізілді. 

Жалғасы 2-бетте.


2014 жыл  №4 (69) Сәуір

2

Студент



әлемі

Басы 1-бетте.

Ақындарға      сәттілік        тілеу      үшін      сахна      төріне    Семей 

қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің 

ғылым,  инновация  және  стратегиялық  даму  жөніндегі  проректор  

Құмарбек Әмірханов   шақырылды. Бұл   айтыстың   бір  ерекшелігі  

ақындар  өз   қарсыластарын   сахнада  жеребе   таңдап  алу   арқылы   

жұптады. Бірінші   болып   аламанға   шыққан  Ақбабаұлы  Ардабек  

пен   Айтуған  Амангелдінің  айтысы   қалың   көпшіліктің   делебесін  

қоздырды. 

Әділқазы   алқаларының   мүшелері  екінші  айналымға    шығатын   

ақындарды   анықтағанша,  1999  жылдың   университет  архивінен   

айтыс   көрсетілді. Бұл   айтыста   Ринат  пен  Әсем,  Сара  мен  

Қарлығаш  та  дәл  бүгінгі  қауырсыны   қатпаған   жас   студенттер   

шамалас, бүгінгі   жыр   додасының   қатысушылары  ертең  үлкен  

сахнадан   көрінетініне   бәрі   де  сенім   білдірді. 

Финалға    шыққан    Нұрлан    мен    Ардабек    бірінші    болып  

айтысты. Уақыт  жағын  үнемдеп,  қайым   айтыс   жасаған  екі   

дүлділдің  соңынан   Ерлан  мен   Әлішер   шықты. Әлішер   ағасымен   

айтысқанына   бақытты   екендігін   айтып, бата  сұраса,  Ерлан   

інісіне   жолын  берді. Манарбек  пен   Жасұланның    айтысы   төрт  

сағат   жанкүйер  болып  отырған   көрермендердің   шаршағанын   

басқандай  болды. 

Ұйымдастырушылар   алқасы  мен   әділ  қазы   мүшелері   бір   

шешімге   келіп,  бүгінгі  үлкен  жыр  додасын  қорытындылады.  

Жүлделі      орындарды   тапсыру   үшін  Қарлығаш  апайымыз   сөз   

сөйлеп,  бүгінгі   күннің   жетістігіне   мақтанып, келер  ұрпақтың  

өнегелігіне   риза  бола  отырып  Сатыбалдин   Манарбекке   ІІІ  

жүлделі   орынды   тапсырды.  Әсем  Ережеқызы  туған  жерін  аңсап  

жүргенде  осы   бір  айтыс   келуіне   себепкер  болғандығын  айтып,   

ұйымдастырушыларға   алғыс   білдіріп,            тағы   бір   ІІІ орын  

иегері  Ақбабаұлы  Ардабекті   құттықтады. Жүлделі  ІІ  орынды   

жерлесіне   тапсырған  Ринат  ағамыз   Әлішер   Нұрабдолланың   

келешегінен  көп   үміт  күттіретін   азамат  болатынына   сенім  

білдірді. 

Талай   жыр  додаларының   бас   жүлдесін  қанжығасына  байлаған  

Дәулет    Ерландай    азаматты  жүлделі    І    орын    алған    жеңісімен   

қазылар   алқасының   төрағасы   Дәулет   Сметов   құттықтады. 

Қазақтың      қайнап    жатқан      өнерінің    жойылмауы      бүгінгі   

ақындар   еншісінде. Жыр  жарысының   жалауы   мәңгі   көкте   

самғай   беруіне   барлығы   да   тілектес ... 



данагүл Байболова

студент.

Жыр  арқауы - 

алаш  арыСы

Басы 1-бетте.

Бұл  сайысқа  қатысқан  қыздар  бір-бірінен  өткен  сұлу 

да  өнерлі  қыздарымыз  болды.  Байқау  қорытындысы 

бойынша: Бас жүлде - «Университет аруы – 2014» атағын 

филология  факультетінің  студенті  Калижарова  Жадыра 

иемденді.  Ал «І – дәрежелі ару» атағын - физика және 

математика  факультетінің  студенті  Оралғазы  Гүлім 

марапатталды.  Сонымен  қатар  Мұратбекова  Ақбота  

«Сымбатты ару» номинациясына ие болды. «Көрермендер 

көзайымы»,  «Инабатты  ару»    номинациялары  бойынша 

педагогика  факультетінің  студенті  Өмірзақ  Өркен, 

«Білімді ару» номинациясы бойынша Жұмагелді Ботагөз 

марапатталды.  Сондай-ақ  «Нәзік  ару»  гуманитарлық-

заң  факультетінің  студенті  Назынбекова  Мөлдір, 

«Шеберлі  ару»  Мүбәрәкова  Ботагөз,  «Өнерлі  ару» 

Ахметжанова  Сандуғаш  осындай  номинациялармен 

марапатталған  болатын.    Жеңімпаздардың  барлығы 

арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ аруларға 

гүлшоқтары  мен  дипломдар  табыс  етілді.  «Университет 

аруы – 2014» атағын иемденген Калижарова Жадыра және 

де «І – дәрежелі ару» атағын иемденген Оралғазы Гүлім 

Семей  қалалық  арулар  байқауында  Семей  қаласының 

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің намысын 

қорғайтын болады.      

Оқу ордамыздың қызғалдақтай қыздары – ертеңгі ибалы 

да  инабатты  келін,  болашақ  ана,  салиқалы  әже  болары 

табиғи  заңдылық.  Батырлық  пен  қайраттылықты  өн 

бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер 

қазақ қызының таза да тұнық болмысы – тектілігіміздің 

айнасы. Сондықтан асыл аруларымызды танып, білу әрі 

насихаттау тәрбиелік мәні зор құндылық.  

Қазақ қызы әрдайым адалдық пен пәктіктің нәзіктік пен 

сұлулықтың,  ақыл-парасат  пен  әдеміліктің,  ар-ұят  пен 

имандылықтың, қаһармандық пен ізгіліктің, тектілік пен 

ізеттіліктің, адамгершілік асыл қасиеттердің өнегесі мен 

үлгісі болуы тиіс. Осы қасиеттердің барлығын еш мінсіз 

тұла  бойларына  дарытқан  біздің  аруларымыз  қалалық 

сайыста да көш ілгері боларына тілектеспіз!



а. дүйсенғазы,

журналистика мамандығының 

2 курс студенті.

Байқау

Университет  

арУы 


2014 жыл  №4 (69) Сәуір

3

Студент



әлемі

Биылғы    жыл    Семей 

қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекеттік 

университетінің 

филология    факультеті    үшін   

табысты    болуда.  Адамзаттың   

көз  жасын  кұрғатуға   өлеңінен  

орамал    жасайтын,    жұртының  

бақыт    жағасына    жетуі    үшін  

жүректерін  көпір  ғып  төсейтін  

факультетіміздің  ақын  жігіттері   

өз  жыр-жинақтарын  шығарды. 

 Қасиетті  қара   шаңырақтан  

түлеп  ұшқалы   отырған  4  курс  

студенттері   Дәулет  Ерланның  

«Ақ  боз  үй»  және  Ақбабаұлы  

Ардабектің    «Көкжалдың    көз  

жасы»  атты  кітаптарының  тұсаукесері   

наурыз   айының  14-жұлдызында  өтті.  

Әдеби-сазды  кешімізге  алғы  сөз  айтып,  

қос    дүлдүлді    алғашқы    тырнақалды  

туындыларымен 

 

 



құттықтаған   

факультет  деканы  Айбар  Қабыкенұлы  

болды.  Игі  бастаманы  қолға  алып,  жас  

ақындарға  қолдау  көрсетіп  жүрген  қазақ  

әдебиеті    кафедрасының      оқытушысы  

Иманжапаров    Мұрат    Тілегенұлының  

еңбегі  зор  екені  белгілі. Кешті   жүргізу  

мәртебесі  осыдан    екі    жыл    бұрын  

«Көктемдегі  көлеңке»  атты   жинағын  

шығарған,    кеше    ғана    «Шабыттың»  

бас    жүлдесін    қанжығасына    байлаған  

Қиықбай    Қуатқа    бұйырды.    Қазақтың  

марқасқа    Махамбеті    мен    ақиық  

Мұқағалиынан  үлгі  алып,  жинақтарын  

шығарған  кешегі  мерейін   үстем  етіп  

жүрген  Мерей  Қартовтың,  ел  жанына  

медет    болған    Медет    Демежановтың,  

бауырмашылығымен    баурап    жүретін  

Бауыржан    Игіліктердің    жолын    қуған  

бүгінде  Ерлан  мен  Ардадай  жігіттер  

туралы    естелік    айту    үшін    ортаға  

Фарида    Задақызы    шақырылды.  

Анамыздың    жылы    лебіздерінен  

кейін   қос  ақынның  топ  кураторлары  

Эльмира      Мақсұтқызы    мен    Раушан  

Қойшанқызы    жүрекжарды    тілектерін  

білдіріп    құттықтады.  «Ақынға    қара  

сөзден  өлең  оңай», -  демекші  «Жебе»  

ақындар    үйірмесінің      мүшелері    бір 

–  бір    ауыз    өлең    жолдарымен    қос  

ақынды      марапаттады.  Ерлан    мен  

Ардабек  сахарадан  сахнаға  жеткендері  

талаптарының    арқасы    екенін    айтып, 

қызықты    студенттік    күндерінің  

ұмытылмас    сәттерін    баяндады.  

Көрермендер    тарапынан      сұрақтар  

Жүрек  дірілінде  кісінеген  құлын  Жырлар

қойылып, 

 

мардымды  



жауаптар    қайтарылды.  Еркін  

түрде    өткен    әдеби-сазды  

кешке    дайындық    бөлімінің  

студенттері    келіп,  ағаларына  

деген    сыйластықтың    белгісі  

ретінде    иықтарына    шапан  

жапты.    Ерланның            «Меңі  

бар  қыз»   өлеңіне  ән  жазған  

қандас    бауырымыз    қасиетті  

қара    домбырамен    жиналған   

дүйім  жұртқа  тамаша  көңіл-

күй    сыйлады.    Жиылған  

жұрттың  сұраулары  бойынша  

ақындардың    әр    түрлі  

тақырыпта  жазылған  өлеңдері  

оқылып,    жырдан    шашу    шашылды.

Соңынан  қазақ  әдебиеті  кафедрасының  

меңгерушісі    Ақтанова    Айман  

Советқызы    жігіттердің    поэзияларын  

көркемдік  ерекшелік  жағынан  талдап 

айтып  берді. Ақын  жігіттердің  тобынан  

Акабаева    Мадина,    Төлеуова    Мөлдір  

құттықтап,    Шаймарданова    Аяулым  

барша  факультет  нәзік  жандыларының  

атынан    сөз    сөйледі.    Кештің      өтуіне  

ерекше    ат    салысқан    қазақ    әдебиеті  

кафедрасының    ұстазы,    ақылшымыз  

Тоқсамбаева    Айман    Омарханқызы  

қорытынды    сөз    сөйлеп,    бұл    кештен  

рухани  азық  алған  қонақтар  естелікке  

фотосуретке  түсті. Осындай  игі  шаралар   

ләйім    жалғаса      беруіне    барлығы    да  

тілектес...

данара Байболова, 

студент

Тұсаукесер

ДОКЛАД мОЛОДОГО УченОГО ПрОзвУчАЛ в США

 

11 марта 2014 года специалист «научного центра радиоэкологических 

исследований», PhD-докторант есимбеков Жанибек выступил с докладом 

в Центре по нераспространению ядерного оружия (монтерейский институт 

международных  исследований,  г.  монтерей,  штат  Калифорния,  Сша) 

на тему «Семипалатинский испытательный ядерный полигон: прошлое 

и  настоящее»  для  студентов,  магистрантов,  молодых  исследователей 

и  преподавателей  института.  в  ходе  выступления,  есимбеков  Ж.С. 

ознакомил  с  историей  создания  и  деятельностью  полигона,  движением 

«невада-Семипалатинск» и официальным закрытием полигона. 

Также 


были 

затронуты 

вопросы  современного  состояния 

Семипалатинского полигона, в частности, проводимые отечественными и зарубежными 

специалистами  исследования  радиоэкологической  ситуации  на  полигоне  и  за  ее 

пределами.  Особо  были  обсуждены  вопросы  совместного  Казахстанско-Российско-

Американского сотрудничества в рамках программы «Совместное сокращение угрозы» 

(Cooperative Threat Reduction Program).

В  ходе  выступления,  была  презентована  испытательная  региональная  лаборатория 

инженерного профиля «Научный центр радиоэкологических исследований» ГУ имени 

Шакарима: история создания, основные научные направления, материально-техническое 

обеспечение лаборатории и реализуемые проекты.



2014 жыл  №4 (69) Сәуір

4

Студент



әлемі

Жәнібек әнДеРі ШЫРҚАЛДЫ



Сәуірдің 18 күні «шәкәрімтану» 

ғылыми-зерттеу 

орталығы 

және  филология  факультетінің 

ұйымдастыруымен  белгілі  әнші, 

өнер зерттеушісі, жазушы Жәнібек 

Кәрменовтің 65 жылдығына орай 

«алаштан ән оздырған» әдеби- саз 

кеші болып өтті.

Кешті Семей қаласының Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университетінің  ректоры,  саяси 

ғылымдарының  докторы  Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлы 

бастап, әнші шығармашылығына тоқталды.

Салтанатта  профессорлар  А.С.Еспенбетов,  А.Ә.Рамазан, 

жазушы  Д.Сейсенұлы,  әншілер  Б.Сағымбаева,  Г.Еруова, 

Жәнібектің  апайы  Р.Кәрменова  тағы  басқалар  естелік  айтып, 

Жәнібектің әндерін шырқады.

Университет  студенттерінің  өнерлеріне  де  жиналғандар 

қошемет көрсетіп қол соқты.

Сахнаға  көтерілген  белгілі  композитор  Арғымбек 

Ахметжанов  Шәкәрім  әндерін  алғаш 

халыққа  таратушылардың  бірі  Жәнібек 

Кәрменовтің  ұлттық  мәдениетімізге 

қосқан 


еңбегін 

саралай 


келіп, 

Шәкәрімұлы  Ахаттың  айтуымен  әжесі 

Мәуеннің  соққан  кездік  үлгісімен 

дайындалған көне жәдігерді мұражайға 

тарту етті.

Университет  кітапханасы  ғылыми 

анықтама  бөлімінің  меңгерушісі  Г.Майшекинаның 

басшылығымен  Жәнібек  Карменов  шығармашылығына 

арналған көрме ұйымдастырылды.

Жиналғандар  жан-жақты  өнер  шебері,  халқымыздың 

біртуар ардақтысы Жәнібек Кәрменов шығармашылығына 

қатысты  осындай  кештер  студенттер  арасында  жүйелі 

ұйымдастырылып тұрса деген тілекпен тарасты.

м.Жарылғасынұлы,

«шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу 

орталығының маманы 

Семей 

қаласының 

шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университеті  

іргесінде  23  сәуір  күні  Педагогика 

жоғары  мектебі  және      инновациялық 

білім беру технологиялар орталығының 

ұйымдастыруымен  «Педагогикалық 

шеберлік  керуені»  іі  -  облыстық 

педагогикалық континуумы  өтті.  

Шараның 


мақсаты 

педагог 


мамандардың  шығармашылық  және 

инновациялық іс-әрекетін қолдау, олардың 

кәсіби  жетілуін  ынталандыру,  сондай-ақ, 

бүгінгі  педагогикалық  технологияларды 

қолданудағы  іс-тәжірибені  таратудың 

жаңашылдық 

кеңістігін 

құруға 


бағытталып, 

Шәкәрім 


университеті 

мен  ШҚО  білім  беру  ошақтарының 

арасындағы  тығыз  әріптестік  байланыс 

орнатуды міндет етеді. 

Шеберлік  керуеніне  қала  және  ауыл 

мектептерінен  жиыны  60-қа  жуық 

педагог  мамандар  қатысты.  Жиын 

барысында  олар  баяндама  жасап,  іс-

тәжірибелерімен  бөлісті.  Солардың  бірі 

-  Сергиополь  ЖББОМ  жоғарғы  санатты 

тарих  пәнінің  мұғалімі  Баймоллаев 

Әділбек  Құрманғалиұлы.    Аядай  ғана 

Аягөз  жерінен  келген  педагог  жиында 

сөз  алып,  «Бозай  жеріндегі  қола  дәуір 

ескерткіштері» 

тақырыбында 

өз 

баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.  



Ал,  Қайнар  ауылынан  ат  арытып  келген 

Бегалин  атындағы  мектеп    ұстазы 

Қуатбаева  Маржан  Төкенқызы  «Шығыс 

Қазақстан  өңірінің  Батыс  Еуропа  және 

орыс  саяхатшылары  мен  ғалымдарының 

еңбектерінде  көрініс  табуы»  туралы 

баяндама жасады. Жоғарыда аты аталған 

екі  бірдей  педагогқа    ғылыми      кеңес 

беріп,  жол  сілтеген  «Қазақстан  тарихы» 

кафедрасының 

профессоры, 

тарих 


ғылымдарының  кандидаты  Кәрімов 

Мұхтарбек Қарпықұлы.  

Айта кетейік, педагогикалық  шеберлік 

керуені  континуумы  3  кезең  бойынша 

өткізілді.  Бірінші  кезең,  яғни  2013 

жылдың  қараша  айынан  бастап  2014 

жылдың  қаңтарына  дейін  жоғары 

педагогикалық мектебінің профессорлық-

оқытушылар  құрамы  арнайы  семинар-

тренингтер 

өткізіп, 

педагогтарды 

мәліметтер 

қорында 


тіркеді. 

Ал, 


ағымдағы 

жылдың 


ақпан-наурыз 

айлары  аралығында  өткен  екінші  кезең 

барысында  жеке  ғылыми-зерттеушілік 

тақырыптар 

аясында 

континуумға 

қатысушыларға  ғылыми  кеңес  берілген 

еді.  Күні  кеше  өткен  континуумның 

3-ші  кезеңінде  қатысушылар  ғылыми 

баяндамаларын  қорғады.  Континуум 

жұмысы қорытындыланды. 

Педагогикалық  шеберлік  керуенінде 

жеңімпаз  деп  танылған  педагогтар 

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекеттік 

университеті 

ректоры 

Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлының 

марапатына  ие  болып,  оларға    жоғары 

педагогикалық  мектеп  директорының 

орынбасары 

Төлеуғалиева 

Сәуле 

Серікқызы 



«Жоғары 

ғылыми-


зерттеу  деңгейі»,  «Жоғары  ғылыми-

әдістемелік  деңгей»,  «Қазіргі  білім  беру 

технологияларының  сәтті  енгізілуі», 

«Креативтілік  және  шығармашылық» 

сынды 

номинациялар 



бойынша 

дипломдар табыстады.   

Сонымен 

қатар, 


«Педагогикалық 

шеберлік 

керуені» 

континуумы 

шеңберінде 2014 жылдың 10 наурызында 

бастау 


алған 

«Педагогикалық 

технологиялар  аукционы»  байқауы  да 

мәреге  жетті.  Семей  өңірінің  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемелері,  орта 

білім  беретін  оқу  ошақтары,  колледж 

және ЖОО ұстаздарына арналған байқау 

педагогтардың 

шығармашылықтарын 

қолдай  отырып,  мектептерде  оқыту 

процесінде 

қолданылатын 

тиімді 

педагогикалық 



технологияларды 

анықтауды көздейді. 

«Педагогикалық 

түсінікте 

«Педагогикалық 

технологиялар 

аукционы» педагогтардың өз тәжірибесін 

көпшілік 

алдында 

жариялау 

деп 

түсіндіріледі.    Біз  аукцион  арқылы 



педагогтарға  білім  беру  жүйесіне 

педагогикалық 

технологияларды 

енгізудегі  тәжірибелерін  көрсетулеріне 

жол аштық», - дейді ұйымдастырушылар. 

Аукционда  мектеп  оқытушыларының 

байқауда 

ұсынған 


материалдары 

талданып, 

жиналғандар 

тарапынан 

ұсыныс-пікірлер  айтылды.  Нәтижесінде 

үздіктер  қатарынан  көрінген  педагог 

мамандар  түрлі  номинациялар  бойынша 

алғыс 


хаттармен, 

дипломдармен 

марапатталды. 

Баспасөз қызметі.

«ПедагогиКалық шеБерліК Керуені» 

іі - оБлыСтық ПедагогиКалық Континуумы

Әдеби-саз кеші


2014 жыл  №4 (69) Сәуір

5

Студент



әлемі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет