Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»


Волонтерларды басқару ерекшеліктері. Құқықтары мен



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Волонтерларды басқару ерекшеліктері. Құқықтары мен 

жауапкершілігін анықтау

Волонтерлар сіздің ұйымыңызға қандай талаптар қояды? Бұл талаптар 

әркез ақтала ма? Ұйым волонтерлардың барлық талаптарын қанағаттандыра 

ала ма? Сіздің ұйымыңыз волонтерларға қандай негізгі талаптар қояды? Сіз 

волонтерлармен қандай басты қағидалар мен шарттар туралы келісесіз?

«Келісім» немесе «Шарт» құқықтар мен жауапкершілікті сақтаудың 

белгілі бір кепілдігі болып қызмет етеді. Нақ осы құжат ұйым құқықтары – 

волонтердың жауапкершілігі, ал волонтердың құқықтары – ұйымның жауап-

кершілігі деген қағиданы көрсетуі тиіс. 

Келісім кез келген нысанда болуы мүмкін. Сіз оны өзіңіз әзірлеп, қо-

ғамдық ұйымдарда қолданылып жүрген волонтерлармен жасалатын шарттар 

мен келісімдерді пайдалана аласыз. Бастысы, бұл құжаттың нақ өз ұйымы-

ңызға пайдалы екенін көрсетуі және қарапайым әрі қысқа болуы тиіс.

Волонтермен келісім жасаса отырып, ұйымды волонтердың ықтимал 

қолсұғуынан қатаң қорғанысты құра аласыз. Адамның басты этикалық құн-

дылығы бостандық екенін есіңізде сақтаңыз. Ұйымның ішкі заңдары мен 



60

қағидалары еркіндіктен айыруға емес, бастаманы ынталандыратындай етіп 

жолға қойылуы тиіс.

Оқыту және  кілеттіктер беру

Адамдардың көпшілігі волонтерлық жұмысқа ҮЕҰ-ға келгенде қосымша 

білімдер мен қабілеттерге мұқтаж болады. Әдетте, өзін волонтер ретінде 

ұсынатын адам жаңа нәрсені: тың қызмет саласын, араласатын жаңа ортаны, 

өз қабілеттері мен таланттарын жаңаша қолдануды, жаңа әсерлерді іздейді. 

Жаңа ортада бейімделу үшін оған жаңа білім қажет.

Ұйымның волонтерға көмегі оған жаңа білімдер беруде, бұл білімдер во-

лонтерға да, ұйымға да пайдалы болады. Сіздің ұйымыңыз шағын және үл-

кен, жеке және топтық оқыту бағдарламасын тез арада және икемді әзірлеуге 

септігін тигізуі тиіс.

Ең алдымен, мұндай бағдарламалар еріктілерді Миссияға және ұйым қыз-

метінің мазмұнына тартумен, жұмыстың мақсатын, міндеттері мен әдістерін, 

өлшемдерін, нормалары мен қағидаларын түсіндірумен байланысты болуы 

тиіс. Егер ұйымның қолынан келмейтін анаулы даярлық қажет етілсе, оның 

міндеті білім беру, тренингтік және консультациялық қызметтердің коммер-

циялық және бейкоммерциялық  нарықтарына бағдарлану болады.

Волонтерларды оқыту қажеттігін туғызатын басқа да себептер болуы 

мүмкін: ұйымның өзінің өзгеруі, ол қызмет ететін шарттардың өзгеруі, во-

лонтерлардағы өзгерістер. Мәселен, ұйым Миссиясының өзгеруі, оның қыз-

метінің нысандары мен түрлерінің өзгеруі, клиенттердің немесе қызметтер 

аясының өзгеруі волонтерларды жаңа жағдайдағы жұмысқа міндетті түрде 

оқытуды қажет етеді.

Волонтердағы өзгерістерді және оны қосымша оқытуға деген қажеттілікті 

болжамдауға немесе бірден көруге болады. Бұл шаршыңқылық, жеке өмірін-

дегі өзгерістер, уәждемедегі әлсіздік, кәсіби өсуге деген қажеттілік, ұйымда-

ғы жауапкершілік аясының өзгеруі және т.т. болуы мүмкін. Қажеттіліктерді 

анықтау әдістері мыналар: үйлестірушінің бақылауы, жеке сұхбаттар, сауал-

нама жүргізу, тестілеу, жұмыс нәтижелерін талдау, аттестаттау. Волонтерлар-

ды оқытуды әрі оған жұмсалатын шығындарды жоспарлауға тырысыңыз. 

Даярланған және оқытылған волонтерға өкілеттіктер беру оңай. Алайда, 

волонтерға қандай істерді тапсыруға болады? «Тұйықтар» мен «мансапқұ-

марларға» не тапсыруға және сұрауға болады? Волонтерларға белгілі бір өкі-

леттіктер берсек, олардан жауапкершілік қүте аламыз ба?

Волонтерларға өкілеттіктер беруден шошынбаңыз. Адамдар өзіңіздің 

жауапкершілігіңізді, қызметкерлердің және басқа да волонтерлардың жауап-

кершілігін көргенде-ақ іске және тапсырмаларға жауаптылықпен қарайды. 

Волонтерға егер ол дайын болса, байыпты істер тапсырудан тартынсаңыз, 


61

оның ұмтылыстарын бәсеңдетіп, берілуі тиіс қайтарымды ала алмайсыз. Тап-

сырмаларды, жауапкершілік аясын, міндеттерді, жүктемелерді анықтаған 

кезде волонтермен біргі ұйымдағы оның жұмысынан күтілетін нәтижелерді 

де анықтауды ұмытпаңыз. Жұмысты атқарып болғаннан кейін нәтижелерге 

толық қол жеткізбесе де, жетістіктерін жазып отырыңыз.

Адамдардың өскісі келеді! Тұлғалық өсуді ұштастырған волонтерлық жұ-

мыс өзіне құрметпен қарауды және өз күштеріне сенімділікті береді.



Мониторинг және бағалау

Волонтер өз жұмысына қанағаттана ма? Ұйымның клиенттері волонтердың 

жұмысына риза ма? Волонтердың жұмысынан ұйымда не өзгерді? Ұйымның 

міндеттерін шешу   волонтердың жұмысына қалайша байланысты? Волонтер 

ұйымның пайдасына ма, әлде зиянына жұмыс істей ме? Волонтер жүктелген 

міндеттерді орындайды немесе өзінің еркімен әрекет ете ме? Сіз оны қалай 

білесіз?

Міндетті түрде волонтердың жұмысын байқау, бақылау және бағалау жү-

йесін әзірлеңіз. Волонтердың жұмыс бақыланып отыруы тиіс. Әрбір адам 

үшін өз жұмысын ескергені маңызды. Әрбір ұйым үшін онда жұмыс істейтін 

адамдардың әр жаққа қарай емес, ортақ мақсатқа қарай жүргені маңызды. 

Волонтерлық жұмысты, волонтердың жұмыс уақытын, еріктілерге арналған іс-

шараларды есепке алу жүйесін ұйымдастырыңыз. Әрбір волонтердың белгілі 

бір қызмет аясына, бағдарламаға, жобаға, акцияға бекітілуін қадағалаңыз.

Жұмыс жөніндегі жиынтық мәліметтер мен есептер, үйлестірушілердің 

байқаулары, жиналыстардағы талқылаулар – мұның бәрі бақылау ісіне жан-

ды көмек. Алайда, волонтердың өзімен кері байланыс аса тиімді. Онда қиын-

дықтар бар ма, ол жұмыс істейтін сіздің ұйымыңыздың клиенттеріне қосымша 

бір нәрсе қажет пе? Бәлкім ол шаршаған шығар, немесе қызмет саласын өз-

герткісі келе ме, қосымша оқытудан өткісі немесе тың идеяны іске асырғысы 

келетін болар? Ұйымыңызда 200 волонтер жұмыс істейтін болса, бұл туралы 

қалай білесіз?

Волонтерлармен жұмыс жөнінде үйлестірушілер тағайындаңыз. Сауална-

ма жүргізіңіз, сұрау салыңыз, өз клиенттеріңізден волонтердың жұмысы ту-

ралы біле отырып, сауалнама жүргізуді ұмытпаңыз. Мониторингты іске асыру 

үшін тек қаржылық та, уақыт пен ұйымдық сәттер де қажет болады. Мұны 

жоспарлау кезінде қарастырыңыз.

Ұйымның қызметі туралы жылдық есептер әзірлеген кезде біз жыл бойы 

өзімізбен қанша волонтердың жұмыс істегенін, олардың не және қалай іс-

тегенін қиналыспен еске түсіріп жатамыз! Волонтерлардың жұмысын баға-

лау жылдық есеппен байланыстырылмауы тиіс. Бұл жыл бойына ұдайы көңіл 

бөлініп отыратын жұмыс. Егер бақылау мен есептілік жүйесі жақсы жолға 



62

қойылса сізде қорытынды шығару кезінде еш проблема болмайды. Жұмысты 

бақылау ешқандай артық жүк емес! Бақылау волонтердың жұмысы маңызды 

әрі қажет деп есептеуге негіз береді. Мониторинг жүргізудің кейбір әдістері 

мен волонтерлар жұмысын және волонтерлармен жұмысты есепке алу өлшем-

дерін  төмендегі кестеден көріңіз.



Мониторинг жүргізу әдістері

Қайталау ма? Волонтерлар 

жұмысының мониторингін іске асыру 

әдістері

Қайталау ма? Волонтерлар 

жұмысының мониторингін іске асыру 

әдістері

Волонтерлар есептерін талдау.

Үйлестірушілердің жиынтық есептерін 

талдау.


Волонтерлармен сауалнама жүргізу.

Волонтерлардың жеке жұмыс жоспарларын 

талдау.

Клиенттерге сұрау салу.



Волонтерлардың жұмыс уақытын есептеу 

табелдері

Волонтерлармен сұхбаттар.

Волонтерларды аттестаттау.

Бейресми ақпаратты жинақтау және талдау.

Волонтерлармен жұмыс жөніндегі үйлесті-

рушілердің есептерін талдау.

Волонтерлармен жұмыс жөніндегі үйлесті-

рушілермен сауалнама жүргізу.

Волонтерлармен сауалнама жүргізу.

Волонтерлардың қатысуымен бағдарламалар 

мен жобалар жоспарларының орындалуын 

талдау.

Волонтерлармен сұхбаттасу.



Волонтерларды оқытуды талдау.

Волонтерларға арналған арнаулы шаралар-

дың нәтижелерін талдау.

Тиімділікті бағалаудың сандық  лшемдері

Волонтерлық жұмыс

Волонтерлармен жұмыс

Іріктелген адам/сағат саны

Волонтерлар еңбегінің шарт-

ты құны.


Волонтерлық акциялар саны.

Волонтерлар көмектескен 

клиенттер саны

Волонтерлар тартқан ресурс-

тар көлемі

Қанша волонтер тартылды.

Қанша волонтердың бос орын қалды.

Қанша волонтер ұйыммен қатынастарын үзген

Қанша волонтер біржолғы (шақырту) негізінде жұмыс 

істейді


 Қанша волонтер көтермеленді (дипломдар, грамотар және 

т.т. алған).

Волонтерлар ұсыныстары негізінде қанша шешім қабылдан-

ған.


Волонтерларға арналған қанша шара өткізілген.

Қанша волонтерлық бағдарламалар, акциялар ұйымдасты-

рылған.

БАҚ-тарда ұйым волонтерлардың жұмысы туралы қанша 



жарияланым орналастырды.

Қолдау және ұстап тұру

Волонтерлар ұйымнан неліктен кетеді? Олар неліктен қалады? Оларды қа-

лай ұстап қалуға болады? Ұстап қалуға тұра ма?


63

Волонтерлар:

• 

Жеке басының қажеттіктері қанағаттанса;



• 

Өздерінің үміттері ақталса;

• 

Жаңа перспективалар ашылса;



• 

Жаңа ынталар пайда болса ұйымда қалады.

Ұйымыңыздың жұмыс жоспары волонтерлардың шығармашылығына 

кдергі келтірмеуі тиіс. Жұмыс жоспарына «волонтерлық идеялар мен ұсы-

ныстар күнін» енгізіңіз және сіз волонтерларыңыздың көп нәрсені байқай-

тынын және ұсына алатынын, ұйым жұмысын жетілдіру және дамыту үшін 

қандай орасан ресурстар әкеле алатынын білесіз.

Өз волонтерларыңыздың ілкі істерін қолдап отырыңыз, бастамаларын 

босқа  іркімеңіз. Волонтерларға өз идеяларын іске асыру үшін қосымша 

ресурстар беріңіз, сонда олар оны бірнеше есе арттырады. Волонтерларды 

ұйымда ұстап қалуға оларға және жұмысына шынайы ықылас қана жәрдем-

деседі. Жұмысты уақтылы өзгерту, кеңес беру немесе көмектесу, қосымша 

мүмкіндіктер беру немесе оқыту, басқа адамдармен таныстыру немесе адами 

тұрғыдан қолдау – мұның барлығы ұйымнан адамдардың кетпеуіне, өздері-

не, жұмыстарына және қажеттіктеріне ықылас қоймағаны үшін өкпе-ренішті 

қоса әкетпеуіне сіздің жауаптылығыңыз.

Адамдардың ұдайы өзгеріп отыратын топтарымен жұмыс істеу аса күрделі 

емес. Біздің бәріміз өз ұйымымызда еріктілердің мүмкіндігінше ұзақ жұмыс 

істеуі үшін ұмтыламыз. Әсіресе, біз олардың даярлығы мен оқуына көп күш-

жігер жұмсаған кезде. Волонтерларды ұйымыңызда ұстап қалу үшін не істеу 

қажет? Оларға қандай қолдау керек?

Ұйымыңыздың «Волонтерлар клубын» өзіңіз ұйымдастырыңыз немесе оны 

волонтерларға ұсыныңыз. Бірлескен басқосулар, сусындау, мерекелер, пікір-

таластар, қызықты адамдармен кездесулер қауымды құрайды, онда әркімге 

жылы әрі жайлы болмақ. Топтық уәждеменің кейде жеке уәждемеден күшті 

болатынын есте сақтаңыз! Дегенмен қайсыбіреулердің өз ұйымыңыздан ке-

тетініне дайын болыңыз. Бұл жылма жыл, үнемі болып жатады. Оларға көп 

қайрат жұмсағаныңызға қарамастан, өзіңіздің пікіріңізше, олардың қалуы 

үшін мүмкін болғанның бәрін жасадыңыз, себептерін түсіндірместен кетіп 

қалу – олардың құқықтары. Волонтелар көбіне ұйыммен және оның қызметі-

не байланысты емес себептермен кетеді.

Еріктілерді қолдауды және оларды ұйымда ұстап қалу – бұл жұмыстың 

маңызды әрі жауапты элементі. Бұл жұмыс үшін үйлестірушінің ғана емес, 

штатты қызметкерлер құрамының/негізгі команданың басқа мүшелерінің уа-

қытын жоспарлау қажет. Мұны жоспарлау, соның ішінде қаржыны жоспарлау 

кезінде ескеріңіз.



64

К термелеу және ілгерілету

Волонтерларды мойындау және көтермелеу – олар жұмыс істейтін ұйым-

ның міндеті. Сіздің ұйымыңыз бұл міндетті қалай атқарады? Сіздерде қандай 

айрықша нысандар бар? Ұйымыңызда бүгінде волонтерларды қалай көтер-

мелейді? Өзіңіз волонтерларды қалай көтермелегіңіз келеді? Бұл үшін не қа-

жет?


Көтермелеу – волонтерлармен жұмыстағы маңызды аспект. Ол міндетті 

түрде материалдық заттармен, бағалы сыйлықтармен және т.т. білінбеуі тиіс. 

Аса маңыздысы қоғамның мойындауы. Өз ұйымыңыздың волонтерларын кө-

темелеуге шығармашылық тұрғыда қарап, айрықша түрін табыңыз.

Егер волонтердың өзіне қосымша жауапкершілік жүктеуге немесе өз идея-

сын, жобасын, бағдарламасын іске асыруға; зерттеу жүргізуге дайын екенін; 

оның көшбасшы болатынын уақтылы байқасаңыз, оны ілгерілетіңіз, жаңа бос 

орын тағайындап, ол үшін бәрін жасаңыз.

Ілгерілету – мойындау мен көтермелеу нысаны. Волонтерды жылжыту – 

бұл:


• Жаңа 

лауазым;


• 

Аса жоғары деңгейдегі жауапкершілік;

• 

Үлкен өкілеттіктер беру, соның ішінде аса жоғары деңгейде шешімдер 



қабылдауға қатысу;

• 

Тәжірибе беру және оқыту мүмкіндігі;



• 

Кәсіби және мәнсаптық өсуге арналған ұсыныстар,

• 

Конференцияларда, семинарларды және т.т. ұйымнан өкілдік ету;



• 

Штатты қызметкерлер құрамына енгізу.

Өз волонтерларыңызды жылжыту ұйымыңыздың өсуіне елеулі ықпал 

етеді. Жауапты бастаманы қолдаңыз, өз волонтерларыңызды жылжытыңыз, 

сонда сіз өз ұйымыңыздың қалай дамығанын көресіз.

Алғыс хаттар мен дипломдар, балдар мен мерекелер, сыйлықтар мен са-

парлар, асаүлкен қаржы шығындарын талап етпейді. Алайда, тап осылар та-

бысты фандрайзингтің мәні болуы мүмкін. Жоспарлау кезінде осыны ұмыт-

паңыз.


65

Б лімге қатысты сауалдар

• 

Сіз өз ұйымыңызда волонтердың жұмысын пайдалансыз ба?

• 

Ұйымыңыздағы қандай жұмысты волонтер атқара алады?

• 

Волонтерлармен жұмысты өрістету үшін сізге қандай шара-

ларды қолға алуыңыз керек?

• 

Волонтерлардың жұмысын кім үйлестіреді?

• 

Волонтерлармен жұмысты жолға қоюға кім көмектесе ала-

ды?

• 

Ұйымға волонтер тартуға не кедергі болады? 

66

9. Донорлармен жұмыс істеу

Донорлармен жұмыс ұйым басшысының немесе бар болса фандрайзердің 

негізгі міндеттерінің бірі. Ұйымның өмірі мен табыстылығы, өз идеяларын 

іске асыру және өзіңіздің мақсатты тобыңыздың проблемаларын шешуге кө-

мек көрсету мүмкіндігі осы жұмысқа байланысты. Донорлармен жұмыс фанд-

райзингтің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады, дегенмен біз бұл бөлімде 

оған айрықша көңіл бөлдік. Біздің алғаш болып істейтініміз, қандай ұйым-

дардың «Донор» болатынын анықтау.



Қайырымдылық ұйымдардың түрлері

Сонымен қайырымдылық ұйымдардың қандай түрлері бар?:



• Донорлар (грант берушілер, демеушілер), (Donors) – грант-

тар немесе қайыр-садақалар түрінде қаржы қаражаттарын 

беретін жеке тұлғалар немесе ұйымдар. Донорлар ретінде 

түрлі елдердің мемлекеттік органдары, халықаралық ұйым-

дар, жекеменшік қайырымдылық қорлары, коммерциялық құ-

рылымдар, діни, ғылыми және қоғамдық коммерциялық емес 

ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар танылады;

• Мемлекеттік 

донорлар – өз мемлекетінің бюджетінен қара-

жаттар алатын мемлекеттік мекемелер. Мәселен, АҚШ Ха-

лықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID), АҚШ Ақпарат 

агенттігі (USIA), АҚШ Ұлттық денсаулық институты, Қор-

шаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік, Нидерланды Сырт-

қы істер министрлігі, Жапония Сыртқы істер министрлігі 

және т.т. – Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік до-

норлардың шағын тізімі ғана; 

• 

«Жартылай жекеменшік» донорлар – мемлекеттік донор-

лардан қаражат алатын және оларды өтінім берген ұйымдар 

арасында тарататын коммерциялық емес ұйымдар. Мәсе-

лен, Уорлд Лернинг (World Learning), Демократияны қорғау 

ұлттық институты, АЙРЕКС (IREX) және т.б. Мұнда Бүкілә-

лемдік банк (World Bank) секілді халықаралық ұйымдарды да 

жатқызуға болады;

• Жекеменшік 

донорлар – бұл жеке тұлғалардың, отбасылар-

дың, бірнеше адамның, бір немесе бірнеше коммерциялық ком-

паниялардың қоғамды дамытуға бағытталған бағдарлама-

ларды қаржыландыруға арнап ұйымдастырған коммерциялық 

емес, үкіметтік емес ұйымдары (МакАртурлар Қоры, Форд 

Қоры, Элтон Джон Қоры және т.т.);

67

• Қайырымдылық 

қорлары – жобаларды қаржыландырудың 

аса кең таралған көзі. Еуропа қорлары орталығының (EFC) 

деректері бойынша АҚШ-та 40 мыңға жуық осындай ұйым 

тіркелген, ал Еуропада олардың саны 80 мыңнан 100 мыңға 

дейін. Қорлардың жылдық бюджеті де айрықша ерекшеле-

неді: ондаған мыңнан жүздеген мың долларға дейін.

Өз кезегінде, қайырымдылық қорларын қаржыландыру көздеріне қарай 

мынадай түрлерге бөлуге болады:

• 

Ассоциацияланған (корпоративтік) қорлар, оларды белгілі 

бір коммерциялық құрылымдар (мәселен, IBM Foundation) құ-

рады және қаржыландырады. Бұл қайырымдылық қорлары-

ның ең көп таралған түрі;

• 

Мемлекеттік (мемлекетаралық) қорлар (донорлық ұйым-

дар), оларды бір немесе бірнеше елдердің үкіметтері құрады 

және қаржыландырады (USAID, TACIS);

• Т

әуелсіз (жекеменшік) қорлар, оларды жеке тұла немесе 

әдетте, туыстық байланысы бар адамдар тобы (MacArthur 

Foundation) құрады және қаржыландырады.

«Қор» және «бағдарлама» ұғымдары

Жобаны қаржыландыру үшін қаржы іздестіру кезінде өзіңізге мәлім бар-

лық қаржы көздеріне (қорлар, бағдарламалар, қайырымдылық қорлар) жүгі-

нетін мүмкіндігіңіз бар, алайда мұның бәрі уақытты зая кетіреді. Қорларды 

сұрастыруды бастамас бұрын өзіңіз екі сауалға жауап беріп көріңіз: «Сізге 

қандай көздерден қаржыны алу жеңіл әрі қолайлы болады?» және «Менің 

жобамды қандай қорлар мен бағдарламалар асқан ықтималдықпен қаржы-

ландыра алады?». 

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ең алдымен «қор» мен «бағдарлама» 

ұғымдарын анық ажыратып алайық. Қор -  ұйымдарға, шығармашылық ұжым-

дарға, жеке тұлғаларға идеялық жобаларын іске асыру үшін ақысыз мате-

риалдық, қаржылай, ұйымдық және басқа да көмек көрсететін қайырымды-

лық ұйымы. Бағдарлама – бұл қорлар жариялаған мерзімі шектеулі, нақты 

мақсаттарды көздейтін және жобалық өтінімдер конкурсын өткізу жолымен 

белгілі бір нәтижелер алуға бағытталған уақытша шара.

Қорды таңдауға ықпал ететін факторлар

Қорды таңдау кезінде мына факторларды ескерген жөн:

Қорлар іске асыратын қызметінің түрлеріне қарай бөлінеді. Осы өлшемнің 

негізінде мыналар ерекшеленеді:



68

• 

Гранттар беретін қорлар мен қызметінің негізгі мақсаты  гранттар 



бағдарламаларын ұйымдастыру мен өткізу болып табылатын ұйымдар 

(Mott Foundation);

• 

Тікелей әрекет ететін қорлар – өз бағдарламаларын іске асыру үшін 



қаржы алатын ұйымдар (қызметтер көрсету, зерттеулер, тренингтер 

жүргізу және т.т.), International for Social Adaptation;

• 

Гранттар беретін және бір мезгілде өз бағдарламаларын іске асыра-



тын қорлар (Freedom House);

• 

Фандрайзинг қорлары – қызметінің негізгі мақсаты өз бағдарламала-



рын іске асыру және басқа ұйымдар үшін гранттық конкурстар өткізу 

болып табылатын ұйымдар. Фандрайзингтік қорлардың басты ерек-

шелігі олардың қаржыландыруды қамтамасыз ететін бір немесе бір-

неше демеушілері (құрылтайшылары) болмайтындығында, фандрай-

зингпен басқа ұйымдармен тең (RIC – Regional Environmental Center 

of Central and Eastern Europe).

Қорлардың көпшілігі өз қызметін құрылықтың белгілі бір бөліктерімен, 

өңірлермен, елдермен, облыстармен немесе аудандармен шектейді. Мәселен, 

географиялық белгісі бойынша қайырымдылық қорларын мына түрлерге бө-

луге болады:

• 

Жергілікті қорлар – белгілі бір аумақта (ауыл, аудан, қала, облыс 



және т.т.);

• 

Ұлттық қорлар – қызметі өз елінің аумағына таралатын ұйымдар;



• 

Халықаралық қорлар – қызметі екі немесе одан да көп елдердің аума-

ғына таралатын ұйымдар.

Әдетте, қайырымдылық қорлар өздері белгілеген мүдделер аясын бас-

шылыққа алып, қатаң шектелген тақырыптағы жобаларды қаржыландырады,  

мәселен:


• Экологиялық 

қорлар;


• 

Жергілікті қауымдастықты дамыту қорлары;

• 

Ғылым мен білім қорлары;



• Басқа 

қорлар.


 Сондай-ақ, гранттарды алушылар мен бенефициарлардың типтері де шек-

телген, мәселен:

• 

Студенттер, аспиранттар, жас ғалымдар;



• Ғылыми-зерттеу 

институттары;

• 

Оқу және білім беру мекемелері;



• 

Үкіметтік емес ұйымдар;

• Басқалар.

Грант алушылар мен бенефициарлар сәйкес келе бергенмен, бірақ айыр-



69

машылығы болады. Егер коммерциялық емес ұйым халықтың әлеуметтік 

нашар қорғалған топтарының жағдайын жақсартуға грант алса, онда грант 

алушы ҮЕҰ, ал бенфициары – халық болып табылады. Егер ғылыми қызмет-

кер шетелде тағылымдамадан өтуге немесе оқуға грант алса, бұл жағдайда ол 

грант алушы да, бенефициар да болады.

Одан бөлек, әдетте, қорлар қаржыландыратын қызмет салаларын шек-

тейді, мәселен:

• Білім 

беру;


• Бизнес;

• Әлеуметтік 

сала;

• Басқалар.



• 

Сондай-ақ олардың қаржыландыруға дайын қызмет түрлері:

• 

Сапарлар мен тағылымдамалар;



• 

Құрал-жабдықтар сатып алу;

• Кеңесшілердің 

қызметі;


• 

Қызметкерлер құрамының еңбекақысы;

• 

Конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізу;



• Басқалар.

Қаржыландыру көзінің (қор) қызметіне географиялық, тақырыптық және 

басқа да шектеулер туралы ақпарат әдетте қолжетімді, қор қызметінің кез 

келген сипаттамасында болады. Жарияланған өлшемдер бойынша жоба өтпей 

қалатын қандай қорларға жүгінуге болмайтынын шешу үшін бұл ақпараттың 

жеткіліксіз болуы мүмкін. Қор мәлімдеген шектеулерден басқа қордың соңғы 

бірнеше жылдың ішінде кімге және қандай гранттар бергенін білген пайдалы 

болады. Орын алған істерді зерделеу аталған қаражат көзінің құштарлығын 

анықтауға және сіздің жобаңыз үшін келешексіз қорларға жүгінуден тарты-

нуға, сонымен бірге жобалық ұсыныстарды перспективалы қорларға  үздік 

әзірлеуге септігін тигізеді. Аталған қорға өтінім берудің тұратын-тұрмайты-

нын шешу үшін сонымен бірге қаржыландырудың жылдық көлемін, алынған 

гранттар санын, олардың мөлшері мен өтінім берушінің мүмкіндіктері туралы 

жанама ойлауға болатын басқа да деректерді анықтап алған да пайдалы. Кез 

келген қаржы көзі берілетін гранттардың орташа мөлшерімен, осы сомалар-

дың жоғарғы және төменгі шектерімен сипатталады.

Осылайша,сіздің жобаңызға лайықты қорды немесе бағдарламаны таңда-

ған кезде сіздің алғашқы қадамыңыз мүдделері сіздің жобаның мүдделеріне 

жауап беретін 10-15 қордан тұратын тізімді әзірлеу болуы тиіс. Келесі қадам 

әрі қарай зерделеуді көздейді, одан кейін бұл тізім сіздің жұмыс істесе ала-

тын 3-4 қорға дейін тарылады. Фандрайзинг үдерісін сауатты іске асыру үшін 

мынадай жұмыс схемасын ұстанған жөн (1 суретті қараңыз):



70


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет