Бастамашы топтан кәсіби ұйымға (құралы) «спид фонд Восток-Запад»



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата15.03.2017
өлшемі0,79 Mb.
#9851
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мониторинг және бағалау

Сіздің жобаңызды бағалау екі себеппен керек. Біріншіден, қойылған мақ-

саттарға қаншалықты қол жеткендігін түсіну үшін, тұтастай алғанда жұмыс-

тың тиімділік дәрежесін бағалау керек. Мұндай бағалау нәтижелерді бағалау 

деп аталады (outcome evaluation). 

Екіншіден, бағалау жобаның барысы туралы мәліметтерді алу үшін жүргізі-

луі мүмкін. Бұл тікелей орындау барысында жобаны түзетуге мүмкін болуы 

үшін қажет болады. Осындай бағалау жұмыс барысын бағалау деп аталады 

(process evaluation). 

Өлшенетін Міндеттер тиімді бағалау үшін негіз дайындайды. Егер Сізге өз 

жобаңызды бағалауда қандай өлшемдерді пайдалану жақсы болатындығын 

анықтау қиын болса, «Мақсаттар мен міндеттерді» қайта қарап шығыңыз. 

Бәлкім, олардың нақтылығы жеткіліксіз шығар.

Субъективті және объективті бағалау

Жобаларды бағалаудың көптеген жоспарлары өз мәні жөнінен субъек-

тивті. Субъективті бағалаулар әдетте бізге адамдардың бағдарламалар жөнін-

де не ойлайтынын, бірақ оның жұмысының нақты нәтижелерін сирек баға-

лайтынын көрсетеді. Мәселен, білім беру бағдарламасын бағалау оған мектеп 

оқушыларының, оқытушылардың, ата-аналардың және әкімшіліктің көзқара-

сын анықтайтын болады, бірақ бағдарламадан өткен оқушылардың оқуының 

сезілетіндей жақсаруын сипаттамайды. Субъективтілік көбіне нәтижелерді 

бағалауға әсер етеді. Ол егер сіз өзіңізді әрі қарай қаржыландыру көрінетін 

тәуір нәтижелерге байланысты екенін сезіп, өз жұмысыңыздың нәтижелерін 

өзіңіз бағалағанда ғана айрықша байқалады. 


81

Аса шынайы, тіптен кейде аса кәсіби бағалауға жету тәсілдерінің бірі  -  

қандай да бір бөгде ұйымға өзіңіз үшін бағалап беруді өтіну. Кейде, осындай 

ұйым демеушіге сіздің өтініміңіздің бір бөлігі ретінде ұсынылатын бағалау 

жоспарын ұсына алады. Бұл шынайы бағалауды қамтамасыз етіп қана қой-

май, сізге деген сенімділік деңгейін жоғарлатады.  

Өтінімге бағалау жоспарын кіріктіру және жобаны басталғаннан бері ба-

ғалауға кірісуге дайындалу маңызды. Жобаны аяқталу жақындаған кезде 

бағалай бастау қиын, себебі сол сәтте жоба барысы туралы бірқатар құнды 

деректер бос жіберіліп қоюы мүмкін. 



Жобаның аяқталуына қарай қаржыландыру және жобаның 

орнықтылығы

Бір де бір донор сізді асырап алғысы келмейді. Қорлар әдетте сіздің 

 

грантты беру кезеңінің аяқталуына қарай қаражатты қайдан алатыныңызды 



білгісі келеді. Егер сізге қандай да бір жаңа бағдарламаны ұйымдастыру не-

месе бар ұйымды қайта құру үшін ақша қажет болса, онда сіз ақша таусылған 

соң не істейсіз?

Сіздің жаңа донор іздеуге талпынатыныңызды айтып, сендіргеніңіз 

жеткіліксіз. Сіз грант беру мерзімі аяқтауына қарай өзіңізде қаражаттың 

жеткілікті болатынына мүмкін болғанша демеушінің  көзін жеткізетін жос-

парды ұсынуыңыз тиіс. Шынтуайтында, егер сіз қазірден қаражаттан қысыл-

саңыз, онда бағдарламаңыз  іске қосылғанда не істейсіз? Бәлкім, егер келесі 

жылы сізге қазіргіге қарағанда көбірек сома сұрау қажет  болса, онда қазіргі 

қаржыландыру сізге пайда әкелмеген болуы мүмкін.

Бәлкім, осы сәтте сіз өз кәсіпорныңыздың таяудағы 2-3 жылда елеулі та-

быс  әкелуінің екіталай екенін түсінетін боларсыз. Осы сәтте тіптен бағдарла-

мамен айналысуға кірісудің қажеттігін ойланыңыз.

Жобаның аяқталуына қарай қаржыландырудың ықтимал көздері қандай? 

Егер сіздің жобаңыз табысты болып шықса, қаржыландыруды жалғастыруға 

дайын тұрған жергілікті жекеменшік не мемлекеттік мекемелер табыла ма? 

Сіз мұндай даярлық туралы жазбаша растау ала аласыз ба? Жобаның өзі мә-

селен, жоба шеңберінде ұсынылатын қызметтердің ақысы, клиенттерді ақ-

паратпен қамту және т.т. есебінен қажетті қаражатты бере ала ма? Әлдекім  

клиенттеріңіз үшін сіздің атқаратын қызметіңізге ақы төлеуге дайын ба? Сіз 

грантсыз қаржыландыру көздерін іздеумен шұғылдануға кірісесіз бе? Бола-

шақтағы Қаржыландырудың үздік жоспары – донордың әрі қарай қолдауын 

қажет етпейтін жоспар.


82

Бір реттік сатып алулар

Бұл сіздің бүкіл жоба мерзімі бойына тек бір мәрте жасайтын сатып алуы-

ңыз. Мұнда мәселен, клиенттерді тасу үшін  автокөлік сатып алу немесе  ауру-

ханаға медициналық жабдықты сатып алу кіреді. Бұл жағдайда, сіздің сатып 

алуды тиісінше пайдалануға қаражатыңыздың жететін-жетпейтінін ескерген 

жөн. Автокөлік, атап айтқанда, жүргізушіні, жанар майды, күтімді және жөн-

деуді  қажет етеді. Сол тәрізді, құрал-жабдықты білікті мамандар пайдалануы 

тиіс. Демеуші сіздің оған қаражатыңыздың жеткілікті екенін білгісі келеді.  

Ол бір жылдар бойы тұрақта қарап тұрған микроавтобусты сатып алғысы кел-

мейтіні сөзсіз.



Бюджет

Әр қор бюджетті әзірлеуге әртүрлі талаптарды ұсынады. Көбінесе грант 

берушілер өзінің бюджет формасын ұсынады. Бірақ кейде, бюджетті өз қа-

лауыңмен әзірлеуді ұсынады. Біз сізге бюджетті әзірлеудің жалпы үлгісі бола 

алатын  және жоба бюджетінде болуы тиіс негізгі бөлімдерді көрсететін әм-

бебап нысанды береміз. 

Біз ұсынатын бюджеттің үлгісі мынадай бөлімдерден тұрады:

1.  Еңбекке ақы төлеу;

2.  Жоба жөніндегі қызмет;

3.  Құрал-жабдық және жиһаз;

4.  Кеңсені ұстау шығындары.

Бюджетті жоспарлай отырып, лайықты жоспар әзірлеу үшін «Мақсаттар 

мен міндеттер» және  «Әдістер» бөліміне үңілген пайдалы. Мәселен, өзінің 

орындалуы үшін ақы төленетін қызметкерлерді қажет етпейтін бағдарлама 

тұрақты штаты бар бағдарламадан арзанырақ болады. Кез келген бюджет 

«Мақсаттар мен міндеттерге» және сіз ұсынатын әдістемеге сүйенуі тиіс. 

Сіздің бағдарламаңыздың аясында қажетті лауазымдар, қолданылатын жаб-

дықтар, талап етілетін керек-жарақтар, көлік шығындары мен басқаларды  

тізімін әзірлеуді бастаңыз (Бюджет үлгісін қараңыз). Мұны ескерген жөн

әйтпесе бюджет пен жоба сай келмеуі мүмкін.



Біз бюджетті осылайша әзірлеуді ұсынамыз:

1. Штатты қызметкерлердің жалақысы

Бұл бөлімге толық ставкада  немесе жарты ставкада жұмыс істейтін бар-

лық жұмысшыларды жазыңыз. Біз сізге ақпаратты мына пішінде енгізуді ұсы-

намыз:


83

Шығындар 

баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

Бұл дайын бюджетте қалай көрінеді? Егер Сіз, ставкаға (25 %) жұмыс іс-

тейтін, оклады айына 100 000  теңге болатын жоба Координаторын грантты 

ұсынудың бүкіл кезеңіне (12 айға) жұмысқа қабылдасаңыз және қордан 

оның жұмысын толық төлеуін өтінсеңіз  (amount requested), онда бұл былай-

ша көрінетін болады:



Шығындар 

баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

1.

Еңбек ақы  (ОПВ 



қоса алғанда)

1.1.


Үйлестіруші: 

100 000*12 ай.*25%

300 000

0

0



300 000

1.2.


Бухгалтер: 

100 000*12 ай.*30%

0

360 000


0

360 000


Осылайша сіз жобадағы барлық лауазымдарға арнап тізім әзірлей ала-

сыз. Жалақының мөлшерін қалай анықтауға болады? Донорлардың көбісі 

сіздің ұйымыңызға ұқсас басқалардағымен салыстырмалы болғанын қалай-

ды.  Бюджетті нақтылай отырып, өз жұмысыңызбен ұқсас жұмыс істейтін өзге 

ұйымдардағы еңбек ақының деңгейіне ден қойыңыз. Сол ұйымдар қызмет-

керлерінің қызмет түрінің және біліктілік талаптары мен міндеттерінің си-

паттамасын өз талаптарыңызбен салыстырыңыз. Жергілікті өзін-өзі басқару 

органдарына, министрліктер бөлімдеріне және ведомстволарға, компания-

ларға және фирмаларға  жүгініңіз. Өз салаңыздағы окладтардың үлгі тізімін 

әзірлеңіз, оны кез келген жағдайға өзіңізде сақтаңыз. 

Осы бөлімге кіретін тағы бір маңызды санат, ол не сіздің жеке, не басқа 

көздерден алынған (мысалы, қызметкерлердің немесе студенттердің келісім-

шарт бойынша сізге  ұсынатын жобаның тағы бір қатысушысынан) өзіңізге 

қолжетімді қаражат. Бұл қаражаттар «Жеке салым» бағанасында көрсетілуі 

керек. Бұған көбінесе ерікті негізде ұсынылатын қаражаттар мен қызметтер 

кіреді.  Қандай да бір жұмысшының ерікті негізде жұмыс істеуі мүмкін.  Бұл 

жағдайда сіз «Жеке салым» бағанасында атқаратын міндеттеріне сүйене оты-

рып,  оның еңбегіне ақы төлеу үшін жеткілікті соманы көрсетесіз. Жоғарыда-

ғы «Бухгалтердегі» мысалдағыдай.

Мемлекеттік қорлар кейде грантты алушының жобаның бір бөлігін өз қа-

ражатынан төлеуін талап етеді (мысалы, 10% немесе 25% ). Сіз жарнаңызды 

ақшалай немесе өз ресурстарыңызбен жасай аласыз. Егер де сіз қызмет-

кердің жұмысына ақы төлесеңіз - ол ақшалай жарна, егер де волонтерлар 

жұмыс жасаса, онда өз ресурстарыңызды пайдалану. 



84

Егер де сіз еріктілердің жұмысын пайдалансаңыз, онда сіз оны төленетін-

дей құжаттауға міндеттісіз. Барлық істелген жұмыс туралы егжей-тегжейлі 

жазбалар жүргізіңіз. Мемлекеттік қорлар сіздің құжаттамаңыздың ревизия-

сын ұйымдастыра алады. Ревизия кезінде істелген жұмыстың бір бөлігі есеп-

телмеген жағдайға Сіз үнемі есепке қажеттіден 5-10% артық жазуға тырысы-

ңыз. 

Сіздің ресурстарыңыздың есебінен енгізілетін толық сома мен үлесті көр-



сетудің қажеті не? Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен, қорлар сіздің өзіңіз 

материалдық салымыңызды енгізетініңізді білуі маңызды. Бұл оларға қар-

жыландырудың аяқталуына қарай сіздің одан арғы жұмыс үшін қандай да бір 

ресурстарыңыздың болуын бағалауға көмектеседі. Одан бөлек, ол  сіздің жо-

баңыздың есебінен қамтамасыз етілетін қызметтердің толық құнын бағалау-

ға мүмкіндік береді. Мұны, егер жергілікті ресурстардың мүлдем қатысуын-

сыз басқа жерде ұқсас жоба ұйымдастырылған жағдайда білген маңызды. 

Сіздің ресурстарыңыз (еріктілер, қызметкерлер, үй-жай, құрал-жабдық және 

т.б.) грант берушіге өз жобаңызға жұмсалатын шығындарды азайтуға және 

ақшаны басқа жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді.



2. Кеңес беруші және келісім-шарттық қызметтер

Бұл бюджеттің бірінші бөлімінің екінші және соңғы бөлігі. Мұнда сіз 

ақы төленетін кеңесшілер мен ерікті кеңесшілерді қосасыз. Сіз осы бөлімге 

және бірінші бөлімге нені қосатыныңызды таңдай аласыз. Егер, мысалы, 

 

тренингті әкімшілендіру қызметі (залды дайындау, қатысушыларды жинау, 



үлестірілетін материалдарды басып шығару және т.б.) сізге өз волонтерыңыз  

тегін көрсетсе, оларды осында қосқан абзал  болады.  Технологияларды, 

бағдарламалық жасақтаманы және жабдықтарды игеруге көмек көрсетуге 

байланысты қысқа мерзімді қызметтер де осыған лайық болып келеді. Осы 

бөлімге нені енгізу керектігін таңдай отырып, қисынды болыңыз (мысалды 

қараңыз)


.

Шығындар баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  

үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

2.

Тартылған мамандарға ақы  



төлеу

2.1


Жаттықтырушыға ақы төлеу 

(Ахметов А. А.)

 «ҮЕҰ басқару негіздері» 

тренингін өткізгені үшін

5 сағат*1 300 теңге*3 тренинг

19 500


0

0

19 500



2.2

Тренингті әкімшілендіру  (Ива-

нова И. И.)

5 сағат*1 300 теңге*3 тренинг

0

0

19 500



19 500

85

Бұл бапқа кеңес берушілерге арналған тәуліктік және көлік шығындары 

кірмейтінін ескеріңіз (төменге қараңыз).

3. Жоба ж ніндегі қызмет

Бюджеттің бұл бөлімінде жоба шеңберінде өткізілетін барлық іс-шаралар 

мен сонымен байланысты барлық шығындар кезегімен көрсетіледі.  Барлық 

уақ-түйектерді көрсеткен абзал, себебі егер олар бюджетте ескерілмесе, 

ұйымның бұл шығындарды өзі көтеруіне тура келеді Бұл бөлім жоба шара-

ларымен қисынды байланыста болуы керек. Бұған сапарлармен байланыс-

ты барлық шығындарды қосыңыз. Әр тармақты егжей-тегжейлі сипаттаңыз, 

демеушіде сұрақтар туындатпас үшін  тиісті түсініктемесіз үлкен сомаларды 

бірден жазбаңыз. Бұған жобаны орындаушылардың жүріп-тұруына, тәуліктік 

(өз ұйымыңыздағы немесе ауданда қолданылып жүрген жұмыс нормаларына 

сай  әр күн есебінен), алаңдағы жұмыс орынына жүріп баруды, жүктерді тасы-

малдауды, көліктерді жалға алу шығындарын қосыңыз. Нақты жерге қандай 

тәуліктік шығындардың қолайлы екенін нақтылаңыз. Алматыдағы «Rixos» қо-

нақ үйінде тұру сізге Қостанайдағы «Целинная» қалалық қонақ үйде тұрудан 

әлдеқайда қымбатқа түседі. Сондай-ақ, бұл бөлімде барлық шығындық ма-

териалдар, кеңсе тауарлары, құрал-жабдықтарды жалға алу, материалдарды 

басып шығару,  жоба шараларын өткізу үшін үй-жайларды жалға алу, қатысу-

шылардың түскі астары және т.б. көрсетіледі.



Шығындар баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  

үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

3.

Жоба жөніндегі қызметі



3.1.

Атауы: «ҮЕҰ басқару негіз-

дері»  тренингін өткізу

3.1.1


Қатысушылардың кеңсе 

тауарлары

15 комплект *400*3 тренинг

18 000


0

0

18 000



3.1.2

Үй-жайды жалға алу

4000 сағат*5 сағат *3 

тренинг


60 000

60 000


3.1.3

Кофе брейк 15 адам *350*3 

тренинг

15 750


0

0

15 750



3.1.4

А-4 1қағазының орамы

1 000

0

0



1 000

3.1.5


Флип чат

1 900


0

0

1 900



3.1.6

Қағаз скотчы

300

0

0



300

3.1.7


Маркерлер

500


0

0

500



86

Шығындар баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  

үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

3.2


Атауы: ҮЕҰ мен бастамашы 

топ өкілдерге кеңес беру

3.2.1

Кеңес беруді тіркеу жур-



налы

1 000


0

0

1 000



3.3

Атауы: Ақпараттық-білім 

беру материалдардын әзір-

леу және үлестіру

3.3.1

ИОМ басып шығару  1 000 



дана *250

250 000


0

0

250 000



4. Құрал-жабдық

ДБұл бөлім жобаны іске асыруға қажет құрал-жабдықты есепке ала оты-

рып, толтырылады. Ол ұйымдық техника (компьютерлер, ноутбуктер, прин-

терлер және т.б.); жиһаз (үстелдер, орындықтар, сөрелер); көлік құралдары 

(автокөлік) болуы мүмкін. Бірақ, бұл бөлімді толтырмастан бұрын донордың 

құрал-жабдықты қаржыландыру  талабымен танысқан жөн (егер ондай бол-

са). Құрал-жабдықтың құны жоба құнының 10 немесе 15% аспайтын болуы 

тиіс. Сонымен қатар, құрал-жабдықтың қай бір түрлерін сатып алу үшін 

ерекше талаптар бар. Демеушіде (оларға фотоаппаратты не үшін алу керек?) 

сұрақтар туындатуы ықтимал бапты қоса отырып, бюджеттің түсініктемесін 

жазу керек.

Шығындар баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  

үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

4.

Жабдық/жиһаз



4.1.

Фотоаппарат*

35 000

0

0



35 000

4.2.


Ноутбук

0

100 000



0

100 000


*фотоаппарат өткізілген шаралар туралы есеп әзірлеу, сондай-ақ ныса-

налы топқа және басқа да мүдделі тұлғаларға жоба жұмысы туралы айтып 

беретін жоба жұмысы туралы фототаныстырылым әзірлеу үшін қажет.

5. Кеңсені ұстау шығындары

Бұл бөлімде жалақы төлемдерінен басқа, ұйым тартатын  барлық әкімшілік 

шығындар есептеледі.  Мұнда  кеңсе үшін үй-жай жалдауды, телефонға, ин-

тернетке, кеңсе үшін кеңсе тауарларына, 1С бухгалтерлік бағдарламаға қыз-

мет көрсетуге және бағдарламалық қызметке тікелей жатпайтын, бірақ оны 

қамтамасыз ететін шығындарға ақы төлеуді қосу қажет.



87

Шығындар баптары

Донордың 

үлесі

Жеке  

үлес

Басқалардың 

үлесі

Барлығы

5.

Кеңсені ұстау шығындары



5.1.

Кеңсені жалға алу

60 000 теңге *12 ай

420 000


0

300 000


720 000

5.2.


Интернетке ақы  төлеу

4 000 теңге*12 ай

48 000

0

0



48 000

5.3.


Кеңсе тауарлары

5 000 теңге*12 ай

60 000

0

0



60 000

5.4.


Картридждерді толтыру

2 000 теңге *4 рет

8 000

0

0



8 000

Ескерту:  Келтірілген сандар тек мысал болып табылады және Қазақс-

танда жобаны іске асыру кезіндегі шығындардың болжалды деңгейін көрсе-

теді (2010 жылдың ортасына қарайғы жағдай бойынша). Олар бюджетті жазу 

кезінде үлгі бола алмайды.



88

Қосымша

Жекеменшік қорларға өтінімге тіркелген қосымша қысқа болуы тиіс. Ре-

цензентіңіздің сіздің өтінімге тіркеуді қажет деп тапқан қосымша материал-

дардың көптеген парақтарын қызығушылықпен қарап шығады деп сену аң-

ғырттық болар еді. Алайда, кейбір қорларға өтінімнің қосымшасы өтінімнің 

өзінен де ұзағырақ болуы мүмкін. Қосымшада әдетте жоба үшін жеткілікті 

маңызды әрі пайдалы, бірақ оның өзін өтінімге салуға аса егжей-тегжейлі 

немесе абажадай болатын материалды орналастырылады. Әркез өзіңізге «Ре-

цензент өтнімді оқыған кезде қызметкерлер лауазымдарының сипаттамасын 

оқығанын немесе егжей-тегжейлі кестеге зер салғанын шынымен қалай-

мын ба?» деген сауал қой. Егер «иә» деп жауап берсең, өтінімге бір тармақ 

енгізіңіз. Егер «жоқ» десеңіз қосымшаға арналған материалды қалдырып, 

мәтінде сілтеме беріңіз. 

Әдетте, қорлар қоымшада нені көргісі келетінін өздері көрсетеді. Көбіне 

әр қордың мұндай талаптары ұқсас келеді. Сондықтан жобаның жоспарлау-

шылары мен авторларының қол астында үнемі өтінім жазған кезде қажет бо-

латын құжаттардың стандартты жинағы болғаны пайдалы. Көптеген жағдай-

да мынадай құжаттар талап етіледі:



1.  Қаржылық аудиторлық есеп. Көптеген шағын ұйымдар-

да есептілік нысаны оңайлатылуы мүмкін, есептер әркез 

аудиторлық есеп бола бермейді. Бұл жағдайларда сіздің де-

меушіңізді аудиторлық есеп қанағаттандыратынын білген 

маңызды. Өзіңізді қызықтырған қорға хабарласып, оның 

өкілінен осы мәселені реттейтін қордың қағидаларын нақ-

тылаңыз.

2. Салық 

инспекциясынан 

хат. Сіздің белгілі бір салық жеңілдік-

теріңіз болуы ықтимал. Олар салық инспекциясынан хатпен 

расталуы тиіс. Бұл хатта ұйымыңыздың сол немесе басқа 

салықтарды төлеуден босатылу себептері, өзге де жеңілдік-

тер және т.б. көрсетіледі.

3.  Пайда таппайтын ұйымның мәртебесін бекіту. Кейде қа-

жет, бірақ көбіне алдыңғы нысанның өзі жеткілікті, өйткені 

онда ұйымның мәртебесі көрсетіледі.

4. Жұмысты 

ұйымдастыру 

схемасы. Бұл тағы да бір пайдалы 

тармақ. Ол ұйымдағы бағыныстылықтың ортақ схемасын 

және жобаның қалай жұмыс істейтінін қамтиды. 

5. Ұйымның 

бюджеті. Кейбір қорлар ұйымыңыздың ағымдағы 

немесе келешек қаржы жылына арналған бюджетін сұрата-

ды. Бұл бюджет жобаның өз бюджетінен айырмашылығы бо-

89

латынын, рецензенттерге жалпы көріністің жете түсінуге 

септігін тигізеді.

6. Жоба кестесі. Көп жағдайларда талап етіледі. Әртүрлі 

пішіндерде берілуі мүмкін.

7. Қолдау 

хаттар. Мұнда өз жобаңызды мақұлдайтын мемле-

кеттік мекемелер мен жеке тұлғалардың хаттарын енгізіңіз. 

Көбіне, мұндай хаттар ұйымыңыздың басшысына (директор-

ға, меңгерушіге және т.б.) бағытталуы тиіс. Бұл хаттар-

ды жолда жоғалып кетпейтіндей етіп, өтініммен бірге бір 

пакетпен жіберіңіз. Авторларға хатты әзірлеуге көмектесу 

үшін мұндай хаттардың үлгісін күнібұрын әзірлеген пайда-

лы. Бұл жағдайда ұшып жүрген құстарды азықтандырумен 

шұғылдануға кірісетін сіздің «үйсіз-күйсіз шетелдік иммиг-

ранттар босқындарға баспана беру» жөніндегі қызметіңізді 

қызу қолдайтын хатты алып тұрып, жағымсыз жағдайларды 

болдырмайсыз. Мәнін бұрмаламау үшін үлгіні жазылған күйде 

берген абзал. «Мен, әйелмін, алты баланың анасымын, көп 

балалы отбасыларға көмектесетін пәлен жоба бізге шұғыл 

қажет екенін мәлімдейміз және оны тез арада қаржыланды-

руды талап етеміз» түріндегі жеке адамдардың хаттарынан 

бойды аулақ салу қажет. 

8. Қызметкерлердің 

түйіндемесі. Бағдарламаның барлық қыз-

меткерлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер енгізіңіз, 

олардың бірыңғай пішімде болғаны абзал. Қызметкерлер құ-

рамының түйіндемеларі ғылыми қызметкерлер туралы мәлі-

меттерді (3 беттен астам) қоспағанда 2-3 беттен аспауы 

тиіс.

Өтінімдерді бағалау  лшемдері

ВБұл бөлімде біз қорлар әдетте өтінімдерді рецензиялау кезінде пайда-

ланатын өлшемдердің тізімін келтіреміз. Біз бағалау өлшемдерін білу сізге 

өтінімдер әзірлеуге көмегін тигізеді деген үміттеміз. Барлық өлшемдердің 

сақталуы міндет емес, бірақ оларды білген абзал.

Рецензент өтінімді әр тармағы не болмаса рецензияланатын өтінімде осы 

тармақтың болуы/болмауы (иә/жоқ) негізінде, не болмаса кей жағдайда бес 

баллдық шкала бойынша бағалай алады.



Өтінімнің түйіндемесі: өтінімнің анық әрі қысқа сипаттамасы беріледі.

1.  Өтінімнің басында болады;

2.  өтінім берушінің кім екені көрсетіледі;


90

3.  өтінім берушінің сенімділігі туралы кем дегенде бір ұсыныс енгізі-

леді;  

4.  проблема туралы кем дегенде бір ұсыныс енгізіледі;  



5.  жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы кем дегенде бір ұсыныс 

енгізіледі;  

6.  әдістер туралы кем дегенде бір ұсыныс енгізіледі;

7.  жобаның құны, өтінім берушінің қолында бар сома мен қажет етілген 

сома көрсетіледі;

8. қысқаша;

9. түсінікті;

10. қызықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет