Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігі туралы ережелер Негізгі ережелер



бет1/4
Дата27.02.2023
өлшемі15,7 Kb.
#70407
  1   2   3   4

Бастауыш сынып мұғалімдерінің мектептік әдістемелік бірлестігі туралы ережелер
1.Негізгі ережелер:
1.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі-оқу-тәрбие үрдісін басқарудың мектепішілік жүйесінің құрылымдық бөлімшесі.
1.2.Әдістемелік бірлестік мүшелері-бастауыш сынып мұғалімдері
1.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіаталған оқу мекемесінің басқада пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігімен, қаладағы басқа да мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас жасайды.
2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің міндеттері:

2.1.Бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру:


Нормативтік құжаттармен танысу; заманауи педагогикалық технологияларды
игеру;оқу пәндерінің оқытылу әдістемесін жетілдіру; педагогиканың және жеке
тұлғаның психологиялық аспектілерін зерделеу;

2.2.Оқушыларды әлеуметтендіру мен білім берудің бірегей негіздегі әдістемелердің


орындалуын қамтамасыз ету; әрбір білім баспалдағына өтудегі сабақтастықты есепке
алу-мектепалды дайындықтан-орта буынға дейін.Білім беру мазмұнының деңгейі мен
оқыту әдістемесі мен жас ерекшеліктеріне сай алынған технологияларды қолдана
отырып, оқыту мен тәрбиелеудің бірегей қағидалары сақталған кезде сабақтастық
қамтамасыз етіледі.
2.3.Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтық және сабақтан тыс жұмыс түрлерін әртүрлі
формаларын (топтық, жеке, өздік, жұптық) игерулері;

2.4. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыруын, өткізуін


және педагогикалық сараптама жасауын үйлестіру;

2.5.Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және


практикада қолдану;
2.6.Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысы жүйесінің дамуына және
тұрақтануына жәрдемдесу;

2.7.Аталған мектептің басқа да әдістемелік бірлестігімен өзара байланысты үйлестіру;






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет