Батыр ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады



Дата17.02.2023
өлшемі15,06 Kb.
#68853

ЭССЕ №39
Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен Аңыз” роман – диалогіндегі авторы сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.
Батыр – ерен күш иесі, еш нәрседен қорықпайтын жауға тік келетін айбарлы адам. Адамның батырлығы, батырға тән мінезі жағдаят үстінде танылады. “Ақиқат пен аңыз” роман диалогіндегі кейіпкер – Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржын Момышұлы. Әзілхан Нұршайықов туындыда аты аңызға айналдырған батырды оқырманына барынша жеткізуге тырысқан. Оны қан майдандағы батыр ретіндеғана емес, адам құндылықтары тұрғысынан да таныта білген.
Роман диалогте Бауыржан Момышұлы қара батырға тән мінезімен көрінеді. Оны автор Серебряковтың Жоғарғы Президиумға жазған хатындағы: “...ұрыс үстінде Момышұлы жаралы болды. “Енді шегінерлік жер жоқ, полкта адам аз қалды, не көрсем де бірге көремін”, - деп, ол ұрыс даласын тастап кетуден бас тартты” , - деген жолдар арқылы жеткізді. Бауыржан Момышұлының бойында жігерін қарай білетін, бірбеткейлік батырға тән мінез бар. Ол ауыр жараланса да, ұрыс даласынан кетпеді. Мұндай батырларды қазақ халқында қара батыр деп атайды. Батырға тән қасиет алып қара күш иесі және қорықпайтын жаужүрек болумен қара шектелмейді. Сонымен бірге, адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі батырға да тән. Сондай қасиеттердің бірі ретінде автор туындыда Бауыржан Момышұлын кемеңгерлігімен танытады. Автордың “... не бары жаудың екі – ақ танкін жойдым” деген сөзіне “Сен сияқты солдаттың Әрқайсысы екі танктен қирата берсе, ол осал іс пе екен!? ... сегіз фашисті өлтіріпсің ... Ал екімың отандасыңды ажалдан аман алып қалыпсың. Бұл, біле білген кісіге, аз еңбек емес, қарағым!” – деген сөзі арқылы жазушы батырдың ақылдылығын, кішіпейілдігін, кенпейілдігін көрсетті. Батыр Бауыржан: “Сенің мұның менің батырлығымның қасында түк емес” – деген сияқты менмендік танытпай, өзі сияқты емес жауынгерінің бағасыгын арттырып, құрметтей білді. Автор, тіпті, “Апырай, а! ... күні бүгінге дейін еліме мұндай еңбек сіңірдім деп ойлаумаушы едім” – деп қанаттанып қалды. Мұндай даналық батырлықпен пара – пар.
Қорытындылай келе, роман диалогтегі автор жеткізген батырдың әр сөзі, әрекеті – оқырманына үлгі. Үлгі болып қана қоймай, отан, туған жер, абырой, парыз туралы ойлануына түрткі болады.Бұл роман – диалогті қазақ қана оқып қоймай, әлемнің әрбір тіліне аударылып, жалпы адамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінде таратылуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет