«Батыр» жазғы шатырлы лагері (Ерейментау ауданында орналасқан)



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі6,24 Mb.
#7359

 

ЖАЗҒЫ ШАТЫРЛЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЬ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРМЕН 



ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

«Батыр» жазғы шатырлы лагері 

(Ерейментау ауданында орналасқан) 

 

                              Шаяхметова Галина Мичиславовна 

                             - Астана қ. «Жас саяхатшылар станциясы» ММ директордың орынбасары; 

     -­‐  Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризмі жəәне өлкетану академиясының    

     (ХБЖТжӨА)  академигі;  

   - Астана қ. ХБЖТжӨА филиалының өңірлік төрағасы;

 

         - ҚР тау туризмнің нұсқаушысы



         - Балалар мен жасөспірімдер туризмі əәдістемесі жəәне əәдіснамасы саласындағы   

           ХБЖТжӨА сарапшысы; 

         - Қазақстан ұлттық Географиясы Қоғамының мүшесі; 

         -«Батыр» туристік шатырлы лагерінің бағдарламалық-əәдістемелік қамтамассыз   

           етуді əәзірлеуші 

 

Астаны қаласының Жас саяхатшылар станциясы туралы ақпараттық анақтамасы 

Астаны  қаласы  Білім  Басқармасының  Жас  саяхатшылар  станциясы  2005  жылдан  бастап 

жұмыс істейді. 

Қазіргі  таңда  Станция  үйірмелерімен  қаланың  34  мектептерінен  700-ден  аса  оқушылар 

айналысады,  сабақ  қызметтің  21  бағыты  бойынша  қазақ  жəәне  орыс  тілдерінде  жүргізіледі: 

«Альпинизм»,  «Бардтық  өлең»,  «Су  туризмі»,  «Тау  туризмі»,  «Жаяу  жүру  туризмі», 

«Спелеотуризм»,  «Жартасқа  өрмелеу»,  «Спорттық  бағдарлау»,  «Туристік  көпсайыс»,  

«Географ-өлкетанушылар», «Жас экскурсоводтар», «Шағын туризм», «Өлкетанушы туристер», 

«Жас  археологтар»,  «Жас  туристер»,  «Жас  эколог-өлкетанушылар»,  «Жас  геологтар», 

«Мұражай  ісі»,  «Жас  турист-құтқарушылар»,  «Шығармашылық  өлкетану»,  «Велотуризм». 

Қаланың 5 мектептерінде бөлімшелер ашылған: №4, 13, 19, 25, 65. 

Жыл  сайын  1500-ге  жуық  оқушының  қатысуымен  10  көпшілік  спорттық-туристтік  іс-

шаралар  (слеттер,  чемпионаттар,  фестивальдер),  620  қатысушымен  қамтылған  2 

өлкетанушылық сайыстар жүргізіліп отырады. «Батыр» шатырлы демалыс лагерінде жыл сайын 

360-дың үстінде оқушы демалады.  

Жыл бойы Станция ұжымы Астана мектептерінде туристік-өлкетану қызметін енгізуде үлкен 

жұмыс  атқарып  келеді.  Жыл  сайын  1500оқушыны  қамтыған  10-ға  жуық  көпшілік-бұқаралық 

туристік іс-шаралар, 620 оқушыны қамтыған 2 өлкетанушылық конкурс өткізілді.   

Құрамында 30 өлкетанушы-зерттеуші қатысқан 2 этно-жорық ұйымдастырылды. Жыл бойы 

үйірме мүшелері əәртүрлі деңгейдегі 20-ға жуық жаяу жорыққа шығады. Қала мектептерінің 750 

оқушысын  қамтыған  бір  күндік  денсаулық  саяхаттары  оздырылды.    Жыл  сайын  саяхат-

жорықтармен  600-дің үстінде оқушы қамтылады.  

 

 «Батыр» шатырлы лагері 

 

Кіріспе 

 

Бүгінгі  білім  беру  жүйесі    «Қазақстан-2030»,  «Қазақстан-2050»    ұзақмерзімді 



стратегиялық  жоспарларының  басым  басым  бағыттарының  бірі.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті    жылдан-жылға  халыққа  арнаған  жолдауларында,  «Қазақстанды  əәлеуметтік 

модернизациялау:  жалпы  еңбек  қоғамына  қарай  жиырма  қадам»  т.б.еңбектерінде  білім  беруді 

жетілдіруге  қатысты  өзекті  міндеттер  жүктеп  отырады.  Сол  міндеттердің  бірі  жас  ұрпаққа 

рухани-адамгершілік  тəәрбие  беруді  көтеру,  оқыту  үрдістеріне  өлкетану  курстарын  енгізу, 

студенттік,  балалар  мен  жасөспірімдер  спорты  мен  туризмін  дамыту,  балаларды  сауықтыру, 



 

салауатты  өмір  салтын  енгізу  жəәне  насихаттау  болып  табылады.  ƏӘсіресе,  патриоттық  тəәрбие 



берудің негізі – өлкетану екендігіне ерекше екпін беріледі. 

Туристік–өлкетану қызметі осы міндеттерді шешудің бастапқы көздері, бүгінгі кезеңде 

жеке тұлғаны тəәрбиелеуде таптырмас құрал.  Тəәрбие жұмысына ата-аналарды балалармен бірге 

ұйымдасуға,  ұстаз  –  шəәкірт  –  ата  –  ана    одағының  бірлігін  нығайтуға,  ата-аналарды 

педагогикалық үрдіске тартуға мол мүмкіндік туғызады. 

Дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  туристік-өлкетану  қызметі  қосымша  білім  беру 

бағыты  ретінде  бір  мезгілде  тəәрбиелеу,  оқыту,  сауықтыру,  əәлеуметтік  бейімделу,  кəәсіптік 

бағдар алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру секілді маңызды міндеттерді шешуге қолайлы 

жағдай жасайды. 

Туристік  шатырлы    лагерь  балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастырудың  тиімді 

формаларының  бірі.  Балаларға  туған  өлкесін  танып  білуге,  халқының  бай  мəәдени  мұрасымен 

танысуға,  табиғат  аясында  таза  ауамен  демалып,  денесін  шынықтыруға,  жорық  кезінде  ерік-

жігерлерін ұштауға, ең бастысы табиғат анамен байланыса отырып өзін-өзі танып білуге жағдай  

тудырады. 

Оқушылардың  жазғы  туристік  демалысын  мазмұнды  ұйымдастыруда    Астана 

қаласының Жас саяхатшылар станциясы үлкен тəәжірибеге ие. 

Ақмола  облысының  таумағында    «Батыр»    лагері  алғашқы  15  жыл    мінез-құлқы 

өзгермелі  жасөспірімдер  үшін  қызмет  етсе,  13  жыл  бойы  романтика  мен  саяхатты  жақсы 

көретін Астана қаласы оқушылары үшін туристік лагерь қызметін атқарды, ал соңғы 7 жыл Жас 

саяхатшылар станциясының үйірме мүшелері үшін бағдарлы демалыс орнына айналды. 

 2008  ж  лагерь  Республикалық  байқау  –  конкурсында  балалар  демалысын  мазмұнды 

ұйымдастырып,  жазғы  кезеңде  сауықтыру  ісін  үлгілі  ұйымдастырғаны  үшін  1  орын  алды. 

Жемісті  жұмыстары  үшін  Астана  қаласы  əәкімдігінің,  Білім  басқармасының  грамоталарымен 

марапатталды.  

Жыл  сайын  3  маусымда  12  күн  бойы  360  қала  мектептерінің  оқушылары 

демалып,денелерін  шынықтырып,  туристік  шеберліктерін  көтереді.  Лагерь  Ерейментау 

ауданының көрікті жеріне орналасқан. Аз қамтылған жанұя балалары, қалалық балалар үйінің 

тəәрбиеленушілері, SOS балалар деревнясы жеткіншектері осы лагерьде көңілді демалады. 

Лагерьдің  алдына  қойған  негізгі  ұстанымы  балаларды  өркениеттен  қашықтатып, 

үлкендердің  көмегінсіз  өз  беттерінше  өмір  сүруге  баулу,  қиын  кезде  өздерінше  дұрыс  шешім 

қабылдай  білуге  үйрету.  Демалыс  кезінде  балалар  теледидарсыз,  электр  жарығынсыз, 

компьютерсіз,  жылусыз  тамақ  дайындайды,  от  жағады,  шатырда  ұйықтайды,  ұжым  болуға, 

бірлесіп шешім қабылдауға дағдыланады. 

Мақсаты:  оқушылардың  жазғы  шатырлы  лагерь  жағдайында    туристік-өлкетану 

құзыреттілігін қалыптастыру. 



Міндеттері:   

• 

туған  өлкені  Қазақстан  халқының  əәдет-ғұрпы  мен  дəәстүрлері,    тарихи  мəәдениеті  жəәне  



ескерткіштері айналасындағы табиғатымен танысу арқылы тəәжірибелік тану жəәне зерделеу;  

• 

туристік жəәне спорттық шеберлік деңгейін көтеру жəәне айқындау;  



• 

туристік білім, іскерлік жəәне дағдыны жетілдіру жəәне меңгеру; 

• 

туристік белгіге нормативті орындау: «Жас турист» жəәне  «Қазақстан саяхатшысы»; 



• 

оқушының  экологиялық  мəәдениетінің  негізін қалыптастыру; 

• 

тілді жан-жақты меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру үшін білім ортасын жасау; 



• 

жаз кезінде ЖСС үйірмешілерінің тəәжірибелік-бағыттағы қызметін ұйымдастыру; 

• 

туризм арқылы қазақстандық отаншылдыққа тəәрбиелеу; 



• 

туризм арқылы өзін-өзі тану дағдылары, тұлғаның əәлеуметтік-психологиялық дамуы; 

• 

табиғатта өмір сүру дағдыларының дамуы; 



• 

табиғатпен байланыс арқылы салауатты өмір салтына бейімдеу.  

 

Жас  саяхатшылар  станциясында  бекітілген,  көпшілік  іс-шаралар  күнтізбелік  жоспарына, 



оқу жоспарының тұжырымдамасына сəәйкес, бағдарлама 3 маусымға негізделген. 

I ауысым: 10 маусымнан бастап   22 маусым аралығында  -120 бала; 

 

II ауысым:  22 маусымнан бастап   4 шілде аралығынада– 120 бала; 



III ауысым: 4 шілдеден бастап  16 шілде аралығында– 120 бала; 

 

        



 «Батыр» лагерінің орналастырылған орны 

Лагерь Ақмола облысының Ерейментау ауданында, Қаратау тауының шатқалында (Алғабас 

кентінің  маңында)  «Бұйратау»  МҰТП  аумағында  Астана  қаласынан  200  км  қашықтықта 

орналасқан. 

• 

Лагерь  Қарабұлақ  жылғасы  мен  «Қабанбай»  жəәне  «Хрустальный»  екі  бастауының 



айналасындағы қалың тоғайда (биіктігі  теңіз деңгейінен 540 м) үлкен алаңында орналасқан.   

•  Бұл бірегей қорықты өлке, ескі Ерейментау тауының  

алабының бұйраттарымен жəәне жартасты шоқы мен таудың шұраты  көптеген табиғи тастың 

мүсінімен, көркем жазықтар мен бұлақты өзен жəәне мөлдір көлдермен қоршалған

.  

• 

Бұл өлкенің өсімдік əәлемі қилы-қилы:  қара қандыағаш тоғайы (Қазақстанда оның өсіп-



жетілуінің  бірден-бір  жері),  қайыңды  тоғай,  альпілік  шалғындардың    хош  иісімен    арбаушы, 

беттегелі  жартылай  жазық,  Қазақстанның  қызыл  кітабына  енгізілген,  сан-алуан  сирек 

өсімдіктер.  

• 

Осы  өлкенің  хайуанаттар  дүниесімен  кездесу  қалалық  оқушылар  үшін  айтқысыз 



қуанышқа бөлейді: ат табыны, тау арқарлары, аспанда қалықтаған тау бүркіттері,  суыр, түлкі, 

қасқыр, қоян, кірпі отарлары,  орманды мекендеген  шулы құс базары. 

• 

 Лагердің жайлы орналастырылуы туристік жорықтарға шығуға ғана мүмкіндік бермейді, 



этнографиялық  жəәне  өлкетану  қызметімен  айналасуға,  жергілікті  халықтың  əәдет-ғұрпын  жəәне 

дəәстүрін  танысуға,  өлкенің  аңызымен,  қазақтың  ұлы  ақындары  мен  батырларының  өмірімен 

танысуға мүмкіндіктер ашады.    

 

«Батыр» туристік лагерінің тіршілік əәрекетінің шарттары 

• 

Лагерь үш маусым жұмыс істейді, əәр маусымда астананың 120 дан артық оқушысы дем 



алады.  

• 

Туристер шатырлы қалашықтың аумағындағы шатырларды мекендейді, экспедиция мен 



жорық  барысында –жорық лагерінде.  

• 

Туристер  20  адамнан  отряд-байламдарда  тұрады,  екі  жетекшімен:  нұсқаушы  жəәне 



тəәрбиешімен. 

• 

Жас  туристер  асты  алауда  өздері  дайындайды  (тəәрбиешілердің  басшылығымен),  ас 



дайындау жəәне ішу үшін бұлақтың суын пайдаланады.   

• 

Олар  тəәжірибелі  тəәлімгерлердің  басшылығымен  қажетті  туристік  дағдыларға  үйренеді: 



шатырларды құруды, ас дайындауды, бөгеттерді жеңуге, табиғаттағы тəәртіпке жəәне т.б.  

• 

Жас туристер демалу, табиғатпен араласу мүмкіндігіне ие болады, таудың таза ауасымен 



дем алуға, бұлақтың мөлдір суын ішуге, өсімдіктер мен жануарлар əәлемімен танысып туристік 

жорықтарға  шығуға,  экспедицияларға  қатысуға,  өлкетану  жəәне  экологиялық  қызметті 

жүргізуге,  туристік  белгілерге  нормативтер  тапсыруға,  жазғы  лагерь  жағдайында  тілдерді 

үйренуді жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. 

 

 

Күтілетін нəәтижелер 



 

Аталмыш бағдарламаның жүзеге асырылу нəәтижесінде лагерь тəәрбиенушілері, тиісті:  

•  Оқып-білуі:  туған  өлке  тарихын,  Казахстан  халқының  рəәсімдері  мен  дəәстүрлерін, 

жергілікті    үздік  тарихи  қайраткерлердің  тіршілік  əәрекетін  (Олжабай-батыр,  Қанжығалы 

Бөгенбай, ƏӘлжанұлы Аманжол ақын), жергілікті фауна мен флора ерекшеліктерін, экологиялық 

мəәдениет негізін;  

•  Біліп-үйрену:  «Бұйратау»  ГНПП  аумақтарында  жүріс-тұрыс  ережелерін,  өртке  қарсы 

сақтық  қауіпсіздік  ережелерін,  лагерьде  жүріп-тұру  ережелерін,  турістер  заңдарын,  туристер 

табиғатты қорғау заңдарын;  


 

•    Біле алу: құбылнамамен бағдарлау, картамен жұмыс істеу, шыңға өрмелеу дағдыларын 



меңгеру,  кедергілерді  жеңу,  шыңға  шығу,  өзендерден  өту,  өтуге  қиын  жерлерден  өтіп  шығу, 

шатыр  орнату,  от  жағу,  бірінші  дəәрігерлік  көмек  көрсету,  отта  тамақ  даярлай  алу,  сүрлеу 

орнату;  

• 

  келесі  өмірлік-практикалық  міндеттерді  шешуге  қабілетті:  əәлеуметті-табиғи  ортада 



туристік өмірде үйренген дағдыларын қолдану, өз денсаулықтарын шынықтыру, озаттық жəәне 

жігерлік  қасиеттерін  тəәрбиелеу,  шыдамдылық,  еңбекқорлық,  өзара  көмектесу,  топта  жұмыс 

істей  алу,  төтенше  жағдайларда  өз-өзіне  қызмет  көрсету  жəәне    өмір  сүру  дағдыларын  жүзеге 

асыру; 


• 

Орындау:    «Қазақстан  саяхатшысы»  жəәне  «Жас  турист»  туристік  белгілер 

нормативтерін, туристік маршруттарды жүріп өту (үш күндік, дəәрежелі, категориялық).  

Жазғы  демалыс  жағдайларында  балалармен  жұмыс  істеудің  түрлі  формалары  бар, 

балалар  ерекшеліктері  мен  жас  жəәне  физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  жасалынған 

«Батыр»  шатырлы  туристік  лагерь  бағдарламасы    3  топтамалы  үлгілер  шегінде  жүзеге 

асырылады. I жəәне II топтамаларын жүзеге асыру үшін 4 күннен беріледі, III топтама 4 күнен 6 

күнге дейін қамтиды ( туристік маршруттардың мақсаттық мəәніне тəәуелді).  

Осындай қызмет нəәтижесінде əәр педагог тəәрбиеленушілер бойында бұрын байқалмаған 

жаңа бір қасиеттерді байқай алады, олардың қызығушық бағыттарын анықтайды, тұрақты жəәне 

тату  ұжым  құру  мүмкіндігіне  ие  болады,  ең  бастысы  бала  өзіне  қамқор,қиындықта  бірге 

болатын,  иығын  төсейтін,  қажет  жерінде  емін-еркін  қысылмай  көмек  алатын  дос,  жолдас 

табады, ол жігерлендіреді, алға жетелейді, қамқорлайды. Бұл бала үшін бақыт бастауы Бұның 

бəәрі  көбіне-көп  саяхат  кезінде  жиі  көрініс  табады.  Басқа  кезде  басқаша  болуы  мүмкін    (бала 

жалғыз қалады, күйзеліс, арақ, темекі т.б.) 

Мектепте  оқушы  мен  ұстаздың  қатынасы  белгілі  бір  уақытпен  шектеледі-бірдеме 

өткізу,  бірдеңені  талқылау,  баланың  бар  мүмкіндігі  ашылмай  қалады.  Ал  жорық  кезінде 

басқаша ахуал, мұғалім баланың құрбысы немесе сырласына айналады, қиындыққа бірге қарсы 

тұрады. Қиындық оларды жақындастырады.  

Туристік-өлкетану  қызметі  үстінде  балалар  өздерін    жан-жақты  танып  білетін  түрлі 

жағдайларға  душар  болады.  Мектептің  белсендісі,сынып    үздігі  жорық  кезінде  күрделі 

жағдайда тығырыққа тіреліп, бейшара жағдайға түсіп қалса, елеусіз ғана тыныш жүрген оқушы 

осы  кезде  өзін  басқа  қырынан  көрсетеді  яғни  дұрыс  шешім  қабылдап  басшылықты  өз  қолына 

алады, сөйтіп өзінің жасырынып тұрған мүмкіндігін көрсетеді. 

Жорық, саяхат кезінде ерекше көңіл аударатын маңызды фактор тұлғаның бойындағы 

өзгерістерді өз уақытында аңғаруға болады, себебі оқушы  ұстаз алдында 40-45 минут немесе 2 

сағат  əәлдебір  іс-шараның  үстінде  отырмайды,  бала  педагогтың  құзырында  бір  апта  немесе 

бірнеше  апта  болады.  Педагог  пен  оқушының  ашық  сырласуына  табиғаттың  өзі  жағдай 

жасағандай, міне осындай мүмкіндіктерді тəәжірибелі ұстаз қалт жібермесе  іс нəәтижесін береді.  

Зерттеуші ғалымдар қоғамның барлық саласы компьютерлендіріліп, ғылым мен техника 

шұғыл түрде дамыған кезде оқушылардың жүйкелерінің сыр беруі, үлгірімнің төмендеуі, мінез-

құлықтың өзгеруі сияқты жағымсыз құбылыстардың  өршіп кеткенін айтады. Мұның бəәрі таза 

ауада  аз  болғандықтан,  көп  қозғалмағандықтан,бос  уақыт  пен  демалысты  дұрыс 

ұйымдастырмағандықтан болып отыр. Мұның сыртында жастар арасында ішімдік жəәне есірткі 

заттарын тұтынушылар бар екендігі жасырын емес. 

Ұзақ оқу жылы аяқталып көптен күткен жаз мезгілі де келіп жетті. Балалар үшін əәрине 

үлкен  қуаныш,  ал  ересектер  үшін  балалардың  бос  уақытын  тиімді  өткізу  оны  ұйымдастыру 

оңай шаруа емес. Жағдайы бар ата-аналарға бұл қиыншылық əәкелмейді, ал мүмкіндігі шектеулі, 

тұрмысы  жүдеу  жанұялар  үшін    қиындық  тудырары  сөзсіз.  Міне  осы  кезде  оларға  көмек 

қолдарын  қосымша  білім  беру  педагогтары  созады.  Балаларды  жорыққа  шығарып  немесе 

оларға  далалық  лагерь  ұйымдастыра  отырып  ұстаздар  бірқатар  түйінді  мəәселелерді  шешуге 

мүмкіндік алады. Балаларды қолайсыз ортадан, қаланың шуынан алыстатады, олардың көңілді, 

мазмұнды демалысын ұйымдастырып, сауықтыру шараларын жүзеге асырады. 



 

 


 

Лагерь қызметінің циклограммасы 



 

                                                        

Лагерь  Алғабас  ауылына  жақын  Қаратаудың  шатқалында    тау  деңгейінен  540  м 

биіктікте,  алаңда  орналасқан,айналасы  сыңсыған  аққайың,  сылдырап  аққан  «Қабанбай»  жəәне 

Қарабұлақ»  тау  бұлақтары.  Балалар  шатырда  ұйықтап,  құстардың  əән  салған  дыбыстарымен 

оянады.  Жас  ерекшеліктеріне  қарай  олар  20  адамнан  топ-топқа  бөлінеді.  Жалпылай  алғанда 

балалар  ұжымы  6  отрядқа  топтасады,əәр  топтың  тəәрбиешісі,нұсқаушысы  болады,оларға 

студенттер  көмектеседі.  Лагерь  жұмысы  өзін-өзі  басқару  принципінде  жоспарланады.  ƏӘр 

адамға өз еріктеріне қарай міндеттемелер жүктеледі. ƏӘр топтың өз командирі,штурманы,асхана 

меңгерушісі,санитарлық 

нұсқаушы,жөндеуші-

шебер,редактор,жылнамашы,суретші,фотограф,эколог  т.б.  болып  маусым  басында  өз 

мамандықтары  бойынша  тренингтен  өтеді  содан  соң  басқаларды  үйретеді.  Лагерьдің  жұмысы 

педагогикалық  ынтымақтастық  пен  балалардың  өзін-өзі  басқару  принциптеріне  негізделген 

Қосымша білім беру жүйесінің мақсаты тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатты орындауда 

тұлғаның белсенділігін,шығармашылық қабілетін  қолдау,жүйеленбеген қарым-қатынас,көңілді 

демалыс ұйымдастыру көзделеді. Осы міндетті шешуде балалардың өзін басқару жүйесі үлкен 

роль  атқарады.  Қалыпты  көңіл-күй  қалыптастыруда  балалардың  өз  еріктерімен    ұнайтын 

міндеттемелерді  бөлісіп  алуыда  жетекші  роль  атқарады.  Отрядтағы  əәр  баланың  өз  міндеттері 

болады. Одан басқа саяхатшының қосымша жұмыстары болады Мыс: алау жағушы, кезекші,су 

тасушы т.б 

 

Жас саяхатшылар демалып,саяхаттап қана қоймайды жергілікті өсімдіктер, жануарлар 



əәлемімен танысады,көнекөз қариялармен кездесіп сұхбат құрады. 

Лагерь жұмысы үш модельді циклмен жүреді: 



1  цикл:  (  4күн)  Балалардың  келуі,  олардың  дала  өміріне  бейімделу  кезеңі,табиғатпен 

танысу,  саяхаттар  мен  жорыққа  əәзірлік.  1  күні  балалар  техника  қауіпсіздігі  ережелерімен 

танысады, ол туралы арнайы тіркелген журналға қолдарын қояды. 

2  цикл.  (  4күн)  ƏӘртүрлі  бағыттар  бойынша  жорықтар  мен  саяхаттар.  Олардың  жүріп 

өтер  жолдары  алдын  ала  белгіленеді.    Жорыққа  шығар  алдында  саяхатшылар  тағы  бір  мəәрте 

техника қауіпсіздігі ережелерімен танысады,тиісті тапсырмалар алады, маршруттық парақшаны 

толтырады.  Таңғы  тамақтан  соң  əәр  топ  өз  күркесінің  қасына  жиналып  сол  жерден  лагерь 

бастығының бұйрығымен саяхатқа аттанады. 

3 цикл. ( 4күн) Жорықтан оралу, есеп беру 

Саяхатшылар  жорықтан  оралғаннан  кейін  лагерь  жұмысы  əәрі  қарай  жалғаса  береді. 

Дəәстүрлі  Қарақшылар  күні,Индейстер  күні  аталып  экологиялық  десант  түсіріледі.  ƏӘр  күн 

тақырып бойынша қызыққа толы болады: əәскери-патриоттық əәндер күні,салауатты өмір салты 

күні,Астана күні,сурет салу конкурсы т.б. Кешкілік əәр топ алау жанында өз гала концерттерін 

береді. Кеш халық əәндерін орындаумен қорытындыланады. 



 

Туристік лагерьді əәдістемелік жағынан қамтамасыз етуге инновациялық көзқарас 

 

                                                       Саяхатқа шығу арқылы өзіңді          



                                                       тануға жол ашасың 

                                                             Калио Альбер           

Лагерь  жұмысы  бекітілген  тəәрбие  жоспарына  сəәйкес  жүреді.  Жоспардың  өзіне 



ерекшеліктері:  

• 

Оқушының тұлғалық қалыптасуына бағытталуы 



• 

ƏӘр оқушының жас ерекшеліктері ескеріледі 

• 

Өлкетану жұмыстарының  молынан қамтылуы 



• 

Теориялық білім мен тəәжірибенің өз ара байланысы 

• 

Жоспарды  орындауда  инновациялық  формалар  мен  технологиялық  əәдістерді 



қолдана білу 

 

• 



Тəәрбие жұмысының жоспарлы түрде іске асу мүмкіндігін есепке алу 

Лагерь  қызметінде  авторлардың  далалық  өмірге  бейімделуге  қатысты  еңбектері, 

үйірмелердің бағдарламалары қолданылады. Маусым бойы үлкендер де, кішілер де əәдістемелік 

жəәне  əәдеби  оқулықтар  оқи  алады,  туристік  радио  тыңдайды.  Балалар  өз  шығармаларын 

орындап əән айтады. 

Баланың  тұлғалық  қалыптасу  мүмкіндігін  мақсатты  жүзеге  асыру  мақсатында 

бағдарламаның  негізіне  төмендегі  өлшемдер  алынды:  танымдық,  ғылыми-зерттеу  бағдары, 

əәлеуметтену 

Жоспарға  негіз  болған  принциптер:  гуманизация,  бірізділік,  экологизация,  өңірлік, 

жүйелілік. 

Балалардың  өркениеттен  тыс  өмірінде  өткізілетін  іс-шараларды  ұйымдастырудың  ең 

тиімді формалары ретіндегі төмендегі  инновациялық əәдіс-тəәсілдер танылады: 

• 

Жорықтар 



• 

Акциялар 

• 

Саяхаттар 



• 

Пікір таластар 

• 

Дөңгелек үстел 



• 

Шығармашылық шеберхана 

• 

Шығармашылық жұмыстар конкурсы 



• 

Ғылыми жоба байқауы 

• 

Өзін-өзі басқару 



• 

Тренингтер 

• 

Кіші олимпиадалық ойындар 



• 

Жазғы экология мектебі 

• 

Үйірме  мүшелерінің кешкі алау басындағы  концерттік бағдарламалары 



• 

Тұсаукесер рəәсімі 

• 

Табиғатқа бақылау 



Ұзақ уақыт бойы лагерьдің тұрақты қатынасушылары қалалық кəәмелетке толмағандар 

мен  SOS  балалар  ауылының  жəәне  №  2  түзету-мектеп-интернатының  тəәрбиеленушілері  болып 

келді. Лагерь оларға екінші үйіне айналғандай. Себебі олар мұнда тек демалып қана қойған жоқ 

ортаны таныды, тұлға ретінде қалыптаса бастады. Жасбатырлар бұл жерде мектепте танып 



білмеген жаңа пайдалы істермен танысады. Мысалы: алау жағу, аяқ киім жөндеу, алғашқы 

дəәрігерлік  көмек  көрсету,  сонымен  бірге  шатырларды  тігу,  құлату,  жорықтың  қауіпсіз  жол 

сапарын анықтау сияқты істерге машықтанады. Саяхат оларды шынықтырады, өз ара көмекке 

келуге  үйретеді,  ұйымшылдыққа  тəәрбиелейді.  Табиғатқа  жанашырлықпен  қарап,  Ана  секілді 

аялай білуге дағдыландырады. 

Тəәрбиеленушілері өздерінің жазғы демалысын  лагерьсіз елестете алмайды.    Лагерьде 

олар  өздеріне  –өздері  қызмет  етеді,  ұйымшылдықтың,  жолдасына  көмектесудің  не  екенін  іс 

жүзінде түсінеді. 

«Батыр»  жазғы  лагерінде  жазғы  экология  мектебі  жұмыс  жасайды.  Міндеті  оқушы  

санасында экологиялық мəәдениетті орнықтыру.  «Таза бұлақ» акциясын өткізгенде тұлғаның 

жанына  əәсер  беретін  тəәрбиенің  4  түрін  қолдануға  болады:  1.  Экологиялық-жанды  табиғатпен 

бетпе-бет  келу.  2.  Эстетикалық-табиғат  туралы  əән  салу,  табиғат  аясында  суретке  түсу,  табиғи 

бұйымдар  жасау.  3.  Рухани-оқушы  бойында  табиғатқа  жанашырлықпен  қарау  сезімін 

қалыптастыру. 4. Интеллектуальды-зерттеу мақсатында топырақ құрамын алу. 

 Экологиялық  мектептің  тəәжірибесінде  жиі  кездесетінжəәне  қолданыстан  өткен  тиімді 

жұмыс формалары мынандай: 

• 

Экологиялық десант 



• 

Табиғатқа саяхат 

• 

«Жасэколог-өлкетанушы» шығармашылық шеберханасы 



• 

«Табиғатта өзін ұстай білу ережелері» педагогикалық шеберханасы. 



 

• 



«Өмірдің 7 құпиясы» жорық сабағы 

• 

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар кеші 



• 

«Таза бұлақ» экологиялық шеберханасы 

• 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі 



• 

Кешкі алау 

Лагерьдің əәр күні экологиялық десантпен басталады. Балаларға табиғат аясында өдерін 

дұрыс ұстау қажеттігін естеріне салып отырамыз. Мысалы: музыка ойнату, айқайлау, шулау т. 

б. Музыканың адам организміне қалай əәсер ететіні белгілі, ал орман «тұрғындарына» ол қалай 

əәсер етеді, оны бəәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан біздер оларға «кəәне тыныштық сақтайық, 

құстар  қалай  əән  салады,  тыңдап  көрейік»,  -  дейміз  Балалар  өздеріде  бір  мезгіл  желдің 

ызылдаған  дыбысын,  бұлақтың  сылдыраған  дауысын  тыныш  отырып  тыңдағанды  ұнатып 

жатады.  

 «Жас  эколог-өлкетанушы»  шығармашылық  шеберханасының  жұмысы    «Табиғат 

зонасы  аясында  Қазақстанның  биологиялық  ерекшеліктері»    атты  мақсатты  бағдарламасын 

жүзеге  асыруға  бағытталады.  Негізгі  мақсат  адам  жанына  қызмет  ететін  өсімдік  түрлерін 

зерттеу. 

Жұмбақ  кешін  өткізу  үшін  алдын-ала  дайындық  керек.  Кеш  барысында  педагог-

экологтың  əәдістемелік  құралда  басылған  курстық  жұмыстары  пайдаланылады.  Себебі  бұл 

кеште жұмбақтың жауабын оқушылар орыс, қазақ, тіпті ағылшын тілін де де беруі мүмкін  

Бұлақтан су алу арқылы оны болашақта пайдалануға болатынын анықтайды  

Экологиялық  хабарламада  балалар  өздерініің  бақылауларын  баяндайды,  қоршаған 

ортаға өздерінің көзқарасынын сурет, əән арқылы білдіреді. 

Экологиялық  мəәдениет  қалыптастыруда  үлкен  біліктілік  керек,  мыс:  бұлақтан  су 

ішерде  айналасын  тазалап  алу  керек,от  жағуға  жерде  жатқан  қурай  ағашты  пайдалану  қажет, 

ағашты  сындырудың  қажеті  жоқ.  Ұясынан  құлап  түскен  балапанды  қолғап  киіп  ұстау  керек, 

себебі анасы басқа иісті кейін қабылдамауы мүмкін. 

«Жалаңаяқ соқпағы»  балалар үшін өте қызықты əәрі пайдалы. Олар жермен жалаңаяқ 

жүріп салқын сумен жуынады, күні бойы табиғатпен тікелей байланысқа түседі ƏӘрине мұның 

бəәрі дəәрігердің бақылауымен жүреді. 

Маусым  бойы  лагерьде  салауатты  өмір  салты  орталығынан  дəәрігер-нарколог  жұмыс 

жасайды  əәңгіме  өткізеді,  сұрақ-жауап  кештерін  өткізеді,  балалар  сұрақтарына  жауап  береді. 

Сайыс  жеңімпаздарына  спорт  құралдарын,  вымпелдар  табыстайды.  Лагерь  маусымының 

соңына қарай туристік көпсайыстан жарыс өтеді. «Мисс Батыр» жəәне «Мистер Батыр» иелері 

анықталады.  Жарыс  кезінде  қатысушылар  уақытқа  қарай  шатыр  құрады,  алау  жағады,  су 

қайнатады, жарақат алған адамды тасыиды, аспалы көпірден өтеді, азимутты компас бойынша 

анықтайды. Тілдер тренингіне қатысып ағылшын, неміс, орыс тілдерінде ойын ойнайды, өлең 

айтады. Лагерь жұмыс жоспары үнемі жаңартылып отырады. ƏӘсіресе «Super Star – Батыр» жəәне 

«Ұлттық  салт-дəәстүр»  кештері  өте  қызықты  өтеді.  Маусым  жабыларда  балаларға  грамоталар 

тапсырылады,  сыйлықтар  табысталады.  Кеш  үстінде    «Жас  туристерге»  куəәлі  жəәне  төс  белгі 

тапсырылады. 

 «Батыр»  шатырлы  лагері  15  жыл  бойы  осылай  жұмыс  істеп  келеді,  демалыс  тегін. 

Тəәжірибелі ұстаздар, нұсқаушылар, жоғарғы оқу орнынынң студенттері балалар үшін уақытпен 

санаспастан  алдағы уақытта да еңбек етуге дайын. 

                                                                                                

 

 

 



 

 

 



 

 


 

    



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Фото-материалдар 

 

 

     

Шатыр - саяхытшылардың  мекені 

 

 

 

 

Ерейментау  табиғаты тамаша 

 

 

 


 

 



 

Кезекті саяхат                                 Олжабай батыр бейіті  жанында... 

 

   

 

 

 

Ақпараттар  алаңында                   Кезекті саяхат қорытындыланды 

 

 

 

 

 

Демалыс   сəәтіндегі   волейбол ойыны        Таза ауадағы таңғы ас қандай дəәмді 

 

 

 

10 

 

  



 

Таңертеңгілік дене шынықтыру                   Салқын су денеңді сергітеді 

 

 

 

 

Жорықтағы  алғашқы  тапсырма                        Біз жорыққа аттандық... 

 

 

 

 

 

Саяхатшылардың   бір тобы                               Саяхаттан оралу 

 

 

 

11 

 

 



 

Ұзақ жол  жорыққа  қатысушыларды  шыңдайды... 

 

 

 

 

 

 

Арғы бетке өту  оңай  емес                       Топтық  сынақ та  оңай  болмады... 

 

 

 

 

 

 

Бұлар-нағыз  қаһармандар            Саяхат маршруты тағы бір пысықталды 

 

 

 

12 

 

 



 

Төзімділік, ептілік: кезекті сын... 

 

 

 

Ептілік сынға түскен кез          Саяхатшылар соқпағы  адастырмайды 

 

 

 

 

 

Шығармашылық өнер көрмесі        Туристік экспедиция жорыққа шақырады 

 

 

 

 

 

13 

 

Кешкі алау – көңілді  демалыс 



 

 

 

 

 

Жүлдегерлерді марапаттау сəәтінен             Ұстаздар  да  жорыққа  дайын ... 

 

 

 

 

 

Жарыс  жеңімпаздарының қуанышы      Бəәрі  де –бір  жанұя   баласындай 

 

 

 

 

 

                                                                         

Саптық жиын- тəәртіп  бастауы                  Қайтатын кез – қимай  қоштасу 

 

 

 



 

 

 



 

14 

 

Қосымша 1  



     

 

«Батыр» туристік лагерінің жұмыс кестесі 

 

1 күн 

9.00.-13.00.  Саяхатшылардың лагерьге келуі 

13.00-13.30.  Топтар бойынша бөлу 

13.30-14.00.   Түскі тамақ 

14.00-17.00.  Күркелерді тұрғызу,шатыр құру,жас саяхатшыларды орналас-тыру 

17.00-17.30.  Жеңіл тамақ 

17.30-18.00. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау, лагерьде жүру ережелері-  

                      мен таныстыру. 

18.00.-19.00. Маусымның ашылуына əәзірлік  ( топ белсенділерін сайлау) 

19.00.-20.00. Кешкі тамақ 

20.00.-21.00. Кезеңнің ашылуына дайындық жұмыстары 

21.00.-21..30. Лагерь маусымының ашылуы 

21.30.-22.30.  Маусымның ашылуына арналған кешкі алау,танысулар 

22.30.-23.00.   Ұйқыға дайындық 

23.00.  -           Түнгі ұйқы 

2   күн 

8.00.-Ұйқыдан тұру 

8.00-8.30. Таңертеңгі дене шынықтыру 

8.30.-9.00.  Тазалық шаралары 

9.00.-10.00. Таңғы ас 

10.00.-10.30.  « Родник» экологиялық десанты 

10.30.-11.30.   «Туристік минимум»  бағадарламасы бойынша сабақ. 

                       « HeIp» бағдарламасы, СӨС бойынша тренингтер 

11.30.-13.00.  Пионербол бойынша жарыс 

13.00-14.00.  Түскі тамақ 

14.00-16.00.  Демалу. Жазғы лагерьдегі тіл үйрену мектебі 

16.00.-17.00. Жартасқа өрмелеу кезеңінің ашылуы,міндеттемелерді бөлісу 

17.00-17.30.  Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00. Ойын-сауық бағдарламасы 

19.00-20.00.  Кешкі тамақ 

20.00.-21.00. Жартасқа өрмелеу бойынша тренингтер 

21.30.-22.30.  Туристік əәндер кеші. « Таныс боламыз» :топтардың өздерін таныстырулары 

22.30.-23.00.  Ұйқыға əәзірлік 

23.00.  Түнгі ұйқы 

 

3 күн 

8.00.-Ұйқыдан тұру 

8.00-8.30. Таңертеңгі дене шынықтыру 

8.30.-9.00. Тазалық шаралары 

9.00.-10.00. Таңертеңгі сабақ 

10.00-10.30.  « Поляна» экологиялық десанты 

10.30.-11.30. «Туристік минимум»  бағадарламасы бойынша сабақ. 

                       « HeIp» бағдарламасы, СӨС бойынша тренингтер 

11.30.-12.30. Кіші олимпиадалық ойындардың ашылуы 

12.30.-13.00.  Жорық міндеттемелері бойынша тренингтер 

13.00.-14.00. Түскі тамақ 

14.00.-16.00.  Демалыс. Жазғы лагерьдегі тіл үйрену мектебі 

16.00.-17.00. Жорыққа дайындық,азық-түлікті өлшеп орау,құрал-жаб- 



15 

 

                       дық,саймандарды əәзірлеу. 



17.00.-17.30. Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00. Командирлер мен өлкетанушыларға тапсырмалар беру 

19.00.-20.00.  Кешкі тамақ 

20.00.-21.00.  Жорыққа дайындық жөніндегі топтардың есебі 

21.30.-22.30.  Астана күніне арналған мерекелік кеш 

22.30.-23.00.  Ұйқыға дайындық 

23.00.      -        Түнгі ұйқы 

 

4 күн 



8.00-Ұйқыдан тұру 

8.00.-8.30. Таңертеңгі дене шынықтыру 

8.30.-9.00.  Тазалық шаралары 

9.00.-10.00. Таңертеңгі тамақ 

10.00.-12.00.  Монша  ( күні бойы) 

12.00.-13.00. Кіші олмпиадалық ойындардың жалғасуы,құрал-саймандарды 

                       жөндеу 

13.00.-14.00. Түскі ас 

14.00.-16.00.  Демалыс, жазғы тіл үйрену мектебіндегі сабақ. 

16.00-17.00.  Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар конкурсы жəәне 

                       « Менің туған қалам»  тақырыбында конкурс. 

17.00.-17.30. Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00.    Жорыққа  дайындық,азық-түлікті  əәзірлеу,  құрал-сайман.  «HeIp»  бағдарламасы, 

СӨС бойынша тренингтер 

19.00.-20.00. Кешкі тамақ 

20.00.-21.30. Топтың жылнамасын толтыру, кешкі алауға дайындық,  

21.30.-22.30.Алау басындағы кеш,туристік əәзіл-қалжыңдар мен ертегілер 

22.30.-23.00. Ұйқыға дайындық 

23.00.      -      Түнгі ұйқы 

 

5  күн 



1.30  - Ұйқыдан тұру 

     7.30 -8.00.   Таңертеңгі дене шынықтыру    

     8.00-8.30.    Тазалық шаралары 

     8.30.-9.30.    Таертеңгі тамақ 

     9.30.-11.00.  Жорық алды тексеріс 

    11.00.   Топтардың жорыққа аттануы 

                           

5,6,7,8 күндер жорық, саяхаттар 

 

8 күн 

15.00.-18.00. Топтардың базалық лагерьге қайтып оралуы 

18.00.-19.00.  Күркелерді орнату,демалыс 

19.00.-20.00.  Кешкі тамақ 

20.00.-21.00. Кешкі алауға дайындық, спорттық ойындар 

21.00.-23.00.    «  Біз  алысқа  аттандық»  алау  жанында  есеп  беру  кеші.  Үйірмелердің 

бағдарламалардың орындалуы жəәне топтардың жорық кезіндегі тапсырмалары туралы есебі  

23.00.    -   Түнгі ұйқы          



 

9  күн 

8.00 - Ұйқыдан тұру    

8.00.-8.30. Таңертеңгі дене шынықтыру 



16 

 

8.30.-9.00.  Тазалық шаралары 



9.00.-10.00. Таңертеңгі тамақ 

10.00.-12.00. Жартасқа өрмелеу сабағы, « Туристік минимум» бағдарламасы бойынша тренинг 

12.00.-13.00. Кіші олимпиадалық ойындардың жалғасы 

13.00.-14.00. Түскі ас 

14.00.-16.00.  Демалыс, жазғы тіл үйрену мектебіндегі сабақ 

16.00.-17.00.  ƏӘзіл-қалжың эстафетасы 

17.00.-17.30.  Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00. Үздік туристік күрке конкурсы 

                       Үздік 

туристік 

баспасөз 

конкурсы 

 

(əәр 


топ 

өз 


газетінің 

атауын,ұранын,таңбасын,əәнін 

көрсетеді. 

Жорықтардан 

хабар 

береді, 


тілектерін 

жеткізеді,авторлық шығармаларын жариялайды) 

19.00.-20.00. Кешкі тамақ 

20.00.-21.30. Спорттық ойындар,жартасқа өрмелеуден тренингтер,кешкі алауға дайындық. 

21.30.-22.30. Ұлттық дəәстүрлер конкурсы 

22.30.-23.00.  Ұйқыға əәзірлік 

23.00.   Түнгі ұйқы 

10  күн 

8.00 - Ұйқыдан тұру « Хау, индейцтер!» 

     8.00.-8.30.   Таңертеңгі дене шынықтыру  

     8.30.-9.00.   Тазалық шаралары 

     9.00.-10.00.  Таңертеңгі тамақ 

     10.00.-10.30. Экологиялық десант 

    10.30.-13.00.   Жартасқа өрмелеуден жарыс 

    13.00.-14.00.   Түскі тамақ 

    14.00.-16.00.   Демалыс, жазғы тіл үирену мектебінің жұмысы 

    16.00.-17.00.      Тайпа  кеңесі:  тайпа  атауы,  əәні,ұраны,би  рəәсімі,Чингачкугке  сəәлемдеме,  « 

Батыр» лагерінің ұрпақтарына үндеу 

    17.00.-17.30. Жеңіл тамақ 

     17.30.-19.00.  « Жас із кесушілер» сайысы 

     19.00.-20.00.   Кешкі тамақ 

     20.00.-20.30.   « Туристік түйіндер» конкурсы 

     20.30.-21.30.  «  Осторожная  лиса»,  «  Ловкая  белка»,  «  Гибкая  змея»,    «Слепой  повар»,  

«Соколиный глаз»  тайпаларының арасындағы сайыс. 

     21.30.-22.30.   Алау жанындағы тайпа кеңесі  « Хау,Чингачкук!» 

     22.30.-23.00.   Ұйқыға дайындық 

     23.00.          Түнгі ұйқы  « Хау,индейцы» 

                                      



11  күн 

8.00 - Ұйқыдан тұру 

8.00-8.30. Таңертеңгі дене шынықтыру 

8.30.-9.00.  Тазалық шаралары 

9.00-10.00.  Таңертеңгі тамақ 

10.00.-13.00.  Саяхат.   « HeIp» бағдарламасы, СӨС бойынша тренингтер 

13.00.-14.00. Түскі ас 

14.00.-16.00.  Демалыс 

16.00.-17.00. Саяхат. « HeIp» бағдарламасы, СӨС бойынша тренингтер 

17.00.-17.30.  Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00.  Кешкі алауға дайындық 

19.00.-20.00.   Кешкі тамақ 

20.00-21.30.  Спорттық ойындар,жартасқа өрмелеуден тренинг 

21.30.-22.30. Жеңістің 65 ж арналған əәскери-патриоттық əәндер кеші 


17 

 

22.30.-23.00.  Ұйқыға дайындық 



23,00. Түнгі ұйқы 

                                                   12  күн 



8.00.   Ұйқыдан тұру 

8.00.-8.30.  Таңертеңгі дене шынықтыру 

8. 30-9.00   Тазалық шарасы 

9.00-10.00.  Таңғы тамақ 

10.00-13.00.  Туризм техникасы бойынша жарыс, туристік кедергілерден өту 

13.00-14.00. Түскі ас 

14.00.-16.00. Демалыс.  Жазғы тіл үйрену мектебі. 

16.00-17.00. Туризм техникасы бойынша жарыс, туристік кедергілерден өту 

17.00-17.30. Жеңіл тамақ 

17.30.-19.00. Маусымның жабылуына арналған салтанатты жиынға дайындық 

19.00-20.00. Кеші тамақ 

20.00-21.00. Маусымның жабылуы,салтанатты жиын,марапаттаулар,жүлделерді табыстау 

21.30.-23.00. « Вот и окончилось все,расставаться пора!» маусымның жабылуына арналған кеш. 

23.00-24.00. Мерекелік дискотека! 

24.00.  -Түнгі ұйқы 

 

13 күн 

8.00.    Ұйқыдан тұру 

8.00.-8.30. Таңертеңгілік дене шынықтыру 

8.30.-9.00.  Тазалық шаралары 

9.00.-10.00   Таңғы тамақ 

10.00.-11.00.Лагерь аймағын тазалау,құрал-сайманды тапсыру . 

11.00-13.00.  Үйге жиналу 

13.00.-14.00. Түскі тамақ 

15.00.  Үйге қайту 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет