Батырлар жыры



Дата23.02.2022
өлшемі3,78 Mb.
#26197
  • Slides.kz
  • Slides.kz

Батырлар жыры

  • Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
  • Slides.kz

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.

  • Slides.kz

Алпамыс батыр жыры

  • «Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.
  • Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа. Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп замандардан бері сақталып келген.
  • Slides.kz

Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

  • 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
  • 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
  • 3) батырға тән балалық шақ;
  • 4) алғашқы ерлік;
  • 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
  • 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
  • 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
  • Slides.kz

Батырларға тән ерліктер:

  • 1) жаудың шабуылы туралы хабар;
  • 2) жорыққа аттану;
  • 3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
  • 4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
  • 5) жеңіспен елге оралу.
  • Slides.kz

Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар:

  • Slides.kz
  • жеке рулар (тайпалар) дәуірі
  •  ноғайлы дәуірі

Зерттелуі

  • 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.
  • Slides.kz


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет