Батырмалы ортадан тепкіш элетросорапты қолданумен жабдықты таңдап алу және өндіру ұңғымаларының оптималдық технологиялық жұмысын таңдау



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі108,97 Kb.
#13117
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Мұнай газ факультеті

«Мұнай газ ісі» кафедрасы

5В070800 - «Мұнай газ ісі»

Атырау, 2020

Мазмұны

Кіріспе

1. Мұнайды өндіру технологиясы

2. Ортадан тепкіш сорғыштың электржетектері

3. Курстық жобаны жазу рәсіміне қойылатын талаптар

4. Курстық жобаның мазмұны мен құрылымы

5 Курстық жобаны безендіру ережелері

6. Графикалық құжаттарды безендіру ережелері

7. Курстық жобның мысалдық тақырыптары тақырыптары. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

«Батырмалы ортадан тепкіш элетросорапты қолданумен жабдықты таңдап алу және өндіру ұңғымаларының оптималдық технологиялық жұмысын таңдау»

КІРІСПЕ

XXI ғасырдың басында Қазақстан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мұнай өндіруші елдердің біріне айналып, ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орын алды. Батыста жарияланған мәліметтерге қарағанда, еліміздегі басты мұнай кеніштері мен оларды игеруге арналған жобаларға қатысты бүкіл шикізат қоры аз дегенде (минимум) 59 млрд. 549,8 млн. баррельді, көп дегенде (максимум) 72 млрд. 749,8 млн. баррельді құрайды екен. Басқаша айтқанда, бұл - 8 млрд.823,1 млн. тоннадан 9 млрд. 951,7 тоннаға дейін жететін мұнай қоры. Осыншама көп көмірсутекті шикізаты бар мемлекеттер әлемде тіпті де көп емес. Қазақстан-Каспий аймағындағы ең ірі мұнай қоры шоғырланған мемлекет. Сонымен қатар, еліміз бүгінгі күннің өзінде осы аймақта күніне 2,5 млн. баррель көлемінде өндірілетін бүкіл мұнайдың үштен екісін беріп жатыр. Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдер. Бұрынғы КСРО, кейiнгi ТМД ауқымында негiзiнен мұнай және газ өндiрумен шұғылданатын 4 ел бар.

Олар - Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Түрiкменстан. Бұлардың iшiнде Қазақстаннан басқа үшеуi мұнай не газ өндiруден әзiрше кеңес заманындағы көрсеткiштерiне қайтып көтерiле алмай отыр. 1992 жылдан былай қарай бұрынғы Кеңес республикаларының, кейiнгi ТМД елдерiнiң барлығында да экономикалық көрсеткiштердiң құлдырай бастағаны белгiлi. Бұл үрдiстiң мұнай-газ өндiру саласына да тiкелей әсерi болды. Мәселен, Ресейде мұнай шикiзатын өндiру көрсеткiшi 2 есеге жуық қысқарды. Сөйтiп, ол «әлемдегi нөмiрi 1 өндiрушi» атағынан айрылды. Бiрақ бұл жерде бiр нәрсенi атап айтып кеткен жөн. Бiздiң ел 1997 жылдың өзiнде-ақ өзiнiң мұнай өндiру тарихындағы ең үздiк көрсеткiштерiне жақын барды. Бұл әлгi энергиялық шикiзат шығаратын ТМД-дағы негiзгi төрт мемлекеттiң iшiндегi ең үздiк көрсеткiш. Қалған үш елдiң - Ресейдiң, Әзербайжанның, Түрiкменстанның - ауылы бұндай жетiстiктен ол кезде алыста болған. Қазақстанның көрсеткiшi айналасы үш жылдың iшiнде, яғни 1994 жылдан 1997 жылға дейiн 20,2 млн. тоннадан 25,7 млн. тоннаға дейiн өстi. Таза өсiм - 5 млн. тонна. Келесi 1998 жылы мұнайдың әлемдiк бағасының күрт түсiп кетуiне байланысты осы шикiзатты өндiру көрсеткiшiн әрi қарай өсiрудiң қисыны болмады. Ал 1999 жылдың көктемiнен бастап әлгi баға бiрнеше жыл құлдыраудан кейiн қайта өсе бастады.

Демек, мұнайды халықаралық пиясаға шығару жолдары тарапынан жаңа кесел пайда болмаса, Қазақстанның жуық арада мұнай өндiру жағынан жыл сайын бiр рекордтан екiншi рекордқа қол жеткiзе беруi мүмкiн. Бiрiншi рекорд сол 1999 жыл болды.

Онда Қазақстанның өнiмi бұрын-соңды болып көрмеген 30 млн. тоннаға дейiн жеттi. 2000 жылғы көрсеткiш 35 млн. болса, 2001 жылы - 40 млн. тоннаға, 2002 жылы - 47 млн. тоннаға, 2003 жылы - 54 млн. тоннаға, 2004 жылы 60 млн. тоннаға жеттi. 2010-2013 жылдар барысында орташа көрсеткiш 75 млн. тоннадан асып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет