Батыс ғұн тобындағы тілдердің құрылымдық ерекшелігі



Дата04.09.2022
өлшемі1,06 Mb.
#38417

Қабылдаған:Ахметова Кульжамиля Таскуловна
Орындаған: Токтамурат Ақниет
Ылғалдылық өлшейтін құралдар
Ауа ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы мен климаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі. Ауаның ылғалдылығы бірнеше өлшеммен сипатталады:
• Абсолют ылғалдылығы • Салыстырмалы ылғалдылығы, • Су буының серпінділігі (миллибар немесе сынап бағанасындағы мм-мен өлшенетін су буының қысымы), • Шық нүктесі, • Меншікті ылғалдылық, • Қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.
Құралдар
• Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал ретінде гигрометр (гигрос-грекше «ылғалдылық») және психрометр (психриа«суық» грек сөзінен) қолданылады.
Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі адам шашының (жылқы жалының) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген.
Конденсациялық гигрометр
1-метал қорапша, 2-өңделген қабырға, 3-өңделген сақина, 4-жылуөткізбейтін қабат, 5-резеңке допша, 6-термометр.
Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген. Эфир толтырылған ыдысқа ауаны айдап кіргізіп, эфирдің булануына қол жеткізіледі. Сонда ыдыс салқындайды да, оның өңделген сыртқы металл бетінде ауаның құрамындағы су буы конденсацияланады. Сосын формула бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығы есептеледі.
Психрометр құрғақ (1) және ылғал термометр (2) бекітілген корпустан тұрады. Термометрлердің көрсетуінің айырмасы арқылы психрометрлік кесте (3) арқылы ауаның ылғалдылығы табылады.
Психрометр (көне грекше: ψυχρός — суық) — екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап. Термометрдің біреуі су ылғалына қаныққан шүберекпен оралған болады. Ылғадылық екі көрсеткіштің айырымы бойынша анықталады.
Психрометр — ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет