Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата05.05.2023
өлшемі1.93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.
Михайлова Л.А. Удобрение и диагностика минерального питания плодово-ягодных культур
адамдардың айтып жүрген ұғымындағыдай «тарих», болмайды, және 
дәл осының өзі менің оның мағынасы жоқ деген тұжырымымның 
себептерінің бірі болып отыр. 
Көптеген адамдар «тарих» терминін қалай пайдаланып жүр? Бұл – 
Еуропа тарихы деп емес, Еуропа тарихы бойынша кітап туралы 
айтқандағы «тарих» термині түсінігі. Адамдар осы тарих түсінігімен 
мектепте де және университетте де танысады. Олар тарих туралы 
кітаптарды оқиды, олар «дүние жүзі тарихы» немесе «адамзат тарихы» 
атты кітаптардың не туралы екенін біледі, және тарихқа азды, көпті 
анықталған деректер легі ретінде қарауға дағдыланады, сондай-ақ осы 
деректер адамзат тарихын құрайтынына сенеді.
Бірақ та біз, деректер саласының шексіз бай екенін көреміз, 
сондай-ақ мұнда іріктеу қажет болады. Біздің, өзіміздің қызығушылы-
ғымызға сәйкес, біз, мысалы өнердің, тілдің, тамақ ішудің әдет-
ғұрыптарының тарихын, немесе тіпті бөртпе сүзектің тарихын жаза алар 
да едік. Әрине, осындай тарихтың, бәрін қосқандағы ең болмаса біреуі 
де, адамзат тарихы бола алмайтыны анық. Сондықтан да адамдар 
адамзат тарихы туралы айтқанда, Египеттің, Вавилонның, Парсының, 
Македонның және Рим империясының т.б. тарихын, – тіпті біздің 
кезімізге дейінгі тарих туралы айтады. Басқаша айтқанда, олар адамзат 
тарихы туралы айтады, бірақ та шындығында олардың негізгі айтқысы 
келетіні, және мектепте де оқитыны, саяси билік тарихы болып 
табылады [17]. 
К. Поппер айтқандай, адамзаттың бірегей тарихы жоқ, тек
адамдар өмірінің әр түрлі жәйттерімен байланысқан шексіз көптеген 
тарих бар, және олардың арасында – саяси үкімет тарихы. Оны әдетте 
әлемдік дәрежеге көтереді, бірақ мен, бұл кез келген байсалды адамзат 
дамуы тұжырымдамасына тіл тигізу деп есептеймін. Мұндай ыңғай, 
ұрлық, тонау тарихын немесе адамзат тарихын улау сияқты баяндаудан 
еш артық емес, өйткені саяси билік тарихы басқа емес, халықаралық 
қылмыс және жаппай өлтіру тарихы сияқты (оларды болдырмауға 
әрекет етуді қосқандағы). Осындай тарихты мектепте оқытады және 
онда кейбір атақты баскесерлерді оның батыры етіп көрсетеді. 
Шынайы адамзат тарихы сияқты, жалпыға бірдей тарихтың 
болмайтыны рас па? Әдетте – жоқ. Менің пайымдауымша, дейді 
Поппер, бұл сұраққа әрбір ізгілікті адамның және әсіресе әрбір 
христианшылдықтың жауабы осылай болуы керек. Шынайы адамзат 
тарихы, егер ондай болатын болса, барлық адамдардың тарихы болуы 
керек, ал ол – барлық адамзат үмітінің, күресінің және азабының тарихы, 
өйткені кез келген адамның басқа, адамнан еш артықтығы жоқ. Әрине, 
мұндай шынайы тарихтың жазылуы мүмкін емес. Біз бірдемеден 
дерексіздендірілуіміз керек, бір нәрсені жаратпауымыз керек, сұрыптау 
жасауымыз керек. Сөйтіп барып біз көптеген тарихқа келеміз және 


34 
олардың арасында – әдетте адамзат тарихы деп жарияланатын, 
халықаралық қылмыстар мен жаппай өлтіру тарихына келеміз [17]. 
Бүгінгі күннің тарих философиясында К. Поппердің рөлі ерекше. 
Ойшыл бірінші ретте өзінің тоталитаризммен күресімен әйгілі. Тарихта 
тоталитаристік әдіснама «тарихилылық» деп аталатынмен көрініс 
табады. Себебі, дейді К. Поппер, тарихилылық – әрі әлеуметтік, әрі 
саяси, әрі моральдық философия, сондай-ақ біздің өркениетіміз 
басталған кезден-ақ, оның осындай үлкен әсері болған болатын. 
Сондықтан да, қоғамның, саясат пен моральдың іргелі мәселелерін 
талқылап алмай тұрып, оның тарихына түсініктеме беру өте қиынға 
соғады, оның үстіне, мұндай талқылауда әрқашанда маңызды жеке 
тұлғалық элемент (оны қатыстыруға бола ма жоқ па, соған қарамастан) 
бар болады. Тарихилылық, К. Поппер бойынша, эмпирикалық деректер 
иен теорияның арақатынасын бұрмалайды.
Тіпті, ғылымның өзі жәй 
ғана «жаппай деректер» болып табылмайды. Ол, аздап болса да, 
деректер жиынтығы болып табылады және сондықтан да, жинақтаушы-
зерттеушінің мүддесіне, оның көзқарасына байланысты болады. 
Ғылымда зерттеушінің көзқарасы ғылыми теориямен негізделеді. 
Шексіз көп деректерден және олардың аспектілерінен тек зерттеушіге 
қызықтысы ғана таңдап алынады, өйткені, олар оған бұрыннан азды-
көпті таныс, қандайда бір ғылыми теориямен байланысты болады.
Қорытындылаушы ғылымдардың теориясы немесе әмбебаптық 
заңдары, сол ғылымға төмендегідей мағынада біртұтастық береді, ол 
әрбір қорытындылаушы ғылымның айналысатын мәселелері шеңберін 
қалыптастырады, оның мүдделерінің және ғылыми зерттеулерінің, 
логикалық құрылымының және білімді қалыптасыру әдістерінің түйінін 
анықтайды. Тарихта мұндай бірегейлеуші теория жоқ, анығырақ, біз 
дәлелсіз қабылдайтын, көптеген таптуарынды әмбебап заңдар ғана бар. 
Бұл заңдар ешқандай іс жүзінде ештеңеге жарамайды және зерттеу 
тақырыбына ешқандай да тәртіп енгізуге қабілетсіз.
Сонымен, тарихи түсіндірмеде қолданылатын әмбебап заңдар, 
ешқандай да селективті немесе біркелкілеуші ұстанымдардан, тарихқа 
жалпылай белгілі «көзқарастардан» тұрмайтынын көруге болады. Бірақ 
та егер тарихты тіпті де қарастырмай-ақ, мысалы, саяси үкімет, 
экономикалық қатынастар тарихымен, технология немесе математика 
тарихымен шектеп қойса, онда дүние жүзілік тарихына кейбір 
көзқарастарды, осы сөздің өте тар мағынасында қалыптауға болады. 
Мұнда бізге, әдетте, біздің мүддемізді көрсететін, қосымша сұрыптау 
ұстанымы мен қосымша көзқарас қажет болады. Мұндай ұстаным-
дардың бірқатары белгілі дәрежеде әмбебаптық заңдармен ұқсас, бұрын 
өзіміз қабылдаған идеяларда бар. Ондайлар, мысалы, «ұлы адамдардың» 
мінез-құлқы, «ұлттық мінез», әдептілік немесе экономикалық жағдайлар 
және т.б. тарих үшін зор маңызы бар дейтін идеялар бола алады. 


35 
К. Попперді толғандырған басты сұрақ: тарихтың қандай да 
болмасын мағынасы бар ма? Ол бұл жерде «мағына» ұғымының 
мәнінің мәселесіне терең тоқталмайды, өйткені көптеген адамдар, 
«тарих мағынасы» туралы немесе «өмірдің мағынасы мен мақсаты» 
туралы айтқанда оның не екенін өте жақсы түсінетіндіктен, оны өзінен-
өзі белгілі нәрсе деп есептейді. «Мағынаның» осындай түсінігін есепке 
ала отырып, ол қойылған сұраққа былай жауап береді: «Тарихтың 
мағынасы болмайды». 
Сонымен, батыстық тарих философиясы қалыптасуы мен оның 
мәселелік бағдарларына қысқаша тоқталып өткеннен кейін, қазақ тарих 
философиясының басты ерекшеліктеріне назар аударайық.
Қазақ тарих философиясы тек көшпелі ауызекі мәдени ареалда 
қалыптасты деу сыңаржақтылыққа жатады. Қалыптасқан бірыңғай 
ұлттық тілдің жазба дәстүрі болуы – халық мәдениетінің, 
өркениетінің дамуындағы алғы шарттардың бірі. Тіл әрбір халықтың 
ерте кездерден бергі өніп-өсуінің, дамуының, бүкіл болмысының 
құдіретті көрінісі. Тілдегі әрбір сөздің ар жағында сол халықтың
тіршілік-тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, басынан өткен 
қилы-қилы заманның белгісі, тарихы тұрады. Демек, оны халық 
болмысының айнасы деуге әбден болады. Тілсіз тарихи сана жоқ. 
Тарихи сана кез келген халықтың бүгінгі болмысын, арманын, алдағы-
сын, кешегісін, келешегін бейнелейді. Сондықтан оның қалыптасуы 
ұзак, уақытты бірнеше ғасырларды, тіпті мыңжылдықтарды алып 
жатады. Қазақтың тарихи санасы да солай дамыды. Ол Еуразия 
құрылығының керіліп жатқан кең даласын мекендеген қыпшақ, қаңлы, 
үйсін, арғын. алшын, керей, дулат, қоңырат, найман сияқты тегі бір, 
түбірі туыс ру, тайпалардың рухани дүниесі арқылы қалыптасып, уақыт 
сынына төтеп берді. Оның електен өтіп, артынша сұрыпталып, 
сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айырықша рөлі зор. Осы 
тілде жазылған ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа, тайпаларға
түсінікті жазба мәдениеттің бір нұсқасы XVI-шы ғасырда жарық 
көрген “Кодекс Куманикус” атты еңбек болды. 
Қазақстандық тарихшылар ауызша тарихнаманы қоғамдық құбылыс 
ретіндегі жалпы тарихнаманың дамуындағы әмбебап кезеңдік-
типологиялық феномен түрінде қарастыра отырып, оның жазба 
тарихнамамен ұқсастықтарымен қатар қайталанбас ерекшеліктері бар 
екендігіне назар аударады. Демек, ауызша тарихнаманы зерттеп үйрену 
өзінің пәні мен әдістемесі жағынан жазба тарихнаманы зерттеуден 
айрықшаланатынын білдіреді. Сондықтан да біздің ғалымдар ауызша 
тарихнаманың мәліметтерін жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау және 
тарихи зерттеулерде қолдану принциптерін даярлау міндеттерін шешу 
жүктелетін деректанулық сипаттағы өзгеше тарихи көмекші пәнді 
ашуды ұсынады. Осылайша мәдениеттің ұмыт қалған осы бір ерекше 


36 
саласын тірілтіп, оны қалыптастырушы көшпелі халықтардың 
ұрпақтарына қайтарып ұсынуға болар еді. Бұл, әрине, тарихи сананы 
қалыптастыруды қажет етіп отырған қазақ халқының тарихи жадын 
қайта түлетіп қана қоймай, оның тарих философиясын қалыптастырудың 
әдістемесін де шешуге ықпалын тигізері сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет