Бауырымен жорғалаушылар жер бетiнде тiршiлiк ететiн, жоғары сатыдағы омыртқалылар. Құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты бұлардың денесi жақсы жiктелген



Дата08.12.2022
өлшемі22,2 Kb.
#56033

Бауырымен жорғалаушылар жер бетiнде тiршiлiк ететiн, жоғары сатыдағы омыртқалылар. Құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты бұлардың денесi жақсы жiктелген. Басын әр түрлi бағытта қозғауына мүмкiндiк беретiн мойын бөлiмiнiң болуы. Денесiн құрғап кетуден сақтайтын терiсiнде мүйiздi эпидермис қабаты мен мүйiздi қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегi мен артериялық доғасы жақсы жiктелген. Сонымен қатар рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың iшiнде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екi системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлiмiнiң артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабiлетi нашар. Дене температурасы тұрақты емес. Қазiр бауырымен жорғалаушылардың 6000-дай түрлерi белгiлi.
Нерв жүйесi. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесi қосмекендiлерге қарағанда күрделi құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделi өмiрiмен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр заттарының үстiңгi қабаты ми қабығына айнала бастады.
Сезiм мүшелерi. Жер бетiнде тiршiлiк етуiне, әртүрлi тiршiлiк жағдайларына сәйкес сезiм мүшелерi дамыған. Сезiм мүшелерiнiң iшiнде жақсы дамыған көз. Есту мүшесi қосмекендiлердiкi сияқты iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақтың қуысына бiр есту сүйегi –үзеңгi (стремя) болады.
Қаңқасы. Құрлықта тiршiлiк етуiне сәйкес қаңқалары түгелiмен сүйектенген. Омыртқа жотасы, қосмекендiлерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлiкке бөлiнген: мойын, арқа, бел, сегiзкөз, құйрық. Кесiрткелердің мойын омыртқасының саны 8. Олардың iшiнде екi омыртқаның құрылысы ерекше. Бiрiншi мойын омыртқасын (atlas) ауыз омыртқа, екiншiсiн – эпистрофея деп атайды. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерiн тигiзедi.
Ет жүйесi. Оларда мойын бөлiмiнiң пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененiң бөлiктерге жiктелуi мен осының бәрi ет жүйесiнiң күрделенуiне себепшi болады. Әсiресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердiң пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тiршiлiгiндегi ерекшелiк.
Қан айналу жүйесi. Қосмекендiкiлердiкi сияқты жүрегi үш камералы, бiрақ қарыншаның бөлетiн өскiн пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетiлiп, қарыншаны қақ бөлiп, төрт камера болады (екi жүрекше, екi құлақша) Басқаларында қарынша толық екiге бөлiнбеген. Сондықтан қосмекендiлердiкi сияқты жүректен бiр ғана қан тамыры емес бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетедi.
Тыныс алу жүйесi. Бауырымен жорғалаушылар тек қана өкпемен тыныс алады. Терiсiнде мүйiздi қабаттың пайда болуына байланысты құрғақ терi қосымша тыныс алу мүшесiнiң қызметiн атқара алмайды. Өкпенiң құрылысы күштi қызмет етуге байланысты күрделiленген, қосмекендiлердiкiне қарағанда жетiлген.
Зәр шығару жүйесi. Бауырымен жорғалаушыларда зәр шығару жүйесi күрделi дамыған. Жамбас бүйректерiнен немесе метанефростан (metanephros) тұрады.
Ас қорыту жүйесi. Ас қорыту жолының үлкен бөлiмдерге бөлiнуiне және жаңа бөлiмдердiң пайда болуына байланысты қосмекендiлердiкiмен салыстырғанда әлдеқайда күрделi. Бауырымен жорғалаушылардың тiсi болады. Олар жоғарғы жақ және төменгi жақ сүйектерiне орналасқан. Тiстердiң негiзгi қызметi азықтарын тiстеп ұстау. Ауыз бездерi қосмекендiлердiкiмен салыстырғанда күштi жетiлген.
Көбеюi. Жыныс бездерi дене қуысында омыртқа жотасының екi жақ бүйiрiнде орналасқан. Аталық бездерi мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерiнде шағылысу мүшесi (копулятивтi) болады. Жыныс диморфизмi еркектерi мен ұрғашыларында сыртқы реңi (окраска) немесе үлкендi-кiшiлiгiмен ажыратылады. Еркектерiнiң екi дөңгелек ұрық безi (два семенника), екi ұрық безiнiң қосалқы (придатка семенника), екi ұрық өткiзгiшi (вольфов каналы) және шағылыс мүшесi болады.
3. Бауырымен жорғалаушылар экологиясы
Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетiн, нағыз құрлықта тiршiлiк етуге бейiмделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тiршiлiк етедi, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая бередi. Олардың кең аймақта таралуына негiзгi себеп – температура, өйткенi бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болған кезде ғана белсендi ұйқыға кетедi. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенедi. Олар кесiрткелер, насекомдар, моллюскалар, қосмекендiлердi қорек етедi. Жыландар көптеген кемiргiштердi жейдi, сонымен бiрге үй жануарлары мен адамдарға да қауiп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жемiс-жидектi жеп бақтарға,судағы тасбақалар балықты жеп аздап залалын тигiзедi. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (тасбақа, жылан, iрi кесiрткелер) етiн адамдар тамаққа пайдаланады. Крокодилдердi, жыландарды, тасбақаларды терiсi және мүйiздi сауыты үшiн аулайды.
Бауырымен жорғалаушыларды қорғау. Қазiргi кезде жер жүзiнде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрi белгiлi, олардың 125 түрi ТМД-да кездесетiн болса, оның 52 түрi Қазақстанда таралған. Денесiнiң сыртқы көрiнiсiне қарай олар – жылан, кесiртке және тасбақа тәрiздiлер болып бөлiнедi.
Ерте заманнан берi жылан адам баласы үшiн өте қауiптi де қатерлi болып келедi. Жылан биологиясын бiлмейтiн кез келген адам оны көрген бетте сескенiп қалады да, дереу өлтiрудi ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуi бойынша жылан уының медицина үшiн пайдасы зор екенi анықталды.
Бауырымен жорғалаушылардың iшiнде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендiгi былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлердi құрғатқаннан, өсiмдiктердiң өзгеруiнен, жыландардың негiзгi қорегi ұсақ кемiргiштердi, улы химикаттармен өлтiруiнен көп азап шегедi. Медицинада уын пайдалану үшiн оларды ұстайды. Олардан бiрнеше рет у алу үшiн арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет