Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата19.01.2023
өлшемі1.48 Mb.
#61899
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
3.Достарды таңдай білу.
Қарым-қатынаста болатын адамдарды таңдап алуға ұқыпты
болыңыз. Менің бірден айтпағым, достарымды мен олардың
каржылық жағдайларына қарап тандамаймын. Менің достарымның
ішінде кедейлікке ант бергендері де, жылына миллион сомдық табыс
табатындары да бар. Мұның бастысы: мен олардан бірдеңе үйренем
жəне бұған саналы түрде барлық күшімді саламын. Рас, кейбір
адамдармен ақшалары болғандықтан да танысқандарым бар. Мені
қызықтыратындығы олардың ақшалары емес, білімдері еді. Кей
уақытта бұл адамдар маған дос болатын, бір уақытта жоқ.
Шындығында, бір айырмашылықтары болатын. Менің байқағаным, бай
достарым тек қана ақша туралы əңгімені жақсы көретін. Мен
мақтаншақтықты айтпаймын. Олар қаржы мəселелеріне үлкен ықлас
қоятын. Сондықтан, мен олардан бірдеңе үйренетінмін, олар менен
үйренетін.
Менің қаржы тапшылығын сезінетін достарым: ақша, бизнес,
инвестициялар туралы əңгімелерді сүймейтін. Олар мұны дөрекі жəне
парасаттылық тақырыбы емес деп есептейтін. Бұлардың да мені
бірдеңеге үйретуге жағдайлары бар болатын, əсіресе олардың
қателіктерін қайталамауға. Менің достарымның ішінде қысқа
мерзімде миллиард доллар табыс тапқандары да бар. Осылардың
ішінен үшеуінің бір таңғаларлық жағдайды байқағандары: олардың
ақшалары жоқ достарының бірде біреуінің, бұған қалай қолдарыңды
жеткіздіғдер, -деп сұрамаушылықтары. Олардың сұрайтындары
1) қарызға ақша немесе
2) жұмыс.
Назар аудару.
Кедей жəне қорқақ адамдардың пікірлеріне құлақ аспаңыздар.
Менің сыйластықпен қарайтын достарым бар, бірақ өмірде өздерін
«кіші балапандай» ұстайды. Ақша туралы жəне оларды бір нəрсеге
салу жөнінде сөз болғанда, олар үшін ақырзаман күнде туады. Олар
көбіне: «Сенің ойлағаныңдай болмайды», «Оны жасай алмайсың»,
«реті жоқ» дегендерді айтып етектен тартумен болады. Кейбіреулер,
олардың осындай «көрегендіктеріне» сеніп, бұлардың легіне
қосылады.
Байлықты құрудағы күрделі жағдайдың бірі-ол өз-өзіне сенімді
болушылық, жұрттың бəрінің істегенін-істемеушілік. Жұрттың


көпшілігі нарыққа кешігіп келеді де, оның құрбаны болады. Егерде,
журналдың бірінші бетіне керемет мəміле (сделка) туралы жарнама
басылса, оны жасамаңыз, себебі: кешігіп қалдыңыз. Басқа
мүмкіншіліктерді іздеңіз. Серфингті сүйетіндердей, жаңа толқынның
келуін күтіңіз. Асыққандар тақтадан құлап, суға түседі. Ақылды
инвесторлар нарықтың тепкісіне көнбейді жəне бейімделмейді. Егерде
алғашқы толқынды жіберіп алса, екіншісін күтіп, соған дайындалады.
Инвесторлардың көпшілігіне өзі күрделі, сұранымы кең тарап
үлгермеген əлі белгісіз бірдеңелерді сатып алу қорқынышты қорқақ
инвесторлар қой секілді, отардан шығуға қорқады. Ақылды
инвесторлар пайда тауып үлгеріп, əрі қозғалғанда, ақшаның құдіреті
əлгі қорқақ инвесторларды, осылардың орнына əкеледі. Көреген
инвесторлар əлі белгісіз, кең тарап үлгермеген инвестицияларды
сатып алады. Олар пайданың сатып алғандарында түсетінін біледі,
керісінше сатқанда емес. Олар шыдамдылықпен күтуде болады.
Келесі толқынға дайындала бастайды. Мұны өз-өзіңнің «іштей
саудасы» деп атайды. Іштей сауданың жасырын жəне заңды түрлері де
бар. Қалай болғанда да, бұл білетін адамдар үшін, қашанда сауда.
Мұның бір айырмашылығы, Сіздің оны қаншалықты білетіндігіңізге
байланысты. Сізге ақшаның қалай жасалынатындығы жөнінде жерге
жақын жүретін жəне солардың ортасында болатын бай адамдармен
достасқаныңыз жөн.
Ақша ақпарат бойынша жасалынады. Сізге алдағы болғалы
тұрған дақпыртты біліп, ерте қимылдаушылықты пайдалану керек.
Мен мұны, заңсыздық жолымен табыңыз деуден аулақпын, егерде Сіз
ақпаратқа ерте ие болсаңыз, пайда табуға (кішкене катермен) толық
мүмкіншілігіңіз болады. Міне, достар осындай жағдайлар үшін керек.
Бұл да қаржылық тапқырлыққа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет