Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата19.01.2023
өлшемі1.48 Mb.
#61899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Менің іздегенім осы еді
Менің жұбайым Майклге, Роберт Кийосакидің "Ақша ағымы"
атты тақырыпта жазылған жаңа үйрету ойынының ұнағаны
соншалықты, біз екеуімізде осы үлгінің сынақтан өтуіне ат салыстық.
Бұл іске жергілікті университеттің бірінші курсында оқитын 19 жасар
қызымды шақырдым. Ол келуге келісімін берді. Сынаққа 15-ке жуық
адам қатынасты, оларды үш топқа бөлдік.
Майклдікі дұрыс еді. Маған нақ осындай оқыту жүйесі қажет.
Шындығында, сынақ барысында біз күтпеген аңғармаған көптеген
жағдайлардың барлығын көрдік. Əсем безендірілген ойын тақтасы
алдымызда тұрды. Ол "Монополий" атты ойын алаңын еске түсірді,
бірақ мында тақтаның орта кезінде əсем əшекейленген егеу
құйрықтың суреті бейнеленген. "Монополий" атты ойыннан
айырмашылығы, мұнда екі жол бар: ішкі жəне сыртқы ойынның
мақсаты: ішкі жолдан (онымен козғалуды Роберт "Егеу құйрыктың


жүгірісі" деп атайды) "шапшаңды" сыртқы жолға шығу болып
табылады. Роберттің пайымдауы бойынша "шапшаңды жол"
байлардың өмірдегі нақтылы жағдайларда табыс табу тəсілдерінің
үлгілерін көрсетеді. "Егеу құйрық жүгірісіне" Роберт мынандай
сипаттама береді: Егерде Сіз сауатты жане жұмысты көп істейтін
қарапайым адамның өміріне үңілсеңіз ,көптеген заңдылықтарды
байқайсыз. Мысалы, дүниеге бала келеді, содан кейін ол мектепке
барады. Əке-шешесі қуанышты себебі: ол жақсы бағалар алады,
колледжге оқуға түседі. Колледжден кейін мүмкін ол институт немесе
асперантура бітіреді, одан əрі оның өмірінің келешегі қалай
"жоспарланғаны" бойынша тұрақты жұмыс істейді.
Ол оны табады мүмкін дəрігер, заңгер болар, əскерге немесе
мемлекеттік қызметке барады. Ол табыс таба бастайды, кредиттік
карточкалар алады, сөйтіп сатып алу мүмкіншілігі туады. Балада ақша
пайда болса, əрине, ол алдымен өзі теңдес,өзімен қатар жастардың
əртүрлі ойын сауықтарына қатынасады. Олармен кездеседі, танысады
аяғы үйлену тойымен аяқталады. Қазір ерлермен қатар əйелдерде
жұмыс істейді, екі табыс бұл тамаша!
Жас жұбайлар өз өмірлері мен жетістіктеріне қуанышты
келешектері ашықта жəне айқын. Олар үй, машина, телевизор сатып
алуды, теңізге барып демалуды, балалы болуға шешім қабылдайды.
Олары жүзеге де асырылады.
Бірақ, ақша көп жəне одан да көп қажеттілікті талап етеді. Жас
жұбайлар бұл үшін көп жұмыс істеулері керек екенін көріп, бұдан да
екпінді жұмыс атқаруға тырысып, қызмет бабында жоғары көтеріліп
жəне үлкен жалақы алуға тырысады. Еңбек ақылары көтеріледі, бірақ
балалары дүниеге келеді, енді оларға үлкен жəне кең үй қажет болады.
Жұбайлар одан сайын көп жұмыстар атқарып, сөйтіп тəжірибелі
кадрларға айналады. Олар жаңа мамандық игеріп, оданда зор табыс
табу мақсатында жаңадан оқуға түседі. Олар тіптен екі жұмыста
істейді. Табыстары өседі, ал сонымен қатар табыс салығы жəне де
қозғалмайтын мүліктің олардың жаңа үйінің салығы да өседі,
зейнетақы қорының жарнасы артады т.с жəне т.б сияқты.
Олар үлкен еңбекақы алады, бірақ ақшаларының қайда кетіп
жатқандарына қайран қалады. Содан кейін олар өзара қордың
акцияларын емденеді жəне кредит карточкаларына бакалей
тауарларын сатып алады. Балалары 5-6 жасқа келеді, енді оларды
оқыту жəне өздерінің зейнетақылары үшін қаражат жинау қажеттілігі
туады. Сөйтіп, 35 жыл бұрын өмірге келген бұл бақытты жандар, енді
өмірлерінің қалтаң уақытында "егеуқұйрық жүгірісінің"тікелей
қатынасушылары болады. Аяғында олар компанияларға, мемлекетке
(оған салық төлеп) жəне алған кредиттері мен қарыздарын өтеу үшін
банкке қызмет етеді.
Осындай жағдайдан кейін де өз балаларына ұқыптап


оқыңдар,жақсы баға алыңдар,содан кейін жақсы жұмыс немесе жақсы
орын табыңдар"-деп ақыл-кеңес береді.Олар осылай ақша жөнінде
ештеңе де білмейді.
Сөйтіп,өмір бақи жұмыс істеді.Олардың орнына, осындай жұмыс
істеуші ұрпақ келеді, сөйтіп тарих қайталана береді.Міне,"егеуқұйрық
жүгірісі" деген осы,- деді Роберт. "Шапшаң жолға" шығудың жалғыз
тəсілі- нақтылы іс барысында, өзіңізді бухгалтерлік істің жəне
инвестициялаудың (қаржы салу) білгірі екеніңізді дəлелдеу қажет. Ал
бұған үйренуің күрделі сабақтардың бірі болып саналады.
Мені, дипломды əрі тəжірибелі бухгалтер- ревизор ретінде таң
қалдырғаны, Роберттің осы сабақтарды талдауды əрі зерттеуді өте
тартымды жəне қызғылықты ұйымдастырғаны болды.Оқудың
қызғылықты ұйымдастырылғаны соншалық, қанша уақыт өткені
ұмтылып, біз "егеуқұйрық жүгірісі" жолынан қалай шығудың ретін
бар ынта-жігерімізбен ойлап, тырысу үстінде, өзіміздің оқушылар
екенімізді тез ұмытып кетіппіз.
Үйрету ойынын келесі сынағы ретінде, менің кызыммен
сөйлескен қызғылықты əңгіме болды. Біз бұрынды-соңды ешуақытта
мəн беріп, қарамаған мəселелер бойынша пікірлестік.
Маған қаржы есептерінің негізінде білім алған бухгалтер ретінде, бұл
ойынға ойнау жеңіл еді, сондықтан қызыма жəне біздің үстелдегі
басқа да ойыншыларға белгісіз жағдайларды түсіндіруге менде уақыт
жеткілікті болды.
Мен бірінші (жəне "сынақшылар" ішінде жалғыз ) сол күні
"шапшаң жолға" шыққан адам болдым. Ойын үш сағатқа жуық
созылса да, мен 50 минутта аяқтап шықтым.
Біздің үстелде банкир, компания иесі жəне компьютер
программисі отырды. Мені, осындай адамдар үшін өте қажетті
бухгалтерия жəне инвестициялар жөнінде аз білетіндіктері қатты
ойландырды.
Менің таң калғаным: сонда бұлар нақтылы жағдайларда өздерінің
қаржы жұмыстарын жүргізеді? Менің 19 жасар қызым үшін бұл
қағидалар қаншалықты қиын екенін түсіне алам, ал одан екі есе үлкен
егде адамдар үшін ше?
"Егеуқұйрық жүгірісі" жолынан шыққаннан кейін, мен екі сағат
бойы кызымның жəне өздері сауатты, əрі жаңа байып келе жатқан
адамдардың, ойын сүйегін қалай тастап жəне фишканы қалай
қозғайтындықтарын қарап отырдым.
Əрине, ойын барысында олар біраз жаңалықтарды білді, ол
тамаша, бірақ екіншісі, сол ересек адамдардың бухгалтерия мен
инвестицияның əліппесін білмеушіліктері еді.
Табыс жəне шығыс жөніндегі есептердің, сондай-ақ баланс
есебінің бір-бірімен байланыстылығын үлкен қиыншылықпен


аңғарды. Олар активтерді сатып алып жəне сата отырып, əрбір мəмле
(сделка) оларға ай сайын қанша пайда табуларына ықпал ететіндігін,
қиыншылықпен естеріне түсіреді. Сонда менің ойыма келгені, қаншама
миллиондаған адамдар өмір бойы қаржы тапшылығымен
күресүде болады. Оның басты себебі: бұған оларды ешкімде үйретіп
оқытпаған еді.
Құдайға шүкір, мынау ойын үстел басындағыларды қайткен де
жеңіп шығушылыққа ынталандырып отыр.
Роберт ойынды аяқтағаннан кейін, бізге оның қортындысын
талқылауға 15 минут уақыт берді.
Компания иегеріне ойын ұнамады, ол өте қынжылулы
-Маған мұның қажеті канша?- деді ол қатты дауыспен ашуланып.
Мен бұларды білу үшін бухгалтерлерді,заңгерлерді жəне банкирлерді
аламын,- деді.
Оған Роберт былай деп жауап берді:
-Ал сіз сол бухгалтерлердің арасында көп кедей адамдардың бар
екенін аңғардыңызба? Сол сияқты банкирлер заңгерлер жəне
брокерлер арасында да көп кедейлер аз емес,- деді. Олар көп біледі
жəне олардың дені ақылды, білімді адамдар, бірақ көпшілігі бай емес,
баю тəжірбиелері жоқ.
Себебі: біздің мектептерде, бай адамдардың нені білетіндіктері
жөнінде оқытпайды, сондықтан нақтылы жағдайларда олардың
кеңестеріне құлақ салып үйренген жөн.
Бірде, сіз жұмысқа бара жатып, авто көліктер тосқынына тап
боласыз, оңға карап, солардың ішінде сіздің бухгалтеріңіздің бар
екенін көресіз. Сіз солға қарайсыз тағыда бухгалтеріңізді көресіз. Бұл
Сізге бірдеңені аңғарта ма?
Компьютер программисі, ол да ойынды құптамады.
-Мен мұндай оқыту бағдарламасын сатып алуға мүмкіншілігім
бар,- деді. Бірақ, банкир онымен келіспеді.
-Мен бұның бəрін өткенмен, мен бухгалтерияны айтам,- деді ол, бірақ
оны тəжірибеде пайдалана алмадым. Енді мұны қалай істеу
керек екендігін түсіндім. Мен "егеуқұйрық жүгірісі" жолынан
сытылып шығуға міндеттімін,- деді ол.
Бəрінен бұрын қызымның сөзі мені таң қалдырды. Маған ойын өте
қызықты болды,- деді ол. Мен ақшаның шындығында қалай жұмыс
істейтіндіктері жəне оны қалай салу керектігі туралы көп жағдайларды
түсіндім.
Тағы қосып айтқаны:
-Енді мен өзіме мамандықты жалақысы мен жеңілдіктерінің
көптігінен емес, солардың ішінен өзіме қажеттісін ғана таңдап алуды
білемін. Менің класстас құрбыларым сияқты, келешектегі жұмыс,
зейнетақы туралы ойлар мазаландырмайтын болады.


Бұл жолы Робертпен ойын соңында сөйлесуге менде мүмкіншілік
болмады, бірақ біз келесі жолы кездесуге уəделестік.
Мен, Роберттің осы ойын арқылы адамдардың қаржы туралы ой-
өрістерін кеңейтуге үйрету екенін түсіндім, сондықтан оның жоспары
туралы көбірек білгім келді.
Келесі аптада біз күйеуіміз екеуіміз, Роберт жəне оның əйелімен
бірге түстендік. Мұндай жағдайда біздер бірінші рет кездессек те,
бұрыннан ерте таныс адамдардай сезіндік. Əңгіме барысында
көптеген жағдайлар бойынша ортақ пікірлес екендігіміз анықталады.
Біз көп мəселелер бойынша пікір алыстық, соның ішінде: спорт, театр,
білім беру саласы жəне əлеуметтік экономикалық жағдайлар
туралы əңгімелестік. Сонымен қатар, əлемдегі болып жатқан
өзгерістер, американдықтардын көпшілігінде қартайғанда өмір сүру
үшін, қажетті ақшалай жинақтарының жоқтығы, ал зейнетақы қоры
мен денсаулық сақтау жүйелерінің дəрменсіз жағдайлары туралы
пікірлесіп, əңгімелестік. Сонда, менің балаларыма, мен сияқты 75
миллион қатарларым үшін, зейнетақы төлеуге тура келе ме? деген ой
келді. Біз, халыктың зейнетақы қорына сенушілігі- қауіпті жағдай
екенін түсіне ме екен?, -деп əңгіме қылдық.
Робертті ең алдымен Америкада жəне барлық əлемде байлар мен
кедейлердің арасындығы болып жатқан арақашықтықтың үнемі өсуі
қатты толғандырады екен. Бұл кəсіпкер ақшаны оңтайлы салып,
пайдалану арқылы барлығына өз қолын өзі жеткізіп, бүкіл жер-шарын
аралап, 47 жасында жұмыс істеуді тоқтатқан кісі.
Бірақ, ол қазір жұмыспен тағыда айналыса бастады. Оның басты
себебі: мен сияқты, өз балаларының келешегі түралы халықтың
арасында үлкен алаңдаушылық бар екенін сезінуі еді, Ол əлем
өзгергенін, ал оқу жүйесінің ескі қалыпта қалғанын біледі.
Роберттің сөзі бойынша, балалар жылдар бойы ескілікті
мектептерде қажеті жоқ сабақтарды оқи отырып сөйтіп əлдеқашан
ескірген, əрі дүниеде жоқ, ортада өмір сүруге дайындала бастайды.
Қазіргі кезеңде балаға “Мектепке бар, жақсы бағалар ал жəне тұрақты
жұмыс іздеңдер” деушілік, ақыл кеңестің ең қауіпті түрі, дегенді жиі
айтады Роберт.
Бұл ескі кеңес- əрі ең жаманы. Егер Сіз Азияда, Европада, Оңтүстік
Америкада не болып жатқанын білсеңіз, онда менен кем
алаңдамаған болар едіңіз. Бұл нашар кеңес, себебі: егерде Сіз
балаңызды қаржы соққыларынан қорғағыңыз келсе, онда ескі тəсілдер
мен ережелерді пайдаланбау керек. Ол өте қауіпті, деп есептейді
Роберт.


Оның "ескі ережелер" дегенінде не астар бар екенін білгім келді.
Мен сияқты адамдар. Сіз ойнайтын ережелер бойынша
ойнамайды,- деп жауап берді ол.
Қайсы бір корпорация бір кезде штат кестесін қысқартса не
болады?
-Адамдарды жұмыстан босатады, -дедім мен. Отбасылар запа
шегеді. Жұмыссыздық көбейеді.
-Ия, ал корпорацияның өзімен не болады, əсіресе егер ол ашық
акционерлік компания болса?
-Штаттың қысқартылуы жарияланғанда, акциялардың құны
жалпы өседі, -деп жауап бердім мен. Егерде компания өзінің
өндірістік шығынын автоматтау немесе жұмыс күшін қысқарту
арқылы азайтса, ол нарыққа ұнайды.
-Бəрі дұрыс, -деді Роберт.
Ал акцияның бағасы өскенде, мен сияқты адамдар, яғни акция
ұстаушылар байи бастайды. Басқа ережелерді пайдалану керек
дегенде айтпағым: “Бағыныштылар ұтылады. Компания иелері жəне
инвесторлар ұтады,- деді ол.
Роберт жұмысшы мен жұмыс берушінің айырмашылықтарын
суреттей отырып, сонымен қатар, өз өмірін баскарушылықты білумен
немесе оны басқаруды біреуге тапсырудың айырмашылығының
қандай екенін айтып берді.
Бірақ, көптеген адамдарға неге бұлай болатындығын түсіну қиын, -
дедім мен. Олар мұны тек қана əділетсіздік, -дейді. Сондықтан да
балаға: "жақсы білім ал" деумен ғана шектелушілік- əбестік іс. Біздің
мектептердегі білім беру жүйесі. Сіздің балаларыңызды осындай
өмірге дайындап шығарады,- деп жобалаушылық ақымақтық.
Олардың əрқайсысына тағы бірдеңе қажет. Тіпті басқа білім керек
жəне осындай басқа ережелерді білу шарт.
Ақша ережелерінің байлар ойнайтын түрлері жəне халықтың
қалған 95 проценті ойнайтын қалыптасқан ережелері бар. Халықтың
осы 95 проценті, бұл ережелерге мектепте жəне үйінде үйренеді. Міне,
сондықтан балаға жақсы оқы жəне жақсы жұмыс іздеуге кеңес
берушілікпен ғана шектелушілік- қауіпті іс.
Алдағы кезеңде балаға кең көлемді білім керек, казіргі білім
жүйесі оны бере алмайды. Бір класста қанша компьютер бар, мемлекет
мектептерге қанша каржы бөледі, оның маған керегі канша? Өзі
білмейтін сабақтарды, мектеп балаға қалай оқытады?
Егер, Сіз өз ақшаңызды пайдаланудан қорықсаңыз жəне оны
білмесеңіз, мектеп бермеген білімді, ата-аналар өз балаларына калай
береді? Баланы бухгалтерлік іске калай үйретуге болады? Оған ол


қызықсыз болмай ма? Ал оған инвестиция жөнінде не айтуға болады?
Мен осыдан кейін балаларымды корықпай кимыл жасаңдар,- деп
айтудың орнына, ақылмен, оймен əрекет етіндер, -деп оқытуға бел
будым.
-Өзіңізбен əңгімелескен мəселелер бойынша, баланы ақшаны
жəне басқаларын білуге калай оқытуға болады? -деп, Роберттен
сұрадым.
-Өзің түсінбеген, білмегенді балаға үйретуде, ата-анаға жеңіл
болу үшін не істеуге болады?
-Бұл жөнінде мен кітап жаздым, -деп жауап берді ол.
-Ол кітап қайда?
-Менің компьютерімде. Бөлшек тараулар бойынша, бірнеше
жылдан бері сонда жатыр. Кей уақытта бірдеңелерді қосамын, бірақ
бүтіндеп жинақтап бір кітап қылып шығаруға қолым тимеді. Бұл
кітапты жазуды, ең алдымен менің бестселлер болған кітабым
шықаннан кейін ғана бастадым, дегенмен ақыры аяқтай алмадым. Сол
жинақталмаған күйінде жатыр.
Оныкі шындық еді. Алайда, бұл кітаптың жинақталмаған
тарауларын оқып шығып, оның пайдалы екенін түсініп, біздің аумалы-
төкпелі заманымызда басқа адамдарды да таныстырып, бөлісу керек, -
деп шештім. Сөйтіп, бұл кітаптың қос авторының бірі, мен болуым
жөнінде, Робертпен келістік.
Оның ойы бойынша, балаға қаржы туралы қандай білім қажет? -
деп сұрадым мен. Ол баланың өзіне байланысты.
Роберттің, өзі туралы айтқаны: бала кезінен бай болғысы келген
жəне бақытына орай, ондай бай адам кездескен, ол екінші əке ретінде,
үлкен ынтамен оны оқытуға кіріскен.
Роберттің тағы қосып айтқаны, күнделікті өмірде адамдармен
жəне
қаржылық
қарым-қатнастыққа
үйренудің
маңыздылығы,
мектептегі білімнен кем емес.
Ал, енді осыдан əрі қарай Роберттің екі əкесінің тарихы туралы
оқисыз: бай жəне кедей, сонымен қатар өз өмірі бойынша барлық
білетіндеріне қалай қол жеткізді, не оқыды, неменеге үйренді, солар
жөнінде де мағлұмат аласыздар.
Екі əкенің арасындағы айырмашьшық аса маңызды.
Ақыры, бұл кітапқа толықтырулар енгізіп, біртұтас жинақтап
жəне редакциялаған мен едім.
Егер, сіз бухгалтер болсаңыз, кітап негізінде алған біліміңіз
бойынша, пікір таластыруға асықпаңыз. Роберттің теориясын
қабылдауға тырысыңыз. Əрине, ол көп жағдайларда жалпы


қалыптасқан бухгалтерлік негіздердің біраз қағидаларын күмəнді
қылып көрсетеді, дегенмен нағыз инвесторлардың, өз шешімдерін
қалай талдайтыны жөнінде құнды мағлұматтарды қамтиды.
Біз, өз балаларымызға “мектепке бар, жақсы оқы жəне жақсы
жұмыс табу керек”, деген кеңестерімізді көпшілік жағдайда
қалыптасқан дағды бойынша айтамыз. Бұл қашанда солай болған.
Роберттің əңгімесі мені таң қалдырды. Оны екі əкелер тəрбиелеп
жəне екі əртүрлі мақсатқа қол жеткізуге ынталандырған. Оқымысты
əкесі корпорацияда жұмыс істеу керек, -деп кеңес берген. Бай əкесі
корпорацияны иемден,- деп ақыл айтқан. Біріншісіне де, екіншісіне де
білім қажет, бірақ мүлдем əртүрлі дəріс алуға тура келеді.
Роберттің оқымысты əкесі оның ақылды адам болып өсуін
қолдаған. Бай əкесі, ақылды адамдарды қалай жалдап алуды білу
керек, -деп үйреткен. Роберттің туған əкесі Гавая штатының Білім
беру министрлігінің басшысы болған. Роберт 16 жасқа толғанда,
əкесінің "Егер сен жақсы оқымасаң, түбінде жақсы жұмыс таба
алмайсың", -деп қорқытуы оған ешқандай да əсер етпеген. Бала сол
уақыттың өзінде корпорацияда жұмыс істемейтінін, керісінше
корпорацияны иемденетін білген.
Роберттің өзі айтқандай, егерде оған бір дана, əрі табанды
мектеп мүғалімі кездеспегенде, ол колледжге де оқуға бармаған болар
еді. Ол бірден капитал жұмсаумен айналысқысы келеді, дегенмен
жоғары білім алудың қажеттілігін түсінеді.
Бұл кітапта келтірілген қағидалар мен тұжырымдар өте батыл
жəне қазіргі ата-аналардың көпшілігі үшін, бұрын естімеген жəне
білмеген жаңалық. Олардың кейбіреулеріне онсызда балаларын
мектепте ұстаушылық оңайға түсіп жүрген жоқ.
Бірақ, заман өзгеруде. Сондықтан, жаңа батыл ойлар мен
қимылдарға даяр болу керек. Балаларды келешекте біреулер үшін
жұмыс істеуге оқыту, үйрету- оларға ғұмыр бойы үлкен салықтар
төлеп, қартайғанда өте аз мөлшерде зейнетақы алып, өмір сүру үшін
берілген ақыл-кеңес, деп түсіну керек.
Шындығында, салықтар- біздің шығындарымыздың ең үлкен
баптары. Көптеген отбасылар салықтарды дер кезінде төлеу үшін,
қаңтардан бастап, мамырдың ортасына дейін тегін жұмыс істегенмен
пара- пар. Сондықтан, осы кітапта жазылғандай, жаңа ой-пікірлер
қажет.
Роберттің тұжырымдамасы бойынша, бай адам өз балаларын басқа
адамдардай оқытпайды. Ол сабақты отбасында, дастарқан үстінде
жүргізеді. Сіз, бұл ой- пікірлер туралы балаларыңызбен сейлеспеуіңіз
мүмкін, алайда осы кітапты оқып шыққаныңыз үшін, алғысымызды
айтамыз.
Менің, сізге берер кеңесім: ізденісті тоқтатпаңыз, жалғастырыңыз.
Менің əрі ана жəне бухгалтер ретінде айтарым: түбінде жақсы жұмыс табу
үшін, тек қана ұқыпты оқу керек, деген ой-
пікір ескірген.


Балаларға қазіргі заманның, жаңашыл бағыт-бағдарларын,ақыл-
кеңестерін беру керек.
Мүмкін, мынандай пікір ойласуға тұрарлық болар: мысалы,
балаларымызға жақсы жұмыспен қатар, өздерінің инвестициялау
корпорациясын неге құрмасқа?
Мен, ана ретінде осы кітаптың, басқа ата-аналарға да көмегінің
тигенін қалар едім.
Ал Роберт, əр адамның өз қалауы жəне ынтасы бойынша бай
болуға мүмкіншілігі бар екенін, дəлелдеп беруге сенімі мол.
Бүгін Сіз мейлі, кім болсаңыз да, бағбансыз ба, əлде еден
сыпырушысыз ба немесе жұмыссызсыз ба оған қарамастан каржы
проблемаларын шешіп үйренуге, сіздің өз отбасыңызды жəне ағайын-
туғандарыңызды үйретуге мүмкіншілігіңіз бар.
Есіңізде болсын! Қаржылық тапқырлық- ақша қиындықтарын
ақылмен шешудің тікелей жолы. Қазіргі кезеңде əлемде адам баласы
түсіне де енбеген жаңа өзгерістермен кезігуде. Болашақты болжап
айту кімге де болса қиын шаруа, бірақ бір нəрсе айқын: бізді ғажайып
өзгерістер күтуде.
Бізге келешек не əкеледі?
Дегенмен, кандай жағдай болсада, бізде таңдап, қалап алушылық
бар: абайлап, ақырын əрекет ету, не болмаса өзіңнің жəне
балаларыңнын қаржы қаблеттіліктерін, айтар едім, даналығын ояту.
Шэрон Лектер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет