Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата19.01.2023
өлшемі1.48 Mb.
#61899
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
5. Өзіндік тəртіптілік.
Алдымен өзіңізге төлеңіз. Егерде Сіз, өзіңізді басқара алмасаңыз, онда
бай болуға тырыспай-ақ қойыңыз. Өз-өзіңізді басқаруға үйрену
үшін, мүмкін Сізге əскерге немесе бір діни сектаға барған дұрыс
шығар. Инвестиция жасап, ақша тауып, соңынан оның бəрін зая
қылушылықтың кандай мəні бар?
Міне, сондықтан өзіндік ішкі тəртіптің болмаушылығынан, лотерея
ұтып алушылардың көпшілігі өз миллиондарынан лезде
айырылады. Нақ осы өзіндік ішкі тəртіптіліктің болмаушылығы
жұрттың көпшілігін, жалақысына үстеме ақы қосылғанда, əр
нəрселерді сатып алуға лезде жұмсап жіберуге мəжбүр етеді.
Менің ойымша, адам бойындағы қасиеттердің ішіндегі-ең қиыны
əрі ең күрделісі осы өзіндік ішкі тəртіптілік,-деп есептеймін. Меніңше,
осы ішкі тəртіптің ықпалымен адамдар: бай, кедей жəне орта класс
өкілдеріне бөлінеді.
Өз-өздерін бағалау деңгейлері төмен, қаржы қысымына бейім
адамдар, ешуақытта бай бола алмайды бұл ақиқат.
«Өмір Сізді мазақ қылады»- деген сөз бай əкенің, ең сүйіктісі
болатын. Мұның осылай болушылығы, бізге басқа адамдардың зиян
келтіргісі келгендігінен емес, бұл адамның өзіндік ішкі тəртібінің
болмаушылығы. Көпшілік жағдайда, ішкі күші, тəртібі жоқ
тұлғалар,мұндай касиеттері бойында бар адамдардың құрбаны
болады. Мен сабақ беру барысында тыңдаушыларымның өз
назарларын тауарға немесе aтқаратын қызметке емес, істі басқару
тəсілдерін жетілдіруге ерекше көңіл аударуға тиісті екендіктерін
қайталап айтатынмын.
Өз ісіңді басқару үшін, мынандай үш тəсіл қажет:
1.Ақша ағымын басқару.
2. Адамдарды басқару.
3. Жеке уақытыңды басқару.
Мұндай тəсілдер тек қана кəсіпкерлерге ғана тəн емес. Бұлар
Сіздің өміріңіздің барлық салаларында да, мысалы, отбасыңызда,
ісіңізде, қоғамдық өміріңізде жəне т.б. өте маңызды. Осының барлығы
да, Сіздің ішкі тəртібіңізге үлкен септігін тигізеді. «Алдымен өзіңізге
төлеңіз» деген түсінікке ыждағатты түрде қарау керек.


Бұл сөздер Джордж Класеннің «Вавилонның ең бай адамы» атты
кітабынан алынған. Бұл кітаптың миллиондаған даналары сатылған.
Дегенмен, Бұл сөздерді миллиондаған адамдар қайталап
айтқандарымен, ал оны істеушілер некенсаяқ. Мен айтқанымдай,
қаржылық сауаттылық цифрларды оқуға мүмкіндік береді, ал цифрлар
өз тарихын əңгімелейді.
«Алдымен өзіңе төле» деген кісінің баланс есебін жəне табыс пен
шығыс есептерін көре отырып, оның сөзі мен ісінін арасында қандай
айырмашылықтар бар екенін, мен жеңіл таба аламын. Төмендегі сурет
мың сөзге тұрарлық. Солай, бұрынғы схемаларды еске түсіріп
алдымен өзіне төлейтін адамдардың қаржылық есебін басқалармен
салыстыралық.
Бұл схемаларға қараңыз. Айырмашылығын аңғардыңыз ба?
Тағыда солай ақша ағымымен байланысты, жұрттың көпшілігі
цифрларды көреді де, негізгі схеманы байқамайды. Ақша ағымының
не екенін жақсы түсінгеніңізде, келесі бетте көрсетілген схемада ненің
дұрыс еместігін көресіз, яғни жұрттың 90 процентінің ғұмыр бойы
жұмыс істеп, ал жұмыс істей алмайтын кезеңде, неге мемлекет
зейнетақы төлейтінін көресіз. Көрдіңіз бе?
Кітаптың бетіндегі схемада, алдымен өзіне төлейтін кісінің іс-
қимылы көрсетілген. Ол əр ай сайын төлейтін қажетті шығындарды
төлеместен бұрын, ақша ағымын активтер колоннасына (бөлігіне)
жібереді.
Класеннің кітабын миллиондаған адамдар оқып, оның «алдымен
өзіңе төле» деген сөздің не айқындайтынын түсінген сияқты болсада,
нақтылығында олар өздеріне ең соңында төлейді. Міне, енді Сіздердің
іштеріңізде алдымен төлемдерді төлеу керек деген қағиданы
ұстанушылардың, əрі бұған Құдайдай сенушілердің айғайын естіп
отырмын. Мен, жауапсыз болып, төлемдерді төлемеңдер, -деп
отырғаным жоқ. Мен, жəй ғана айтып отырғаным: осы кітаптың
кеңесіне көңіл бөліңіз деймін, яғни «алдымен өзіңізге төлеңіз», -деген


ұғымға ғана. Алдыңғы схемада, бұның ақша ағымына қалай əсер
ететіні көрсетілген. Ал келесі схемада, бұл мүлдем басқа түрде
көрсетілген.
Осы идеяны үлкен қиындықпен қабылдайтын, біздің əйеліміз
екеуіміздің, бухгалтерлер жəне банк қызметкерлері арасынан көп
таныс адамдарымыз болды. Еш қаржы саласындағы кəсіби мамандар
да, жұрттың көпшілігіндей өздеріне ең соңында төлейтін еді. Алдымен
бұлар да басқаларға төлейді.
Менің өмірімде, кейбір жағдайларға байланысты, түскен ақша
ағымы, төлейтін төлемдер көлемінен кем болатын. Соған қарамастан,
мен алдымен өзіме төлейтінмін. Бухгалтерлердің зəрелері кетіп: «Олар
сені алуға келеді»«Салық полициясы сені түрмеге отырғызады», «Сізге
енді қайтып кредит бермейді» немесе «Электр жарығын ағытып
тастайды», -деп бақыратын.
-Неге? деп сұрарсыз Сіз.
Себебі: «Вавилонның ең бай адамы» деген кітаптың негізгі түйіні
осы. Өзіңдік тəртіппен, ішкі беріктілік керек. Менің бай əкем,
жұмыстың бірінші айында-ақ «Жұрттың көпшілігі өздерін əркімдердің
мазақ қылуларына көнбіс»-дегенді айтқан болатын. Сізге салық
инспекторы: «Төле! ал төлемесең»деп телефон соғады. Содан кейін
өзіңізге емес, оған төлейсіз. Сатушы Сізге: «мұны өз кредитіңізге
жазыңыз» жылжымайтын мүлік агенті: «қам жемеңіз, мемлекет Сіздің
үйіңізге салық жеңілдігін береді», -дейді. Бұл кітап, өмірде жиі
кездесетін, міне осындай жағдайлар туралы. Осындай жағдайларды
жеңіп шығу үшін, өзіңнен қандай күш-қайрат шығарып, қалай байуға
болатындығы туралы. Мүмкін Сіз мінез жағынан əлсізде емес
шығарсыз, бірақ жұрттың көпшілігі ақша мəселелері жөнінде осындай
босбелбеулік танытады.
Қайталаймын: мен жауапсыз болыңыз, -деп кеңес бермеймін.
Менде кредит бойынша қарыздар жоқ, өйткені мен алдымен өзіме


төлеймін. Мен барлық шығындарды ең төменгі жағдайда ұстаймын,
себебі: мемлекетке барлығын бергім келмейді. Сондықтан, менің
табыстарым корпорацияның активтер колонкасы (бөлігі) арқылы
өтеді. Мен мұны «байлардың құпиясы» бейнепленкасында айтқан
болатынмын жəне бұл туралы осы кітаптың алғашқы тарауларында
жазылған. Мен ақша үшін жұмыс істесем, оны мемлекет алып қояды.
Мен төлемдерді ең соңында төлесем де, ыңғайсыз жағдайларға
килікпес үшін қаржы мəселелерін жақсы білемін. Мен қарызды
болуды жақсы көрмеймін. Менің пассивтер, жұрттың 99 процентінің
пассивтерінен көп, дегенмен олар үшін төлемеймін. Олар үшін басқа
тұлғалар төлейді. Сондықтан Сіз алдымен өзіңізге төлегенде, Сіздің
ережеңіздің бірінші нөмірі, ол қарызға енбеушілік. Мен төлемдерді
соңынан төлегенмен, қарыздарымның болмауын қадағалап отырамын.
Екіншіден, кейуақытта қолма-қол ақшам жетпей қалғанның өзінде де,
мен алдымен өзіме төлеймін. Мейлі, кредиторлар жəне тіпті
мемлекетте ашулана берсін. Маған күрделі ахуалдар ұнайды.
Неге?
Өйткені, кредиторлар маған теңдесі жоқ қызмет көрсетеді. Олар
менің ақша табудың жаңа тəсілдерін іздестіруге тиістейді. Сондықтан,
мен алдымен өзіме төлеймін, ақшаны инвестицияға саламын, кредиторлар
шулай бастайды. Қай жағдайда да оларға жаппай
төлеймін. Біз, əйеліміз екеуіміз абыройсыз емеспіз. Мұндай
қысымдардан
біз
қорықпаймыз,
қарыздарды
төлеу
үшін,
салымдарымызды шашпаймыз, акцияларымызды сатпаймыз, себебі:
қаржылық тұрғыдан алғанда бұл ақылды іс болмаған болар еді.
Сонымен, тұйықтан шығу жолдары мыналар:
1.Сіз қарыздарыңыздың көлемін қатерлі жағдайға дейін
көтерілуіне жол бермеңіз. Шығындарды аз деңгейде ұстаңыз.
Алдымен активтер колонкасын (бөлігін) құрыңыз, содан кейін үлкен
үй немесе тамаша машина сатып алыңыз. «Егеуқұйрық жүгірісіне»
қатысушылық онша ақылды іс емес.
2. Сізде ақша жетпегенде, жағдайдың шиеленісуіне қарсы
болмаңыз, салымдарыңызбен, инвестицияларыңызды сатуға
асықпаңыз. Мұндай қысымдар Сіздің қаржының дарындылығыңызды
оятып, барлық төлемдерді жаппай төлеу үшін, ақша табудың жаңа
жолдарын іздестіруге жігерлендірсін. Соның арқасында Сіз ақшаны
көбейтесіз жəне қаржылық тапқырлығыңызды жетілдіресіз.
Мен бірнеше рет күрделі қаржылық жағдайларға ұшырадым, бірақ
қаржылық тапқырлықтың арқасында, табыстардың жаңа
бабтарын (статьяларын) тауып, активтерімді табанды түрде қорғай
білдім. Менің бухгалтерім үрейлікпен айғай-шу көтеретін, ал мен
кəдімгі солдаттай «Активтер» деп аталатын фортымды қорғаумен


болатынмын.
Кедей адамдардың жаман дағдылары бар. Оның кең тарағанының
бір түрі: «Өз салымдарыңнан ақша алуға болады» деген ұғым. Байлар,
мұндай салымдар тек қана жаңа ақша табу үшін құрылғандықтан,
ешуақытта қозғамайды, төлемдерді төлеуге ешқашанда пайдаланбайды.
Мен түсінемін, бұл күрделі жəне шиеленісті болып көрінуі
мүмкін, бірақ іштей беріктіліксіз, өмірдің қашанда құрбаны боласыз.
Сізге қысым жасау ұнамаса, онда өзіңізге қолайлы жəне тиімді
формуланы табыңыз. Оның бір жақсы мысалы шығындарды
қысқартыңыз, ақшаны банкке салыңыз, ақтамаған үлкен салықтар
төлеңіз, өзара қорлардың зиянсыз активтерін сатып алыңыз, сөйтіп
орта статистикалық азамат болыңыз. Мұндай жағдайда, əрине
«алдымен өзіңе төле» деген ереже бұзылады.
Бұл ереже қаржы мəселелері бойынша, өзіңді-өзің құртушылыққа
немесе тоқырап қалуға соқтырмауы қажет. Бұл ереже алдымен өзіңе
төлегеннен кейін, аш отыр деген сөз емес. Өмір бізге, бақытты өмір
сүру үшін берілген. Барлық қаржылық дарындылығыңызды іске асыра
алсаңыз, бақытты өмір Сізді айналып өтпейді. Онда Сіз бай бола
аласыз да, ештеңеден бас тартпай, барлық төлемдерді төлей аласыз.
Бұл да қаржылық тапқырлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет