Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


Маған Роберт Фростың берген сабағы



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата19.01.2023
өлшемі1.48 Mb.
#61899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Маған Роберт Фростың берген сабағы
Роберт Фрост- менің сүйікті ақыным. Маған оның көп өлеңдері
ұнайтын, ал мынау солардың ішіндегі “Басқа жол” атты өлеңі - ең
сүйіктісі. Бұл өлең күн сайын неменеге үйретеді, мен соны
пайдаланам. Бұл өлең туралы көп ойландым. Үлкен білімді əкемнің
пікірін қабылдамау өте қиынға соқты, дегенмен бұл шешім өз
өмірімнің айқындаушы бағыты болды.
Осыдан кейін менің қаржы туралы окуым басталды. Бай əке, мен
30 жасқа толғанға дейін, отыз жыл бойы оқытты. Ол, бұл оқуды, менің
көбіне-көп басыма кіре бермейтін қағидаларды күнделікті нұқып
түсіндірудің арқасында, оны игеріп шыққаныма əбден көзі жеткеннен
кейін ғана тоқтатты.
Ақша - биліктің бір түрі. Алайда, бұдан да күшті- ол қаржылық
білім. Ақша келеді жəне кетеді. Ақшаның қалай жұмыс атқаратынын
білсеңіз, онда оларды басқара аласыз, бұл байлыққа жетудің алғашқы
жолы. Жалғыз оң көз қарастық жеткіліксіз, адамдардың көпшілігі
мектептен ақша туралы ешқандай білім алып шықпай, ғұмыр бойы


ақша үшін жұмыс істейді.
Менің қаржы туралы оқуым басталғанда, мен 10 жаста ғана едім.
сондықтан бай əкемнің сабақтары жəй қарапайым ғана болатын.
Негізінде менің 30 жыл оқығанымды 6 сабақ ретінде жазып шығуға
болады.
Бұл кітапта: маған кезінде бай əкенің берген сабақтары
қарапайым түрде баяндалған. Мұнда сұраққа жауап берушілік жоқ, тек
қана негізгі принциптері жалпы нұсқаулар берілген, олар əрине, біздің
мынандай мазасыз жəне құбылмалы өмірімізде қандай
өзгерістер болса да, Сіздің балаларынызға бай болуларына
көмектеседі.
Бірінші сабақ: Байлар ақша үшін жұмыс істемейді.
Екінші сабақ: Қаржы туралы білім неге қажет?
Үшінші сабақ: Өз ісіңізді бастаңыз.
Төртінші сабақ: Салықтар қалай пайда болды жəне
корпорациялардың артықшылықтары неде?
Бесінші сабақ: Байлар ақшаны оймен табады. Алтыншы сабақ: Ақша
үшін емес, тəжірибе үшін жұмыс істеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет