Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата19.01.2023
өлшемі1.48 Mb.
#61899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
ІІ Тарау
Бірінші сабақ
Байлар ақша үшін жұмыс істемейді.
- Папа, айтшы қалай бай болуға болады?
Əкем оқып отырған кешкі газетін, ысырып қойды.
- Балам, сен неге бай болғың келеді?
-Себебі, бүгін Джиммидің мамасы өзінің жаңа "Кадиллак"
машинасымен келіп, өзінің отбасын демалыс күндерінде теңіз
жағасындағы үйге алып кетті. Джимми өзімен бірге үш досын қоса ала
кетті, ал Майкл екуімізді шақырған жоқ. Бізге айтқандары: сендер
“кедей” болғандықтарыңнан алмаймыз,- деді.
-Шын ба? -деді əкем сеніңкіремей.
-Ия, рас, -дедім мен өкпелі түрмен. Əкем үндемей басын шайқап,
көзілдірігін дұрыстап қайта киіп, газет оқуын жалғастырды. Ал, мен
ол не айтар екен? -деп күтуде болдым. 1956 жыл. Мен 9 жастамын
болғаны солай, байлардың балаларымен бір мектепке баратынмын.
Біздің қалашығымыз бұрынғы қант плантациясының орнына
салынған. Плантация басшысы, басқа да ықпалды тұлғалар: дəрігерлер,
бизнесмендер мен банкирлер алғашқы алты жылға өз
балаларын осы мектепке беретін, содан кейін, оларды жеке меншікті
мектепке ауыстыратын.
Біз сол мектеп жағындағы көшеде тұрғандықтан, мен осы
мектепке баратынмын. Егерде, біз басқа көшеде тұрғанда, сөз жоқ
тұрмыс-жағдайлары бізбен қатар отбасыларының балалары оқитын
мектебіне жіберген болатын еді. Алтыншы класстан кейін, мен жəне
мен сияқтылар мемлекеттік мектепте оқуымызды жалғастырдық. Біз
үшін жеке меншік мектеп жоқ еді.
Бір кезде əкем газет оқуын тоқтатты. Оның ойланып отырғаны
көрінді.
- Балам, -деді ол ақырын бастап, егер сен бай болғың келсе, онда
саған ақша табуға үйренуің керек.
- Ақшаны қалай табады?, -деп сұрадым мен.
-Өзің ойлан,- деді жымиып мұнысы: “Мен саған ештеңе


айтпаймын” немесе “Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын, мені
ыңғайсыз жағдайға қалдырма”, -дегені Сияқты болып көрінді маған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет