Баяндама тақырыбы: «Бір сан есімінің қолданыс ерекшелігі» Орындаған



Дата21.05.2022
өлшемі26,63 Kb.
#35243

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институты
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы



БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Бір сан есімінің қолданыс ерекшелігі»

Орындаған: Қабдрахим Ұлмекен
КЯиЛ-19-11 3 курс
Қабылдаған: Искакова Ш.К.
аға оқыт., магистр

Қостанай 2022


А.Ысқақов ӨЗ еңбегінде Есептік caн есімдердің ішінде бір сөзінің алатын орны ерекше екенін айтады. Бір сөзі есептік сан есімдерден жана сөздер жасайтын амал-тәсілдердің бәріне түгелдей катысады. Осымен тынбай, бұл сөзден баска қосымшалар аркылы да әр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Сонымен қатар, бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқьілы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Бір сөзінің осылайша әр тарапты больіп келуі оның лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшелігі мол екеніне, қолданылу өрісінің орасан көп және жан-жакты екендігіне әрі көрнекті дәлел де, әрі соларға байланысты.
Бір сөзінен басқа сөз таптарына ауысқан жаңа сөздер жасалуға лексика-семантикальіқ жол да, морфологиялық жол да және синтаксистік жол да жетекші болған. Мысалы:

  • Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді (мақал);

  • Әбіл түн жамылып ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сейфуллин);

  • Бірлік бар жерде - тірлік бар (мақал);

  • Барлық адам теңеліп бірдей болмай, дүниені басқамен теңеп болмас (С. Торайғыров);

  • Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірі сөйле сөзің тосып (Абай);

  • Қой, ешкінің мінезі тез үркеді, үріксе, бірыңғай жапырыла қашады (С. Мұқанов);

  • Қанаушының біржола көзін жойып, жалшы, кедей жайраңдар емін-еркін (С. Торайғыров);

  • Домбыраға қол соқпа шымырлатып бір-бірлеп (Абай) т. т.

Сондай-ақ, бір-бір, бірсін-бірсін, бір-ақ, бір бет; бірегей; біркелкі, бірдеңе; бірнеше; бірсәрі; бір ауық; бірсыпыра; бір талай; әрбір; ешбір; қайбір; қайсыбір; кейбір; т. б.
Бір сан есімі төмендегідей тұрақты тіркестер құрамында кездеседі:

  • бір жасап қалу

  • бір киер

  • бір қайнауы ішінде

  • бір қыдыру жер

  • бір сабақ жіп бермеу

  • бір сөзді

  • бір шөкім

  • бір қайнатым уақыт

А.Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде «бір» санына қатысты қазақ тілінде кездесетін тұрақты тіркестерді келтірген. Тіркестердегі «бір» сөзі сандық мағынада жұмсалған :

  • бір айдам жер

  • бір уыс қылды

  • бір есебін тапты

  • бір аттам

  • бір атым

  • бір ауыздан

  • бір ауызды

  • бір ауық

  • бір аяғы жерде, бір аяғы көрде

  • бір әудем жер

  • бір басқа

  • бір бес күндік жалған дүние

  • бір беткей

  • бір биеден ала да туады, құла да туады

  • бір борандық

  • бір-біріне сеп болды

  • бірге өсіп,біте қайнасқан

  • бірге туғандай

  • бір деген

  • бір елі қалмады

  • бір есептен

  • бір көш жер

  • бір жапырақ

  • бір жұтым

  • бір сәрі

  • бір табан жақын

  • бір сабақ жіп алмады

  • бір қолы он болды

  • бір жақты болды т.б

Сондай-ақ А.Салқынбай «Бір саны өлшемнің басы, таным-түсініктің бастапқы негізі саналады. «Бір» сөзінің бірнеше синонимдік қатары қалыптасқан: дара, жеке, жалғыз, сыңар, дербес, оңаша, тақ, жалқы т.б. Бұл атаулар мәтінде әр түрлі мағынада жұмсалып, «бірдің» ұғымдық және мағыналық құрылымын тереңдетеді », - дейді.
Есептік сан есімдердің өзіндік бір ерекшелігі олар сөзжасам әрекетіне қатысуға бейім тұрады. Бірсыпыра сан есімдер түбір қалпында тұрып, басқа сөз табына көшкен. Мысалы, бір-есімдікке көшкен, белгілі сөзтұлғада үстеуге көшеді ( бірге, бірде, бодан ).
Бір есептік сан есімі уәждеме ретінде қызмет атқарып, бірнеше туынды сөздің жасалуына негіз болған: бірік, бірдей, бірлес, бір-бірлеп, бір-бірімен, бірте-бірте, бірде-бір, бірқалыпты, біркелкі, бірдеме, бірнеше, біраз, біржолата, біршама, бірталай, бір табан жақын, бір тал шаш, бір жасау, бір сырлы, т.б. Осы келтірілген түбірлер, қос сөздер, біріккен сөздер мен тұрақты тіркестің жасалуында бір есептік саны белсенді қызмет атқарған.
Бір адами “мен” және жалғыздық белгісі. Мысалы, мынадай орыс мақалы бар: “Ұрыс алаңындағы жалғыз әскер әскер емес”, мұндағы жалғыз – жалғыз әрі әлсіз”.
Қазақ халқының пікір талғамында бір саны – даралықты, жалғыздықта ғана емес, бірігейлікті, ерекшелікті (бір де болса, бірегей, мыңнан біреу, т.с.с.) білдірген.
Сандар символикасы жайында сөз еткен Қ.Т.Қайырбаева “Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні” атты диссертациясында “бір” саны жөнінде былай дейді: “Бір саны бұл белгілі бір бүтіндік, бірлік және өркениеттік, абсолюттік тыныштық, өмір емес бұл тек Алла мен Ғарышқа тән. Бұл сөзімізге тіліміздегі бір құдайға сыйынды; бір түндік астында түтін түтетті; бір тоға; сегіз қырлы бір сырлы; бір сөзді; бір қалыпты; бір кіндіктен; бір бет; бір бейілді; бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды; он сегіз мың ғаламды бір тарының қауызына сыйғызу т.б. тіркестері дәлел.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет