Баяндама тақырыбы: Оқыту әдістерін ұйымдастыру теориялары



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі67.02 Kb.
#15703
  1   2   3


БАЯНДАМА

Тақырыбы: Оқыту әдістерін ұйымдастыру теориялары


Дайындаған: Мұхитова Гүлдана Сырымқызы, педагогика және психология мамандығының 2-курс магистранты
Тексерген: Шұғаева Гүлшат Қоңыратқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты

2020 ж.

Жоспары:

І. Оқыту әдістері, тәсілдері, құралдары.

ІІ. Оқыту әдістерін жіктеу проблемалары

ІІІ. Оқыту әдістерін ұйымдастыру теориялары.
І. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары

 Оқыту әдістері  ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән мағыналық не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз.

Мысалы, дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының  көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар). Көрнекті құралдардың түрлері: плакаттар, географиялық және тарихи карталар, диаграммалар, кестесі, муляждар, жануарлардың тұлыптары, гербарийлер (кептірілген коллекциясы), табиғи объектілер т.б.

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады – зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде  тәсіл деп түсіндіріледі. Әдіс – оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарланған мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.

Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.

Оқыту әдістері күрделі, көпөлшемді, көпсалалы білім. Сондықтан оқыту әдістері объективті заңдылықтары, мақсаты, мазмұны, принциптері, оқыту  формалары арқылы  көрініс табады. Оқыту әдістерін кеңістіктік модель, кристалл түрінде көрсетуге болады.



 

 



Педагогикалық энциклопедияда  “Оқыту әдістері” – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттері дамиды, - деп жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқыту әдістері оқушылардың қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, яғни оқушалардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын  оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді  білімді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері шындықты  тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытындылады. Осы ережелердің барлығы оқушылар көзқарастарының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде  қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне  оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

“Оқыту әдістері” және “әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі. Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.

Оқыту әдісі белгілі бір жолды көрсететін ұғым, яғни оқушылардың білімді меңгеру және дамуы тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізетін іс-әрекеттің субъектісі, субъектілік ретіндегі қарым-қатынас.

Әдіс пен тәсілдің шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда қолданылады.

Оқыту әдістері дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі, оқыту әдістері білім беру мазмұнын оқытудың жалпы мақсаты және міндеттерімен анықталады. Тұтас педагогикалық процесс барысында оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан бүгінгі күнде оқыту әдістері туралы жаңа ойлауды қажет етеді.
 ІІ. Оқыту әдістерін жіктеу проблемалары

ХХ ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е. Райков, К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.

30-жылдары М.М. Пистрак, П.Н. Шимбирев, И.Т. Огородников оқытудың жаңа әдістерін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.

50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лордкипанидзе оқыту  әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.

50-жылдардың  аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары  Е.Я. Голант, С.Г. Шаполенко, Н.М. Верзилин білім көзін  негізге ала отырып  оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді.

1.       Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.



Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. Әңгімелеуде  талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады.  Әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих сабақтарында  қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды  өз бетінше орындайды.

Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан оқытушы алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл білім алушылардың білімін тақырып  бойынша логикалық бірізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылайша өткізу  оқушылардың  ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің  мазмұнын, өзара  байланысын  анықтауға  талаптандырады. Оқушыларды  болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге  мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің  барлық процесі  өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге  және жинақтап қорытуға  мүмкіндік береді.

Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда  оқушылардың  белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне  сүйенеді, материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың,  заңдардың  мәнін ашады. Материалдарды түсіндіруге  түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде  қолданады, оқушылар баяндау процесінде  мұғалімнің  сұрақтарына  жауап береді, дәлелдеуге тырысады.

Лекция. Басқа әдістерге қарағанда лекцияның көлемі, күрделілігі, логикалық құрылысы жағынан  өзгешелігі бар. Сондықтан лекцияны бастар алдында  оқушыларға нақты сұрақтардан  тұратын оның жоспары ұсынылады. Лекция сұрақтар бойынша логикалық бірізділікпен  баяндалады. Әрбір сұрақтан кейін қорытынды жасалады.  Лекцияда кейбір тың, құнды ғылыми әдебиеттерде  осы уақытқа дейін жарияланбаған мәселелер баяндалады. Сонымен бірге  талас және жалған теориялар жөнінде нанымды түсініктер беріледі. Оқушылар баяндалған  материалдардың мазмұнын, дәлелдемені,  нақты мысалдарды, негізгі қорытындыларды жазып алады.

Кітаппен жұмыс. Оқу жұмысында қолданылатын құралдардың бірі – оқулықтар. Олар білімді тереңірек игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың көмегімен оқушылар сабақта немесе оқудан тыс түрлі жаттығуларды орындайды. Оқушылар мұғалімнің көрсетуімен  білімдерін толықтыру үшін  жаңа ғылыми мәліметтерді  басқа баспа құралдарын іздестіру қажет. Олар: түпдеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, жинақтар, анықтамалар.

2. Көрнекілік әдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау әдістері жатады.



Демонстрация әдісі тәжірибелерді, приборларды, препараттарды, табиғи объектілерді, кинофильмдерді т.б. демострациялауға байланысты.

Иллюстрация әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды көрсетуге болады (плакаттар, карталар, суреттер, таблицалар, схемалар).

Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен бақылау жұмысын жүргізеді. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі  жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады. Бұл әдіс жоғары оқу орнындағы көбінесе физика, химия, биология факультеттерінде кеңінен қолданылады.

3.                     Практикалық әдістер тобы: лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар.



Лабораториялық жұмыстар. Бұл әдістер жабдықталған аудиторияларда  мұғалімнің басшылығымен оқушылар табиғи  құбылыстарды, заттарды зерттейді.

Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады. Жоғары оқу орындарында бұл әдіс жоғарыда айтылып кеткендей  техникалық маңызы бар, яғни физика, химия сабақтарында кеңінен қолданылады.

Графикалық жұмыстар. Олар оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, материалды графика арқылы бейнелеуге үйретеді. Сонымен қатар, олардың  шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамытады.

Өзіндік жұмыс. Озіндік жұмыстар оның тапсырмасы, мұғалімнің  әдістемелік басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз орындалатын жоспарға негізделген өзіндік жұмыстары. Бұл жұмыстарды орындау барысында студенттердің шығармашылық, танымдық іс-әрекеттері дамиды, өздерінің болашақ мамандықтарына ынталандыру  проблемалары шешіледі, ең негізгісі  өзінің уақытын ұтымды ұйымдастыра алады.

Үй тапсырмасы. Студенттердің іскерлік қабілеті, дағдысы үй тапсырмасын орындау процесінде қалыптасады.

М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер жасаған оқыту әдістері жіктеуінен кейбір ерекшеліктерін байқауға болады. Олар студенттердің  танымдық немесе логикалық ойлағыштық іс-әрекетін,  әдістерді топтастырудың негізгісі деп қарастырады. И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың мынадай әдістерін ұсынады:

1.  Түсіндірме – иллюстративті әдіс;

2.  Репродуктивті әдіс;

3.  Проблемалы баяндау әдісі;

4.  Ішінара  баяндау немесе эвристикалық әдіс;

5.  Зерттеу әдісі

Түсіндірме – иллюстративті  әдісті ақпараттық-рецептивті  әдіс деп те атайды, өйткені ол мұғалім  мен оқушылардың  іс-әрекетін бейнелейді.

Мұғалім ауызекі  сөздердің, көрнекі құралдардың, практикалық жұмыстардың көмегімен оқушыға  білім берудің іске асырады. Педагогикалық процесс барысында оқушылар педагогты тыңдайды, көреді, бақылайды, әр түрлі тапсырмаларды орындайды.



Репродуктивті әдіс – бұл әдістің негізгі белгісі еске түсіру және тапсырмасы бойынша іс-әрекетінің тәсілін қайталау болады.

Көрсетілген іс-әрекеттің тәсілдерін және оқушыларға жарияланған білімді бірнеше рет еске түсіру арқылы тапсырмалар жүйесі  бойынша мұғалім олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны  әр түрлі тапсырмалар береді. Түсіндірме – иллюстративті  және репродуктивті әдістері оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен байытады, олардың ойлағыштық операцияларын қалыптастырады. Бірақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың  кепілі бола алмайды.



Проблемалы баяндау әдісі. Сабақта мұғалім тақырып бойынша оқушыларға проблема – сұрақ қояды, проблеманы өзі шешеді. Сонымен бірге оларға шешудің түсінікті ғылыми жолдарын көрсетеді. Проблемалы баяндауға мұғалімнің іс-әрекеті оқушыларға проблемалық  ситуация туғызатын проблемалар сұрақтар қою, танымдық есептер, тапсырмалар беру. Бұл оқушыларды әр түрлі ой-әрекетін орындауға ойландырады.

Проблемалы сұрақтарды қолдануға негізделген тиімді оқыту процесін ұйымдастыру проблемасы баяндаудың мәнін құрайды.

Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс. Бұл әдіс бойынша оқушыларды бірте-бірте проблемаларды өз бетінше шешуге жақындату үшін  алдын-ала зерттеудің жеке кезеңдерін орындауға үйрету қажет. Мұғалім ізденудің жеке кезеңдерін орындау үшін оқушылардың қатысуын ұйымдастырады. Мұны ішінара іздену әдісі дейді. Кейбір әдіскерлер бұл әдісті эвристикалық әдіс деп атайды. Мұғалім тапсырманы құрастырады, іздену кезеңдерін жоспарлайды, проблемалық міндеттерді  жеке проблемаға бөлшектейді, ал оқушылар бұл кезеңдерді орындайды.  Оқушы материалдарды мұғаліммен бірігіп талдайды, оның көмегімен жаңа ұғымның  мәнін ашады.

Зерттеу әдісі еліміздің алғашқы жылдарынан бастап оқыту практикасында кең түрде қолданыла бастады. Зерттеу әдісінің  мәні жаңа проблемаларды шешуге байланысты  оқушылардың іздену, шығармашылық іс-әрекеті  тәсілдерін ұйымдастыру.

Проблеманы өз бетінше зерттеу үшін мұғалім оқушыларға теориялық және практикалық тапсырма береді. Оқушылар бұрын, бірақ  оларға таныс емес проблемаларды шешеді. Басқаша айтқанда, оқушылардың зерттеу жұмысы ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді: фактілерді жинау, бақылау, оларды талдау, жазып жинақтау және т.б.

Зерттеу үшін оларға әр түрлі тапсырмалар беріледі. Зерттеу жұмыстарының  мынандай түрлері бар:

А) оқушылар эксперименті;

Ә) ғылыми экспериментке қатысу;

Б) саяхат және фактілерді жинау;

В) архив мәліметтерін зерттеу;

Г) рефераттар, баяндамалар даярлау;

Д) қосымша әдебиеттерді зерттеу т.б.

Зерттеу әдісі бойынша ауызша және баспа сөздер, көрнекі құралдар, практикалық лабораториялық жазба және графикалық жұмыстар, натуралды объектілер және олардың  шын және символдық бейнеленуі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет