Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет2/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269
 

 

 

© ҚР Жоғары оқу орындарының 

 қауымдастығы, 2012 

© Ізтаев Ə. І. жəне басқалар, 2012 

© «Экономика» баспасы» ЖШС, 2012 



 

3

 



КІРІСПЕ 

 

Дүниежүзінде,  оның  ішінде  Қазақстанда,  астық  жəне  оның 

өнімдері  əр  мемлекет  үшін,  азық-түлік  қауіпсіздігінің  негізін 

құрайды.  Сондықтан  халқымызды  жоғарғы  сапалы  тамақ 

өнімдерімен  қамтамасыз  ету  мəселесін  шешудің  басты  жолы – 

дəнді  дақылдардың  түсімін  арттырып,  дер  кезінде  ысырапсыз 

жинап, ұтымды өңдеп, шығынсыз сақтау жəне тиімді пайдалану. 

Астық  кептіру  жəне  сақтау  барысында  бүкіл  əлем  бойынша 

орта есеппен алғанда, дəндердің 10-15%-ға жуығы шығын болып, 

тіпті,  сақтаулы  өнімдердің  біразының  сапасы  күрт  төмендеп, 

кейде  түгелдей  бүлініп,  пайдалануға  жарамай  қалуға  дейін 

барады. 


Астықты кептіру жəне оны сақтаудың өте жауапты да күрделі 

іс екендігін көп ғасырлық тəжірибе көрсетіп отыр. Біздің елде де 

астық  өнімдерінің  кептірілуі,  сақталуы  барысында  орын  алатын 

шығындарды  азайту  мүмкіндіктерін  толық  пайдаланбауға  жол 

беріліп  қалатындығын,  көптеген  астық  қабылдау  жəне  өңдеу 

кəсіпорындарында  ғылым  мен  озық  тəжірибе  жетістіктері  дер 

кезінде тиімді жүзеге асырыла қоймайтындығын мойындауымыз 

қажет.  Астық  кəсіпорындары  қажетті  кептіргіштер  мен 

сиымдылығы  жеткілікті  қоймалармен  жабдықталуы  тиіс.  Осы 

шараларды  орындау  астықтың  ылғалдылығын  құрғақ  күйге 

жеткізіп, оны жай қоймаларға жəне элеваторлардың силостарына 

жайғастырып, ұзақ сақтауға жағдай туады.  

Қазақстаннның  табиғи  климаттық  жағдайына  байланысты 

астықты  кептіру  мен  сақтаудың  технологиялық  өзгешеліктері 

болады. 

Солтүстік  өлкеде  астық  кəсіпорындары  мен  элеваторларға 

орта  шамамен  жыл  сайын – 70%-дан 90% дейінгі  аралықта 

дəндер  дақылдарды  ылғал  жəне  өте  ылғал  шамада  қабылдайды, 

орталық  өлкеде 35-40%, батыс  өлкеде 20-25%, ал  оңтүстікте  

10-15% дейінгі аралықта болады.  

Астық 

қоймаларының 



технологиялық 

тізбектеріне 

кептіргіштер қажетті өнімділігіне байланысты орнатылады.  

Бүгінгі  кезде  Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік 

лицензиямен  жұмыс  істейтін 210 астық  кəсіпорны  бар,  оның 

жалпы  сыйымдылығы 14 млн.  тонна,  ал  элеваторлар 




 

4

 



сыйымдылығы 56%-ын  құрайды.  Мұнда 509 астық  кептіргіші 

жұмыс  істейді.  Оның 324-і  рециркулияциялы  «Целинная»  атты 

кептіргіші.  Кептіргіштердің  сағаттық  өнімділігі – 20 мың 

жоспарлы тонна. 

Астық  өнімінің  көлемінің  өсуіне  байланысты,  бұрынғы 

шеткей 


жерлерде 

орналасқан 

астық 

кəсіпорындарының 



материалдық 

базасын 


қалпына 

келтіріп, 

жаңа 

астық 


элеваторларын салуды қолға алынды. 

Дəнді дақылдардан өндірілетін ұн, жарма, нан, макарон, ұнды 

кондитер,  өсімдік  майы,  тағамдық  концентраттар,  сыра,  спирт, 

крахмал,  қант  сірнесі  жəне  биологиялық  құндылықты 

қосымшалар тағамдық азықтардың ең маңызды құрамдас бөлігін 

құрайды.  Сонымен  қатар  астықтан  мал  шаруашылығының 

саласына  байланысты  əртүрлі  құрама  жем  шығарылады. 

Сондықтан  астық  дақылдарындағы  пайдалы  биологиялық  жəне 

тағамдық  компонент  заттарды  кедергі  факторлардың  əсерінен 

сақтау  үшін  осы  саладағы  мамандарды  дайындауда,  астық 

кəсіпорындары мен элеваторларда ұйымдастырылып жүргізілетін 

технологиялық  үдерістердің  ең  бастысы  болып  кептіру  мен 

сақтау  жатады.  Осы  екі  үдеріс  астықты  бірінші  өңдеу 

технологиясының  құрамына  кіреді  жəне  олар  бірін-бірі 

технологиялық  жүйеде  толықтырады.  Осы  саладағы  бакалавр-

технолог  мамандарына  бір  пəн  түрінде  таныстыру,  практикалық 

жұмыста  астықты  шығынсыз  сақтаудың  негізгі  заңдылықтарын 

толық білуін қамтамасыз етеді.  

 Астықты кептіруді, шығынсыз сақтауды жəне оның сапасын 

арттыруды  қамтамасыз  етуде  кəсіпорындардың  материалдық-

технологиялық 

базасының 

маңыздылығымен 

қатар, 


сол 

техникалық жабдықтарды дұрыс пайдаланып, өндіріске алдыңғы 

қатардағы  ұтымды  техникалық  шараларды  ендіретін,  сақтау мен 

өңдеу  үдерістерінің  экономикалық  тиімділігін  көздейтін  білікті 

мамандардың  орны  орасан  зор.  Сондықтан  жоғары  оқу 

орындарында дайындалатын жас мамандарға қойылатын талапта 

осы күрделі де жауапты іске сай болу тиіс. 

Қазақ  тілінде  тұңғыш  жарық  көріп  отырған  «Астық  кептіру 

жəне  сақтау  технологиясы»  оқулығының  басты  мақсаты – 

болашақ 


мамандардың 

астық 


кептіру 

мен 


сақтауды 

ұйымдастырудың,  дəндердің  жəне  одан  алынатын  өнімдердің 




 

5

 



сапасын  арттырудың  ғылыми  негіздері  мен  тəжірибелік 

жолдардың толық меңгеруіне мүмкіндік жасап, көмекші болу. 

Оқулық  бұрыңғы  одақ  көлемінде  кең  тараған  орыс  тіліндегі 

басылған  белгілі  оқулықтармен  жəне  оқу  бағдарламалары  мен 

жоспарларына  негізделген.  Оқулықта  əртүрлі  кезде  жүргізілген 

ғылыми  мəліметтер  қарастырылып,  астық  кептіру  жəне  сақтау 

технологиясының  ғылыми  негіздері  мен  жаңа  бағыттарына 

талдау 


жасалып 

қорытылады. 

Сонымен 

қатар 


астық 

зиянкестерінің  сипаттамасына  жəне  оларға  қарсы  күрес  жүргізу 

шараларына жеткілікті көңіл бөлінді. 

Астықты  кептіру  мен  сақтауда  технолог  мамандықтарына 

керекті  теориялық  жəне  практикалық  білім  берумен  қатар 

тəжірибе жүзінде үйренуге көмектеседі. 

Оқулықтың  барлық  бөлімдері  мен  тараулары  Ə.І.  Ізтаевтың 

толық қатысуымен, бірінші бөлімі (Т. Байбатыровтың ІІ, ІІІ, VIII, 

IX, XI, XII) Д.Ш.  Баймұратовтың (III, IV, V, VI, VII, VIII, IX) 

М.Ж.  Кизатованың (XV, XVI, XVII)бірлесіп  орындауымен 

дайындалды.  

Оқулық  туралы  пікірлеріңізді  Алматы  технологиялық 

университетіне 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100 үйге 

жіберулеріңізге болады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет