Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет243/269
Дата24.02.2022
өлшемі9.2 Mb.
#26346
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   269
Қамба күйесі (Tinea granella L.) нағыз күйелер тұқымдасына 

жатады,  əлемнің  барлық  елдеріне  тараған,  аса  зиянды 

жəндіктердің  бірі.  Жаппай  өсіп-өнген  кезде  тонналаған  дəндер 

мен басқа да өнімдерді зақымдап, шығынға ұшыратады. 

Көбелек  денесінің  ұзындығы 8 миллиметрге  дейін  жетеді, 

қанаттары 9-14 миллиметрдей. Алдыңғы қанаттары күмістей сұр 

түсті,  қошқыл  қоңыр  көлденең  жолақтары  жəне  қоңыр  дақтары 

бар, артқы қанаттарының түсі қоңыр немесе сұр, жиегі шашақты. 

Қойма күйесінің ұрғашысы түнде қойма ішінде ұшып жүріп, 

дəндер бетіне жұмыртқа салады. Олар 160 жұмыртқаға дейін сала 

алады. Одан  жұлдызқұрт  пайда болады. Ол  алғашқы  күндерден-

ақ  дəндерді  мүжіп,  эндосперманың  біраз  бөлігін  жеп  қояды. 

Зақымданған  дəндердерді  жұлдызқұрт  торлап  жентектеп 

тастайды.  Дəндер  үйіндісінде  осындай  жентектердің  болуы – 

оның  қойма  күйесімен  зақымданғанының  бірден-бір  белгісі.  Ол 

қарабидайды, бидайды, сұлыны, арпаны, жүгеріні, сояны, кепкен 

жемістер жəне басқаларды зақымдайды. 

Бір  ұрпақтың  өсіп-жетілу  кезеңі  температураға  байланысты. 

13  градуста  ол  бес  айға  созылады.  Оңтүстік  жақта  қойма  күйесі 

жылына 2 - 3 ұрпақ  береді,  көбелектер  ерте  көктемде  жəне  жаз 

соңына қарай ұшып шығады. Екінші ұрпақ жұлдызқұрты қауашақ 

ішінде  қоймаларда  қыстайды.  Олар  əртүрлі  ағаштан  жасалған 

заттардың  жарық,  саңылауларын  паналайды.  Даму  кезеңі 

аяқталмаған  жұлдызқұрт  қауашақсыз  дəндер  арасында  қалып, 

температура 6-8 

о 

С болған жағдайда өліп қалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   269




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет