Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет249/269
Дата24.02.2022
өлшемі9.2 Mb.
#26346
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   269
 

 

114-сурет. Кене 




 

459


 

Тіршілік  түрі  мен  зиян  келтіру  деңгейіне  қарай  кенелер  екі 

топқа бөлінеді. 

Тікелей  дəндер  өнімдерімен  қоректенетіндер:  олардың 

жоғары  жақ  сүйегі  жақсы  дамыған,  сондықтан  да  дəндерді 

кеміріп  жей  алады;  оларға  астық  жəне  түкті  кенелер  тобына 

жатады; 

Тек сұйық қорек қана пайдаланатындар: олардың аузы тесіп-

соратын  болып  бейімделген;  өсімдік  қабығын  немесе  жануарлар 

денесін  тесіп,  кене  олардың  шырынын  немесе  болмаса  қанын 

сорады;  астықта  орналасқан  кенелер  бірін-бірі,  сондай-ақ  басқа 

жəндіктердің 

жұмыртқалары 

мен 


қуыршақтарын 

жеп 


қоректенеді,  мұндай  кенелер  жыртқыш  жəне  құрсақты  кенелер 

үйіріне жатады. 

Кенелер – бөлек  жынысты  жəндік.  Құрсақты  кенеден 

басқаларының ұрғашылары жұмыртқа салады (ұзындығы 0,1 мм), 

домалақ  немесе  сопақша  болып  келеді.  Бірнеше  күннен  кейін 

жұмыртқадан  балапан  кене  шығады,  сыртқы  түрі  ересек  кенеге 

ұқсағанымен денесі одан кіші жəне үш қос аяғы болады. Балапан 

кене  қоректі  көп  жейді,  өсіп,  қабығынан  түскеннен  кейін  

І  нимфаға  айналады,  біршама  уақыт  өткеннен  кейін  ол  ІІ 

нимфаға.  І  жəне  ІІ  нимфалардың  төрт  қос  аяғы  болады  жəне 

денелері құрттарға қарағанда, ірірек келеді. 

Қабығын  тастағаннан  кейін  ІІ  нимфа  ұрғашы  немесе  еркек 

ересек  кенеге  айналады.  Бір  ұрпақтың  өсіп-жетілуі  жағдайға 

қарай екі аптадан бірнеше айға созылады. 

Ұрпақтың  даму  кезеңінде  жағдай  қолайсыз  болса, (ауаның 

құрғақтылығы,  температураның  төмендеуі),  кенелердің  өсіп-

жетілуі  ұзақ  мерзімге  тоқтайды  (диапауза).  Сөйтіп  олардың 

тыныс  арқылы  газ  алмасуы  азаяды,  өсуі,  қоректенуі,  көбеюі 

тоқтайды.  Мұндай  үзіліс  І  нимфадан  кейін  басталады.  Одан  

ІІ  нимфа  орнына  гипопус  шығады.  Гипопус  қимылдайтын  жəне 

қимылдамайтын  болады.  Олар  бірнеше  жыл  бойы  қорексіз 

тіршілік  ете  алады  жəне  қолайсыздықтарға  төзімді  келеді. 

Қолайлы  кез  туғанда  гипопус  қабығын  тастап,  ІІ  нимфаға 

айналады, одан кене шығады.  

Кененің  өсіп-жетілуі  үшін  қолайлы  температура 18-32

о 

С 



аралығы.  Температурасы  он  градустан  төмендесе,  оның  өсуі 


 

460


 

баяулайды. Нөлден төмен түскенде қатып қалады да, осылай ұзақ 

тұрса, онда өледі. 

Кенелер  ауа  мен  өнім  ылғалдығына  да  үлкен  талап  қояды. 

Астық  қорында  оның  ылғалдығы 12% кем  болмағанда  (кейбірі 

20%  төмен  болмағанда)  кенелер  жақсы  өсіп-жетіледі. 

Ылғалдылығы 12% төмен  өнімдерде  кенелер  өліп  қалады, 

ылғалдығы 15-16% дəндер  олар  үшін  қолайлы  орта,  ылғалдығы 

14% төмен дəндерді кенелер зақымдай алмайды. 

Кенелердің  тарайтын  жері  өте  көп.  Олар  қоймаларда,  астық 

өңдеу  кəсіпорындарын,  құрама  жем  зауыттары  мен  олардың 

территорияларын мекендейді. Егіс жағдайында – əртүрлі өсімдік 

қалдықтарына,  қырманда,  оның  маңайында  пішен,  сабан 

маяларына,  кеміргіштер  індерінде,  топырақтың  шөп  басқан 

бетінде  де  тіршілік  ете  береді.  Кенелер  қоймалар  мен  астыққа 

кеміргіштер,  құстар,  жəндіктер  арқылы  түседі.  Сондай-ақ,  жел 

əкелген тозаң, қалдықтармен де келуі ықтимал. 

Астық қорының зиянкес кенелеріне қарсы күрестің маңызды 

шарты  профилактикалық  шаралар  жүйесін  жүргізу  жəне 

қадағалау болып табылады. 

Кенелер  ең  алдымен,  дəндердің  өнгіштігін  кемітеді.  Өнімге 

араласқан  кене  оны  балапан  кене  қабығымен,  нəжісінен,  өлген 

кенелермен ластап, дəндер өнімдерінің иісін, түсін, дəмін бұзады, 

жұқпалы  аурулар  тудырады.  Сонымен  бірге  тыныс  алған  кезде 

жылу  мен  ылғал  бөліп  шығара  отырып,  микроорганизмдердің 

дамуына да қолайлы жағдай туғызады, сөйтіп дəндердің қызуына 

дамуына да қолайлы жағдай туғызады, сөйтіп дəндердің қызуына 

əкеп соқтырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   269




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет