Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Астық зиянкестерін жоюда озонды



Pdf көрінісі
бет267/269
Дата24.02.2022
өлшемі9.2 Mb.
#26346
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269
20.4.  Астық зиянкестерін жоюда озонды  

жəне ионоозонды технологияны қолдану 

 

Дүние жүзінде Қазақстан астық өндіру жағынан ең алдыңғы 



қатарлы  елдердің  қатарына  қосылады.  Астықты  экспортқа 

шығару  жағынан 5-6 орынды,  ал  ұнды  экспорттау  бойынша 1-2 

орынды иеленіп келеді. 

Агроқұрылым  астық  шаруашылығында 5 млн  тонна 

сыйымдылығы бар қоймалар орналасқан, ал астық дайындау кəсі- 

порындарымен  элеваторларында  жəне  өнім  алу  өндірістерінде  

15 млн тоннадан астам астық сақтайтын сыйымдылықтар бар. 

Астық  ору  жəне  дайындау  жыл  сайын  аз  уақытта  өтетін 

болғандықтан,  мол  астықты  шығынсыз  сақтап  тұтынушыларға 

дейін бір жыл жəне одан да көп ұзақ уақыт өтпеуді қажет етеді. 

Осыған  байланысты  астық  зиянкестерінің  зардабын  жою  басты 

мəселелерге айналып отыр. 

Қазақстанның 

астық 


қоймаларында 

жүзден 


астам 

зиянкестердің  түрлері  кездеседі,  соның  ішінде  отызы  көбелек, 

қоңыз тəрізді жəндіктер мен үш түрі сорғыш кене секілділер. 

Бұл  зиянкестер  жыл  бойынша  өсіп  дамитын  болғандықтан, 

жыл сайынғы астық шығынын 10-12%-ға дейін жеткізеді. Шығын 

тек  қана  дəн  дақылдарды  сандық  жағынан  емес,  сонымен  қатар 

сапасын да төмендетіп тастайды. 

Сондықтан  дəн  дақылдарды  жəне  одан  алатын  ұн,  жарма 

өнімдерін зиянкестерден сақтау үшін олармен күресетін ғылыми 

негіздері бар шараларды қолдануымыз керек. 

Қазіргі  кезде  осы  салада  астық  қорын  зиянкестерден  қорғау 

шаралары  жасалынған.  Бұлардың  қатарына  мыналар  жатады: 

инсектоакарицитті,  феремонды,  химиялық  фумиганттарды  т.б. 

қолдану.  Барлық  қолданып  жүрген  əдіс  шараларды  талдау, 

химиялық 

жолдың 


ең 

бастысы 


болғанын 

көрсетеді. 

Инсектицидтерді  қолдану  көп  жағдайда  қиындық  жағдайларды 

туғызады.  Астық  жəне  жасалған  тамақ  өнімдерінде  адам 

денсаулығына зиян беретін қалдықтары қалып, сыртқы қоршаған 

ортаны ластап бұзады. 

Кейінгі  жылдары  традициянық  əдістерді  ауыстыратын  дəн 

дақылдар  мен  оның  өнімдерін  озон  мен  жəне  ионоозонды 

технологиямен  өңдеу  əдістері  жасалынды.  Осыған  орай 



 

479


 

инсектициттерді сатып алу, тасымалдау жəне сақтау шығындары 

болмайды. Озон аз уақыт ішінде оттегі иондары малекуласы мен 

атом иондарына бөктіріп, ондағы зиянды микробтарды жəне жəне 

жəндіктерді уландырып өлтіреді.  

Жалпы  дизенценсия  үдерісін  жоғары  тиімділікпен  белгілі 

озонның  жəне  ионоозонның  консентрациясымен  белгіленген 

уақыт  аралығында  жақын  нəтижелерге  жетуін  болдыратын 

режимдері анықталды. 

Озонды 


жəне 

ионоозонды 

зиянкестерді 

жою 


технологиясынан, артықшылық жақтарына мыналар жатады: 

  Қоршаған ортаны ластамайды, экологияны сақтайды; 

  Астық дақылдарына жəне одан алынатын өнімдері зиянды 

қалдықтардың жəне кумулитивтік əсердің болмауы; 

  Зиянкестердің  толық  жойылуы  жəне  дəнді  дақылдардың 

жəне тұқымның технологиялық қасиеттерінің жақсаруы; 

  Өндіріске  қолдану  қаражатының  басқа  əдістермен 

салыстырғанда  аз  деңгейде  болуы  жəне  технологиялық 

тізбектің оңай түрде құрастырылуы. 

Озон  жəне  ионоозонды  шығаратын  қондырғылар  Алматы 

технологиялық  университетінде  тұңғыш  жасалынып  өндірістік 

сынақтардан өткізілді. 

Астықты  қабылдау  жəне  транспорт  арқылы  тасымалдау 

кезінде иноозонды технологияның қолдаудың маңызы эжекторлы 

тəртіппен  иноозонның  қоспасының  белгілі  мөлшері  мен 

консентрациясын  реттеп,  транспорттерден  астық  норияғы 

құйылған  кезде,  оның  ағымының  бағыты  мен  араластырып 

силостарға салуғы дейінгі уақыт ішінде өңделеді. 

Зиянкестері  бар  астық  ағынын  екінші  рет  ионоозонды 

қоспамен  өңдегенде  оларды  силостың  корпусының  үстіндегі 

транспортер арқылы силостарға толтыру кезінде түсу бағытында 

араластыра өңдейді. 

Осы 

кезде 


силостардың 

ішіндегі 

сақталатын 

дəн 


дақылдардың  арасындағы  ауа  кеңістігі  ионоозонды  қоспамен 

толтырылады.  

Астықпен  толған  силостар  гермсетикалық  түрде  жабылып 

сақауға қойылады. 

Астықты  сақтауға  жайғастыру  алдында  ионоозонды 

технологияны қолдану сызбасы 115-суретте көрсетілген. 




 

480


 

 

 



115-сурет. Астықты силосқа салар кезінде  

иноозонды қоспамен өңдеу технологиясы  

1-китек; 2-ленталы  транспортер; 3-силос  үстіндегі  саңылауы 

аспирациямен істейтін астық түсіргіш арба; 4-қолданатын ауаны 

тазалайтын фильтр; 5-вентилятор; 6-ионоозонатор; 7-ионоозонды 

қоспаны  тасымалдайтын  құбыр; 8-астықты  силосқа  құятын 

құбыр; 9-астық; 10-силос қақпағы; 11-силос. 

 

Ионоозонды  қоспаны  астық  массасына  бағыттап  араластыру 



үшін əмбебапты құбырдың жұмысы атқарылады. 

Бұл жерден ағатын астық массасы оң зарядталады, ал иондар, 

озондар  жəне  ионоозон  қоспасының  ионды  молекулалары  теріс 

зарядталады.  Осының  арасында  физика  заңдылықтары  бойынша 

ионоозонды  қоспасы  астықтың  дəн  дақылдарымен  байланысып, 

электр өрістік əсер алып өңделеді. Астықты таза озонмен өңдеуде 

2,9  а/м

3

-тан 4,9а/м



3

  консентрациясымен 60 мин  толық  өңдеу 

кезінде  зиянды  жəндіктер  жəне  сарофитті  бактериялар  мен 

микроорганизмдер  толық  жойылады.  Ионоозонды  қоспасын 

қолдану  кезінде  консентрациясының  шамасы  ион  бойынша 

1500...3000  бір  см

3

  ішіндегі  саны,  ал  озонның  сəйкес 



консентрациясы 3,5 г/м

3

-тан 1,4 г/м



3

  аралығында  тиімді 

нəтижелер алынады.  

Жəндіктердің  өлуі  алғашқы  өңдеу  кезінде 70...85%-ға  дейін 

болса,  сақтау  кезінің  уақыты 10 күннен  асқын  кезде  толық 

жойылады.  Озонның 6,5 г/м

3

  консентрациясынан  асқан  сайын 




 

481


 

зиянкес жəндіктер толық жойылумен қатар оның тұқымдық жəне 

технологиялық қасиеттері төмендейді. 

Ионоозонды 

қоспа 

консентрациясының 



ұсынылған 

шамаларында  екі  басты  мəселе  бірден  шешіледі.  Біріншіден, 

зиянкестерді  жою  орындалса,  екіншіден,  астықтың  төмен 

сапасын  жоғарылатады,  яғны  астықты  сақтаудың  басты  талабы 

сандық жəне сапалық шығынын болдырмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   269




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет