Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


  Шахталы шағын астық кептіргіштер



Pdf көрінісі
бет94/269
Дата24.02.2022
өлшемі9.2 Mb.
#26346
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   269
10.1.  Шахталы шағын астық кептіргіштер 

 

Бұл типтегі астық кептіргіштердің тұрақты жəне қозғалмалы 



түрлері болады. 

К4-УСА- өнімділігі 10 ж.т/сағ қозғалмалы астық кептіргіші 

Бұл қозғалмалы ЗСПЖ-8 кептіргішінің жетілдірілген моделі. 

Ол,  ЗСПЖ-8  кептіргіші  кезінде  астық  кəсіпорындарымен  астық 

токтарында кең тарап жұмыс істейді. 

К4-УСА  кептіргішінің  барлық  жабдықтары  автомобильдің 

автопринципіне  бекітіліп  жасалған.  Оның  құрамында  мыналар 

орнатылған:  екі  параллель  орнатылған  шахта,  өздерінің  үздіксіз 

кепкен  астықты  шығаратын  механизмі  бар,  пеш,  желдеткіштер, 

нориялары, винттік конвейер жəне басқару пульті. 




 

209


 

Екі  шахта  арасындағы  бөлу  камерасы  жазықтық  қақпа 

арқылы  үшке  бөліп,  шахтада  екі  кептіру  жəне  бір  салқындату 

зоналары пайда болды. 

Бөлу камерасының ішінде қойылған қондырғы арқылы керек 

уақытында  салқындату  камерасына  екінші  шахтаның  төменгі 

қатардығы  коробаларын  да  қоса  алады.  Астық  қабаттарын 

ықпалды  үрлеу  үшін  жалюзді  қораптарды  пайдаланады.  Əрбір 

қатарда 20 қораптан  немесе 19 қораптан  жəне  екі  жартылай 

қораптан  тұрады.  Кептіру  агентін  жеткізетін  жəне  оны 

шығаратын қораптары бірінен кейін бірі бір қатарда орналасқан. 

Кептіру  агентінің  желдеткіштері  прицептің  алдыңғы  жағына 

қойылған,  салқындатып  ауаны  беретін  желдеткіш  прицеп 

рамасының  астына  бекітілген.  Қолданылған  кептіру  агенті  мен 

ауа босататын қораптармен сыртқа шығарылады. 

Сыртқы  атмосфералық  ылғал  мен  жаңбыр  суларын  шахтаға 

түсірмеу үшін босатқыш қораптарды шығару тесіктерін жалюздік 

есіктермен жабады.  

Қондырғының транспорттық механизмдері параллель немесе 

бірінен  соң  бірін  астық  партияларын  екі  шахтада  кептіруге 

мүмкіншілік береді.  

Жаңа астық партиясы шахтаның артқы жағындағы қабылдау 

қорабына  толтырылып,  Г – түрдегі  ожаулы  конвейер  арқылы 

шахтаның үстіне төгіледі. Қабылдау қорабынан астық тік тұрған 

ошаулы  конвейермен  көтеріледі  де,  барабанды  орап  жазықтық 

бетпен  қозғалып,  ожау  ішіндегі  астық  лентаға  түсіп,  шахтаның 

алдыңғы  қабырға  жағына  қозғалып  жетеді.  Осы  жерден  лента 

барабанмен  бұралып,  ондағы  астық  шахтаға  түседі.  Артқа  қарай 

кері қозғалыс кезінде лентадағы ожау үстіңгі шахтадағы жиылған 

астықты  тегістейді.  Артық  астық  ожаумен  жиналып  жеке 

құбырлармен қабылдау қорабына қайта түседі. 

Үздіксіз  шығару  механизмі  шахтаның  əр  бөлгіш  кептіріліп 

шығатын астықтың мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді.  

Кептіру  астындағы  қораптардан  кепкен  астық  прицеп 

астында  орнатылған  көлбеулі,  одан  соң  көлденең  қойылған 

винттік конвейерлерге түседі.  

К4-УС2-А өнімділігі 10 ж.т/сағ қозғалмалы астық кептіргіші. 

К4-УСА 


кептіргішінен 

өзгешелігі 

көлденең 

қимасының 

ұзындығы бойынша жалюзді қорабтар қойылған. 



 

210


 

Шахтаның  шеткі  қабырғаларында  жартылай  қорабтар, 

бүйіріндегі қабырғаларында жалюздері болады.  

 

 



64-сурет. К4-УС2-А астық кептіргіші 

1-  ВВД  желдеткіші; 2-пеш; 3-форсунка; 4-электрмен 

тұтатқыш; 5- отын  өткізгіштік; 6- жалынды  бақылау  приборы;  

7-екінші  кептіру  зонасының  вентиляторы; 8-бірінші  кептіру 

зонасының  вентиляторы; 9-шахта; 10-ожаулы  конвейер;  

11-шығару  қондырғысы; 12-қораптар; 13-винттік  конвейер;  

14-салқындату шахтасының желдеткіші; 15-жалюзы бар есік.  

 

Шығару  қондырғысы  өте  аз  мөлшердегі  кептіргіш  майда 



дəндері партияларды, мысалға рапсты кептіруде өте ыңғайлы етіп 

жасалған. 

Дəндер  ағынның  ішіне  кіргізіліп,  оларды  бөледі  жəне 

ағынмен  шығу  тесігінің  төмен  жағына  дейін  түсіп,  дəндердің 

ұшып  кетуіне  жол  бермейді.  Сонымен  қатар  майда  дəнді 

дақылдарды  кептіргенде,  салқындату  зонасының  желдеткіші 

істен шығарылып, қақпақпен бөлінеді.  

ЗСШ-1 жəне ЗСШ-2 тұрақты астық кептіргіштері.  

Бұл тұрақты кептіргіштердің өнімділігі 1 жəне 2 ж.т/сағ., олар 

бір  кептіргенде  астықтың  ылғалдылығын 20%-дан 14%-ке  дейін 

төмендетеді  (кептіргіштерді  Белгород  қаласында  АҚ  «Луг» 

жасаған). Астық партиялары бұл кептіргіштерде 90-150

С қызған 




 

211


 

ауамен  кептіріледі.  Тұтыну  қуаты  кептіргіштерге  сəйкес 60 кВт 

жəне 120 кВт. 

ЗШН-1 кептіргішінің сыртқы өлшемдері: 2500х4000х1400мм;  

ЗШН-2: 2500х4000х2000мм.  Салмағы:  ЗШН-1 – 1800 кг; 

ЗШН-2 – 1600 кг. 

Тұрақты  астық  кептіргіш – өнімділігі 10 ш.т/сағ.  (Искра 

зауыты,  Кумертау  қаласы,  Баширстан  Республикасы).  Кептіру 

агентің  ретінде  таза  қызған  ауа  мен  отынның  ауамен  жанған 

қоспасы пайдаланылады.  

Кептіргіш сұйық жəне газ отынмен жұмыс жасайды.  

Сыртқы өлшемдері: 3500х3000х80000мм, салмағы – 10000 кг. 

РІ-СЗЖ – тұрақты  мобильді  астық  кептіргіші – өнімділігі 

ылғалдылықты 4%-ке  төмендеткенде 10 ж.т/сағ.  тең  болады 

(жасаушы АҚ «Мельинвеет» Нижний Новгород қаласы). 

Кептіргіштің  плитформасы  бар  жəне  гидравликалық 

көтергіші  мен  телескопиялық  бұйырында  тірегіштермен 

жабдықталған. 

Дизельдік  отынмен  жылу  генераторының  комплекті 

құрылымында жұмыс істейді. Ауа шығыны – 38000 м

3

/сағ., отын 



шығыны – 52 л/сағ. 

Жұмыс 


жағдайындағы 

сыртқы 


өлшемдері – 

21160х2950х11175мм, салмағы - 5500 кг. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   269




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет