Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

6-ншы ереже.
Шолақ «й» дауысты дыбыстардың ғана соңында я алдында 
естіледі, сондықтан дауысты дыбыстардан соң жазылған «и» 
бүтін  «и»  емес,  шолақ  «й»  болады.  Мәселен,  тай,  қой-лар, 
құй-мақ, кій деген сөздердегі «й»-лер бұл ережеге теріс сияқты 
көрінер  «и»  жазылмайтын  бас  буындар.  Мәселен,  «қыйсық» 
деген сөзде шолақ «и» дауыссыз «қ»-ның соңынан келіп тұр. 
Олай болғаны бас буында бүтін «и» жазылмағандықтан.
Бас буыннан басқа орындарда «и» ұзын естілген жерлерге 
екі «и» жазылады, тіпті ұзын естілген орындарға үш «и» жа-
зылады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, шолақ «й»-лердің астын 
сызып көрсетіңдер.
8
 «ы» бас буыннан басқа жерде шолақ «й»-дің алдында бір буынның ішінде келсе
бітеу болса да, қалмай жазылады.

38
Бай  байға  құяр,  сай  сайға  құяр.  Ауызы  қыйсық  бол са  да, 
байдың  ұлы  сөйлесін.  Ақшалының  қолы  ойнар,  ақшасыздың 
көзі  ойнар.  Байғұстың  ауызы  асқа  тисе,  мұрны  қанайды. 
Кедейдің  бір  асағаны  –  шала  байығаны.  Тату  болсаң  балдай 
бол, араз болсаң тұздай бол. Айырылайын деген тамыр ердің 
артқы  қасын  сұрайды.  Көз  ауырса,  қолың  тый.  Ит  жүйрігін 
түлкі сүймес. Айналдырған ауру алмай қоймас. Ұры байымас, 
сұқ семірмес. Жаманменен кеңессең, алдайды дер, жаман ат-
пен су кешсең, жалдайды дер. Күңге күле сөйлесең, көйлегіне 
жамау сұрар. Аталы сөзді арсыз қайырар, жүйелі сөзді жөнсіз 
қайырар.
7-нші ереже.
А,  о,  ы  дыбыстары  жіңішке  естілетін  сөздердің  алдына 
дәйекші (ء) қойылады. Бұл дыбыстар жіңішке естілсе де, дәйек- 
ші қойылмайтын сөздер: к, г, е кіріскен сөздер.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп «ء» қоярлық сөздердің 
алдына дәйекші қойыңдар.
Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде қол 
тимейтін ісім бар. Иесі семіз, аты арық түз жұтынан сақтасын; 
қатыны  семіз,  ері  арық  үй  жұтынан  сақтасын.  Баланың  сөзі 
батпандай, келіннің сөзі кетпендей. Ағаны көріп іні өсер, апа-
ны көріп сіңлі өсер. Атасы басқа аттан түс, аталасым атқа мін. 
Түбі бірге түтпейді. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір 
сөз.  Өзі  білмес,  білгеннің  тілін  алмас.  Бір  көрген  біліс,  екі 
көрген таныс. Түсі қара болса да, іші сара. Ит жеңгенін талай-
ды. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес; адамның өзі өлсе де, 
ісі  өлмес.  Білімсізбен  алыспа,  текке  өмір  тауыспа.  Құста  сүт 
жоқ, жылқыда өт жоқ. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. 
Жібек асырай алмаса жүн болады, қыз асырай алмаса күң бо-
лады. Бала, баланың ісі шала. Інісі бардың тынысы бар. Сенікі, 
менікі  деген  көңіл  тарлығы,  әрі  жат,  бері  жат  деген  төсек 
тарлығы (бұлар дәйекшісіз жорта қате жазылған).
8-нші ереже.
«ـي» сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда 
«هـ» жазылады. Мәселен: ерке, кереге, терезе,келеке
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, (*) қойылған жерлерге 
тиісіне қарай ـي ،هـ ،ه харіфтерін қойыңдар.

39
Өсекке
9
  кірмесе,  есепке  кірмес.  Сүтпен  кірген  мінез  сүй- 
екпен  бірге  кетер.  Ер  басына  күн  түссе,  етігімен  су  кешер. 
Берсең – аларсың, ексең – орарсың. Еңкейгенге еңкей басың 
жерге  жеткенше.  Біреу  тойып  секіреді,  біреу  тоңып  секіреді. 
Бақ-бақ  еткен  текені  қар  жауғанда  көрерміз,  батырсынған 
жігітті жау келгенде көрерміз. Көп жүрген білмес, көп көрген 
білер. Өнерді үйрен де жирен. Өнерлі өрге жүзер. Білмегенді 
үйрету  –  жерге  соқа  сүйрету.  Келбеті  келгеннен  кеңес  сұра. 
Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жа-
мандар сөзді өзіне келтірер. Я еріншек өлер, я көңілшек өлер. 
Өткен іске өкінбе. Бекерден Тәңірім безер. Төртеу түгел болса 
төбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Ер шекіспей 
бекіспес. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Есітпеген 
елде көп, есек мінген сартта көп. Көк ит жеңбес, көп ит жеңер. 
Көрмес түйені де көрмес. Ел жоқта құрбақа көл менікі дер, ер 
жоқта жамандар ел менікі дер.
Қ һәм Һ дыбыстары
Кей орында «қ» дыбысы «ғ» болып өзгереді. Ондай орында 
айтылуынша  «ғ»  харфін  жазу  тиіс.  Ақ-ағы,  бақ  -  бағы,  сақ  - 
сағы.
Істің  ағы  білмес,  жігіттің  бағы  білер.  Иттің  сағы  жақсы. 
Аяқ – аяғынан, таяқ – таяғынан. Келіннің аяғынан, қойшының 
таяғынан.
Кей  орында  «к»  дыбысы  «г»  болып  кетеді  Ондай  орында 
естілуінше  «г»  харфін  жазу  тиіс.  Етік  –  етігі;  Етігі  жаман 
төрге шықпас. Еңбек – еңбегі, өнбек – өнбегі. Еңбегі молдың 
өнбегі де мол.
«Қ»  һәм  «һ»  дыбыстар  һеш  уақытта  жіңішкермейді  яғни 
жіңішке айтылмайды.
«К»  һәм  «г»  дыбыстар  һеш  уақытта  жуандамайды  яғни 
жуан  айтылмайды,  сондықтан  бұл  дыбыстар  тон  дыбыстар 
деп аталады.
9
  Қазіргі  жазуға  көшірілгенде  (*)  қойылған  жоқ,  е  әрпі  өз  орнында  жазылды.  Ал 
түпнұсқада е әрпі келген жерлерде арабша үш түрлі таңбаның қайсысын жазу керектігін 
сынау үшін «*» таңбасы қойылған (Құраст.).

40
Сөз тұлғалары
Сөздер  тұлғасына  қарай  беске  бөлінеді.  1)  Түбір  сөз;  
2) Туынды сөз; 3) Қос сөз; 4) Қосалқы сөз; 5) Қосымшалар.
1. Түбір сөз дегеніміз – бастапқы мағынасындағы, бастапқы 
тұлғасындағы сөз, мәселен: бас, тac, шаш, қол.
2. Туынды сөз дегеніміз – бастапқы тұлғасы да, мағынасы да 
өзгерген сөз, мәселен: бастық, тастақ, шашақ, қолтық.
3. Қос сөз дегеніміз – қосарынан айтылатын сөздер, мәселен: 
аяқ-табақ,  киім-кешек,  төсек-орын,  жүн-жұрқа,  бақа-шаян, 
құрт-құмырсқа, түйе-мүйе.
4. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағынасы кем басқа 
сөздің маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз, мәселен: да, 
ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
5. Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буын-
дар; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай 
бөлек  айтылмайды  да.  Сондықтан  бұлар  қосымшалар  деп 
аталады.  Қосымшалар  екі  түрлі:  біреулері  жалғанған  сөзінің 
тұлғасын  ғана  өзгертіп,  мағынасын  өзгертпейді;  екіншілері 
жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. 
Сондықтан  бастапқы  қосымшалар  тысқарғы  жалғаулар  я 
тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жал-
ғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті  болу  үшін  мысал  келтірейік.  Алалық,  «жылқы» 
деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» де-
ген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да қосып 
байқайық:  қайсысы  жалғау,  қайсысы  жұрнақ  болып  шығар 
екен.  Жылқы-жылқы-шы,  жылқы-жылқының,  «жылқышы» 
дегенде  сөздің  бастапқы  тұлғасы  да,  мағынасы  да  өзгерілді 
яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, 
адамның  есімін  көрсетеді.  «Жылқының»  дегенде,  сөздің 
тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының» 
деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан 
мәлім  енді  болды:  «-шы»  қосымша  жұрнақ  екендігі,  «-ның» 
қосымша жалғау екендігі.
Жалғау  аз,  жұрнақ  көп.  Жалғау  түбір  сөзде  де,  туынды  
сөзде  де  болады.  Жұрнақ  түбір  сөзде  жоқ,  туынды  сөздерде 
ғана болады.

41
Сөз жазуының жалпы ережесі
һәр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғаулары- 
мен бірге, тұтас жазылады, бірақ үзетін харіфтер келген жерде 
үзіледі (үзетін харіфтер: а, д, з, р, о, ұ, е).
2. Қос сөздердің арасы сызықша (–)-мен айырылып жазыла-
ды (аяқ-табақ, киім-кешек).
3. Қосалқы сөз бөлек жазылады.
4.  Жұрнақтар  барша  сөзге  қосылып  жазылады.  Жұрнақ 
ішіндегі дүдәмал естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазы-
лады.
5. Жалғаулар. Түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жа-
зылады. Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары дүдәмал болса, «т» 
жазылмай, «д» жазылады.
Жұрнақтар түбір сөздің, жалғаулар түбір һәм ту ынды сөздің 
аяқ дыбысының түріне қарай өзгеріліңкіреп жалғасады.
Жұрнақтар
1. Жұрнақ «-лық». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я 
жарты дауысты дыбыс болса яки «р» бол са осы «-лық» күйінде 
жалғанады.  Мәселен:  бала-балалық,  жay-жаулық,  қу-қулық, 
жабы-жабылық, бай-байлық.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, жұрнақ -лық өзгеріліп, 
-дық  болып  жалғасады,  мәселен:  қымыз-қымыздық,  хаж-
хаждық, сал-салдық, қом-қомдық, хан-хандық, аң-аңдық.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, -лық, жұрнағы -тық 
болып  жалғасады.  Мәселен:  қап-қаптық,  жұрт-жұрттық, 
аш-аштық, жас-жастық, сақ-сақтық.
Жіңішке  сөздерде  «-лық»  орнына  «-лік»,  «-дық»  орнына  
«-дік», «-тық» орнына «-тік» болып жалғасады. Мәселен: ер-
ерлік,  ел-елдік,  тең-теңдік,  ерке-еркелік,  кедей-кедейлік,  көп-
көптік.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-лық»  жұрнағын 
жалғатып туынды сөз еткізу.
Бас,  қас,  мұрын,  ауыз,  ерін,  тіл,  қабырға,  арқа,  тері,  өкпе, 
бел, тамыр, сан, тізе, балтыр, өкше, ұлтан, ата, ұл, аға, іні, апа, 
жиен, күйеу, бажа, құда, жігіт, қарт, шал, ас, су, шөп, от, ине, ат, 
жорға, айғыр, бұқа, қошқар, ит, қасқыр, түлкі, маймыл, ай, күн, 

42
жарық, қар, құйын, жыл, шілде, күз, түс, түн, күміс, төс, ала, 
сау, батыр, қу, жақын, зор, игі, жаман, тірі, нашар, қатты, семіз, 
жауыз, рас, ірі, қисық, сұлу, көркем, әдемі, мықты, жуас, ұяң, 
әңгі, монтаны, қиын, паң, аңқау, нас, салақ, шапшаң, таз, бос, 
дұрыс, тура, соқыр, сараң, тоқ, мас, сұм.
2. Жұрнақ «-шы». Бұл жұрнақ жуан-жіңішке сөздерге бірдей 
жалғанып,  бірдей  жазылады,  бірақ  жуан  сөзде  жуан  айтыла-
ды,  жіңішке  сөзде  жіңішке  айтылады.  Мәселен:  мал-малшы, 
ел-елші, жылқы-жылқышы, түйе-түйеші, алау-алаушы, егін-
егінші.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-шы» жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу.
Аң,  өлең,  нан,  үй,  пеш,  аяқ,  қазан,  темір,  көмір,  қырман, 
орақ, ат, бие, сиыр, балық, ойын, жыр, домбыра, қобыз, сыр-
най, арба, қарауыл, отын, шалшық, алтын, күміс, сыр, балта, 
бата, ара, етік, тігін, ой, той, төсек, өтірік, қала, базар, бас.
3. Жұрнақ «-шыл». Бұл жұрнақ та жуан-жіңішке сөздерге 
бірдей  жалғанып,  бірдей  жазылады,  жуан  сөздерде  жуан  бо-
лып айтылады, жіңішке сөздерде жіңішке ай тылады. Мәселен: 
қазақ-қазақшыл,  жетек-жетекшіл,  қара-қарашыл,  күн-күн-
шіл, қайғы-қайғышыл.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-шыл» жұрнағын 
қостырып, туынды сөз істету.
Тер, кір, жер, қайың, төл, кек, есеп, ауыл, су, қымыз, жұрт, 
соқа,  аян,  өсек,  жетек,  уайым,  тәуекел,  ырым,  амал,  қызыл, 
өзім, өзге, ойын, шын, басқа, ертең, бүгін, еркін, тор, көп, тәсіл, 
әдіс.
4. Жұрнақ «-лас». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы да уысты я 
жарты дауысты дыбыс болса яки «р» болса, осы «-лас» күйінде 
жалғасады.  Мәселен:  қора-қоралас,  ау-аулас,  ай-айлас,  ақы-
ақылас, сыр-сырлас.
Түбір  сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса  «-лас»  орнына  «-дас» 
болып  жалғасады.  Мәселен:  жол-жолдас,  мұң-мұңдас,  қан-
қандас, ым-ымдас, тұз-тұздас.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лас» орнына «-тас» 
болып  жалғасады.  Мәселен:  от-оттас,  тап-таптас,  ошақ-
ошақтас, қос-қостас, борыш-борыштас.

43
Түбір сөз жіңішке болса, «-лас» орнына «-лес», «-дас» ор-
нына «-дес», «-тас» орнына «-тес» болып жалғасады. Мәселен: 
төбе-төбелес, көл-көлдес, жер-жерлес, тілек-тілектес, шек-
шектес, шөп-шөптес.
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-лас»,  «-лес», 
«-дас», «-дес», «-тас», «-тес» жұрнақтарын жалғатып туынды 
сөз еткізу.
Бас,  бауыр,  бу,  тізе,  өкше,  ата,  қайын,  құда,  тоғай,  сабақ, 
табақ, су, егін, туыс, заман, әріп, қарын, тұқым, қара, әлек, одақ, 
ақыл, пайда, жарна, қырман, соқа, үн, жайлау, суат, көңіл, бата, 
аяқ, отан, ру, енші, ен, таңба, ірге, сыбай, ұл, өріс, құдық, тек, 
дәм, олжа, аман, тілеу, от, шабын, қоныс, бөлік, сыбаға, кіндік.
5. Жұрнақ «-лы» – түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауы-
сты дыбыс болса яки «рң болса, осы «-лы» күйінде жалғасады. 
Мәселен: бала-балалы, тay- таулы, тай-тайлы, қар-қарлы.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лы» орнына «-ды» бо-
лып  жалғасады.  Мәселен:  мал-малды,  саз-сазды,  мұң-мұңды, 
сан-санды.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лы» орны на «-ты» 
болып жалғасады. Мәселен: caп-сапты, ат-атты, тac-тасты, 
құлақ-құлақты, бұрыш-бұрышты.
Түбір  сөз  жіңішке  болса,  жұрнақтар  да  жіңішке  болып 
жалғасады. Мәселен: шеге-шегелі, түйе-түйелі, тіреу-тіреулі, 
кегей-кегейлі, үрей-үрейлі, тек-текті, жел-желді, жер-жерлі, 
күш-күшті, ес-есті.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лы» жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу. Кісі, адам, дене, бас, шаш, сақал, 
самай, иек, мұрт, маңдай, кеуде, жүрек, бүйір, қарын, тамыр, 
тізе,  табан,  тобық,  ата,  ана,  аға,  іні,  күйеу,  жаға,  етек,  тон, 
мақта, ет, қымыз, айран, су, шөп, тары, сұлы, жуа, ағаш, мойыл, 
үй, томар, жылқы, жорға, құлын, бота, шағала, аң, аю, қасқыр, 
балық, ақша, бүйі, май, сүмбе, құндақ, алтын, күміс, ақыл, ес, 
үміт, сана, саңылау, қайғы, ашу, құла, күрең. 
6. Жұрнақ «-лау» – түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауы-
сты дыбыс болса яки «р» болса, осы «-лау» күйінде жалғасады. 
Мәселен:  бала-балалау,  қара-қаралау,  may-таулау,  сұлу-сұлу-
лау, тар-тарлау, жар-жарлау.

44
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лау» ор нына «-дау» 
болып жалғасады. Мәселен: шал-шалдау, паң-паңдау, аз-аздау, 
шын-шыңдау.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лау» ор нына «-тау» 
болып  жалғасады.  Мәселен:  ақ-ақтау,  жас-жастау,  аш-
аштау. Түбір сөз жіңішке бол са, жұрнақ да жіңішкереді: «-лау» 
орнына  «-леу»,  «-дау»  орнына  «-деу»,  «-тау»  орнына  «-теу» 
болып жалғасады. Мәселен: көне-көнелеу, ірі-ірілеу, кір-кірлеу, 
семіз-семіздеу,  кең-кеңдеу,  кем-кемдеу,  төмен-төмендеу,  көк-
көктеу, сирек-сиректеу. 
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лау» жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу.
Жаман,  меңіреу,  батыр,  ер,  қу,  сұр,  сары,  кедей,  жақын, 
жуық, үлкен, зор, өткір, биік, ескі, қызық, сасық, бүкір, қалың, 
жұқа, ыссы, суық, керең, терең, жылтыр, тегіс, жақсы, қымбат, 
алыс, ұзын, арзан, нашар, сұйық, ащы, жауыз, ерке, бұзық, тіке, 
қысқа, шолақ, көркем, жуас, ұяң, жеңіл, оңай, ылас, ылай, жас, 
ұсақ, аласа, салақ, нас, сақау.
7. Жұрнақ «-сыз». Бұл жұрнақ түбір сөзге һәман осы күйінде 
қосылады. Жуан сөзге қосылса, жуан бо лып айтылады, жіңішке 
сөзге  қосылса,  жіңішке  айтылады.  Мәселен:  құлақ-құлақсыз, 
иек-иексіз.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-сыз» жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу.
Бас, аяқ, қол, жол, пұл, жем, жең, тек, тең, ем, жел, көл, бет, 
еп,  ат,  қой,  түйе,  мал,  ет,  сүт,  сорпа,  нан,  жан,  ел,  күн,  бала, 
жала, қала, қора, албар, ау, тау, бота, жота, күй, ін, ой, от, құт, 
бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, түр, төл, түп, тол, түк, жіп, мұң, сан, 
тон, дақ, дәт, дәм, дәме, мін.
8.  Жұрнақ  «-ғы».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  осы 
«-ғы» күйінде жалғасады. Мәселен: бұрын-бұрынғы, ар-арғы, 
соң-соңғы. Түбір сөз жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» бола-
ды.  Мәселен:  кеше-кешегі,  бүгін-бүгінгі,  кейін-  кейінгі,  төме 
-төменгі.
Қатаң  дыбыстардан  кейін  жуан  сөздерде  «-қы»  бо лып, 
жіңішке сөздерде «-кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-артқы, 
сырт-сыртқы, түп-түпкі, шет-шеткі.

45
9.  Жұрнақ  «-еке».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөзге  жалғаспай 
сызықпен  бөлініп  жазылғаны  қолайлы:  «еке»  деген  жұрнақ 
-еке деген сөзден азып болған сөз: би-еке, төре еке, батыр-еке, 
Нұр-еке, әке-еке, аға-еке, шеше-еке.
10. Жұрнақ «-ншы». Бұл жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан 
айтылады, жіңішке сөзге жалғасса, жіңішке болып айтылады. 
Мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтын-
шы,  жетінші,  сегізінші,  тоғызыншы,  оныншы,  жиырмасын-
шы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші, 
сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-ншы»  жұрнағын 
қостырып, туынды сөз еткізу.
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он 
сегіз, он тоғыз, жиырма тоғыз, отыз сегіз, қырық жеті, елу алты, 
алпыс бес, жетпіс төрт, сексен үш, тоқсан екі, бір жүз, он мың, 
жүз мың, жүз он, жүз жиырма.
11. Жұрнақ «-у». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты ды-
быс болса яки жарты дауысты «у» болса, осы күйінде бір «у» 
болып  жалғанады.  Мәселен:  қара-қарау,  аса-асау,  өте-өтеу, 
бу-буу.
Түбір сөздің аяғы дауыссыз дыбыс яки жарты дау ысты «у» 
болса, «-у» жұрнағы екі уу болып жалғасады. Мәселен: ат-ату, 
қи-қиюЕскерту. Түбір сөздің аяғы «ى» болса, «у» жұрнағы бо-
лып қосылады. Оның мәнісі мынау: «у» дыбысының алдында 
«ы» дыбысы келсе, «-у»-мен тұтасып, «у» сияқты айтылады. 
Мәсе лен: оқы-оқу, тоқы-тоқу.
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-у»  жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Ал, ұр, саба, қорық, күре, адас, сүз, ас, иле, тез, ауна, қайт, 
оқы, тоқы, сүрт, ұлы, өлше, құр, сөйле, сыз, шірі, қалғы, сау, 
тый, ти, жи, ой, істе, тіле, жу, бу, қу, ту.
12. Жұрнақ «-ғыш». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я 
жарты дауысты дыбыс болса яки ұяң ды быс болса, осы «-ғыш» 
күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санағыш, оқы-оқығыш, cay-
сауғыш, бу-буғыш, тай-тайғыш, ал-алғыш.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-ғыш» ор нына «-қыш» 
болып жалғасады. Мәселен: айт-айтқыш, man-тапқыш, бақ-
баққыш, бас-басқыш, аш-ашқыш.

46
Түбір  сөз  жіңішке  болса,  «-ғыш»  орнына  «-гіш»  бо лып, 
«-қыш»  орнына  «-кіш»  болып  жалғасады.  Мәселен:  сөйле-
сөйлегіш, бер-бергіш, сүрт-сүрткіш.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-ғыш» жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Үр, көр, күрес, сақта, мақта, жық, таста, баста, тер, көр, қақ, 
жақ, кір, сүрт, сас, асық, таңда, өлше, нан, кеп, теп, қара, кейі, 
бұйы, қый, мүжі, қары, қу, жу, бу, ой, қой, той, сой, же, де, тіле, 
кес, тес, ес, шаш, қаш, шеш, таң, жан, сал, бол, сол, құла, қала, 
қаз, бар, жар, көм, ем, ен, ер, жи, тый, қый, ій, ти, тұт, жорт, 
қыз, аз, жыр.
13.  Жұрнақ  «-ғын».  Бұл  жұрнақ  та  «-ғыш»  сияқты  түбір 
сөздің  түріне  һәм  аяғына  қарай  «-қын»,  «-кін»,  «-гін»  болып 
жалғасады.  Мәселен:  қу-қуғын,  аз-азғын,  қаш-қаиіқын,  mac-
тасқын, көш-көшкін, жүр-жүргін.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-ғын»  жұрнағын 
жалғатып, түбір сөз еткізу.
Ac, көр, төк, түр, тарт, жұт, ұр, сау, жет, күт, өр, қыс, шақ, 
жек, төз, шап, қат, тап, той, тол, қыр, үз, бақ, бүр, соқ, сат тай, 
оз, от, сол, ту, жырт, кес, сөз, шаш, айт, ат, ау, қой, қос, күл, тық, 
түс, ек, ер, ақ, бат, сүрт.
14.  Жұрнақ  «-к».  Бұл  жұрнақ  түбір  сөз  жуан  болса,  осы 
«қ» күйінде жалғанады, жіңішке болса, «қ» орны на «к» болып 
жалғанады. Мәселен: аш-ашық, тес-тесік.
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөзге  «-қ»  жұрнағын 
қостырып, туынды сөз істету.
Ал, сал, ас, ал, төз, көр, кір, біл, сез, сыз, шірі, бөл, бер, сау, 
қыты, жет, ой, тіле, сасы, өксі, қада, қыс, жап, боя, біт, қаз, жар, 
ұш, сүй, сын, қат, кез, тес, тол, ұза, қатыр, кекір, оз, жұл, таң, 
түсін, бұз, бұйыр, ес, жаз, жап, тіл, жүз, иле, түкір, төле, үз, сол 
жырт, жай, кес, отыр, ау, жас, жара, жина, суы, тұр, құс.
15. Жұрнақ «-ақ». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «ақ» 
күйінде, жіңішке болса, «-ақ» орнына «-ек» болып жалғанады. 
Мәселен: тұр-тұрақ, кес-кесек.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-ақ» жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу.

47
Жат, қос, қорық, сүз, жұл, бол, жет, көм, тап, ор, аш, от, құм, 
шаш, айт, ат, ій, шеш, көн, жүр, құш, қон, ұл, жат, қап жіп, көп, 
көн, түп.
16. Жұрнақ «-ыс». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан бол са жуан 
айтылады,  жіңішке  болса  жіңішке  айтылады.  Мәселен:  бар-
барыс, кел-келіс.
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-с»  жұрнағын 
жалғатып, туынды еткізу.
Ал, бер, жүр, тұр, айт, қон, тарт, ту, ат, жап, сау, бүр, біл, соқ, 
қақ, таны, жүқ, той, біт, шал, кір, шық, көр, тап, жұт, бөл, үр, ти, 
жек, төз, жат, ұқ, қара, жу, бақ, жұл, тала, жон.
17. Жұрнақ «-м». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан бол са, жуан 
айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен: aттa-
аттам, тіcтe-тістем.
Дағдыландыру.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-м»  жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз істету.
Ат, сал, жар, бел, кел, кет, ас, қос, тарт, сұқ, соқ, кес, от, күт, 
же, жаз, жыр, тіл, қала, байла, ора, іш, шайна, түт, жұт жай, 
сық, қыс, төз, қайт, қада, өлше, іл, үз, шаныш, тақ, түрт, сыз, ол, 
сүйе, сүйке, жала, тат, ақ, тек, сау, түс.
18. Жұрнақ «-нды». Бұл жұрнақ та жуан сөзге жалғанса жуан 
болып,  жіңішке  сөзге  жалғанса  жіңішке  айтылады.  Мәселен: 
қос-қосынды, кес-кесінді. 
Дағдыландыру. Төмендегі өздерге «-нды» жұрнағын жал-
ғатып, туынды сөз істету.
Қу,  бу,  ту,  жұу,  бас,  ас,  тас,  ақ,  жақ,  тақ,  ұқ,  тық,  ек,  төк, 
жүгір, сат, қайт, сүрт, шық, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр, ой, 
қуыр,  ор,  шақыр,  қаз,  боя,  тап,  жат,  түкір,  жібер,  семір  түрт, 
шеш, байла, тала.
19. Жұрнақ «-ма». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты 
я жарты дауысты дыбыс болса яки «р», «л» болса, осы «-ма» 
күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санама, тасы-тасыма, ту-
тума, сау-саума, жай-жайма, қыр-қырма, сал-салма.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-ма» орнына «-ба» бо-
лып жалғасады. Мәселен: жаз-жазба, оң-оңба, жон-жонба.
Түбір сөздің аяғы қатаң болса, «-ма» орнына «-па» болып 
жалғасады.  Мәселен:  бас-баспа,  ат-атпа,  ақ-ақпа,  жап-
жаппа, аш-ашпа.

48
Түбір сөздер жіңішке болса, «-ма» орнына «-ме», «-ба» ор-
нына  «-бе»,  «-па»  орнына  «-пе»  болып  жалғасады.  Мәселен: 
кер-керме, іл-ілме, ій-ійме, кез-кезбе, көм-көмбе, кес-кеспе, ек-
екпе.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет