Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»


“Қыз  Жібектің”  қысқаша  әңгімесі



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

“Қыз  Жібектің”  қысқаша  әңгімесі

Бұрынғы өткен заманда, Жағалбайлы деген елдің ішінде

22

 

Базарбай деген бай болады. Мұның Төлеген, Сансызбай деген 



екі баласы болады. Базарбай елден асқан даңқы зор бай болса 

да  балаларына  жас  күнінен  қыз  айттырмайды:  әрқайсысы 

ержеткен соң өзінің өнерімен таңдаған қызын алсын дейді. 

Төлеген жасына жетіп, жігіт болған соң маңайдан өзіне тең 



137

қыз қарастырады. Ешкімді ұнатпайды. Сөйтіп жүргенде бір 

алыс елде Қыз Жібек деген сұлу қыз бар деп, атағын естиді. 

Қыздың  салтанаты  мен  түрі  елден  асқан  өзгеше  болып 

естіледі. Ол да күйеу таңдап, ешкімді менсінбей жүргенін 

естиді де, Төлеген соның атағына құмар болып, талай жүз 

жылқы айдап, қыздың елін іздеп, жүріп кетеді. Арада көп 

заман жүреді, жол бойында жақсы қыз бар деп көрсеткен 

жұрттың  бәріне  іркілместен  сый  беріп,  мырзалық  даңқын 

шығарып отырады.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы сияқты ақылшысы болып 

жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Соған үлкен сый 

беріп, кісілігін танытады. Қаршыға Төлегенді ертіп алып Қыз 

Жібектің көшінің соңынан түсіп, қарындасын көрсетпекші бо-

лады. Көш бойында талай сұлу көрінеді. Төлеген әрқайсысын 

Қыз Жібек пе деп ойлайды. Жібек қыздардың ішінде бол-

мапты.

Ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге жүзін 



көрсетпей  жеке  кетіп  бара  жатады.  Қаршыға  мен  Төлеген 

артынан қуып жетеді. Ағасы тілек етіп, жүзіңді көрсет дейді, 

Қыз Жібек бір-ақ рет ашып, Төлегенге қарайды. Бір-екі ауыз 

қалжың айтысады, екеуі бір-біріне ұнайды.

Ақырында Төлеген — күйеу, Жібек — қалыңдық болып, 

талай заман қызық дәурен сүріп тұрып қалады.

Бір мезгілдер болғанда Төлеген ел есіне түсіп, бір барып 

қайту керек дейді. Жолы қиын, алыстықтан қорқып, Жібек 

қыз құдайдан оң сапарын тілеп, көп қоштасып, аттандырып 

салады.  Төлеген  келесі  жылы  жазға  салым  қызбен  бірге 

келмекші болады.

Еліне аман-есен келіп, бір талай уақыт тұрып, Төлегеннің 

әкесі  кеткенін  қабыл  көрмейді.  Енді  жібермейтін  болады. 

Баласына  “Барма”  деп  жарлық  етуден  басқа,  ел-жұрттың 

барлығына хабар шашып: “Төлеген кететін болса, бір адам 

ермесін” дейді.

Сонымен  жүргенде  жаз  болып,  құстың  алды  келе  ба-

стайды.  Төлеген  уәдесінен  кешіккенін  біліп,  қалыңдығын 

сағынып,  қайнына  жол  тартпақшы  болады.  Шешесі  мен 

інісі  зарлап,  жылап:  “Кетпе”  дейді,  Төлеген  тоқтамайды, 

жалғыз-ақ інісіне қайын жұртының жөн жолын айтып: “Мен 

кешіксем, іздеп тап” дейді.



138

Сол бетімен жолда бірнеше заман жүріп, Жібектің елінің 

шетіне тақалғанда Сарқамыс деген бұлақтан мұның алдын 

тосқан жау шығады. Бұлар Қыз Жібектің елінен, сол қызға 

құмар болып арманда қалған жігіттер екен. Жат елден келіп, 

Төлеген алған соң бұған кекті болып, жолын тосып өлтірмекші 

екен. Бастығы Бекежан деген болады. Сарқамыста бұларға 

кездескен соң Төлеген соғыс салады. Көп болса да алғызбай, 

қайрат көрсетеді.

Бірақ Төлеген көппен соғысып жүргенде Бекежан жалғыз 

қамысты бетіне алып, садағын кезеп, аңдып отыр екен. Өзі 

нұсқағаны құр кетпейтін мерген екен, сол Төлегенді атып 

жығады.

Төлеген жалғыз жатып, зарлап, аспаннан ұшқан қаздарға 



мұңын шағып өледі. Бекежан Төлегеннің көк жорғасын мініп 

Қыз  Жібектің  аулына  келеді.  Жібек  сұмдықтың  болғанын 

біліп,  Төлегенді  Бекежан  өлтірді  деп  ағаларына  шағады, 

ағалары Бекежанды өлтіреді.

Қыз Жібек жары өлген соң қапа болып, ешбір дүниеге 

алаң болмай, соны жоқтаумен, қайғырумен күндерін өткізеді. 

Төлегеннің  жолына  жанын  салғандықтан  Жағалбайлыдан 

біреудің  келуін  күтеді.  Төлегеннің  інісі  Сансызбайды 

жоқтайды. Бір әмеңгері сол болған соң, соған қосылуды ар-

ман етеді. Бұл уақытқа дейін ағасы кешіккен соң, Сансызбай 

іздеп шығып еді. Жібектің еліне о да келіп жетеді. Бірақ бұл 

уақытта Жібектің еліне қалмақтың ханы келіп, көп қолымен 

қамап алып, Жібек қызды аламын деп жатқан.

Сансызбай келген соң, Жібекпен уәде байласып, ауыл көш-

кенде қалмақ ханының атына Жібек мініп, екеуі бірігіп алып, 

Жағалбайлыға бет қойып қашады.

Қалмақ артынан жабылып қуады. Сансызбай тосып алып, 

қалмақтың ханымен жекпе-жек жасайды. Бұл уақытта Қыз 

Жібек мойнына шылбыр салып, тілеу тілеп отырады. Сан-

сызбайды қалмақ өлтірсе, буынып өлмекші болады. Бірақ, 

қалмақты Сансызбай алады. Ханын өлтірген соң, артынан 

келген қолды да қырады. Содан кейін көңілдері жайланып, 

жеңгесімен екеуі Жағалбайлыға қарай жүріп кетеді.


139

“Қыз  Жібек”  әңгімесінің  мәнісі

Қазақтағы  ел  поэмасының  екінші  бір  мысалы  —  “Қыз 

Жібек”. Жалпы поэма атты әңгімелі өлеңдер, елдің арнаулы 

салтын, әдет заңын, дүниеге көз қарасын, ұғымын білдіретін 

әңгімелер  десек,  “Қыз  Жібек”  те  сондай  ел  тіршілігінің 

көлемді  айнасы  болғандықтан,  көңілдегідей  жақсы  поэма 

деп саналады.

Біз  “Қозы  Көрпешті”  қарастырған  уақытта,  ол  поэма 

қазақ тағы көшпелі салтты білдіреді, сондай салт, сондай әдет 

заңы ның ортасында туып-өскен адамның дүниеге көзқарасы 

қандай, махаббат сезімін бағалау, бақыт, жақсылықты айыру 

қандай,  сондайларын  көрсетеді  дегенбіз.  “Қозы  Көрпеш” 

көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген ескі өмірдің сұлу табысы 

деп баға бергенбіз. Қазіргі “Қыз Жібек” те сондайлық ел сал-

ты, ел ескілігінің бір табысы. “Қыз Жібек” әңгімесінде қазақ 

сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы 

әйел турасындағы әдет-заң сол заман еркегі мен ұрғашысына 

қаңдай ұғым берген? Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде 

ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қараған? Өз 

өмірінің мағынасын не деп түсінген? Соның өмірден күтерлік 

қызық сәулесі, үміт тілегі қандай күйде болып қалыптанған? 

“Қыз  Жібек”  әңгімесі  осы  жайларға  жауап  бергендей  бо-

лады. Ескі заманның әйелі ескі заңның арқасында дүниеге 

бүгінгіден бөлек, ерекше көзбен қараса, сол заманның еркегі, 

сол заманның барлық қауымының да көз қарасы сол болған. 

“Қыз Жібек” әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің 

дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. “Қыз Жібек” 

әңгімесінде ерте бір замандағы қазақ жастарының тіршілігі, 

қазақ жасының жақсы деп баға берерлік бір қызықты өмірі 

баян етіледі. Сол әңгіменің орта жерінде тұратын адамдар: 

жар таңдаумен өскен, жөпшеңді жігітті менсінбей, тәкәппар 

болып жүрген сұлу Қыз Жібек.

Екінші адам сол қызды алыс елден іздеп келіп, сұлулық, 

естілігімен жеңіп алатын Төлеген.

Әңгіменің  ішіндегі  суреттелген  қыз  бен  жігітті  алсақ, 

бұл екеуі де өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол 

көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген елдің заңын, заң ұғымын 

ұғым қылып тұтынған адамдар.



140

Осы жағынан қарағанда, Төлеген өз заманындағы қазақ 

ортасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен жігіттің 

үлгісі. Бұрынғы қазақтың түсінуінше қатын алатын шақ — 

әрбір жігіт тің жігіттік ерлік өнерін сынайтын кез болады. 

Баяғы замандағы ескінің айтқан: “Қатынды не ел шауып, егер 

қылып жаттан аларсың, не ағаңды өлтіріп, жеңгеңді аларсың” 

деген  сияқты  сөзі  бергі  заманға  шейін  қазақ  жігітіне  сын 

есебінде айтылған бір сөз болған. Баяғы ескі заманның ба-

тыр атын алған жігіт, қатынды бұрынғының батырлық үстіне 

қиын-қыстау сапарда табатын болса, одан бергі заманның 

жас жігіті сол қатын алатын шаққа жеткенде бір кедергі, бір 

бейнет сияқты, қауіп-қатер сияқты қиын, өткелі тар, кешуі 

көп жерлерден өтіп барып алуға керек болған. Бұндай хал бір 

өңірдің серісі, мырзасы, жақсы жігіт болған жастарға әсіресе 

міндет сияқтанған.

Төлеген елден асқан атақты Базарбайдың баласы. Ержет-

кенше  қыз  айттырмай,  әкесі  де  өз  таңдауымен  алсын  деп 

келген,  сондықтан,  ол  ержеткен  соң  күндегі  амандық, 

тыныштықтың  бәрін  бір  күнде  артына  тастап,  тіпті  алыс 

жолда, тіпті қиын қияда тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздеп 

шығады. Албырттық, жастық шаққа, сезім билеген қиялшыл 

шаққа жасырынға, көмескіге ынтық болатын мезгілге Төле-

геннің Қыз Жібекті іздеп шығуы әбден сияды.

Мұның жүрісі өзінше батырлық жүрісіндей, тәуекел жүріс. 

Бейнет пен қатерге жақсы жары үшін әдейі белін буып шыққан 

жүріс. Махаббат қандай шарттың арасында шын махаббат бо-

лып, қандай күйлердің ортасында туып-өсетінін әбден ұғына 

білген ел қиялы екі жастың сезім күйін күшейтіп, махаббатын 

жарас тырып, қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан 

бастайды. Енді Төлеген іздеп шыққан, ынтық болған Қыз 

Жібектей сұлуы кім? Ол қай алуан адам? Соған келейік. Қыз 

Жібек те, Төлеген сияқты өз заманының барлық жас әйелінің 

сұлу үлгісі, тұтас сұлу жыры сияқты сезімді жас Қыз Жібек 

пішінінде,  қазақтың  ертегіде  жырлайтын  сән-салтанаты, 

қызық-рақат ортасында өсетін ерек сұлуының мінезі, салты 

бір көрінсе, бұдан соң, әсіресе, айқын көрінетін сол замандағы 

нық орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы.



141

Қыз  Жібектің  Төлегенді  сүюі  анық.  Сыртқы  әңгімелеу 

ретінде, бұның тағдыры Баяннан бөлек болса да, мұндағы 

махаббат сол Баян махаббатының дәрежесіне жетерлік, өзінше 

бір заңдарға бойсұнған махаббат.

Бұның бойсұнған ерекше заңы, қазақ елінің жесірлік сал-

ты дедік. Төлегенді өзге көп құмар жігіттің ішінен таңдап 

алғанда Қыз Жібек жалғыз жүргендігіне қарамай, өкінішсіз, 

қалтқы сыз сүйеді. Соны шын көңілімен сүюмен, сағынумен 

жүрген уақытта Төлеген өледі. Осы оқиғадан соң Қыз Жібек 

жүрегінде махаббаттың екінші бір түрі шығады.

Бұл түрі бүгінгі махаббат жайын сұрайтын адамдардың 

ұғынуынша,  бүгінгі  өнерлі  Еуропа  ұғынуынша  жат  түр. 

Мұндай махаббат болмайтын да сияқтанады. Бірақ қазақтың 

сол замандағы тұрмыс заңын, салтын еске алсақ, сол заң мен 

салтқа анық бойсұнып өскен адамдардың көзімен қарасақ, бұ 

да махаббат екені даусыз. Бұл “Қыз Жібектегі” махаббаттың 

екінші сатысы. Қазақ махаббатының өзгеден ерекше бір алу-

аны, ерекше түрі.

Қыз Жібек басында Төлегенді сүйгенде оның бір басын 

ғана сүйіп қойған жоқ. Ол махаббаттың келешек қызықты 

күнін  сол  Төлеген  шыққан  рудың,  сол  шыққан  ауылдың, 

аймақтың  ішінде  болады  деп  есептеген.  Қазақтың  салты 

бойынша,  өзін  Төлеген  руының  мүлкі  деп  есептеп  өскен. 

Бұның келешектегі күні Төлегеннің ауданымен, ауылымен 

байланысқан махаббаты ауданды, көлемді махаббат. Бүгінгі 

ғана  бір-ақ  жанды  сүйіп,  сонымен  тоқтап,  тойып  қалған 

махаббат  емес,  келешектегі  келін  болған,  жеңге,  бәйбіше 

болған заманның барлығын бірдей сүйіп, сол күнді іштегі 

махаббаттан басқа, сол руға тиісті болған намыспен сүйген, 

сондықтан Төлеген өлген күнде, ол Сансызбайды Төлегенді 

жоқтағандай жоқтайды.

Сансызбай келгенде бұрынғы жоқтағаны тіріліп келгендей 

көреді. Артында басы бос, жетіп отырған қайнысы болған соң, 

өз жары өлмегендей болады. Қайыны өз күйеуімен бір ата, 

бір анадан туған соң, Төлегеннің жарты денесі сияқтанады. 

Тіріліп келген аруағы, суреті сияқты болады.


142

Сондықтан оған бұрынғыдай құмар көңілмен қосылып, 

жа растықты  тіршілік  етпек  болады.  Бұл  бақытсыз  болар 

еді, Сансызбай жоқ болса, Төлегеннің артында Сансызбай 

болғандықтан,  жесір  қалған  қалыңдық  бақытсыз  емес. 

Сансызбайдың басына қатер таянған күнде мойнына шыл-

быр салып, өлмекке дайын болып отырған — Қыз Жібектегі 

махаббат шын махаббат екенін және сол махаббат бір атаның 

баласына түгел арналған толық махаббат екенін білдіреді. Бұл 

әңгіме өзгеге өте жат болса да, қазақ құлағына бұл күнге шейін 

жат емес. Қазақ көзіне шын махаббат сияқты көрінуінде шүбә 

жоқ. Ол адамдардың мінезі мен ісі, қиялы мен сезімі қалың 

елдің көпшілігіне ұғынымсыз жат нәрсе болса, сол уақытта 

әңгімелеуші адасқан болады. Ондай ел ұғымына жат келетін 

әңгіме жайылып, тарамайды. Жоғалып та кетеді.

“Қыз Жібек” әңгімесі, қазақ елінің әз рухы, өз қанынан 

шыққанына осы күнге шейін елдің өзі куә. Осы күнге ше-

йін  бір  қазаққа  Қыз  Жібектің  Сансызбайды  сүйіп,  соған 

тиюі өрескел көрінген емес. Олай болса, бұл әңгіме қазақ 

елінің өзгеден бөлек табиғатымен, өзгеден бөлек ұғымынан 

туғандығына дау жоқ. Сондықтан мұны да Баяндай, қазақ 

тіршілігі туғызған махаббат жырының бірі дейміз.

Қыз  Жібек  әңгімесінің  негізі  ескі  замандағы  ел  әде-

биетінің ертегі сияқты қара әңгімесінен алынған. Бері кел-

генде, өлең өлшеуіне салып, суретті әңгімеге айналдырып, 

поэма  қылып  шығарған  —  Жүсіпбек  қожа

23

.  Бұл  күнде 



қолымызда  ескі  “Қыз  Жібек”  әңгімесі  жоқ.  Сондықтан 

алғашқы  тұлғасы  қандай  еді,  оған  өңдеуші  Жүсіпбек 

қанша жаңалық қосты, қанша өзгертті, ол туралы біз еш 

долбар жасай алмаймыз. Бірақ бұл күнгі қолда отырғанын 

сынағанда байқалатын нәрсе: “Қыз Жібек” ел әдебиетінің 

ішінде жазбаның романы сияқты көрінеді. Бұдан бұрын біз 

қарастырған ел әңгімесінің қай-қайсы болса да, бұрынғы 

заманда  болып  өткен  бір  адамның  өмірі  мен  ісін  алып, 

соны ұлғайтып, әңгіме қылып, соны қиялдайтын, мысалға 

баяғының  батырларын  алсақ,  солар  да  ойдан  шығарған, 

қиял туғызған адам емес. Дәл әңгімеде жыр қылған ерлік 

сияқты қасиеттері түгел болмаса да, соған ұқсаған іс пен 



143

мінездері  болған.  Соны  ел  қиялы  көтеріп,  түрлеп  жыр 

қылып әкеткен.

Осы ретпен “Қыз Жібек” әңгімесін алып, болған оқиғадан 

шыққан ба, жоқ қиял туғызған әңгіме ме деп қарастырсақ, бұл 

өзге әңгімелерден басқарақ көрінеді. “Қыз Жібек” бұрынғы 

батырлар  әңгімесі  сияқты  жортуылшы,  жорықшыл  ердің 

әңгімесі. Бұл тарихи дәуірге де келмейді. “Қозы Көрпеш — 

Баян” сияқты әңгімеден де бұның басқарақ жерлері бар. “Қозы 

Көрпеш” көп елге жайылғанда анық болған әңгіме болып 

жайылған. Бүгінгі Жетісудағы бейіті ертеде Қозы Көрпеш 

деген  адамдардың  болғанына  куәлік  айтып  тұр.  Бұрынғы 

ел  ортасына  жайылған  қара  әңгіменің  көбі  ертегі  болса, 

Қыз Жібек оған да ұқсамайды. Олай болса, бұл әңгіме өзге 

ескіліктің бәрінен бөлек.

Ескі сөздің ішінде роман үлгісімен шыққан, басқа жұрт 

әңгімелеріне  ұқсаған  бір  түр  болады.  Түр  ұқсастығына 

қарағанда қай елдің қандай әңгімелеріне келеді? Меніңше, 

Қыз Жібек араб, парсының ғашықтар әңгімесіне ұқсайды. 

Қазақтың өлеңінде: “Біреуі жеті ғашық Сейпүлмәлік, кітаптан 

ғашықтығын көрдім анық” деп айтатын Сейпүлмәлік әңгімесі 

Қыз  Жібек  әңгімесіне  азырақ  жұғын  берген  сияқты.  Шы-

нында, Төлегеннің Қыз Жібек деген сұлу қыз бар деп атағын 

естіп,  ғашық  болып,  белгісіз  алыс  жолға  құмартып  іздеп 

шығуы, Сейпүлмәліктің Бадығұлжамал деген пері қызының 

суретін  көріп,  ғашық  болып,  іздеп  шығуына  аз  да  болса 

ұқсағандай болады. Бірақ бұл ұқсастық бойынша бар әңгімесі 

“Сейпүлмәлікше” келеді демейміз. Бұл сөз азырақ ұқсастық 

жайын ғана айтқан мөлшер сөз.

Анығында, Қыз Жібектің басы күншығыс ертегілерінше ба-

сталса да, қазақ өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, 

осындай мінез бен істі туғызатын шарттың бәрі жоғарыда 

айтқандай анық болған. Соңғы заманға шейін жігіттің қыз 

қарап, қыз таңдап шығуы болып та келеді. “Қыз Жібек” өзге 

жұрттың  әңгімесіне  романша,  ертекше  басталғандығымен 

ұқсайды. Бірақ тағы да айтамыз, солай басталуы қазақтың өз 

тұрмысынан да туып кетуі мүмкін.


Осымен бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, 

ол  —  басталуында  ғана.  Одан  кейін  әңгіменің  құрылысы, 

ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі, ісі, барлығы 

да  түгелімен  нағыз  қазақтың  өзінікі.  Өзге  жұрттан  келген 

азырақ  мәдени  жұғын  болса,  о  да  жат  тәрізді  емес,  қазақ 

салтына табиғи оқиға сияқты көрінеді.

Әңгіме ішіндегі қыз, Бекежан, Қаршыға, Сансызбайлар, 

барлығы да баста айтқандай, қазақ елінің, қазақ салты мен 

қалпының бел баласы.


145

IV  б ө л і м



ТАРИХИ  ӨЛЕҢДЕР

Ел ескілігінің бір алуаны — тарихи өлеңдер. Бұл уақытқа 

шейін біз қарастырған әдебиет жұрнақтарынан тарихи өлең-

дердің бөлінетін бір үлкен айырмасы бар: бұдан бұрынғы 

ескілік кейде әңгімелі өлең туғызса, кейде ел салты мен ел 

сезімінің әр түрлі ауыр-жеңіл күйлерін шығарса, барлығында 

белгілі мезгілге, белгілі орынға байланбаған еркіндік бар. 

Даланың желіндей, кезіне қарай шалқып есіп, кейде ілгері, 

кейде  кейін  кететін,  ел  өмірінің  арнаулы  мезгілімен  нық 

байланудың орнына тарихтың ұлы шеңбер, көмескі дәуірінен 

болымсыз ғана белгі беретін. Ол өлеңдерді меңгеріп, билейтін 

көңіл күйі, ақындық қиялы болатын. Оларға қарағанда, та-

рихи өлең ел әдебиетінің жаңа бір ағымы, жаңа түрі сияқты.

Тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып 

өткен тарихи оқиғадан туады. Пәлен жыл мен пәлен жылдың 

арасында болған тарихи дәуірдің жыры. Сол дәуірде арнаулы 

оқиғаның қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан 

кешкен өмір, қолымен істелген істің жыры болады. Тарихи 

өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге аты белгілі, жалпақ 

елге  қадірлі,  сүйікті  адамдар.  Сол  адамдардың  істеген  ісі, 

беттеген мақсаты, көптің өміріне қозғау салған әсері, көптің 

аузында неше алуан әңгіме болып қалады. Бұл әңгімелердің 

көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көзі көргеннің әңгімесі.

Сондықтан  сөзі  мен  суреттерінің  шындығы  көбінесе 

даусыз.  Сондайлық  тарихи  оқиғалар  өз  тұсында  көпке 

жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың 

қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға. 

10–1248


146

Оқиға өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жо-

ғалмайтын болады.

Бұл күнгі қазақ ескілігінен бізге қалып отырған тарихи 

өлеңдердің барлығы да осы жолмен туып, өскен.

Бірақ  қазірде  тарихи  өлеңдерді  қарастырудан  бұрын 

айтатын бір сөз: бізде бұл күнге шейін барлық тарихи өлең 

жиналып болған жоқ. Нағыз тарихи өлеңдерінің басталған 

кезі  Абылай  заманынан  бері  қарай  деп  санасақ,  қазірде 

Абылайдың өз жорығын баяндаған өлеңдер, онан соң Сы-

рым қозғалысын айтатын өлеңдер

1

 біздің қолымызға тиген 



жоқ. Баспаға шыққан өлеңдері жоқ шығар деймін. Жалпы 

тарих өлеңдері, өз санына қарағанда, ескі батырлар өлеңінен 

аз  болмауға  керек.  Бірақ  бұл  күнде  қолдағысы  Кенесары, 

Исатай,  Бекет  өлеңдері  болғандықтан

2

,  тарихи  өлеңдері 



турасындағы жалпы сөзді осы айтылған екі-үш өлеңге қарай 

топшылаймыз.

Әуелі  бұл  өлеңдерді  бас-басына  қарастырудан  бұрын, 

осыларды туғызған тарих, дәуір туралы біраз айтып кетпей 

болмайды.  Себебі  бұл  өлеңдерді  туғызған  ел  тіршілігінің 

тарихы, тарихта орын алған ұлы оқиғалар. Сол себепті тарих 

өлеңдерін толық ұғу үшін алдымен солардың мезгілін, сол 

заманның шартын білу керек.

Қазақ  әдебиетінің  тағдыры  тарихи  өлеңдерге  шейін 

қазақтың қалың елінің тағдыры сияқты болып келген. Онда 

әлеуметтік бағыты, әлеуметтік мақсаты жоқ. Не туса да қиял 

мен сезімінен, таза ақындық қуатынан туған. Барлық әдебиет 

бір арнаулы жолға түсіп, барар жерін белгілеп, “көпті түзеп, 

көпті бастаймын” деген талапты ойламаған кезі. Ол әдебиеттің 

заманындағы елде: “Қайда барамын, не тілеймін, кім бола-

мын?” деген сұрауларды өзіне қоймаған ел болатын.

Сарыарқаның желіндей еркін ел, жайын даланың киігі мен 

құланы сияқты ықтиярлы ерке болатын. Ол заманның тарихы 

да көмескі, күңгірт.

Тарихи өлеңдердің тұсында сол қазақтың өмірі көлеңкелі 

күңгірттен  күнес  күнгейге  шыққан  сияқты.  Бұрынғыдай 

емес, ендігі қадалып қараған көзге бадырайып анық көрінетін 

сияқты болады.


147

Бұрынғы  заманда  құмды,  шөлді  даланың  жайын  қуаты 

сияқты болып жүрер қазақ елі, сол шаң мен желдің ішінде, 

көптен шырғалап тартып, күтіп жүрген тосқауылға ілінеді. 

Артқы өмірі асусыз тау, өткелсіз су сияқты белгісіздік кезең-

нің  астында  жатса,  мына  заманда  тарихтың  асу  кезеңіне 

шығып, бергі бетке қарай құлаған сияқты болады. Тарихта 

бұл екі дәуірдің жапсары Әбілқайыр, Тәуке, Қайып, Абылай 

хандардың

3

 заманына келеді. Бұл дәуірдің басы — 1723 жыл-



ғы ақтабан шұбырынды. Екінші сатысы: орыс сияқты шет 

жұртқа бағынуға айналып, елдің алдында “темір ноқта мен 

қайыс  ноқтаның”  таңдауы  шыққан  заман

4

.  Ақыры  орысқа 



бағынып, ноқтаға бас иіп, асаудың жуасып, алыптың басылған 

уақыты болады.

Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір 

жағынан қалмақ сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, 

екінші: Орта Азия хандықтарының қысымшылығы, үшінші: 

орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, 

осымен бірге тағы бір зор себеп, қазақтың өз хандарының 

алалығы. Өзара жаулық пен араздық, өштік күшейіп, бірін-бірі 

жауламақ үшін әрқайсы кез келген жұрттан көмек іздеп, елін 

әр айғырдың үйіріне сіңіруге айналғандығы. Осындай көп 

себептер тұтасып, ел тіршілігі, бір шым-шытырық мезгілге 

жеткенде, орыс үкіметінің шеңгелі қомағайлықпен созылып, 

қазақ даласын уысына кіргізіп әкетіп бара жатты.

Орысқа бағыну, елдің алдына ұсынған сыбағалы табақтай 

болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірі мен әдебиеті 

тарихында осы дәуірден қалған белгілер көп.

Бұл дәуірдің әдебиеті сол кездегі жұмбақ күнге жеткен 

елдің  алдында  түрған  құздан,  алдында  тұрған  қайғылы 

күннен қорқып, қобалжып тұрып, ыңыранып, күрсінген күйін 

білдіреді. Не болса да артқа қайтар күн жоқ. Өлімге кетсе 

де алға кететін болған соң, артқы бостандық, бірлік күніне 

қоштасқан мезгілі.

Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасы-

нан шығады. Абылай маңына жиналады. Себебі сол аласа-

пыран дәуірде қалың елдің “қайрандап жан қала ма” деген 

“Қазықұрттай” үміті, жалғыз ғана Абылай басында қалған 



148

болатын


5

. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп 

бір араға жиған Абылай болатын.

Бұлай болса, кейінгі заманда туатын үлкен тарихи оқиғалар 

мен сол оқиғалардың тарихи жырлары түгелімен Абылай за-

манынан суат алады. Қазақтың жат елге бағынбай өз елдігін 

сақтап қалып, іргесін бөлек салуы, Абылай заманынан бері 

қарай XIX ғасырдың ортасынан ауғанға шейін, жаңа саяси 

бет сияқты болады.

Бірақ ол кезде қазақ елі бала еді. Орыс үкіметі әрі қу, әрі 

мықты еді. Сондықтан Абылай тілегі іске аспады. Ел бағынды. 

Бұрын  орысты  құбыжық  көріп,  сене  алмай,  бағынбаймын 

деп  жүрген  ел  бағынған  соң  не  көрді.  Көргені  көп.  Бұл 

дәуірдің барлық оқиғаларын жылдан-жылға бөліп қарау біздің 

міндетімізге кірмейді.

Тарихтың дәл суретімен толығырақ танысамын деген кісі 

болса,  қазақ  тілінде  шыққан  Халел  Досмұхамбетұлының

6

 



“Исатай — Махамбет” жырының басына жазған баяншысы 

мен Қошмұхамбет Кемеңгерұлының “Қазақ тарихынан” деген 

еңбектерін қарап өтсін дейміз

7

. Біздің міндетіміз сол дәуірдің 



әдебиетіне  түскен  ізін  қарастыру  болғандықтан,  тарихи 

дәуірдің ұлы суретін ғана қысқаша айтып өтеміз.

Абылай заманынан бастап жоғарыда саналған екі-үш тари-

хи өлеңдерді туғызған оқиғаларға шейін өткен мезгілді алсақ, 

бұл дәуір жүз жылдай уақытқа созылады. Осы жүз жылдық 

дәуір қазақ өмірінің барлық суретін өзгертіп, бар өмірін екінші 

салаға түсіріп жіберді. Бұл уақытта елдің ескі өмірінде болған 

өзгерістер бірінші: бұрын жаман, жақсы болса да, өзінің ханы 

билеп, өз бетімен өмір сүрген ел, бері келгенде әуелі ханнан 

айырылды. Бұрынғы хан елдің өзгеден бөлек бір тіршілігінің 

белгісі сияқты болса, бері келген уақытта орыс үкіметінің 

көз, құлағы сияқты болымсыз ғана төрешігі болып қалды. 

Соңғы уақыттың хандары қазақтың қасы, патша үкіметінің 

тыңшысы болды. Шенге, шекпенге сатылған сатымсақ ханның 

маңайынан өлекседен тараған сасық иістей, толып жатқан 

ұсақ төре, ұсақ би, ру жуандары шықты. Мұның бәрі патша 

үкіметінің жорға құлы болды. Ел тіршілігінің өзгеріп, азуға 

айналғанының бір белгісі осы еді.



149

Бұдан  соңғы  өзгеріс  елдің  шаруа  тіршілігіне  келеді. 

Қазақтың өз әкімдері жоғалып, өз билігі кетіп, үкімет қолымен 

сайлаған  ұлықтар  отырған  соң,  патша  үкіметі  қазақ  дала-

сын уысынан шықпайтын қылып, бағындырудың саясатын 

бұрыннан ойлап, дайындап жүрген жол бойынша жылдамда-

тып жүргізе бастады. Талай жылдай қазақтың аңысын андып, 

тамырын ұстап келген соң, мезгіл жетті деген уақытта қазақ 

даласының  таңдама  жерін  ала  бастады.  Қазақтың  көптен 

күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айнал-

ды.  Жерлері  алынумен  қатар,  әуелі  қазақ  даласын  айнала 

сызып,  шеткі  қалаларды  салды.  Содан  біраз  заман  өткен 

соң қалың қазақтың ортасын жарып, тағы бір рет қалалар 

салды.  Барлығына  да  үкіметін,  әскерін,  саудагерін  орнат-

ты. Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын әкеп 

қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің қамын 

ойлайтын түзу адамның бәрі шетке қағылып қалып, қыбыр 

еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен 

істейтін болды. Бір “законінен” соң екінші “закон” шығып, ел 

тіршілігінің шеңбері тарыла бастады. Бұрын қайыс ноқта бо-

лып созылудың орнына көңдей кеуіп, темір құрсаудай болып 

қысып, қинай бастады. Сайлау, билік, жүріс-тұрыс, көші-қон 

түгелімен ел ықтиярында емес, елдің үстінде қара бұлттай 

түйіліп тұрған жаттың ықтиярында болды.

Абылай хандардың тұсында орысқа бағынуды сөз қылғанда, 

осы хал болады-ау деп қайғырып, қаралы сөз қылған ел бас-

шылары көп еді. Сол заманның ханы мен биі, кәриясы мен 

жырауы,  ылғи  жақсысы  түгелімен  келесі  заманның  күйін 

айтып,  жырлап  өткен  сияқты  еді.  Солардың  сөзін  есіткен 

кейінгілер өз тұсында алдыңғының айтқан сөзі келіп, солар-

ды шошытқан тозақ орнаған сияқты болған соң, бұрынғы 

жақсыларын ғайыпты болжаған әулиедей көрді, кейінгі за-

манда көріп тұрған күннің ауырлығын айтып күңіренген ел, 

алдыңғы өткен жақсыларының аруағынан айналып, басқан 

ізін торқадай көрді.

Қазақ әдебиетінде осы айтылған жүз жылдық дәуірден 

қалған ізбен келген белгі өлгенше көп, сол белгілердің бір 

алуаны Кенесары, Исатай өлеңдері сияқты болса, екінші бір 



150

алуаны — елдің ақыны мен жыраулары айтқан толғау, тақпақ 

өлеңдері болады.

Бірақ біз әдебиет тарихында ескілік жұрнағының барлығын 

ең  алдымен  әдебиет  жолымен  жіктеп  келе  жатқандықтан, 

қазіргі  тарихи  өлеңдердің  бөліміне  жаңағы  айтқан  екі 

алуан өлеңнің соңғы түрін кіргізбейміз. Ол өлеңдерді осы 

кітаптың  ішінде  зар  заман  ақындары  деген  бөлек  жікке 

кіргіздік. Сондықтан жаңағы айтылған тарихи дәуірдің өлең 

түріндегі үлгі мысалының барлығын сол бөлімде толығырақ 

көрсетпекшіміз.

Қазірде тарихи өлеңдердің өзіне көшуден бұрын жаңағы 

айтылған қайғылы, күңгірт дәуірге қазақ елі не деп жауап 

береді? Сол кездегі ел наразылығы сыртқа шықты ма? Қандай 

жолмен, қандай іспен сыртқа шықты? Сол сұрақтарға жа-

уап  беріп  өту  керек.  Қалың  ел  ауыр  заманынан  қысылып, 

қиналған уақытта түгел ғана сөз наразылығын айтып, жылауға 

зорлап қойған жоқ. Ел халіне ауыртпалық келтіріп тұрған 

істің барлығына да іспен қарсылық көрсетті. Патша үкіметі 

қазақ елін меңгеріп, ауыздықтап алуға айналған кезде, әуелгі 

уақытта елдің өзінен шыққан сатымсақ “жақсыларға” билетті 

дедік, ол адамдардың барлығы да төре тұқымынан шыққан 

хандар  болатын;  бұлардың  жалғыз  мақсаты:  бір  жағынан 

елді мыңқ еткізбей басып, жаншып отырып, екінші жағынан 

орыс үкіметінен үнемі мақтау, үнемі шен, дәреже алып отыру 

болатын.


Бірақ осылардың тұсында қалың ел жалғыз хан зорлығы 

емес, сонымен бірге күннен-күнге суық қолын сұғып, обырдай 

обып бара жатқан үкімет сұмдықтарын көрген соң, көңіліндегі 

барлық наразылығын жаңағы хандарына қарай беттетті, елдің 

өз ішінен шыққан “арам ет” сияқты ала көңіл жақсыларды, ең 

алдыңғы жауы деп есептеді. Әрине, ел кегі жалғыз бұлармен 

бітпекші емес еді. Жүректің түбінде жатқан дерт орыс билігі 

екенін бесіктегі бала да біледі. Бірақ іс басталу үшін әуелі 

көзге  көрініп,  көпке  бірдей  сезіліп  тұрған  жақын  жердегі 

жаудан бастау керек болады.

Сондықтан, қазақтың бір қарсылығы өз ортасының ханы-

мен жау болудан басталады. Осы мезгілдер қазақ қауымының 

ішінен  ел  мұңын,  ел  тілегін  жоқтайтын  екі  алуан  адамды 

шығарды. Біреулері: заман халін қайғырып, елдің мұң, зарын 



151

жалынды сөзбен шығаратын жоғарыдағы айтылған кемеңгер 

ақылшы кәрия, толғаушыл жырау, сезімді ақындар, екіншісі: 

жаңағыдай  ілгері-соңғы  жақсылардың  ақыл-өсиетінен, 

өлең-жырынан, саяси ой мен бағытты, салт-сананы іске асы-

рамын деген қол батырлары. Сонымен ел тіршілігінің ауыр 

күндері туғызған екі алуан адамның бірі — ой батыры болса, 

екіншісі — қол батыры деу керек. Бұлардың ішінде тарихи 

өлеңге кіретін соңғылардың істері дегенбіз. Қалың қазақтың 

наразылығын қолына ту қы лып ұстап, көптің жоқшысы болған 

ел қаһармандары қазақ даласының қай бұрышынан болса да 

шығып бой көрсетті. XIX  ғасырда, 60 жыл бойында қазақ 

даласының бір жері болмаса, екінші жерінде іспен қарсылық 

көрсету  деген  мақсат  өшпестен  келді.  Бірақ  қазақ  даласы 

жайылған ұшан теңіз үлкен. Сондықтан бірі мен бірінің желісі 

қосыла алмай шыққан өрт сияқты болып, өз бетімен шығып, 

өз бетімен басылып отырды. Осы қалыпты болған көтерілістің 

басы: Кіші жүз Сырым батырдың Нұралы ханға қарсы шыққан 

қозғалысы. Онан соң Жәңгір ханға қарсы жасаған Исатай, 

Махамбет қозғалысы. Осымен заманы бір болған оқиға Орта 

жүзден шыққан Кенесары, Наурызбай қозғалысы. Бұлардан 

соң тарих пен әдебиетте орын алған бір көтеріліс — Есет пен 

Бекеттің көтерілісі

8

.



Міне, осы саналған оқиғаларға қарасақ, Орал, Бөкей ау-

данын жайлаған — Кіші жүз, Ақмола, Семей облыстарын 

жайлаған — Арқа қазағы, онан соң Сыр бойының қазағы, 

барлығы да орыс үкіметіне қарсы шыққан қозғалысқа бір-

бір рет араласып өткен. Бұл саналған ірі оқиғалардан басқа, 

осылардың бетімен ұшқындап шыққан ұсақ көтеріліс, ұсақ 

қарсылықтар әлде неше жерде талай рет болған. Бір жерде ел 

сайлауға шыққан “Майырды” өлтіріп

9

, екіншіде жерін алған 



қазақ орыспен, мұжықпен төбелесіп өлгендер болса, барлығы 

да жаңағыдай қарсылық ағымының бетімен болған оқиғалар 

болатын, сондықтан елдің батырлар жорығын жыр қылған 

тарихи өлеңдерінің арты мұжықпен төбелесіп өлген Сәтбекті 

де өз заманының геройына қосады

10

.



Осы сияқты тарихи жалпы мағлұматтан кейін қазіргі қа-

растырғалы отырған тарихи өлеңдерге әдебиет тарихының 



152

өлшеуімен келсек, осы оқиғаларды елдің өлең қылған түріне 

тағы біраз тоқтау керек.

Түр жағынан қарағанда, тарихи өлеңдер, бұрынғы батыр-

лар өлеңдерімен туысады. Мұнда да сондай елден асып туған 

ерлердің  ел  қамы  үшін  аттанып,  ел  тілегін  артынан  ертіп 

қастасқан дұшпанға шабуыл жасаған жорықтары жырланады. 

Осы белгіні алып, одан соң елдің өз бағалауынша Кенеса-

ры, Исатайлар кім екенін еске алсақ, тарихи өлеңдерді ұлы 

батырлар әңгімесіне қоспасақ та, кейінгі кіші батырлардың 

ретінде Қамбар, Алпамыстан кейін тіркеуімізге керек. Та-

рихи өлеңдердің қаһармандарына елдің өзі “Батыр” деп ат 

қойған. Бұларды шын тарихи мезгілдің тарихи оқиғасы деп 

бағалаудан да баяғының батырларының ісі деп баға беруді 

лайық көрген. Себебі ел ұғымынша, баяғы батырлардың ісі 

де осы Кенесарылардың ісі болатын. Ел сынына баға беріп, ел 

ұғымынша жіктесек, Кенесарылар кіші батырлардың ретіне 

де даусыз қосылады.

Бұларды  сол  жікке  қосқызатын  бір  себеп:  кейбір  тари-

хи өлеңдер жырлану ретінде де баяғы батырлар өлеңінше 

құралған. Мысалға Бекет өлеңін алсақ, мұның ішінде ата-

латын  “Орынбор”,  “Петрбор”  деген  қаласы  бар,  Арыстан 

деген хан баяғы батыр өлеңінің “Қазанынан” кәрірек болмаса, 

жас  көрінбейді.  Мұнда  тарихи  шындықтан  гөрі,  ертегінің 

көмескілігін тәуір көрген ескі сарын бар. Ел жыры Бекеттің 

туысына  да  заманына  қарай  бір  ерекшелікті  жапсырғысы 

келгендей болады. Бұл жерде де ескі батыр өлеңінің иісі бар.

Шынында, ел қиялы Кенесарыларды батыр қылып жыр-

лағысы келгені рас. Бірақ батырлар өлеңі бергі заманға жа-

қындаған са йын жаңа өзгеріске түсіп, өмірге жақындап, түр 

жағынан әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. Бұл өзгеріс пен 

айырмысты, ұлы батыр мен кіші батырларды салыстырғанда 

айтқанбыз.  Сондықтан  Кенесарыларды  баяғының  батыры 

қылып  қалай  жырлайын  десе  де,  олар  көбінесе  бүгінгінің 

адамы болып тұрып алып, кейін қарай шегінбей қойған.

Олай болатын себебі, барлық тарихи өлеңдердің екі түрлі 

ерекшелігі бар. Біреуі қаншалық көмескі қылып жасырамын 

дегенмен, бұл оқиғалардың кеше ғана болғаны анық.



153

Сондықтан  барлық  оқиғалардың  бетінде  тарих  басып 

өткен  жер,  сорғалаған  қан,  сойқақтаған  із  болып  ашық 

жатыр.  Жасыруға,  жалтартуға  келмейтін  шындығы  көпке 

бірдей мәлім. Бұдан соңғы екінші себебі: тарихи өлеңдердің 

көпшілігін  сол  оқиғаның  ішінде  болып,  сол  заманды  көзі 

көргендер жыр қылған. Сондықтан, өзгені елемесе де, дәл 

мыналардың  басынан  аттап  кету  ел  қиялына  қиынырақ 

болған. Осы себептерге қарап, тарихи өлеңдерді түр жағынан 

кіші  батырларға  қосуға  мүмкін  десек  те,  екінші  жақтан 

тарихтың пәлен жыл мен түген жылының ара сында болған 

анық оқиғаның ізі болғандықтан, айырықша бір жікке бөліп 

шығардық. Тарихи өлеңдерден біздің қолымыздағысы — “Ке-

несары”, “Исатай — Махамбет”, “Бекет”. Енді осы үшеуін 

жеке-жеке қарастырып шығамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет