Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



жүктеу 14.45 Mb.
Pdf просмотр
бет5/19
Дата20.01.2017
өлшемі14.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Александр Николаевич Самойлович
Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынов
16
 (1873-....) – қазақ-
тың көрнекті ақыны, жорналшы əрі оқытушы. Б. Торғай об-
лысы Сарытүбек елдімекенінде өмірге келген. Оның əкесі 
– Байтұрсын Шошақұлы 15 жылға айдауға (каторгіге) ке-
сілген. 1891 жылы Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебіне 
түсіп, 1895 жылы бітіргеннен кейін оқытушылықпен айналы-
сты. Төңкеріс алдында 1905 жылы төңкерістік қозғалыстарға 
қатысады. Төңкерісшіл қазақ бұқарасына 1905 жылдан 
жетекшілік жасайды. Қозғалыс кезеңінде жасырын ұйымдарда 
өз жұмыстарын жалғастырады. Оны Семейдің түрмесіне жаба-
ды, ал 1910 жылы екі жылға қазақ-қырғыз аймақтарында тұруға 
тыйым салынып, жер аударады. Б. қазақ халқының мəдени-
қоғамдық жəне ағартушылық санасын ояту мақсатымен 1913 
жылы Орынборда «Қазақ» газетін қазақ тілінде шығарады. 
Осы уақытта қазақтың жас ақындары мен жазушылары 1918 
жылдың қазанына дейін шығып тұрған осы газеттің төңірегіне 
топтасады. Б. Ақпан төңкерісінен кейін қоғамдық-төңкерістік 
жұмыстарға белсене араласады. «Алаш» ұлттық қазақ пар-
тиясының тізімі бойынша Құрылтайшылар жиналысына сай-
ланады. Б. 1919 жылға дейін ұлтшыл-автономшылардың 
жағында болады, кейін бұл оңшылдардың саясаты қазақ-
қырғыз халқы үшін қауіпті болғандықтан, Кеңестер (Советтер) 
жағына өтеді. Қазақ Республикасы Халықты ағарту комисса-
риаты (Наркомпрос) жанындағы əдеби-ғылыми комиссияның 
төрағасы болып, əрі оқытушылық кəсібін қатар атқарады. 
Б.-ның əдеби қайраткерлік жұмыстары 1901-1904 жылдары 
Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударудан басталған. Б.-
ның тілі осы мысалдарда жəне лирикалық шығармаларында 
қарапайым, халықтық, əрі өзінің көркемділігімен жəне 
поэтикалық мəнерінің байлығымен ерекшеленеді. Б.-ның төл 
өлеңдері «Маса» («Комар») атты жинағында басылған. Б.-ның 
поэтикалық шығармаларының негізгі мақсаты (мотиві) қазақ 
халқының санасын ояту. Ақын патшалық үкіметтің бодандық 
16
 Самойлович А. Түрік халықтарының əдебиеті // Шығыс əдебиеті. Бас. І. – Петербор, 
1919.; А.Б.Байтұрсынов. Қысқа биографиялық анықтама. Қолы: А.С. // Əдеби 
энциклопедия. (Жауапты ред.: В.Фриче). – Мəскеу, 1930., 1-том, Б. 305-306.

84
(колонизаторлық) саясатына бірден қарсы шығады. Халықшыл 
əрі ұлтшыл Б. Қазақтың тұңғыш көрнекті лингвист-ғалымы 
болып табылады. Ол – қазақ тілі емлесінің (орфография) ре-
форматоры, қазақ тілінің грамматикасы мен қазақ əдебиеті 
теориясының негізін салушы. 
Ескерту:  Бұл ғылыми сипаттама орыс тілінде жазылған. 
Қазақ тіліне аударылып, тұңғыш рет ғалымның көптомдығына 
енді. 
1998 жылы «Ұлттық рухтың ұлы тіні» атты жинақта түп-
нұсқалық орыс тіліндегі мəтінімен жарық көрген.

85
ҚАЗАҚ ƏЛІПБИІ (АЛФАВИТІ)
17
17 
Қазақ əліпби (Байтұрсыновтық алфавит) // Əдеби энциклопедия. (Жауапты ред.: 
Луначарский). 5-т., – Мəскеу, 1931., 23-б.

86
Байтұрсынұлы əліпбиі: салыстырмалы кесте

1912 1927 Латынша Кирилше
Айтылуы
1
2
3
4
5
6
1.


A a
А а
А
2.
ﺍﱠ
ﺍﱠ

Ə ə
Ə
3.


Bb
Б б
бы/бі
4.
پ
پ
P p
П п
пы/пі, ып/іп
5.


T t
Т т
ты/ті, ыт/іт
6.


J j
Ж ж
жы/жі, ыж/іж
7.


D d
Дд
ды/ді
8.


R r
Р р
ыр/ір, ры/рі
9.
ﺯ 

Z z
З з
ыз/із, зы/зі
10.


S s
С с
сы/сі
11.
چ, ﺶ


Ш ш
шы/ші, ыш/іш
12.
 ﻍ
 ﻍ
Q g
Ғ ғ
ғы
13.


Q q
Қ қ
қы/ық
14.


K k
К к
кі/ік
15.
گ
گ
G g
Г г
гі
16.
ڭ
ڭ
N n
Ң ң
ың/ің
17.


L l
Л л
ыл/іл, лы/лі
18.


M m
М м
мы/мі, ым/ім
19.


N n
Н н
ны/ні, ны/ні
20.


О o 
О о
о
21.
ﱠﻭ
ﱠﻭ

Ө ө
ө
22.
ٷ
ٷ
ﱠ u
Ү ү
ү
23.
ﯟ, ﺅ
ﯟ, ﺅ
W w
У у, Ұ ұ
у, ұ,
24.


Е e
Е е
е
25.


I i
Ы ы
ы
26.
ٸ
ٸ

І і
і
27.
ﻱ 

Ү u
И и
Й (қысқа й)
28.


Е e
Е е
Ие


Дəйекше

87

88
Александр Николаевич Кононов
18
Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы (28.1.1873-?). Қазақ. 
Торғай уезі Сарытүбек елдімекенінде кедей отбасында дүниеге 
келген. Ауыл молдасынан сабақ алған. Əкесін абақтыға 
жапқаннан кейін (1885), 1886 жылы Торғай орыс-қазақ екі 
сыныптық училищеге оқуға түскен. 1891 жылы Орынборға 
келіп, Қазақ (қырғыз) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі, осы 
оқу орнын 1895 жылы бітіреді. 
1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уез-
дерінде ауылдық, болыстық училищелерде мұғалімдік қыз-
меттер атқарады. Төңкерістік қозғалыстарға қатысқаны үшін 
1909 жылы тұтқындалып, 2 жылға Қазақстаннан тысқары 
өлкеге жер аударылады. 
1913 жылы қазан айынан 1918 жылға дейін танымал 
болған «Қазақ» газетін тұңғыш рет шығарды. Өлеңдер жаз-
ды, И.А.Крыловтан қазақ тіліне 40 мысал аударды. Қазан 
төңкерісінен кейін де мұғалімдігін жалғастырып, түрлі жауап-
ты лауазымда қызметтер атқарды. 1925 жылдан Қазақ инсти-
тутында оқытушы, Халықты ағарту комиссариаты (Наркомп-
рос) жанындағы əдеби-ғылыми комиссияның төрағасы, Қазақ 
өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы. 
Араб əліпбиі негізінде түзілген əрі жетілген қазақ əліпбиінің 
авторы, қазақ тілінде қазақ тілінің фонетикасы жəне синтак-
сисы, этимологиясы бойынша, сонымен қатар сөз өнерінің 
теориясы жəне қазақ тілінің тарихы жөнінде оқулықтар жаз-
ған. Аталған еңбектердің барлығы қазақ тілінде жазылған.
Библиография: 
Алекторов. Көрсеткіш. 162 б.; Дулатов М. Ахмет Байтұр-
сынұлы Байтұрсынов (Өмірбаяндық очеркі) // Қазақ өлкесін 
зерттеу қоғамы еңбектері. 3-басылымы. Орынбор, 1922. Б. 15-
26; Омаров Е. А.Б.Байтұрсыновтың ғалымдық қайраткерлігі // 
Сонда. Б. 7-16.
18 
Мақала Отандық түркологтардың биобиблиографиялық сөздігі (төңкеріске дейінгі 
кезең) басылымында жарияланған. Мəскеу, 1974. -342 б., 115 б.

89
2. ƏУЕЗЕ ӨНЕРІ: 
Ахмет Байтұрсынұлының композиторлық қыры
Александр Затаевич
ҚазССР халық əртісі
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ақындары мен филологтары-
ның ең ірі көрнекті өкілі, жаңа қазақ емлесінің туындыгері. 
1872 жылы Торғай уезі Тосын болысы №5 ауылда дүниеге 
келген, Арғын тайпасынан. 1895 жылы Орынбор орыс-қазақ 
мұғалімдер мектебін бітіргеннен кейін, 1909 жылға дейін 
түрлі мектептерде: ауылдық, болыстық жəне екі сыныптық 
училищеде бала оқытқан. Қазіргі күні Қазақ əдеби-ғылыми 
кеңесінің төрағасы əрі Қазақ халық ағарту комиссариатының 
алқа мүшесі.
Əдебиет жұмыстарымен 1901 жылдан шұғылданады. 
Мынадай еңбектері басылған: 1). «Қырық мысал», (Мысал-
дар аудармасының жинағы, Крыловтың төл мысалдары), 
2). «Маса», (Түпнұсқа өлеңдер мен аудармалар жинағы), Қазақ 
əліппесі «Оқу – құрал», 4, 5 жəне 6). Дыбыс жүйесі һəм түрлері 
(фонетика), қазақ тілінің этимологиясы мен синтаксисі, («Тіл 
– құрал» І, ІІ жəне ІІІ), 7). Фонетикалық транскрипция (Баян-
шы) жəне 8).Əліппе үйретушілерге жетекші-нұсқаулық «Оқу– 
құралы», «Əліппе – астары». Мұнан бөлек, 1913 жылы Орын-
борда тұңғыш «Қазақ» газетін шығарды əрі басқарды. 
Отандық əндердің білгірі əрі əнқұмар, сонымен бірге ше-
бер домбырашы жəне əн орындаушы. Байтұрсынұлы турашыл-
дығы мен əділдігі арқасында өз отандастарының ортасында 
беделді жəне үлкен құрметке ие. Мен өз тарапымнан Ахмет 
Байтұрсынұлының алғырлығы мен білімділігіне тəнті болдым, 
менің осы еңбегіме үлкен ыждаһатпен қарады əрі осы кітапты 
жазу барысында өзіне белгілі əндерді: торғайлық, қостанайлық, 
ақтөбелік, бөкейлік жəне қарақалпақтық (соңғысы – семейлік 
губерния) хабарлаумен қатар, домбыраға арналған күй берді. 
Жəне қазақ тұрмысы мен этноғұрпының тарихы жөнінде өзінің 

90
беделді нұсқаулары мен түсіндіру сипаттамалары негізінде 
менің қалың бұқара арасынан жинаған материалдарымды 
дұрыс саралап-сараптауға үлкен ықпал етті. Оның жасаған 
жəрдемдері үшін оған алғысым шексіз. 
Ескерту: Кітап алғаш 1925 жылы жарық көрді, 1963, 2004 
жылдары қайта басылды. Ахмет Байтұрсынұлы туралы мəтін 
1925 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақтың 1000 əні» 
кітабының 388-бетіндегі №149 нұсқаулығынан алынып, қазақ 
тіліне аударылып, томдыққа енгізілді.
Ақиқатында, Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдығымен 
қатар, композитор болғандығы жөнінде мағлұматтар жетерлік. 
Əмбебап ғалымның өз сөзімен айтсақ, жан қоштау керегінен 
шығатын «Көрнек өнері», оның бір түрі 
«...əуез өнері (еуропа-
ша – музыка) əуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын 
келтіріп, құлаққа жағып, көңілді əсерлейтін əн салу, күй тар-
ту өнері» екен. Осылайша əуез өнерінің анықтамасын, ереже-
қисынын шегелеп жазған А.Байтұрсынұлы бұл өнерге де «қара 
жаяу» емес, керісінше өте сезімтал əрі қара сөзден ырғақ, əуез 
іздейтін хас шебер болған. Асылы, 
«...əдебиет тіліне негіз етіп 
ел аузындағы тіл алынбаса, ол əдебиет адасып кетпек...» де-
ген əдебиеттанушы бабалардан мирас болған əн-жырларға, 
күй-толғауларға, дастан-қиссаларға зор көңіл бөлген, əрі оны 
ұлт əдебиетінің «асыл қазынасы» деп бағалап, өз зерттеулеріне 
тірек еткен.
Ел ішіндегі ауыз əдебиетінің түрлі нұсқаларын жинап, олар-
ды сөз өнерінің бір тарауы ретінде жүйелеген. «Ертегі жыр, 
Тарихи жыр, Айтыс өлең, Үгіт өлең, Үміт өлең, Толғау (мұңды 
өлең), Терме, Той бастар, Жар-жар, Беташар, Бесік жыры», т.б. 
толып жатқан өлең-жырлардың құрылымы мен құрылысын 
зерттеген ол, енді əуезінің (музыкасы) де саласына қалам тер-
беген. Дəл осы тұста қазақ ортасына тап келген Затаевичтай 
өзгеше өнер иесіне Ахаң қолдау көрсеткен. 
Александр Викторович Затаевичтың есімі, оның қазақ 
жұрты үшін жасаған жұмысы арқылы ел ішіне кең тараған. 
ХХ ғасыр басында қазақ əнінің қорықшысына айналған Затае-

91
вич пен Байтұрсынұлының бір-бірімен кездесуі кездейсоқтық 
емес. Ал қазақ ортасына тағдыр айдап келген оған көмек 
қолын созған, шығармашылығын жан дүниесімен сезініп, 
қолдау көрсеткен де Ахмет болғандығын, Затаевич 1925 жылы 
Орынборда шыққан «Қазақ халқының 1000 əні» еңбегінің 
ескертпесінде тəптіштеп жазған.
Атадан мирас болған бабалар мұрасының бір саласы əндер 
мен күйлер ғасырлар бойы қағаз арқылы емес, ауызша тарағаны 
ежелден белгілі. Көк аспанның астында туған мыңдаған əсем 
əн-жырлар мен күмбез күй-толғаулардың тылсым иірімдері 
алғаш нотаға Затаевичтың қылқаламымен қаланған. Ұмытыла 
бастаған ел аузындағы əн-жырларды, күй-толғауларды, қисса-
дастандарды жинап, оны талмай-қажымай қағаз бетіне түсір-
ген. 
А.Затаевичтың жинағына А.Байтұрсынұлының орындап, 
жеткізуінде мынадай əн-жырлар мен күй-толғаулар енген: 
1). Есенаман, 2). Көзіме көріндің бе?, 3). Атауы көрсетілмеген, 
4). Айда-ай, 5). Екі алма, 6). Тоқыбас əні, 7). Əриайдай, 
8). Күлəйжай, 9). Тапсырдым бір Құдайға, 10). Құба ат/Құбақан/, 
11). Қаракөз. 12). Кəмшат бөрік, 13). Кəрі қоңыр, 14). Жаяу Мұса 
əні, 15). Əйда! Былпым күйі, 16). Тепең-көк күйі, 17). Есейжол 
жыршы əні, 18). Шырқау, 19). Дауыс (Кісі өлгендегі жоқтау), 
20). Ай-хай, Ғазиза!, 21). Жар-жар (Үйлену тойы əні), 22). Кел-
кел, екеуміз-ай!, 23). Көр-ұлы, 24). Қалəйлім, 25). Мұқаның əні, 
26). Биғаның əні, 27). Жыршы əні.
Бұл əндердің көпшілігі Ахаңның кіндік қаны тамған То-
сын болысының ауылына тəн болса, кейбірі «Кəрі қоңыр», 
«Кəмшат бөрік» – Қарқаралы уезіне, «Жаяу Мұса əні» – Павло-
дар уезіне тəн екендігі нотаға түсірілген қағаз маңдайшасына 
жеткізушісімен қатар жазылған. Өнертанушылар, əдебиетші, 
тарихшы ғалымдардың деректеріне сүйенсек, А.Затаевич 
Орынборға 1920 жылы Варшава қаласынан қоныс аударған. 
1923 жылы ғалымның 50 жылдық мерейтойы құрметіне 
арналған салтанатта А.Затаевичтың күйсандықта қазақ əндерін, 
оның ішінде «Қаракөз» əнін орындағанын, осы мəжілісте 
Ахаңа зор құрмет көрсеткенін Ғ.Ахмедов өзінің «Ахаңның 
өмір кезеңдерінен» деген мақаласында жазды.

92
Ахметқызы Шолпанмен қатарлас Гүлнар Міржақыпқызы 
1990 жылы «Ардақтап өтем əкемді» мақаласында Ахмет 
атаекесінің қызыл домбыра мен күйсандықта қоңыр дауысы-
мен əуелете əндететіні туралы əпкесі Ботагөз Асқарқызының 
естелігі негізінде қызықты деректер береді. Гүлнар апа жа-
дындағыларын былайша тізбелейді: 
««Елім-ай», «Екі жи-
рен», «Қаракөз» атаекемнің сүйіп салатын əндері бола-
тын дей келе, «...Қазіргі «Қыз Жібек» операсында айты-
лып жүрген «Қаракөз» ариясы – Ахмет Байтұрсынұлының 
шығармасы» деп, өзінің дəйектерін келтіреді. Əрі осы əннің 
сөзін, əуенін жазған атаекесі екенін айтады. Айтылғандардың 
негізсіз еместігі анық, өйткені Ахаң мен Жақаңның қазақ 
көшінде бірге жүріп, бірге тұрғанын негізге алсақ, олардың 
тел өскен балаларының бұл əндерді жаттап алуы əбден орын-
ды. Шындығында, «халық əні» деп айтылып келген «Аққұм», 
«Қарғаш», «Қаракөз», «Екі жирен» əндері Ахаңның аяулы есімі 
ортамызға оралғаннан бері, бірде «Ахметтыкі», бірде «халық 
əні» деп алма-кезек айтылып жүр. Бұл ғалым мұрасына қиянат 
жасағандық болады. 
Жалпы, «халықтыкі» деп танылып, халық əні қазынасының 
қоржынына түсетін əн-жырлар, күй-толғаулардың өзіндік 
қағидалары мен түрлі себептері бар. Мұның ара-жігін келе-
шекте өнертанушы мамандар ажыратып, сараптаулары мен
тұжырымдарын келтірер. Дегенмен, қазақ ұғымында қалып-
тасқан пайымдау бойынша «шығарушысы анық туынды сол 
шығарушысының атымен айтылуы шарт». Авторы анық туын-
дыны «халықтыкі» деп айтуға негіз жоқ. 
1929 жылы «халық жауы» деп нақақтан қараланып, 
айдауға түскен тұста тұлғаның қаламынан «Тіл, əдебиет, та-
рих, мəдениет, өнер, заң», т.б. салалар бойынша жазылған 
туындыларының кейбірі талан-таражға түскені мұрағат дерек-
терінен мəлім. Мəселен, Қазақ тілі білімі мен əдебиеттану 
ғылымының қисынын жазған Ахметтің есімін Кеңес одағы 
жүйесі қасақана айтқызбады. Бірақ, тұлға туындылары
сол қалпында, тек кирилшеленген нұсқада аз ғана өзгеріс-
термен оқу-ағарту саласында толық қолданыста болды. Мұны 
тұлғаның аты ақталғаннан кейін, мойындап, ғұламаның мұрасы 

93
туралы «қапастағы шындық» ашыла бастады. Айтылған 
ақиқаттың аясында нəтиже де жемісті болды. Бұған дəлел: 
1990 жылы Үкімет қаулысымен ҚР ҰҒА Тіл білімі институты-
на Қазақ тіл білімі мен əдебиеттану ғылымының негізін салу-
шы Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілуі еді!
1999 жылы ғұламаның «ұлттық рухымыздың ұлы тіні» 
екені толық мойындалып, бүгінгі тəуелсіз еліміздің ресми 
мекемелері: Халықаралық қазақ тілі қоғамы кеңесінің тарапы-
нан «Ана тілдің айбары» төс белгісі, Халықаралық Абылай хан 
қоры, Қазақтың тарих жəне мəдениет ескерткіштерін қорғау 
қоғамы жəне «Алтын адам» қоры бірлескен Қоғамдық кеңесінің 
шешімімен тұлғаны «Ғасыр саңлағы» деп жариялап, байрақ 
түстес алқа-белгімен марапаттады. Төс белгінің титулында: 
«Ахаң рухы мəңгі өшпейді!» деген рух оятар сөздер жазылса
«Ғасыр саңлағы» алқа-белгісі «Малым – жанымның, жаным – 
арымның садақасы» деген бабалар ұлағатымен көмкерілген. 
Бабалар өсиетін бойтұмардай қадір тұтқан Ахаңды, ақиқа-
тында, исі қазақ жұртына, түркі тектес қандастарға арымен 
қызмет жасаған ағартушының еңбегі замандастары тарапынан 
еленіп, қайраткерді «қазақ халқының көсемі» (М.Əуезов) деп 
ұлықталады. 
А.Байтұрсынұлының аяулы есімі ортамызға оралғанына 
25 жыл болды. Содан бері БАҚ-та түрлі танымдық сұхбаттар 
жүргізіп келеді. Осы танымдық сұхбаттардың пікірталасы – 
Ахаң əндерінің айналасында өрбіп, соңы сиырқұйымшақта-
нып, сол «баяғы жартас бір жартас» демекші, «халық əні» деп 
түйінделеді. Мұндай көпе көрнеу «жалпақшешейлік» Ахаңдай 
ғалым композитордың аз да болса саз мұрасына адалдық 
танытпаған болып табылады. Ақиқатында, «заман басқа, заң 
басқа» деп, өтпелдеңдегі өткенін түгендеп жатқан тұста, одақ 
кезіндегі «келеңсіздіктерден» арылатын уақыт жеткенін музы-
ка мамандары неге мойындағысы келмейтіні түсініксіз.
Қорыта айтқанда, Кеңес одағының солақай саясатына 
тəуелді болған тұста амалсыздан «халықтыкі» деп танылған: 
«Қаракөз», «Екі жирен», «Аққұм», «Ахау, достар!», «Қарғаш»
сынды əндерді осы туындылардың төл авторы Ахмет 
Байтұрсынұлына  қайтару – өзекті мəселе. 

94
1). Қаракөз
Құдайдың құдіретіне таң қаламын,
Жолында бір ғашықтың зарланамын.
Ішімді ғашық оты жандырады,
Сыртыма шығаруға арланамын.
Қайырмасы:
Ей-ей, сүмбіл шаш!
Беу-у, жұбайым,
Болды-ау, уайым,
Жан сəулем, айта беріп,
Не қылайын...
Əппақ етің қояндай,
Шошып сəулем оянды-ай.
Ғашық болған Қаракөз,
Қызығыңа тоя алмай.
Қайырмасы:
Кейінгі нұсқа: 
Жете алмай жолда шаршап тұрған кезде,
Бір ғана елес берші сəулем, көзге.
Аққуым айдын көлде жеке жүзген,
Көңілімде көлеңкем жоқ сенен өзге.
Қайырмасы:
Ақсұңқарым, жібегім,
Жалғыз сенде тілегім.
Сегіз жылдай сергелдең,
Қасірет шегіп, жүдедім.
Ой, сүмбіл шаш, сенсің уайым,
Беу жұбайым,
Түскенде сен есіме не қылайын.
Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап,
Жолыңа шыға алмадым сарбас атап.
Аққуым айдын көлде жүзген,
Жүрмісің іліктірмей жаман атақ.
Қайырмасы:

95
2). Екі жирен
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен. 
Түскенде сен есіме беу, қарағым,
Сағынып, сарғаямын саламенен.
Қайырмасы:
Екі жирен жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан,
Айтпаймын күдер үз деп ақ сұңқардан.
Көңілімде еш дауалық болмаған соң,
Бойымда толып жатыр ар мен арман.
Қайырмасы:
Ғизатлу хат жазамын қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.
Қайырмасы:

96
3). Аққұм
Аққұмның бір қызы бар Іңкəр атты.
Сөзі бар алуа, шекер, балдан тəтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен.
Айтайын өлең қылып перизатты...
Көзімнің жанарындай сəулем едің.
Көңілімнің қуанышты дəурені едің.
Ойымнан жатсам, тұрсам еш кетпейсің.
Басымды не сиқырмен əуреледің?
Кейінгі нұсқа: 
Аққұмның бір қызы бар,
 
  Іңкəр 
атты.
Сөзі бар алуан шекер, 
 
  балдан 
тəтті.
Игигай, игигай.
Адамның өзім көрген,
 
  абзалы 
екен.
Айтайын өлең қылып, 
 
  перизатты...
Игигай, гөй игигай.
Көзімнің қарасындай 
 
  сəулем 
едің,
Көңілімнің балдай əні,
 
  дəурені 
едің.
Игигай-яй, игигай-яй.
Ойымнан жатсам, тұрсам
 
  бір 
кетпейсің.
Көңілімді не сиқырмен 
 
  əуреледің?
Игигай, сəулем.
Игигай, сəулем, игигай-ай.

97
4). Ахау, достар
Бұл күнде қашық тартқан біздің достар,
Кез келсе, сыр қалмаған, көңіл қоштар. 
Лебіндей айдаһардың тартқан достар,
Бұл күнде бірі де жоқ қолмен ұстар.
  
Ахау, 
достар,
  
Көңіл 
қоштар.
 
 
Хош болып тұр,
  
Жолыққанша,
  
Асыл 
достар!
5). Қарғаш
Ақ дидарын көргенде тұра алмаймын,
Сенсіз жерде салтанат құра алмаймын.
Сен есіме түскенде, беу қарғашым,
Кемесіндей дарияның бұраңдаймын.
Жылқым жатыр Ақкөлдің шаңдағында,
Кімдер сері болмайды бойдағында.
Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер,
Келіп, кетіп жүрсейші ойнағыңа.

98
МҰРАҒАТТЫҚ ДЕРЕКТЕР

99
«Қазақ халқының 1000 əніне» енген А.Байтұрсынұлының 
халық жеткізуіндегі əндер 

100

101

102

103

104

105

106

107

108

109

110
Ахмет Байтұрсынұлының «Арман» күйі.

111

112

113
ҚАЗАҒЫМ, ЕЛІМ!
(«Жиған-терген» өлеңінен ықшамдалып алынған)
Имені
п көптен,
Сақтық қып еппен, 
Тасалама ойыңды! 
Ашынса етің 
Ашылмақ бетің,
Тірі көмбей бойыңды, 
Жүрегіңнің жарасын 
Көрсет жұртқа! Қарасын! 
Қайырмасы:
Əр жолды ойлап,
Ойыма бойлап,
Ұқтым тайыз, тереңді. 
Сайраған тілмен,
Зарлаған үнмен
Құлағы жоқ кереңді 
Ұқтыра алмай сөз əуре,
Тек тұра алмай біз əуре.
Қараймын кейін:
Орысқа шейін
Хан бағыпты қазақты.
Баға алмай жөндеп,
Басқаға көн деп,
Артқан жұртқа азапты.
Бас адамдар халықты 
Сатып, сыйлар алыпты. 
Қайырмасы:
Келген соң бері 
Кейінгілері
Болды құмар шекпенге –
Өгіздей өрге,
Өткелсіз жерге
Халқын айдап жеккенге.
Бір күн тойса есектер,
Ми жоқ алдын есептер. 

114
Балалық қалып,
Ес біліп анық.
Ер жеткелі талай жыл. 
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?! 
Болсын кедей, болсын бай, 
Жатыр бейқам, жым-жырт, жай. 
Қайырмасы:
Ұйқышыл жұртты 
Түксиген мұртты
Обыр обып, сорып тұр.
Түн етіп күнін,
Көрсетпей мінін,
Оятқызбай қорып тұр.
Обыр болса қамқорың, 
Қайнағаны сол сорың!
Оянған ерге 
Ұмтылған жерде 
Еруші аз, серік кем.
Қас білген досты,
Дос білген қасты,
Мұндай елді көріп пе ең?
Қыс ішінде бірер қаз 
Келгенменен, қайда жаз?! 
Қайырмасы:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш, көзіңді, оянып!
Қанған жоқ па, əлі ұйқың? 
Ұйықтайтын бар не сиқың?!

115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет