Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына


БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН



жүктеу 3.12 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата24.12.2016
өлшемі3.12 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Дизайн саласында қызмет ететін заман талабына сай қалыптасқан  кәсіби 
деңгейі  бар,  компьютерлік  технологияларды  жетік  меңгерген  мамандарды  
даярлау  осы  күнгі  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Сол  себептен 
жоғары  оқу  орындарында  оқу  үрдісінде  осы  мәселені  шешу  жолдарын 
жетілдіру қарастырылуда.   
Бұл  мәселе  төңірегіндегі  ғылыми  және  әдістемелік  жұмыстарды  саралау 
барысында жасаған тұжырымымыз - кәсіби деңгейі жоғары маманды даярлау 
үрдісінде  әлі  де  шешімін  табуды  қажет  ететін  тың  салалар  жеткілікті. 
Солардың  бірі  -  графикалық  дизайн  саласында  қызмет  ететін  болашақ 
маманнның кәсіби деңгейді қалыптастыруға негізделген арнайы пәндерді оқу 
барысында  компьютерлік  технологияларды  қажетті  көлемде  қолдану 
мәселесі.  
Осы  мәселенің  дұрыс  шешімін  табу  жолында  ізденіс  жұмыстарын 
қорытындылай  келе  түсінгеніміз  -  жоғары  оқу  орындарында  компьютерлік 
технологияларды  оқу  үрдісінде  қажетті  көлемде  қолдану  әлі  күнге  дейін 
дұрыс  шешімін  тапқан  жоқ.  Оның  басты  себептерінің  бірі  -  орта  буыннан 
жоғары  жастағы  мамандардың  кәсіби  компьютерлік  білімдері  мен 
дағдыларының жоқтығы.  
Кеңес үкіметі тұсында дизайн саласынан маман даярлау ісі дамыған шет 
елдермен  салыстырғанда  өте  тар  ауқымда  болғандықтың  салдарынан  біздің 
елімізде бұл сала дамуы жағынан артта қалғандардың бірі болып табылады. 
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы қоғам мен экономиканың дағдарысын 
бастан  кештік.  Дамыған  елдердегі  озық  компьютерлік  технологиялардың 
өнер  мен  дизайнда  қолдану  кең  етек  алған  шағында  біз  нарықтық 
экономикаға  енді  ауысып  жаттық.  Сондықтан,  тапшылық  заманында  құны 
жағынан  өте  жоғары  компьютерлік  техника  мен  технологияларды  елдегі 
экономика салаларына енгізу  көш  кейін  қалды.  Осы объективті себептердің 
салдарынан  өнер  мен  білім  беру  салаларына  қажетті  көлемдегі  қаражат  та 
бөлінбеді.   
Еліміздің  қарқынды  даму  кезеңі  2000-шы  жылдардан  басталғанына 
бәріміз де куәгерміз.  Осы кезеңнен бастап, ел басымыздың басшылығымен 

99 
 
бәсекелестікке қарсы тұра алатын мамандар даярлау қажеттігіне бағытталған 
жоғары  білім  беру  саласында  озық  технологияларды  кеңінен  қолдану 
мәселесіне көңіл бөліне бастады.  
Бүгінгі күнде нарық сұранысын сай озық компьютерлік технологияларды 
жетік  меңгерген  мамандар  даярлау  өзекті  мәселеге  айналды.  Дамыған 
елдерге  барып  білім  алу  мүмкіншілігі  пайда  болды.  Жаңа  технологияларды 
меңгерген мамандардың дизайн саласында елге қайта оралып, алған білімдері 
мен  жинаған  тәжірибелерін  осы  саланы  дамытуға  үлестерін  қосуда. 
Дегенмен,  бұндай  кадрлар  еліміздегі  сұранысты  толық  қамтамассыз  ете 
алмай  отыр.  Сондықтан  жоғары  оқу  орындарындағы  білім  беретін 
оқытушыларды шет елдерге «Болашақ» бағдарламасы арқылы жолдау қолға 
алынуда.  Заман  талабына  сай  озық  технологияларды  менгерген 
оқытушылардың елге қайтқан соң өз кезегінде көптеген маман даярлайтыны 
айтпасақ та қаржылық тұрғыдан қарағанда тиімдірек болатыны түсінікті.  
Әрине, тек қана шет елде біліктілікті көтеру арқылы бұл мәселені қажетті 
көлемде  шешумен  шектеліп  қана  қоймай,  өз  елімізде  де  бар  мүмкіншілікті 
пайдаланып,  өз  тараптарымыздан  ізденіп,  біліміз  бен  біліктілігімізді 
жетілдіруіміз  керек.  Сонда  ғана  елдегі  сұранысты  толық  қанағаттандыруға 
болады.  Ол  үшін  жоғары  білім  ордаларында  қызмет  істейтін  мамандар 
жаппай компьютерлік технологияларды меңгерулері тиіс.  
Осы  күнде  оқытушылармен  салыстырғанда  студенттердің  компьютерлік 
біліктіліктері  анағұрлым  жоғары  болатын  жайттар  жиі  кездеседі.  Бұндай 
жағдай студенттер тарапынан наразылық білдіруіне әкеп соқтырады. Әсіресе, 
нарықта  сұранысқа  ие  мамандықтардың  бірі  болып  табылатын  «Дизайн» 
мамандығына  даярлау  үрдісінде  бұндай  жайтқа  жол  бермеуіміз  керек.  Осы 
мәселені  шешуге  қажет  басты  шарттардың  ендігісінің  бірі  -  оқу  үрдісінде 
арнайы  пәндерде  компьютерлік  технологияларды  қажетті  көлемде  және 
әдістемелік  тұрғыдан  тиімді  қолдана  білу  екендігіне  тоқтала  кетуіміз  керек. 
Осы  күнде  компьютерлік  техниканы  мамандық  бойынша  білім  беруге 
қажетті деңгейде қолдану барысын зерделеу жұмыстарының қорытындысына 
назар аударсақ, мынадай мәселелерді көреміз: компьютерлік техникалардың 
жетіспеушілігі;  қолданыста  бар  компьютерлік  техниканың  сапасы  мен 
қуаттылығының 
талапқа 
сай 
болмауы; 
арнайы 
компьютерлік 
бағдарламалардың  соңғы  үлгілерінің  болмауы;  озық  жаңа  технологияларды 
меңгеруге мүмкіншіліктің шектеулігі; арнайы пәндерді беруде компьютерлік 
әдістемелердің  қажетті  деңгейде  қолданылмауы;  интернет  желісінің 
компьютерлік  класстарда  кеңінен  қолданылмауы;  өндіріспен  тығыз 
байланыстың болмауы. 

100 
 
Осы  мәселелерді  ойдағыдай  шешуге  әрине  қаржы  мәселесі  кедергі 
жасайды.  Дегенмен,  қолдағы  бар  мүмкіншіліктерді  барынша  қолдануымыз 
керек.  Ол  үшін  жоғарыда  айтқандай,  біріншіден  -  оқытушылардың 
компьютерлік  біліктіліктерін  көтерулерін  талап  ету;  екіншіден  -
компьютерлік  техниканы  арнайы  пәндерде  қажетті  деңгейде  қолдану; 
үшіншіден 

студенттердің 
кәсіби 
компьютерлік 
деңгейлерін 
қалыптастыратын арнайы әдістемелерді қолдануды жүзеге асыру қажет. 
Барлық материалдық жағдай жасалған кезде де, оны тиімді қолдана білуді 
қалыптастырмай,    қажетті  мақсатқа  жету  мүмкін  емес.  Сондықтан,  оқу 
барысында  оқытушы  өзіндік  ізденіс  жасау  арқылы  меңгерген  озық 
әдістемелерді  барынша  тиімді  қолдануы  керек.  Осы  мәселе  төңірегінде 
жасалған ізденіс жұмыстары мен көпжылдық тәжірибе жинақтау барысында 
жеткен жетістіктерге сүйене отырып, компьютерлік технологияларды маман 
даярлау үрдісінде қолдануға болатын біршама әдістемелер пайда болды.  
Атап  айтқанда,  дизайн  мамандығынының  арнайы  кәсіби  пәндері  – 
«Кәсіби  компьютерлік  бағдарламалары»,  «Компьютерлік  жобалау», 
«Компьютерлік  және  баспа  графикасы»  және  «Компьютерлік  моделдеу»  
сияқты  қалыптасқан  пәндерді  оқыту  барысында  студенттердің  бастапқы 
компьютерлік білімдері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемелері осы 
 
Ал,  болашақ  дизайнерлердің  кәсіби  деңгейлерін  қажетті  деңгейде 
қалыптастыруға  қажет  әдістеме  осы  мамандықтың  басқа  да  арнайы  кәсіби 
пәндерінде  қолданумен  ұштастырғанда  ғана  өз  деңгейінде  болады.  Атап 
айтсақ:  «Фирмалық  стиль»,  «Графикалық  дизайн  нысандарын  жобалау», 
«Жарнаманың  арнайы  түрлері»,  «Графикалық  дизайн  бөліктері  мен 
үрдістері»  және  т.т.  сияқты  арнайы  пәндерде  дәстүрлі  қолмен  орындау 
тәсілдерін  меңгергеннен  кейін  компьютерлік  тәсілдерді  қолдануды  үйрету 
керек.  
Болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қалыптастыруда елеулі орын 
алатын  оқу  формасының  бір  түрі  болып  саналатын  кәсіби  өндірістік 
практикалардың  да  маңызы  зор.  Практиканы  өту  барысында  студенттер 
шынайы  нарықтағы  дизайн  салаларының  өндіріс  құрылымы  мен  жұмыс 
ортасынмен 
танысуға, 
шамасына 
қарай 
тапсырыстар 
орындап, 
тұтынушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.  
Кәсіби  өндіріс  орнында  оқу  орнында  жоқ  компьютерлік  техникалардың 
түрлерімен, 
атап 
айтқанда: 
озық 
 
дизайнерлік 
компьютерлік 
бағдарламалармен; кәсіби принтерлер мен плоттерлемен; кітап және ақпарат 
баспа  құрылымдарымен;  жарнаманың  арнайы  түрлерінде  қолданылатын 
баспа қондырғыларымен; дизайн саласында қолданылатын жаңа материалдар 

101 
 
мен  технолгиялармен  танысуға  және  олармен  жұмыс  істеу  тәжірибесін 
меңгеруге мүмкіншілік алады. 
Дегенмен, студенттердің компьютерлік кәсіби дағдыларды қалыптастыру 
үрдісінің  қомақты  ауқымы  білім  беру  ағымындағы  арнайы  және    кәсіби 
пәндерді оқыту барысына тиесілі. Сондықтан, оқу пәндерін оқыту үрдісінде 
студенттердің  дизайн  саласына  қатысты  теориялық  білімдері  мен  кәсіби 
дағдыларын  күнделікті  дәріс  оқу  барысында  қалыптастыруымыз  керек.  Ол 
үшін  дәріс  беруші  оқытушы  осы  салада  шығармашылық  жұмыстар  істейтін 
тәжірибелі маман болғаны жөн. Ондай маманның студентке тек академиялық 
тұрғыдан  білім  беріп  қана  қоймай,  заманауи    дизайн  саласындағы  өзінің 
күнделікті  тәжірибесімен  ұштастыра  отырып,  кәсіби  шығармашылық 
шеберлікке  үйрететін  мүмкіндігі  болады.    Сонда  ғана  білім  мен  тәжірибе 
ұштасады.  
Осы мәселе төңірегінде шешімін таптай келе жатқан мәселелердің бірі  – 
қазақ тілінің дизайн саласында өз деңгейінде қолданыста болмауы. Көптеген 
жарнамалық  және  баспа  бұйымдарында,  қала  ішіндегі  сыртқы  дизайн 
құрылымдарында,  әртүрлі  маңдайшалар  мен  хабарламаларда  қазақ  тілінің 
граматикалық нұсқасын өрескел бұзушылық үйреншікті нәрсеге айналды. 
 Бұндай жайттардың жиі кездесуінің басты себептерінің бірі - осы дизайн 
бұйымдарын  жасаушы  мамандар  мен  фирмаларға  тиесілі  үкімет  тарапынан 
және жергілікті әкімшілік ұйымдардың бақылауды дұрыс атқармайтындығы 
болса, екінші себебі - қазақ тілін жетік білетін дизайн мамандарының әлі де 
жетіспеушілігінде.  
Жұртшылықтың  көзіне  көрінетін  дизайн  нысандарын  әрдайым  тексеріп, 
рұқсат  беру  және  бекіту  шараларын  жасайтын    арнайы  мемлекеттік 
ұйымдардың құзырында болса, осы олқылықты жоюдың екінші бір амалы  - 
дизайн  саласына  маман  дайындайтын  оқу  орындарындағы  білім  беру 
үрдісінде мемлекттік тілді өз деңгейінде оқытуды қажетті деңгейге қою.   
Бұл  мәселеге  түпқазық  болып  отырған  жағдай  -  дизайн  мамандығын 
дайындайтын  оқу  орындарының  қазақ  бөлімдеріндегі  оқу  үрдісіне  қажетті 
оқу  құралдарының  жоқтығы.  Бүгінгі  күнде  үкімет  пен  білім  және  ғылым 
министрлігі  осы  ауқымды  мәселенің  шешімін  табудың  жолдарын  анықтап, 
оқу  орындарының  алдына  қойып  отырған  басты  бағыттардың  бірі  болып 
табылады.  Осы  мәселені  шешу  мақсатында  университет  тарапынан  қажетті 
іс-шаралар  жасалып  жатыр.  Солардың  бір  бөлігі  ретінде,  дизайн 
кафедрасының  профессор-оқытушыларының  мамандыққа  қажетті  оқу 
құралдарын дайындау жұмыстарын жасап жатқандығын айта кеткен жөн.  
Соңғы он жылда ғылыми-әдістемелік жұмыстарды қазақ тілінде жазу кең 
өріс  алып  келеді.  Бірақ  та,  ойландыратын  бір  жағдай  -  2010  жылы 

102 
 
кандидаттық  және  докторлық  диссертацияларды  еліміздегі  бұрынғы  ереже 
бойынша  қорғау  тоқтатылу  жоспарланып,  халықаралық  талапқа  сай 
еліміздегі  білім  жүйесінің  оқытудың  кредиттік  технологиясына  өтуді  іске 
асыру  мақсатында PhD  жүйесіне  көшу  жұмыстары атқарылуда.  Осы  орайда 
ойландыратыныны  аталмыш  ғылыми  дәреже  тек  ағылшын  тілінде 
қорғалатындықтан,  қазақ  тілінде  ғылыми  жұмыс  істеудің  келешегі  қалай 
болмақ? 
Оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  мемлекеттік  тілде  жазу  жоғарыда 
айтылғандай,  бүгінгі  күндегі  жауапты  мәселе  болып  отыр.  Дизайн 
мамандығына дайындаудағы қазақ бөлімдеріндегі кәсіби пәндердің барлығы 
ана тілінде оқытылғанымен мемлекеттік тілде құрастырылған оқулықтар аз.  
Жалпыға міндетті білім стандартына енгізілген базалық кәсіби пәндерден 
мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  тендер  жарияланып,  оқу  орындары  оқу 
құралдарын орындауға мүмкіншілік алғанымен жұмыс нәтижесін көре алмай 
отырмыз.  Біріншіден  оқулық  жазу,  екіншіден  оны  қажетті  саралаулардан 
өткізу өте ұзақ уақытты қамтиды.  
Оқу үрдісіне келіп жеткенше, оқулықтың мазмұны мен сапасы моральдық 
тұрғыдан  алғанда  ескіріп,  жарамсыз  болып  қалады.  Қазақ  тілінде 
компьютерлік  технологияларды  сипаттайтын  оқу  құралдары  түгіл,  жай 
түсініктемелердің  өзі  жоқ.  Тіл  мамандарының  қатысуымен  қазақ  тіліне 
аударылып, 
жүйелендірілген 
дизайн 
салаларында 
қолданылатын 
компьютерлік  терминология  мен  сөздіктің  қалыптасқан,  құзырлы 
ұйымдардың  бекітуінен  өткен  үлгілерінің  жоқтығы  оқу  құралдарын  өз 
деңгейінде жазуға елеулі қиыншылық туғызады.  
Компьютерлік  кәсіби  бағдармалардың  бәрі  бірдей  ағылшын  тілінде 
құрастырылған. Одан орыс тіліне аударылған. Тілден тілге аудару кезінде тіл 
бұрмаланып, көптеген түсініктердің мазмұны өзгеріп, тұтынушыға жеткенше 
күлкілі болып жетеді.  
Одан  енді  қазақ  тіліне  аударғанымызда  бұл  ұғымдардың  тілімізде 
қалыптасқан  баламаларының  жоқтығы  тілді  шұбарлауға  әкеп  соқтырады 
емесе тұрпайы естіледі. Осы мәселені жеке дара оқытушылар ғана емес қазақ 
тілі қоғамдарының арнайы мамандары бірігіп отырып шешсе болар еді. 
Компьютерлік  технологияға  негізделген  қазақ  тілінде  жазылған 
электронды  оқулық  шығарудың  да  осы  мәелеге  байланысты  кенде  қалып 
отырған жайы бар. Мақалада қарастырылған  мәселелерді шешу  мақсатында 
іс-шаралар жасалуда. Келешекте бірнеше оқулық шығару жоспарланып отыр. 
 
 
 
 

103 
 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің 
 «Хабаршы» ғылыми журналы. № 2 (76). Астана,  - 2010 ж. 
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
БОЛАШАҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Кәсіби  даярлық  деңгейінің  жоғары  болуы  қоғамның  дамуының  қазіргі 
кезеңінде    болашақ  мамандарға  және  оны  даярлайтын  жоғары  оқу 
орындарына  қойылатын  талаптардың  маңыздыларының  бірі  болып 
табылады.  
Қазіргі ақпараттық қоғам заманауи компьютерлік технологияларды жетік 
меңгерген  біліктілігі  және  кәсіби  икемділігі  жоғары  мамандарға  мұқтаж. 
Заман  ағымына  тез  бейімделе  алатын  дизайн  салаларына  қажетті  мамандар 
даярлау  осы  мақсаттарға  бағытталуда.  Компьютерлік  технологиялардың 
дамыған  елдердегі  дизайн  салаларында  кең  қолданыста  болуы  біздің  елдегі 
осы  салаға  маман  даярлау  жұмысында  өз  деңгейінде  болуы  шарт.  Жаңа 
технологияларды адам қызметінің барлық салаларына жаппай енгізілуі білім 
беру  саласын  қайта  қарастыру  және  оны  дамытудың  жаңаша  түрлері  мен 
жолдарын іздеуді міндеттейді.  
Білім  беру  саласында  ақпараттық  технологияларды  қолдану  мәселелерін 
қарастырған  ғылыми  еңбектерді  (И.Г.  Захарова,  Э.И.  Кузнецов,  В.М. 
Монахов,  В.И.  Пугач,  И.В.  Роберт  и  др.)  саралау  жұмыстары  көрсеткедей 
компьютерлік  технологиялар  арқасында,  оқып-үйрену  үдірісін  басқару 
өзгеруге  бейімділік  танытуға  ықпал  ету  -  жоғары  оқу  орындарының 
пәндерінің  мазмұны,  оқытудың  формалары  мен  әдістері  жаңаша  құрылым, 
міндет, психологиялық және педагогикалық сипатқа икемдеуді көздейді.   
Мамандардың  кәсіби  қызметінің  табысты  болуы  озық  ғылыми-
техникалық  жетістіктерді  нақты  өндіріске  енгізумен  ғана  шектеліп  қоймай, 
сонымен қатар компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі талап етілуде. 
Солардың  қатарында  жаңа  заман  қарқынына  ілесу  дизайн  саласына  да 
міндетті болып отыр.  
Студенттерді ақпараттық технологияларды қолданып даярлау бағытында 
жасалған С.И. Архангельский, Н.В. Кузьмина, В.С. Леднев, В.А. Сластенин, 
Н.Ф.  Талызина  және  басқалардың  (педагогика  мен  психология  саласында) 
ғылыми  ізденіс  жұмыстарында;  информатиканы  оқытудың  теориясы  мен 
әдістемесінде В.П. Беспалько, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, Е.И. Машбиц, В.М. 
Монахов, П.И. Образцов, Е.С. Полат, В.И. Пугач, И.В. Роберт, В.С. Самсонов  
және басқалардың еңбектерінде қажетті және терең даму тапқан 

1


С.А.  Бондаренко,  В.И.  Загвязинский,  Э.Ф.  Зеер,  И.Я.  Лернер,  В.В. 
Сериков,  С.Д.  Смирнова,  Ю.Г.  Татур,  Ю.Г.  Фокин,  Л.А.Ивахнова, 

104 
 
Л.Х.Мажитова,  Н.Н.Хан  және  басқалар  болашақ  мамандарға  кәсіби  білім 
беру  заңдылықтары  мен  тенденцияларының  мәселелеріне  өз  жұмыстарын 
арнаған.  
Шығармашылық  мамандықтардан  кәсіби  даярлықты  қалыптастыру 
мәселелері  қазақстандық  ғалымдар  Т.К.Мусалимов,  Е.С.Асылханов, 
Ә.К.Бәйдібеков, Н.Е.Исабек, К.М.Бегімбай және басқалардың жұмыстарында 
қарастырылған.  
Ғылыми 
жұмыстарды 
сараптау 
қорытындысы 
көрсеткендей 
компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы  дизайн  саласына  маман 
даярлау  ісі  қажетті  деңгейде  қарастырылмаған  және  қосымша  іздену 
жұмыстарын талап етеді.   
Бұл  ізденіс  жұмысынында  біз  дизайн  саласына  маман  даярлау  ісіндегі 
заманауи технологияларды қолдану мәселелерін қарастыруды мақсат етеміз.  
Болашақ  дизайнерлерді  даярлауды  қалыптастыру  мәселелері  көпаспекті 
және басты мынадай қайшылықтарды шешумен байланысты:  
-
 
білім  беру  саласын  жаппай  компьютерлендіру  жағдайында  дизайн 
саласына  маман  даярлауды  жетілдірумен  осы  даярлау  ісін  әдістемелік 
тұрғыдан қажетті деңгейде қамтамассыз етілмегендігі арасында; 
-
 
жоғары  білім  беру  жүйесінде  қалыптасқан  болашақ  дизайнерлерді 
кәсіби  даярлау  мен  оның  дарярлығына  деген  талаптың  едәуір  өскендігі 
арасында  және  де  осы  талаптарды  орындау  мақсатында  компьютерлік 
технологиялардың мүмкіншіліктерін қолдану жеткілікті деңгейде болмауы;  
-
 
дизайн  саласының  болашақ  мамандарының бәсекелестікке  икемділігін 
қамтамасыз  ету  мен  олардың  компьютерлік  біліктілігінің  деңгейінің  төмен 
болуының арасында. 
Аталған  қайшылықтар  ізденіс  жұмысының  проблемасын  айқындады: 
ғылыми-педагогикалық,  ұйымдастыру-технологиялық  қамтамассыз  ету 
компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы  болашақ  дизайнерлердің 
кәсіби даярлау үдірісінің қандай болуы керектігін.  
Басты  мақсат  –  дизайн  саласында  қызмет  ететін  болашақ  мамандарды 
компьютерлік технологияларды қолданып кәсіби даярлаудың педагогикалық 
шарттарын айқындау және жүзеге асыру жолдарын іздестіру. 
Болашақ дизайнерлердің кәсіби даярлығын ойдағыдай қалыптасуы  үшін 
төмендегі шарттар орындалуы қажет:   
-
 
дизайн  аласының  мамандарының  кәсіби  даярлығын  қалыптастыратын 
құрал  ретінде  оқу  және  арнайы  курстардың  құрылымы  мен  мазмұнын 
ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету іске асырылса; 
-
 
 компьютерлік технологиялардың бір бөлігі ретінде кәсіби графикалық 
бағдарламалар  мен  графикалық  дизайн  саласына  қажетті  қосалқы 
компьютерлік құралғылармен жұмыс істеуді студенттер толық игергенде;  

105 
 
-
 
Болашақ  мамандардың  өзінің  кәсіби  қызметінде,  яғни  дизайн 
жобаларын  жасау  барысында  компьютерлік  технологияларды  қолданудың 
қажеттігін  саналы  түрде  және  өз  бетінше  қолдануға  деген  ұмтылыс 
туындағанда. 
Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегі міндеттер орындалуы қажет: 
-
 
компьютерлік  технологияларды  қолданып  болашақ  дизайнерлердің 
кәсіби деңгейін қалыптастырудың түпкі негізін анықталуы; 
-
 
жоғары  оқу  орынында  компьютерлік  технологияларды  қолдану 
қарастырылуы  және  олардың  болашақ  маманның  даярлығын  қалыптастыру 
мүмкіншіліктерін анықталуы; 
-
 
болашақ 
дизайнерлердің 
кәсіби 
даярлығын 
компьютерлік 
технологияларды  қолдану  арқылы  қалыптастыруға  қажет    педагогикалық 
шарттары айкындалғандалуы; 
-
 
компьютерлік  технологияны  болашақ  дизайнерлерді  даярлау  ісіне 
енгізудің салдарынан қалыптасқан кәсіби даярлықтың моделі жасалуы; 
-
 
дизайн  саласының  болашақ  маманының  даярлығын  арттыратын 
экспериментальды жолмен тексерілуі. 
Ізденіс жұмысы 2000 жылдан 2010 жыл аралығында жүргізілді және төрт 
кезеңнен тұрады. 
Бірінші  кезеңде  болашақ  мамандарды  компьютерлік  технологияларды 
қолдану  арқылы  кәсіби  даярлығын  қалыптастырудың  қазіргі  кезеңдегі 
жағдайы  саралануға  бағытталды.  Осы  мақсатта  жоғары  мектептегі  кәсіби 
даярлықты 
қалыптастыру 
мәселесіне 
арналған 
ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттер сараланып,  кәсіби даярлықтың түпкі негізі анықталып, оның оқу 
үдірісінде  алатын  орыны,  компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы 
кәсіби даярлықты қалыптасу деңгейлері межеленді.  
Екінші  кезеңде  болашақ  дизайнерлердің  мемлекеттік  жалпыға  бірдей 
білім  беру  стандартына  сай  болашақ  қызметінде  компьютерлік 
технологияларды  қолдана  білуі  және  оларды  іс  жүзінде  пайдалана  алуға 
қойылатын талаптар сараланды.  Болашақ дизайнерлердің кәсіби даярлығын 
қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары  айқындалып,  кәсіби  деңгейдің 
қалыптасу  критерийлері  құрастырылды.  Олардың  екі  құрылымдық  бөлшегі 
аықталды:  компьютерлік  технологиялармен  жұмыс  істей  білу  және  оларды 
кәсіби дизайнерлік мақсаттарды орындау үшін қолдана білу.  
Бұл ізденіс өз кезегінде дизайн саласының болашақ мамандарының кәсіби 
даярлығынын  қалыптастырудың  мүмкіндіктерін  анықтауға  және  оқытудың 
компьютерлендірген концепциясын құрылымдауға септігін тигізді.  
Үшінші  кезең  –  компьютерлік  технологияларды  дизайнерлерді  даярлау 
үдрісіне  енгізудің  кәсіби  даярлықтың  педагогикалық  моделіне  сәйкестігін 
дәлелдейтін эксперимент жұмыстарын жасауға бағыттлды. 
Төртінші  кезең  –  алынған  нәтижелерді  саралау  және  қорытындылау, 
ғылыми жұмысты құрастыру кезеңі болып табылды.   
Ендігі  кезекте  кәсіби  даярлық  ұғымына  толығырық  тоқталып  өтейік. 
Маманның кәсіби даярлығы үш өзара жалғасып жатқан құрылымнан тұрады: 

106 
 
тұлғалық,  теориялық  және  технологиялық  бір-бірімен  етене  араласып 
жатады.     
Бәрі  бірігіп  күрделі  диалектикалық  тұтастық  құрайды  –  әр  қайсысы 
қажетті,  ал  біріге  отырып,  студенттің  кәсіби  қызметке  даяр  болуы  үшін 
жеткілікті болып табылады.  
Кәсіби  даярлық  кәсіби  даярлаудың  нәтижесі  болып  табылады,  тұлғаның 
қасиеті және кәсіби іс-әрекеттің жемісті болуының кепілі.  
Болашақ  маманның  кәсіби  даярлығының  межесін  төрт  деңгеймен 
мөлшерлейміз: 
бірінші  деңгей  білімді  меңгеруді  сипаттайды:  студенттер  бастапқы 
ұғымдарды  ажырата  біледі,  негізгі  түсініктерді,  олардың  жіктелуін  және 
түрлерін  ажырата  алады.  Бұндай  білім  деңгейі  қарапайым  қолданбалы 
шешімдерді  шешуге  де  жарамсыз.  Маманның  даярлығының  бұл  көрсеткіші 
жеткіліксіз деп танылады;  
екінші деңгей саналы түрде қабылданған және есте сақталған білім, қажет 
болған  жағдайда  қарапайым  қолданбалы  шешімдер  жасауға  жарамды.  Бұл 
деңгейде  бастапқы  даярлық  қалыптасқан,  бірақ  та  маманның  еңбек 
нарқында бәсекелестікке түсуіне жеткіліксіз деп танылады;  
үшінші  деңгей  –  жемісті  іс-әрекет.  Бұл  жерде  түсініктерді, 
категорияларды  саралай  білу  қалыптасқан.  Бұл  деңгей  студенттердің 
теориялық  оқу  кезінде  алған  білімдерін  өзіндік  жұмыс  орындау  барысында 
туындайтын  қиыншылықтарды  жеңуде  қолдана  білуімен  және  субъективті 
түрде жаңа мағлұматтар жинақтауымен сипатталады. Мазмұны мен жағдайы 
жаңаша,  бірақ  орындау  әдісі  мен  кезеңдері  оқу  барысында  игерілген 
әрекеттерді студенттер орындай алады.  Бұл орташа даярлық деңгейі болып 
есептеледі  және  маманның  еңбек  нарықында  бәсекеге  түсуіне  мүмкіншілік 
береді;  
төртінші  деңгей  –  жас  маманның  таңсық  жағдайларда  бұрынғы  алған 
білімі  мен  тәжірибелік  дағдыларын  оңтайлы  қолдана  білетін  жемісті  әректет 
кезеңі  болып табылады. 
Бұл  деңгей  -  болашақ  маманның  кәсіби  ұғымдар  мен  түсініктерді  еркін 
қолдана білетін, алған білімі мен іскерлігін тосын жағдайда қажетті деңгейде 
қолдана білетіндігі қалыптасқандығын сипаттайтын деңгей болып табылады. 
 Білімі  мен  іскерлігі  қалыптасқан  аталмыш  деңгейді    жеткілікті  деп 
тануға  болады.  Бұл  деңгей  маманның  даярлығы  толық  қалыптасқандығын 
сипатайды  және  онық  еңбек  нарығында  бәсекеге  еркін  түсуіне  мүмкіндік 
беретін даярлық межесі болып табылады 

2


Ел  эконмикасының  қарқынды  дамуы  кезеңінде  ел  басының  болашақ 
маман  даярлау  ісінің  алдына  қойған  «бәсекелестікке  дәрменді  мамандар 
даярлау  қажеттілігі»  осы  күнгі  талаптардың  ең  бастысы  болып 
табылатындығын  есте  сақтай  отырып,  білім  беру  саласындағы  оқытудың 
мазмұны  мен  құрылымын  заманауи  озық  технологияларды  белсенді  түрде 
қолдану арқылы шешу мәселесі  - біздің ізденіс жұмысымыздың түп қазығы 
десек те болады.  

107 
 
Осы  мақсатты  көздей  отырып  өз  тарабымыздан  қолдан  келер 
мүмкіншіліктерді  қолдана  отырып,  дизайн  саласынына  мамандар  даярлау 
жолында  бірқатар  іс-шараларды  қолдануды  бетке  ұстап,  кәсіби  пәндерді 
оқыту  барысында  алдыңғы  қатарлы  елдер  тәжірибесіне  сүйеніп,  білім  мен 
біліктілікті шыңдай түсу әр оқытушының басты міндеті деп білемін.  
Осы  көшке  қосар  үлесіміздің  айғағы  ретінде  кафедрамызда  атқарылып 
жатқан  іс-шаралар  ауқымында  болашақ  дизайн  мамандарын  даярлау 
үдірісінде  компьютерлік  технологияларды  кеңінен  қолдану  ісі  атқарылуда. 
Кәсіби  пәндер  көлемінде  дәстүрлі  технологиялар  мен  қатар  компьютерлік 
технологияларды қолданудың үлесін көбейтуге бет бұрыс жасалуда.    
 Бұл  мәселені  теориялық  негізін  айқындап  алғаннан  кейін  жасайтын 
келесі  қадам  –  тәжірибе  жүзінде  іске  асыру  жолдарын  қолға  алу.  Болашақ 
мамаманның  алдында  тұрған  мақсат  –  оқу  іргесінен  еңбек  нарығына  аяқ 
басқан  шақта  оның  қояр  талаптарына  сай  болу.  Ендеше  нақты  тәжірибе 
сабақтарында осы талаптарды еске ала отырып, кәсіби пәндерді құрылымдау 
және  әдістемелік  базасын  жасауға  кірісейік.  Ол  үшін  қазіргі  кезеңдегі  оқу 
үрдісіне  зер  салып,  жеткен  жетістіктер  мен  кеткен  олқылықтарды  анықтар 
алуымыз  қажет.  Компьютерлік  технолгияларды  дизанерлерді  дайындау 
үдірісінде қолдану соңғы 10 жылда кең етек алуда.  
Педагогикалық  тәжірибемізде  компьютерлі  технологияларды  қолдану 
барысы  әртүрлі  кезеңдерді  басынан  кешірді.  Алғашқы  кезеңде  (2000-
2003ж.ж.)  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогика  университетінде 
көркемсурет-графика  факультетінде  алғашқы  компьютерлік  класс  ашылып, 
«Компьютерлік  графика»  пәні  суретшілер  мен  дизайнерлерді  компьютерлік 
технологиялармен таныстырудың бастапқы кезеңін, 2004-2006-шы жылдары 
Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің  мамандықтардың 
барлығына ортақ компьютерлік кластарда жалғасын тапты.  
Оқу  жоспарында  компьютерді  қолдану  арқылы  кәсіби  даярлықты 
шыңдауға  едәуір  сағат  көлемі  бөліне  бастады.  «Компьютерлік  графика»  
пәнімен  қатар  мамандықтардың  сипатына  сай  сәулет  ортасы  дизайнына 
бағытталған  «Компьютерлік  жобалау»  және  өнеркәсіптік  дизайнға  қажетті 
«Компьютерлік  модельдеу»  мен  бірге  графикалық  дизайнның  мақсаттарына 
бағытталған «Компьютерлік редактирлеу» пәндері бөлек беріле бастады.  
Соңғы  бес  жыл  көлемінде  дизайн  мамандықтарының  басқа  да  кәсіби 
арнайы пәндері, атап айтсақ графикалық дизайн саласына керек «Фирмалық 
стиль»,  «Жарнаманың  арнайы  түрлері»,  «Графикалық  дизайн  нысандарын 
жобалу»  және  т.б.  компьютерлік  графикалық  бағдарламалардың    түрлері 
қолданылатын  болды.  Бұндай  компьютерлік  бағдарламалардың  жіктелуі 
дизайн салаларының өзіндік ерекшеліктеріне сай кәсіби деңгейі қалыптасқан 
мамандар даярлауға мүмкіншілік бергендігі сөзсіз.  
Дегенмен,  техникалық  прогресс  қарқынына  ілесе  алмай  келе  жатқан 
оқытушылар  осы  үдірістен  тыс  қалып,  студенттермен  салыстырғанда 
компьютерлік  білімі  мен  дағдыларының  жоқтығынан  немесе  ондай 
ептіліктерінің  төмен  деңгейде  болуынан  көшке  ілесе  алмай  келе  жатқан 

108 
 
жағдайы  бар.  Сондықтан  дәстүрлі  оқыту  технологияларын  заманауи  озық 
компьютерлік  технологиялармен  ойдағыдай  ұштастыра  отырып,  дизайн 
салаларына маман даярлау жұмысын қайта құру қажеттілігі туындайды.  
Бұл  үдірістің  қажетті  қарқынмен  дамуына  оқу  орындарының  қаржылық 
тәуелділігі  де  кедергі  етуде.  Жыл  сайын  көз  ілестірмей  тез  дамып  отырған 
компьютерлік  технология  өнімдерінің  нарықтық  бағасының  қымбаттылығы 
мен 
бюджеттік 
жүйеге 
тәуелді 
оқу 
орындарының 
қаржылық 
мүмкіншіліктерінің  шектеулі  болуы  мамандарды  нарықтық  еңбек 
салаларындағы бәсекеге сай кәсіби деңгейінің қажетті межеде болуына кері 
әсерін тигізетін екінші объективті себеп болып табылады. 
Ал,  үшінші  себеп  –  дизайн  мамандықтарының  кәсіби  арнай  пәндерінің 
мазмұндық  құрылымы  мен  әдістемелік  деңгейінің  қажетті  деңгейден 
әлдеқайда  төмен  болуы.  Алдыңғы  екі  қомақты  себепті  оқытушылар  өз 
деңгейінде  шеше  алмағанымен,  кәсіби  арнайы  пәндерді  оқыту  барысын 
компьютерлік  технологияларды  ұтымды  пайдалау  арқылы  ұйымдастыруға 
ерікті.  Ол  үшін  әр  оқытушы  өзінің  кәсіби  компьютерлік  білімін  көтеруге 
және оқытудың жаңа  технологияларын меңгеруіне мүмкіншіліктері бар.  
Осының 
дәлелі 
ретінде 
соңғы 
жылдары 
дизайн 
саласының 
мамандықтарын  әзірлеуде  қоланылып жүрген  ғылыми ізденіс  жұмыстардың 
негізінде пайда болған озық әдістемелерді атап өтуге болады 

3


Ақпараттық технологияларды оқу үдірісінде кеңінен қолдану осы күннің 
талабы.  Соның  бір  бөлігі  болып  табылатын  компьютерлік  технологияларға 
тоқталып өтейік.  
«Компьютерлік  технологиялар»  заманауи  компьютерлік  және  басқа  да 
техникалық құралдарды қолданудағы ақпараттарды жинақтау, өңдеу, сақтау 
және  тасымалдау  әдістері  мен  тәсілдерінің  жүйелендірілген  жиынтығы 
ретінде қаралады.  
Дизайн  саласындағы  болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын 
арттырудың  құралы  ретінде  қолданылатын  компьютерлік  технологияларға 
интелектуальдық  оқыту  жүйелерінің  компьютерлі-құрылымдық  түрлері, 
кәсіби компьютерлік графикалық пакеттерді қолдану технологиясы,  қосалқы 
техникалық  құрылымдарды  қолдану  әдістері  және  мультимедиа  құралдары 
жатады.  
Болашақ дизайнерлерді даярлаудың басты мақсаты – күрделі дизайнерлік 
көркем  шешімдерді  қолдануды  талап  ететін  дизайн-жобаларды  орындау 
әдістері мен тәсілдерін кәсіби деңгейде меңгеру болып табылады. Бұл тұста 
техникалық  тұрғыдан  меңгеру  ғана  емес  сонымен  қатар  шығармашылық, 
эстетикалық тұрғыдан да қарау ескерілу керек.  
Ендігі  көңіл  бөлуді  қажет  ететін  мәселе  дизайнерлердің  кәсіби 
қалыптасуына  әсер  ететін  компьютерлік  технологияларды  қолдану  арқылы 
даярлаудың  педагогикалық  шарттары  болып  табылады.  Оқыту  барысында 

109 
 
озық  педагогикалық  әдістемелерді  қолданып,  заман  талабына  сай  маман 
даярлауды  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  керек.  Ол  үшін  оқу  жоспарындағы 
компьюерлік технологияларды қолданудың үлесі жеткілікті көлемде болуын 
және оқу формаларының жаңаша түрлерін үрдіске енгізілуін қамтамассыз ету 
керек.   
Дизайнерлердің  кәсіби  деңгейінің  қалыптасу  межесін  анықтап,  оның 
заман талабына сай болуына қол жеткізу керек.  
Студентерді кәсіби даярлау үрдісін үш кезеңге бөлуге болады:  
Бірінші  кезеңге  мектеп  қабырғасында  және  жоғары  оқу  орынындағы 
«Информатика»  пәнінен  алған  ақпараттық  технология  туралы  білімдері  мен 
бастапқы  дағдылары  жатады.  Информатика  ұғымы  мен  бағдарлау  тілдері 
(HTML және Visual Basic), компьютерлік техниканың құрылымы (процессор, 
аналық  плата,  монитор),  қосалқы  құрылымдар  (манипулятор,  клавиатура), 
операциондық  жүйелер  мен  орталар  (Windows),  кеңсе  бағдарламалары 
(Microsoft Word) және т.б.  
Екінші 
кезеңде 
студенттер 
кәсіби 
компьютерлік 
графикалық 
бағдарламалармен  (CorelDRAW,  Photoshop)  алғашқы  танысу,  олардың 
түрлері мен графикалық мүмкіншіліктері, графикалық құралдары мен басты 
бұйрықтарын қолдану дағдыларын меңгеру жатады.    
Үшінші  кезеңде  осы  компьютерлік  графикалық  редакторларды  тереңірек 
оқып-үйрену,  күрделі  дизайнерлік  шешімді  табуды  қажет  ететін  дизайн-
жобаларды  кәсіби  деңгейде  орындай  білу  жатады.  Сонымен  қатар  қосалқы 
техникалық  құрылымдармен  (принтер,  сканер,  плоттер,  лазерлік  басылым 
қондарғылары,  сандық  фотоаппарат  және  т.б.)  жұмыс  істеу  дағдыларын 
меңгеру жатады.   
Компьютерлік біліктілікке жоғарыда айтылғандардан басқа да 
дағдыларды жатқызамыз:  

 
компьютерлік бағдарламаларды операциондық жүйелерге қондыра 
білу, антивирус бағдарламаларын қолдана білу,  

 
компьютерді қолдана білу және қажетті тексеру мен реттеу 
жұмыстарын орындай білу,   

 
ақпаратты сақтау және тасымалдау құралдарымен жұмыс істей  

 
білу, интернет желісімен жұмыс істеу және т.т. 
Болашақ дизайнерлердің кәсіби деңгейлерін қалыптастыруда елеулі орын 
алатын  оқу  формасының  бір  түрі  болып  саналатын  кәсіби  өндірістік 
практикалардың  да  маңызы  зор.  Практиканы  өту  барысында  студенттер 
шынайы  нарықтағы  дизайн  салаларының  өндіріс  құрылымы  мен  жұмыс 
ортасынмен 
танысуға, 
шамасына 
қарай 
тапсырыстар 
орындап, 
тұтынушылармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.  

110 
 
Кәсіби  өндіріс  орнында  оқу  орнында  жоқ  компьютерлік  техникалардың 
түрлерімен, 
атап 
айтқанда: 
озық 
 
дизайнерлік 
компьютерлік 
бағдарламалармен; кәсіби принтерлер мен плоттерлемен; кітап және ақпарат 
баспа  құрылымдарымен;  жарнаманың  арнайы  түрлерінде  қолданылатын 
баспа қондырғыларымен; дизайн саласында қолданылатын жаңа материалдар 
мен  технолгиялармен  танысуға  және  олармен  жұмыс  істеу  тәжірибесін 
меңгеруге мүмкіншілік алады. 
Дегенмен, студенттердің компьютерлік кәсіби дағдыларды қалыптастыру 
үрдісінің  қомақты  ауқымы  білім  беру  ағымындағы  арнайы  және    кәсіби 
пәндерді оқыту барысына тиесілі.  
Сондықтан, оқу пәндерін оқыту үрдісінде студенттердің дизайн саласына 
қатысты  теориялық  білімдері  мен  кәсіби  дағдыларын  күнделікті  дәріс  оқу 
барысында  қалыптастыруымыз  керек.  Ол  үшін  дәріс  беруші  оқытушы  осы 
салада  шығармашылық  жұмыстар  істейтін  тәжірибелі  маман  болғаны  жөн. 
Ондай  маманның  студентке  тек  академиялық  тұрғыдан  білім  беріп  қана 
қоймай,  заманауи    дизайн  саласындағы  өзінің  күнделікті  тәжірибесімен 
ұштастыра отырып, кәсіби шығармашылық шеберлікке үйрететін мүмкіндігі 
болады.  Сонда ғана білім мен тәжірибе ұштасады.  
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
 
Цыренова  А.В.  Новые  информационные  технологии  обучения  в 
сельскохозяйственном  вузе  //  Вестник  Бурятского  университета.  Сер.  8б. 
Теория  и  методика  обучения  естественно-математическим  дисциплинам.  – 
Улан-Удэ: Изд-во Бурят. гос.ун-та, 2004. – Вып. 1. – С. 169-174. 
2.
 
Багдуева А.В. Формирование профессиональной готовности будущих 
специалистов  кадастрового  профиля  с  использованием  информационных 
технологий // Вестник Бурятского университета. Сер. 8б. Теория и методика 
обучения  естественно-математическим  дисциплинам.  –  Улан-Удэ:  Изд-во 
Бурят. гос.ун-та, 2006. – Вып. 1. – С. 77-81. 
3.
 
Исабек  Н.Е.  Студентерді  компьютерлік  графиканы  кәсіби  іс-
әрекетінде пайдалануға даярлау. Канд. дисс., -Алматы, 2005.-127б. 
 
Научный сборник «Вестник», ЕНУ имени Л.Н.Гумилева, Астана, 2010 г. 
Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр
123456789 -> Әлихан бөкейхановтың ЕҢбектеріндегі дәСТҮрлі қазақ шаруашылығының МӘселелері н. У. Шаяхметов


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет