Бейімбет майлин



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі343,47 Kb.
#10435

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЖЕ

 

 



 

 

Әңгіме 

 


Sauap.org 

 

 

 

Злиха  бүгін  кӛңілсіз.  Кӛңілсіз  болғанда  жайшылықтағыдай  емес,  бүгін 



ӛзгеше  ӛңі  қашып,  жақ  жүні  үрпиіп  берекесі  кетіп  отыр.  Не  істейтінін,  не 

істеп  отырғанын  езі  де  білмейтін  секілді.  Қол  сандықты  алдына  алып 

ашқанына  едәуір  уақыт  болды.  Сандығында  кӛптен  жиналып  қоқырсыған 

матаның  қиқымын,  суыртпағын,  ширатқан  жібін  әлденеше  ақтарды. 

Осыларды  о  баста  неге  арнап  жинағандары  есіне  түсті.  Мына  бір  қиықша 

сисаны,  осындайдан  құрастырып  бір  жасар  баласы  Бақытқа  кӛйлек  тігіп 

бергелі жүр еді. 

Мына  біреу  ақ  жіптің  қалдығын  қызы  Ұлпаға  кӛйлек  тіккендей  болса, 

етегін  қаюға  керек  болар  деп  сақтап  жүр  еді.  Қоқырсыған  құрақтың 

әрқайсысының  езіне  орны  бар,  бұлар  сары  майдай  сақтап  жиып  жүрген 

мүлкі. Енді осының бәрі текке қалатын секілденіп кӛрінеді. Неге олай, себебі 

не? Қоқырсыған құрақты жиыстырып Бақытқа кӛйлек тігіп берем десе, қарсы 

келіп  отырған  біреу  бар  ма?  Келіншек  болып  түскеніне  биыл  тоғызыншы 

жыл екен. Содан бері тӛрт құрсақ кӛтерді. Екеуі ӛлді, тірі қалғаны Ұлпа мен 

Бақыт.  Бір  жасқа  жаңа  толды.  Осы  екі  бала  қалай  тәрбиелеймін  десе  де, 

Злиханың  еркінде  емес  пе?  Әлде  байы  Сарымсақ  кесе  түсе  ме  екен?  Бірақ 

олай деуге жӛні келмейді. 

Сарымсақтай  момын  жоқ.  Сарымсақ  ӛткен  ӛмірінде  Злихаға  мынауың 

теріс  деп  кӛрген  адам  емес.  Злиха  келіншек  болып  түскеннен  езін  ерікті 

санаған. Оны жұрт екі түрлі жорушы еді;  

Злиханың  үйі  орта  дәулетті  үй;  Сарымсақтың  үйін  баста  тең  кӛріп  қыз 

берсе де, артынан бұл кедейленіп қалған; Злиха Сарымсақтың кедей күнінде 

келіп  түсті.  Екінші  себеп  —  жұрттың  жоруынша  бүл  зілдірегі  —  Злиха 

жасында  ажарлы  еді.  Ажарлы  әйелді  бозбалалар  жағалап  «тәуір  әйел  екен» 

деген атты тағатын әдеті ғой. Злиха мұны жас күнінде сезбеген секілденсе де, 

келіншек  болып  түскенде  ойлана  бастады.  Тәкен  ауылының  тәуір  деген 

жігіттері кездескен сайын іліп қашып Злиханы елеңдете түсуші еді. 

Басқа 


әйелдерге 

қарағанда 

Злиха 

еркін 


ӛсті. 

Злиханың 

жайдарылылығына, еркіндігіне қарап сырт оны «бозбалашылықтан сау емес» 

деп  жорушы  еді.  Бірақ  Злиха  намысына  кір  келтірмеді,  кім  кӛрінгенге 

қолжаулық болады деп, Сарымсақ ойлап кӛрген емес.  

Ендеше  Злиханы  кӛңілсіздікке  салушы  кім?  Кімнің  тілі  тиді?  Кімнен 

жәбір  кӛрді?  Бұл  сұрауларға  Злиханың  ӛзі  де  жауап  бере  алмайды,  жауап 

іздеген де жоқ, осы сұрауларды шешіп алудың керектігін ойлаған да жоқ. 

Сопақтау келген жер үйдің ортасын бӛлу үшін салған ұзынша пеш бар. 

Сол  пештің  жанында  жұлмаланған  құрым  киіздің  тесігінен  шӛпті  суырып, 

Бақыт  ойнап  отыр.  Кішкене  қолы  тырбиып,  уысына  сыйған  бір-екі  шӛпті 

сырғауылды сындырғандай қылып сындырады.  

Терезенің  кӛзінен  түскен  күн  сәулесі  Бақыттың  бетінен  сүйіп, 

еркелеткендей, ойнатқандай болады. 



Sauap.org 

 

Шашы жалбырап Ұлпа қуыршақ істеп отыр еді. Шӛппен ойнап отырған 



Бақыт  Ұлпаның  қолындағы  қуыршақты  кӛріп  қызықты,  «мәм,  мәм!»  деп 

қолын  созып  сұрап  еді,  Ұлпа  оған  бере  қоймады.  Бақыт  ызаланып  жылап 

жіберді. 

− Әже, әже, − деді Ұлпа. 

Терең ойға шомып отырған Злиха, ұйқыдан оянған кісідей басын кӛтеріп 

алды.  Байбалам  салып,  еркелеп,  жылап  отырған  Бақытты  кӛрді.  Екі  беті 

томпиып,  кӛзінен  болар-болмас  жас  шығып,  Злихаға  қарай  еңбектеп  келе 

жатыр еді. 

Ұлпа еркелей қарап: 

− Әже, қуыршағыма кӛйлек істеп берейін, ана бір сисаңды бересің бе? — 

деді. 

Еркелеп  күліп  отырған  Ұлпаны  кӛрген  соң,  ӛтірік  байбалам  салып, 



әжесіне  наз  қылғалы,  жылап  келе  жатқан  Бақытты  кӛрген  соң,  Злиханың 

жүрегі елжірейін деді білем, ӛз-ӛзінен ызаланып жылап жіберді. 

−  Құдай-ау,  осы  пәлеге  мені  салғалы  жүрген  кім?  Мен  неден  аздым? 

Маған не кӛрінді? Бақытжанды қайтем? Ұлпаны қайтем?!. 

Еңбектеп  келген  Бақыт  мамалап  бауырына  кірді.  Ұлпа  қуыршағын 

тастай  беріп,  әжесінің  жылағанынан  қорыққандай  состиыңқырап  тұрды  да, 

иығынан асыла отырды. 

− Әже, қарным ашты! — деді.  

 


Sauap.org 

 

II 

 

Сары, Кәрібай, Жалмақ үшеуі, Сарының шомының ық жағындағы күртік 



қарға  отырып,  кеңеске  кірді.  Әсіресе  Жалмақ  күпісінің  жағасын  жоғары 

таман кӛтере түсіп, мақал-тақпағын араластыра, сӛзді желдіртіп соғып отыр. 

Кәрібай кӛп үндемейді. Жалмақтың сӛзіне ырзалық білдіргендей, оқта-санда 

басын  изей  түсіп,  күлімсіреп  қана  қояды.  Сары  қатты  қарды  таяғымен 

түрткілей отырып, бірдеме айтып күлімсіреп еді, Жалмақ іліп ала жӛнелді. 

− Сары, сенің сӛзің екіұшты болып отыр. Кәрібайда бір елдің адамы, сен 

де  осы  елдің  жігіт  ағасысың.  Сені  басып  кететін,  сенің  сӛзіңнен  шығатын 

Қарынбайдан  кім  бар?  Басқа  сӛзіңді  қойып,  «жесіріме  қимам  қылып  отыр» 

десең біз сӛзді әлдеқашан доғарамыз ғой. 

−  Жесірімді  бермеймін  десем,  менің  айтуға  да  қақым  бар.  Қарынбай 

тұқымының  намысын  мен  іздемегенде,  кім  іздейді.  Бірақ,  мені  қамай 

бергенше, ӛздеріңді де қолға алуларын керек еді, - деп, Сары күлімсіреді. 

− Ӛй, құрып қал, құлқыныңды алға сала сӛйлейтін әдетің-ау. 

−  Мен  Кәрібайдан  үйренгем.  Биылғы,  Ұлтарақтың  келінін  ала 

барғандағыны мен ұмытам ба екем? 

Кәрібай  қа-қа-қа-лап  күлді.  Жалмақ  Бейсенбайдың  болыс  кезіндегі 

секіртпе күлкісіне салды. 

− Ал енді сенің дегенің-ақ болсын, ашып айтшы! 

−  Мен  несін  айтайын.  Ӛз  басым  еш  нәрсе  дәметпей-ақ  қояйын.  Араға 

жүретін  жігіттеріміз  бар,  әкімдеріміз  бар,  олардың  сыбағасын  толықтырмай 

болмайды  ғой.  Осы  күнгі  заманның  түрін  ездерің  білесіңдер,  біреуді  біреу 

аңдып, атқа мінген жігіттің аяғынан шалып құлатқанша асық.  Солай болған 

соң олардың еңбегін бағаламай болмайды ғой... 

− Әкім деп сенен олжа дәме қылатын бұл елде әкім бар ма? Жантайдың 

баласын  ӛз  қолыңнан  ауылнай  қойып  отырсың,  кӛзді  бір  алартқанда  жым 

болатындарыңды алға әкеліп тартпай-ақ қойшы!..  

Жалмақтың  тұқырта  сӛйлегенін  Сары  ұнатпады.  Біреудің  бақытын, 

дәулетін  меншіктене  сӛйлеген  адамнан  жек  кергенім  жоқ  деп,  Сары  ӛзінше 

пәлсапа  соғатын.  Атқа  міну,  елге  бас  болу  Сарының  ойынша  оңай  жұмыс 

емес.  Елдің  игі  жақсылары  ел  аралай  шықса,  «адам  болған  жігіт  еді»  деп 

осының  үйіне  келіп  түседі.  Азғана  малды  сатып,  соя  берсе,  ертеңгі  күні 

кедейленіп қапса, Сарының сӛзін кім тыңдамақшы? Табысының да сені кеміп 

жүр.  1921—22  жылдардағыдай  билік  айтып  олжа  түсіретін,  ұрлықтың 

ӛрбіген  заманы  емес.  Елде  дау  шамалы,  бірен-саран  болғандары,  Сарының 

алдына келмей, сотқа тура тартатын болып жүр.  

Бірен-саран  ержеткен  әйел  балалар  құтты  жеріне  әлдеқашан 

қондырылған.  Жас  әйелдердің  де  осы  қалай  дегені  аударыстырылып, 

«мүшелі  шапанды»  Сарыға  кигізген.  Сарының  ақты  қазықтарының  бірі осы 

болып отыр. Сондықтан бұдан ұғылмау жағына Сары аянбай күш салды. 


Sauap.org 

 

Жалмақ  әрі-бері  арбасып  бәсеңсіген  соң,  түлкі  тымағының  құлағын 



кӛтере түсіп, сұлу мұртты бірер сипап алып, Кәрібай сӛйледі. Кәрібай Сарыға 

жай айтуға кірісті. 

−  Сенен  жасыратын  сыр  жоқ,  мен  осы  қатынды  алғанда  басқа  зар 

болғаннан  алғалы  отырған  жоқпын.  «Ерегіскен жерде  ӛліп  қалу  керек», деп 

ӛзің айтпақшы, бір ерегіспен болып отырған іс қой. Бір іске бел байлаған соң 

шығыннан  қашуға  болама?  Азды-кӛпті  малым  бар,  мен  қолынды  қақпайын, 

мынау мынаған керек деп жұмса да, жұмысты бітіріп бер. 

Сары ажарланып сала берді. Жымыңдап Жалмаққа қарады. 

− Әй, Жалмақ-ай, абырой ала алмай-ақ ӛлдің-ау! Осы сӛзді манадан бері 

сен айтсаң ғой, абыройын аласың да кетесің. 

Жалмақ  ӛтірік  күлген  болып  шақшаға  жармасты.  Сары  албарындағы 

малайын  жұмсап  Қоржынтайды  шақыртып  алды.  Тӛртбақ  келген  толықтау 

қара жігіт, белбеуді кӛкірегіне таман буынып, адамсып келіп отырды. Сары 

оған үстемдік кӛзбен қарап бұйрық есебінде сӛз айтты: 

− Мына кісілердің жұмысын бітір! 

− Бітіргенде қалай болар екен, ӛзінің айнуы да кӛп... 

− Айнығанда не дейді?  

−  Не  десін,  әйелдің  сӛзі  белгілі  емес  пе,  кӛрмеген,  білмеген  адамға  не 

деп барамын, ең арғысы жүзін де кергенім жоқ! — дейді. 

− Ой, тәйірі, сол айныған болушы ма еді? Жүзін барған соң кӛре жатар, 

бүгіннен қалдырмай жұмысын бітір! 

− Қайдам! Кәріекеңнің ебі біледі, − деп Қоржынтай күлді. 

Бері де жымыңдасты. 

−  Барған  соң  бәйбіше  боласың,  үлде  мен  бүлдеге  оранасың  деп  соға 

берсейші,  азбайтын  әйел  болушы  ма  еді,  тәйірі?!  −  деп  Жалмақ  пысықтап 

қойған болды... 

 


Sauap.org 

 

III 

 

...  Сарымсақ  пен  Злиха  екеуі  үйдің  қасындағы  шыңның,  басында  тур 



екен.  Сарымсақтың  ойына  баяғы  жігіт  күні,  жігіт  кезіндегі  Злихаға  ұрын 

барғаны  түсті...  Қатындар  Злиханы  алып  келген  екен,  ынтық  болып  жүрген 

Сарымсақ,  бӛкебайын  ашып,  Злиханың  қызыл  шырайлы  жүзін,  мӛлдіреген 

қара кӛзін бірінші рет сол жерде кӛріп еді... Кӛптің кӛзінше ашылып сӛйлесе 

алмаған  соң,  Злиханың  ымдауымен  тысқа  шығып,  Қайболдың  үйінің 

тұсындағы  терең  жардың  басына  барып  тұрған...  Жазғытұрғы  маужыраған 

түн;  жаңадан  тасып,  қарқыны  басылып  жетпеген  ӛзен  сарындап,  күрілдеп 

тынық түнде ӛзінше тербетіп тұрған сияқты... Ай жарқырап бұлттан шығып 

жарық сәулесін Злиханың бетіне сепкенде Сарымсақ Злиханы айдан да сұлу 

екен  деп  ойлады...  Злиха  бұралып  Сарымсаққа  жақындай  түсіп  ыстық 

лебімен  бойын  ерітіп,  үнсіз  ғана  тұрады...  Сол  күндер  есіне  түскендей 

болады...  Еске  түседі  де,  еркін  алып  билеп,  Сарымсақ  Злихаға  бұрылған 

секілденеді...  Злиханы  ӛзіне  қарай  тарта  берем  дегенде,  әлдекім  аржағынан 

кеп,  итеріп  жібергендей  болды.  Сарымсақ  жардан  омақата  құлап,  басын 

кӛтеріп алса, ирелендеген біреу Злиханы қолынан дедектетіп әкетіп барады!  

Әлдеқайдан  Ұлпаның  «әжелеген»  ойбайы,  Бақыттың  «мамалаған» 

жылауы естілгендей болды... Сарымсақ күйіп кетіп ойбайды салды: 

− Злиха! Злиха!  

Ӛз  дауысынан  ӛзі  шошып  оянды.  Бұл  түсі  екен.  Үйдің  іші  тастай 

қараңғы.  Бесіктегі  Бақыт  шырылдап  жылап  жатыр...  Бесікке  таяу  жатқан 

Ұлпа әжелеп ыңырсып жатыр. 

Шошып  оянған  күйі,  тұла  бойы  қалтырап,  не  екенін  білмей,  Сарымсақ 

аз-кем отырды. Бір кезде есін жинағандай болып, Злиханы оятуға кірісті. 

− Әй, қатын, тұр деймін! 

Иығынан  қозғап  оятайын  дегенде,  созған  қолы  жастыққа  тиді.  Бойы 

әлденеге мұздап сала берді. Ұйқылы кӛзімен қайта сипалағанда, қалтыраған 

қолы жылаған Бақыттың бетіне тиді.  

Бесіктің бет жапқышы ашық, жаңа ғана емізген секілді. 

− Ӛй, Злиха деймін, қайдасың? 

Ыңырсып  жатқан  Ұлпа  үрпиіп  басын  кӛтерді.  Бесігінің  бас  жағынан 

жорғалап кеп, әкесінің қойнына кірді. 

− Қарағым, әжең қайда?! 

− Әжем, әжем, — деп Ұлпа жан-жағына қаранды. 

− Злиха, Злиха! деп Сарымсақ айқай салды. «Әжелеп», «мамалап» Бақыт 

шыңғырды. 

Үшеуі қосылып үйді басына кӛтерді. 

Далаға шығып кетті ме екен деп Сарымсақ баста дәмеленген секілденсе 

де, ұзап кеткен соң қауіп үдей бастады. Апырым-ау, қайда кетпек, ашу-аразы 

болған  емес.  Ашуланбақ  түгіл,  бүгінгі  түн  Злиханың  ӛмірінде  жайдары 

болған  түнінің  бірі:  іңірден  отырып  Ұлпаның  кӛйлегінжамады,  Бақытқа 

құрастырып  кӛйлек  тікті,  Сарымсақтың  ескі  тонын  бүргіштеп,  киюге 


Sauap.org 

 

жарайтын  етіп  берді...  Жататын  кез  болған  кезде  Бақытты  шомылдырып 



бабына келтіріп бӛлеп, қайта-қайта сүйді. Ұлпаны тӛсегіне жатқызып, оны да 

маңдайынан  иіскеді.  Тӛсекке  жатқан  соң,  Злиханың  жайдарылығынан 

дәмеленіп, Сарымсақ жақынырақ жатып еді, «әрі, ойбай, шаршап жатырмын» 

деп  жиырылмай,  қайта  ӛзі  де  жақындай  түсіп,  құшаққа  құшақ  айқасып 

жатты. Осыны істеген Злихада жаман ой бар деп кім ойлар? 

Ендеше, Злиха қайда?  

Қанша  ойланса  да,  бүл  жұмбақты  шеше  алатын  емес.  Далаға  шығып 

іздейін десе «әкелеп» жабысып, Ұлпа жылап жібермейді. 

Шам  жақты,  үй  жарық  болған  соң,  сезік  мүлде  ұлғайды.  Злиханың 

күпісі,  бӛкебайы  жоқ,  жалма-жан  жастықтың  астын  қарап  еді,  киіп  жүрген 

шапаны да жоқ!.. Бір сұмдықтың болғанын жүрек сезді. Бірақ қандай екенін 

айырып  білерлік  шама  жоқ.  Шырылдап  жылап  жатқан  Бақытты  бесіктен 

шешіп  алып,  бауырына  басты.  Шашы  үрпиіп  үрейі  ұшып  Ұлпа  әкесінің 

тізесіне  жабысты.  Шамға  тӛніп  отырған  күйі,  сақалына  суы  сорғалап 

Сарымсақ жылады, үшеуі де ә дегенше кәріптік күйге түсті де қалды. 

Тал  атып,  үйге  сәуле  кіре  бастады.  Бақытты  Ұлпаға  беріп,  әжеңді 

шақырып келейін деп, Сарымсақ іздеуге шықпақшы болды. Әжесін шақырып 

келем дегенге Ұлпа қуанып, Бақытты ойнатуға кірісті. 

Сарымсақ  шыққан  күйі  інісінің  үйіне  жүгірді.  Келіні  таңнан  тұрып 

пешінің  моржасын  ашып  жүр  екен.  Тымырсық  аязды  қыстың  талы  жылы 

үйден шыққан адамның бетін жалап, қарытып барады. 

− Келін шырағым, біздің қатынды кӛрдің бе? 

− Жоқ, ойбай! 

− Ендеше, қатын жоқ!.. 

Келіні шоқаң етіп селем етіп болып, аузын сылп еткізді: 

−  Бәтір-ай,  сұмдық  болмаса  игі  еді,  кеше  кешке  Тасбақамен  аузы 

жабысып сӛйлесуі жаман еді! — деді. 

Сарымсақ  одан  жаман  үрейленіп,  аяғы-аяғына  жұқпай  бүкіл  ауылды 

кезіп  шықты.  Кӛрген,  білген  жан  болмады,  әбден  талған  соң  ат  арқасына 

мінген жігіт еді, бір хабарын осы таппас па екен дегендей жүгіріп Сарының 

үйіне  барды.  Сары  тӛсегінде  жатыр  екен,  басын  кӛтермей,  жатқан  күйі 

ыңырсып, кейіді.  

− Маған не қыл дейсің, мен сендердің қатындарыңа бақташы болам ба?!. 

Желіккен әйел тұрушы ма еді, қазір «слабоданың» заманы, ӛз қатыным кетем 

десе де ұстап тұрар жайым жоқ, − деді. 

Талып  барған  Сарымсаққа  Сарының  сӛзі  ӛңменінен  атып  жібергендей 

болды.  Сақалына  жабысқан  кӛздің  жасы  сауыс  болып  қатып,  ілгері  басқан 

аяғы  кейін  кетіп,  салбырап  үйіне  келді.  Кішкене  күпісін  киіп,  жарбиып 

лапастың алдында Ұлпа әкесін күтіп тұр еді, әкесіне жаутаңдап қарады: 

− Әке, әжем келе ме? 

Сарымсақтың  кӛзінен  бүршіктенген  жас  ыршып  шығып,  бетін  жуып 

жүре берді. 



Sauap.org 

 

Қатын-қалаштар  жиналып  қалған  екен,  есіктен  кіріп  барған  жағдайда, 



«мамалап»  жылап  қолға  тұрмай  безек  қаққан  Бақытты  кӛрді  Кәріп  болған 

балаларды кемпірлер мүсіркеп: 

−  Мүсәпірлер-ай,  қайтсін!  Әженің  жолы  басқа  ғой!  —  деп  олар  да 

кӛздеріне жас алды. 



Sauap.org 

 

IV 

 

Қысқа  тоны  қаудырап,  суыққа  тоңып  жаурап,  жақ  жүні  үрпиіп,  ашаң 



жүзді 

келген 


әйел 

сиырдың 


қорасын 

тазалап 


жүр. 

Жұмысқа 


мойындамағандығы, жұмысты кӛңілденіп істемегендігі ісінен де кӛрініп тұр. 

Бірден  бітіріп  тастайтын,  жұмысты  күн  оздырайын  деген  кісідей,  үнемдеп 

істеп жүр. Кішкене жүргеннен кейін күрегіне сүйеніп демін алады. 

Әлденелерді  есіне  түсіреді.  Ӛткендегі  мен  қазіргі  күнді  салыстыра 

бастаса, ӛзінен-ӛзі мүжіліп, ыстық жас кӛзден тимей-тимей кетеді. 

Бұл Злиха еді, Сарымсақтың Злихасы! Сарымсақ сасып, Ұлпа мен Бақыт 

жылап  үйді  басына  кӛтерген  түні,  Злиха  Сарымсақтың  жылы  қойнынан 

шығып, кӛрмеген, білмеген біреудің соңынан ерген. Неге ерді, не мұңы бар, 

жылатып  тастап  кеткендей  Сарымсақтың не  жазығы  бар?  Бұл Злиханың  әлі 

күнгі шешпеген жұмбағы. Бастап, «алтын босағасын» аттап шыққан түні де, 

бұл жұмбақ шешілмеген еді. Су түбіне кетіп бара ма, әлде адам кӛрмеген бір 

бақытқа  кездесе  ме,  бұл  —  Злихаға  қараңғы  еді...  Ендеше,  үйін,  байын, 

ішінен шыққан баласын тастап, елеске еріп несі бар еді?..  

Күрекке таянып тұрды дегенше Злиханы айналдыратын осы; ойлар. Бұл 

ойды  Злиха  тәуіп  үйінен  шыққан  түні-ақ  ойлаған.  Сұмдықтың  басы 

Қоржынтайдан  ғой.  Қоржынтай  Злихаға  бӛле  есепті  жігіт.  Басқадан  гӛрі, 

Қоржынтай Злиханы жақын тартыпжүрген соң, кез келгенде ашық шыраймен 

әзілдесіп,  Злиха  да  оны  алыс  кере  қоймайтын  еді.  Злиха  келіншек  болып 

түскелі  Қоржынтай  нелерді  айтпады.  Сарымсақты  жамандап,  Злиханың 

кӛңілін  содан  суытуға  жан  салды.  Елдегі  бозбалаларды,  бозбалалардың 

ішіндегі Әбдінің баласы секілді мырзаларды мақтап, араға жеңге болғысы да 

келді.  «Жас  күнде  бозбалашылық  істеуден  кӛңілді  нәрсе  жоқ»,  —  деп 

қызықтырып та кӛрді. Бірақ. Злиха оның біріне де еліккен емес.  

Қоржынтай  кейде  ашуланып,  жұрттың  қатындарының  бәрінің  де 

тамыры  бар,  осы  саған  біткен  қай  әурешілік  дегенде,  бір  күндікке  қызыға 

алмаймын деп Злиха қысқа ғана жауап беруші еді. 

Бозбалашылыққа кӛндіре алмаған соң, Қоржынтай соңғы бір-екі жылдан 

бері,  ӛмірлік  жолдас  болатындарды  айтып  айналдыра  бастаған.  Соның 

ішіндегі  Злихаға  кӛп  айтқаны  Кәрібай.  Кәрібайды  жұрт  ағасы,  асқан  бай, 

қатыны ӛлген бойдақ деп суреттеген. «Саған сыртыңнан ғашық болып жүр» 

деген  сӛздерге  шейін  айтқан.  Бір  күні  Сарымсақ  үйде  жоқта  Қоржынтай 

түнде  келіп  оятып,  Кәрібай  тыста  күтіп  тұр  деп  айтқан  болатын.  «Мен 

ешкімге қолжаулық бола алмаймын», — деп Злиха үйінен қуып шығып еді. 

Кәрібайдың  даңқына  да,  байлығына  да  қызыққандық  пішін  Злихада  болған 

емес.  Әйтсе  де  неге  екенін  езі  де  білмейді,  соңғы  кезде  бір  белгісіз  күш 

итермелеп осыған кӛн деген сияқты болды. 

Қашанда болса, Сарымсақтан айрылып, бӛтен біреуге қатын болып тию 

міндет секілденді. 

Злиха бір табанға шейін болады, болмайды деп уәде берместен келсе де, 

нақ  қашатын  күні  кешке  Қоржынтай  келіп,  ӛлердегі  сӛзін  айтып,  уәдесін 



10 

Sauap.org 

 

сұраған, нақ сол жерде неғып жеңілгенін езі де білмейді. «Жарайды!» деген 



сӛз Злиханың аузынан еріксіз шығып кеткен.  

«Ауыздан шыққан түкірік, қайтып жұтсаң мәкүрік» деп кемпірлер күнде 

шариғат соғады.  

Айтарын  айтып  қойған,  бұрысын-терісін  тексерместен,  Злиха  қашудың 

жабдығына кірісіп еді.  

Алғашқы  кезде  балалары  аяныш  кӛрінді.  Балаларын  қиып  тастап  кету 

мүмкін  емес  секілденді.  Бұрынғыға  қарағанда  аналық  махаббаты  жүз  есе 

ӛсіп,  екі  баласының  тілегі  үшін  жанын  қиып  берерлік  күйге  жетті.  Баланы 

ойлағанда  кӛзінен  моншақтаған  жаспен  бірге  жүрегінен  қара  қан  саулап 

ағып,  ішін  елжіретіп  кеткендей  болды.  Байы  Сарымсақ  елдегі  момын  екеу 

болса бірі, біреу болса тап ӛзі. Жастан қосылғалы араларында кӛңіл қаларлық 

реніш  болған  емес.  Злиха  не  айтса,  Сарымсақ  соған  құл.  Сӛйткен 

Сарымсақтың жазығы не? 

Міне, осының бәрі тайталасып, қараңғы түнде Злиханың басын қатырып 

жатқанда,  есік  алдында  тықыр  білінгендей  болады.  Ақырын  есік  ашылып, 

әлдекім  сипалап,  жердегі  шӛпті  сыбдырлатып,  жанына  келіп  тӛнеді.  Бұл 

Қоржынтай, ақырын сыбырлап қана: 

− Қане, жүр, − дейді.. 

Злиха  онда  Сарымсақтың  жылы  құшағында  жатқан.  Жастан  қосылған 

ері,  нақ  сол  минутта  адамның  сырттаны,  ешкім  қиып  кетпестік  секілді  еді. 

Злиханың қиып кетпегісі де келді. 

Бір кезде бесікте пысылдап ұйықтап жатқан Бақытын кӛреді. 

Жалма-жан  басын  кӛтеріп  алып,  бетін  ашып  еді,  шырт  ұйқыда  жатқан 

нәресте,  әжесінің  мамасы  бетіне  тиген  соң,  ұйқысын  бұзып  оянып,  бесікте 

таңулы жатқан күйі керіліп есінеді.  

Мамасынан  бірер  сорды  да,  қайтадан  ұйықтап  кетті.  «Қане,  жүр»  деп 

Қоржынтай  қысып  барады.  Қоржынтайдың  сыбырын  есіткен  сайын 

Злиханың денесі тітіркеніп сала береді  

«Менде  нең  бар,  мен  байымды,  балаларымды  тастап  әзәзілдің  жолына 

түсе  алмаймын!»  деп,  үйінен  қуып  шыққысы  да  келеді.  Бірақ,  басты 

тұмандаған  қара  күш  ерікті  билеп,  ырық  бермейді,  сүйретіліп  орнынан 

тұрып,  не  қыларға  білмей  дағдарғанда,  Қоржынтайдың  бұрын  бір  айтқаны 

есіне  түседі,  «балаларды  бірден  ала  кетуге  болмайды,  сотқа  арыз  бергін, 

алады да береді. Кәрібайдың баласы жоқ, сенің балаларыңның оған жаттығы 

болмайды»,  —  деп  еді  Қоржынтай.  Злиха  талған  кӛңілге  осыны  сеп 

қылғандай, осыны ойлап ӛзін-ӛзіайналдырғандай болып ақтық рет балаларын 

сүйіп, «алтын босағасын» аттап, жең тартып еді... 

Міне,  сӛйткен  Злиха,  енді  Кәрібайдың  тоқалы  болып,  Ажар  бәйбішеге 

күл атанып, малайдың жұмысын істеп жүр. Келгеніне тӛртінші ай, содан бері 

бір жылы сез естіген емес. Бәйбішенің сӛгуі, бәйбішенің берген азары аздай-

ақ екі күннің бірінде Кәрібай да ұратынды шығарды.  


11 

Sauap.org 

 

Ӛмірінде  естімеген  сӛзін  естігенде  сай-сүйегі  босап,  іші  ӛртеніп  күйіп 



кете  жаздайды.  Ӛткен  күн  кӛзден  бір-бір  ұшып,  күрсінгенде  жүрегі  қақ 

айрылғандай болады...  

−  Әже-ай!  −  деп,  Злиха  ауыр  күрсініп,  ыңыранады.  Ажары 

сұрғылттанып, жақ сүйегі сорайып  

шығып,  кӛзі  аларып  кеткен.  Екі  иінінен  демін  алып  отыра  алмайды.  Әлсін-

әлсін жӛтеліп,мазасы кетіп отыр. 

− Әже-ай, келер ме екен? — дейді. 

− Қайдан білейін, шырағым, пәті жуас адам еді, сенің бір қатаңды кешем 

десе  келер,  келсін  деп  қайта-қайта  тапсырдық  қой,  —  деп  кәрі  кемпір 

Злиханың кӛрпесін қымтап жапты. 

− Ұлпа ше, Бақыт ше? Оларды да әкеле ме екен? 

− Балаларын қайдан әкелсін, күн әлі суық қой, жас балаларды алып жүру 

оңай ма? 

− Қалқам Ұлпа, құлыным Бақыт, — деп қамыққандай болды. Қамықты, 

бірақ кӛзінен жас шықпады, жүрегі елжіреп, ішін ӛртеп кетті. 

− Қарағым Ұлпа, қарашығым Бақыт, не күйде екенсіңдер? Азғын жолға 

түскен,  әзәзілдің  тіліне  ерген  әжелеріңе  лағнат  оқып  отырсыңдар  ма?! 

Күтесіңдер  ғой...  Күтсеңдер  де,  бір  жағынан  ренжіп  лағнат  та  оқитын 

шығарсыңдар.  Лағнат  оқитын  жӛндерің  бар,  мен  айыпты!  Сендерге 

қарайтын,  сендерді  алдыма  алып,  еркелетіп  сүйетін  менде  бет  жоқ.  Мен 

сендерді  ескермедім,  сендерді  жылатып  тастап,  ӛзіме  бақыт  іздемекші 

болдым.  Сарымсақтың  жаман  үйінен,  жетпейтін  кемтар  дүниесінен  аттап 

ӛтіп, ұжмақтың есігін ашпақшы болдым. «Пәлен жерден пәленшенің қатыны 

қашты» дегенді естігенде, менің ойымша, солар адам кермеген бір қызықты 

тұрмысқа  кіріп  жатқан  секілді  болушы  еді,  ақырында  сол  ынтықты  кӛріп, 

кӛңілді  бастым...  Мен,  сендердің  бұрынғы  жайраңдап  жүретін  әжелерің 

емеспін,  жүрегі  жаралы,  беті  қаралы,  қайғы  бұлтын  үстіне  тӛндірген  сорлы 

болған жанмын... Кәрібайдың үйінен қашып шыққан  күні, шананың үстінде 

келе  жатып  түс  кӛрдім...  Аппақ  киім  киіп  ӛзеннен  үйге  қарай  келе  жатыр 

екем,  менің  қарам  кӛрінісімен-ақ,  Бақытты  жетелеп  Ұлпа  алдымнан  қарсы 

жүгірді.  «Әжелеп»  айқайды  салғанда  жүрегім  елжіреп  қоя  берді...  Ұлпаны 

маңдайынан  сүйіп,  Бақытжанды  алдыма  алып,  енді  емізе  берем  дегенде, 

еңгезердей  бір  қара  кісі  арт  жағымнан  келіп  желкеме  түйіп  келіп  жіберді, 

«лағнат, арам қолыңмен жас нәрестені, күнәсіз періштені не бетіңмен ұстап 

отырсың!»  —  деді...  Алдым  терең  жар  екен  деймін,  омақата  құладым. 

Әлдеқайдан  Бақыт  пен  Ұлпаның  «әжелеп»  жылаған  даусы  шыңылдап 

құлағымды  жарып  барады.  Жардан  зымырап  бара  жатқанда,  тұла  бойым 

түршігіп  шошып  оянып  кеттім.  Күн  ызғырық  еді.  Жұқа  киімнен  суық  ӛтіп, 

денем сіресіп қалған екен. Сол жерде-ақ осы аурудың жабысқанын сездім. 

Басынан  кешкен  оқиғаларды  бұлбұлдай  сайрап  Злиха  айтып  отыр. 

Кемпір  шешесі  егіліп  жылап  отыр.  Злиха  тағы  да  кӛрген-білгенін  айтып 

түгендемекші  еді,  болмады  —  жӛтел  килігіп  мазасын  алды.  Жӛтеле-жӛтеле 

әлсіреп жастыққа қисайып басын салды. Ӛңі кӛгілдірленіп, кӛзі бұлдырап, үй 


12 

Sauap.org 

 

іші  айналып  бара  жатқан  секілденді.  Бақыт  па,  Ұлпама,  әлде  Сарымсақ  па, 



болмаса  күн-түні  ұйқы  кӛрмеген,  бағып  отырған  ӛзінің  әжесі  ме  —  әйтеуір 

біреудің «қалқам!» деп жылаған даусын естігендей болды. 

Талықсып кетті. Әлдене уақытта: 

− Злихажан, басынды кӛтересің бе, келді ғой,  — деген дауыс құлағына 

тиді.  Бұл  әжесінің  даусы  еді.  Кӛзін  ашып  алса,  бетіне  бетін  тигізіп,  біреу 

жылап отыр. Апыр-ау, бұл кім? 

Абайлап қараса Сарымсақ! Злиха не болғанын білмеді. 

− Қалқам, келдің бе? − деді. 

− Келдім, келдім! − деді Сарымсақ. 

− Мені кешесің бе? Мені бұрынғы Злихам деп танисың ба? 

− Кештім, қалқам, кештім! 

− Ендеше атыңды жек, маған Ұлпаны, Бақытты кӛрсет! Олар да кешсін! 

«Әжелеп»  бауырыма  кіріп,  Бақытжан  мамасын  сорсын.  Ақтық  peт, 

жанымның  шығарында  Бақытжан  мамамды  емсе,  Ұлпа  бауырыма  жатса, 

күнәмді  кешіп  сен  бетіме  бетіңді  тигізсең,  одан  артық  менің  тілегім  жоқ, 

ендігі бар арманым осы ғана! − деді... 

 


13 

Sauap.org 

 

VI 

 

Екінді әлетінде, сары белден тӛмен құлап, бір шаналы келеді. Марттың 



іші. Даланың қары еріп, қыраң жерлер аламыштанып, кӛз ойнақ қара жерге 

айналған. Ылди жақ қалың ауыл. 

Ауыл  үсті  қара  шоғырланып  кӛрінеді.  Кешкі  түтіндері  мұнартып 

бұлттай кӛшіп аспанға созылып жатыр.  

− Жеттің бе? − деді Злиха. 

Даусы естілер-естілмес болып шықты. Сарымсақ атын айдай түсіп: 

− Қазір жетеміз, ауылдың тӛбесі кӛрінді, — деді. 

− Кӛріне ме? 

− Әне, кӛрініп тұр. 

− Ендеше, тоқташы! 

− Неге? 

−  Ауылды  кӛрейін.  Сағындым!..  Ауылдың  аңғарын,  ауылдың  ұшқан 

түтінін сағындым! Жеткенше дәтім шыдар емес... Шыдай алмай барам... 

Сарымсақ  атын  тоқтатып,  қымтауын  ашып,  зорға  дегенде  Злиханың 

басын кӛтерді. Злиха ауылын кӛрді... Жүрегі елжіреп кетті. Кӛзіне әлденелер 

елестеді. Бақытты арқалап, Ұлпа жүгіріп келе жатқан сияқты болды. 

−  Қалқам  Ұлпа,  құлыным  Бақыт!  —  деді.  —  Кӛрдім,  кӛңілім  тынды. 

Енді тез жеткіз. Әне, кӛрдің бе, Ұлпа мен Бақыт мені күтіп тұр... Күтіп тұрған 

жоқ, қарсы жүгіріп келе жатыр... әне, әне...қалқам! 

Жуасиын деген соң, шаршап кетті ме деп, Сарымсақ орнына жатқызды. 

Қайтадан  қымтап жауып,  атын  айдай бастады.  Злихадан бетер үйіне  жетуге 

ӛзі  асықты.  Тӛрт  айдан  бері  күні-түні  жылаумен  келе  жатқан  жетімдерді 

қуантқанша, Сарымсақтың жаны сабыр таппай келеді. 

 

*** 



Ауылдың  қотанына  кіре  бергенде-ақ,  Бақытты  арқасына  жарбитып,  екі 

кӛзі жол бойында телміріп тұрған Ұлпаны кӛрді. Сарымсақ атын үсті-үстіне 

айдап, албарға таяна бергенде 

Ұлпаға кӛзі түсті.  

− Қалқам Ұлпа, әжеңді әкелдім. «Әжелеп» Ұлпа жүгірді. Тірідей жетім 

болған  байғұстар  әжесінің  жылы  құшағына  кіріп,  мамасын  иіскемекші  еді, 

«қалқам» деген жылы сӛзін есітпекші еді!.. 

Бірақ,  болмады,  ынтығып  күткен  балаларын  Злиха  бауырына  қыса 

алмады... Шанадағы 

Злиханың құр денесі ғана еді, жаны үзіліп кетіп еді...

 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

14 

Sauap.org 



 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет