Бекітемін: «№13 мектеп-гимназия» кмм директоры С. Н. Сакабаева 2022 ж



бет1/3
Дата08.10.2022
өлшемі24,99 Kb.
#41967
  1   2   3

Бекітемін: «№ 13 мектеп-гимназия» КММ директоры
_________ ___С.Н.Сакабаева
«___» ____________2022 ж
2022-2023 оқу жылына арналған 9-сыныптар үшін
қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
(гимназия компоненті)
«№13 мектеп-гимназия» КММ әдістемелік
кеңес отырысында қаралып, мақұлданды.
Әдістемелік кеңес жетекшісі:
____________Ж.Изтилеуова
Хаттама № «___» ____________2022 ж.
Пән мұғалімі: Г.Туржупарова
2022-2023 оқу жылы

Түсінік хат
2022—2023 оқу жылындағы 5-9 гимназия сыныптарының типтік оқу жоспары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына 2-қосымша , Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8-қарашадағы №500 бұйрығына16-қосымша,оқыту қазақ тілінде жүргізілетін орта білім берудің (жаңартылған мазмұнының ) үлгілік оқу жоспары негізінде жасалды.
9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту бағдарламасы 3 бөлімнен тұрады: «Грамматика», «Морфология», «Синтаксис». Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жасалған. Білім беретін мектептердегі бағдарламадан айырмашылығы қосымша сағаттар оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсауына мән берілген.
Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.


Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер:
- оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту;
- тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
- теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет