Бекітемін «Ақ бота» бөбекжайының меңгерушісі



бет1/6
Дата24.03.2023
өлшемі46,09 Kb.
#75965
  1   2   3   4   5   6

Бекітемін
«Ақ бота» бөбекжайының меңгерушісі
Адильбекова А.Д. ____________
2022ж. «1» қыркүйек
2022 - 2023 оқу жылына арналған ересектер тобының
перспективалық –тақырыптық жоспары





Міндеттері

Қыркүйек

Жаңа сөздер үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.



2-3 сөзден тұратын жай сөйлемдерді түсінуді және сөздерді байланыстырып құрастыруды үйрету

Қазақ тіліндегі сөздерді ынта қойып тыңдауға және дұрыс айта білуге және ол сөздерді есте сақтауға үйрету.

Ойыншықтарды қазақша дұрыс атауға үйрету. Өткен сөздерді бекіту

Қазан

Балаларды күз келбетін сипаттай білуге үйрету, күз айларын атай білу, сөздік қорларын молайтып, тіл мәдениетін жетілдіру.

Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру; түстерді қайталау, бекіту

Көкөністің түстерін ажыратып, дұрыс атай білуге жаттықтыру.




Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту.

Қараша

Тілдік дамытушы орта. Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру.
Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге үйрету.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын білуді дамыту.
Сөздік қор.
Қоршаған ортадағы заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру. Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету.

бейнелеу құралдарын қолдана отырып, еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізуге дағдыландыру.
сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді қалыптастыру. ортадағы өсімдіктердің атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.
Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет