Бекітемін: Г. Теңізбаева Күні



Дата07.01.2022
өлшемі21,01 Kb.
#19246

Бекітемін: Г.Теңізбаева

Күні:30.04.2021 ж
Тақырыбы: «Достық біздің тірегіміз.»

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Ән ұран орындалады.
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
-    дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.
Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Балаларға арналып жасалған слайд көрсетіледі.

Хор: «Ортақ мекен жер шары.»

Ал енді балаларымыздың бүгінгі мерекеге дайындап, келген өнерлерін тамашалайық.
Сұңқар: Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер-дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.

 Фараби:    Алтай, Кавказ ұласып,

Бауырайы кең жатыр.

Бақытты әні асқақтап,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

 Т.Айару:     Достық – шырағымыз,

Достық – ұранымыз.

Достық туымыз,

Достық әніміз.

 Қабілет:     Әрқашан дос біргеміз,



Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшлік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.



Ән: «Бақытты болашақ» орындайтын: Айтұмар. Аяжан.

Жүргізуші:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.


Назар: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз.

Біз Отанда тұрамыз,

Біз мектепке барамыз.



Аружан: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.



Жүргізуші: Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,

Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,

Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ

Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген



Би: «Попури»

Рахман: Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,


Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.

Айжан: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.

Жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.

Ән: «Әже туралы»


Жансұлтан:
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.

Аяжан: Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!



Ойын: «Кім жылдам»

Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!



Ән: «Мен қазақпын» орындайтын.Назар. Рахман.

Нұрқожа: Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып, тойлаған ұлттар,

Керемет мереке, мамырдың бірі.



Ж.Айару: Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.

Жүргізуші: Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен



Ән: Бейбітшілік. Орындайтын: Ж.Айару

Айтұмар: Қазақ елі қашаннан да жыр елі

Тарихында тұлғалар көп киелі

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт өмір сүреді



Е.Інжу: Бір – бірімен тату тәтті тұрады

Бәрінің де Қазақстан тұрағы,

Туған жерге тебіренген сәттерде

Ағылады өлең жырдың бұлағы.



Думан: Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап,

Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана,

Ырыс бақыт, татулық пен ынтымақ!



Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
-    дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.
(Би «Жас ұланбыз»)
Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кң биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивалімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет