«Бекітемін» Қысқа мерзімді жоспар



бет1/4
Дата10.12.2022
өлшемі1,01 Mb.
#56347
түріСабақ
  1   2   3   4

«Бекітемін»


_________________

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: №94

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жақсылық Ә.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды салыстыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.12
рационал сандарды салыстыру.

Сабақ
мақсаттары

Барлық оқушылар: 

  • бүтін сан, теріс сан, рационал сандарды салыстырады;

Оқушылардың басым бөлігі: 
-координаталық түзуде рационал сандарды кескіндейді және салыстырады.
Кейбір оқушылар: 

  • теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын барлық бүтін сандарды айыра алады.

Бағалау
критерийлері

Оқушылар:

  • бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;

  • сандарға классификация жасай алады;

  • координаталық түзуде рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;

  • координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;

  • теріс сан;

  • бүтін сан;

  • қарама-қарсы сандар;

  • рационал сан;

  • бүтін сандар жиыны;

  • рационал сандар жиыны;

  • координаталық түзу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;

  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;

Құндылықтарды
дарыту

Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. Академиялық әділдікті сақтау және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру.

Пәнаралық
байланыстар

Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға күнделікті өмірде есеп-қисап жасауда көмек болады, сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдылары қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді.

АКТ қолдану
дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Bilimland сайтындағы есептерді шығару

Бастапқы білім

5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;
5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
5.1.2.1 натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;
5.5.2.6 натурал сандарды салыстырудың нәтижесін белгілері арқылы жазу;
5.5.2.7 натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет